Биология сабағында өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І бөлім. БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Биологияны оқыту әдістемесінің зерттейтін мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Биологияны оқыту әдістемесінің зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3 Биологияның жаратылыстану пәндері жүйесіндегі ролі ... ... ... ... ... ... ... .15
ІІ бөлім. БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.1 Өзіндік жұмыстар оқушылар құзыреттілігін қалыптастырушы фактор ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.2 Биологияны оқытудағы өзіндік жұмыстарды пайдаланудың педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
2.3 Биология сабағындағы өзіндік жұмыстардың әдістері және дамытушылық ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
2.4 Биологиядан өзіндік жұмысты ұйымдастырудағы ақпараттық технологиялардың маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...45
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...65

КІРІСПЕ
Биология жаратылысты зерттейтін ғылымдардың бірі. Жаратылыс дегеніміз – бізді айнала қоршаған материялық дүние. Сондықтан, биология жаратылыстану ғылымдарының қатарына жатады. Мен дипломдық жұмысымда «Биологияны оқытуда өзіндік жұмыстарды пайдалану ерекшеліктері» тақырыбы бойынша мектептегі биологияны оқытудағы өзіндік жұмыстардың маңызын ашуға тырыстым. Биологияны оқытудағы өзіндік жұмыстардың ролін зертедім.
Тақырыптың өзектілігі: Өзіндік жұмыстар - оқытудың қазіргі кезеңдегі ең көп қолданылатын үрдістерінің бірі. Ол берілген білім мен өзіндік ой-сананы реттейді, оқушылардың алған білімдерінің бір-бірімен сабақтастығын бір жүйеге келтіреді. Өзіндік жұмыстар оқушының меңгерген білімін кешенді түрде пайдалана білуге жол ашады. Бұл мәселенің ең негізгі дидактикалық міндеті – оқыту үрдісінің білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты күшейте отырып, білім сапасын көтеру болып табылады.
Өзіндік жұмыстардың алдына қоятын мақсаты сан алуан. Бірі білімнің теориялық негізін күшейтуді көздесе, екіншісі, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруды, үшіншісі осы мәселе негізінде оқушылардың практикалық дағдылары мен шеберліктерін дамытуды тағы басқа сол сияқты түрлі- түрлі мақсаттарды көздейді. Сонымен қатар, өзіндік жұмыс арқылы оқушылардың оқу-танымдық қызметі мен оқытушының оқыту қызметінің өзара байланысын күшейту мәселесі де қарастырылуы мүмкін.
Оқытуда өзіндік жұмыстарды қолдану мәселесін жүзеге асыру арқылы білім беру үрдісінің пәндік құрылымына сүйене отырып, оқушы санасында қоршаған ортадағы нақты құбылыстар жөнінде білім жүйелерін беру, олардың дүниенің біртұтастығы туралы ұғымын қалыптастыру мақсаттары жүзеге асады.
Орта мектептерде биологиядан білім берудің тиімді тұстарын саралаған авторлар қатарына А.П. Крешковты, А.А.Ярославцевті, К.М.Ольшанованы, З.А.Барсукованы атауға болады. Осы ғалымдардың еңбектеріндегі тиімді қағидаларды мен өз жұмысымның барысында пайдалануға тырыстым.
Орта мектептерде өзіндік жұмыстарды пайдалануды жүзеге асыру оқытушының аса күрделі әдістемелік міндеттерді шешуін талап етеді. Себебі, оқытушы тек бір ғана негізгі пәннің мазмұнын, мақсатын, әдістерін меңгеріп қана қоймай, арнайы пәндердің, мысалы «Химия», «Физика», «Биология» т.б. ғылымдарының мазмұнын, мақсатын және оларды оқытуға қойылатын талаптарды жете білуі қажет. Сондықтан мектептерде биология пәнін оқытуда өзіндік жұмыстарды қолдануды жүзеге асыру үшін осы пәндерді оқытатын оқытушылар бірлесіп жұмыс істегенде ғана жетістікке қол жетеді.
Биологияны өзіндік жұмыстар арқылы оқыту үрдісін жүзеге асыруда әдістемелік тұрғыдан оқытушының қызметі күрделеніп, төмендегідей кезеңдерді қамтиды:

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1 Омыртқалылар зоологиясы курсы (химия пәнін байланыстыру негізінде) Г.Кенжебаевамен авторлық бірлестікте [Электрондық құрал]. – Шымкент: ХҚТУ ШИ, 2006.
2 Орнитология // Оқу-әдістемелік құрал / ШИ МКТУ. – Шымкент, 2005. – 32 бб. (Н.А. Раимбердиевамен авторлық бірлестікте).
3 Жануар терминiнiң құрылымдық моделi-жануартану пәнi мазмұнын компьютермен оқыту тұрғысынан айқындау негiзi // Ізденiс. – Алматы, 2003. – № 3. – 131–136 бб. (А. Әмiрбекұлымен авторлық бірлестікте).
4 Жануартану пәнi мазмұнының модульдiк құрылымы // Биология және салауаттылық негiзi. – Алматы, 2003. – № 5. – 19–21 бб.
5 Жануартану пәнiн оқыту үрдісінің технологиялық картасын жасау // Ұлт тағылымы. – Алматы, 2004. – № 4. – 9–13 бб.
6 Жануартану пәнiн компьютермен оқытуда тесттiк жүйенi пайдалану әдiстемесi // ТМНПК «Қазiргi таңдағы ғылым мен бiлiм»: Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Шымкент, 2005. –
3 т. – 5–9 бб.
7 Дидактикалық бiрлiктi iрiлендiру технологиясын жануартану пәнiн оқытуда пайдалану / Ун-т «Кайнар». – Алматы, 2005. – № 3/2. – 65–66 бб.
8 Жаратылыстану пәндеріндегі зертханалық жұмысты алгоритмдік деңгейде жасау ерекшеліктері // Хабаршы. Қ. Сәтбаев атындағы ҚҰТУ. – Алматы, 2008. – № 4. – 170–174 бб. (Л. Жайдақбаевамен авторлық бірлестікте).
9 Глушенко А.А. Компьютеризация – важнейшая особенность научного стиля мышления и деятельности // Новые информационные технологии обучения – Воронеж. 1995. – С. 52 – 64.
10 Захарова И. Г. Информационные технологии в образовании: М.: Академия, 2003.
11 Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Общая методика преподавания биологии М., Изд-во Просвещение, 1985, Б.187.
12 Зотов. Ю.В. Организация современного урока, Москва, 1984, Б.143.
13 Золочевская М.В., Рыкова Л.Л. Роль и место компьютера в учебно – воспитательном процессе. — Киев, 2002.
14 Жүнісқызы К., Алимкулова Р., Жумагулова Қ. Биология оқыту әдістемесі.-Алматы, 2006.
15 Корнер Т.В., Смирнов В.А. Проблемный семинар как форма обучения учителей использованию ЭВТ в преподавании биологии // Биология в школе. 1990. №4.
16 Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы. Ана тілі, 19 маусым, 1987, 16 – б.
17 Никонова Е.Н. Определение количества информации в содержании урока. — Системная педагогика. Бюллетень №3. Красноярск, 2004.
18 Осин А.В. Модели образования на базе компьютерных технологий/ГНУ "Республиканский мультимедиа центр" - М., --2001.
19 Смирнов В.А. Научно-методические основы формирования системы обучения биологии в открытом информационном обществе: автореф. дис. док.а пед. наук: гос.пед. ун-т им. А.И. Герцена. - СПб.: 2000. - 42с.
20 Смирнов В.А., Соломин В.П. ЭВТ на уроках биологии. Учебное пособие. — СПб.: Образование, 1997.
21 Смирнов В.А. Пути использования персонального компьютера // Биология в школе. 1995. №6.
22 Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасы
23 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
24 Қазақстан мектебі. № 5-8, 2004-2009 жыл
25 Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2010 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы
26 Оқу – тәрбие үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі «Қазақстан мектебі » 2008 ж.-№ 4 Ж. Садыбекова
27 Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» (Ел президентінің халыққа жолдауы) 2007 ж.
28 «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында». Ел президентінің халыққа жолдауы, Астана – 2006 ж.
29 Оқытудың ақпараттық негіздері «Қазақстан мектебі » 2010 ж.-№ 4 К.Жүнісқызы.
30 Всесвятский Б.В. Системный подход к биологическому образованию в средней школе М., изд-во ―Просвещение, 1985, с.141.

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І бөлім. БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНЕ ЖАЛПЫ
СИПАТТАМА ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1 Биологияны оқыту әдістемесінің зерттейтін
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... .6
1.2 Биологияны оқыту әдістемесінің зерттеу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Биологияның жаратылыстану пәндері жүйесіндегі
ролі ... ... ... ... ... ... ... .15
ІІ бөлім. БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.1 Өзіндік жұмыстар оқушылар құзыреттілігін қалыптастырушы фактор
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.2 Биологияны оқытудағы өзіндік жұмыстарды пайдаланудың педагогикалық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 31
2.3 Биология сабағындағы өзіндік жұмыстардың әдістері және дамытушылық
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
2.4 Биологиядан өзіндік жұмысты ұйымдастырудағы ақпараттық технологиялардың
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .45
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..65
КІРІСПЕ
Биология жаратылысты зерттейтін ғылымдардың бірі. Жаратылыс дегеніміз –
бізді айнала қоршаған материялық дүние. Сондықтан, биология жаратылыстану
ғылымдарының қатарына жатады. Мен дипломдық жұмысымда Биологияны оқытуда
өзіндік жұмыстарды пайдалану ерекшеліктері тақырыбы бойынша мектептегі
биологияны оқытудағы өзіндік жұмыстардың маңызын ашуға тырыстым. Биологияны
оқытудағы өзіндік жұмыстардың ролін зертедім.
Тақырыптың өзектілігі: Өзіндік жұмыстар - оқытудың қазіргі кезеңдегі ең
көп қолданылатын үрдістерінің бірі. Ол берілген білім мен өзіндік ой-сананы
реттейді, оқушылардың алған білімдерінің бір-бірімен сабақтастығын бір
жүйеге келтіреді. Өзіндік жұмыстар оқушының меңгерген білімін кешенді түрде
пайдалана білуге жол ашады. Бұл мәселенің ең негізгі дидактикалық міндеті –
оқыту үрдісінің білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы
байланысты күшейте отырып, білім сапасын көтеру болып табылады.
Өзіндік жұмыстардың алдына қоятын мақсаты сан алуан. Бірі білімнің
теориялық негізін күшейтуді көздесе, екіншісі, оқушылардың дүниетанымын
қалыптастыруды, үшіншісі осы мәселе негізінде оқушылардың практикалық
дағдылары мен шеберліктерін дамытуды тағы басқа сол сияқты түрлі- түрлі
мақсаттарды көздейді. Сонымен қатар, өзіндік жұмыс арқылы оқушылардың оқу-
танымдық қызметі мен оқытушының оқыту қызметінің өзара байланысын күшейту
мәселесі де қарастырылуы мүмкін.
Оқытуда өзіндік жұмыстарды қолдану мәселесін жүзеге асыру арқылы білім
беру үрдісінің пәндік құрылымына сүйене отырып, оқушы санасында қоршаған
ортадағы нақты құбылыстар жөнінде білім жүйелерін беру, олардың дүниенің
біртұтастығы туралы ұғымын қалыптастыру мақсаттары жүзеге асады.
Орта мектептерде биологиядан білім берудің тиімді тұстарын саралаған
авторлар қатарына А.П. Крешковты, А.А.Ярославцевті, К.М.Ольшанованы,
З.А.Барсукованы атауға болады. Осы ғалымдардың еңбектеріндегі тиімді
қағидаларды мен өз жұмысымның барысында пайдалануға тырыстым.
Орта мектептерде өзіндік жұмыстарды пайдалануды жүзеге асыру оқытушының
аса күрделі әдістемелік міндеттерді шешуін талап етеді. Себебі, оқытушы
тек бір ғана негізгі пәннің мазмұнын, мақсатын, әдістерін меңгеріп қана
қоймай, арнайы пәндердің, мысалы Химия, Физика, Биология т.б.
ғылымдарының мазмұнын, мақсатын және оларды оқытуға қойылатын талаптарды
жете білуі қажет. Сондықтан мектептерде биология пәнін оқытуда өзіндік
жұмыстарды қолдануды жүзеге асыру үшін осы пәндерді оқытатын оқытушылар
бірлесіп жұмыс істегенде ғана жетістікке қол жетеді.
Биологияны өзіндік жұмыстар арқылы оқыту үрдісін жүзеге асыруда
әдістемелік тұрғыдан оқытушының қызметі күрделеніп, төмендегідей кезеңдерді
қамтиды:
- Жалпы биологияның оқу бағдарламасын талдап, оның өзіндік
жұмыстарды жүзеге асырудағы мүмкіндігін анықтау. Биологияның
теориялық материалдарын тірек ете отырып, арнайы пәндердің
бағдарламаларымен байланыстыруға болатын бөлімдерін анықтау.
Осы байланыстар негізінде игерілетін білім, білік, дағдылар
көлемін анықтау;
- өзіндік жұмысқа арналған тақырыптық сабақ жоспарларын құру;
- нақты тақырыптар бойынша пәнаралық байланыстарды жүзеге
асырудағы дидактикалық талаптарды ескере отырып, сабақта
қолданылатын құралдарды, танымдық есептерді, тапсырмаларды
тұжырымдап, қосымша әдебиеттерді анықтау, арнайы пәндер
бойынша көрнекіліктер мен таратып берілетін материалдарды
іріктеу;
- оқытуды ұйымдастырудың кешенді түрлері мен жүргізу жолдарын
саралау (пәнаралық байланыстағы қорытынды сабақтары, кешенді
семинарлар т.б.);
- өзіндік жұмыстарды жүзеге асыру нәтижелерін бақылау мен
бағалаудың түрлерін, құралдарын, әдіс-тәсілдерін анықтау
(пәнаралық байланыстар бойынша алған білімдері мен біліктерін
анықтауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар);
- өзіндік жұмыстарды жүзеге асыруда қолданылатын белсенді
технологияларды іріктеу.
Оқушыларды өзіндік жұмыстар негізінде оқытудың алғашқы кезеңдерінде
түсіндірмелі - иллюстрациялы әдіс жиі қолданылады. Оның себебі, оқытушы
ғылыми мазмұндағы материалды түсіндіре отырып, білім алушылардың жұмыс
түрлерін жүргізе білу дайындығын күшейту. Осы арқылы біртіндеп оқушыларда
пәнаралық мазмұндағы материалмен жұмыс істеу білігі қалыптасады. Осыдан
кейін барып, репродуктивті және ішінара ізденіс әдістерін қолданып және
шығармашылық іс-әрекеттерін дамыту мүмкіндігі туады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: биологияны оқытуда өзіндік жұмыстарды
пайдаланудың ерекшеліктерін анықтау, маңызын айқындап беру. Биологияны
оқытудағы өзіндік жұмыс түрлерінің маңызына қысқаша сипаттама бере отырып,
нақты мысалдармен көрсету.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
• биологияны оқытудағы өзіндік жұмыстар ролін анықтау;
• биологияны оқытудағы өзіндік жұмыс түрлеріне сипаттама беру;
• тақырыпты қорытындылай отырып, тұжырымдар мен тиімді ұсыныстар
жасау.
Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін орта мектептегі биологияны оқыту
үрдісі.
Зерттеу пәні: биология сабағында және сыныптан тыс жұмыстарда пәнаралық
негізде оқушылар білімін арттыру.
Тақырыптың ғылыми жаңалығы:
- биологияны оқытуда өзіндік жұмыстарды пайдаланудың ғылыми – теориялық
және әдістемелік негіздері айқындалды.
- биология пәні сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстарда өзіндік
жұмыстарды пайдалану теориялық тұрғыдан негізделді.
- орта мектеп биологиясын өзіндік жұмыстар көмегімен оқыту арқылы
білім мен тәрбие берудің тиімділігі дәлелденді.
Құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І бөлім. БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1 Биологияны оқыту әдістемесінің зерттейтін мәселелері
Қазірге дейін биологияны оқыту әдістемесі − ғылым ретінде танылып
келеді. Сондықтан да биология пәні мұғалімдерін дайындайтын жоғары оқу
орындарының оқу жоспарына биологияны оқыту әдістемесінің курсы енгізілді.
Биологияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым әрі оқу пәні. Биология
− заттардың бір−біріне өзгеруін зерттейтін ғылым. Демек, биологияны оқыту
әдістемесі мектептің биология курсындағы осындай заңдылықтарды оқушыларға
үйрету жолдарын, түсіндіру тәсілдерін зерттейтін педагогикалық ғылым деп
түсінуіміз керек.
Оған оқу үрдісін ұйымдастыру, оқушылардың танымдық іс−әрекетіне
басшылық, сарамандық дағдылар мен іскерліктер қалыптастыру, шығармашылық
қабілеттер мен ғылыми дүниетанымдық көзқарастарды дамыту жатады.
Келесі мәселе − қалай оқиды? − деген сұрақтың жауабына келсек, ол
оқушылардың іс−әрекеті бойынша анықталады. Биологияны оқыту әдістемесіне
ғылыми тұрғыдан қандай анықтама беруге болады? Бұл әлі күнге дейін толық
шешімін таппаған мәселелердің бірі болып саналады. Кейбір оқу құралдарында
мынадай анықтама берілген: бұл жасөспірімдерге биология ғылымын үйретудің
қоғамдық әрекеті және оларды білім алуға тәрбиелеп, дамыту, мектептегі
биология курсының мазмұнын оқушыларға игерту заңдылықтары туралы
педагогикалық ғылым.
Биологияны оқыту әдістемесі мұғалімнің оқу материалын оқытуы мен
оқушылардың биологиялық саналы меңгертуін, алған білімдерін іс жүзінде
қолдану ерекшеліктерін және дағдыларын дамыту әдістері мен құралдарын
айқындап береді.
Биологияны оқыту әдістемесі әрі ғылым, әрі оқу пәні ретінде оқытудың
мазмұнын, оқу әдістерін тәрбие жұмысымен бірлікте, өзара байланыста
зерттейді. Оқытудың заңдылықтарын ашумен қатар, оқытудың мазмұн−мақсатын,
әдістерін, оқыту формалары мен құралдарын, оқытушы мен оқушының іс−әрекетін
бір−бірінен ажыратпай біртұтас қарастырады.
Биологияны оқыту әдістемесінің зерттейтін обьектісі сол пәнді оқыту
әрекеті. Оқыту, педагогика, дидактика және әдістеме ғылымы тұрғысынан
түсінуге болатын күрделі әрекет болып табылады. Педагогикалық тұрғыдан
қарастырғанда оқыту дегеніміз − жасөспірімнің бойына ұжымдық тәжірибені
сіңіру. Дидактикалық жағынан алғанда, оқыту білім берудің мазмұнын
жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру бірлігі. Ал әдістемелік тұрғыдан
алғанда оқыту − нақтылы оқу пәнінің материалын жасөспірімге жеткізу
ісіндегі сабақ беру мен оқудың бірлігі.
Биологияны оқыту әдістемесі ғылымы оқыту әрекетін әдістемелік деңгейде
зерттейді.
Оқыту әрекетін, тұтастай алғанда дидактика зерттейді. Ол оқыту
әрекетінің мәнін ашып береді, заңдылықтары мен негіздерін саралайды.
Дидактика бір жағынан, оқытудың теориясын жасайды, екінші жағынан сол
теорияны оқыту арқылы оқытудың сарамандығын жетілдіреді. Барлық жеке
пәндерді оқыту, солардың ішінде биологияны оқыту әдістемесі дидактиканың
ашқан жаңалықтарына сүйенеді, оларды өзінің әдістемелік негізі ретінде
пайдаланады.
Жалпы педагогикалық және дидактикалық заңдылықтарға сүйеніп, биологияны
оқыту әдістемесі орта мектептегі химия пәнінің мақсаттары мен міндеттерін
анықтайды. Соларға сәйкес, мектептегі химия курсының мазмұны таңдап
алынады. Ол мазмұн бағдарламаларда, оқулықтар мен оқу құралдарында
баяндалады.
Әдістеменің зерттейтін тағы бір мәселесі−оқытудың ұйымдастыру
формаларын, құралдарын және әдістерін жетілдіру, мектеп алдына қойылған
жаңа талаптарға сәйкестендіру. Бұлар мұғалім мен оқушы еңбегінің арасындағы
қатынасты, оқушының еріктілігін, дәйектілігін және белсенділігін арттыру
жағына қарай бағыттап отыр.
Әдістеме биологияны оқытудың нәтижесін, оқушылардың білім сапасына,
тәрбиесі мен адами тұлғасына тигізген әсерін зерттейді. Оқушылардың
химиялық білімді игерудегі таным әрекетінің ерекшеліктерін және оны іске
жұмылдыру жолдарын іздестіреді.
Тәрбие беру және оқушыларды дамыту − орта мектепте оқытылатын барлық
пәннің міндеті. Бұл салада мектепте өтілетін жиырмадан астам пәннің бірі
ретінде ғана биология өз үлесін қосады. Оның үстіне биология өзінің бұл
міндетін оқу пәні мазмұнының негізінде жүзеге асырады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере келіп, Биологияны оқытудың әдістемесі –
биологиядан білім берудің мазмұнын және биологияны оқыту барысының
заңдылықтарын зерттейтін педагогика ғылымының дербес бір саласы деген
анықтама беруге болады. Мұның алғашқы бөлігі оқытудың мазмұнын, соңғы
бөлігі әрекет етуін қамтиды. Мазмұнды бөліп қараудың себебі де бар.
Мұғалімдер дайындайтын жоғары оқу орындарында биологияны оқыту
әдістемесінің оқу пәні теориялық және сарамандық курстардан тұрады.
Теориялық курстың мазмұны студенттерге арналып, орыс тілінде басылып шыққан
И.Н.Борисовтың, Д.М.Кирюшкин мен В.С.Полосиннің, Н.Е.Кузнецова және т.б.,
Г.М.Чернобыльскаяның әдістемелік оқу құралдарында баяндалған.
Негізгі орта мектептегі Биология пәнінің базалық мазмұнына сәйкес оқу
үрдісін оқушылардың оқу және танымдық ерекшеліктерін ескере отырып
ұйымдастыру қажет.
Білім берудің басты ерекшелігі - әртүрлі іс-әрекеттердің түрлеріне
байланысты оқушы іскерлігінің қалыптасуына ықпалын тигізетін білімдер мен
біліктерді өздігінен игеруге қабілеті бар оқу үрдісінің субъекті ретіндегі
оқушының рөлін жоғарылату болып табылады.
Сондай-ақ биологиялық білім беру бағдарламасының оңтайлығы тіршіліктің
біртұтастығын, дүниенің ғылыми бейнесіндегі орнын, биологиялық үрдістер мен
құбылыстардың мәнін саналы түсінуге аса қажетті жалпыбиологиялық
заңдылықтар мен оқушыларды ертерек таныстырып, мектептің негізгі орта
деңгейінде-ақ олардың жалпы білімдік дайындығының толық болуын қамтамасыз
етуінде, яғни негізгі орта деңгейде биология біртұтас курс түрінде
оқытылып, оның мазмұны дидактикалық дәстүрлі ұстанымдар мен бірге,
тіршілікті тұтас жүйемен қарастыратын концентрлі және абстрактылықтан
нақтылыққа қарай өрлеу арқылы тану дейтін дамыта отырып оқыту идеясының
тұжырымдамалық іргелі ұстанымдарына орай қазіргі заманғы биологиялық ғылыми
білім жүйесі негіздерін тұтастай қамтиды. Мектепте биологиядан білім
берудің түйінді бағыттарының бірі білім берудің әлеуметтік-мәдениетке
бағдарлануы, яғни, мұғалімдер ең алдымен оқушының құндылық-бағдарлы
әрекетін қалыптастыруды, шығармашылық қабілетін дамытуды көздеуі қажет.
Биология оқу пәнінің зерттеу объектілері ретінде тіршіліктің
молекулалық, жасушалық, ұлпалық, организмдік, популяциялық-түрлік және
биогеоценотикалық-биосфералық деңгейлері қара стырылады. Биология
курсындағы тірі жүйелер құрылымдық-қызметтік (молекулалық деңгейден
биосфераға дейін) жүйелілік-құрылымдық және экологиялық-эволюциялық тұрғыда
оқытылады. Сондай-ақ биологияны оқытудағы ерекше орынды биоәлеуметтік және
өз еңбек іс-әрекеттерімен қоршаған ортаны өзгерте алатын тұлға ретінде
қарастыру жатады.
Сонымен қатар ұсынылып отырған бағдарлама тіршілікті жоғары құндылық
ретінде түсінетін, дүниенің ғылыми бейнесіндегі тіршіліктің орны мен мәнін
сауатты бағдарлайтын; теорияларды, заңдарды, зандылықтарды, ұғымдар
жүйесін, биологияның ғылыми және логикалық таным әдістерін жеткілікті
меңгерген; салауатты өмір сүруге, өндірісті экологиялауға, сан-алуан
экожүйелер мен түрлерді қорғауға, сақтауға өз білімін тиімді қолданатындай
біліктілігі бар биологиялық және экологиялық сауатты тұлға дайындауға
бағытталған. Тұлғаның дамуын қаматамасыз ететін, өзінің биологиядан алған
білімдерін әр-түрлі салаларда белсенді іс-әрекеттері арқылы қолдана
алатындай мақсатты анықтау және биологиядан білім беруді соған
мақсаттандыру болып отыр.
Биология пәнінің негізгі мазмұны оқушылардың психофизиологиялық
ерекшеліктеріне сай. Мектептегі биологияның жаңа әдістемесіндегі тірі
табиғаттың біртұтастығы, онымен әрекеттестік қарым-қатынас, оқушы тұлғасы
дамуының қисыны мен оқу пәні қисынының бірлікте қарастырылуы, биологиялық
білімнің жалпы мәдениетегі орнын анықтайтын гуманизация идеялары арқылы
нақтыланып, биологиялық білім мазмұны, құрылымы, құрамы, оны оқыту әдістері
осы идеяларға негізделген. Оқытудың мақсаты мен білім мазмұнының негізіне
алынған дамыта оқыту идеясына, оның ұстанымдарына сәйкес оқу үрдісінде
білім мазмұнының мынандай құрамдас бөліктеріне:
- тірі табиғат туралы алғашқы ұғымдардың болуы, қарапайым деңгейде
биологиялық ұғымдардың дамуына;
тірі организмдердің құрылысы және қызметі туралы түсініктің болуы,
олардың көптүрлілігі және қоршаған ортамен байланысы, яғни жүйелі түрде
биологияны суреттеу деңгейінде оқытуға;
- тірі организмдердің жалпы биологиялық даму заңдылықтары, биологиялық
үрдістер мен құбылыстардың мәні ашуға, биологиялық көптүрлілікті
пайдаланудың маңызы және биосферадағы тепе-теңдікті сақтау, алдыңғы оқыған
оқу материалдарын жалпылауға ерекше назар аударылу қажет.
Сондай-ақ, өскелең ұрпақты рухани-мәдениетпен қанықтыру үшін биология
ғылымының жетістіктерін, қоршаған ортаны қорғау мәселесінде мәдени мұра,
салт-дәстүрлерді білу және салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың
шығармашылық мүмкіндіктерін дамытады.
1.2 Биологияны оқыту әдістемесінің зерттеу әдістері
Осының алдында ғана баяндалған биологияны оқыту әдістемесін зерттеуді
төрт мәселеге топтастыруға болады.
Биологияны оқыту әдістемесі алдымен химия ғылымымен тығыз байланысты
қарастырылады. Себебі, биологияны оқыту әдістемесі мектеп химиясының
мазмұнын анықтауда шешуші роль атқарады. Мектеп химиясы оқушыларға химия
ғылымы ашқан теориялар мен заңдылықтарды, деректерді, ұғымдар мен
түсініктердің негізін үйретеді. Химияны оқыту әдістемесіне өзара жақын
химия ғылымының бір саласы − химия тарихы. Ол химия ғылымының жеке
тарауларын оқытқанда оның даму жолдары мен заңдылықтарын ашуда, ғалымдардың
өмірі мен ғылыми еңбектерін түсіндіруде, элементтердің ашылу тарихын
оқытқанда нақты деректермен көрсетуге мүмкіндік береді.
Сондай−ақ, биологияны оқыту әдістемесі ғылымы дидактиканың заңдары мен
ұғымдарына сәйкес дамиды. Биологияны оқыту әдістемесінің жүйесі мен оған
қойылатын талаптар оқыту әдістерінің дидактикалық сипатталуымен тығыз
байланысты. Ол психология мен физиология ғылымдарымен де байланысты,
өйткені, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес нақты материалдарға
байланысты білім дамытылып отырады.
Бұл мәселелерді шешу үшін биологияны оқыту әдісі зерттеулерде кеңінен
қолданылатын мына әдістерді пайдаланады: бақылау, жорамал жасау,
педагогикалық эксперимент, оқу-тәрбие құжаттарын, оқушылардың жазбаша,
графикалық, техникалық және т.б. жұмыстарын талдау, мұғаліммен және
оқушымен әңгімелесу, анкета алу т.б.
Биологияны оқыту барысында сан алуан өзгерістер болып тұрады. Зерттеуші
өзі ықпал жасамай, табиғи құбылыстарды қаз-қалпында, әр құбылыстың жеке
бөліктері арасындағы байланыстарды, олардың өзге құбалыстармен байланысын,
өзара қарым-қатынасын ашып береді.
Бақылаудан алынған мәліметтерге сүйеніп, ғылыми жорамалдар жасалады.
Оның дұрыстығын тексеру үшін қосымша бақылаулар жүргізіледі немесе
педагогикалық эксперимент қойылады. Эксперимент кезінде құбылыс
бақылаудағыдай емес, зерттеушінің жорамалына сәйкес алдын ала жоспарланып,
өзгертілген жағдайда жүзеге асады. Зерттеудің мәселесі мен мақсаттарына
қарай енгізілетін өзгерістер де әртүрлі болуы мүмкін.
Оқушылардың жұмысын талдау, әңгімелесу және анкета алу арқылы білім,
білік және дағдының қалыптасу жайын, мұғалім мен оқушының зерттеліп отырған
мәселеге көзқарасын анықтайды.
Биологиядан оқу материалын іріктегенде, көрнекі көрсетілетін және
зертханалық тәжірибелерді жетілдіруде, көрнекі құралдардың жаңа түрлерін
жасауда, оқытудың формалары мен әдістері қолданылады. Оларға жататындар:
оқу материалын іріктеу, химия ғылымының мазмұнын әдістемелік талдау,
бұрыннан қолданылып келе жатқан көрнекіліктерді, зертханалық тәжірибелерді,
көрнекі құралдарды жетілдіру және жаңадан ұсыну, оқушылардың өздігінен
істейтін жұмыстарының тапсырмаларын жасау, т.б.
Биология жаратылыстану ғылымдарының жүйесінде физика, химия, геология
ғылымдарымен тығыз байланысты. Қазіргі заманғы ғылымдардың көптеген
тараулары осы ғылымдардың түйісу шегінде қалыптасқан: физикалық химия,
геохимия, биохимия. Әсіресе, химия мен биология арасындағы терең байланыс
негізінде медициналық химия, агрохимия секілді жаңа ғылым салалары дүниеге
келді. Сонымен қатар, экология, геохимия, космостық медицина секілді
кешенді ғылымдар қалыптасты.
Биология ғылым ретінде пайда болғалы бері химиямен және физикамен тығыз
байланыста дамып келеді. Физиканың көптеген тараулары (молекулалық-
кинетикалық теория, кванттық механика, термодинамика және басқалары) химия
ғылымының ғылыми-теориялық аппаратын құрайды. Қазіргі кезде химия ғылымында
пайдаланылып келе жатқан әдістер негізінен физикалық әдістер болып
табылады. Олар массаның, көлемнің, жылудың сандық өзгерісімен байланысты.
Рентгендікқұрылым, заттарды хроматографиялық бөлу, спектралды анализ
әдістері – бұл заттарды және химиялық реакцияларды зерттеудің физикалық
әдістерінің мысалы. Ал осы зерттеулер нәтижесінде алынған барлық мәліметтер
математикалық жолмен өңделеді. Сонда ғана химиктер нақты ғылыми нәтижелер
алады.
Сонымен қатар, биологияны оқытуда тірі ағзаның әртүрлі күйдегі
макроскопиялық қасиеттері мен заттың бір күйден екінші күйге өтуінің
заңдылықтарын түсіндіруге мүмкіндік беретін материяның атомдық-молекулалық
құрылысы туралы түсініктерге негізделген молекулалық физиканың маңызы
үлкен. Химия – заттардың бір түрден екінші түрге айналуын, құрамы мен
құрылысын зерттейтін ғылым. Басқаша сөзбен айтқанда, химияда да,
молекулалық физикада да заттың құрылысы мен қасиеттері негізге алынады,
соған қарамастан заттың құрылысы мен құрамының оның химиялық қасиеттеріне,
ал молекулалық физикада физикалық қасиеттеріне әсері негізге алынады.
Осыған байланысты орта мектепте химия мен молекулалық физиканы
байланыстыра оқыту мәселесі қарастырылады.
Мектептегі химияны оқытуда оның молекулалық физикамен байланысы екі
бағытта көрініс табады. Біріншісі оқушылар меңгерген молекулалық ережелерін
химия сабақтарында пайдалануға негізделген. Екіншісі химиялық білімдер
негізін молекулалық физикада зерттелетін мәліметтермен толықтыру болып
табылады.
Айта кеткен жөн, қазіргі уақытта VII – XI сыныптарға арналған оқулық
бағдарламалар бойынша молекуалық ілім химияда да, физикада да дамып келеді.
Бұл жерде оқулықтардағы сәйкес материал осы екі пәннің алдын ала
қарастырылған мәліметтеріне сүйенеді. Сондықтан, оқытушының оқу
материалының мазмұны мен осы пәндер негізінде оқушылардың алған
тәжірибелерін білуі белгілі бір тақырыпты терең меңгертуді қамтамасыз
ететін басты фактор болып табылады.
Бұл ғылымдардағы химиялық білімдердің ролі заттардың биологиялық жүйеде
де, геологиялық жүйеде де бола отырып, дүние жүзілік зат айналымына
қатысуына негізделеді.
Химия ғылым мен техниканың басқа салаларымен де тығыз байланысты.
Химияда математикалық әдістер кеңінен қолданылады, процестерді есептеу мен
модельдеуде электронды есептеуіш машиналары пайдаланылады. Қазіргі заманғы
химияда көптеген жекелеген тараулар бөлініп шықты: бейорганикалық химия,
органикалық химия, полимерлер химиясы, аналитикалық химия, электрохимия,
коллоидты химия және басқалары.
Күнделікті тез өзгеріп жатқан дүниеде еліміздің жоғары білім беру
жүйесінің халықаралық білім беру кеңістігіне тез интеграциялануы үшін,
білім беру сапасына деген жауапкершілікті күшейту қажет. Қазақстан
Республикасында білім беру жүйесіндегі модернизациялау үдерісі - білім
мазмұны мен сапасын арттыру, білім берудің ұлттық моделін жетілдіру,
ақпараттық технологиялар жөнінде жаңаша педагогикалық көзқарас
қалыптастыру секілді кешенді шараларға тікелей қатысты. Әлем тәжірибесі
көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің экономикалық жетістігі сол елдің
білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты. Өйткені білім
арқылы ғана қоғамның интеллектуалдық капиталы мен инновациялық әлеуеті
қалыптасады. Осыған байланысты адамның білім-білік капиталына қатысты
экономиканың өрістету мәселесі туындайды. Бұл орайда инновациялық экономика
білім жүйесін - өндіріс саласының басымдығы ретінде айқындай түседі.
Бүгінгі өркениет білім парадигмасын өзгертуді талап етеді. Әрқашан
қолдау мен көмекті қажет ететін білімнің орнына ауқымды жобалар мен
инновациялық жобаларға негізделген саланы ғана емес қоғамды да алға
тартатын инновациялық білім келуі тиіс. Оны өткізудің мақсаты - Қазақстан
Республикасындағы практикалық маңызы бар ғылым мен білімді дамытудың
басым бағытына сәйкес келетін инновациялық жобаларды іріктеу, аймақтағы
ғылыми-зерттеулерді дамыту және аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін
ғылым мен білім жетістіктерін пайдалану. Қазір жаһандану дәуірінде
интеграциялық процестердің қарқынды дамып отырғандығының куәсі болып
отырмыз. Сондықтан ұлттық білім саласы әлемдік білім кеңістігіне
кірігусіз дербес дами алмайды.
Жаңа ғасырдың шынайы кілті саналатын сол жаһандану білім саласына
мықтап енді. Соның арқасында әлемдік экономиканың интеграциялануы, жаңа
ақпараттық технологиялардың пайда болуы кең қанат жайды. Жаратылыстану
ғылымдарының (физика, химия, биология, география) объективті негізі, ол
ғылымдардың зертелуіндегі әртүрлі формада яғни материя қозғалысы
(Ф.Энгельс бойынша) және материялық ұйым (Б.М.Кедров бойынша) яғни
физикалық, биологиялық, геологиялық зерттелу формасында болуы. Сондықтан
химия, физика мен биологиядан аралық орын алады.
Бұл айтқандардан қазіргі химиялық білімнің даму этапы, тек қана
химияның ғана емес, физика мен биология сияқты аралас ғылымдардың дамуына
да байланысты. Физика жаратылыстану ғылымының теориялық жағынан лидері
болады, яғни химияда болсын, биологияда болсын, кванттық механикада болсын,
термодинамикада болсын құбылыстарды молекула ішілік тұрғыдан түсіндіру
керек. Биология өмір туралы, тірі табиғат туралы, адамдардың тіршілігі
туралы түсіндіретін алдыңғы қатардағы ғылым.
Оқулықтардағы негізгі интеграция олардағы пән аралық байланыс. Туыстас
пәндердің оқу материалына кіріспе ретінде 1982 ж мемлекеттік оқу
программасына енді. 1980 жылдардың ортасында химия мұғалімдерінің зерттеу
жұмыстарында да пәнаралық байланыс (биология және география) қолданылды.
Зерттеушілердің ойы бойынша оқу процесінде пәнаралық байланыстың
маңызы зор, ол байланыс білімді толықтырады, растайды, оқушылардың білімін
ішкі байланыстарды
реттеу арқылы білім мен біліктілікті бекітеді және қоршаған орта
туралы түсінік қалыптастырады. Бірақ пәнаралық байланыс толық интеграция
емес, оқу процесіндегі интеграция оқу үрдісіндегі ерекше жүйе, яғни
жақындастыру, біріктіру бір жүйеге келтіру.
Н.Ф.Винокуров интеграцияны былай қарастырады:
а) бір жүйеге келтіретін байланысты дамытушы.
б) байланыстырушының жүйелілік мәні
в) жалпы философиялық түсініктің төменнен жоғарыға дамуы ретінде
қарастырады.
Көптеген зерттеушілердің пікірінше мектеп базасында интеграция мақсат
пен оқу құралы ретінде қарастырылады. (В.С.Безруков мақсат ретінде)
интеграция оқушыларға қоршаған ортаны бірегей қабылдау, құбылысты жан-
жақты зерттеу, (практикалық, теориялық, т.б.) Оқу құралы ретінде,
пәнаралық байланысқа жаңа көзқарас, жаңа түсінік қалыптастырады. Бірегей
және біртұтас жүйе ретінде интеграция сабақтан тыс уақытта жаңа тиімді
технология, және оқыту әдісі ретінде қарастырылады. Сонымен қатар пән
интеграциясы жаңа білім қалыптастырып, алған білімді байытады.
Биологиялық білімнің қазіргі кездегі теориясы мен практикасының
сараптамасы бойынша интеграцияның көп тараған бағыты химиялық,
биологиялық, экологиялық білімді байланыстыру.
Қазіргі этап бойынша экологиялық проблеманы шешудегі биология мен
химияның рөлі:
а) химия атмосферадағы, топырақтағы, сулы ортадағы заттардың
құрамын, қасиетін, құрылысын білу арқылы биологиялық өзгерістерін
түсіндіреді.
б) элеметтердің биогеохимиялық процестердегі айналу механизмін
зерттеу және оларды өндіріске енгізу арқылы экожүйеге айналдыру.
в) әртүрлі химико-аналитикалық бақылау негізінде қоршаған орта немесе
дайын өнім туралы мәлімет алып, оның зияны немесе оларды тазалау немесе
қорғау т.б туралы мәлімет береді.
Осындай экологияландырылған биология курсы біздіңше оның ерекше рөлін
аша түседі және табиғатты қорғау, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға
мүмкіндік береді.
Түсінік интеграциясы – биологиялық білім екі деңгейде қарастырылады,
себебі оның екі түрлі түсінігі бар.
- Табиғат қорғау білімі – экологияны тірі ағзалардың бір-біріне және
қоршаған ортамен
әсері деп түсіну.
- Қоршаған орта туралы білім адам мен табиғаттың бір-біріне әсері
деп түсіну. Осыған байланысты химияға экологиялық мазмұндағы түсінік
интеграциясының 2 бағыты пайда болады.
1 бағыт – Экологиядан - химияға
2 бағыт – Химиядан - экологияға
Мұнда биология сабағында экологиялық түсінік беру. Мысалы: Оттегі
тақырыбында адамның әсерінен және газ құрамының өзгеруінен ауаның ластануы
деген түсінік қалыптасады.
Біздіңше, химиялық-экологиялық білімнің түсінік интеграциясы кең.
Себебі, химия курсында заттардың табиғаттағы айналымы туралы, ал
экологияда бұл табиғи заңдылық химия мен қатар экологиялық (биогеохимиялық
айналым) түсінік береді.
Биологиялық, экологиялық және табиғатты қорғау түсініктері бір-
бірімен тығыз байланысты. Мысалы: химиялық элемент деген түсінік тірі
және өлі табиғаттың сапалық және сандық құрамы, биогенді элемент (тірі
ағзаның тіршілігіне қажетті элементтер) макро және микроэлементтер мен
олардың биологиялық қызметі туралы түсінік қалыптастырады.
Биология сабақтарындағы зат ұғымын зерттеу процессінде, оқушылардың
көңілін заттың кейбiр ең маңызды деген биологиялық функцияларын жеке
организм деңгейінде қарастырғандай, экожүйе немесе жалпы биосфера
деңгейінде де қарастыруға аудару, оларға экожүйедегі концентрациясына
байланысты заттың екі жақты рөлі туралы, табиғи қоршаған ортаның ластануы
және ластанудың көздері туралы әңгімелеу, тіпті егер сол немесе бiр
заттардың БМК-сы шектен шықпаған жағдайда да, заттардың азықтық тізбек
бойынша алға жылжуындағы биологиялық жинақталу процессiн ескеруге
мүмкіндік беретін, барынша мүмкiн концентрациялар (БМК) зиянды
қосылулардың дифференциациясы және шектеуші экологиялық фактор сияқты
жаңа ұғымдар енгізу керек есептейміз.
Биологиялық бiлiмнiң iскерлiк интеграциясы биология бойынша оқу
тәжiрибесiне пәнаралық бағыт беру жолымен iске аса алады. В.И. Шилов
интеграцияның осындай жолын ұсынады. “Биофобия жағдайында - биология
мұғалімінің алдында тек, мектеп бағдарламасында биология сабағы бойынша
алдын-ала қарастырылған, барлық тәжірибелердің міндетті түрде орындалуы
ғана емес, сонымен қатар мектептің биология кабинетін оқушыларды жан-жақты
тәрбиелеу орталығына айналдыру керек. Биологиялық тәжiрибенi анығында
әртүрлi варианттарда орындауға болады, тіпті оны орындауға тұрмыстық
қалдықтар мен көптеген, мектептің бөлмелерінен, ұстаханасынан,
асханасынан, фотозертханасынан шығарып тасталынған заттарды пайдалануға
болады.
Мақсатты, берілген жағдайда, мұның бiрiншi ерекшелiгi онда сабақтың тек
дәстүрлi:
• дидактикалық есептерi ғана емес, сонымен бірге оқу
кiрiгуiнiң(интеграциясының) есептерiнiң жүйесi де болуында;
екiншi ерекшелiгі - схемада көрнекi көрсетілген жеке-дамушы
тапсырмалардың басты маңыздылығында;
• iс жүргiзу, яғни интеграцияланған сабақты әзiрлеу және
өткiзуіндегі мұғалiмдердiң
• қызметiнiң негiзгi кезеңдерi бойынша;
• маңызды, құрамында интегралдалатын ғылыми-жаратылыстану пәндерінің
оқылытын
• тақырыптардың мазмұны бар.
Интеграцияланған сабақтарды өткiзудегі тәжiрибе мұндай түрдегі ұғымды
(оптимальді) сабақ – бұл өткен материалды қайталау, бекiту немесе
жалпылау екенін көрсетедi.
Интеграцияланған сабақтар келесi жаңа сапалы нәтижелерге жетуге
мүмкiндiк бередi:
- оқушылардың ойлауын дамыту, мұндай сабақтар кезінде олар белсенді
түрде талқылап, салыстырып, қажеттi қисындық (логикалық) байланыстарды
өздігінен тұрғыза отырып, қорытынды жасайды;
- оқушылардың танымдық қызметiнiң белсенділенуі, оның дербестiгi мен
зерттеушiлік сипатының жоғарылауы;
- сабақтың әрбiр минутында танымдық қызметке iс жүзiнде әрбiр оқушының
қатыстырылуы;
- оқушылардың оқу еңбегiнiң тиiмдi дағдыларын, соның iшiнде екпiннiң
жоғарылауы есебiнен атқарылатын жеке операцияларды құрастыру;
- өзiндiк бірпәндiк сабақ беруге дағдыланған, әдiстемелiк стереотиптер
қатарынан бас тарту есебiнен ұстаздың кәсiби шеберлігінің өсуi.
Оқу пәндерi негiзiнен мына принциптер негiзiнде интеграцияланады:
1) интеграцияланатын оқу пәндерi бiрдей объектiлердi зерттейдi;
2) интеграцияланатын оқу пәндерiнде бiрдей зерттеу әдiстерi
пайдаланылады;
3) интеграцияланатын оқу пәндерi ортақ жалпы заңдылықтар, бiрдей
теориялық концепциялар негiзiнде құрылады.
1.3 Биологияның жаратылыстану пәндері жүйесіндегі ролі
Биология ғылымының негізі әр түрлі салаға бөлініп, тіршілікті жан-
жақты түсіндіреді, бірақ оқушылар сол заңдылықтар мен табиғат құбылыстарын
түсіне бермейді, сондықтан оларға жақын және оңай әдісті қолданып,
ынталарын өзіңнің пәніне бұру керек. Мен сол жаңа заман оқушыларының тілі
ақпараттық құралдар деп ойлаймын. Маңызды тақырып ретінде жалпы биология
бөлімі генетиканы үйретуде жаңа технологиялардың ролі туралы айтуға болады.
Оқушыларды қызықтырып, мазмұнның мәнін ашу. Жаңалыққа жақын тұрып өзіндік
білім деңгейін көтеру басты міндет.
Биология ғылымының бірнеше саласы бар, солардың бірі генетиканы сөз
алдына алғаным жөн, өйткені мектептегі оқушылар бұл бөлімді бірнеше сағат
жүйесінде ғана қамтып, тереңдей үңіле, оның қызықты да, маңызды қырларын
біле білмейді, тек суреттер арқылы абстрактілі ойлау қабілеттерімен түсіне
алады. Осы мәселені жою үшін оқу үрдісімде тек қана осы тақырыптарды
түсіндіргенде ғана емес, басқа да күрделі тақырыптарды оқытқанда жаңа
технологиялар, ақпараттық құралдар, интербелсенді тақтаны, электронды
оқулықты, ғаламтор қоржынын пайдалануға тырысамын. Генетика (грекше
генезис-шыққан тегі) организмдердің тұқым қууы және өзгергіштігі туралы
ғылым. Генетиканың негізгі мақсаты - тұқым қуу мен өзгергіштіктің заңдарын
ашу, оларды басқару жолдарын анықтау, организмдердің адамға қажетті жаңа
формаларын, түрлерін өсіріп шығаруды зерттеу. Осы бағытқа баланы баулу ең
алғаш қарапайым жасуша ішіндегі хромосоманын суретін көрсетіп, ген қалай
орналасатынын түсіндіріп, баланы ынтықтыруымыз керек. Тұқым қуу дегеніміз-
тірі организмдердің табиғи қасиеттерін, белгілерін, өздеріне ғана тән
биосинтезді және зат алмасуды ұрпақтан ұрпаққа беріп қайталап отыруы. Ал
өзгергіштік дегеніміз ұрпақтардың ата тегінің айнымайтын көшірмесі болмауы,
ол бір тұқымдас арасындағы, ұрпақпен ата тегінің арасында тұқым қуу арқылы
немесе қоршаған ортаның әсерімен пайда болатын өзгерістер. Сондықтан
отбасында неше бала болса, өзгеше болып, әр түрлі қасиетті иеленіп туатынын
түсіну керек.
Эволюция процесі тұқым қуу, өзгергіштік және табиғи сұрыптаумен тығыз
байланысты. Оның негізгі бағыттаушысы және қозғаушы күші-табиғи сұрыптау.
Бірақ эволюциялық процесс жүру үшін организмдер мен түрлер арасында өте
ұсақ болса да айырмашылық керек, былайша айтқанда өзгергіштік керек. Демек,
өзгергіштік табиғи сұрыптауға керекті материалдар дайындап беріп тұрады.
Эволюция барысында табиғи сұрыптау арқылы сақталып қалған тұқым қуалайтын
ерекшеліктер ғана маңызды. Осы жерден бастап эволюцияның ең бір негізгі
бағыттаушы күші – тұқым қуалаушылық қатысады. Ол табиғи сұрыптау арқылы
түрдің даму кезіндегі жеткен жетістіктерінің деңгейін бекітіп (қоршаған
ортаға төтеп беруі), өзгергіштіктерінің жаңа түрлерінің басқа деңгейде
пайда болуына мүмкіндігін туғызады. Сондықтан генетика организмдердің тұқым
қууы және өзгергіштігін зерттейтін ғылым бола тұрып эволюциялық іліммен өте
тығыз байланысады. Ол байланысты көрсету үшін интебелсенді тақтада жешіре
және суреттер арқылы түсіндіруге болады. Тұқым қуу процесі дегеніміз-тірі
организмдердің өзін-өзіне, болмаса ұқсас түрлерді туғызуы. Организмдердің
өсіп жетілуі, ұзақ мерзімде үздіксіз өмір сүрумен қатар олардың өзгеруі,
қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты түрлердің әсері эволюциялық сатыда
өзінің орнын табады. Сол себептен тұқым қуалаудың жан-жақты салаларын
зерттейтін генетика ғылымы биология ғылымдарының ішіндегі ең бастысы, ең
негізгісі болып табылады. Сондықтан биологияның басқа тараулары осы ғылымға
үлкен өзеннің көл салаларындай келіп тоғысады. Осы заңдылықтардың
қырларымен сыр сипатын жаңа технологиялар арқылы баланың санасына құя
аламыз. Заман талабына сай жаңалықты игеру, оны жұмыста қолдану жүйелі
үрдіске айналуы қажет. Мұғалімнің компьютерді игеріп, оның тілімен сөйлеп,
керекті бағдарламамен жұмыс істей білсе және оқушыларға жүйелеп, бір сағат
көлеміне енгізіп, мазмұнды сабақ өткізсе, нәтижелі де білімді ұрпақ
тәрбиелей аламыз. Жер бетінде жануарлардың 1 миллионнан астам,
өсімдіктердің 500 мыңнан астам түрлері өмір сүреді. Эволюциялық даму
кезінде осыншама түр өзгешеліктері бірімен – бірі және қоршаған ортамен
келісімді үйлесім тапқандығын бейне көрініс арқылы ұсынсаңыздар болғаны.
Тұқым қуалау және өзгергіштіктің заңдылықтарын талдап зерттеу, жер бетінде
тіршіліктің пайда болу процестерін, түрлер эволюциясын түсіну үшін қажет.
Осы заңдылықтарды, қолдан сұрыптауды пайдалана отырып өсімдіктердің және
жануарлардың жаңа түрлерін шығаруға немесе осы күнгі мал және өсімдік
түрлерін одан әрі жетілдіруге болады. Тұқым қуалаушылықтың бір ерекшелігі
оның тұрақтылығы, бұл да сол табиғи сұрыптаудың салдары. Көп түрлердің
ұрпақтарының қоршаған ортаға тек қана төтеп бергендігі емес, олардың
түпкілікті тұқым қуу қасиетін сақтап қалуының себебі де осында. Табиғатта
түр тармағындағы организмдер әр түрлі тіршілік ортасы жағдайына тап болып
өсіп-өнуге байланысты олардың тұқымы өзгеріп, табиғи сұрыптау нәтижесінде
жеке және өзге тұқым қуу қасиеттері бар басқа түрлер түзеді. Тұқым
қуалайтын өзгерістер кездейсоқ және әр түрлі бағытта жүреді. Осы
заңдылықтар мен өзгерістерді көрсету үшін ғаламтордағы бейне материалдарды
балаларға көрсету оқу үрдісін нәтижеге жетелейді. Генетика ғылымын жете
түсіну барысында ұлы ғалымның еңбегі зор. Тұқым қуудың негізін түсіну үшін
Грегор Мендельдің (1822-1884) жүргізген тәжірибелері үлкен әсер етті. Оның
өсімдіктерді будандастыру арқылы ашқан заңдылықтары осы күнгі зерттеулерге
де арқау болып келеді. Ұлты чех, Брюнне (қазір Брно) қаласындағы францискан
монастырының монахы, табиғаттану сабағын бере жүре бағбандықпен айналысқан.
Ол көп жылдар бойы бос уақытының бәрін әр түрлі мәдени өсімдіктерді
шағылыстырып, қолдан тозаңдандыру арқылы көп тәжірибе жұмыстарын жүргізгені
туралы суретпен немесе бейне көріністермен жеткізуге болады. Негізгі
тәжірибе құралы ретінде ол бұршақтың бір-бірінен әртүрлі белгілері арқылы
айырмасы бар түрлерін пайдаланған. Зерттеу кезінде байқап отырғанымыздай
биология мен математика ғылымдарының тығыз байланысы көрінеді. Осының
арқасында Г.Мендель қатаң тәртіппен ұрпақтан ұрпаққа берілетін белгілі
бірліктер болатындығы туралы ілім жасаған. Бұл бірліктерді ол тұқым қуу
факторлары деген, кейіннен бұл факторлар ген деп аталды. Генді зерттеу
тарихының атомды зерттеу тарихымен кейбір ұқсастығы бар. Әуелі тұқым
қуалаушылықтың қарапайым бірлігі болуы керек деген болжау пайда болды.
Ғылымның дамуына байланысты олардың материалдық құрылысы, құрамы ашылды,
оның адам басқара алатындай өте ұсақ бірліктері бөліне алатындығы
анықталды. Тұқым қуудың Г.Мендель ашқан заңдылықтары: жыныстық өсіп-өну
кезіндегі нәсілдік қасиеттердің ұрпақтан ұрпаққа тұқым қуу арқылы берілу
селекциялық және сұрыптау жұмыстарында генетиканың заңдарына сүйенеді.
Сондықтан, тұқым қуудың заңдылықтарының білудің мал тұқымын асылдандыруда
пайдасы өте зор. Ол заңдылықты білмей сұрыптап алу және жұп таңдау немесе
будандастыру үшін қажет тұқымдарды таңдап алу өте қиын. Қазіргі кезде
генетиканың ауыл шаруашылық жануарлары, өсімдіктер және микрооганизмдер
селекциясында алатын орын белгілі. Генетика селекциясының теориялық негізі
ретінде танылады. Оның ішінде өсімдіктермен жануарлар селекциясының
генетикалық негіздері дербес дамуда. Селекциядағы будандастыру және
сұрыптау жұмыстары жалпы және популяциялық генетиканың заңдарына сүйенеді.
Организмдердің тұқым қуатын өзгерістерін тездету үшін, жаңа формалар алу
үшін физикалық және химиялық мутагенез әдісі қолданылады. Мұндай жасанды
мутагенез саласында микроорганизмдерге қатысты жұмыстар табысты болып отыр.
Жасанды мутация әдісімен арпаның, бидайдың, күріштің сұлының, бұршақтың
жаңа сорттары алынды. Жүгері түсімін 30-40% арттыруға және шошқа мен тауық
тұқымын жақсартуға себеп болған басқарылатын гетерозис әдісі де генетика
табыстарына жетелейді. Қазіргі кезде мал тұқымын асылдандыру жұмысы тек
дарынды селекционерлердің мол тәжірибесіне сүйеніп қана емес, селекцияның
ғылыми негізі- генетика ғылымының тиянақты заңдылықтарына сәйкес жүргізілуі
тиіс. Г.Мендель ашқан белгілердің тұқым қуалаудағы заңдылықтары да маңызын
күні бүгінге дейін жойған жоқ, керісінше, шаруашылыққа тиімді кейбір
белгілер бойынша нәтижелі сұрыптау жұмысын Г.Мендельдің заңдарын білмей,
оларды басшылыққа алмай жүргізуге болмайды. Қазіргі мәселердің бірі: тұқым
қуалаушылық қасиеттерінің ұрпақтан ұрпаққа тез берілуі (тұқым қуалайтын
аурулар болса), егер ол зиянды әрекеттер тудырса қауіп тудыратыны болады.
Сол өзгерістерді түсіндіру қазіргі заман технология жетістіктерінің
мүмкіншілігі мол.
Философияда биология мәселесі физика мен математикаға қарағанда алдыңғы
орында тұр. Бұған таң қалуға болмайды. Физика мен математикада біз
экстремалды таным жағдайларын табамыз, олар бізді адам түсінігінің
шекарасына дейін алып барады. Физика адамның табиғат құпияларына
қаншалықты терең ене алатынын, оған заттың ұсақ бөлшектері, әлем
элементтері, ғаламның шексіздігі қаншалықты бағынышты екендігін көрсетеді.
Математика қатаң, нақты, конструктивті ғылыми пайымдаулардың үлгілерін
береді. Ал биология физика мен химияға сүйене отырып, өзінің материалды
өндіріске, экономика мен тұрмысқа кең көлемде еніп кеткендігімен
ерекшеленеді. Қазіргі кездегі ғаламдық мәселелер белгілі бір дәрежеде осы
ғылыммен байланысты.
Барлық философиялық сұрақтар секілді, биология пәні туралы мәселе де
тарихи маңызға ие. Абсолютті идеяның қалыптасу тарихын бейнелейтін
Гегельдің Логикасында обьективтілікті үшке бөліп қарастырады: механизм,
химизм және организм. Механизм – бұл өзара рухани байланысы бар
бөлшектердің қосылысы. Механизмде ішкі тұтастық болмайды. Тірі заттардың
табиғатынан туындайтын біртұтастықты білдіреді. Механикалық қосылысқа
қарағанда, химиялық қосылыс өзінің комбинацияға жатпайтын спецификасына ие.
Ал организм телеологиялық табиғатқа ие құрамдық бөліктердің бірігуін
білдіреді, яғни организм жанды нәрсе.
Гегельдің бұл идеясын жетілдіре отырып, Ф.Энгельс төменнен жоғары қарай
даму идеясын ұсынды. Энгельс механизм, химизм, организм ұғымдарының
орнына материя қозғалысының механикалық, физикалық, химиялық және
биологиялық формалары деген ұғымды ұсынды. Ол механикалық қозғалысты
төменгі, ал биологиялық қозғалысты ең жоғарғы қозғалыс деп санады,
физикалық және химиялық қозғалыстарды аралық өтпелі формаға жатқызды.
Материя қозғалысының химиялық формасы туралы пікірталастар осылай басталды.
Ал ХХ ғасырдың соңында орыс философы Б.М.Кедров философия ғылымына
биологиялық сына идеясын енгізді. Оның ойынша химия физиканы екі бөлікке
– субатомдық және молекулалық физикаға бөледі. Ол тіршіліктің химиялық
формасы осы екі физиканың қатысуымен пайда болады деп атап көрсетті және
химиялық байланыс, химиялық қосылыстар ұғымдарын квантты-механикалық
түсіндіруге тырысты. Осылайша, Энгельстің идеялары негізінде қалыптасқан
Кедровтың қозғалыстың химиялық формасы концепциясы дамыды және бірқатар
отандық философтардың қолдауына ие болды.
Ал Вавилов бастаған екінші бір философтар тобы қозғалыстың химиялық
формасы биология ғылымынсыз мүмкін емес деген пікір айтып, физиканың ролін
екінші сатыға ысырды. Олардың идеялары бойынша, тіршіліктің химиялық және
биологиялық формалары бірін-бірі толықтырып отырады. Себебі, биосферада
негізгі зат және энергия айналымдары жүреді.
Химия заттар, олардың қасиеттері мен өзгеру түрлері туралы ғылым. Ол
қазіргі жаратылыстанудың маңызды саласы болып табылады. Жаратылыстану
ғылымдары жүйесіндегі орны тек соған ғана тән материяның қозғалу формасының
спецификасымен анықталады. Материя қозғалысының химиялық формасы
молекулалардың сапалық өзгерісі кезінде молекулалардың ішінде жүретін
атомдар қозғалысымен анықталады. Атомдар, молекулалар, макромолекулалар,
иондар, радикалдар, сонымен бірге басқа да түзілімдер материя қозғалысының
химиялық формасының материалдық тасымалдауыштары болып табылады.
Молекулалардың ассоциациясы мен диссоциацияларын да молекулалар
қозғалысының химиялық формасына жатқызуға болады. Қозғалыстың химиялық
формасы сапалық тұрғыдан таусылмайды. Табиғатта және жасанды жағдайларда
барлық жаратылыстану ғылымдары (физика, химия, биология, геология,
математика т.б.) арасындағы өзара байланысты тұрақты бақылауға болады.
Химия, физика және биология ғылымдары физикада қалыптасқан әдістер мен
түсініктерді кеңінен пайдаланады; күрделі биологиялық құрылымдарды химия,
биология және математиканың көмегімен ғана ашуға болады.
Орыс ғалымы М.В.Ломоносов: Химия ғылымы денелердің қасиеттері мен
өзгерісін, құрамын қарастырады, химиялық өзгеру кезінде заттар неге
ұшырайтынын түсіндіреді,- деп анықтама берді.
Алайда, жоғарыда айтылғандардан химия пәні туралы мәселенің ролін
анықтаудың мағынасы жоқ, ол әлдеқашан шешілген деген тұжырым жасауға
болмайды. Химияның математика, физика, биология секілді жаратылыстану
ғылымдары арасындағы ролі әлі толық зерттелмеген. Сондықтан оның әлі де
берер жемісі мол.
Қазіргі кезде кез-келген білім ошағында жаратылыстану пәндерін оқыту
алдыңғы орынға қойылады. Себебі, өндірісті дамыту үшін ең алдымен оның
ғылыми базасы болуы қажет, ал ғылыми базаны қалыптастырушы ғылымдар жүйесі
болып табылады. Еліміз шикізатқа бай болғандықтан, алдымызда оны тиімді
пайдалану міндеті тұр. Бұл бағытта бізге жаратылыстану бағытындағы
мамандықтар көмекке келеді. Сондықтан, еліміздегі физик, химик, математик,
биолог секілді жаратылыстану бағытын меңгерен мамандарға сұраныс келешекте
өсе түсетіні даусыз.

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ретінде
Оқушылардың оқу жұмысын сәтті ұйымдастыруда оның өзіндік жұмыстарының
маңызы ерекше.
Бүгінгі таңда оқушылардың үзіліссіз білім алу міндеттерін жетілдіруге
сай мектеп мұғалімдеріне олардың ойлау қабілеттерін одан әрі арттыру,
танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар өзіндік
жұмыстарына қатысты іскерліктері мен дағдысын тәрбиелеу талап етілуде. Ол
үшін өзіндік жұмыс оқушылардың тек үй жұмысын орындау барысында ғана
емес,оқыту процесінің өн бойында өз орнын табуы тиіс. А.Байтұрсынов:
оқушының өзіндік жұмысының маңызын бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен
алуы керектігін атап айтқан болатын. Жалпы білімге деген құштарлық- кез
келеген сыныптағы балаға тән қасиет. Күн сайын жаңа бір нәрсені білуге
ұмтылу -бала үшін зор қуаныш, үлкен мерей. Ал,В.Г.Лембергтің пікірінше,
өзіндік жүмыстарды ұйымдастыру мына шарттарға байланысты:
жұмыстың мақсатын айқын түсінуі;
жұмыстың жемісті аяқталуына оның алдағы нәтижесіне қызығуы;
жұмысты өз еркімен,қалауымен орындауы.
Оқушының-таным әрекетін арттырудың тиімді құралдарының бірі- оқушының
өзіндік жұмысы мен өздігінен білім алу әрекеті. Өзіндік жұмыс істеу
іскерліктері мен дағдылары, сөзсіз, ой еңбегінің мәдениетімен байланысты.
Білімді игеру барысында оқушы кездесетін қиыншылықтарды жеңуде табандылық
еске сақтау,кітаппен жұмыс, байқау және жазба жұмысын жүргізе білу, ой
әрекеттерінің бірқатар тиімді тәсілдерін игеру, өзін бақылай білуі керек.
Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:
мұғалімнің нақты тапсырмалар ,нұсқаулар беруі;
жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;
мұғалімнің басқаруымен оқушының дербестігінің мөлшері;
олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеу, оған әсер ететін
мотивтер.
Өзіндік жұмысты мұғалімнің дұрыс басқара білуі және оқушының дербестік
әрекетінің деңгейінің артып отыруы - осы жұмысты ұйымдастырудың негізгі
белгілері болып табылады. Оқушылардың дербестігінің даму деңгейіне қарай өз
бетінше істейтін жұмыстарды репродуктивтік және шығармашылық деп арнайы екі
топқа бөлуге болады. Оқушының өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында
мынадай қасиеттер қалыптасады:
1.Өзбетінше ойлану біліктері мен ізденімпаздығы.
2.Оқуға деген қабілетінің артуы.
3.Берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және тиімді игеру
4.Басқа оқушылардың түсіндірмелеріне сын көзбен қарау.
5.Өз ойының дербестігі.
Оқушының өз бетінше кітаппен жұмыс істеу, бақылау, жаттығу, экперимент
жүргізіуі іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру. Репродуктивтік жұмыстарға
- оқушының дайын үлгіге қарап жасайтын жүмыстары (көшіріп жазу, жаттығулар,
мұғалімнің сұрақтарына жауап беру, оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу, сабақ
үстінде орындаған тапсырмаға ұқсас тапсырманы үйде орындау т.б.) жатады.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының жоғарғы формасына олардың өз еркімен жаңа
амал- тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады.
Шығармашылық жұмыстар - оқушының өздігінен баяндама, реферат, модельдеу,
көрнекі құралдар жасауы т.б. Өзіндік жұмыс танымдық іскерлігі мен
дағдыларын қалыптастыруда, болашақта білімді өз бетінше жинай алу
қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады, ойлауды жандандырады және оқып
үйренуде оқушылардың жалпы белсенділігін арттырады. Оқушылардың әртүрлі
өзіндік жұмыстары негізінде сабақтың нәтижесін және таным қабілеттерінің
белсенділігін арттыруға болады. Оқушылардың танымдық белсенділігі - оқуға
қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде, практикада пайдалана
білуге, үйренуге оқушының істейтін саналы әрекеті. Оқыту процесінде
оқушының белсенділігі екі түрлі сипатта болады: сыртқы және ішкі
белсенділік.
Сыртқы белсенділік дегеніміз - оқушы әрекетінің сыртқы көріністері
(белсенді қимыл қозғалыстары, мұғалімге зейін қойып қарауы, мимикасы т.б.)
бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін. Оқушының ішкі
белсенділігі - оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Оқушының өзіндік
жұмысы оқу материалдарын нығайта түсу, жаңа материалды игеру мақсатын
көздейді. Оқушыларды шығармашылыққа баулу, өз бетімен әрекет жасауға
үйрету, бүгінде көптеген ғалымдардың көзқарасы бойынша XXI ғ. іске асыруға
тиісті өзекті проблемасы болып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz