Аймақтық экономика дамуының приоритет



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

I. АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ПРИОРИТЕТІ ... ...

1.1 Аймақтық экономиканың дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Аймақтық экономиканың мәні, мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3 Аймақтық экономиканы басқару әдістері мен бағыттары ... ... ... ... ... ...

II. АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ОРНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.1 Елдің қайта өндіріс үрдісіндегі аймақтық экономиканың орны ... ... ... .
2.2 Елдің аймақаралық байланысты сипаттайтын көрсеткіштер ... ... ... ... ..
2.3 Біркелкі кешен ретінде аймақ экономикасының қызмет ету сызбасы ...

III.АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ МЕН САЯСАТЫ

3.1 Аймақ экономикасы дамуының және жағдайының индикаторлары ... ..
3.2 Аймақтық экономикалық саясаттың мақсаттары жєне міндеттері ... ...

3.3 Аймақтың экономикасын басқару органдарының құрылымы жєне қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ

Мемлекеттің алдында тұрған негізгі мақсат - халықтың әл-ауқатын ұлттық экономиканы тұрақты дамыту негізінде жоғарылату. Қойылған мақсатқа жету үшін Қазақстан Республикасының атқару өкіметімен бірқатар приоритеттер жиынтығы айқындалған. Солардың бірі - аймақтық басқарудың нәтижелілігін жоғарылату. Тәуелсіздік алғалы ел басшылығымен мемлекеттік басқарудың нәтижелі жүйесін құруда қазіргі заманға сай мемлекеттікті және тәуелсіздікті нығайту, нарықтық қатынастарды дамыту сияқты бірқатар қадамдар қатары жасалды.
Аймақтық экономика өндіргіш күштерді дамыту мен орналастырудың кең ауқымды мәселелерін қарастырады, ірі өндірістік комплекстерді құруға жол ашады. Ол үшін аймақтың энергетикалық, минералды-шикізат, материалдық-техникалық базасы зерттеледі, өндіргіш күштердің дамуына табиғи ортаның, экологияның бұзылмауы негізге алынады. Қазақстан аймақтарындағы мол табиғи ресурстарды ұтымды игеру, өнеркәсіптік шикізат пен отын базасын дұрыс орналастыру еліміздің экономикалық қуатын арттырады. Халық шаруашылығының шикізат және отын ресурстарын пайдаланудың арта түсуі шикізат базасының үлкен торабын жасауды талап етеді. Минералдық шикізат ресурстары экономикалық құрылымдық тұрғыдан қайта құруға қажетті қаржыны жинауға мүмкіндік береді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Гранберг А.Г. Основы региональной экономики: Учебник для вузов. М.: ГУ ВШЭ, 2000.
2. Колосовский Н.Н. Теория экономического районирования. М.: Мысль, 1969.
3. Орешин В.П., Потапов Л.В. Управление региональной экономикой. М.:ТЕИС, 2003.
4. Региональная экономика / Под ред. Т.Г. Морозовой. М.: ЮНИТИ, 1998.
5. Смағұлова, Г. С. Аймақтық экономиканы басқару мәселелері. Алматы : Экономика, 2005.
6. Жатқанбаев, Е. Б. Аралас экономика негіздері: оқу құралы. Алматы : Қаржы-қаражат, 1996.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қарағанды Экономикалық университеті

Экономика және басқару факультеті

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Аймақтық экономика дамуының приоритеті

Орындаған: Сериков Д

Қабылдаған: Мусатаева А

Қарағанды 2013

ЖОСПАР


КІРІСПЕ 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..


I. АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ПРИОРИТЕТІ ... ... 4

1.1 Аймақтық экономиканың дамуы 4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Аймақтық экономиканың мәні, мазмұны 6
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
1.3 Аймақтық экономиканы басқару әдістері мен 8
бағыттары ... ... ... ... ... ...

II. АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ 11
ОРНЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...

2.1 Елдің қайта өндіріс үрдісіндегі аймақтық экономиканың 11
орны ... ... ... .
2.2 Елдің аймақаралық байланысты сипаттайтын 11
көрсеткіштер ... ... ... ... ..
2.3 Біркелкі кешен ретінде аймақ экономикасының қызмет ету сызбасы ...12

III.АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ МЕН САЯСАТЫ

3.1 Аймақ экономикасы дамуының және жағдайының индикаторлары ... .. 16
3.2 Аймақтық экономикалық саясаттың мақсаттары жєне міндеттері ... ... 17

3.3 Аймақтың экономикасын басқару органдарының құрылымы жєне
қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
Қолданылған әдебиеттер 21
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...

КІРІСПЕ

Мемлекеттің алдында тұрған негізгі мақсат - халықтың әл-ауқатын ұлттық
экономиканы тұрақты дамыту негізінде жоғарылату. Қойылған мақсатқа жету
үшін Қазақстан Республикасының атқару өкіметімен бірқатар приоритеттер
жиынтығы айқындалған. Солардың бірі - аймақтық басқарудың нәтижелілігін
жоғарылату. Тәуелсіздік алғалы ел басшылығымен мемлекеттік басқарудың
нәтижелі жүйесін құруда қазіргі заманға сай мемлекеттікті және
тәуелсіздікті нығайту, нарықтық қатынастарды дамыту сияқты бірқатар
қадамдар қатары жасалды.
Аймақтық экономика өндіргіш күштерді дамыту мен орналастырудың кең
ауқымды мәселелерін қарастырады, ірі өндірістік комплекстерді құруға жол
ашады. Ол үшін аймақтың энергетикалық, минералды-шикізат, материалдық-
техникалық базасы зерттеледі, өндіргіш күштердің дамуына табиғи ортаның,
экологияның бұзылмауы негізге алынады. Қазақстан аймақтарындағы мол табиғи
ресурстарды ұтымды игеру, өнеркәсіптік шикізат пен отын базасын дұрыс
орналастыру еліміздің экономикалық қуатын арттырады. Халық шаруашылығының
шикізат және отын ресурстарын пайдаланудың арта түсуі шикізат базасының
үлкен торабын жасауды талап етеді. Минералдық шикізат ресурстары
экономикалық құрылымдық тұрғыдан қайта құруға қажетті қаржыны жинауға
мүмкіндік береді.
Мысалы, Қазақстан экономикасының тиімділігін арттыру үшін, ең
алдымен, елдің әр аймағындағы отын-энергетика, металлургия, мұнайхимия
өнеркәсіптерін өркендету керек. Екібастұз, Майкөбе, Обаған алабын үрдіс
игеру көмір өнеркәсібін орналастырудың құрылымын айтарлықтай өзгертеді.
Мамандардың есептеуінше, болашақта барлық энергетикалық көмірдің 80%
Солтүстік-Шығыс Қазақстанда өндіріледі. Бұл өңірдің энергетикалық көмірі
негізінде елімізде құрылатын ірі энергетикалық база Қазақстанда өндірілетін
электр қуатының 70%-ын береді. Осы база негізінде өнеркәсіптің электр
қуатын қажет ететін салалары дамиды. Тасуға ыңғайлы Обаған көмірі
республиканың басқа аймақтарына жеткізіледі, шетелдерге жөнелтіледі.

I. АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ПРИОРИТЕТІ

1.1 Аймақтық экономиканың дамуы
Аймақтық экономика — экономика ғылымының өндіріс салалары мен
кәсіпорындарды ел аумағының жекелеген өңірлеріне ұтымды орналастыруды,
өнімді өткізу аймақтарын қалыптастыруды көздейтін бөлімі. Ол материалдық
және еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды, экономиканы басқаруды одан әрі
жетілдіруді, шаруашылықты дамытуды, салааралық мамандандырылған шаруашылық
түрлерін өрістетуге жағдай жасауды, аймақтағы өндірістік салаларды
жетілдіруді зерттейді.
Аймақтық экономика – экономикалық білімдердің маңызды салаларының бірі.
Аймақтық экономиканың бағыттары болып келесілер табылады: Қазақстан және
экономика салаларын дамыту; өндірістік күштерді аймақтық әлеуметтік-
экономикалық орналастыру; аймақтардың маңызды табиғи-экономикалық,
демографиялық, экологиялық ерекшеліктерін, аймақ аралық, аймақ ішілік және
халықаралық экономикалық байланыстарын оқып меңгеру. Басқаша айтқанда,
аймақтық экономиканың зерттеу объектісін маңызды құраушылары болып жалпы
қайта өндірістің кеңістіктік аспектісі болып табылады.
Білімнің ғылыми аймағы ретіндегі аймақтық экономика аймақтық
аспектідегі өндірістік күштермен әлеуметтік инфрақұрылымның барлық
элементтерінің қағидаларын, болжамдау мен талдау, заңдылықтарын зерттеумен
айналысады. Сонымен қатар, сол уақытта аймақтық экономика Қазақстан бойынша
өндірістік күштерді дамыту мен орналастыруды қарастырады, яғни әрбір
аймақтың экономикасы Қазақстанның шаруашылық кешенінің бір бөлігі ретінде
қарастырады.
Аймақтық экономика Қазақстанның және оның аймақтарының табиғи-
ресурстық әлеуетін, еңбек ресурстары мен қазіргі демографиялық мәселелерін
меңгеруге үйретеді. Нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы кезеңінде
Қазақстан және оның аймақтары экономикасының мәрелік деңгейін талдайды,
нарыққа өту кезіндегі өндірістік күштерді орналатырудың негізгі факторларын
анықтайды, шаруашылық құрылымын меңгертіп, оның рационализациялау жолдарын,
әлемдік шаруашылық жүйесінде Қазақстанның алатын орнын, Қазақстанның және
оның аймақтары экономикасының құрылымдық қайта құру бағыттарын анықтайды.
Қазақстанның қазіргі шаруашылық кешенінде әлеуметтану бағытындағы түп
тамырлық қайта құрулар жүргізіліп жатқан күрделі салалық құрылымы бар.
Тұтынушылар үшін тауар өндіретін сапалық құрылымның маңызды звенолары
электр энергетикасы, жаңармай өнеркәсібі, металлургия, химия, машина
құрылысы, агроөндірістік кешеннің салалары, көлік және құрылыс болып қала
береді.
Аймақтық экономиканың объектісі оның аймақтық қаржылық-несиелік
қатынастарын меңгеру есебімен, сонымен қатар, аймақтық нарықтар құру
процестерін есептегенде кеңейеді.
Аймақтық экономиканы зерттеудің ауырлық орталығы өндірістік күштерді
орналастыру мәселелерінен суверинитеттік республика мен аймақтардың
әлеуметтік және экономикалық даму мәселелерін ауысып, орналасады.
Аймақтық экономика сонымен қатар, елдің аймақтардағы әлеуметтік және
экономикалық процестерінің даму тұжырымдамасын құраумен, аймақтық даму мен
инвестицияларды орналастыру процестеріне ықпал ететін экономикалық
тетіктерді құраумен айналысады.
Аймақтық экономиканың құралы оның аймақтық қаржылық-несиелік
қатынастар аясын, сонымен қатар аймақтық нарықтарды құру процестерін
меңгеру есебінен кеңейеді.
Болашақ жоғары білікті экономистердің білімдерін қалыптастыруды
аймақтық экономиканы меңгеруден бастау керек, бұл ғылыми пән экономикалық
білімдер жүйесіндегі нақты аумақпен айналысатын пән.
Осы пәнді оқу барысында нақты аумақтарындағы барлық экономикалық
қызметтер, оның ішінде қаржылық-банктік, есеп айырысушылық-талдамалық
қызметтерді, ерекшеліктерді, ресурстық әл-ауқатты, шаруашылық құрылымы мен
даму деңгейін экономист мұқият түрде білуге меңгеруге міндетті.
Сонымен, аймақтық экономика – ел аумақтары мен оның табиғи-экологиялық
жағдайлармен тығыз байланысқан аймақтарында әлеуметтік-экономикалық
процестерді, өндірістік күштерді оррналастыру мен дамуды меңгеретін ғылыми
білімдер саласы. Қазіргі нарықтық қатынастарға өту кезінде аймақтық
экономиканың маңызы арта түсті.
Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен экономикалық
реформалар жүргізу нәтижелері бірінші кезекте, аймақтағы саяси жағдайлардың
қалыпты етілуінен тәуелді.
Аймақтық саясат пен стратегияның басты міндеті болып аймақтарда
экономикалық күйзеліс пен халықты қайта қоныстандырудағы әлеуметтік
қақтығыс, дау-жанжалдарды болдырмау табылады. Сондай артта қалған аймақтар
болып Оңтүстік Қазақстан (Қызылорда, Жамбыл) облыстары және Солтүстік
Қазақстан табылады. Сондықтанда экономикалық ынталандыру жүйесін құру
маңызды болып табылады, яғни осы аймақтардың экспорты квоталау, салық төлеу
жөніндегі ерекше құқықтары мен жеңілдіктер, сонымен қатар, осы аймақтарда
валюталық түсімдер бөлігін сақтап қалу.
Экономикалық реформаларды табысты жүргізу үшін Қазақстанның барлық
аумағында нарық қызмет етуінің жалпы қағидалары мен бірегей экономикалық
кеңістікті сақтап қалу қажет. Осы кезде аймақтық саясаттың аса маңызды
бөлігі болып аймақтық басқару органдарының өкілеттілігін шектемеу табылады.
Аймақтарды меңгеруде маңызды бөлік болып сол аймақтағы қазіргі
экономикалық жағдайларды терең түрде түсіну табылады. Қазақстаннның барлық
аймақтары нарыққа ену кезінде дағдарысқа ұшырады, экономиканың құрылымында
бұзылу процестері жүрді, бұл бізге өте ауыр тигені барлығымызға белгілі.
Аймақтық саясатта аймақтардың экономикалық қарсы тұруларын ұстап тұру
үшін әкімшілік және саяси шаралар аса маңызды.
Қазіргі кезеңдегі аймақтық саясаттың басты мақсаты – болып аймақтар
арасында еңбекті аумақтық тиімді бөлу мен экономикалық кооперация табылады.
Аймақтық дамудың маңызды мәселелерінің бірі болып бөлек аймақтар
тұрғындарының өмір деңгейіндегі түсініктерді игерту табылады. Осындай
сипаттағы мәселелерді шешу үшін мемлекеттік бағдарламалардың атқаратын ролі
орасан зор, яғни ол бағдарламаларда бөлек аймақтардың шаруашылығының дамуы,
экономикалық деңгейі мен ерекшеліктері ескеріледі.Сонымен қатар, табиғи
байлықтар шеңберінде аумақтық-өндірістік кешендерді құрудың да өз маңызы
зор. Еркін экономикалық зоналарды дамыту қатынасындағы Қазақстанның
аймақтық саясаты елдің аумақтарында жаңа технополистер құру мүмкіншіліктері
ескеріледі. Еркін экономикалық зоналарды құруды алғашқы рет өмір деңгейін,
содан кейін еуропалық стандартқа жақындататын аймақтарда бастаған өте дұрыс
әрі маңызды.

1.2 Аймақтық экономиканың мәні, мазмұны

Аймақтық экономика экономикалық білімдердің маңызды звеносы бола тұра
басқа да ғылыми пәндермен тығыз байланысты. Бірінші кезекте, экономикалық
ілімдер негізімен экономикалық тарихымен, экономикалық статистикамен,
салалық экономикамен, экономика және еңбек әлеуметтанумен, аймақтық
басқарумен, экономикалық жағрафиясымен және т.б. тығыз байланысты. Аймақтық
экономика өзінің дамуы үшін сол ғылыми пәндердің нәтижелері мен әдістерін
қолданады және сол уақытта осы салаларды өз білімімен байытады.
Аймақтық экономика өзінің зерттеулерінде ғылыми әдістер кешенін
пайдаланады, оның ішіндегі маңыздысы болып баланстық әдіс табылады. Салалық
және аймақтық балансты құру негізінде аумақтық кешендерді толықтырушылар,
салалар, нарықтық мамандану салалары арасындағы қатынасты дұрыс таңдауға
мүмкіндік береді.
Баланстар, сонымен қатар, тиімді аймақ аралық және аймақ ішілік
байланыстар дайындау үшін қажетті.
Аймақтық баланстар құру үшін камеральды және өрістік әдістер
қолданылатын алдын-ала үлкен жобалық-іздеу, саяхат жұмыстары жүргізілуі
керек.
Аймақтық және салалық баланстар құру аймақтың кешендік даму деңгейін
орнатуға, оның ішінде диспропорцияның дамуын орнатуға мүмкіндік береді.
Аймақтық экономикадағы зерттеудің арнайы (спецификалық) әдісі болып
картографиялық әдіс болып табылады. Аймақтық экономикадағы карта – ол тек
меңгеру объектісі емес, сонымен қатар, аймақ экономикасына және өндірістік
күштерді орналастыру бойынша ақпарат алудың көзі болып табылады.
Жүйелік талдау – ішкі өзара байланыстар мен шаруашылық құрылымдары,
мәселелердің кешендік меңгерілуі қарастырылатын ғылыми зертеудің әдісі.
Жүйелік талдау жан – жақты талдау болып табылады, ол мақсат, міндеттер,
ғылыми гипотезаларды, өндірісті орналастырудың тиімді нұсқалардың
ерекшеліктерін жан жақты меңгеруге мүмкіндік береді.
Аймақтың шаруашылығының дамуы мен өндірістік күштерді орналастыру
мәселелері аса күрделеніп, қиындай түсуде, салалардың және аумақтық
байланыстарды нарық жағдайында басқаруда барған сайын қиындау болып бара
жатыр. Сондықтанда, басты және өзекті мәселелерді қарастыратын
экономикалық-математикалық моделдеуді қолдану мен даярлау қажеттілігі
туындады. Аумақтық экономикалық процестерді экономика-математикалық
моделдеудің келесідей негізгі бағыттарын бөліп көрсетуге болады:
- Қазақстан экономикасы дамуының аумақтық теңдігін моделдеу;
- Шаруашылық саласы бойынша орналастыруды моделдеу;
- Аймақтардың шаруашылық кешендерін қалыптастыруды моделдеу.
Аймақтық экономикадағы зерттеулердің маңызды басымдылығы болып аймақ
экономикасына әсер ететін процестерді меңгеру табылады, оның ішінде: еңбек
бөлінісін жүзеге асыру, аймақ шаруашылығын аумақтық ұйымдастыру,
экономиканың құрылымының қайта құру, халықаралық серіктестік және бөлек
аумақтарда өндірістік күштердің дамуы.
Жаңа жағдайдағы нарықтық қатынастарды дамыту мен қалыптастыруда
шаруашылықты кешендік дамыту мен мамандандыру сияқты түсініктер
қалыптасады, ол тек аймақтың дамуы мен бірігіп қызмет етуіне өз үлесін
қосып ғана қоймай, сонымен қатар, әрбір аймақтардың тұрғындарының
қызығушылықтарын, қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыруы тиіс.
Аймақтық зерттеулердің негізгі базалық звеносы болып экономикалық және
әлеуметтік дамудың аумақтық болжамдары (сызба нұсқалары) табылады.
Басты сызба нұсқа өз мәні Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік
дамуының аумақтық аспектісінің кешендік болжамынан тұрады.
Басты сызба нұсқа да жалпы мемлекеттік және аймақаралық сипаттағы
аймақтың мәселелердің негізгі шешілу жолдарын болуы қажет.
Аймақтық дамудың болжамдау әдістемесі 15 жыл мерзіміне дейінгі кезеңді
қамтитын өндірістік күштерді орналастыру мен дамуының ретроспектрлі
талдауының міндетті түрде жүргізілуін қарастырады. Мұнда, табиғи,
экономикалық және ғылыми ерекшеліктер есепке алына отырып тұрғындардың өмір
деңгейі мен бағасы болуы керек.
Экономикалық талдаудың басымды бағыттары болып нарықтық маманданудың
аймақтық ресурстардың пайдалану тиімділігі мен аймақтардың шаруашылық
кешенінің құрылуына, дағдарысты зоналар мен жылдамдатылған экономикалық
аумақтарды айқындауға тигізетін ықпалын анықтау табылады.
Аймақтық экономиканың негізгі міндеті болып аймақтар дамуының әлеуметтік
және экономикалық стратегиясын әзірлеу табылады.

1.3 Аймақтық экономиканы басқару әдістері мен бағыттары

Аймақтық басқару әдістері (менеджменттің) аймақтың нарық шаруашылығы
жүйесімен ескертілген. Аймақтық басқару әдістері астарында аймақтың
шаруашылық етуші субъектілеріне әсер етуші құралдар жиынтығын түсіну керек.
Аймақтық басқару әдістерінің топтастыруына келесі әдістер кіреді:
- әкімшілік (ұйымдастырушылық - басқарушылық);
- экономикалық;
- әлеуметтік – психологиялық;
- тәрбиелеушілік және т.б.
Басқару қызметі ақылменен әкімшілік әдістерді қолданусыз болмайды
(оларды жиі ұйымдастырушылық - әкімшілік немесе ұйымдастырушылық -
басқарушылық деп атайды). Олардың көмегімен тұрақты байланыстар және
арақатынастар, басқару аппараты бөлімшелерінің, бөлек қызметкерлердің
құқықтарын және жауаптылығын ескеретін жайлар түріндегі басқарудың негізгі
жүйелері қалыптасады.
Әкімшілік әдістер бастықтардың, меншік иелерінің өз
қарамағындағыларына тура әсер ету жолымен іске асады. Ол жасалған келісім-
шарттар, әкімшілік бұйрықтар арқылы, әртүрлі жайлар, ережелер, нормативтер
және басқа құжаттар, қарамағындағы адамдардың ұйымдық қызметін реттейтін,
олардың тиісті тәртіп және жауаптылықты қамтамасыз етуші айқын жұмысы
негізінде жүзеге аса алады. Әкімшілік әдістердің қолдану масштабтары
басқарушы орган мақсаттарымен, өндіріс ұйымдару деңгейімен, шешім
қабылдаушы қызметкерлердің мамандығы және мәдениетімен анықталады.
Параметрлер неғұрлым толық келтірілсе, соғұрлым әкімшілік араласуға
қажеттілік азырақ.
Экономикалық басқару әдістерінде қажеттілік артуы заңды. Себебі, жеке
кәсіпкерлік дамуы шарттарында халықтың артып бара жатқан қажеттіліктерін
қанағаттандыру мақсаттарының күрделі жиынтығын әрқашан нұсқаулық әсер
арқылы шешу мүмкін емес. Экономикалық әдістердің мәні тұтынушы және
қызметкерлердің экономикалық назарларына баға, еңбек ақы төлеу, несие,
пайда, салықтардың және жұмыстың нәтижелі механизмын жасауға мүмкіндік
беретін басқа экономикалық рычагтар арқылы әсер ету. Экономикалық әдістер
басқарушы қызметкерлердің қабылданған шешімдерге жауаптылығын ескеретін,
қызметкерлердің қойылған мақсаттарды арнайы бұйрықсыз ынталы жүзеге
асыруына түрткі болушы стимулдарды қолдануға негізделеді.
Экономикалық басқару әдістерінің ерекшеліктері мынада:
- қорлармен маневр жасауға мүмкіндік беруші жалпы ережелерге негізделеді;
- өндірушілерге және тұтынушыларға жанама әсер көрсетеді, арақатынас жүйесі
арқылы ұжым және бөлек қызметкерлердің назарларын ескереді;
- барлық деңгейлерде оған бір уақытта қабылданушы шешімге және зардаптарына
жауаптылық қойғанда кәсіпорын дербестігін болжайды;
- орындаушыларды баламалық шешімдерді дайындауға және олардан ұжым назарына
ең лайықтыларын таңдауға түрткі болады.
Қазіргі заманда экономика территориялық дамудың дифференцияциаланған
проблемасымен сипатталады , сол себепті мемлекетке аймақтардың дамуында
теңдікті қамтамасыз ету үшін, проблемалы аумақтардың сүйеуіне, аймақтық
бәсекені жөнге салуға, әлеуметтік - экономикалық дифференцация тегістеуіне
іс-әрекеттер өңдеу қажет. Осы проблема ел үшін жеткілікті ұзақ уақыт
сипатталады, бірақ қазіргі уақытта Қазақстанның экономикалық дамуына
нәтижелі аймақтық реформалар өткізуге рұқсат етеді.
Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау негізінде жататын маңызды
ұғымдарды қарастырайық: экономикалық проблемаларды жою, басу, жұмсарту
мақсаттарына бағытталған басқару органдарымен өзара байланысты
бағдарламалық жүйелер өңдіру және өткізу (қатысушыларды, орындаушыларды
тартумен) арқылы шешу тәсілі болып табылады.
Бағдарламалық - мақсаттық жоспарлауға және басқаруға келесі
мінездемелер тән:
- мәселенің шешімін табу үшін жету керек мақсаттарды айқын көру және
жүйеге келтіру, оларды мақсаттар ағашы түрінде ұсыну;
- жүйелік ұйымдастырушы мақсаттар жиынтығынан мақсатты жүзеге асыру
әрекеті, оларды өткізу проблеманың әлсіреуіне немесе алынуына әкелетін
шаралар жүйесіне көшу;
- берілген мерзімде бағдарламалық шаралардың жүзеге асыруына арналған
құралдарды, қорларды және қорлардың түсу көзін құру;
- басқарудың ұйымдастырушылық - экономикалық механизмдарын айқындалған
іс-әрекетті орындаумен, олардың орындалуын басқару органдарының жағынан
бақылау және қамтамасыз етумен іске қосу.
Бағдарламалық - мақсаттық әдіс формуласын ең қысқа түрде мақсаттар -
жолдар - құралдар – орындалуды ұйымдастыру логикалық тізім түрінде ұсынуға
болады.
Қазіргі уақытта аймақ бастықтарының көпшілігі өз аумағының
экономикалық даму стратегияларын өңдеу қажеттілігін түсінуіне келді.
Әдетте, аймақтың әлеуметтік - экономикалық даму бағдарламасын бастап
жасаушы әкімшілік болып табылады, ал бағдарламаны таныстырушы құжат
құрылымы мемлекет деңгейіне лайықты құжаттардың құрылымымен сәйкес келеді.
Аймақтық бағдарламаның мақсаттары экономиканың ірі бағыттары мен
бұтақтарына мақсат болып декомпозицияланады, олардың орындалуы аймақ
әкімшілігінің сәйкес құрылымдық бөлімшелеріне жүктеледі. Соның өзінде тек
екі субъекті ғана назарға қабылданады: әкімшілік және мемлекеттің өзі.
Бағдарлама мақсаттары жиірек әкімшілік хабардарлық деңгейінен асып кетеді,
бірақ, олар мемлекет деңгейінде іске асырылуы мүмкін. Бірақ бір факт
еленбейді - заңға сүйінген мемлекетте шаруашылық етуші субъекті ретіндегі
мемлекеттің хабардарлық деңгейіне де шек қойылған. Сонымен қатар, көп
жағдайда бар бағдарламалар аймақтық әкімшіліктің ұсынулары олардың болашақ
туралы көзқарасын қайтарады. Жоғарғы деңгейден қосымша қорлар алу үмітінде
өз мақсаттарын өкімет органдарының мақсаттарымен сәйкестендіреді. Бұл
жағдайлар осы құжаттың пайда болуына әкелді.
Аймақтық басқару механизмдарының бірі жоспарлау болуы тиісті. Тарихта
мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен, жоспарлы жөнге салу әдістері арқылы
елдердің нарықтық экономикаға кіруінің бірнеше мысалы бар. Сондықтан
Қазақстан Республикасының президенті Назарбаев Н .Ә. жоспарлау қажеттілігін
бірнеше мәрте айтып өткен. Нақтылап айтқанда, Кварталдан кварталға немесе
жылдан жылға дамудың үшжылдық немесе бесжылдық жоспарлары болмай өмір
сүруді тоқтату керек. Үкіметке дамудың индикативті бесжылдық және жылдық
жоспарларын жасау және ол жұмысқа барлық атқару өкіметін және жеке
сектордықосу қажет екендігін көрсетті.
Аймақтық саясат концепциясында республика аймақтарының дамуын жөнге
салудың әртүрлі механизмдарының қолдану қарастырылады. Аймақтарда
әлеуметтік - экономикалық жағдайды тұрақты бақылау мақсаттарында маңызды
параметрлердің негізінде аймақтардың дамуын рейтингтік бағалау жүйесі
қолданылады. Рейтингтік бағалау аймақтарда даму жағдайы туралы тұрақты
хабардар болуға көмектеседі. Сондай жүйе үкіметке жағдайдың өзгеруі кезінде
шапшаң қимылдауға рұқсат етеді.
Аймақтық басқаруда мақсаттық территориялық бағдарламалар әдісін қолдану
бірқатар шек қоюлардан тұрады: қорлардың тапшылығы және оларды таратудағы
мүмкіншіліктердің шектелуі. Осыған байланысты мақсаттық тапсырмаларды және
облыстық, аудандық бағдарламалардың бағдарламалық шараларын
жалпымемлекеттік әлеуметтік - экономикалық даму бағдарламасына міндетті
қосу қажеттілігі көрінеді.
Аймақ приоритеттеріне кейбір құрастырушылармен көрсетілетін оның жұмыс
жасау механизмін апаруға болады:
- сыртқы нарыққа арналған өнім шығаруының орталықтандырылған тапсырмаларын
орындайтын аймақ кәсіпорындарының территориялық кооперирациясы;
- халыққа қызмет көрсетуге және халыққа арналған тауарларды шығаруға
жергілікті шешім;
- өндіріс құралдарының бірге қолдануы;
- әлеуметтік инфражүйенің жұмыс жасау механизмі және т. б.

II. АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ОРНЫ

2.1 Елдің қайта өндіріс үрдісіндегі аймақтық экономиканың орны

Аймақтық блоктың құрылымы тікелей ұлттық экономикалық жүйенің
ұйымдастырылуына байланысты.
КСРО –ның әкімшілік – жоспарлы экономикалық жүйедегі әрбір аймақ
(әкімшілік – аумақтық бірлік) ұлттық экономиканың (халық – шаруашылық
кешен) бөлігі ретінде және аз жағдайда – экономикалық кіші жүйе (аймақтық
шаруашылық кешен) ретінде қарастырылды. Аймақтық экономиканың негізгі
параметрлері, жергілікті сұрансты ескермей, мемлекеттік жоспармен және
жалпы одақтық ведомстволармен анықталды.
Нарықтық экономикаға өту барысында әрбір аймақ өзінің негізгі
элементтерінің өзара байланысын сипаттайтын экономикалық кіші жүйе болып
қалыптасады. Мұндай жағдайда аймақтық әлеуметтік ортаның дамуына, тұтыну
мен инвестицияға, өндірісіке деген табыс пен төлемге қабілетті сұраныс
ықпалының өсуі байқалады.
Аумақ - белгілі алаңды географиялық жағдайы және басқа да белгілерді
сипаттайтын жердің қатты материалдық шектелген бөлігі.
Акватория- жердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіптің экологиялық проблемалары
Ғаламдану дәуіріндегі Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі
Жүйені тексеруге қойылатын талаптар
Малайзия экономикасы
Рынокқа өту жағдайларына экономиканы түрлендірудің тұжырымдық негіздері
Туркия және Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатнастың экономикалық аспектілері
Экономикалық даму модельдері және өнеркәсіпті құрылымдық қайта құру
Тәуекел мәні, функциялары және жіктелуі
Экономикалық ресурстар және өндіріс факторы
Қазақстандағы нарықтық инфрақұрылымның қалыптасу мәселесі
Пәндер