Несие –ақша қатынастарын қалыптастыру
Мазмұны
Кіріспе. 4 . 5
І .бөлім. Несие .ақша қатынастарын қалыптастыру
1.1. Несиенің мәні мен қажеттілігі. 6 . 8
1.2. Несие құрлымы мен қызметтері. 9 . 11
1.3. Несие формалары мен түрлері. 12 .17
ІІ .бөлім. Несие жүйесі. Қазақстан Республикасында оның ролі және әлемдік даму тенденциясы
2.1. Қарыз пайызының экономикалық мәні. 18 . 20
2.2. Несие жүйесінің ұғымы мен құрлымы. 21 . 23
2.3. Қазақстан Республикасындағы банктік емес қаржы 24 . 26
институттары.
2.4. Әлемдік несие жүйесі дамуының қазіргі 27 . 28
тенденциясы.
Қорытынды 29 . 30
Пайдаланылған әдебиет 31 . 32

Кіріспе.
Өркениеті мемлекеттердің тәжірибесінде несие жүйесі туралы екі түрлі ұғым қалыптасқан : біріншісі - несие- есеп қатынастары, оның түрлері мен несиелеу әдістерінің жиынтығы ; екіншісі- несие- қаржы институттарының жиынтығы. Несие қатынастары қарыз капиталының қалыптасуымен оның жұмсалуынан туындап , несиенің барлық формалары мен түрлерін қамтиды. Несие жүйесінің несие қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде жеке және зиянды тұлғалардың уақытша бос ақшаларын есепшоттарда шоғырландырып , оларды кәсіпорындарға , үкіметке халықтың әр түрлі топтарына қарызға береді.
Несие жүйесінің қызметінен несие қатынастары туындайды. Несие қатынастарының мазмұнын несие мекемелерінде әр түрлі субъектілердің уақытша бос ақша капиталдарын шоғырландырып және оларды белгілі бір мерзімнен кейін және белгілі бір төлемақымен қайтару үшін бөліп беру анықтайды. Сонымен бірге несие жүйесі мемлекеттік ақша айналымын реттеп, ақша қаражатының экономиканың бір саласынан екінші саласына ауысуын қамтамасыз ету арқылы өндірістің тиімділігігін артыруға ықпал етеді. Несие жүйесі арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалы есеп айырысуы мен төлемдері жүргізіліп, сондай-ақәр түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімдік кеңес беру және с.с. көптеген операциялар өтеді.
Несие жүйесінің маңызы мен ол экономикасындағы біраз көрсеткіштермен, атап айтқанда: ақша салымдарының жалпы көлемімен, кәсіпорындар мен мекемелердің негізгі және айнымалы капиталын қалыптастырудағы банктік қарыздың үлесімен, жиынтық төлем айналымымен және т.б. сипатталады. Мысалы, әрбір қоғамның даму тарихындағы белгілі бір кезеңге және қоғамдық- экономикалық формацияның өзіне тән несие жүйесінің құрлымы болады. Мысалы, хх – ғасырдың 20- жылдарынан 90- жылдардың бас жағына дейін КСРО-да жоспарлы- орталықтанған экономикаға сай келетін қатаң орталықтанған несие жүйесі құрылды.
-4-
Несие қатынастарының даму дәрежесі, несие мекемелерінің көбеюі, өндіріс пен тұтыну салаларының банк операцияларының пайдалануы жөнінен дүниежүзіндегі дамыған мемлекеттердің ішінде АҚШ алдынғы қатарда келеді. Оған дәлел, ол елде ақша капиталының орташа алғанда ¾ бөлігнің несие жүйесі арқылы өтуі..
Несие ісі- ақшамен сауда- саттық негізінде несиелік операцияларды орыдауға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің ерекше бір саласы дегенді білдіреді. Оларды алуан несиелік институттар жүзеге асырады. Шаруашылық айналымға қызмет көрсетудегі операциялар ауқымы мен мәні бойынша негізгісі банктер болып табылады.
Несиелік мекемелер түрлерін, оның ішіндегі банктік мекемелерді қарастырудан бұрын бізге “ банк’’ және “ банктік қызмет” ұғымын білу қажет. Әлемдік тәжірибеде банктік қызмет деп банктің басты кәсіби қызметтерін, депозиттер қабылдау және қарыз беруді түсінеді.
Міне, осындай түсінік Италияда, Испанияда, Бельгияда, Грецияда және басқа елдердің банктері туралы заңдарында бекітілген.
Ал, Германияда мен Францияда банк немесе несиелік мекеме деп, өз клиенттеріне есеп айырысу, бағалы қағаздармен сауда- саттық, лизингтік және басқа да операцияларды көрсетумен айналысатын кез келген мекемені айтады. Сондай-ақ оларда банктік емес мекемелерге депозиттер қабылдау, есеп айырысуды жүргізу, сақтандыру кепілдемелерін беру және т.б. заңмен тыйым салынады.
Англия, Дания, Швеция және басқа елдерде несиелік жүйеге мекемелерді жатқызуда либералдық тәсіл қолданылады. Ол үшін кейбір мамандандырылған қаржы мекемелерінің депозит қабылдауға лицензиясы болса, оларды банктер қатарына жатқызамыз.
Қазақстан Республикасының Президентінің “ Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы ” заң күші бар Жарлығының 1- бабында, банктің ресми мәртебесі Ұлттық банктің оны ашуға берген рұқсатымен, Әділет министрлігінің банк ретінде заңды тұлғаны мемлекеттің тіркеуден өткізумен және банктік опрецияларды жүзеге асыруға берілген ҚР Ұлттық банк лицензиясының болуымен анықталады.
-5-

Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Ғ.С. Сейітқасымов. «Ақша несие банктер». Алматы: «экономика» 2001 жыл – 466 бет.
2. Мақыш С. Б. «Ақша айналысы және несие» Алматы: «Издат маркет» 2004 жыл – 248 бет.
3. Көшенова Б .А. Ақша. Несие. Банктер. Волюта қатынастары.
Алматы: «экономика» 2000 жыл – 328 бет.
4. Жүсіп . Ш. «Нақты іске – нақты көмек» ІІ Егемен Қазақстан -2005- № 239. 27 –қаңтар. 8бет.
5. Смағұлов . А. Кіші кредит экономиканың қозғаушы күшіне айналды. ІІ Егемен Қазақстан - 1998 -12- наурыз. 6 бет.
6. Жамкин. Ж .А. «Шаруа қожалықтары кооперативтерге айналу керек» Кредиттік заңды тұлғаларға беріледі. ІІ Жас Алаш - 1998 -24 қаңтар 12 бет.
7. Сатмұрзаев. А. «Қарыз өтеу қабілеттілігі әдістемелік пайым»
8. Имрайзиева . М. «Несие тәуекелін басқару» ІІ ҚАЗҰУ. Хабаршы. Экономика . Сериясы -2005- № 5. 81 бет.
9. Кемел . М. Салық несиелік тұтыну кооперативтеріне- ауылдағы несие –қаржы қызметтерінің бір нысаны. ІІ Альпари – 2004- №3, 212 бет.
10. Мемлекеттік бюджет шығыстары атқарушының жиынтық экономикалық құрлымы. ІІ Статистикалық бюллетень -2002 -№ 3 18бет.
1. Мұса . С. «Ақша несие саясаты» Егемен Қазақстан 1998 ж 19 қараша 8-бет.
13. Момутова. «Қаржы және несие » Алматы 2004ж. 198 бет.
-31-
14. Қалықов. С.Ж. Ишсинова. С. Е. Кәсіпорын қаржылары. Шымкент.
15. Мақыш С. Б. Туенбаева Ж .О. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау. ІІ Хабаршы. Экономика. Сериясы. 2004- №3.
16. Шеденов.Ө.Қ. Жалпы экономикалық теория. Алматы –Ақтөбе 2001 жыл. 364бет.
17. Бюджет жүйесі туралы. Қазақстан Республикасының заңы. Астана 2002 жыл.
18. Мельникова В.Д. Ильясов К.К. Финансы. Алматы. 2001жыл.
19. Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республика үкіметінің актілер жинағы.
20. Құлпыбаев С. Базитова Ш. Баязитова А. Қаржы теориясы. Алматы 2001 жыл.

4 - 5
І –бөлім. Несие –ақша қатынастарын қалыптастыру
1.1. Несиенің мәні мен қажеттілігі.
6 - 8
1.2. Несие құрлымы мен қызметтері.
9 - 11
1.3. Несие формалары мен түрлері.
12 -17
ІІ –бөлім. Несие жүйесі. Қазақстан Республикасында оның ролі
және әлемдік даму тенденциясы
1. Қарыз пайызының экономикалық мәні.
18 - 20
2.2. Несие жүйесінің ұғымы мен құрлымы.
21 - 23
2.3. Қазақстан Республикасындағы банктік емес қаржы
24 - 26
институттары.
2.4. Әлемдік несие жүйесі дамуының қазіргі
27 - 28
тенденциясы.
Қорытынды
29 - 30
Пайдаланылған әдебиет
31 - 32
Кіріспе.
Өркениеті мемлекеттердің тәжірибесінде несие жүйесі туралы
екі түрлі ұғым қалыптасқан : біріншісі - несие- есеп
қатынастары, оның түрлері мен несиелеу әдістерінің жиынтығы ;
екіншісі- несие- қаржы институттарының жиынтығы. Несие қатынастары
қарыз капиталының қалыптасуымен оның жұмсалуынан туындап ,
несиенің барлық формалары мен түрлерін қамтиды. Несие
жүйесінің несие қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде жеке
және зиянды тұлғалардың уақытша бос ақшаларын есепшоттарда
шоғырландырып , оларды кәсіпорындарға , үкіметке халықтың әр
түрлі топтарына қарызға береді.
Несие жүйесінің қызметінен несие қатынастары туындайды.
Несие қатынастарының мазмұнын несие мекемелерінде әр түрлі
субъектілердің уақытша бос ақша капиталдарын шоғырландырып және
оларды белгілі бір мерзімнен кейін және белгілі бір
төлемақымен қайтару үшін бөліп беру анықтайды. Сонымен бірге
несие жүйесі мемлекеттік ақша айналымын реттеп, ақша
қаражатының экономиканың бір саласынан екінші саласына ауысуын
қамтамасыз ету арқылы өндірістің тиімділігігін артыруға ықпал
етеді. Несие жүйесі арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және
халықтың ақшалы есеп айырысуы мен төлемдері жүргізіліп, сондай-
ақәр түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық,
сенімдік кеңес беру және с.с. көптеген операциялар өтеді.
Несие жүйесінің маңызы мен ол экономикасындағы біраз
көрсеткіштермен, атап айтқанда: ақша салымдарының жалпы
көлемімен, кәсіпорындар мен мекемелердің негізгі және айнымалы
капиталын қалыптастырудағы банктік қарыздың үлесімен, жиынтық
төлем айналымымен және т.б. сипатталады. Мысалы, әрбір
қоғамның даму тарихындағы белгілі бір кезеңге және қоғамдық-
экономикалық формацияның өзіне тән несие жүйесінің құрлымы
болады. Мысалы, хх – ғасырдың 20- жылдарынан 90- жылдардың бас
жағына дейін КСРО-да жоспарлы- орталықтанған экономикаға сай
келетін қатаң орталықтанған несие жүйесі құрылды.
-4-
Несие қатынастарының даму дәрежесі, несие мекемелерінің
көбеюі, өндіріс пен тұтыну салаларының банк операцияларының
пайдалануы жөнінен дүниежүзіндегі дамыған мемлекеттердің ішінде
АҚШ алдынғы қатарда келеді. Оған дәлел, ол елде ақша
капиталының орташа алғанда ¾ бөлігнің несие жүйесі арқылы
өтуі..
Несие ісі- ақшамен сауда- саттық негізінде несиелік
операцияларды орыдауға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің ерекше
бір саласы дегенді білдіреді. Оларды алуан несиелік
институттар жүзеге асырады. Шаруашылық айналымға қызмет
көрсетудегі операциялар ауқымы мен мәні бойынша негізгісі
банктер болып табылады.
Несиелік мекемелер түрлерін, оның ішіндегі банктік
мекемелерді қарастырудан бұрын бізге “ банк’’ және “ банктік
қызмет” ұғымын білу қажет. Әлемдік тәжірибеде банктік қызмет
деп банктің басты кәсіби қызметтерін, депозиттер қабылдау
және қарыз беруді түсінеді.
Міне, осындай түсінік Италияда, Испанияда, Бельгияда,
Грецияда және басқа елдердің банктері туралы заңдарында
бекітілген.
Ал, Германияда мен Францияда банк немесе несиелік
мекеме деп, өз клиенттеріне есеп айырысу, бағалы қағаздармен
сауда- саттық, лизингтік және басқа да операцияларды
көрсетумен айналысатын кез келген мекемені айтады. Сондай-ақ
оларда банктік емес мекемелерге депозиттер қабылдау, есеп
айырысуды жүргізу, сақтандыру кепілдемелерін беру және т.б.
заңмен тыйым салынады.
Англия, Дания, Швеция және басқа елдерде несиелік
жүйеге мекемелерді жатқызуда либералдық тәсіл қолданылады. Ол
үшін кейбір мамандандырылған қаржы мекемелерінің депозит
қабылдауға лицензиясы болса, оларды банктер қатарына
жатқызамыз.
Қазақстан Республикасының Президентінің “ Қазақстан
Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы ” заң
күші бар Жарлығының 1- бабында, банктің ресми мәртебесі
Ұлттық банктің оны ашуға берген рұқсатымен, Әділет
министрлігінің банк ретінде заңды тұлғаны мемлекеттің
тіркеуден өткізумен және банктік опрецияларды жүзеге асыруға
берілген ҚР Ұлттық банк лицензиясының болуымен анықталады.
-5-
I – бөлім. Несие- ақша қатынастарының қалыптасуы.
1.1. Несие мәні мен және қажеттігі.
Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық
дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оның барлық шаруашылық
субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай- ақ
жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес,
олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау- бұл
тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе,
шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас
туындайды.
Құнның қозғалысы- бұл несиенің қозғалысының кіндігін
сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болуын экономикалық
негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан
қарағанда бұған негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі
шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ бұл
жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр
түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір
санайтын да аз емес, несие- бұл ақшалай қаражаттың екі
жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт
бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация,
субвенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа
ие.
Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша
пайдалануға берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін
қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар
арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді.Несиенің көмегімен заңды
және жеке тұлғаларды уақытша бос қаражаттары мен табыстары
экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және
ақылы негізінде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға
айналады.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық
бар.
-6-
Несие- бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық
несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының
болуын және сондай- ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын
білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда – бұл ссудалық шот
ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды
ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде несие - кәсіпорындар, ұйымдар
және бірлестіктер, сондай – ақ халық арасындағы несие қорын
құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі
бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын
өндірістік қатынастар жиынтығы.
Зерттеу заты сияқты несие құрлымы бір - бірімен өзара
байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен
несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле
бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші мен
қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші – қарызды беретін несиелік қатынастың бір
жағы. Қарыз беруші – бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші
субъектілер болып таблады.
Қарыз берушілерге : банктер, банктік емес мекемелер,
мемлекет, шаруашылық субъектілері және халық жатады.
Қарыз алушы - бұл несиені алушы және қайтаруға міндетті,
несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы
бір- бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері
әр түрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың
коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері
кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік
қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынас
емес, сондай – ақ азаматтық қатынастар жағдайын сипаттайды.
Борыш - бұл өте ауқымды ұғым. Ал қарыз алушы - бұл қосымша
қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің
құрлымының элементіне берілетін объекті де жатады. Беру
объектісі - бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілетін
құнды білдіреді.
Өз кезегінде, үлестіру және айырбас біртұтас алғанда
өндіріспен және бір - бірімен өзара әрекетте болады; Өндіріс
осы бөліктермен анықтала алады.
-7-
Мысалы, нарық ұлғайған кезде, яғни айырбас сферасы,
өндіріс көлемі өседі және оның дифференциясы тереңдей түседі.
Үлестірудің өзгерісімен өндіріс те өзгереді, мысалы
капиталдың шоғырлануы, қала мен ауыл арасындағы әр түрлі
үлестірумен т.б. несие үлестірумен пропорцияны белгілейді, онда
үлестіруге екі маңызды жағдай тән 1 – 73б .
1. Үлестіру пропорцияны белгілейді, онда әрбір индивидум
өндірілген өнімге қатысады ;
2 Ол қоғамнан келіп шығатын көзі ретінде анықталады.
Қарыз мәселесі ретінде несиені екі көзқараста болоды
1 – 77 б .
1. Оның техникалық - заңдылық белгілері көзқарасынан.
2. Әлеуметтік мазмұны, яғни осы келісім негізінде өсетін
және дамитын немесе онда өзі көрінісін табатын өндірістік
байланыстар типін сипаттайтын белгілері тұрғысынан. Бұл екеуі
бір – бірімен бөлінгісіз олар өзара байланысты және себепші.
Барлық экономикалық талдау үшін маңыздысы қарыз мәмілесінің
экономикалық талдау үшін мазмұны, яғни өндірістік қатынастардың
белгілі бір формаларымен байланысты шаруашылық әдістері,
жұмыс тәсілдері емес, өндірістік қатынастардың өзі болып
таблады.
Тауардың бір тауар иесіне басқаға ауысуы нарықта
айырбас арқылы жүзеге асады. Тауар айырбасы сферасының несие
үшін маңызы зор. Оның пайда болуын ішкі тұтыну үшін
өндірілген өнімдер сферасынан емес, тауар иелері, экономикалық
қатынасқа түсуге дайын меншік иелері дербес заңды тұлға
ретінде бір – біріне қарама – қарсы тұрған айырбас сферасынан
іздеу қажет.
-8-
1.2. Несиенің құрлымы мен қызметтері.
Несиенің құрлымы белгілі бір мәнге айналған және
несиелік қатынастар танымының сатысы ретінде көрінеді. Ол
несиеде тұрақты, өзгеріссіз қалады. Құрлымдық талдау тұрғысынан
алғанда несие зерттеу объектісі ретінде, бәрінен бұрын оның
субъектілері болып таблатын элементтерден тұрады. Несиелік
мәміледе қатынас субъектілері қарыз беруші және қарыз алушы
болады. Кридитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндірісі
мен тауар айналысы негізінде жүреді.
Бастапқы кредитор мен қарыз алушы қарапайым қатынаста
болады. Мүліктік теңсіздік тереңдеуіне байланысты артық
өнімдері бар рулық қауымдастық мүшелері кредитор ретінде
көріне алады. Алғашқы өсімқорлар металл ақшадан бұрын пайда
болған. Өсімқор- саудагер, көпес тәрізді ежелгі кәсіп. Қазіргі
уақытта банкир болудан бұрын, ол өте үлкен тарихи жолдан
өтті. Кридитор ретінде храмдар, қоғамдағы шарушылық жүргізіші
субъектілерін едеуір байлықтарын жинақтайтын шаруашылық пен
тұтыну мақсаттарына қызмет көрсететін өзгеше банкирлік үйлер
болды.
Кредитор- несиелік мәміленің қарызды ұсынушы жағы. Қарыз
беру үшін кредитордың қарамағында белгілі бір қаражаттар
болуы керек. Оның көздері өз қорлары, ресурстары өз
кезегінде қайтарымдылық негізінде ұдайы өндіріс процесінің
басқа субъектілерін алынған ресурстар бола алады. Қазіргі
уақыттағы шаруашылықта кредитор банк қарызды тек өз
меншігіндегі ресурстар есебінен ғана емес, оның шоттарында
сақтаулы тартылған қаражаттар есебінен де, сонымен қатар
акция және облигациялар орналастыру арқылы жиналған қаражаттар
есебінен де бере алады.
Банктердің құрылуымен кредитордың шоғырлануы жүреді.
Қарыз алушы - несиелік қатынастардың, несиені алушы және алған
қарызды қайтаруға міндетті жағы болып келеді. Борышқор және
қарыз алушы - бір – біріне жақын, бірақ шамасы бірдей
түсінік емес. Борыш –міндетті жалпы сипаттайтын анағұрлым кең
түсінік. Несиелік мәмілеге сәйкес борышқор туралы емес, қарыз
алушы туралы айту керек.
-9-
Тарихи жағынан қосымша ресурстарға деген қажеттілік танытатын
жекелеген тұлғалар болды. Бастапқыда олар өзі еңбектерімен күн
көруші ұзақ шаруалар, қолөнершілер болған еді. Өсімқорлық
несиенің бар болуына басқа формасы –ақсүйектердің көбінесе жер
иелеріне ақшалай қарызды беруі. Банктердің құрылуымен қарыз
берушілердің шоғырлануы жүреді.
Қазіргі уақытта банктерден басқа шаруашылық ұйымдары және
мемлекеттің өзі де қарыз алушылыр ретінде болады. Қарыз
алушының кредитордан айырмашылығы ол несиелік мәміледе
төменднгідей ерекшеліктерге ие. Біріншіден, ол қарызға беретін
қаражаттардың меншік иесі болып табылмайды, олар уақытша
иесі ретінде болады; өзіне тиіс емес , бөтен біреудің
ресурстарымен жұмыс істейді. Екіншіден, қарыз алушы қарызға
алынған қаражаттарды айналыс сферасында да пайдаланады.
Кредитор өндірісте тікелей қатыспай –ақ айырбас фазасы кезінде
де қарызды ұсына алады.
Несие қызметтері .
Несиенің экономикадағы орны мен ролі, оның атқаратын
қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория
ретінде мынадай қызметтерді атқарады 2- 73б .
- қайта бөлу;
- айналыс шығындарын үнемдеу;
- айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
- ғылыми технологиялық прогресті жетілдіру;
- капиталдың шоғырлануын жетілдіру;
Несиенің қайта бөлу қызметін кез –келген елдің ұлттық
экономикасының толық құнды жұмыс жасауына өз үлесін қосады.
Несиенің бұл қызметінің көмегімен экономикалық жүйесінің бір
саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің
қаржыны қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржының бөлінуі
әкімшілік негізінде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар
арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарықтық
механизм негізінде жүзеге асырылады.
-10-
Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзінде
асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық
субъектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы
арасындағы уақытша болатын алшақтық кең жағдайларда қаржылай
ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Шаруашылық
субъектілеріндегі ақшалай қаражаттары. Міне, сондықтан да
мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары
өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын
толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал
айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын
үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.
Ал келесі қызмет, яғни несиенің айналыстағы нақты
ақшалардың орнын уақытша ауыстыруы. Қазіргі несиелік
шаруашылықта мұндай орын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл
қызмет іске асуы процесінде тек қана тауар айналысының
сондай –ақ нақты процесінде тек ақшалардың уақытша орын
ауыстырып ақша айналысында жылдамдатады. Несиенің бұл
қызметінің несиелік ақшалар : чектер, вексельдер, несиелік
карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенің бұл қызметі
арқылы ақша айналысының жылдамдығымен қатар, айналыстағы ақша
массасына және төлем айналымына да ықпал етеді.
Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты
дамуына жағдай жасау маңызды болып таблады. Мұндай
міндеттерді шешуге несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын
ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.
Несиенің ғылыми –техникалық прогресті жеделдету қызметі
ғылыми –техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады.
Сондықтан да, несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми –зерттеу
орталықтарының жұмыс жасауы қиынға түседі. Сондай –ақ өндіріске
ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса
қажет болып таблады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда
кәсіпорынның қаражаттарымен, оның ішінде орта және ұзақ
мерзімді банктің несиелері есебінен қаржыланады.
Несие мөлшері-салыстырмалы түрде шағын. Бірнеше жүз
долларға дейін. Қысқа мерзімді, бір жылға дейін беріледі.
-11-
1.3. Несие формалары мен түрлері
Несие формалары, оның құрлымымен және белгілері бір дәрежеде
несиелік қатынастардың мәнімен байланысты келеді.
Несие формасы – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың
негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер
барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар
қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады.
Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар
түрінде берілетін несиені –коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені
банктік деп атайды.
Қалған несиенің түрлері осы екі форманың тәжірибесінде
қолдануынан туады.
Коммерциялық несие –бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға
берген тауарын білдіреді.
Коммерциялық несие –бұл вексель айналысының пайда болуына себеп
болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы.
Несиенің бұл формасының басты мақсаты –тауарларды өту процесін
жеделдету, сондай –ақ одан пайда табу.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіплер мен
бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне
тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында
туындайды. Мұндай жағдайда айналыс құралы ретінде қарыз алушының
көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін куәландыратынарнайы
қарыздық міндеттеме –вексель қолданылады.
Коммерциялық несиенің банктен несиеден айырмашылығы мынадай:
- қарыз беруші ролінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе
қызметті сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады;
- коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
- қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
- коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз
мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
- қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңды
түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар
бағасының құнына қосылады.
-12-
Банктік несие -бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға
ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие –бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік
қатынастардың формасы болып таблады. Банктік несие бойынша несиелік
қатынастың құралына несиелік шарт немесе келісім жатады. Банктік
несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал
қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын
қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып
таблады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты –бұл пайыз түрінде
табыс алу.
Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.
Коммерциялық банктер өздерінің клиентеріне әр түрлі несиелер
береді. Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
І. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
- мақсатты қорларға;
- банктерге;
- қаржы –несие мекемелеріне.
2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
- өнеркәсіп салаларына;
- ауыл шаруашылығына;
- саудаға;
- дайындау ұйымдарына;
- жабдықтау –сату ұйымдарына;
-кооперативтерге;
. -жеке
кесіпкерлерге.
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
ІІ. Мерзіміне қарай:
-қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін )
- орта мерзімді ( 1 жылдан 3 – 5 жылға дейін)
-ұзақ мерзімді ( 5 жылдан жоғары)
ІІІ. Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай:
- негізгі қорларға жұмсалатын;
- айналым қаражатына жұмсалатын;
-13-
ІҮ. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
Қамтамасыз етілген:
- кепілхатпен;
- кепілдемемен;
- кепілдікпен;
Сақтандырылған.
Қамтамасыз етілмеген:
- сенім ( бланктік) несиесі.
Ү. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
1) Стандартты несие –қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында
ешқандай күмән жоқ несиелер;
2) Күмәнді несиелер –қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі
ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы
қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер
ішінара бөлінеді: 1 –санаты күмәнді, 2 –санаты күмәнді, 3 –санаты
күмәнді, 4 –санаты күмәнді, 5 –санаты күмәнді.
3) Үмітсіз несиелер –қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен
ссудалар шотына жазылған несиелер.
ҮІ. Валютамен берілуіне қарай:
- ұлттық волютамен;
- шетел волютасымен;
ҮІІ. Берілу шартына қарай:
1. Тұтыну несиесі –бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу
үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
2. Ипотекалық несие –бұл қозғалмайтын мүліктерді ( тұрғын үйді,
өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ
мерзімге берілетін несие.
3. Овердравт несиесі –клиентің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік
қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несинің формасы.
4. Овернайт несиесі -өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге
берілетін банкаралық несиенің түрі,
5. Онкольдық несие –кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа
мерзімді несие.
6. Банкаралық несие –банктердің бір- біріне беретін несиесі.
7. Ломбардтық несие –тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы
қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
-14-
8. Лизингтік несие –құрал –жабдықтарды жалға алумен байланысты
берілетін несие.
9. Рамбурстық несие –шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай
фабрикат пен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде
пайдаланылатын несие.
10. Сенім несиесі –банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары
клиенттерге берілетін несие.
11. Маусымдық несие –жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді
алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған
несие.
ҮІІІ. Несиелеу объектісіне қарай:
- меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;
- материалдық қорлар жиынтығы мен өндіріс шығындарына:
- сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен
импорттауға;
- азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар,
құралдар және басқа да мүліктер алуына;
- ломбардтық , кепілдік және ссудалық операцияларға;
- театрлар және демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары
арасындағы маусымдық үзілістерге;
- күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
- тезөтелетін тиімділігі жоғары шараларға.
Тұтыну несиесінің басты тағайындалуы халыққа тауарлар сатуды
ынталандыруға бағытталады. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз
байланысты: бір жағынан, тауар айналымының ұлғаюына сай несиенің
көлемі өседі, сонымен қатар, тауарды несиеге алу сұранысы
туындайды: екіші жағынан, халықтың несиелеудің өсуі,сұраныстың төлем
қабілеттігін ұлғайтады. Мұндай тәуелділік, әсіресе бүгінгі тауарлар
нарығын толтыру жағдайында пайда болуда. Мұнда автомобильдік несие
бойынша жаңа және жүрілген автомобильдерді банк несиесі көмегімен
алуға болады.
Ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады.
- жиһаз
- сантехника
- аудио –видио және тұрмыстық техникалар;
- компьютер және оргтехника
-15-
Тұтыну несиесінің түрлері.
кесте – 1.
№ Несиелеу Тұтыну несиесінің түрлері
шарттары
Автомобиль несиесі Ұзақ мерзімді тауарлар
сатып алу несиесі
Жаңа Ескі (пайдаланылған)
1 2 3 4 5
1 Несие Автомобиль Автомобильді бағалау10000 АҚШ долларына
мөлшері құнының 80% құнының 80% дейін дейін (немесе
дейін эквивалент) - 500 000
АҚШ долларына дейін
(егер қамтамассыз ету
заты - жылжымайтын
мүлік болса)
2 Бастапқы Автомобиль 3 жылға дейін жүрген
жарна құнынан - 20 % шетел көлігін сатып
алуда 20 %, 3 жылдан
5 жылға дейін
жүрілген шетел
көлігін сатып алуда
30%, 5 жылдан 10
жылға дейін жүрілген
шетел көлігін сатып
алуда 50%; 3 жылға
дейін жүрілген ТМД
елдерінің
автокөлігін сатып
алуда -30%; 3
;жылдан 5 жылға
дейін жүрілген ТМД
елдерінің
автоколігін сатып
алуда -50%.
3 Несие шетелдік 3 жылға дейін 2 жылға дейін
мерзімі автокөлік үшін 5
жылға дейін:ТМД
елдерінің
автокөлігі үшін
3 жылға дейін
4 Несие АҚШ доллары АҚШ доллары немесе АҚШ доллары немесе
валютасы немесе тенге тенге тенге
5 Несие үшін Айына 1,5 % (АҚШАйына 1,5 % (АҚШ Айына 1,5 % (АҚШ
төлем долларымен) жәнедолларымен) және 1,7долларымен) және 1,7 %
1,7 % (тенгемен)% (тенгемен) (тенгемен)
6 ҚамтамассызСатып алатын Егер шетел Сатып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz