Жұмыссыздықтың түрлері мен формалары, себептері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

I ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ . . . 6

1. 1. Жұмыссыздықтың мәні мен объективті негізі . . . 6

1. 2. Жұмыссыздықтың түрлері мен формалары, себептері . . . 8

1. 3. Жұмыссыздық деңгейі. Оукен заңы . . . 12

II МЕМЛЕКЕТ ПЕН КӘСІПОРЫННЫҢ ЖҰМЫССЫЗДЫҚҚА ҚАРСЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТЫН ТАЛДАУ . . . 16

2. 1. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық жағдайын талдау, статистикасын анықтау . . . 16

2. 2. Кәсіпорынның жұмыссыздыққа қарсы жүргізетін әлеуметтік саясатын талдау . . . 19

2. 3. Жұмыссыздыққа қарсы мемлекеттің әлеуметтік саясатын талдау . . . 22

III ЕЛІМІЗДЕГІ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ АНЫҚТАУ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ . . . 25

3. 1. Қазақстан республикасында жұмыссыздыққа қарсы әлеуметтік саясатты жетілдіру жолдары . . . 25

3. 2. Қазақстандағы өз бетінше жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халықтың санын аныктау… . . . 28

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 31

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 33

Кіріспе

1991 жылы Кеңес Одағы ыдырап, оның орнына он бес тәуелсіз мемлекет құрылған соң олардың арасындағы бұрын көп жылдар бойы қалыптасқан экономикалық қатынастар үзілгені белгілі. Ал Қазақстан сияқты алдымен шикізат өндіретін өндіріске маманданған және қорғаныс өнеркәсібіне жеке бөлшектер ғана өндіретін кәсіпорындары ғана бар республикаға бұл үлкен соққы еді.

Қазақстан осы дағдарыстан шығу үшін нарықтық экономикалық қатынастарға көшуді жөн көрді. Ал, нарықтық қатынастарға көшуге, экономиканы реформалауға байланысты көптеген кеңестік дәуірден кейінгі мемлекеттер жұмыссыздық мәселелеріне душар еді. Жете дамыған нарықтық инфрақұрылым, қалыптаса бастаған нарықтық экономикаға әсер ететін қаржылық, экономикалық тұтқалар жағдайында көптеген әлеуметтік мәселелер, атап айтқанда, еңбек және жұмыспен қамту саласы қауіпті сипат ала бастады. Отандық өндірістің дамуын ынталандыратын жетерліктей қолайлы инвестициялық климаттың, экономикалық және қаржылық тетіктердің болмауы, жалақының жоқтығы кейбір аймақтарда әлеуметтік жанжалдың, кедейшіліктің, қайыршылықтың пайда болуына әкелді.

Алайда 90-шы жылдары болған жұмыссыздық пен қазіргі жұмыссыздықтың арасында үлкен айырмашылық бар. 90-шы жылдардағы жұмыссыздықты жаппай сипатта болды деуге болады.

Бұл курстық жұмыстың өзектілігі - жұмыссыздықтың қазіргі жағдайы. Сонда да жұмыссыздық ең өткір мәселелердің бірі болып табылады. Жұмыссыздықтың халық арасында көп таралуы елдің экономикалық дамуына зор нұқсан келтіреді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары еліміздегі жұмыссыздық жыл өткен сайын азая бастады. Жұмыссыздық кез- келген жағдайда болмасын, халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне алып келеді. Қандай мемлекет болмасын халықтың тұрмысына, әл-ауқатының деңгейінің жоғары болуы сол елдің экономикасының артып, барлық жағынан тез қарқынмен дәйекті дамып келе жатқандығын көрсетеді. Осыған байланысты қазіргі таңда нарықтық экономикамен әлеуметтік әділеттік негізіндегі жоғары өркениетті демократиялық қоғам құру жолында әртүрлі оқиғаларды басынан кешіп отырған республикамыздың бүгінгі тіршілігіміздің негізгі мақсаты мемлекеттегі әрбір азаматтың бақытты өмірін және мұн-мұқтажсыз ауқатты тұрмысын қамтамасыз ету. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, «Болашағымыз - жастардың қолында» дегендей, жас мамандарды көбірек жұмыспен қамтамасыз етуіміз керек. Бірақ, елімізде бұл мәселе жиі талқыланса да, жұмыссыздық саны азаюы тежелуде. Жұмыссыздықтың көптігінен Қазақстан өзінің жалпы ішкі өнімін жоғалтуда. Ол соңғы санақ бойынша жан басына шаққанда небәрі 12мың доллардан келеді. Халықтың басым көпшілігі жұмыстың сапасына емес, оның жалақысының көптігіне қызығудың нәтижесінде, басқа салаларға мамандар жетіспеуде, ал жанағы адам көп қызығатын мамандықтарда жұмыссыздық етек жаюда.

Олардың қатарына қазіргі заманда экономист, қаржыгер, заңгер, программист және тағы басқалары жатады.

Соның нәтижесінде көптеген адам жұмыссыздыққа душар болуда немесе өз біліміне сай емес ортада жұмыс атқаруда. Сонымен қатар жұмыссыздықтың көбеюі ақша көлемі азаюына да байланысты болады, ал инфляцияның төмендеуі уақытша жұмыссыздықтың пайда болуына әкеледі. Уақытша жұмыссыздық жалдамалы жұмыс істеуге әкелуі әбден мүмкін. Жалдамалы жұмыс уақытша болғандықтан, ол адамның дұрыс өмір сүруіне ешқандай кепілдік бере алмайды. Жұмыссыз адам ақшаның тапшылығынан көп қиындыққа батады, сары уайымға салынады, психологиялық күйзеліске ұшырайды, кейде оңай жолмен ақша табу үшін ірілі - ұсақ қылмыстар жасауға өзін-өзі мәжбүрлейді. Сол себептен оны теқ қана жұмыссыздық деп қарастырмай, бірнеше бақытсыздықтың бастауы ретінде қарастыруымыз керек. Әлемді алаңдатып отырған кедейшілік те осы жұмыссыздықтан да пайда болады. Ендеше еліміз дамыған елдердің қатарына қосылу үшін алдымен осы кемшіліктің орның толтырып, одан құтылудың жолдарын тауып, оған апаратын жолдарды тоқтатуымыз керек.

Сондықтан да бұл курстық жұмыстың маңызы жұмыссыздықтың мәнін түсіну, Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын жақсарту үшін нарықтық экономиканың өзекті мәселелерінің бірі - жұмыссыздыққа қарсы мемлекет пен жеке кәсіпорындардың әлеуметтік саясат жүргізуі болып табылады.

Бұл курстық жұмыстың басты мақсаты - Қазақстан Республикасында жұмыссыздыққа қарсы жүргізілетін мемлекет пен кәсіпорынның әлеуметтік саясатын талдау және оны жетілдіру жолдарын іздеу. Жұмыссыздықтың түрлерін, себептерін ашып көрсету, оның мәнің айқындау, пайда болу жолдарын анықтау.

Бұл мақсатқа жетуде қойылған міндеттер:

-жұмыссыздық мәнін ашу және оның негізгі турлері мен формаларын атап көрсету;

-Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық деңгейін талдау және бағалау;

-жұмыссыздық жағдайындағы мемлекет пен кәсіпорынның әлеуметтік саясатын талдау;

-елімізде жұмыссыздыққа қарсы әлеуметтік саясатты жетілдіру жолдарын атап көрсету.

Бұл жұмыстың объектісі - жұмыссыздық. Жұмыссыздық - еңбек нарығының бөлінбес элементі болып табылады. Жұмысшы күші бар ересек адамдар еңбек нарығына қатынасуына байланысты, бірнеше категорияларға бөлінеді. Сондықтан еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші құрамынан шығушылар, жұмыс іздеуден бас тартқандар, жұмыс іздеуді бітіргендер, жұмыс тапқандар және т. б. Ендеше курстық жұмыстың объектісі жұмыссыздық болса, пәні болып еңбек нарығы қарастырылады.

Сонымен қатар, осы мәселені зерттеуде өз үлестерін қосқан ғалымдар да аз емес. Осындай жұмыссыздықтың жасырын түрі туралы экономикалық теориялар қалыптасқан. Классикалық модельде Адам Смитт, Давид Рикардоның пайымдауынша «Жұмысбастылықтың көлемі әрбір жұмысшының еңбекақысының ставкасына байланысты. Ставка көп болса еңбек ресурстары толық пайдаланбайды. Еңбек нарығы көрінбейтін қол арқылы әсер етуі мүмкін. » Ал Кейнс модельінде «Экономиканың монополиялық даму кезінде, оның үстемдігіне байланысты өзін-өзі реттеу жағдайы іске аспайды. Себебі нарықтық механизм өзінің пайдалану процесін толық игеруі мүмкін. » Жұмыссыздықты анықтау үшін Артур Оукен заңының да қосқан үлесі зор.

Бұл жұмысты жазуда Отандық авторлардың Темірбекова А. Б; Мамыров Н. Қ; Әкімбеков С. ; Баймұхаметова А. С. ; Жанайдаров І. А; т. б. және шетелдік әдебиеттерді, мерзімді басылымдар, оқу құралдарын, ҚР-ның Статистика бойынша Агенттігінің соңғы мәліметтері, Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауы, ҚР Конституциясының заңдары кеңінен қолданылды.

Курстық жұмысты жазу барысында мен негізгі бөлімді 3 тарауға бөліп қарастырдым. Біріншісінде жұмыссыздықтың теориялық тұжырымдамалары, екіншісінде мемлекет пен кәсіпорындардың жұмыссыздыққа қарсы саясаты, статистикалық деректер, үшіншіде еліміздегі жұмыссыздықты анықтау түрлері мен жасалып жатқан саясатты жетілдіру жолдары баяндалады.

I ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ.

1. 1. Жұмыссыздықтың мәні мен объективті негізі.

Жұмыссыздық - қоғамдық өндірісте жұмыс істегісі келетін еңбек етуге жарамды тұрғындардың жұмыспен қамтамасыз етілмеуі. Жұмыссыздық-еңбек нарығының бөлінбес элементі болып табылады. Қазақстан Республикасының жұмыспен қамтамасыз ету туралы Заңына сәйкес өздеріне байланысты емес себептермен табысы жоқ (еңбек табысы) және жұмыс істеуге дайын, қабілетті, бірақ аталған орган оған сай келетін жұмысты ұсынбаса, жұмысы жоқ адам сипатында мемлекеттік жұмыспен қамтамасыз ету органында тіркелген азаматтар жұмыссыз деп танылады[1, 211. б. ] .

Жұмысшы күші бар ересек адамдар еңбек нарығына қатысуына байланысты бірнеше негізгі категорияларға бөлінеді:

-еңбекке қабілетті адамдар;

-жасына және денсаулығына қарай еңбек етуге қабілеті бар адамдар.

Халықтың жекелеген категорияларға бөлінуі олардың экономиканың нарықтық немесе нарықтық емес секторларында жұмыс істеуіне байланысты жүргізіледі. Ересек адамдардың құрамынан нарықтық емес құрылымдарға бейімделген институционалдық адамдарды бөліп қарау керек. Нарықтық емеске - мемлекеттік әскер, полиция, мемлекеттік аппарат деп аталатын институттары жатады. Жұмыспен айналысатын адамдардың қатарына экономиканың нарықтық құрылымдарына бейімделгендер жатқызылады.

Жұмыс күшіне жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар жатады. Жұмыс күшінің құрамына кірмейтіндер жеке категория болып бөлінеді. Осыларға жұмысы жоқтар, бірақ жұмыс іздеу талабына сәйкес келмейтіндер жатады. Осындай адамдарға еңбек нарығында жұмыс істеуге бейімділігі жоқ деп болжау жасалады. Шынында жұмыс істегісі келетін, бірақ әртүрлі себептермен жұмыс істеуден бас тартқан адамдар категориясы болады. Бұл былайша айтқанда, жұмыс табудан күдер үзген адамдар. Адамдардың осы категориясы жұмыссыздарға кірмейтін адамдарға жатады.

Жұмыссыздық деңгейі - бұл жұмыс істеуді қалайтындардың жалпы санының ішінде жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткіші (пайыз түрінде) . Статистика агенттігі ай сайын жұмыссыздық деңгейі мен экономикалық саясаттағы еңбек нарығының жағдайын бағалайды.

Статистикалық деректер үй шаруашылығына зерттеу жүргізу негізінде жиналады. Анкета сұрақтарына байланысты, әрбір адам 3 түрлі санаттың біреуіне жатады.

Жұмыссыздық жеке адам және қоғам үшін көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерді өзімен алып келеді. Жеке адам үшін ол өндірістен кету деген сөз, қызметкер еңбек табысы көзінен айырылып, көтеріңкі психикалық жүк көтереді. Қоғам үшін ол жоғары салық шығынына ұшыратады, адам капиталы жойылады, қоғамның әлеуметтік жіктелуі күшейеді, жастарға байланысты мәселелер асқынады және т. б. Сонымен қатар, бұл құбылыстың кемшіліктерін біржақты атай берген дұрыс емес. Нарықтық экономикаға жұмыссыздықтың табиғи деңгейі тән, жұмыс күшінің белгілі резерві әрқашанда болып тұрады. Табиғи жұмыссыздықтың болуы нарықтық экономиканың нормальді қызметіне қажеттілігі бар деуге болады.

Жұмыс істейтін адам деп - үй шаруасымен немесе оқумен шұғылданбайтын, апта бойы жұмыс істейтін адамдарды осы топқа кіргіземіз. Егерде азамат жаңа жұмысқа шығуды күтіп жұмыс істемесе, яғни уақытша босатылса немесе жұмыс іздеп жүрсе, онда ол - жұмыссыз деп саналады. Алғашқы екі санатқа жатпайтын азаматтар (мәселен, студентер және үй шаруасындағы әйелдер), жұмыс күші құрамына кірмейді: олар жұмыс істемейді, іздемейді және жаңа жұмысқа көшу кезеңін күтпейді. Жұмыс күші - жұмыссыздар мен жұмыс істейтіндердің жиынтығы, ал жұмыссыздық деңгейі - бұл жүмыс күшінің жалпы санындағы жұмыссыздардың пайыз түріндегі анықталуы.

Жұмыссыздық мәселелері көптен бері зерттелуде, бірақ жұмыссыз қатарына кімді жатқызу керек, жұмыссыздық көрсеткіштері, жұмыссыздық деңгейіне әсер ететін факторлар және тағы да басқа сұрақтар осы уақытқа дейін талқыланып жатыр. Қазақстан жағдайында бұл мәселелер шиеленісе түсті, өйткені экономикалық дағдарыс және әлеуметтік еңбек қатынастары күрт өзгеруіне байланысты адам қылықтарына елеулі өзгешеліктер енді.

Қазақстан заңдарында кімді жұмыссыз қатарына жатқызу керек екені жазылған. Статистикалық жинақтарда да бұл түсінікке анықтама берілген. Соларға қарамастан, жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың шын күйін бағалау өте қиын. Мысалы: көптеген адамдар жұмыссыз қатарына жатқызылатын барлық критерийлерге сәйкес келеді, бірақ объективті және субъективті себептермен жұмыспен қамту жөніндегі қызмет орындарында тіркелмейді Оған себеп - осы қызмет орындарының жұмысқа орналастыратын мүмкіншілігіне сенбеу, алыс жерде тұруы, азаматтардың өз құқыларын білмеуі және тағы солай сияқты. Екінші жағынан, халықтың жұмыспен қамтылуын көрсететін сандар әртүрлі себеппен бұрмаланады: олар демалыста болуы мүмкін, ауырып жұмысқа көпке дейін шықпайды, кәсіпорын әкімшілігінің ынтасымен өндіріс біраз уақыт тұрып қалады және т. с. с. Қызметкерлер жұмыс істеушілер қатарында есептелінеді, ал шынында жұмыссыз болып келеді. Біздің байқауымызша, бұндай адамдар өзін-өзі және жақын адамдарын белгілі кәсіпорынға жататындығымен жұбатады. Бұл құбылысты жұмыстан босамаған қызметкерлер жұмыссыздығы деп атауға болады. Ең соңында, жұмыссыздық деңгейін есептеуде біраз адамдардың көлеңкелі секторда істейтіндігі ескерілмейтіндігін айта кеткен жөн.

Жұмыссыз туралы көптеген анықтамаларды жинақтап қорытсақ, оған келесідей анықтама беруге болады: жұмыссыз - ол қазіргі жалақы мен еңбек жағдайында жұмысы жоқ, бірақ жұмыс істей алады және жұмыс іздеп жүрген адам. Ал жұмыссыздықты - экономикалық белсенді халықтың бір бөлігін жұмыссыздар құрайтын экономикадағы құбылыс деп білеміз.

Халықаралық еңбек ұйымының анықтамасы бойынша жұмыссыз деп табыс әкелетін жұмысы жоқ, жұмыс істеуге дайын және соңғы төрт ай ішінде жұмысты әр жолмен іздеген адам табылады[2, 282. б. ] .

1. 2. Жұмыссыздықтың түрлері мен формалары, себептері.

Жұмыссыздықты әр зерттеуші әр түрлі жіктейді. Солардың біреуі жұмыссыздықтың амалсыз және еркін түрін ажыратады. Амалсыз жұмыссыздықта адам берілген жалақы деңгейінде жұмыс істегісі келеді, бірақ оған жұмыс табылмайды. Еркін жұмыссыздықта (кейде күту жұмыссыздығы деп аталынады) адам жұмыс таба алар еді, бірақ жұмыс істемегенді қалап, айлығы ұсынылған жалақыдан жоғары жұмыс орнын іздеуді жалғастырады.

Көптеген экономикалық әдебиеттерде жұмыссыздықты мына негізгі типтерге бөледі: фрикциондық, құрылымдық, маусымдық, циклдық және технологиялық.

Фрикциондық жұмыссыздыққа төмендегіндей сипаттар тән болып келеді. Еңбек нарығында жұмыссыздықтың қашан болмасын, адамдардың бір жерден екінші жерге жылжуымен және бір кәсіпорыннан басқаға жылжуымен байланысты белгілі бір дәрежесі болады. Жұмыскерлер өздеріне ұнайтын жұмыс орнын, ал жалдаушылары белгілі квалафикациясы бар жұмысшы күшін табу үшін уақыт керек. Осы жұмыс іздейтін уақыт фрикциондық жұмыссыздықтың негізін құрайды. Фрикциондық жұмыссыздық мына жағдаймен байланысты: бар вакансия туралы информация болмағанда немесе осы информация тым қымбат болғанда, жұмыскерлер мен бос жұмыс орындарының арасында қашан болмасын сәйкессіздік болады. Осы жұмыссыздық дәрежесі жаңа жұмыс істеуге кеткен уақыттың жалпы шығындарымен белгіленеді(1 айдан 3 айға дейін) .

Уақытша жұмыссыздықта кейбір адамдар өз мамандықтары бойынша қызмет түрлерін таңдау мүмкіншіліктері бар кезде "жұмысаралық" жағдайда қалады. Кейбіреулерін жұмыстан шығарып жіберіп, олар басқа жұмыс орнын іздеп жүреді. Басқа біреулер тұрақты жұмысын жоғалтқандықтан уақытша жұмыссыз болады (мысалы, құрылыстағы қолайсыз ауа райы жағдайы) . Сонымен қатар жастар арасында алғаш рет жұмыс іздеп жүрген адамдар санаты жатады.

Осы жұмыссыз адамдар жаңа жұмыс орнына немесе уақытша жоғалтқан жұмысқа қайтып келген кезде, олардың орнын басқа жұмыссыздар басады. Сондықтан, әр түрлі себептермен жұмыссыз қалған адамдар санаты құрамын өзгертсе де, осы жұмыссыздық типі қала береді. Жұмыс іздеп жүрген немесе жұмыс орнын алуын күтіп отырған адамдарға экономистер "уақытша жұмыссыздар" деген термин қолданады. (Ол жұмыстың қайта жаңғыруымен ңемесе іздеумен байланысты) .

Уақытша деген анықтама бұл құбылыс мәнін нақты керсетеді. Еңбек нарығында жұмыс орны мен жұмыс күші арасында сәйкестілік орнамайды. Уақытша жұмыссыздар еңбек нарығына ұсынатын "білімдері бар" деп есептелінеді.

Уақытша жұмыссыздық міндетті және ерікті болып бөлінеді. Жұмысшылардың көпшілігі жұмысаралық жағдайға өз еркімен түседі, олар өздерінің төмен жалақылы жұмыстарын жоғары төлемақылы жұмысқа ауыстырады. Бұл жұмысшылардың өздеріне үлкен табыс әкеледі және еңбек ресурстарының ұтымды пайдасын арттыру дегенді білдіреді. Яғни, жалпы экономикадағы нақты өндіріс көлемінің ұлғаюы.

Уақытша жұмыссыздық ақырындап "Құрылымдық жұмыссыздық" деп аталатын екінші санатқа ауысады. Экономистер "құрылымдық" терминін құрамдық деген мағынада қолданады. Уақыт өте келе технология мен сүраныс құрылымында өзгерістер болады, олар өз алдына еңбек күшіне жиынтық сұраныс құрылымын өзгертеді. Осы өзгерістердің нәтижесінде кейбір мамандықтарға деген сұраныс азаяды немесе мүлде жойылады. Басқа мамандықтарға, соның ішінде жаңаларына сұраныс көбейеді. Бұл жағдайда еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы жаңа өзгерістерге бірден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда болады. Кейбір қызметкерлердің өздерінің мамандық тәжірибелері нарық сұранысына сәйкес келмейтініне көздері жетеді. Олардың тәжірибесі мен іскерлігі технология мен сұраныс сипатында болған өзгерістерге байланысты ескіріп, керексіз болып қалады. Сонымен қатар жұмысбастылықтың географиялық құрылымы әрдайым өзгеріп тұрады. Бұған соңғы 10 жылда байқалған жұмыс орындарының "қысқы белдеуден" - "жазғы белдеуге" миграциясы мысал бола алады.

Уақытша және құрылымдық жұмыссыздық арасындағы айырмашылық анық емес. Уақытша жұмыссыздарда "сатуға" болатын тәжірибе бар, ал құрылымдық жұмыссыздар жаңа жұмыс орнына орналасуы үшін арнайы оқу курсын өтуі керек, ал кейде тұрған жерін де ауыстыруы керек. Уақытша жұмыссыздық қысқа мерзімді, ал құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзімді, сондықтан ол қауіпті болып саналады.

Экономикадағы құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде бос жұмыс орындары мен жұмыссыздардың арасындағы профессионалдық-квалификациялық және территориялық сәйкессіздік құрылымдық жұмыссыздықтың басты себебі болып табылады. Экономиканың дамуы құрылымдық өзгерістер тудырып отырады: жаңа технологиялар, жаңа тауарлар пайда болады. Капиталдар нарығында сұраныс құрылымында өзгерістер орын алып отырады. Осының нәтижесінде, жұмысшы күшінің профессионалдық-квалификациялық құрылымында өзгерістер пайда болады, бұл-жұмысшы күшінің тұрақты түрде территориялық және салалық қайта бөлінуін талап етеді. Экономиканың бір секторларынан құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде жұмыстан айырылған жұмыскерлер, басқа салаларда бар бос жұмыс орындарына орналаса алмаған жағдайда, құрылымдық жұмыссыздық орын алады. Фрикциондықпен салыстырғанда құрылымдық жұмыссыздықтың мерзімі ұзақ болады (әдетте қатарынан алты айдан артық) . Құрылымдық жұмыссыздыққа әдетте төмен квалификациялы немесе ескірген мамандығы бар жұмыскерлер жатады және ол экономикалық жағынан артта қалған аудандардың халықтарын қамтиды.

Маусымдық жұмыссыздық өндірістің кейбір салаларындағы өндіріс көлемінің маусымдық ауытқуымен байланысты болады: ауыл шаруашылығы, құрылыс. Бұларда жыл бойында еңбекке сұраныс елеулі өзгеріп тұрады.

Циклдық жұмыссыздық негізін экономикалық құлдыраумен және сұраныстың жетімсіздігімен байланысты, өнімнің шығарылуымен және жұмыспен қамтудың көлемдерінің циклдық ауытқулары құрайды. Циклдық жұмыссыздық жұмыссыздар санының көбеюіне әкелетін нақты ЖҰӨ-нің азаюымен және жұмысшы күшінің бір бөлшегінің жұмыстан босауымен байланысты болады. Циклдік жұмыссыздық құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе жиынтық шығындардың жетіспеушілігімен сипатталатын кезеңде пайда болады. Тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұраныс азайғанда, жұмысбастылық төмендейді, жұмыссыздық өседі. Сол себепті циклдік жұмыссыздықты кейде "сұраныс тапшылығына байланысты жұмыссыздық" деп те атайды.

Жұмыссыздық себептерінің біріне жұмыс күші құрылымы мен бос жұмыс орындары арасындағы сәйкестікті орнату үшін белгілі уақыт кезеңінің қажеттілігі жатады. Еңбек нарығының тепе-тендік үлгісі жұмысшылар деңгейінің бос жұмыс орындарына сәйкестігін болжайды, жұмысшы кез-келген жұмыс орнына лайықты. Егер ол шынында солай болса, еңбек нарығы тепе-теңдік жағдайда болып, онда жұмыс орнын жоғалту жұмыссыздықты тудырмайтын еді. Еңбек нарығына шығарылғандар тез арада нарықта белгіленген жалақысы бар жаңа жұмыс табар еді. Уақытша жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі әрқашан ауысып тұратын нарықтық экономиканың жағдайында шарасыз. Әр түрлі тауарларға деген сұраныс ұдайы тербелісте, ал ол осы тауарларды өндіретін жұмысшылар еңбегіне деген сұраныстың тұрақсыздығын білдіреді. Мысалы: дербес компьютерді енгізу жазу машиналарына сұранысты қысқартты, ал ол жазу машинкаларын шығаратын өндірістегі еңбекке сұранысты төмендетті. Сол уақытта электронды өнеркәсіптегі еңбекке сұраныс өсті. Одан кейін, әр аймақ әр түрлі тауар өндіретіндіктен, еңбекке сұраныс бір уақытта елдің бір бөлігінде өсіп, ал екіншісінде қысқаруы мүмкін. Мысалы: мұнай бағасының өсуі Атырау сияқты мұнай өндіретін жерлерде жұмыс күшіне сұранысты арттырады. Экономистер осындай аймақтар мен салалар бойынша еңбекке сұраныс құрылымындағы өзгерістерді құрылымдық ығысу деп атайды.

Құрылымдық ығысу ұдайы болгандықтан және жұмысшыларға жұмыс ауыстыру үшін белгілі уақыт қажетігінен уақытша жұмыссыздық тұрақты сипатта болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары туралы мәлімет
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық және оның себептері мен формалары жайлы ақпарат
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары жайында
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары жайлы
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері және формалары жайлы
Жұмыссыздық. Қазақстандағы кедейшіліктің басты себебі
Жұмыссыздықтың түрлері және оның көрсеткіштері. Жұмыссыздықтың шығындары
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары. Жұмыссыздықтың пайда болуы
Қазақстандағы жұмыссыздық себептері мен формалары жайлы
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері және формалары жайлы мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz