Несиенің мәні мен мазмұны
МАЗМҰНЫ
І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Несиенің мәні мен мазмұны .
2. Несиенің формалары, түрлері және атқаратын қызметтері.
3. Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі.
4. Қазақстан Республикасында берілетін жеке және заңды тұлғалардың несиелердің берілу тәртібі мен оларды талдау
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Экономикада несие – банк жүйесінде маңызды рөл атқарады. Несиенің экономикадағы алатын орыны елеулі екеніне ешбір күмән жоқ. Олай болса, бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге болады. Жұмыстың мақсаты капиталдың, яғни қарызға берілген ақша капиталының жүру формасын несие, ақша капиталының ақша айналуын және несие берушінің қарыз алушы арасындағы қатынастарды көрсетеді. Оның көмегі арқылы жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттің бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, қарыз капиталына айналуы және белгілі уақытқа қолдануға ақылы түрде беріледі.
Несиенің маңызы, сонымен бірге оны қолдау аясы елдің экономикалық жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық, лизингтік, трастылық қаржылық банктік операцияларды пайдалану жаңғыртылады, сонымен бірге несие қатынастары мен несиенің көлемі, несие ставкасы де өзгереді.
Сонымен қатар несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, пайыз мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады. Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас ретіндегі несиеден келіп
Несие деген сөздің өзі латын тілінен аударғанда сенуді білдіреді, белгілі бір тұлғаның мойнына алған міндетін орындауға сенім көрсетуге дегенді білдірсе, екінші жаығынан несие банктердің филиалдарымен несиелік мекемелердің қанат жаюымен ұштасып, сол арқылы қазақ даласының қойнауының капиталын кеңейту.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1) Алимбаев А.А. Банктік және өнеркәсіптік капиталдың шоғырлануы: Қазақстанда қазіргі беталыс және түйінді мәселелердің дамуы. -Қарағанды 2002.
2) Давлетова М.Т. Кредитная деятельность банков в Казахстане: учебное пособие. –Алматы: Экономика, 2001
3) Жуков Е.Ф., Максимова Л.М., Печникова А.В. и др. Деньги. Кредит. Банки: учебник для вузов. –М. 1999 г.
4) Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары: Оқу құралы. –Алматы: Экономика, 2000 ж.
5) Лаврушин О.И., Мамонов И.Д., Валенцева Н.И. и др. Банковское дело: учебник для вузов. –М. 2000 г.
6) Сейтқасымов Ғ.С. Ақша. Несие. Банк. –Алматы. Экономика. 2001ж.
7) Самсонова Н.Ф. Финансы, денежноре обращение и кредит: учебник. –М: 2001 г.
8) Бекболатұлы Ж. Қаржы-несие мекемелерінің тиімділігін арттыру факторлары // Қаржы-қаражат 1999. N5, 40-45 бет.
9) Лисак Б. Анализ кредитоспособности и платежеспособности заемщика банка при потребительском кредитовании // Банки Казахстана 2000 N6. –С. 3-6.
10) Смагулова Ш.А. Макроэкономика. –Алматы 1997.
11) Утеулин Е, Кенжеханов М. Система кредитования в банках // Банки Казахстана 2000. N5. –С. 26.
1) Алимбаев А.А. Банктік және өнеркәсіптік капиталдың шоғырлануы: Қазақстанда қазіргі беталыс және түйінді мәселелердің дамуы. -Қарағанды 2002.
2) Давлетова М.Т. Кредитная деятельность банков в Казахстане: учебное пособие. –Алматы: Экономика, 2001
3) Жуков Е.Ф., Максимова Л.М., Печникова А.В. и др. Деньги. Кредит. Банки: учебник для вузов. –М. 1999 г.
4) Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары: Оқу құралы. –Алматы: Экономика, 2000 ж.
5) Лаврушин О.И., Мамонов И.Д., Валенцева Н.И. и др. Банковское дело: учебник для вузов. –М. 2000 г.
6) Сейтқасымов Ғ.С. Ақша. Несие. Банк. –Алматы. Экономика. 2001ж.
7) Самсонова Н.Ф. Финансы, денежноре обращение и кредит: учебник. –М: 2001 г.
8) Бекболатұлы Ж. Қаржы-несие мекемелерінің тиімділігін арттыру факторлары // Қаржы-қаражат 1999. N5, 40-45 бет.
9) Лисак Б. Анализ кредитоспособности и платежеспособности заемщика банка при потребительском кредитовании // Банки Казахстана 2000 N6. –С. 3-6.
10) Смагулова Ш.А. Макроэкономика. –Алматы 1997.
11) Утеулин Е, Кенжеханов М. Система кредитования в банках // Банки Казахстана 2000. N5. –С. 26.
МАЗМҰНЫ
І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Несиенің мәні мен мазмұны .
2. Несиенің формалары, түрлері және атқаратын қызметтері.
3. Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі.
4. Қазақстан Республикасында берілетін жеке және заңды тұлғалардың
несиелердің берілу тәртібі мен оларды талдау
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Экономикада несие – банк жүйесінде маңызды рөл атқарады. Несиенің
экономикадағы алатын орыны елеулі екеніне ешбір күмән жоқ. Олай болса, бұл
тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге болады. Жұмыстың мақсаты
капиталдың, яғни қарызға берілген ақша капиталының жүру формасын несие,
ақша капиталының ақша айналуын және несие берушінің қарыз алушы арасындағы
қатынастарды көрсетеді. Оның көмегі арқылы жеке және заңды тұлғалардың
мемлекеттің бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, қарыз капиталына айналуы
және белгілі уақытқа қолдануға ақылы түрде беріледі.
Несиенің маңызы, сонымен бірге оны қолдау аясы елдің экономикалық
жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы
орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге
байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық, лизингтік,
трастылық қаржылық банктік операцияларды пайдалану жаңғыртылады, сонымен
бірге несие қатынастары мен несиенің көлемі, несие ставкасы де өзгереді.
Сонымен қатар несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары
мен түрлері сипаттайды. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық және
банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы,
қарыз объектісі, динамикасы, пайыз мөлшері және қызмет ету аясы бойынша
ажыратылады. Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас
ретіндегі несиеден келіп
(Несие( деген сөздің өзі латын тілінен аударғанда сенуді білдіреді,
белгілі бір тұлғаның мойнына алған міндетін орындауға сенім көрсетуге
дегенді білдірсе, екінші жаығынан несие банктердің филиалдарымен несиелік
мекемелердің қанат жаюымен ұштасып, сол арқылы қазақ даласының қойнауының
капиталын кеңейту.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Несиенің мәні мен мазмұны.
Қарыз мәмілесі ретінде несиені екі көзқараста қарастыруға
болады. Біріншіден, оның техникалық заңдылық белгілері көзқарасынан,
екіншіден әлеуметтік мазмұны, яғни осы келісім негізінде өсетін және
дамитын немесе онда өз көрінісін табатын өндірістік байланыстар
типін сипаттайтын белгілер тұрғысынан. Бұл екеуі бір – бірінен
бөлінгісіз, бұлар өзара байланысты және себепші. Бірақ экономикалық
талдау үшін маңыздысы қарыз мәмілесінің эканомикалық мазмұны яғни
өндірістік қатынастардың белгілі формаларымен байланысты шаруашылық
әдістері, жұмыс тәсілдері емес, өндірістік қатынастардың өзі болып
табылады.
Бұл жағдайды былайша түсіндіруге болады. Мысалы, машина
өндірісін таза техникалық тұрғыда машина өндірісінің
макроэканомикалық орта параметріне анағұрлым бейімделуін оның жұмыс
және таза техникалық тиімтілігі тұрғысынан қарастыруға болады.
Сонымен қатар, сол машина өндірісін оның әлеуметтік жағынан да
қарастыруын, яғни машина өндірісі негізінде пайда болатын және
дамитын өндірістік байланыстардың формалары мен типтері тұрғысынан,
бұл бір жағынан оларға себепші, екінші жағынан, олар оны
анықтайды. Бірінші жағдайда біз машина өндірісін техникалық –
экономикалық категория, ал екінші жағдайда - экономикалық категория
ретінде қарастырамыз.
Несиеге қатысты осыны айтуға болады. Несиені оның техникалық –
заңдылық белгілері жағынан тауарлар айналысы процессін жүзеге
асыратын мәміленің белгілі бір типі ретінде қарастыруға болады. Бұл
жағдайда несие олардың алдында техникалық немесе құқықтық категория
ретінде танылады. Несиені құбылыстардың экономикалық мазмұны
ретіндегі көзқарас тұрғысынан қарастыруға болады. Бұл жағдайда несие
олардың алдында экономикалық ғылым категориясы ретінде қабылданады.
Несие теориясы оны техникалық - заңдылық категория ретінде емес,
қоғамдық – экономикалық категория ретінде қарастырады. Несиені оның
формальді - заңдылық белгілері жа ғынан оқып білудің несиелік
мәмілені тек меншіктің қозғалысы әдісінің ерекше түрі ретінде
түсіну үшін маңызы бар. Сондықтан несие экономикалық категория
ретінде несиелік мәміленің ерекше техникалық - заңдылық белгілерімен
сипаттала алмайды. Осылайша, несие - өндірістік қатынастарды
білдіретін экономикалық категория. Несие экономикалық категория ғана
емес, сонымен қатар тарихи категория екенін атап өту керек. Ол
өндірістік күштердің тек белгілі бір дамуында пайда болады.
Экономикалық категориялар - жалпы тарихи категориялар.
Несиенің және несиелік қатынастардың пайда болуына табиғи
негіз, тауар шаруашылығы болып табылады. Тауардың пайда болуы екі
жағдайда қатар жүреді. Біріншіден, тауар тек натуралды формасы және
құны бар болған жағдайда ғана тауар бола алады. Біріншіден ол
бір мезгілде тұтыну заты болады және олардың құны болады;
екіншіден, қандай да бір заттар бір – біріне тауар ретіндегі
қатынаста болуы үшін оларды өндірушілер өздеріне де ортақ ерікті
әрекеті, өз меншігіндегі тауарды иелігінен шығара отырып басқа
тауарды өзіне иеленуге ықыласы бар меншік иелері ретінде бір –
біріне қарама – қарсы тұрулары қажет.
Тауардың бір тауар иесінен басқаға ауысуы нарықта айырбас
арқылы жүзеге асады. Тауар айырбасы сферасының несие үшін маңызы
зор. Оның пайда болуын ішкі тұтыну үшін өндірілген өнімдер
сферасынан емес, тауар иелері, экономикалық қатынасқа түсуге дайын
меншік иелері дербес заңды тұлға ретінде бір – біріне қарама – қарсы
тұрған айырбас сферасынан іздеу қажет.
Несие қарыз мәмілесі ретінде ежелгі әлемде де орта ғасырлық
қолөнері дамыған тауар шаруашылығында да кездеседі. Барлық кезде
біз анағұрлым жетілген, бір қарыз мәміле-сіне ездесіп отырдық,
бірақ осы мәмілелер негізінде ұлғайып отыратын, құқықтық хатталуы
осы мәмілелер болып табылатын өндірістік қатынастардың әр түрлі
шаруашылық жүйелерінде бір - бірінен өте қатты айырмашылықтары
болады.
Несие бәрінен бұрын тауар өндірісі процессінде пайда болатын
оның негізгі өндірістік қатынастарымен анықталатын қоғамның
әлеуметтік байланыстарының белгілі бір типі. Сондықтан несие
экономикалық категория ретінде тек өндірістік қатынастар шеңберінде
ғана сипатталуы мүмкін. Бұл несиені экономикалық мазмұны көзқарасы
тұрғысынан қарастыруға қатысты. Несие әлеуметтік байланыстың белгілі
бір типі бола отырып, өндірістік қатынастар тобына жатады .
Өндірістік қатынастар өз жиынтығында қоғамдық қатынастар, қоғам
аталатындарды құрайды және сонымен қатар тарихи дамудың белгілі бір
сатысында тұрған, өзіне ерекше сипаты бар қоғамды құрайды.
Қоғамның негізгі өндірістік байланыстарына сүйенген неселік
қатынастар жекелеген тұлғалар мен кесіпорындар, кесіпорындар мен
мемлекет, мемлекет пен тұрғындар, адамдардың әлеуметтік топтарының
арасындағы тауарлар айналысы сферасында пайда болады. Айналыс
сферасы немесе тауарлар айналысы өндірістік қатынастармен анықталады.
Осылайша белгілі бір өндіріс белгілі бір тұтынуға, үлестіруге,
айырбасқа және осы әр түрлі жағдайлардың бір – біріне белгілі бір
қатынасына себепші болады. Өндіріс жағдайындағы айырбас құн ның
немесе меншіктің бір иесінен басқаға ауысуы тәрізді әр түрлі
тәсілдерімен жүзеге асырылады. Мұндай тәсілдердің бірі қарыз деп
аталатын тауар айналысының бір формасы болған мәміле типі болып
табылады. Тауар айналысының мұндай формасы өндірістің ерекше
шарттарымен анықталады, осы себептен тауарлардың иеліктен шығаруылуы
уақыт бойынша олардың бағасының өткізілуінен бөлініп қалады. Бұл
шарттар мынаған байланысты: тауарлардың бір типі өз өндірісіне көп
уақытты, ал басқа түрі анағұрлым аз уақытты талап етеді. Әр
түрлі тауарлардың өндірісі жылдың әр түрлі мерзімімен байланысты.
Бір тауар өз нарығында пайда болса, басқасы алыс нарыққа сапар
шегуі қажет. Сондықтан әлде бір тауар иеленуші келесі бір сатып
алушыдан бұрын сатушы ретінде көрінуі мүмкін. Бірдей мәмілелердің
бір тұлғалардың арасында жиі қайталануы кезінде тауарларды сату
шарттары олардың өндіріс шарттарымен реттеледі. Екінші жағынан ,
тауарлардың белгілі бір түрін пайдалану, мысалы үйді, белгілі
бір уақыт аралығына сатады. Бұл жағдайда сатып алушы тек мерзімі
өткеннен кейін ғана шын мәнінде тауардың тұтыну құнын алады.
Сондықтанда ол тауарды төлемі төлегеннен бұрын алады.
Ақшаның қажеттілігін қамтамасыз ететін себептер, несие
қажеттілігінің де себептері болып табылады. Жай тауар шаруашылығы
жағдайында тауар айналысының формасы ретіндегі қарыз мәмілесі
қажеттілік пен өндіріс шарттарынан туындайды. Алайда өндіріс
шарттары несиенің қажеттілігін толығымен ашпайды. Тауар айналысының
ішкі мазмұны ретіндегі құн қозғалысы несиенің қажеттілігі туралы
түсінікті тереңдетеді. Айырбас шаруашылығы жағдайында құн қозғалысы
капиталдардың шеңбер айналымында және өндірістік айналымда
нақтылы түрде көрінеді және ол несиелік қатынастар пайда болатын,
дамитын нақтылы экономикалық негіз болып табылады. Артынан
несиелік қатынас өзінің табиғаты бойынша құндық болады.
Несие ұдайы өндіріс процессінің үздіксіздігін қамтамасыз ету
қажеттілігінен келіп шығады. Несие берілген сайын ол шаруашылық
субъектілерінің өндірістік капиталы ақшалай (негізгі және айналым
), өндірістік және тауарлық формаларда бола алатыны бәрімізге
мәлім. Бұл кезде олардың міндеті әр түрлі. Шеңбер айналымының
бірінші сатысында ақшалай қаражаттардың тауарға айналуы жүреді,
өндірістік форма тауарлық формаға ауысады, өндіріс құралдары құнына
жаңадан жасалған құн қосылады. Соңында, үшінші сатыда тауар
өткізіледі және қайтатан ақшаға айналады.
Өндірістік капиталдардың қозғалысы олардың бір формадан басқа
формаға ауысуымен тұйықталмайды, қозғалыс олардың ұдайы өндірісінің
процесі, капиталдардың шеңбер айналымы болып табылады.
Капиталдардың үнемі қайталанатын шеңбер айналымы – бұл капиталдардың
айналымы. Өндірістік капиталдардың бірде тауар формасында, бірде
ақшалай формада болуы олардың қозғалысының жалпы формасы болып
келеді, яғни олардың ұдайы өндіріс формасы болып саналады.
Өндірістік капиталдардың жүйелі түрде бір формадан басқа
формаға айналуы, сонымен қатар олардың үнемі шеңбер қозғалысы,
капиталтардың шеңбер айналымы және айналымы барлық жерде бірдей
емес; әрбір нақты жағдайда олар өндірістің тауар айналысының
ерекшеліктерін қамтып көрсе- теді. Өндірістік капиталдардың
қозғалысы олардың шеңбер айналымы шегінде үздіксіздігімен
ерекшелінеді. Олардың қозғалыс процесінде ақшалай қаражаттардың
құйылуы және кері қайтуы, ресурстарда және оларды жабатын
көздерде қажеттілердің толқуы байқалады. Мұны функционалдық
формаларының өзгерісіне қарай негізгі, содай – ақ айналым
капиталдарының да қозғалысына байланысты байқауға болады.
Негізгі капиталдардың қозғалысы процесінде мезгіл - мезгіл
ақшалай ресурстар формасында құн босатылады. Еңбек құралдары
өндіріс процесінле ұзақ уақыт пайдаланылатыны белгілі, олардың
құны тауар құнына бөлшектеніп ауысады. Негізгі капиталдар құнының
ақшалай формада бірте - бірте қалпына келтірілуі, босаған ақшалай
қаражаттардың кәсіпорындар шотында тұрып қалуына әкеп соғады. Бұл
кәсіпорындар оларды тозған еңбек құралдарының орнына жаңаларын алу
үшін, соның ішінде кезекті машиналар мен механизмдерді алу үшін
жеткілікті белгілі соманы жинақтағаннан кейін ғана пайдалана алады.
Алайда негізгі капиталдар құнының бірте – бірте босатылуы, өз
мөлшері бойынша кәсіпорынның олардың жаңа партияларын алу
қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды, өйткені машиналар мен
механизмдердің жаңа партиясы жекелеген бөлшектерімен, детальдарымен
емес толығымен алынады. Амартизациялық қорда негізгі капиталдардың
тозған бөлшектерінің ауыстырылуы жинақталған амартизациялық
қаражаттар есебінен жүзеге асырылады. Негізгі капиталдарды қалпына
келтіруге немесе алуға өте үлкен шығындар жұмсалады, сондықтан
оларды қаржыландыру ұзақ уақыт бойынша ақшалай қаражаттар жинақтауды
қажет етеді.
Негізгі капиталдар құнының қозғалысының бірқалыпсыздығы,
капиталдың шеңбер айналымының және олардың айналымының сатылары
бойынша қозғалысының ұзақтығынан болады. Нәтижесінде бір
кәсіпорындарда еркін ақшалай қаражаттар пайда болса, басқаларында
(ірі бір реттік шығындарға қажеттілікпен байланысты) олардың
жеткілісіздігі пайда болады.
Айналым капиталы құнының қозғалысымен байланысты осындай
көрініс туындайды. Оның шеңбер айналымы және айналымының ұзақтығы
әр түрлі. Уақыт бойынша ұзақтылық өзгерісі бәрінен бұрын
өндірістің маусымдылығы, өндірістің және тауар уақыт бойынша сай
келмеуі салдарынан пайда болады. Қосымша қаражаттарды тарту
қажеттілігі импорттық қойылымдармен, тауарлы материалды құндылықтарды
бір реттік әкелуімен және басқа факторлармен байланысты болуы
мүмкін қаражаттар қозғалысындағы бірқалыпсыздық дайын тауарларды
жөнелтумен байланысты пайда болады. Тауарларды жөнелту мерзімі,
оларды өткізуден түсім алу мерзімімен әрқашан сәйкес келе
бермейтіндігі белгілі. Бұл көбінесе тауар өндірісі орынын көп
жағдайда алыс орналасуына сонымен бірге, тауарларды өткізу нарығынан
бұл алшақтың едәуір болуы және уақытша бос ақшалай қаражаттарға
деген қосымша қажеттілікті тудыруы мүмкін.
Тауарлай және ақшалай формаларға және өндірістік капитал
шеңбер айналымы мен айналымы, құндық болып табылатын қатынастың
пайда болуына және дамуына нақты материалдық негіз болады. Берілген
шеңбер айналым процесінде, бір жағынан, оның аяқталуы жүреді,
осының нәтижесі ретінде бәрінен бұрын өткізілген құн ретінде
болатын ақшалай қа ражаттар формасындағы құнның босатылуы жүреді.
Екінші жағынан, объективті себептерге байланысты ақшалай ресурстардың
жеткіліксіздігі олардың өндірістік жұмсалуына қосымша
қажеттіліктер пайда болады. Демек, несие және несиелік қатынастар
құн қозғалысы кезіндегі өндіріс уақытымен құн айналысы уақыт
арасындағы, оның ақша формасында шот тарда уақытша тұрып қалуымен,
оларды тауар өндірісінде пайдалану қажеттілігі арасындағы қарама -
қарсы қайшылықтарды шешудің табиғи процесі ретінде пайда болды.
Біріншеден, қоғам босатылған ресурстардың бекерге доғарылуын
болдырмауға, екіншіден , ұдайы өндірістің үздіксіз жүзеге асуына
мүделі болады. Өндіріс уақытымен айналыс уықыты арасындағы сәйкес
келушілік құндық субстанциясы бар жиынтық ұлттық өнім қозғалысына
қатысты. Босатылған жиынтық ұлттық өнім құнының барлық
бөліктерінің - С, V және М - өнімдері болуы мүмкін. Мысалы:
жалпы экономика көлемінде өндірістік процесінде жұмсалған
өндірістік құралдарын қалпына келтіру бірден жұмсалмайды:
амортизациялық аударымдар жинақталады, бос ресурстар өз қозғалысында
тоқтап қалған және өнімді пайдалануды талап ететін құндар түрінде
тұрып қалады. Ұдайы өндірістің объективті процестеріне байланысты
құн өндірісте толығымен қатыспайтын V - да да осындай көрініс
байқалады, оның кейбір бөлігі уақытша пайдаланылмайды және ақшалай
формада банктегі шоттарда тұрып қалады. Әрине, бұл қоғамдық өнім
құнның уақытша босатылған бөлігі несиеге негізделіп жинақталады,
қарыз ақша түрінде өз қозғалысын жалғастырады. Мұнан басқа М
түрінде жаңадан жасалған құнның бөлігі де несие арқылы қайта бөлу
сферасына тартылуы, несие қозғалысына құндық сипат беруі мүмкін .
Тауар шаруашылығы жағдайында өндірістік капиталдардың (негізгі және
айналым ) шеңбер айналымы және айналымы несиенің объективті
қажеттілігін толық түрде түсіндіре алмайтынын атап өту керек. Уақыт
бойынша капиталдың шеңбер айналымының кеңістікте бір қалыпты
еместігі тек қаражаттардың бір буынында босатылуы және басқа
буында оларға қажеттіліктің бар болу фактын сипаттайды. Демек,
тауар шаруашылығында капиталдың шеңбер айналымы және айналыиында
несиелік қатынастардың пайда болу мүмкіндігі қаланған.
Несиенің мүмкіндігі нақты болуы үшін белгілі бір шарттар
қажет. Олар кем дегенде екеу 1 - несиелік мәмілеге қатысушылар
- кредитормен қарыз алушы - экономикалық байланыстардан келіп
шығатын міндеттемелердің орындалуына материалдық кепілдік беретін
заңды дербес субъектілер ретінде болулары керек. Несиелік қатынасқа
түсуші заңды тұлғалар өз қызметтерін нарық заңдары және
экономикалық мүдделердің сәйкестігі негізінде жүзеге асырылуы қажет.
2-несиеге, егер қарыз алушы мен қарыз беруші мүдделері сәйкес
келген жағдайда қажет болады. Несиелік мәміле жасалуы үшін оның
қатысушылары өзара ықылас білдіруі қажет. Экономикалық қатынастар
бәрінен бұрын мүдделері ретінде көрінеді. Бұл мүдделер соңында
өндірістік қатынастың қатысушыларының еркімен реттелетін қандай да
бір субъективті нәрсе емес. Әрекетті тудыратын кез-келген мүдде
бәрінен бұрын объективті процестерге өзара мүдделікті болдырмайтын
нақты жағдайларға сүйенеді. Несиелік қатынастар, бір жағынан, кредитор
мен қа-рыз алушының арасында ақшалай қаражаттарды қарызға беру,
екінші жағынан , оларды алу кезінде мүдделілік пайда болған жағдайда
ғана жүзеге асады
2. Несиенің формалары, түрлері және атқаратын қызметтері
Әдетте, несиенің негізгі екі формасы қарастырылады: коммерциялық
және банктік. Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несие формаларына:
тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралық, фирмалық және т.б.
жатқызады.
Коммерциялық несие – бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары
немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Несиенің осы
формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызметін атқарады.
Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік
капиталмен біріккен, ал оның мақсаты – тауарларды өткізуді жылдамдату.
Коммерциялық несиенің сақталуының негізгі себептерінің бірі –
тауарлардың ұдайы жеткізуін талап ететен кәсіпорындардың экономикалық
байланыстарының үнемі ұлғаюы және жетілдірілуі болып табылады.
Басқа да несие формаларының жедел өсуіне байланысты коммерциялық
несиенің ролі оның көмегінің абсолютті шамада ұлғаюына қарамастан қысқарып
кетті.
Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз келісімі – аясы тар
мақсат емес, ол сатып алу-сату келісіміне қосақталып жүреді. Қарыз келісімі
тауарлардың өткізілуін жеңілдетеді. Төлемді кейінге қалдыру мерзімі
жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы сауда келісімі жасалған уақытта жеке
анықталады. Әдетте төлеуді кейінге қалдырудың ең жоғары мерзімі 90 күнге
белгіленеді. Төлемді кейінге қалдыру тауарлардың түріне және басқа
факторларға (мысалы, азық-түлік тауарларын төлеу қысқа мерзім ішінде жүзеге
асырылады) байланысты. Төлемді кейінге қалдыру кезеңін ұзарту сатып алушы
мүддесіне сай келеді, оны өткізілетін тауарлар бағаларының төлемдерімен
салыстыруға болады.
Коммерциялық несиенің артықшылықтарымен қатар, кемшіліктері де бар.
Уақыт шектеулігі, өлшемдері, қозғалыс бағыты тәрізді белгілі кемшіліктерден
басқа төлемді белгілі бір дәрежеде кейінге қалдыру мәжбүрлік сипатына ие
болады; тауарларды төлеу мерзімі жиі бұзылады; жабдықтауышлар сатып
алушылардың қаржыылық жағдайы туралы әр уақытта жақсы хабардар болмайды, ал
бұл олардың шаруашылық қызметі үшін белгілі бір тәуекел туғызады. Төлеуді
кейінге қалдыру – банктік сфераның ықпалынан күшті әсер көреді (атап
айтқанда, ол жабдықтаушы оңай түрде банкте векселді қаншалықты есептеуге
алатынына байланысты). Көрсетілген кемшіліктер коммерциялық несиенің ролін
төмендетеді.
Банктік несие – бұл банктердің, арнайы несие-қаржылық мекемелерінің
қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несиесі. Банктік несие
коммерциялық несиенің шектеулерін жояды. Бос ақшалай капиталдар кез келген
өндіріс саласына беріледі және банктік несие арқылы кез келген бағытта
қозғала алады.
Банктік несие сферасы коммерциялық несие сферасына қарағанда несиені
қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет етеді, ал
банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және
жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет етеді.
Өндірістің жанданып, жоғарылаған кезінде нағыз капиталдың көлемі өседі,
өндірістік мақсаттар үшін банктік қарыздарға деген сұраныс жоғарылайды.
Қоғамдық капиталдың ұдайы өндірілуі тұрғысынан банктік несие қарыз
капиталына (қарыз алушылар қаражаттарды жұмыс істеп тұрған капиталдың
көлемін ұлғайту үшін пайдаланғанда) және ақшалай қарызға (қарыз алушылар
қаражаттарды өздерінінң қарыздық міндеттемелерін өтеу үшін алғанда)
бөлінеді.
Банктік несие әмбебап болып келеді, өйткені банк арқылы қайта
бөлінген қарыз капиталы экономиканың барлық салаларында қолданыс табады.
Бұл ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады. Қарыз мәмілесінің
дербес сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсіптік капиталдан
бөлектенген. Кредитордың мақсаты – пайыз түрінде табыс алу. Қарыз алушыға
қайтарымдылық, мерзімділік және пайыз төлеу жағдайларында қарыз капиталын
ұсынушы банктік мекеме ретінде көрінеді.
Тұтыну несиесі – бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және
тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық (бөлшек сауда орындары
арқылы төлемді кейінге қалдыра отырып, тауарды сату) және банктік (тұтыну
мақсатына қарыздар) формада берілетін несие. Тұтыну несиесінің негізгі
міндеті – тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау көрсету. Бұл несие бөлшек
саудамен тығыз байланысты: бір жағынан – тауар айналымының ұлғаюымен
несеинің көлемі де өседі, өйткені тауарларға болған сұраныс несиеге де
сұраныс өседі, екінші жағынан – тұрғындарды несиелеудің өсуі төлем
қабілетіне сұранысты күшейтеді. Бұл тәуелділік, әсіресе, қазіргі уақытта
нарықтың тауарлармен толығу жағдайында көрінеді.
70-жылдардан бастап бірқатар елдерде жеке тұлғаларға тұрақты несиелер
ашу тәжірибесі кең таралды. Бұл жерде айтылатын нәрсе тауарларды сырттай
каталогтардың көмегімен немесе ірі әмбебаптардан сатып алатын алушылар
туралы болып отыр. Тұтыну несиенің бұл түрінің мақсаты – клиенттерді
жоғалтпай сақтап қалу және оларды көбейту, сонымен қөатар сәйкесінше
фирманың сауда айналымын ұлғайту.
Сондай-ақ, банктік мекемелер тұтыну несиесі жүйесіне қосылған. АҚШ-
пен және Ұлыбританияның коммерциялық банктері жеке тұлғаларға (дербес
несиелер( деп аталатын несиелерді беруді қолдана бастады. Бұл несиелерді
тұтыну несиенің бір түрі деп қарастыруға болады, бірақ олардың тауарларды
қаржыландырудан бірқатар мәнді айырмашылқтары бар.
Біріншіден, дербес несиелер – бұл жеке тұлғаларға ақшалай формада
беретін банктік қарыздар; екіншіден, бұл несиелер нақтылы коммерциялық
мәмілеге бекітілген, сондықтан олар сатып алынған тауар үшін төлемді
кейінге қалдыруға қарағанда анағұрлым икемді болып табылады; үшіншіден,
делдалдардың болмауы мұндай несиелер жүйесін едәуір икемді және қарапайым
етеді, өйткені оған тек банк пен қарыз алушы қатысады.
Дербес несиелер тұтыну тауарларын сатып алу мен белгілі бір
қызметтерді алу үшін (мысалы, туристік сапарларды төлеу) кезінде
пайдаланылады. Бұл неселерді көбінесе жас жанұялар және білім алудың бүкіл
кезеңіне қарыздарын 5 жыл ішінде өтеу үшін оқуға түскен студенттер алады.
Әдетте дербес несиенің сомасы қарыз алушының 3 айлық еңбекақы мөлшерімен
шектеледі, өтеу мерзімі 36 ай.
Тұтыну несиесі көптеген елдердің экономикасында үлкен роль атқарады,
сондықтан ол мемлкеттік органдар тарапынан белсенді реттеуге ұшырайды. Бұл
реттеуді екі түрге бөлуге болады: беру деңгейі және пайдалану деңгейі
бойынша. Беру сатысында мемлекет тұтынушыларды несиелеуді кейде қолдап, кей
кезде тежейді. Банктер және қаржылық компаниялар қызметтерінің бұл түріне
несиелік шектеу әрекеті табылады.
Тұтыну несиесі жеке тұлғаларға ұзақ мерзімді банктік қарыз формасында
тұрғын үй алуға және салуға берілуі мүмкін. Қазақстанда осы үшін
мамандандырылған Мемлкеттік тұрғын үй құрылыс банкі құрылған.
Жаңа тұрғын үй саясатының Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес
азаматтарға қызмет көрсету үшін Тұрғын үй құрлыс банкінде қарыз-жинақ
шоттары ашылады. Қарыз-жинақ шоттарын құрылысты бастауға, аяқталмаған
құрылысты жалғастыруға, жарналарды жинақтау мен, тұрғын үй сатып алуға және
осы мақсаттарға жеңілдік несиелерін беру үшін пайдаланылады.
Ипотекалық несие – жылжымайтын мүліктерді: жерді, тұрғын үй және
өндірісті ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін қарыз.
Мемлкеттік несие – азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз
алушы немесе кредитор ретінде мемлкеттік және жергілікті билік органдары
болатын несиелік қатынастар жинағы. Мемлкеттік несиенің негізгі формасы –
мемлкеттік займдар сонымен қатар қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер,
тұрғындардың жинақ кассасындағы салымдар болып табылады. Қысқа мерзімді
қазыналық міндеттемелер (вексельдер және де басқа несиелік міндеттемелер)
ресми түрде бюджеттегі уақытша кассалық үлесті жабу үшін шығарылады, бірақ
іс жүзінде – бюджет тапшылығына байланысты шығарылады. Қазақстанда 1994
жылдың сәуір айынан бастап қазыналық вексельдер аукционы үнемі өткізіліп
тұрады.
Халықаралық несие – валюталық және тауарлық ресурстарды қайырымдылық
және пайыздар төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты халықаралық
экономикалық қатынастар сферасындағы қарыз капиталының қозғалыс формасы.
Кредиторлар және қарыз алушылар ретінде банктер, жеке тұлғалар,
кәсіпорындар, мемлкеттік мекемелер сонымен қатар халықаралық және аймақтық
ұйымдар қатынасады.
Несиенің келесі түрі бұл- ауыл шаруашылығы несиесі.
Енді қазіргі жағдайда ауыл шаруашылығын дамытудың бір жолы- ол коммерциялық
банк арқылы ауыл шаруашылығына несиелендіруді ұйымдастыру. Қазіргі таңда
ауыл шаруашылығының саласына қарай несиені ұсынуда бұл салада келесілдей
жетіспеушілік туындайды, яғни олар келесідей:
• Капитал көлемінің жетіспеуіне байланысты, ауылшаруашылық
кәсіпорындарды өнім өндіруді өздігінен ұйымдастыра алмайды;
• Нарықтық экономикада өнім сапасын жоғрлату;
• Жыл мезгіліне егіншілік, мал шаруашылығының табиғи климаттық
факторлаға тәуелді болуы.
Сондықтан ауыл шаруашылығының осындай бағытына қарай банктер ипотекалық
несие мен лизинг несиесін ұсынады.
Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас ретінде
несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие оның бір түрі.
Түрдің формадан айырмашылығы – диалектика категориясы болып
табылмайды, ол несиені ерекше түрдегі экономикалық қатынастар ретінде
түсінуді анықтайтын жіктеудің категориясы болады.
Осыған байланысты несие түрлері төмендегідей жіктеледі:
мерзімдері бойынша:
1. қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
2. орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін);
3. ұзақ мерзімді (3-5 жылдан жоғары);
несиелеу объектілері бойынша:
1. негізгі қорларға берілетін несие;
2. айналым қорларына берілетін несие;
несиелеу әдістері бойынша:
1. қалдық бойынша несиелеу;
2. айналым бойынша несиелеу.
Айналым бойынша сауда және жабдықтаушы-өткізуші ұйымдар несиеленеді, ал
қалғандарына айналым бойынша да, қалдық бойынша да несиелеудің элементтері
бар.
Мысалы, тұтыну несиесінің түрлері тауарлы және ақшалай болуы мүмкін,
ал халықаралық несиені төмендегідей жіктеуге болады:
1. несиелеу объектісі бойынша: тауарлы және қаржылық несиелер;
2. экономикалық мазмұны бойынша:
сыртқы сауда операцияларымен байланысты коммерциялық және қаржылық – кез
келген мақсат үшін пайдаланылады (қарызды өтеуге, бағалы қарыздарға
инвестициялау);
3. несие субъектілері бойынша:
қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді.
Қазақстанда несиелердің келесі түрлері дамыған.
1. Ұлттық банктің несиелері:
• аукциондық – Ұлттық банктің ақша несие саясатының уақытша құралы болып
табылатын және екінші деңгейдегі банктерге аукциондық негізде, республика
бактерінің 1 айдан 3 айға берілетін қысқа мерзімді несиелерге деген
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы берілетін несие;
• ломбардтық – Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге ала
отырып, жоғары пайызбен берілетін қысқа мерзімді несиенің түрі;
• бюджеттік – Ұлттық банк Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне
қайтарымдылық (нарықтық) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz