Тарихи-педагогикалық білім беруді жетілдіру


Жоспар
Кіріспе . . .
- Тарихи-педагогикалық білімді педагогикалық дайындаудын теориялылық негіздері . . . «Ғылыми білім», «Оқу білімі», «Тарихи-педагогикалық білім» ұғымдарының міндеттеріне сипаттама . . . Тарихи-педагогикалық білімнің оқу білімі ретінде атқаратын функционалдық міндеттері . . . Тарихи-педагогикалық білімдерді педагогикалық пәндерді оқыту практикасына ендірудің мәндік сипаттамасы . . . Тарихи-педагогикалық білімді педагогикалық пәндер арқылы
оқытудың теориялық моделі . . .
II. Тарихи-педагогикалық білімді педагогикалық пәндерді оқыту арқылы жүзеге асыруда тәжірибелік-эксприменталдық жұмысты ұйымдастыру . . .
2. 1 Тәжірибелік-эксперименталдық жұмысты ұйымдастырудың мақсаты мен міндеті . . .
2. 2 Тәжірибелік-эксперименталдық жұмысты нақтылау кезеңі . . .
2. 3 Тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстың қалыптастыру кезеңі . . .
2. 4 Тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстың қорытындысы мен нәтижелері . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі . Әлемдік өркениет үдерісіндегі білім құндылығының артуы жағдайында еліміздегі білім беру ісін одан әрі дамыту қажеттілігі туындайды. Ғылым мен білім дамуының жаhандық талаптарына орай, Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев « . . . Заманауи прогрестің мәнін білуіміз керек. Қазіргі шындық мынандай: бүгінгі мемлекет өзінің интелектуалды ресурстарымен бәсекеге түседі. «Интеллектуалды ұлт - 2020» идеясының мақсаты - жаңа қазақстандықтарды тәрбиелеу. Елді адам капиталы арқылы бәсекеге қабілетті ету. Бәсекенің бастысы - білімнің бәсекесі. Бұл үшін біріншіден, білім жүйесінің инновациялық дамуына жол ашу керек, екіншіден, ұлттық идеяны басшылыққа алу қазіргі қоғамдық үдерісте тұлғаның ұлттық санасын, ұлттық болмысын, мәдениетін қалыптастыру, бәсекеге қабілетті ұлт әлеуетін арттырудың негізгі құндылығы болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасында да тұлға бойындағы ғылыми-ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан мәдени құндылықтарды осы заманғы ақпараттық мәдениетпен байланыстыра отырып, жүйелі түрде білім кеңістігіне енгізу керек күттірмейтін мәселе тұрғысынан қарастырылып отыр.
Елімізде білім беру жүйесіндегі білім мазмұны сапасын арттыруға, оны ақпараттандыру мен тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға және дамыта түсуге, ғылым мен білім беруді ұштастыруға ықылас жоғары. Ақпараттық қоғам жағдайында экономика, техника, ғылым, саясат т. б. қоғамдық өмірдің барлық салалары ақпараттық кеңістікке еркін енуді қажет етеді. Бұл тұрғыда білім беру ісіне үлкен жауапкершілік пен міндеттер жүктелгендігі, үздіксіз білім беру жүйесіндегі ақпараттарға деген сұраныстардың артқандығы, білім беру жүйесі субъектілерінің жыл сайын өтетін ғылыми жобалар сайысына белсенді қатысуы ғылым кеңістігінде ақпараттық мүмкіндікті мәдениет деңгейінде игерудің түрлі педагогикалық тетіктерін туындатып отыр.
Қоғамның осы салаларының дамуы ғылымның өркендеуінсіз мүмкін емес екендігі белгілі жайт. Олай болса, білім беру үдерісіндегі басты талаптардың бірі - ғылыми-ақпараттық мәдениетті қалыптастыруды қолға алу және оны практикалық деңгейге сай қолдануды негіздеу болмақшы. Ғылыми-ақпараттық мәдениеттің толыққанды деңгейі жоғары оқу орны студенттері үшін аса қажетті біліктілік дәрежесі екендігін осы тұста атап өту керек. Жалпы ақпараттық мәдениеттің қалыптасу үдерісінің кеңеюі, ғылым мен білімге ұмтылудың жаңаша талпынысының қанағаттандырылуы көп жағдайда кітапханалар қызметімен тығыз байланысты.
Заманауи қажеттіліктерге орай, осы бағыттағы педагогикалық зерттеулер ХХІ ғасырда жедел түрде қолға алынып, нақты нәтижелерге де қол жеткізді. Сондықтан да білім алушылардың ғылыми-ақпаратты, мәдениеті арнайы зерттеуді қажет етеді.
Педагогикалық тарихи білім беру мәселелері әр уақытта да ғалымдардың назарынан тыс қалмаған. Мәселен, Ш. А. Абдраман, Қ. Ж. Аганина, Қ. М. Арынғазин, С. И. Архангельский, Г. К. Ахметова, Б. Әбдікәрімұлы, Г. З. Әділғазинов, Ю. К. Бабанский, А. П. Беляева, В. П. Беспалько, Е. И. Бурдина, Б. С. Гершунский, Б. А. Жетпісбаева, Н. А. Завалко, С. Т. Каргин, К. М. Кертаева, Н. П. Ким, С. З. Қоқанбаев, В. В. Краевский, А. Қ. Құсаинов, Ш. М. Мұхтарова, Н. А. Мыңжанов, А. Қ. Нұрғалиева, А. П. Сейтешев, М. Н. Скаткин, В. А. Сластенин, Г. О. Тәжіғұлова, Ә. Ә. Усманов, Н. Д. Хмель, Л. А. Шкутина, т. б. тарихи-педагогикалық білім берудің түрлі аспектілерін зерттеген.
Тарихи білімдердің көлемінің артуы, әлеуметтік ортаның талаптарының күшеюі жағдайында кез келген сала маманын, оның ішінде кәсіби оқыту педагогтарын даярлау процесі үшін тарихи тұрғыдан келудің маңызы арта түседі.
Тарихи-педагогикалық білім берудің жалпытеориялық негіздерін құруда М. В. Аверин, А. Г. Асмолов, И. В. Бестужев-Лада, Е. В. Бондаревская, И. А. Ильин, В. А. Кан-Калик, Б. Т. Кенжебеков, Л. Н. Коган, Н. В. Кузьмина, И. Я. Лернер, В. Я. Ляудис, А. К. Маркова, Н. В. Мирза, т. б. ғалымдардың еңбектері ерекше мәнге ие.
Зерттеудің нысаны: білім берудің педагогикалық процесі.
Зерттеудің пәні: педагогика пәні.
Зерттеудің мақсаты: тарихи-педагогикалық білімнің жалпы білім беру процесіндегі маңызын ашып көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
- «тарихи-педагогикалық білім» ұғымын ашып көрсету;
- тарихи-педагогикалық білімнің ғылыми аспектілеріне сипаттама беру;
- тарихи-педагогикалық білімді педагогикалық пәндер арқылы оқытудың теориялық моделін жобалау;
- тарихи-педагогикалық білім беру барысында эксперименттік іс-әрекетті ұйымдастыру әдістерін талдау;
- тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстың қорытындысы мен нәтижелерін тұжырымдау.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері: педагогика ғылымының дамуы, оның дамуындағы тарихи кезеңдердің ролі туралы философиялық, психологиялық және педагогикалық тұжырымдамалар, тұтастық, жүйелілік, ақпараттық және тұлғалық тұрғылардың жалпы әдіснамалық тұжырымдамалары .
Зерттеудің әдістері:
Зерттеу жұмысында алдыға қойылған міндеттерді шешу және болжамды тексеру үшін әдістер кешені қолданылды. Теориялық деңгейде талдау, синтездеу, жіктеу, жүйелеу, үлгілеу, тәжірибені қорыту әдістері; зерттеу нәтижелерін қорыту барысында статистикалық әдістер пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:
1) «тарихи-педагогикалық білім беру» ұғымының мәні нақтыланды;
2) тарихи-педагогикалық білімді пайдалана отырып, эксперимент ұйымдастыру үлгісі құрастырылды;
3) тарихи-педагогикалық білім берудің тиімділігі педагогикалық эксперимент арқылы дәлелденді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
Тарихи педагогикалық білім беру барысында жас мамандардың құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі жасалды.
Дипломдық жұмыс құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
І . Тарихи-педагогикалық білімді педагогикалық пәндерді оқытуға ендірудің теориялық негіздері
- «Ғылыми білім», «Оқу білімі», «Тарихи-педагогикалық білім» ұғымдарының мәндеріне сипаттама
Егемен Қазақстан өз тарихында күрделі бет - бұрыс кезеңін бастан кешіріп отыр. Республика тәуелсіздік алып дүниежүзілік қоғамдастық танып егеменді мемлекетке айналды. Еліміздегі әлеуметтік - экономикалық мәселелерді шешу педагог мамандардың жан-жақты дамуымен және олардың кәсіптік жағынан қалыптасуымен тікелей байланысты. Нарық экономикасына көшу, құқықтық мемлекет құру және азаматтық қорғау талаптарын қамтамассыз ету, білім беру жүйесінде үлкен өзгерістер енгізуді қажет етіп отыр. Мұндай маңызды да күрделі мәселелерді шешу үшін, адамзат мәдениеті мен тәрбие тағлымдарының үлгілі тәжірибесіне сүйенудің қажеттілігі анықталуда. Осы тұрғыдан алып қарасақ, еліміздің оқу-ағарту, білім беру ісінің тарихы жағынан ғана емес, мазмұны жағынан да жаңа дәуір басталды.
ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңғырулар тұсында тұр. Қоғам дамуының тарихи жаңа кезеңі қоғамның барлық саласындағы уақыт тудырған күрделі әлеуметтік өзгерістермен айқындалады. Тәуелсіздікке ие болған 15 жыл ішінде Қазақстан мемлекеті жаңа сапалық деңгейге көтеріліп, өзгермелі әлеуметтік-жағдайда жаңа Қазақстандық қоғам дүниеге келді.
Бүгінде өз тағдырын өзі айқындаған Қазақстан оның бүкіл халқы экономикасы мен әлеуметтік жағдайы, мәдениеті, ғылымы, білімі қоғамның жаңа даму белесінде. 15 жылдық тарихымызға көз жіберсек, қоғам мен экономиканың дамуы ашық сипатқа ие болды. Демократиялық бағыт кең өріс алып, адамға жан-жақты экономикалық, саяси, діни таңдау еркіндігі, құқығы, еркін ойлау, еркін сөйлеу құқығы жүзеге асырылды, десек те қабылданған қаулылар, ұсынылған әдістемелік немесе теориялық тағылымдық талаптар дәл қазіргі таңда, толыққанды қызмет көрсетіп отырған жоқ деп тұжырымдасақ қателесе қоймаспыз. Өйткені қаншалықты мемлекеттік ведомствалық деңгейлерде, теория жүзінде нақтылы ережелер тобы қабылдағанымен де іс жүзінде олар тек игілікті ынталандыру деңгейінде ғана қалып отыр. Оның себептері көп жағдайларда кейбір қалыптасып қалған ұйымдарға: экономикалық төмендеуі, өндірістің аздығы, жұмыссыздықтың қолданылып отырған мемлекеттік шараларға қарамастан өсе түсуі, жаңа әлеуметтік топтардың арасындағы алшақтықтың арта түсуі, осындай жалпыға ортақ әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани тоқыраушылықтарға байланысты болып отыр. Әлеуметтік жағдайды күшейту ең алдымен еңбек пен тұрмыс, білім мен мәдениет, кәсіби өсумен қызмет бабында өсу, бос уақытты дұрыс пайдалану тағы басқа қоғамдық мәнді мүдделерді дамытып, неғұрлым толық қанағаттандыру керек.
Қазіргі кезде адамдардың әлеуметтік жағдайы, бүкіл өркениетті әлем үшін ғаламдық сипатқа ие болып отыр. Адамдардың әлеуметтік жағдайы мен әлеуметтік тәрбиесі салауаттылық деңгейінің көтерілуі - бұл жеке жетістік қана емес, ол сондай-ақ еліміздің экономикалық қуатының өсуі, адам ресурстарының өсуі үшін де қажетті шарт.
Соңғы он бес жыл ішінде біздің көк байрақты қазақ елінің өзге жұрттар бір ғасырда жүріп өткен жолды басынан жүріп өткергені ақиқат. Біз өзіміздің дербес мемлекет ретінде өмір сүре алатынымызды дәлелдеп қана қоймай, келер ғасырдың отызыншы жылдарына қарай Орталық Азиядағы тұңғыш барысқа айналатынымызға әлем жұртшылдығының көзін жеткіздік. Сонымен қатар, халықтың болашағы және оның бәсекелестікке қабілеттілігі тек, білімділігімен ғана емес, өскелең ұрпақтың тәрбиелігімен де анықталады. Сондықтан білім беру жүйесінде тәрбие мақсаты, формалары және құралдарын анықтау маңызды болып табылады. Ақиқатқа, әділетке, бірлік пен талап қана тарта алады. Халық әділеттік жағында ғана болса ол өнерді, еңбекті, жаңашылдықты таңдайды. Олардың өзгешелігі өнер, білім, ғылымды, техниканы игеруінде.
Қазақ ағарту және педагогикалық идеялардың қоғамдық өмірінде болған үлкен әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен тікелей байланысты.
Ұлттық тарихи-педагогикалық идея, педагогикалық қызмет - халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, маңызын жоймайтын зерттеудің қайнар көзі. Зеңгір аспандағы бір-бірімен біте қайнасқан ұлттың аса көрнекті тұлғаларды, былайша ғажайып түрде тұтасып және тілдесіп кетуі - бүкіл дүниежүзілік әдебиет тарихындағы, көркем ойдағы өзіндік бір ерекше құбылыс.
Тек тәуелсіздік пен егеменділік жағдайында ғана ғұлама ойшылдар мен гуманистер көзқарастары, қазақтың дәстүрді дүниетанымы туралы бүкпесіз айтуға, айтып қана қоймай, жүйелі түрде зерттеуге халқымыздың бай рухани мұрасын игере отырып, ұлттық өзіндік сананы қалыптастыруға, еткен де жеке тұлғалар болған. Сол себепті біз диссертациялық жұмысымызда педагогикадағы ұлттық тәлім-тәрбие тұрғысында тарихи-педагогикалық білімді педагогика пәндерінде енгізуге қарастыруды мақсат ете отырып, олардың бүкіл ұлттық ағартушылық және педагогикалық идеяларды зерттеу объектісінің аясында тұтас қамтуға тырыстық.
Оқу білімі - адамның белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдарының жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады. Ол сана, таным, ойлау, ақиқат, ғылым күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланысты, әрі солар арқылы анықталады. Білімді танымдық дәрежесіне, шындықты жан-жақты қамтуына, терең мәніне, жете бейнелеуіне, дәйектілігі мен дәлдігіне қарай мынадай түрлерге бөлуге болады: тұрмыстық білім, ғылымға дейінгі білім және ғылыми білім, эмпирикалық білім және теориялық білім. Білімнің қай түрі болсын адамзат тәжірибесінің негізінде дамып отырады.
Ғылым адамзаттың іс-тәжірибесіне қызмет етеді. Ол барлық салада тәжірибенің деректері мен мәліметтерін жинақтап, қорытады, сыртқы, кездейсоқ нәрселерден тыс маңызды құбылыстар үрдістердің ішкі сырына тереңдей бойлау арқылы тиісті заңдылықтарды ашады. Ғылымның күші себеп-салдармен түпкі байланыстарды талдап қорыта білу мүмкіндігімен айқындалады.
Теория- түсінігінің мәні белгілі бір білім саласындағы жетекші идеялар жүйесі, адамдардың жинақталған тәжірибесі ретінде қарастырылады. Кең мағынада алғанда бұл - қоғам мен ойдың, табиғаттың объективті даму заңдылықтарының шынайы ғылыми түсініг0і.
Қоғам мен ой, табиғат заңдылықтарын ғылыми тұрғыда түсіндіру міндеттерін атқара отырып, теория сонымен бірге ғылым ретінде түсіндіріледі. Сондай-ақ теория мен ғылым білім жүйесі және таным әдісі ретінде де бой көрсетеді (ықтималдықтар теориясы - матиматика ғылымы; таным теориясы - философиялық ілім) . Бұл тұрғыдан келгенде, «теория» мен «ғылым» түсінігі бір-біріне синоним сияқты. Алайда олар бір-біріне ұқсас емес: ғылымның негізгі атқаратын қызметі теорияларды өмірге әкелу болса, адамдардың белгілі бір практикалық іс-әрекеті мен танымы саласындағы теориялық идеялардың жиынтығы ғылымның өзегін құрайды. Ғылыми деректер әрқашан тәжірибе мен практика арқылы тексеріліп сынақтан өтеді.
Ғылым мен теорияға байланысты мұндай ұқсас түсініктердің негізгі мәні педагогика саласына да қатысты.
Педагогика көбіне тәрбиелеу мен білім беруді, оқытуды зерттейтін теориялық және қолданбалы ғылымдардың жиынтығы ретінде қарастырылады. Нақтылай түссек: педагогикалық теориялар мен практикалардың жиынтығы болып табылатын педагогика тәрбие мен білім беру процестерін ғана емес, сонымен бірге оның заңдылықтарын да зерттеуге бейімделген.
Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит, Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т. б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б. э. б. 2, 5 жылда пайда болған дейді. Педагогика деген сөз, яғни тәрмин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" тер¬мині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - ба¬ланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Пе¬дагогика - бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе тусуде. Сондықтан "педагогика - бала тәрбиесі жайындағы ғылым", -деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым . Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Педа¬гогика пәнін (зерттейтін) толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық.
Әрбір ғылымның өзіне тен зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философиядағы ұғымдарға "болмыс", "материя", "қозғалыс"; саяси экономияда- "қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары", ал педагогикада - "тәрбие", "білім беру", "оқыту"жатады.
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың байланысын танимыз.
Педагогикалық ұғымдардық бірі - тәрбие.
Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дегіінга мекеме, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді.
Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің, адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру.
"Тәрбие" ұғымы тар мағынада "Тәрбиеші тәрбиелейді", кең мағынада "Өмір тәрбиелейді' деп қолданудық тәрбие жайлы ұғымды анықтауда зор мәні бар.
Тәрбие - тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның белгілі бір қасиетін қалыптастыруға, меселен, эстетикалық талғамын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс.
Тәрбие жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы коғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбие -педагогикалық кең мағынада қоғамның арнайы бөлінген адамдары - мұғалім, педагог, тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілетін мақсатты үрдіс. Олар арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын жиынтық факторларды пайдалана отырып әрекше әдіс-тәсілдерді қолданады.
Тәрбие жайлы әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені әресек адамдардық балаларға ықпал жасауы деп түсіндіруінілер де бар. Бұл жағдайда бала енжар объект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет жасай алмайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.
Білім беру - табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі.
Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И. Песталоцци.
Білім беру - оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастық дамуына ықпал жасайтын процесс.
Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, бір текті процесс:
1. Оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлік, дағдыға үйретеді.
2. Оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды өмірде колданады.
Ал адамның білім алуы тек оқыту процесінің нетижесі емес, оның; білім алуына көпшілік ақпарат құралдары кино, радио, телехабар, т. б. ықпал жасайды.
Сонымен бірге адамның "жетілуі", "даму", "өзін-өзі тәрбие¬леу" ұғымдары да педагогиканың зерттейтін меселелері саласын толықтырады.
Жеке адамның дамуы - бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын және факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі. Жеке адамның дамуы мен жетілуінде мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие және оқыту шешуіні рөл атқарады.
Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор. өзін-өзі тәрбиелеу - адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс.
Негізгі педагогикалық, ұғымдар - тәрбие, білім беру, оқыту біріне-бірі тәуелді, табиғи байланысты. Бұл ұғымдар жастарды өмірге, тәжірибеге дайындаудың басты құралы.
Педагогика ғылымы теориялық тұрғыда болсын, практика жүзінде болсын бізді бүгінгі және өткен тәжірибелермен таныстырады. Педагогикалық теория педагогикалық құбылыс заңдылықтарының байланысын ұғынуға мүмкіндік туғызады, педагогикалық міндеттерді шешуде ұдайы туындайтын амал-жолдар мен тәсілдерді алдын-ала жете болжауға көмектеседі. Өткендегі көрнекті теоретик педагогтар (Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский т. б. ) теория арқылы педагогика ғылымын құнды идеялармен байытты. Бұл тұрғыдан алғанда педагогика ғылымы мен педагогикалық теория бірін-бірі жоққа шығаратын ұғымдар емес. Олардың басын біріктіретін негіз, қайнар көз, практика болып табылады. Міне, сондықтан да, «педагогикалық ғылым» және «педагогикалық теория» атауларын жиі қолданған кезде біз оларды мәнді жағынан шектеп көрсетуді көздейміз.
«Іс-әрекет» ұғымы жалпы мағынасында адамның қоршаған болмысқа деген белсенді қатынасының маңызды формасы ретінде анықталады. Психология ғылымы іс-әрекеттің қозғаушы себептерін адамдардың қажеттіліктері, қызығушылықтары, бейімділіктері және сезімдері байлынысты қароастырады. Сондықтан мұғалімнің іс-әрекеті әрқашанда себептермен сабақтасып жатады, оны ескермей тұрып педагогикалық еңбекті оңтайластыру жөнінде сөз ету мүмкін емес.
Оқу процесін оңтайластыруды , Ю. К. бабанский пайымдағандай, педагогикалық іс-әрекеттерді оңтайлы қызметпен орайластыруға мүмкіндік беретін ғылыми негізде басқару деп түсінеміз. Ал оңтайлы қызмет нәтижесі субъектінің білімі, іскерлігі және іс-әрекет объектісі, сондай-ақ шығармашылық қажеттіліктері мен қызығушылықтары арқылы көрініс береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz