Балалар фольклорлық музыкасындағы жанр ұғымы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
І Қазақ фольклоры, оның жіктелуі және зерттелуі . . . 6
1. 1 Фольклордағы «жанр» ұғымы . . . 6
1. 2 Фольклорды жіктеу принциптері . . . 6
1. 3 Жанрлардың дамуындағы ортақ процестер және олардағы эпикалық, лирикалық, драмалық белгілердің ұқсас болуы . . . 7
1. 4 Қазақ фольклорының тарихы және оның зерттелуі . . . 8
ІІ Балалар фольклорлық музыкасы және оның көркемдік ерекшеліктері . . . 14
2. 1 Балалар музыкалық фольклоры және оның этнографиялық сипаты . . . 14
2. 2 Бала тәрбиесінде халықтың музыкалық фольклорының алатын орны . . . 22
2. 3 Балалар музыкасындағы фольклорлық дәстүр және сюжеттік ерекшеліктер . . . 25
ІІІ Балалар фольклорлық музыкасындағы жанр түрлері . . . 31
3. 1 Балалар фольклорлық музыкасындағы күй жанры . . . 31
3. 2 Балалар фольклорлық музыкасындағы айтыс жанры . . . 38
3. 3 Мақал-мәтелдер мен жұмбақ жанры . . . 45
3. 4 Аңыз-ертегілер жанры . . . 53
3. 5 Балалар фольклорлық музыкасындағы эпостық жанр . . . 68
Қорытынды . . . 79
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 81
Кіріспе
Фольклор - халық өмірінің айнасы. Адамзат баласы табиғаттың сыр сипатын, жұмбағын, қоғам өміріндегі түрлі болмыстың мәнгі мақсаты, шындығы мен қайшылығын ой - сана қуатымен, ғылыми - диалектикалық әдіспен зерттей білсе, енді бірде көркем сөз өнері, соның ішінде өмір құбылыстарын образдың ой арқылы жеткізетін халықтың коллективтік творчествосы - фольклор шығармаларынан танып біледі. Әр елдің, әрбір халықтың өзіне ғана тән фольклоры болады десең, соның саналуан нұсқалары қай дәуірде туған? Фольклор туындыларының жаратушысы кімдер? Оның жанрлық, көркемдік ерекшіліктері, ұлттың және тарихи сипаты неде? Балалар фольклоры дегеніміз не? Оның музыкалық ерекшеліктері қандай? Ауыз әдебиетінен бөлінетін ерекшелігі қайсы дейтін көптеген сауалдар туады. Мұның бәріне жауап беру үшін фольклор шығармаларының ерекшеліктерін зерттеп анықтау қажет. Образдан ойлау адам санасының өзгеше бір формасы, ол қоғам дамуының қай сатысында туды дейтін мәселе төңірегінде сан - салалы пікірлер, ғылыми тұжырымдар болды.
Тақырыптың өзектілігі. Балалар фольклорлық музыкасына келер болсақ, ол әдеби фольклордан бөлініп шыққан, бірақ әлі де болса дәстүрлі байланысын үзбеген жеке бір арқа болып қалмақ. Өмір тәжірибесімен бірге ой, оның материалдық қабығы - тіл жетім келіп, сөзбен өлең, өлеңнен ән және би бөлініп шығады. Осыған орай халық поэзиясын орындаушыларының да қызметі өзгеріп отырған. Оларды біз фольклор шығармаларының қарапайым аноним айтушылары, ертекші, ақын, жырау, айтыс поэзиясының дарынды иелер - импровизаторлары дейміз. Қоғам дамуынынң сәби кезеңдерінде фольклор шығармаларын орындаушылар отбасы, ошақ қасындағы қарт қариялар болған. Оларды біз халық поэзиясының қарапайым жазушылары дейміз. Сонда фольклор шығармаларының жазушылары да, айтушылары да халықтың өзі болып шығады. Осыны ескере отырып, балалар фольклорлық музыкасының жас ұрпақты тәрбиелеудегі халық педагогикасы ролін атқаратынына көз жеткіземіз.
Өнері өрге жүзген дарын иелерінің ауызынан шыққан үлгілі де ғибратты сөздер мен жырларды басқа айтушылары иіліп жетіп, өңдер, дамытып нақышына келтіре орындайтын болған. Жырау мен жыршылар көлемді эпостық жырларды айтуды үрдіс етсе, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, тұрмыс-салт, айтыс сияқты ұсақ формалары өлеңдерді кішігірім айтушылар тудырып, көптілікке ортақ рухани мұраға айналдырып отырған. Осы ретпен туып, атадан балаға жетіп, ел аузында сақталып келген көркемсөз өнерін, оның айту және орындалу ерекшеліктерін фольклор дейміз.
Ғылымда халық поэзиясын фольклор, ал оны зерттейтін ғалым саласын фольклористика деп атайды. Фольклор жанрлары туралы В. Я. Пропптың пікірлері де жанды. Ол бір халықтың фольклорына тән жанрларды екінші бір елдің фольклор мұрасына қолдана салудың айтарлықтай нәтиже бермейтіндігін айта отырып, үш түрлі межені анықтайды. Олар:
1) фольклор шығармаларының поэтикасын зерттеу;
2) фольклордағы халық тұрмысымен байланысты жанрларды анықтау;
3) олардың орындалу тәсілдерін жеке көңіл бөлу.
Зерттеу тақырыбының тәжірибелік маңызы. Қазақтың фольклорлық шығармаларынан халық тағдыры, оның өмірден көрген қайғы-қасіреттері мен мұң зары, келешектен күткен арман тілектері айқын көрініс тапқан. Жоқтау, сынсу, қылтасу өлеңдерінде халық өз теңіне қосыла алмаған қазақ қыздарының ауыр тағдырына үн қосқан.
Қазақ фольклорының ұнамды образдары үнемі халық ортасында отансүйгіш ұжым жасаған. Ерлік, махаббат, әділдік, адамгершілік - бәрі солардың бойына жинақталған. Қазақ фольклорының образдары жанды әрі шынайы болып келеді, олар адамға терең ой салып ғибрат береді.
Ертегі мен эпоста көптеген образдар бар десек, солардың мінез - құлықтары бір - біріне қарсы қойылған. Онда бірлік пен араздың, достық пен жаулық гуманизмнің фольклордағы көрінісі дейміз. Тұлғасы сан, жан дүниесі таза, рухы күшті үй образдар жасаудағы халық поэзияның сүйенген арқасы - ослар. Шоқан мұның бәрін қазақ фольклорының халықтық сипатына жатқызып, қазақ эпосының образдары Европаның жазаба әдебиетінен ешбір кем еместігін айтқан.
Жанр байлығына келгенде қазақ фольклоры жазба әдебиетке жете қабыл. Мысалы: бір ғана үйлену жырлары тойбастар, жар - жар, сыңсу, қылтасу, беташар, жұбату болып жистен жөнеледі.
Ш. Уәлиханов шығыс халықтарының поэзиясы туралы бірнеше арнаулы еңбек жазған. Оларды біз қазақ фольклористикасы мен этнография ғылымына жол салған мәнгі ескірмейтін ғылыми мұра деп санаймыз. Өзінің еңбектерінде қазақ, қырғыз, үйсін тайпаларының тарихи аңыздарын, эпостық жырларын кең көлемде сөз еткен. Фольклор туындыларының танымдық сипатына келгенде Шоқан оларды зерттеудің зор - ғылыми - этногрофиялық мәні бар екенін көрсетеді.
XIX ғасырдың екінші жартысында көрінген үлкен ағартушы педагог Ы. Алтынсарин қазақ фольклорының материалын жинап, соларды халық тәрбиесіне құрал еткен. Ол материалын жинап, соларды халық тәрбиесіне құрал еткен. Ол қазақ фольклорына қатысты арнайы зерттеуі болмаса да, ол халық мұрасын аса жоғары бағалаған. Қазақ халқының музыка фольклорын көптеп жинаған А. В. Затаевичтің ардақты есімі қазақ фольклоры тарихында қалған.
Фольклор мен ауыз әдебиетінің арасында ежелдік байланыс болған. фольклордың халықтық сипаты - көркем тілінде. Қазақ халқының фольклорына қарасақ, олардың тарихи сол эпос, ертегі аңыздарда өте жақсы сақталған. осыған халық мұрасының басты бір буыны - жылнама, шежірелер де қосылады. халқымыздың фольклорын ерте замандардан бастау керек деген тұжырым орныға бастады. Оны ең алғаш - Ә. Марғұлан айтқан еді. Елдің тұрмыс салты мен әдет - ғұрпына байланысты туған өлеңдерді «Тұрмыс - салт» жырлары дейміз. Бұл жырлар мазмұнына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Олар: бақташылық, үйлну жырлары, ұлыс жырлары, бөбек жырлары. Қазақ фольклорының мазмұны өте бай. Халықтың тұрмыс - тіршілігі, бір кездегі - әдет - ғұрпы мен салт - сапасын, ой сезімі мен арман ниетін білдіретін танымдық мәнгі елеулі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - балалар фольклорлық музыкасындағы жанр түрлерін анықтау және оларға сипаттама беру.
Дипломдық жұмыс тақырыбының міндеттері:
- фольклордың зерттелу тарихына шолу жасау;
- фольклорлық музыканың халық ауыз әдебиетімен байланысына сипаттама беру;
- балалар фольклорлық музыкасының ерекшеліктері мен оның жанрларын анықтап көрсету.
Зерттеудің нысаны:
- балалар фольклорлық музыкасы.
Зерттеу әдістері:
- мәліметтер жинау;
- саралау;
- талдау;
- сипаттау;
- қорытындылау.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І Қазақ фольклоры, оның жіктелуі және зерттелуі
1. 1 Фольклордағы «жанр» ұғымы
Жанр категориясы - фольклортану ғылымындағы негізгі мәселе. Жанрға түрлі ғылымдар саласынан берілген анықтамалар қисапсыз. Фольклортану ғылымы тұрғысынан берілген анықтамалар да баршылық. С. А. Қасқабасовтың анықтауынша: «Жанр дегеніміз - оқиғаны, сюжеттік материалды белгілі бір мақсатпен тұтас мазмұнды, айқын идеялы шығармаға айналдырудың әдісі, жолы, құралы» (1, 6 б. ) . Б. Уахатовтың берген анықтамасы мынадай: «Жанр - белгілі бір қоғамдық қызмет атқаратын және соған лайықты мазмұны бар, әбден қалыптасқан көркемдік форма» (2, 75б. ) .
Фольклордың тарихы - дербес жанрлар мен жанрлар жүйесінің тарихы. Фольклордағы жанр ұғымы әдебиеттегіден басқаша.
1. 2 Фольклорды жіктеу принциптері
Фольклор жанрларын идеялық-көркемдік ерекшеліктеріне құрылысына, өмірде атқаратын қызметіне (функциясына) қарай жіктейді. Фольклорлық жанрлар салтқа қатысты немесе қатыссыз болып келуі, қара сөзбен не өлең түрінде айтылуы, әуенмен не әуенсіз орындалуы, жеке адам не көпшілік орындайтын үлгіде көрініс беруі мүмкін. Енді осы ұстанымдарды жеке- жеке қарастырайық:
1. Қоғамдық қызметі (функциясы) - фольклорда жанрдың табиғатын анықтайтын басты фактор. Фольклор о баста адамзаттың күнделікті тұрмысында белгілі бір қажеттілікке байланысты қалыптасқан, кейіннен сейілдік, сауықтық қызметтерге бейімделген. Мәселен, бәдік жыры ауру малды, науқас адамды емдеу үшін шыққан. Немесе бесік жырын алсақ, бесіктегі баланы ұйықтату үшін айтылады. Арбау, байлау өлеңдері жайында да осыны айтуға болады.
Фольклор адамзат қоғамында танымдық, идеологиялық, тәрбиелік, эстетикалық қызметтер атқарады. Қоғамның даму сипатына орай фольклордың белгілі бір функциясы алдыңғы кезекке шығып отырған. Мысалы, ХV - ХVІІІ ғасырларда қазақ халқы үшін ел қорғау, атамекенін жау табанынан азат ету аса маңызды мәселе болды. Бұл кезде ерлік пен елдікті мадақтайтын батырлар жырының тәрбиелік, идеологиялық қызметі артты. Ал осы жанр ХІХ - ХХ ғ. ғ. көбінесе сауық - сейілдік функция атқарды. Аңыз жанрының басты нысанасы - тыңдаушыға елдің өткені туралы немесе атақты адамдардың өмірі жайлы, күйдің шығуы хақында мағлұмат беру. Демек, аңыздың танымдық функциясы басым.
2. Құрылысы - жанрдың тұрмыстық қызметіне байланысты айқындалатын негізгі поэтикалық элемент.
3. Орындалу мәнері - баяндалуы (ертегі, аңыз, әпсана) немесе әуенмен музыкалық аспаптың сүйемелдеуінде (жыр, айтыс, терме, толғау, тарихи өлең) орындалуы, ойын үстінде (санамақтар, «Айгөлек») айтылуы.
4. Мазмұны. Бір ескеретін жайт - бір мазмұнның бірнеше формасы болуы мүмкіндігі (бір тақырыпқа құрылған тарихи өлең, тарихи жыр, тарихи аңыздардың болуы) .
1. 3 Жанрлардың дамуындағы ортақ процестер және олардағы эпикалық, лирикалық, драмалық белгілердің ұқсас болуы
Жанрлар тірі ағза тәрізді - туады, өзгереді, жоғалады. Жанрлардың дамуына тән осы процестер ең алдымен, фольклордың табиғи заңдылықтары мен сол фольклорды жасаушы халықтың басынан өткен түрлі қоғамдық -әлеуметтік жағдайлардың алмасуына байланысты. Ұзақ уақыт ауызша, әрі қатар өмір сүруі нәтижесінде жанрлар өзара ықпалдасады. Даму процесінде синтезделу, тоғысуды басынан өткереді. Мәселен, мақал, мәтелдердің, шешендік сөздердің, аңыздардың дамуына көз жіберсек осындай құбылыстарды байқаймыз.
Фольклорлық жанрларда эпикалық, лирикалық, драмалық белгілер орын алады. Лирика мен эпостың синтезделуі арқылы жасалған аралық жанрлар да бар. Жыр түрлері мен ертегі, аңыздарға эпикалық белгілер етене болса, қара өлең, терме, бесік жырында лиризм басым. Ал тұрмыс-салт жырлары, ақындар айтысының мекен бірлігі мен оқиға бірлігі сақталатындықтан драмаға жақындайтынын бірқатар қазақ фольклористері атап көрсеткен.
Қазақ фольклоры жанрға аса бай. Музыкалық фольклор жанрларын есепке алмағанның өзінде ауызша сөз өнерінің елуге жуық жанры бар. Олар: тұрмыс-салт жырларының: жар-жар, беташар, сыңсу, тойбастар, қоштасу, естірту, көңіл айту, арбау, дұға, бәдік, бақсы сарыны, бата, жарапазан сынды үлгілері;
Көне жыр, батырлар жыры, тарихи жыр, ғашықтық жыр, тарихи өлең, қисса, дастандар;
Жыр додасы айтыс (айтыс өз ішінде: ақындар айтысы, қыз бен жігіт айтысы, бәдік айтыс, қайым айтыс т. б. деп бөлінеді) ; шешендік сөздер, толғау, терме, желдірме, арнау, қара өлең, тақпақ;
Қара сөз түрінде айтылатын миф, ертегі, әңгіме, аңыз, әпсана, хикая, хикаят, шежіре; шағын жанрлар: жұмбақ, мақал-мәтелдер, нақыл, жаңылтпаш, мазақтама т. б.
Қазір фольклор жанрларын ғұрыптық және көркем фольклор деп екіге жіктейді. Бұлай жіктеуді ең алғаш ұсынған - А. Байтұрсынов. Ғалым «Әдебиет танытқышында» (1926) қазақ фольклорын «сауықтама» және «сарындама» деп екіге бөледі.
1. 4 Қазақ фольклорының тарихы және оның зерттелуі
«Қазақ фольклорының тарихы» деген ұғым мен зерттеу дәл өз мағынасында осы уақытқа дейін арнайы түрде күн мәселесіне қойылған емес. Оның бірнеше себебі болды. Біріншіден, ғылымда фольклорды жеке көркем жүйесі бар, көп өзіндік белгілерімен ерекшеленетін руханият деп түсінбей, оны көркем әдебиеттің бір саласы деп ұғыну орныққан еді. Соның салдарынан фольклор тарихы - әдебиет тарихы деп қарастырылып жүрді. Екіншіден, фольклортану ғылымының өзі де көп уақыт бойы әдебиеттанудың ішінде жүрді және сол әдебиеттанудың теориялық, әдіснамалық амал-құралдарына сүйеніп, соларды пайдаланып келді. Әлбетте, одан ол үлкен зиян шеккен жоқ, бірақ фольклордың көптеген қасиетін толық тани алмады. Үшіншіден, әдебиет тарихы жүйелі түрде, кезең-кезеңге бөлініп зерттелді де, фольклор синхронды түрде, бізге жеткен қалпы бойынша сипатталып, оның тарихи даму жолдары, қандай дәуірлерді бастан кешкені ескерілмеді, жеке-жеке жанрлар ғана зерттеліп жүрді. Әрине, фольклордың, дәлірек айтқанда, қай шығарманың нақ қай жылы немесе қай ғасырда туғанын, оның қандай өзгеріске ұшырағанын дөп басып айту мүмкін емес. Сол себепті де бұрынғы Кеңес Одағы тұсындағы ғалымдар да, қазіргі кезеңдегі оқымыстылар да фольклордың тарихын дәуір-дәуірге бөліп зерттеуге көп бармады, ал барған күннің өзінде маркстік-лениндік әдіснамадан шыға алмай, таптық формациялар бойынша қарастыруға мәжбүр болды. Бірақ бұл жол тұрпайы социологияға ұрындырды. Мәселен, 1950-1960 жылдар аралығында орыс фольклортану ғылымында орыс фольклорының тарихына арналған бірнеше еңбек жарық көрді. Бұл кітаптарда фольклордың тарихы феодализм дәуіріндегі, капитализм кезеңіндегі, совет тұсындағы деп жіктеліп қаралды да, әр дәуірлеудің өзі ғасырлар мен нақты жылдарға бөлінді және фольклордың тарихы көркем ойдың даму тұрғысынан емес, әлеуметтік тұрғыдан, езілуші таптың шығармашылық қабілетін дәріптеу мақсатында зерттелді. Кезінде ол еңбектер үлкен сынға да ұшыраған болатын.
Қазақ ғалымдары да қазақ фольклорының тарихына арналған алғашқы үлкен еңбекті 1948 жылы жарыққа шығарды. Бұл еңбек те (қолжазба күйінде-ақ) кезінде сынға ұшырады, бірақ сын ғылымнан аулақ, саяси-идеологиялық сипатта болды да, аталмыш кітап «зиянды» деп танылып, ғылыми айналымнан алынып тасталды. Ал, шындығына келгенде, бұл еңбек - үлкен жұмыстың игілікті бастамасы еді, өйткені, сол тұстың өзінде-ақ қазақ әдебиетінің тарихын бірнеше том етіп жазу көзделген-ді. Сөз жоқ, бұл кітап - өз дәуіріне тән ғылыми тұжырымдарға сүйенді, сондықтан оның теориялық сапасынан гөрі идеологиялық, саяси ұстанымы басым болды. Дей тұрғанмен, бұл еңбекте фольклордың тарихын жанрлар арқылы зерттеуге талпыныс болғанын айтпасқа болмайды. Мәселен, тоғыз бөлімнен тұратын томның бірінші бөлімі қазақ фольклорының зерттелуіне арналса, содан кейінгі екінші бөлімді пайда болу мерзімі жағынан ең көне деп есептелетін ғұрыптық фольклор мен ескі діни нанымдарға, сондай-ақ шаруашылыққа байланысты туған жанрлар құрайды: салт өлеңдері; мал, шаруашылық туралы өлеңдер; дін салт өлеңдері; наурыз; бақсы сарыны; бәдік, арбау, жалбарыну; жарамазан және жарамазанның батасы; үйлену салт өлеңдері: әдет, салт; тойбастар; жар-жар, сыңсу-жұбату; беташар; мұң, шер өлеңдері: қоштасу, естірту, көңіл айту; жоқтау.
Осыдан әрі қарайғы бөлімдер: ертегілер; батырлық жыры; ғашықтық жырлары; айтыс өлеңдері; шешендік сөздер; тарихи өлеңдер; қазақ совет фольклоры деп берілген. Аталған бөлімдер, негізінен, фольклордың ХХ ғасырға жеткен күйіндегі көркем жанрларды қамтыған, алайда, мұнда ол жанрлардың қай дәуірде қандай күйде болғаны сөз болмайды, неден, қайдан пайда болғаны, қалыптасу барысында нелерге сүйенгені айтылмайды. Сондай-ақ «Қазақ совет фольклоры» деген жеке бөлімнің болуы - зерттеушілердің сол тұстағы одақтық фольклортану мен әдебиеттануға тән ұстанымды басшылыққа алғанын айқын аңғартады. Мәселен, осы бөлімнің тараушалары мынадай: революциялық күрес кезеңіндегі өлең, жырлар; ауылды советтендіру жөніндегі өлең, жырлар; колхоз, өнеркәсіп өміріне байланысты халық әдебиеті; терме, мақалдар; қазақтың халық әдебиетіндегі Ленин, Сталин образы; ерлік туралы жырлар; халық әдебиетіндегі Аманкелді образы; Отан соғысы кезінің жырлары. Көріп тұрғанымыздай, тараушалардағы проблемалар азаматтық тарихтың ізімен, таза әдебиеттану шарттарымен қарастырылған және талданған шығармалардың дені - авторлық өлеңдер мен жырлар. Олар түгелдей таптық, советтік идеология тұрғысынан бағаланып, фольклорға ғана емес, бүкіл әдебиетке тән көркемдік-эстетикалық құндылығы жағынан қарастырылмаған. Сонымен қатар бұл бөлімде сол кездегі концепцияға сәйкес халық ақындары шығармашылығы мен фольклордың ара жігі ашылмай, біртұтас халық әдебиеті деп ұғыну орын алған. Сондықтан Ақмолда, Күдері, Жамбыл, Сәттіғұл, Иса, Нұрлыбек сияқты ақындардың өлеңдері совет фольклоры үлгісінде қаралған. Соның салдарынан бар деп есептелген совет фольклорының өзін дәуірлеу түгелдей дерлік ХХ ғасырдағы тарихи-қоғамдық кезеңдерге сәйкестендіріліп, фольклор өмір ағымына сай жедел өзгеріп отыратын рухани дүние емес екені ескерілмеген. Ал, «совет фольклоры» деген ұғымға келсек, ол көпке шейін ғылымда мойындалып келді.
Совет фольклоры - толыққанды шығармашылық деген тұжырымды халық ақындарының өлеңдері мен жыр, толғаулары негізінде дәлелдемек болған еңбектің бірі - 1955 жылы жарыққа шыққан «Очерки казахской народной поэзии советской эпохи» атты кітап болды. Бұл кітапта жоғарыда айтылған концепциялық кемшіліктер толығымен көрініс тапты, ақындардың ауызша, импровизациямен шығарған өлең-жырлары халық поэзиясы деп танылды, ақындардың айтысы да халық поэзиясының туындысы санатына жатқызылды. Дәл осындай көзқарас кейінгі еңбектерде де орын алды. Мәселен, 1960 жылғы кітапта «Тарихи жырлар» бөлімінде 1916 жылғы көтеріліс туралы халық поэзиясын сөз еткенде ақындардың шығармалары талданады. Ал, 1968 жылы жарыққа шыққан еңбекте «Советский фольклор» деп аталатын тараушада дәстүрлі фольклор жанрларының жай-жапсарына қысқаша шолу жасалып, содан соң Жамбылдың, Исаның, тағы басқа ақындардың импровизаторлық өнері мен өлең-толғаулары туралы жазылады.
Жалпы, ХХ ғасырдың 70-жылдарына дейін бүкіл Кеңес Одағы фольклортануында орныққан қағида бойынша еңбекші бұқараның шығармашылығы ретінде жекелеген жыршылар мен сказительдердің ескі фольклорлық дәстүрге негіздеп жырлаған туындылары советтік эпос деп танылды. Сөйтіп, орыс фольклористикасында Марфа Крюкова секілді сказительдер шығарған былиналар, бізде ұлы Жамбыл, Нұрпейіс, Доскей, т. б. ақындарымыз шығарған жырлар фольклор деп қабылданды, ал, оларды зерттегенде әдебиет заңдылықтары басшылыққа алынды. Осы концепцияның айқын көрінісі - 1964 жылы шыққан «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты еңбек болды. Бұл том түгелдей совет фольклорына арналды да, қазақ совет фольклоры туралы ғылымның даму тарихы; қазақ совет фольклорының даму жолдары деген екі үлкен бөлімді қамтыды, сондай-ақ совет фольклоры есебінде атақты халық ақындарының авторлық дастандары мен поэмалары да қарастырылды. Бір тәуірі - бұл шығармаларды талдағанда зерттеушілер олардың ежелгі фольклор поэтикасының ізімен, дәстүрімен шығарылғанын атап көрсетеді. Әсіресе, шығыс дастандарының үлгісінде туғандарын да, әрі өзіміздің жазба әдебиетіміздің әсерінен жазылғандарын да нақты мысалдар арқылы нанымды дәлелдеген. Ал, советтік өмірді бейнелеген шығармаларды реалистік көркем әдебиеттің талаптары негізінде талдау арқылы ғалымдар халық ақындарының дүниелері фольклорға келе бермейтінін мойындаған деуге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz