Қазақстан республикасындаы жұмыссыздыты төмендету мәселесі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚ ПЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Жұмыссыздықтың мәні мен объективті негізі ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Жұмыссыздық пен жұмысбастылық түсінігі және түрлері ... ... ... ... ..7
1.3. Оукен заңы және ЖҰӨ. Филлипс қисығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ
ТӨМЕНДЕТУ МӘСЕЛЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.1. Жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың әлеуметтік . экономикалық және демографиялық көрсеткіштерге байланысты ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2. Жұмыссыздық дәрежесін төмендету және көмек көрсету ... ... ... ... ..20
2.3. Жұмыспен қамту 2020 «Жол картасы» бағдарламасы ... ... ... ... ... ...21
III. ЕЛІМІЗДЕГІ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ПЕН ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚҚА ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
3.1 Қазақстан Республикасында жұмыссыздық пен жұмысбастылыққа арналған әлеуметтік саясатты жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... 24
3.2. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықдық пен жұмысбастылықты жетілдіру салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

Қолға алынған курстық жұмыстың өзекті мәселесі негізінен жұмыссыздық мен жұмысбастылықтың әлеуметтік-экономикалық және демографиялық көрсеткіштермен байланысы немесе әсері болып табылады.
Ең алдымен жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың жоғарыда айтылған көрсеткіштермен байланыстылығын ашу үшін жалпы жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың жалпы теорияларын біліп алған дұрыс. Сонымен қатар бұл байланыстылықтың маңыздылығын түсіну үшін модельдер құрастырып, зерттеуді ықшамды етіп мысал келтіре қарастырғанды жөн көрдім.
Жұмыссыздық пен жұмысбастылық түсінігімен бірге Оукен заңы мен Филлипс қисығына тоқталу аса маңызды. Жұмыссыздық деңгейінің жоғарлауы ЖҰӨ-нің төмендеуіне алып келеді. Осы Оукен заңы жұмыссыздық пен ЖҰӨ-нің арасындағы тәуелділікті көрсетеді.
Жұмыссыздықтың демографиялық көрсеткіштермен байланысын көші-қон іс-әрекеттерін мысал ретінде көрсетіп түіндіріледі. Мұнда Киреев бойынша елдің негізгі жұмыс күшін қалыптастырушы көші-қон деп түсіндіріледі. Және көші-қон әртүрлі елдер мен аймақтардың еңбек ресурстарының саны мен құрамында өзгерістер тудырады.
Бұл жұмыстың объектісі - жұмыссыздық. Жұмыссыздық – еңбек нарығының бөлінбес элементі болып табылады. Жұмысшы күші бар ересек адамдар еңбек нарығына қатынасуына байланысты, бірнеше категорияларға бөлінеді. Сондықтан еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші құрамынан шығушылар, жұмыс іздеуден бас тартқандар, жұмыс іздеуді бітіргендер, жұмыс тапқандар және т.б. Ендеше курстық жұмыстың объектісі жұмыссыздық болса, пәні болып еңбек нарығы қарастырылады.
Жұмыссыздықты зерттегенде республикадағы жұмыссыздық жағдайын қарастыра отырып, негізгі проблемаларды анықтап алу керек. Сөйтіп, жұмыссыздық деңгейін төмендету мәселелерін қарастыру арқылы теориялық жағынан талдау жасау арқылы, атқарып жатқан жұмыстарға жанжақты талдау жасалды.
Бұл жұмысты жазуда Отандық авторлардың Темірбекова А.Б; Мамыров Н.Қ; Әкімбеков С.; Баймұхаметова А.С.; Жанайдаров І.А; т.б. және шетелдік әдебиеттерді, мерзімді басылымдар, оқу құралдарын, ҚР-ның Статистика бойынша Агенттігінің соңғы мәліметтері, Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауы, ҚР Конституциясының заңдары кеңінен қолданылды.

1.Н.Қ Мамыров, М.Ә Тілеужанова «Макроэкономика» оқулық – Алматы
экономика 2003, 59-67б., 79-80б.
2.Р.Дорнбуш, С.Фишер «Макроэкономика» оқулық – Алматы білім 2007, 313-314б.
3.С.Үмбетқұлова, «Экономика негіздері» журналы, - 2007, №2, 24б.
4.Матлин И.С. « Моделирование размещения населения». – М., 2007. С221.
5.С.К Джумамбаева, « Рынок труда в Казахстанской экономике», - Алматы «ғылым» 2000. С129.
6. 30.12.1998 жылдан №341 – 1 (22.11.1999 жылдан №483 – 1 өзгертулер) “Халықтың жұмысбастылығы туралы”, ҚР – ның заңы.
16. «Экономикалық теория негіздері» Оқулық, Алматы, 2007. 112 б
21. Қазақстан Республикасының статистикалық көрсеткіштер сайты
www.stat.gov.kz

КІРІСПЕ
Қолға алынған курстық жұмыстың өзекті мәселесі негізінен жұмыссыздық мен жұмысбастылықтың әлеуметтік-экономикалық және демографиялық көрсеткіштермен байланысы немесе әсері болып табылады.
Ең алдымен жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың жоғарыда айтылған көрсеткіштермен байланыстылығын ашу үшін жалпы жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың жалпы теорияларын біліп алған дұрыс. Сонымен қатар бұл байланыстылықтың маңыздылығын түсіну үшін модельдер құрастырып, зерттеуді ықшамды етіп мысал келтіре қарастырғанды жөн көрдім.
Жұмыссыздық пен жұмысбастылық түсінігімен бірге Оукен заңы мен Филлипс қисығына тоқталу аса маңызды. Жұмыссыздық деңгейінің жоғарлауы ЖҰӨ-нің төмендеуіне алып келеді. Осы Оукен заңы жұмыссыздық пен ЖҰӨ-нің арасындағы тәуелділікті көрсетеді.
Жұмыссыздықтың демографиялық көрсеткіштермен байланысын көші-қон іс-әрекеттерін мысал ретінде көрсетіп түіндіріледі. Мұнда Киреев бойынша елдің негізгі жұмыс күшін қалыптастырушы көші-қон деп түсіндіріледі. Және көші-қон әртүрлі елдер мен аймақтардың еңбек ресурстарының саны мен құрамында өзгерістер тудырады.
Бұл жұмыстың объектісі - жұмыссыздық. Жұмыссыздық - еңбек нарығының бөлінбес элементі болып табылады. Жұмысшы күші бар ересек адамдар еңбек нарығына қатынасуына байланысты, бірнеше категорияларға бөлінеді. Сондықтан еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші құрамынан шығушылар, жұмыс іздеуден бас тартқандар, жұмыс іздеуді бітіргендер, жұмыс тапқандар және т.б. Ендеше курстық жұмыстың объектісі жұмыссыздық болса, пәні болып еңбек нарығы қарастырылады.
Соңғы жылдары жұмыссыздық халықтың қалың топтарын қамтуда және барған сайын ұлғайып келеді. Оның деңгейі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кіретін елдердің барлығында дерлік өсу үстінде. Тіпті экономикалық өсудің жоғары қарқындары белгіленген дамушы елдердің көпшілігі халық санының өсуінен қалып қоймаулары үшін біршама жылдам қарқындармен жұмыспен қамтуды ұлғайту мәселесін әрең игеріп отыр.
Жұмыссыздық - еңбек нарығының бөлінбес элементі болып табылады, елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай жүретін экономикалық - әлеуметтік құбылыс. Экономикалық әдебиеттерде кез-келген қоғамдағы жұмыссыздық сипатына қарай фрикциондық, құрылымдық, циклдік жұмыссыздық болып ажыратылады. Қоғамдағы жұмыссыздықтың пайда болу себебі жұмыс күшінің осы өзгерістерге баяу ыңғайланатындығына және оның құрылымының нақты жұмыс орнына сай келмейтіндігіне байланысты болады. Экономикалық дағдарыс елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың елеулі бөлігінің бостан-босқа уақыт өткізуіне әкеліп соғады, ал мұндай жағдайда олардың біліктілігінің жоғалуына, адамгершілік қадір-қасиеттің азғындауына, әлеуметтік және саяси жан-жалға апарып соқтырады.
Жұмыссыздық - барлық қоғамда болып тұратын құбылыс. Егер жұмыс істеушілердің саны бос жұмыс орнынан асып түссе, онда жұмыс күші рыногінің тең болмағаны. Жұмыс күшін жұмыссыздар мен жұмыстағылар қалыптастырады. Нақты экономикалық өмірде жұмыссыздық жұмыс күшінің сұранысын жоғарылатады.
Жұмыссыздықтың қатарына 16 жасқа толған тұлғалар, жұмысы жоқ, бірақ жұмыс іздеумен айналысқандар, яғни мемлекеттік және коммерциялық жұмысты қамтамасыз ететін белгілі-бір органдардың көмегіне жүгінгендер жатады. Жұмыссыз деген статусын алу үшін мемлекеттік жұмыспен қамту органдарына тіркелген жөн. Жұмыссыздықтың іс-жүзіндегі деңгейінің табиғи деңгейден асып кетпеуін бақылау мемлекеттің міндеті болып табылады. Жұмыссыздық мәселесі елдің миллиондаған еңбекке қабілетті тұрғындарына таныс, еңбек нарығы азаматтарды лайық жұмыс пен тиімді қамтамасыз етумен, жұмыс күшіне қатысты ұсыныстар мен сұраныстарды қанағаттандырумен байланысты экономикалық және құқықтық қатынастардың жиынтығын білдіреді. Бұл қатынастардың субъектісі болып еңбек нарығында ортақ және ерекше мүделерге ие жұмыссыз тұлғалар, жұмыс берушілер мен мемлекет болып табылады.
Жаңа экономикалық жағдайларда деркезінде шешілмеген проблемаларға жаңа проблемалар қосылып отырады. Қазақстан еңбек нарығының қалыптасуының себебі оның инвестициялық потенциялының төмендігі, соған байланысты жұмыс орындарының аздығы, және жұмыс күші бағасының өз тиісті бағасынан өсуі, сонымен қатар жұмыссыздықтың төмендемеуі.
Жұмыссыздықты зерттегенде республикадағы жұмыссыздық жағдайын қарастыра отырып, негізгі проблемаларды анықтап алу керек. Сөйтіп, жұмыссыздық деңгейін төмендету мәселелерін қарастыру арқылы теориялық жағынан талдау жасау арқылы, атқарып жатқан жұмыстарға жанжақты талдау жасалды.
Бұл жұмысты жазуда Отандық авторлардың Темірбекова А.Б; Мамыров Н.Қ; Әкімбеков С.; Баймұхаметова А.С.; Жанайдаров І.А; т.б. және шетелдік әдебиеттерді, мерзімді басылымдар, оқу құралдарын, ҚР-ның Статистика бойынша Агенттігінің соңғы мәліметтері, Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауы, ҚР Конституциясының заңдары кеңінен қолданылды.
І. ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚ ПЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚ
1.1.Жұмыссыздықтың мәні мен объективті негізі.
Жұмыссыздық - қоғамдық өндірісте жұмыс істегісі келетін еңбек етуге жарамды тұрғындардың жұмыспен қамтамасыз етілмеуі. Жұмыссыздық-еңбек нарығының бөлінбес элементі болып табылады. Қазақстан Республикасының жұмыспен қамтамасыз ету туралы Заңына сәйкес өздеріне байланысты емес себептермен табысы жоқ (еңбек табысы) және жұмыс істеуге дайын, қабілетті, бірақ аталған орган оған сай келетін жұмысты ұсынбаса, жұмысы жоқ адам сипатында мемлекеттік жұмыспен қамтамасыз ету органында тіркелген азаматтар жұмыссыз деп танылады[15, 211.б.].
Жұмысшы күші бар ересек адамдар еңбек нарығына қатысуына байланысты бірнеше негізгі категорияларға бөлінеді:
-еңбекке қабілетті адамдар;
-жасына және денсаулығына қарай еңбек етуге қабілеті бар адамдар.
Халықтың жекелеген категорияларға бөлінуі олардың экономиканың нарықтық немесе нарықтық емес секторларында жұмыс істеуіне байланысты жүргізіледі. Ересек адамдардың құрамынан нарықтық емес құрылымдарға бейімделген институционалдық адамдарды бөліп қарау керек. Нарықтық емеске - мемлекеттік әскер, полиция, мемлекеттік аппарат деп аталатын институттары жатады. Жұмыспен айналысатын адамдардың қатарына экономиканың нарықтық құрылымдарына бейімделгендер жатқызылады.
Жұмыс күшіне жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар жатады. Жұмыс күшінің құрамына кірмейтіндер жеке категория болып бөлінеді. Осыларға жұмысы жоқтар, бірақ жұмыс іздеу талабына сәйкес келмейтіндер жатады. Осындай адамдарға еңбек нарығында жұмыс істеуге бейімділігі жоқ деп болжау жасалады. Шынында жұмыс істегісі келетін, бірақ әртүрлі себептермен жұмыс істеуден бас тартқан адамдар категориясы болады. Бұл былайша айтқанда, жұмыс табудан күдер үзген адамдар. Адамдардың осы категориясы жұмыссыздарға кірмейтін адамдарға жатады.
Жұмыссыздық деңгейі - бұл жұмыс істеуді қалайтындардың жалпы санының ішінде жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткіші (пайыз түрінде). Статистика агенттігі ай сайын жұмыссыздық деңгейі мен экономикалық саясаттағы еңбек нарығының жағдайын бағалайды.
Статистикалық деректер үй шаруашылығына зерттеу жүргізу негізінде жиналады. Анкета сұрақтарына байланысты, әрбір адам 3 түрлі санаттың біреуіне жатады.
Жұмыссыздық жеке адам және қоғам үшін көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерді өзімен алып келеді. Жеке адам үшін ол өндірістен кету деген сөз, қызметкер еңбек табысы көзінен айырылып, көтеріңкі психикалық жүк көтереді. Қоғам үшін ол жоғары салық шығынына ұшыратады, адам капиталы жойылады, қоғамның әлеуметтік жіктелуі күшейеді, жастарға байланысты мәселелер асқынады және т.б. Сонымен қатар, бұл құбылыстың кемшіліктерін біржақты атай берген дұрыс емес. Нарықтық экономикаға жұмыссыздықтың табиғи деңгейі тән, жұмыс күшінің белгілі резерві әрқашанда болып тұрады. Табиғи жұмыссыздықтың болуы нарықтық экономиканың нормальді қызметіне қажеттілігі бар деуге болады.
Жұмыс істейтін адам деп - үй шаруасымен немесе оқумен шұғылданбайтын, апта бойы жұмыс істейтін адамдарды осы топқа кіргіземіз. Егерде азамат жаңа жұмысқа шығуды күтіп жұмыс істемесе, яғни уақытша босатылса немесе жұмыс іздеп жүрсе, онда ол - жұмыссыз деп саналады. Алғашқы екі санатқа жатпайтын азаматтар (мәселен, студентер және үй шаруасындағы әйелдер), жұмыс күші құрамына кірмейді: олар жұмыс істемейді, іздемейді және жаңа жұмысқа көшу кезеңін күтпейді. Жұмыс күші - жұмыссыздар мен жұмыс істейтіндердің жиынтығы, ал жұмыссыздық деңгейі - бұл жүмыс күшінің жалпы санындағы жұмыссыздардың пайыз түріндегі анықталуы.
Жұмыссыздық мәселелері көптен бері зерттелуде, бірақ жұмыссыз қатарына кімді жатқызу керек, жұмыссыздық көрсеткіштері, жұмыссыздық деңгейіне әсер ететін факторлар және тағы да басқа сұрақтар осы уақытқа дейін талқыланып жатыр. Қазақстан жағдайында бұл мәселелер шиеленісе түсті, өйткені экономикалық дағдарыс және әлеуметтік еңбек қатынастары күрт өзгеруіне байланысты адам қылықтарына елеулі өзгешеліктер енді.
Қазақстан заңдарында кімді жұмыссыз қатарына жатқызу керек екені жазылған. Статистикалық жинақтарда да бұл түсінікке анықтама берілген. Соларға қарамастан, жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың шын күйін бағалау өте қиын. Мысалы: көптеген адамдар жұмыссыз қатарына жатқызылатын барлық критерийлерге сәйкес келеді, бірақ объективті және субъективті себептермен жұмыспен қамту жөніндегі қызмет орындарында тіркелмейді Оған себеп - осы қызмет орындарының жұмысқа орналастыратын мүмкіншілігіне сенбеу, алыс жерде тұруы, азаматтардың өз құқыларын білмеуі және тағы солай сияқты. Екінші жағынан, халықтың жұмыспен қамтылуын көрсететін сандар әртүрлі себеппен бұрмаланады: олар демалыста болуы мүмкін, ауырып жұмысқа көпке дейін шықпайды, кәсіпорын әкімшілігінің ынтасымен өндіріс біраз уақыт тұрып қалады және т.с.с. Қызметкерлер жұмыс істеушілер қатарында есептелінеді, ал шынында жұмыссыз болып келеді. Біздің байқауымызша, бұндай адамдар өзін-өзі және жақын адамдарын белгілі кәсіпорынға жататындығымен жұбатады. Бұл құбылысты жұмыстан босамаған қызметкерлер жұмыссыздығы деп атауға болады. Ең соңында, жұмыссыздық деңгейін есептеуде біраз адамдардың көлеңкелі секторда істейтіндігі ескерілмейтіндігін айта кеткен жөн.
Жұмыссыз туралы көптеген анықтамаларды жинақтап қорытсақ, оған келесідей анықтама беруге болады: жұмыссыз - ол қазіргі жалақы мен еңбек жағдайында жұмысы жоқ, бірақ жұмыс істей алады және жұмыс іздеп жүрген адам. Ал жұмыссыздықты - экономикалық белсенді халықтың бір бөлігін жұмыссыздар құрайтын экономикадағы құбылыс деп білеміз.
Халықаралық еңбек ұйымының анықтамасы бойынша жұмыссыз деп табыс әкелетін жұмысы жоқ, жұмыс істеуге дайын және соңғы төрт ай ішінде жұмысты әр жолмен іздеген адам табылады[16, 282.б.].
1.2 Жұмыссыздық пен жұмысбастылық түсінігі және түрлері
Жұмыссыздықты әр зерттеуші әр түрлі жіктейді. Солардың біреуі жұмыссыздықтың амалсыз және еркін түрін ажыратады. Амалсыз жұмыссыздықта адам берілген жалақы деңгейінде жұмыс істегісі келеді, бірақ оған жұмыс табылмайды. Еркін жұмыссыздықта (кейде күту жұмыссыздығы деп аталынады) адам жұмыс таба алар еді, бірақ жұмыс істемегенді қалап, айлығы ұсынылған жалақыдан жоғары жұмыс орнын іздеуді жалғастырады.
Уақытша жұмыссыздықта кейбір адамдар өз мамандықтары бойынша қызмет түрлерін таңдау мүмкіншіліктері бар кезде "жұмысаралық" жағдайда қалады. Кейбіреулерін жұмыстан шығарып жіберіп, олар басқа жұмыс орнын іздеп жүреді. Басқа біреулер тұрақты жұмысын жоғалтқандықтан уақытша жұмыссыз болады (мысалы, құрылыстағы қолайсыз ауа райы жағдайы). Сонымен қатар жастар арасында алғаш рет жұмыс іздеп жүрген адамдар санаты жатады.
Осы жұмыссыз адамдар жаңа жұмыс орнына немесе уақытша жоғалтқан жұмысқа қайтып келген кезде, олардың орнын басқа жұмыссыздар басады. Сондықтан, әр түрлі себептермен жұмыссыз қалған адамдар санаты құрамын өзгертсе де, осы жұмыссыздық типі қала береді. Жұмыс іздеп жүрген немесе жұмыс орнын алуын күтіп отырған адамдарға экономистер "уақытша жұмыссыздар" деген термин қолданады. (Ол жұмыстың қайта жаңғыруымен ңемесе іздеумен байланысты).
Уақытша деген анықтама бұл құбылыс мәнін нақты керсетеді. Еңбек нарығында жұмыс орны мен жұмыс күші арасында сәйкестілік орнамайды. Уақытша жұмыссыздар еңбек нарығына ұсынатын "білімдері бар" деп есептелінеді.
Уақытша жұмыссыздық міндетті және ерікті болып бөлінеді. Жұмысшылардың көпшілігі жұмысаралық жағдайға өз еркімен түседі, олар өздерінің төмен жалақылы жұмыстарын жоғары төлемақылы жұмысқа ауыстырады. Бұл жұмысшылардың өздеріне үлкен табыс әкеледі және еңбек ресурстарының ұтымды пайдасын арттыру дегенді білдіреді. Яғни, жалпы экономикадағы нақты өндіріс көлемінің ұлғаюы.
Уақытша жұмыссыздық ақырындап "Құрылымдық жұмыссыздық" деп аталатын екінші санатқа ауысады. Экономистер "құрылымдық" терминін құрамдық деген мағынада қолданады. Уақыт өте келе технология мен сүраныс құрылымында өзгерістер болады, олар өз алдына еңбек күшіне жиынтық сұраныс құрылымын өзгертеді. Осы өзгерістердің нәтижесінде кейбір мамандықтарға деген сұраныс азаяды немесе мүлде жойылады. Басқа мамандықтарға, соның ішінде жаңаларына сұраныс көбейеді. Бұл жағдайда еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы жаңа өзгерістерге бірден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда болады. Кейбір қызметкерлердің өздерінің мамандық тәжірибелері нарық сұранысына сәйкес келмейтініне көздері жетеді. Олардың тәжірибесі мен іскерлігі технология мен сұраныс сипатында болған өзгерістерге байланысты ескіріп, керексіз болып қалады. Сонымен қатар жұмысбастылықтың географиялық құрылымы әрдайым өзгеріп тұрады. Бұған соңғы 10 жылда байқалған жұмыс орындарының "қысқы белдеуден" - "жазғы белдеуге" миграциясы мысал бола алады.
Уақытша және құрылымдық жұмыссыздық арасындағы айырмашылық анық емес. Уақытша жұмыссыздарда "сатуға" болатын тәжірибе бар, ал құрылымдық жұмыссыздар жаңа жұмыс орнына орналасуы үшін арнайы оқу курсын өтуі керек, ал кейде тұрған жерін де ауыстыруы керек. Уақытша жұмыссыздық қысқа мерзімді, ал құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзімді, сондықтан ол қауіпті болып саналады.
Экономикадағы құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде бос жұмыс орындары мен жұмыссыздардың арасындағы профессионалдық-квалификациялық және территориялық сәйкессіздік құрылымдық жұмыссыздықтың басты себебі болып табылады. Экономиканың дамуы құрылымдық өзгерістер тудырып отырады: жаңа технологиялар, жаңа тауарлар пайда болады. Капиталдар нарығында сұраныс құрылымында өзгерістер орын алып отырады. Осының нәтижесінде, жұмысшы күшінің профессионалдық-квалификациялық құрылымында өзгерістер пайда болады, бұл-жұмысшы күшінің тұрақты түрде территориялық және салалық қайта бөлінуін талап етеді. Экономиканың бір секторларынан құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде жұмыстан айырылған жұмыскерлер, басқа салаларда бар бос жұмыс орындарына орналаса алмаған жағдайда, құрылымдық жұмыссыздық орын алады. Фрикциондықпен салыстырғанда құрылымдық жұмыссыздықтың мерзімі ұзақ болады (әдетте қатарынан алты айдан артық). Құрылымдық жұмыссыздыққа әдетте төмен квалификациялы немесе ескірген мамандығы бар жұмыскерлер жатады және ол экономикалық жағынан артта қалған аудандардың халықтарын қамтиды.
Маусымдық жұмыссыздық өндірістің кейбір салаларындағы өндіріс көлемінің маусымдық ауытқуымен байланысты болады: ауыл шаруашылығы, құрылыс. Бұларда жыл бойында еңбекке сұраныс елеулі өзгеріп тұрады.
Циклдық жұмыссыздық негізін экономикалық құлдыраумен және сұраныстың жетімсіздігімен байланысты, өнімнің шығарылуымен және жұмыспен қамтудың көлемдерінің циклдық ауытқулары құрайды. Циклдық жұмыссыздық жұмыссыздар санының көбеюіне әкелетін нақты ЖҰӨ-нің азаюымен және жұмысшы күшінің бір бөлшегінің жұмыстан босауымен байланысты болады. Циклдік жұмыссыздық құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе жиынтық шығындардың жетіспеушілігімен сипатталатын кезеңде пайда болады. Тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұраныс азайғанда, жұмысбастылық төмендейді, жұмыссыздық өседі. Сол себепті циклдік жұмыссыздықты кейде "сұраныс тапшылығына байланысты жұмыссыздық" деп те атайды.
Толық жұмысбастылық жұмыссыздықтың мүлдем жоқтығы емес. Экономистер уақытша және құрылымдық жұмыссыздықты болмай қоймайды деп санайды, осыдан толық жұмысбастылық ұғымы еңбек күшінің 100%-нан аз бөлігін қамтитын жұмысбастылық болып саналады. Дәлірек айтқанда, толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі уақытша және құрылымдық жұмыссыздық деңгейлерінің қосындысына тең.
Басқа сөзбен айтқанда, толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздық деңгейі циклдік жұмыссыздық нөльге тең болған жағдайға ғана жетеді. Толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздықты "жұмыссыздықтың табиғи (шынайы) деңгейі" деп те атайды. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейімен қосарланған ішкі өнімнің нақты көлемі "экономиканың өндірістік әлеуеті" деп аталады. Бұл толық жұмысбастылық кезіндегі экономика өндіре алатын өнімнің нақты (шынайы) көлемі. Толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі немесе жұмыссыздықтың табиғи деңгейі еңбек күші нарықтары тепе-теңдік жағдайында болғанда, яғни жұмыс іздеушілер мен бос жұмыс орындардың саны сәйкес келген жағдайда орнайды.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі дегеніміз - оң өлшем, өйткені уақытша жұмыссыздарға сәйкес бос орындарды табу үшін уақыт керек. Құрылымдық жұмыссыздарға да жұмысқа орналасу үшін оқу курстарын өтуге немесе басқа жерге көшу үшін уақыт керек. Егер жұмыс іздеп жүрген адамдардың саны бос жүмыс орындар санынан көп болса, онда еңбек күші нарықтары сәйкес келмейді деген сөз. Мұндай жағдайда жиынтық сұраныс тапшылығы мен циклдік жұмыссыздық пайда болады. Басқа жағынан қарағанда, жиынтық сұранысы артық болған жағдайда, жұмыс күшінің жетіспеушілігі байқалады, яғни бос жұмыс орындардың саны жұмыс іздеп жүрген адамдар санынан артық болады. Мұндай жағдайда жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейінен төмен болады. Еңбек күші нарықтарындағы мұндай тапшылық инфляциямен қатар болады.
Осымен қатар, нақты және жалғал жұмыссыздық болады. Бірінші жағдайда, адамның еңбекке қабілет және ықыласы болады, бірақ еңбек нарығында түрлі жағдайларға байланысты ол жұмыс таба алмайды. Екінші - әртүрлі себептермен еңбекпен айналысқысы келмейтін адамдарды сипаттайды. Жұмыссыздық ашық және жасырынды, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болуы мүмкін. Ұзақ мерзімді - циклдық және құрылымдық, ал қысқа мерзімдікке маусымдық және фрикциондық жұмыссыздық жатады. Құрылымдық жұмыссыздықтың бір формасына технология және жаңа жабдықтар енгізуімен байланысты және ол адамдарды машинамен алмастырып, жұмыссыздық тудырады.
Тағы да бұған қоса конверсиялық, экономикалық, тоқырау, жоспар арасындағы жұмыссыздық түрлері болады.
Конверсиялық - әскери өндіріске кешен салаларындағы қысқартуға байланысты болады.
Экономикалық - нарық коньюктурасының ауытқуына тауар өндірушілердің бәсекелестік күресте жеңілуіне байланысты болады және бұл жұмыссыздықтың түрі тұрақты сипатта болады.
Жоспар арасындағы жұмыссыздық мектеп бітіргеннен кейін оқуға түсе алмай қалса болады.
Ал тоқырау жұмыс істегісі келмейтіндерге және де уақытша жұмыс істей алмайтындарға байланысты. Бұл жұмыссыздық өсу қарқыны жоғары болады[16,288.б.].
Жұмыссыздық деңгейі - бұл жұмыс істеуді қалайтындардың жалпы санының ішінде жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткіші.
Егер азамат жаңа жұмысқа шығуды күтіп жұмыс істемесе, онда ол - жұмыссыз деп саналады.
Жұмыссыздық деңгейін (u) жұмыссыздар санын (U) бүкіл экономикалық белсенді халық санына (L) бөлу арқылы табады және ол пайызбен көрсетіледі:
Мұнда Е-жұмыс істеушілер саны. Ол Халықаралық еңбек ұйымының әдісі бойынша және әр мемлекеттің арнайы заң нормаларымен есептелінеді.
Жұмыс күші құрамындағы жұмыссыздық коэффицентінің қобалжуын әр түрлі топтар бойынша жалпы коеффицент немесе u жұмыссыздық дәрежесі, және жұмыссыздық коцеффицент арасындағы қатынастарды пайдалана отырып, жұмыс күші құрамындағы топтар бойынша зерттеуге болады. Жалпы коеффицент жұмыссыздықтың топтардағы орташа өлшемді коеффиценті болады:
мұндағы салмағы - бұл нақты топқа тиісті азаматтық жұмыс күшінің үлесі.
Теңестірудің көрсетуі бойынша, жұмыссыздықтың жалпы коеффиценті негізінен жұмыс күші құрамындағы әр түрлі топтарда тең келетін жұмыссыздық коэффиценттерінен құралуы немесе жасы, нәсілі және жынысы бойынша ерекшеленген топтар арасындағы жұмыссыздық коэффиценттерінде күрделі айырмашылықтарды жасауы мүмкін болып табылады.
Толық жұмысбастылық жұмыссыздықтың мүлдем жоқтығы емес. Экономистер уақытша және құрылымдық жұмыссыздықты болмай қоймайды деп санайды, осыдан толық жұмысбастылық ұғымы еңбек күшінің 100 % - нан аз бөлігін қамтитын жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі уақытша және құрылымдық жұмыссыздық деңгейлерінің қосындысына тең.
Толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздық деңгейі цикілдік жұмыссыздық нөльге тең болған жағдайда ғана жетеді. Толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздықты "жұмыссыздықтың табиғи (шынайы) деңгейі " деп те аталады. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейімен қосарланған ішкі өнімнің нақты көлемі " экономиканың өндірістік әлуеті " деп аталады. Бұл толық жұмысбастылық кезіндегі экономика өндіре алатын өнімнің нақты (шынайы) көлемі. Толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі немесе жұмыссыздықтың табиғи деңгейі еңбек күші нарықтары тепе - теңдік жағдайында болғанда, яғни жұмыс іздеушілер мен бос орындардың саны сәйкес келген жағдайда орнады. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі дегеніміз - оң өлшем, өйткені уақытша жұмыссыздарға сәйкес бос орындарды табу үшін уақыт керек. Құрылымдық жұмыссыздарға да жұмысқа орналасу үшін уақыт керек. Егер жұмыс іздеп жүрген адамдардың саны бос жұмыс орындар санынан көп болса, онда еңбек 0,32 күші нарықтары сәйкес келмейді деген сөз, мұндай жағдайда жиынтық сұраныс тапшылығы мен циклдік жұмыссыздық пайда болады. Басқа жағынан қарағанда, жиынтық сұранысы артық болған жағдайда, жұмыс күшінің жетіспеушілігі байқалады, яғни бос жұмыс орындардың саны жұмыс іздеп жүрген адамдар санынан артық болады. Мұндай жағдайда жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейінен төмен болады. Еңбек күші нарықтарындағы мұндай тапшылық инфляциямен қатар болады.
" Табиғи " термині экономика жұмыссыздықтың табиғи деңгейінде жұмыс істеп, өзінің өндірістік мүмкіндігін қолданып жатыр деген ұғым бермейді. Біздің іскерлік циклдары қысқаша шолуымызды экономикадағы жұмыссыздық деңгейі табиғи деңгейінен жоғары болады деп айтып кеттік. Бірақ кейде экономикадағы жұмыссыздық деңгейінен төмен де болуы мүмкін.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі де өз алдына тұрақсыз көрсеткіш. Ол кезеңді түрде еңбек күші мен институционалдық өзгерістерімен байланысты демографиялық қозғалыстар әсеріне түседі. Күн сайын кейбір жұмысшылар жұмыстан шығады немесе оларды жұмыстан шығарады, ал кейбір жұмыссыз жаңа жұмыс табады. Бұл үздіксіз жұмыссыздар қатарына кіру және шығу жұмыссыздық жағдайдағы жұмыс күшінің үлесімен анықталатын факторды көрсететін жұмыс күші динамикасының үлгісін құрамыз.
L - жұмыс күші, E - жұмысшы саны, ал U - жұмыссыздар саны. Әрбір жұмысқа жарамды адам не жұмысшы, не жұмыссыз болатындықтан, онда:
L = E + U
Ендеше, жұмыс күшінің жиыны жұмысшы мен жұмыссыздар санының қосындысын береді . Жұмыссыздық деңгейі U L тең болады. Жұмыссыздық деңгейін анықтайтын факторларға бар зейінді шоғырландыру үшін, жұмыс күшінің мөлшері өзгермеген деп есептейміз жұмысқа орналасқандар қатарынан жұмыссыздарға және керісінше ауысуы 2 - ші сызбада көрсетілген. s - жұмысшылардың жұмыстан шығу деңгейінің көрсеткіші, яғни әр ай сайын жұмыс жоғалтқан жұмыс істейтіндер деңгейі, f - жұмысқа орналасу деңгейінің көрсеткіші, яғни әр ай сайын жұмыс табатын жұмыссыздар үлесі.
Егер жұмыссыздық деңгейі өзгермейтін болса, яғни еңбек нарығы тұрақты, онда жұмысқа жалданғандар саны жұмыстан шығарылғандар санына тең болуы керек. fU - жұмысқа жалданған адамдар саны, ал sE - жұмысын жоғалтқан адамдар саны және бұл екі шама тең болуы керек:
fU = sE
Бұл теңдеу UL жұмыссыздық деңгейінің жұмысқа жалдану мен жұмыстан шығарылу деңгейлерінің көрсеткіштеріне тәуелді болатынын көрсетеді. Жұмыстан шығарылу деңгейі қаншалықты жоғары болса, жұмыссыздық та соншалықты жоғары. Жұмысқа жалдану деңгейі қаншалықты жоғары болса, жұмыссыздық деңгейі соншалықты төмен болады.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің үлесі қарапайым, бірақ маңызды қорытынды шығады. Кез келген жұмыссыздықтың табиғи деңгейін төмендетуге негізделген экономикалық саясат не жұмыстан шығару деңгейінің төмендеуіне, не жұмысқа орналасу деңгейінің артуына себепші болуы керек. Осыған сәйкес көрсеткіштерге әсер ететін кез келген саясат жұмыссыздақтың табиғи деңгейін де ауыстырады.
Бұл үлгі жұмыссыздық деңгейінің көрсеткіші және жұмыстан шығару мен жұмысқа орналастыру деңгейлерінің көрсеткіштері арасындағы байланысты көрсетсе де, ол негізгі сұраққа жауап бермейді. Егер адам кез келген уақытта тез жұмыс табатын болса, жұмысқа олналасу деңгейі өте жоғары, ал жұмыссыздық деңгейі нөлге жақын болар еді. Жоғарыда келтірілген жұмыссыздық деңгейі жұмыс іздеу үрдісі қандай да бір уақытта жалғасатынын болжайды. Келесі екі бөлімде жұмыссыздық орын алуының екі негізгі себебін қарастырамыз, олар: жұмыс іздестіру проблемалары мен жалақының қатаңдығы.
Жұмыстан
шығу (s )
Жұмыс істейтіндер
Жұмыссыздар
Жұмысқа
орналасу ( f )
1-сурет. Жұмысы барлар қатарынан жұмыссыздар қатарына ауысу және
керісінше.
Белгілі уақыт аралығында жұмыс істейтін адамдар бөлігі ( s ) өзінің жұмыс орындарын жоғалтады, ал жұмыссыздар бөлігі ( f ) жұмыс табады. Жұмысқа орналасу мен жұмыстан шығу көрсеткіштері жұмыссыздық деңгейін анықтайды.
Жұмыссыздықты тудыратын экономикалық себеп бойынша жұмыссыздықты төрт түрге бөлуге болады:
-фрикциондық жұмыссыздық қызметкер бір жұмыс орнынан екіншісіне
ауысқанда болады;
-құрылымдық жұмыссыздық экономика құрылымында ұзақ уақыт бойы
өзгерістер болуынан туады: нәтижесінде қызметкер мен жұмыс орын арасында біліктілік деңгейі және маман түрі бойынша сәйкессіздік пайда болады;
-циклдік не сұраныс тапшы жұмыссыздық түрі тұтас сұраныс жеткіліксіз
жағдайында туады;
-маусымдық жұмыссыздық кейбір салаларда экономикалық белсенділігінің жыл бойында теңселуімен байланысты болады.
Құрылымдық жұмыссыздық дегеніміз - бұл экономика толық жұмылдырылған деңгейде болатын жұмыссыздық болып табылады. Құрылымдық немесе фрикциондық жұмыссыздық еңбек базары құрылымынан туындайды, яғни экономикадағы жұмыс орындары сипаттамасымен, жұмысшылар мен фирмалардың мінез-құлқына ықпал ететін жұмыссыздыққа көмек сияқты әлеуметтік дәстүрлер және еңбек базары институттарынан туындайды.
Экономистер "құрылымдық" терминін құрамдық деген мағынада қолданады. Уақыт өте келе технология мен сұраныс құрылымында өзгерістер болады, олар өз алдына еңбек күшіне жиынтық сұраныс құрылымын өзгертеді. Осы өзгерістердің нәтижесінде кейбір мамандықтарға деген сұраныс азаяды немесе мүлде жойылады. Басқа мамандықтарға соның ішінде жаңаларына сұраныс көбейеді. Бұл жағдайда еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы жаңа өзгерістерге бірден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда болады. Кейбір қызметкерлердің өздерінің мамандық тәжірибелері нарық сұранысына сәйкес келмейтініне көздері жетеді, олардың тәжірибесі мен іскерлігі технология мен сұраныс сипатында болған өзгерістерге байланысты ескіріп, керексіз болып қалады.
Сонымен қатар жұмысбастылықтың географиялық құрылымы әрдайым өзгеріп отырады. Құрылымдық жұмыссыздар жаңа жұмыс орнына орналасуы үшін арнайы оқұ курсын өту керек, ал кейде тұрғын жерін де ауыстыруы керек. Құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзімді болып келеді, сондықтан да ол қауіпті болып келеді. Құрылымдық жұмыссыздық дәрежесі жалпылама жұмыссыздық дәрежесімен бірдей болады.
Циклдық жұмыссыздық дегеніміз - бұл құрылымдық жұмыссыздықты басып озатын жұмыссыздық болып табылады. Яғни ол келесі түлек толық жұмылдырылған түлек дәрежесінен төмен болған жағдайда пайда болады.
Циклдік жұмыссыздық жұмыссыздық құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе жиынтық шығындардың жетіспеушілігімен сипатталатын кезеңде пайда болады. Тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұраныс азайғанда, жұмысбастылық төмендейді, жұмыссыздық өседі. Сол себепті циклдік жұмыссыздықты кейде " сұраныс тапшылығына байланысты жұмыссыздық " деп атайды.
Көріну сипаты жағынан жасырын жұмыссыздық түрін ажыратады. Қазақстан жағдайында жасырын жұмыссыздық көкейкесті мәселе ретінде қарастырылады. Оған жұмыс істемейтін, бірақ еңбек қатынасын кәсіпорынмен ресми түрде үзбеген (осы себепті жұмыс істеушілер қатарында болып есептелінеді) және мөлшерленген жұмыс уақытында (күн,апта) жартылай жұмыс істейтін адамдар жатады. Ал халықаралық тәжірибеде бұл жәйтті толық жұмыс істемеушілік деп атайды.[1, 59-67бб.]
1.3. Оукен заңы және ЖҰӨ. Филлипс қисығы.
Жұмыссыздық пен нақты ЖҰӨ көлемі арасында қандай тәуелділік бар? Жұмыс істейтіндер өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет түрлеріне байланысты жұмыстарды атқарады, ал жұмыссыздар атқармайды, осыған байланысты жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауы нақты ЖҰӨ көлемінің төмеңдеуіне әсерін тигізеді. Бұл жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ көлемі арсындағы жағымсыз тәуелділік, бірінші болып осы тәуелділікті зерттеуші, экономист Артур Оукеннің есімімен Оукен заңы деп аталады.
Суретте Оукен заңы Құрама Штаттар деректері бойынша көрсетіледі. Суретте пиктограмма болып табылады, ондағы әрбір нүкте бір бақылаудың нәтижесі болып табылады ( бұл жағдайда - белгілі бір жыл бойынша ). Горизонталь осі бойынша өткен жылмен салыстырған жұмыссыздық деңгейінің өзгерісі көрсетілген, ал вертикаль ось бойынша - пайыз түріндегі нақты ЖҰӨ көлемінің өсім қарқыны көрсетілген. Суретте жұмыссыздық деңгейінің өзгерісі нақты ЖҰӨ көлемімен тығыз байланысты екендігі анық көрсетілген. Жұмыссыздықтың өзгермейтін деңгейінде заң өлшемділігі болады, яғни мұнда нақты ЖҰӨ көлемінің өсім қарқыны тұрғын халықтың өсімімен, капиталдың жиналуымен және ғылыми - техникалық прогрестің өсімімен белгіленіп, 30 пайызды құрады. Сонымен қатар, әрбір жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауын 1 пайызға, нақты ЖҰӨ көлемінің өсім қарқынын 2 пайызға төмендетеді. Сол себепті, жұмыссыздық деңгейінің 6 және 8 пайызға өсімі нақты ЖҰӨ көлемінің өсімін былай құрайды: 3 - 2 х ( 8 - 6 ) = - 7 %
Осыған байланысты, Оукен заңы бойынша, экономиканың төмендеуімен нақты ЖҰӨ көлемі 1 пайызға төмендейді.
Оукен заңы жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ арасындағы байланысты көрсетеді:
Y-Y*
- ß (u-u*)
Y*
Мұндағы: Y- нақты өнім көлемі;
Y*- потенциалды ЖҰӨ;
U - нақты жұмыссыздық деңгейі;
U* - табиғи жұмыссыздық деңгейі;
β - эмпирикалық коэффициент.
2- сурет. Жұмыссыздық деңгейінің қозғалысы
2-сурет. Оукен заңы. Сурет пиктограмма болып табылады, мұнда горизонталь ось бойынша жұмыссыздық деңгейінің өзгерісі көрсетілген, ал вертикаль ось бойынша- нақты ЖҰӨ көлемінің өзгерісі пайыз түрінде көрсетілген. Әрбір нүкте белгілі бір жылға сәйкес. Осы екі ауыспалылардың арасында теріс тәуелділік әр түрлі бағыты көрсетеді, ол әрбір жұмыссыздықтың нақты ЖҰӨ көлемінің төмендеуімен байланысты екендігін көрсетеді. [1, 79-80бб.]
Филлипс қисығы жұмыссыздық мөлшері мен ақшалай жалақы мөлшерінің аралығындағы қарама-қарсылықты көрсетеді. Жұмыссыздық мөлшері неғұрлым жоғарласа, жалақы мөлшері де соғұрлым төмендейді. Басқаша айтқанда, жалақы инфляциясы мен жалақы аралығындағы өзара байланыс.
Филлипс қисығы жалақы инфляциясының мөлшері жұмыссыздық мөлшері бойынша көбейтіндісін көрсетеді. Осы кезеңде жалақыны - W, өткен кезеңдегі жалақыны - W-1, жалақы инфляциясының мөлшерін - gw деп белгілеп, мына теңдеуді жазамыз. Жұмыссыздықтың натуралды мөлшеріне ∈ деп алып, Филлипс қисығын былай жазамыз.
Мұндағы ∈ жалақының жұмыссыздыққа қатысын өлшейді. Бұл теңдеу бойынша жұмыссыздықтың мөлшері натуралды мөлшерден асқан кезде жалақы азаяды, яғни uu*, жұмыссыздықтың натуралды мөлшерден төмен болғанда, жалақы артады.
Филлипс қисығында жалақы мен баға жиынтық сұранымдағы өзгерістерге қарай біртіндеп реттеледі. Неліктен? Экономика тұрақты бағамен тепе-теңдікте және жұмыссыздық натуралды мөлшерде, ал ақша қоры 10%-ке өсті дейік. Экономика қайтадан тепе-теңдікте болуы үшін баға да, жалақы да 10%-ке өсуі керек. Алайда Филлипс қисығы көрсетіп тұрғандай, жалақы 10%-ке артуы үшін жұмыссыздық мөлшері төмендеуі керек. Бұдан жалақы мөлшері артады. Жалақы өсе бастаса, баға да көтеріледі. Осылайша экономика жұмыспен толық қамтамасыз етілген жағдайдағы өнім деңгейі мен жұмыссыздыққа қайта оралады. Сол тұста ақша қолрының артуынан жұмыссыздық қысқарады. Мұны (2) теңдеуді жалақының бүгінгі деңгейі мен бұрынғы деңгейін ескере отырып қайта жазамыз.
W= W-1[1-∈(u-u*)] (2a)
Жалақының бұрынғы деңгейінен жоғары болуы үшін жұмыссыздық натуралды деңгейден төмен болуы қажет.
(2) теңдеуде көрсетілгендей, Филлипс қисық сызығы деген ұғым өзіндік Филлипс қисығын немесе бағалардың өсу мөлшерінің инфляция деңгейінің жұмыссыздық деңгейіне қатысын көрсету үшін қолданылады. 3-сурет 1960 жылдарғы АҚШ-тағы инфляция мен жұмыссыздық туралы мәлімет береді. Ол Филлипс қисығымен толық үйлеседі.[2]
1969
1968
1966
1967
1965
1962
1964
1961
1963
3-сурет. АҚШ-тағы инфляция мен жұмыссыздық, 1961-1969 жж.
Суреттегі У осі инфляция мөлшері(процентпен) болып табылады. Ал Х осі жұмыссыздық мөлщері(процентпен). 1969(3,5-5); 1968(3,6-4,4); 1967(3,7-3,1); 1966(3,8-3); 1965(4,5-2); 1964(5,2-1,5); 1963(5,4-1,5); 1962(5,5-1,7); 1961(6,7-1) жылдар жұмыссыздық пен инфляция мөлшерінің қиылысу нүктелері.
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ТӨМЕНДЕТУ МӘСЕЛЕСІ
2.1.Жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың әлеуметтік - экономикалық және демографиялық көрсеткіштерге байланысты.
Жұмыссыздық дегеніміз - әлеуметтік-экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт не тұрақты жұмыссыз немесе жалақысыз болады.
Жұмыссыздық - экономикалық өсу жетістіктерінің адам дамуына ықпалын азайтатын құбылыс.
Біріншіден, ол адамдар мен үй шаруашылықтарының белгілі бір бөлігін (кейде едәуір көлемін) экономикалық әрекет жағдай жасайтын мүмкіндіктерге қол жеткізуден айырады. Олар үшін адам даму жағдайлары едәуір нашарлайды. Екіншіден, жұмыссыздық (әсіресе, ұзақ мерзімді, тоқыраулы) еңбек дағдыларын жоғалтуға, яғни жинақталған адам капиталынан айырылуға ұшыратады және осылыайша ол адам дамуына теріс ықпалын тигізеді. Үшіншіден, жұмыссыздық тек жеке адамдардың ғана емес, сонымен бірге жұмыссыздардың әл - ауқатының деңгейін қолдауға, мемлекетердің жұмыспен қамту жөніндегі түрлі бағдарламаларын іске асыруға байланысты елеулі әлеуметтік шығындарға ұшыратады, ал мұндай жағдай адам дамуына анағұрлым тиімді бағытталуы мүмкін ресурстарды қоғамнан оқшауландырады.
Сонымен, жұмыссыздық құбылысы қоғам үшін қазыналық жоғары шығындарды, адам капиталынан айырылуды, әлеуметтік саралардың күшеюін, жастар проблемасының шиеленісуін білдіреді.
Жұмыссыздық, соның ішінде жастар жұмыссыздық, қай елдің болмасын өзекті мәселесі, шешімін табуды қажет ететін мәселе болып табылады. Бұл біздің елде де орын алып отырған басты мәселе. Қазақстандағы жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші елдегі жалпы жұмыссыздық деңгейі бойынша жоғары сатыда болып отыр. Қазақстанда жас мөлшері 14 пен 29-ға дейінгі адамдар жастардың қатарына жатқызылады. Қазіргі таңда жастар еліміздің халқының 30% құрап, қоғамның маңызды бөлігі болып табылады. Жастар - жас ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz