Қала мәдениеті тарихын оқыту


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ҚАЛА МӘДЕНИЕТІ ТАРИХЫНЫҢ БАСТАУЫ . . . 8

1. 1 Қазақстан қалаларының пайда болуы мен дамуы . . . 8

1. 2 Ұлы Жібек жолы, оның қалалық мәдениетінің рөлі . . . 18

1. 3 Түркі қалалары - ғылым мен мәдениет орталығы . . . 28

2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІГІНДЕГІ ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ . . . 40

2. 1 Испиджаб-Сайрам - ірі саяси, экономикалық және мәдени орталық. . 40

2. 2 Түркістан - қазақ халқының саяси, рухани мәдениет орталығы . . . 46

2. 3 Орта ғасырдағы өркениетті қала - Отырар . . . 51

3 ЖАЙЫҚТАН ЕРТІСКЕ ДЕЙІНГІ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАР . . . 57

3. 1 Жайық жағалауындағы орта ғасырлық қалалар . . . 57

3. 2 Сарыарқа - қалалар өңірі және Ертіс жағалауындағы қалалар . . . 66

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 74

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 77

ҚОСЫМШАЛАР . . . 80

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқының еншісіне тиген жердің табиғаты бай болып, бұл жерді бабаларымыз ерте заманнан игеріп, өздерінің Отанына айналдырып, оны көзінің қарашығындай қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде қалдырып келген. Осындай тамаша жерді мекендеген қазақтардың ауызекі әдебиетінде: «Жері байдың, елі бай» деген қанатты сөз өзінің жеріне негізделіп айтылған.

Қазақтар жерін ардақтап, оның әр аймақтарының ерекшеліктеріне қарай пайдаланып, көп салалы шаруашылықты дамытқан және отырықшы мәдениеттің іргетасын ертеден қалаған. Тамаша жерді жайлаған халықты көшпелі болды дегенге кім нанады? Оған қосымша, ежелгі түріктер Шығыс Азияның және Алдыңғы Азияның отырықшы көрші елдерімен өмір бойы байланыста болған. Отырықшы мәдениетті түріктердің өздері де пайда етіп, көршілес елдердің мәдени жетістіктерін қабылдаған және өздерінің тұрмыста қолданған мәдениетінің ықпалын көршілеріне де тигізіп отырған.

Отырықшы мәдениеттің орталығы болған тұрақты ауылдар мен қалалар ерте заманнан бері Қазақстан жерінде болған. Олардың көпшілігі бізге тарихи археологиялық ескерткіш ретінде сақталып келген.

Ертедегі және орта ғасырлардағы қалалардың орналасуы біркелкі емес. Оның себебі, жоғарыда тоқталып өткендей, Қазақстанның табиғаты біркелкі болмағандығынан деп қараған жөн. Ойпатты жерлерде, сулы аймақтарда, ауа райы қолайлы жерлерде отырықшылық ертеден болған. Бұндай өлкелер, аймақтар елімізде жетерлік. Тарихи ескерткіш ретінде сақталып келген ертедегі, орта ғасырдағы қалалардың орнын Қазақстанның барлық аймақтарынан кездестіруге болады. Олардың көпшілігі отырықшылыққа қолайлы болған өлкелерде жиі болса, жартылай шөлдік жерлерде азырақ және шөлдік аймақтарда сирегірек кездеседі.

Бұл ескерткіштерді археологиялық зерттеу үстіміздегі ғасырдың екінші жартысынан Казақстанның оңтүстік аймағында басталды. Себебі, бұл аймақ ертеден отырықшылықтың негізгі мекендерінің бірі және осы жер арқылы Ұлы Жібек жолы өткен. Сондықтан да ортағасырлық қалалар Оңтүстік Қазақстанда шоғырланған. Ал, республикамыздың басқа аймақтарындағы тұрақты мекендердің орындары айтарлықтай археологтар тарапынан зерттелмей келе жатыр. Солай болса да, археологиялық зерттеулердің барысында Қазақстанның барлық аймақтарында отырықшы мекендердің ерте заманнан болғаны байқалады.

Ертедегі, орта ғасырдағы отырықшы қоныстардың Қазақстанда біркелкі зерттелмеуінің нәтижесінде, отырықшылықтың негізі - Оңтүстік Қазақстан және Жайықтан Ертіске дейінгі аралықтарды қамтыды деген ұғым бар: «Қазақстанның кең-байтақ жерінде отырықшылық және қала мәдениеті дамуының ірі-ірі тарихи-мәдени аймақтары ежелден ерекшеленген. Солардың қатарында Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Жайық, Сарыарқа, Ертіс аймақтары. Ол, бір жағынан, Орта Азия, екінші жағынан, Орталық Қазақстан, Сібір мен Орал аралығындағы аумақты алып жатыр. Аймақ егіншілікті жазиралар мен көшпелілік даласының тоғысқан жерінде орналасқан» .

Адамдар ерте замандардан-ақ баспана салуды, егін егуді білген. Сөйтіп, отырықшы мәдениеттің іргетасы алғашқы қоғам кезінде-ақ қаланған. Сол кездің өзінде өздерін қоршаған табиғи-географиялық жағдайға икемдеп, көп салалы шаруашылыққа негіз салған: отырықшылық, жартылай отырықшылық және көшпелілік пайда болған. Оларға қосымша, қосалқы шаруашылықтар келіп шыққан: балықшылық, аңшылық, қолөнер кәсібі және тағы басқалары. Алғашқы қоғамда пайда болған қоныстар антикалық және орта ғасырда кең өріс алып, олар белгілі қалалар, бекіністер дәрежесіне жеткен. Әсіресе, жоғарыда атап көрсеткендей, ертеден отырықшылықтың мекені болған Қазақстанның оңтүстігінде, Ұлы Жібек жолының бойында, оның көп тармақтарында қалалар ертеден салынған. Осындай ертедегі отырықшылық мекені - Сырдария өңірі. Бұл аймақты Хорезм археологиялық экспедициясы зерттеп, алуан санды отырықшы мәдениеттің орталығы болған қалаларды ашты. Ол қалалар өздерінің өмірін антикалық заманнан бастаған. Сырдарияның төменгі ағысынан сол дәуірдің бекіністері, қалалары ашылды: Шағырлы-1, 2 бекінісі, Бабиш-мулла, Чирик-Рабат, Инкарқала, Ақтөбе қалалары және тағы басқалары [1, 36 б. ] .

Осындай тарихи тамыры терең Қазақстанның ежелгі қалаларын зерттеу нәтижесінде, соңғы жылдары ашылып жатқан жаңалықтар мен әділ және ғылыми түрде жазылған талдау еңбектерді негізге ала отырып, қазақ жеріндегі орта ғасырлық қалалық мәдениеттің шығуы мен даму тарихын зерттеу өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ тарихында ортағасырлық қалаларды зерттеудің маңызы зор. Өз тарихымыздың ақтаңдақ тұстарын зерттеу мүмкіндіктері күннен-күнге арта түсуде. Өйткені бүкіл ТМД кеңістігінде тарихшылар ортағасырлық кезеңге, мемлекеттіліктің қалыптасуы мен этногенез үрдістері өткен заманға аса зор мән беріп жатыр. Соның ішінде қалалық мәдениет пен көшпелілер өркениетінің қарым-қатынасына ерекше көңіл бөлінуде.

Көшпелілер өркениеті дамыған кезде дала мен қала мәдениетінің тұрақты қарым-қатынасы қалыптасады. Сондықтан көшпелі мал шаруашылығы жүрген жерде онымен қатарлас, стратегиялық маңызды жерлерде өнер мен сауда орталығы әрі қысқы қыстау ретінде қалалар пайда болуы - өте ықтимал құбылыс.

Өлкеміздегі қалалық мәдениетті зерттеу, табылған қалалар және жаңа ашылған деректер отандық тарихнаманың екінші қырына назар аудартады. Өткен күндер кәсіби тек тарихшыны ғана толғандырмайды. Бұл тақырыпта өлкетанушылар, саяхатшылар, қарапайым әуесқойлар да еңбектер жазған.

Атап айтсақ, Ибн Баттута Марко Поло сияқты кейде біз үшін түкке тұрғысыз болып қарапайым көрінетін оқиғалардыда суреттейді. Мысалы ол үшін бөтен елде қалай қабылдағаны, берген сыйлықтары, өзіне ұнаған бұйымдар мен тамақтар туралы жазады. Осындай бір үзінді келтірейік.

«Әлемнің батысында да, шығысында да Хорезм қауынына жететін қауын жоқ. Бұқара қауыны да жақсы, одан кейін Исфаһан қауыны тұрады. Хорезм қауынының қабығы - жасыл, іші қызыл және қатты, сонысына қарай, өте тәтті. Біздегі кептірілген фига мен малаг інжірі секілді қауынды тіліктерге тіліп, күнге кептіріп, себетке салып қояды. Содан кейін Үндістандағы Дели қаласында болған кезімде, Хорезм жақтан саудагерлер келсе, солардан кептірілген қауын сатып әкелуге қызметшілерді жұмсайтынмын. Менің қауынды жақсы көретінімді білетін Үнді патшасы егер өзіне кептірілген қауын тарту етсе, сонысын өзі жемей, маған беріп жіберетін. Шетелдіктерді өз елінің жемістерімен сыйлау олардың әдетінде бар еді. Осылайша патша оларға олардың мейірімін білдіретін». Бір қарағанда түкке тұрғысыз болып көрінгенімен, бұл да қызғылықты жайт[2, 22 б. ] .

Ибн Баттутаның саяхат жасаған кезеңі - ХІV ғасыр, дәлірек айтқанда, оның алғашқы жартысы, моңғол шапқыншылығынан кейін орталық Азия Жошы, Шағатай ұлыстарымен Құлағу мемлекетінің иеліктеріне бөлінген кезі еді. Бұл - атақты ойшыл және ақын Жалал ад-Дин (1207-1273 жылдар), белгілі тарихшы Фазлаллах Рашид ад-Дин (1247-1318 жылдар), астроном Кутб ад-Дин Ширази (123. табылуы 36-1311 жылдар ) және басқалар өмір сүрген заман болатын. Осы уақытта қалалар да жанданып, тамаша ғимараттар бой көтеріп жатты.

Ибн Баттутаның саяхаты, оның өз көрген - білгенін суреттеуі өте қызық. Алайда бәрінен бұрын бізді таң қалдырғаны - оның Еділ өзенінің бойына, Хорезм мен Бұхараға жасаған сапарлары.

«Қазақстан тарихы» журналдарында, Мусин Ч. «Қазақстан тарихы», Байпақов К., Нұржанов А. «Ұлы жібек жолы және орта ғасырлық Қазақстан», М. Қозыбаевтың «Тарих зердесі», Жолдасбайұлы С. « Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан», Хасенов Ә. Х. «Қазақстан мәдениеті мен өнерінің тарихы», Ә. Байбатша «Қазақ даласының ежелгі тарихы», Маданов Х. «Қазақ мәдениетінің тарихы», Мыңжанұлы А. «Қазақсанның көне тарихы», Масанов Н. Э., Абылхожин Ж. Б. «история Казахстана. Народы и культуры», Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т. «Көне мәдениет жазбалары» Осы еңбектерде орта ғасырлардағы қалалық мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы, ежелгі қалалардың тарихы мен саяси сауда экономикалық орталық ретіндегі ролі мен жалпы қазақстанның жан-жақты тарихында алатын орны ашып көрсетілген.

Ең бастысы, нағыз тарих қазіргі халықты алшақтатпай, керісінше біріктіре түседі. Өйткені біздің тамырымыз, тарихымыз бір. Кәсіби тұрғыдан, яғни соңғы жылдары ашылып жатқан жаңалықтарға сүйене отырып, әділ және ғылыми түрде жазылған талдау еңбектер біздің алыс және жақын тарихымыз хақында зерттеушінің таным-түсінігін кеңейте түседі.

Диплом жұмысының мақсаты - Қазақстан территориясында қалалық мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы, орта ғасырлардағы басты сауда-экономикалық және ғылым мен мәдениет орталықтары ретіндегі Ұлы Жібек жолы, Ертіс, Жайық, Сарыарқа, Сайрам, Түркістан, Отырар қалаларының тарихын зерттеп, ғылыми тұрғыда негіздеу болып табылады.

Осы мақсатқа сәйкес зерттеу жұмысының міндеттері :

Қазақстан қалаларының пайда болуы мен даму тарихына тоқталу;

Ұлы Жібек жолы оның қалалық мәдениетінің рөлін ашып көрсету;

Түркі қалаларын ғылым мен мәдениет орталығы ретінде қарастыра отырып, оларға сипаттама беру;

Испиджаб-Сайрам қаласының шығу тарихын зерттеп, оның ірі саяси, экономикалық және мәдени орталық ретіндегі маңызын ашып көрсету; Түркістан - қазақ халқының саяси, рухани мәдениетінің орталығы ретінде қарастыру.

Отырардың құрылу тарихынан бастап, оның орта ғасырлардағы өркениетті қалалардың біріне айналуы мен сол кезеңдегі қалалық мәдениеттің дамуына қосқан үлесін атап көрсету.

Жайықтан Ертіске дейінгі қалалық орталықтар жайлы тарихи деректемелер.

Жайық жағалауындағы орта ғасырлық қалалар тарихы.

Сарыарқа өңірі мен Ертіс жағалауындағы қалаларының маңызы.

Зерттеу объектісі - Орта ғасырлардағы Қазақстан қалаларының қалыптасуы мен даму тарихы.

Диплом жұмысының зерттеу базасы ретінде - Қазақстанның орта ғасырлар тарихына арналған ғалымдардың монографиялары, Қазақстан тарихы оқулықтары мен арнайы тақырыптық кітаптар, ғылыми мақалалар мен зерттеулер, мерзімді басылым материалдары алынды.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізі . Диплом жұмысын жазуда ғылыми таным принциптері - тарихилық, объективтілік, жүйелілік кеңінен қолданылды. Нәтижесінде орта ғасырлардағы Қазақстан қалаларының қалыптасуы мен саяси-экономикалық және мәдени даму тарихы жан-жақты ашып көрсетілді.

Диплом жұмысының практикалық маңызы. Бұл жұмысты жалпы білім беретін орта мектептердегі және орта арнаулы оқу орындарындағы тарих сабағында, тарихи үйірмелер мен ғылыми қоғам жұмыстарында және жоғары оқу орындарында орта ғасырлардағы Қазақстан қалалары тақырыбындағы дәрістерде, практикалық сабақтар мен өздік жұмыстарды орындауда пайдалануға болады.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы . Зерттеу тақырыбына байланысты тың іргелі еңбектер мен зерттеулерді, ғылыми мақалаларды негізге ала отырып, Қазақстан территориясындағы қалалық мәдениеттің қалыптасуы, Ұлы Жібек жолы, оның тарихи маңызы, орта ғасырлық қалалардың, саяси-экономикалық, мәдени орталықтар ретіндегі рөлін ашып көрсету болып табылады.

Тақырыптың хронологиялық шеңбері . VІ-ХVІІ ғасырлар аралығын қамтиды.

Зерттеу нәтижесінің сыннан өтуі (апребация ) . Республикалық ғылыми-практикалық «Төлегенов оқулары» «Ортағасырлардағы Қазақстан қалаларының тариххы» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда баяндалды және конференция материалдарының жинағында жарық көрді (Арқалық қ., Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, 2013 ж. ) .

Диплом жұмысының құрылымы кіріспе, үш бөлім, оның бірінші, екінші бөлімдері үш бөлімшеден, үшіншісі екі бөлімшеден, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

1 ҚАЛА МӘДЕНИЕТІ ТАРИХЫНЫҢ БАСТАУЫ

1. 1 Қазақстан қалаларының пайда болуы мен дамуы

Қазақстанның ежелгі қалалары . . . Ескіден келе жатқан қолжазбалардың уақыт өте сарғайып кеткен беттерінде олардың көбінің аттары сақталмаған. Кейбір калалардың атаулары халық аузындағы аңыз-әңгімелерде ғана кездесіп калады. Ал көбінің аттары белгісіз. Тек осы қалаларды қурай басып, бұта жапқан орындары ғана бағзы заманда еңбек етіп, өмір сүрген, өркендеп дамып сарайлар ман шаһарлар тұрғызған, тамаша өлең шығарып, тағдырын жырға қосқан ондаған ғасырлық шежіресі бар ата-бабалар өмірін еске салады. Алайда олар іс түссіз жоғалып кеткен жоқ. Өткен күннің өрнектерін бүгінгі заттардан, халық жадынан қөруге болады.

Біз өз тарихымызды сүйеміз. Өткенізді қадыр тұтып, оны мақтаныш етеміз. Өйткені онсыз қазіргі күніміздің асқақтығы болмас еді. Қазақстан - ұшы қыйырсыз кең-байтақ ел. Оның осынау жалпақ төсіне Тянь-Шаньның тәкаппар, ақбас шыңы да, Сарыарқаның кең жазира даласы да, Сары есік- Атырау мен Маңғыстау шөлдарі де, ну орманды Алтай таулары мен Орал жазығы да сыйып жатыр.

Бүгінде елімізде өзен көлдерді бойлап көптеген жаңа қалалар бой көтерген. Олардың біразы ескі шаһалладың маңында немесе тура солардың үстіне салынған. Осылайша кешегіміз бүгінгі күнмен сабақтасып жатыр. Ата -бабаларымыздың тарихы мен мәдениеті - бізге олардың ұрпақтарына, бұрын-сонды жасалған тамаша туындылардың мирасқорларына өте қызық әрі құнды дүние.

Жазба жәдігерлердің тым аздығы немесе кейбір маңызды тарихи кезеңдер жайлы деректердің мүлдем жоқтығы ежелгі дәуірлер тарихын оқып білуге қиындық туғызады. Осындай кезде көмекке келер ғылымның саласы - археология. Тарихи қағаз бетіне түспей қалған елдер үшін оның маңызы тіпті зор. Бұл жағдай тамыры тереңде жатқан, ата - бабаларымыз қалдырған ескерткіштер сыр шертетін Қазақстан тарихына да қатысты. Археологиялық деректер, шын мәнінде, үңіле білген адамға таусылмас қазына. Еуразия құрлығында Қазақстаннан өзге тарихи жәдігерлерді атау қыйын. Қазақстанды экспонататтары ашық аспан астында орналасқан көрме деуге болады. Оның ескерткіштері Арал маңында, Сырдарияның ежелгі сағасында, Маңғышлақта, Сарыарқада, Жетісуда, Жайық, Мұғалжар мен Ертіс маңында кең тараған.

Қазақстанның ежелгі қалалары туралы алғаш жазылған кітап осыдан отыз үш жылдай уакыт бұрын жарық көрді. Бұл ежелгі қала орындарындағы қазба жұмстарының жаңадан жарыққа шыға бастаған кезі болатын. Отырар, Түркістан, Қаялық, Құлан, Сауран қалалары толық зерттелмеген еді.

Қазақстан жеріндегі көне қалалар: Отырар, Испиджаб, Тараз, Түркістан, Талхир, Жамукат, Құлан, Қаялық, Ертіс, Сарыарқа, Жайық бойындағы қалаларға қазба жұмыстарын жүргізуге есімі тек біздің елімізде ғана емес, әлемге әйгілі көптеген археологтар қатысты. Олардың ішінде көрнекті ғалым Ә. Х. Марғұлан, ресейлік С. П. Толстов, А. Н. Бернштам, өзбекстандық М. Н. Массон, қазақстандық Е. И. Агеева, Қ. А. Ақышев, Т. И. Сенигова, Г. И. Пацевич, М. С. Мерщиев, К. М. Байпақов, Л. Б. Байпақов, Л. Б. Ерзакович, С. М. Ақынжанов, С. Ж. Жолдасбаев, Т. В. Савельева, М. Е. Елеусов, Е. А. Смағулов, В. А. Грошев, М. Қожа, Б. А. Байтанаев Н. О. Алдабергенов, Д. А. Водкин болды. Осы кісілердің көп жылғы еңбектерінің арасында біз Қазақстанның ежелгі қалалары жайлы толымды мәліметтер алып отырмыз [3, 145 б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Египет мәдениетін мектепте оқытудың әдістемесі
Ежелгі Спарта мемлекетінің тарихы
Тарихи өлкетану материалын тарих сабағында пайдалану әдістері
Қазақстан тарихы курсының тәрбиелік мәні
Араб-парсы деректерін орта мектепте тарих пәніне оқыту барысында пайдалану әдіс-тәсілдері
Модульдік оқыту технологиясы арқылы сабақ өткізу әдістемесі
Ертегі бала жанын қоректендіретін - рухани қор
Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқан идея - жанның мәңгілігі
Тарихи өлкетану жұмыстары және оларды ұйымдастыру жолдары
Әуелбек Қоңыратбаев – әдебиет тарихшысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz