Несие туралы жалпы ұғым
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I . бөлім. Несие туралы жалпы ұғым.
1.1 Несиенің мәні және қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Несиелеу субъектілері мен объектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.3 Несиенің формалары және олардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
II . бөлім. Несиелік процесс.
2.1 Несиелеуді ұйымдастыру принціптері және несиелеу әдістері ... ... ... ... ... ..11
2.2 Несиелеу механизмі және несиелік процесс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.3 Несиелік тәуекелді басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.4 Қарыз алушының (жеке тұлғаның) несиелік қабілетін бағалау ... ... ... ... ... ..20
III . бөлім. Шетел тәжірибесі.
3.1 Ипотекалық несиелеудің үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Глоссарий ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Кіріспе
Тарихтың қай кезеңінде болса да, несие түрлі экоеомикалық және қоғамдық ойшылардың назарын аударатын. Экономика ғылымы өзінің пайд болған күнінен бастап несиенің проблемасымен шұғылданып келеді.Ал қазіргі нарық кезеңінде несиеге, экономикалық санат ретінде аса көп көңіл бөлініп отыр. Өйткені нарық кезінде несиелік қарым-қатынас ең жоғарғы ресімделуіне жетеді, сөйтіп несие төңірегінде алуан түрлі практикалық және теориялық сауалдардың шиеленіскен түйініне айналады.
Несиенің тауарлық өндірістің пайда болған кезінде жатыр. Содан кейінгі экономикалық даму сатыларының әрқайсысында да несиенің маңызы зор болды. Тарихтың өткен дәуірлерінің бәрінде де дамытпалы несие, барлық қоғамдық қарым-қатынасты жаңартудың және түрлендірудің революциялық қозғаушы күші болды. Ол жеке тауар өндірушілердің арасында мүлде ақиқат байланыс орнатты, олардың мүдделерін қосып бекітті және қоғамдық өндіргш күштерін қайта бөлудің ұтымды әдісі болды.
Осыған байланысты болашақ экономисттерге несиенің арғы негізін, қазіргі жағдайда оны пайдаланудың керегі неде екенін түсіну керек. Оның үстіне әр түрлі деректерде несие ұғымы әр түрлі түсіндіріледі. Мысалы, кейбір экономисттер несие өнімсіз шығынды көбейтіп (процен жөнінде айтылады), өндіргіш күштердің дамуына кедергі келтіреді, нарықтық экономикаға тән қарама-қайшылықтарды шиеленістіре түседі, сондықтан экономикалық дағдарысты жоймайды, керісінше оны тереңдетеді, оған тікелей себепші болады деген пікір айтады. Басқалары керісінше, несие экономиканың тұрақты, үздіксіз дамуына мүмкіншілік береді дейді. Осындай қарама-қарсы пікірлер орын алған жағдайда істің жәйін түсіну үшін алдымен несиенің қажеттілігі қайдан шығады, оның мәні неде және жалпы несиелеу процесі қалай жүреде деген сауалға жауап беруіміз керек.

Қоладанылған әдебиеттер тізімі:
1. М.С.Саниев «Ақша, несие, банктер». Алматы 2001
2. Ғ.С.Сейітқасымов «Ақша, несие, банктер». Алматы 2005
3. С.Б.Мақыш «Ақша айналысы және несие». Алматы 2004
4. С.Б.Мақыш «Коммерциялық банктер операциялары». Алматы 2004
5. Абдильманова Ш.Р. «Банковский маркетинг на рынке услуг ». Алматы 2000
6. Алехин Б.И. «Кредитно-денежная политика».
7. Вешкин О.Г., Авагян Г.Л. «Банковские системы зарубежных стран».
Алматы 2004
8. Давлетова М.Т. «Кредитная деятельность банков в Казахстане». Алматы 2001
9. Жукова Е.Ф. «Деньги, кредит, банки». М.2001

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I - бөлім. Несие туралы жалпы ұғым.
1.1 Несиенің мәні және
қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..4
1.2 Несиелеу субъектілері мен
объектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.3 Несиенің формалары және олардың
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
II - бөлім. Несиелік процесс.
2.1 Несиелеуді ұйымдастыру принціптері және несиелеу
әдістері ... ... ... ... ... ..11
2.2 Несиелеу механизмі және несиелік
процесс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.3 Несиелік тәуекелді
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...18
2.4 Қарыз алушының (жеке тұлғаның) несиелік қабілетін
бағалау ... ... ... ... ... ..20
III – бөлім. Шетел тәжірибесі.
3.1 Ипотекалық несиелеудің
үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Глоссарий ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..26
Кіріспе
Тарихтың қай кезеңінде болса да, несие түрлі экоеомикалық және қоғамдық
ойшылардың назарын аударатын. Экономика ғылымы өзінің пайд болған күнінен
бастап несиенің проблемасымен шұғылданып келеді.Ал қазіргі нарық кезеңінде
несиеге, экономикалық санат ретінде аса көп көңіл бөлініп отыр. Өйткені
нарық кезінде несиелік қарым-қатынас ең жоғарғы ресімделуіне жетеді, сөйтіп
несие төңірегінде алуан түрлі практикалық және теориялық сауалдардың
шиеленіскен түйініне айналады.
Несиенің тауарлық өндірістің пайда болған кезінде жатыр. Содан кейінгі
экономикалық даму сатыларының әрқайсысында да несиенің маңызы зор болды.
Тарихтың өткен дәуірлерінің бәрінде де дамытпалы несие, барлық қоғамдық
қарым-қатынасты жаңартудың және түрлендірудің революциялық қозғаушы күші
болды. Ол жеке тауар өндірушілердің арасында мүлде ақиқат байланыс орнатты,
олардың мүдделерін қосып бекітті және қоғамдық өндіргш күштерін қайта
бөлудің ұтымды әдісі болды.
Осыған байланысты болашақ экономисттерге несиенің арғы негізін, қазіргі
жағдайда оны пайдаланудың керегі неде екенін түсіну керек. Оның үстіне әр
түрлі деректерде несие ұғымы әр түрлі түсіндіріледі. Мысалы, кейбір
экономисттер несие өнімсіз шығынды көбейтіп (процен жөнінде айтылады),
өндіргіш күштердің дамуына кедергі келтіреді, нарықтық экономикаға тән
қарама-қайшылықтарды шиеленістіре түседі, сондықтан экономикалық дағдарысты
жоймайды, керісінше оны тереңдетеді, оған тікелей себепші болады деген
пікір айтады. Басқалары керісінше, несие экономиканың тұрақты, үздіксіз
дамуына мүмкіншілік береді дейді. Осындай қарама-қарсы пікірлер орын алған
жағдайда істің жәйін түсіну үшін алдымен несиенің қажеттілігі қайдан
шығады, оның мәні неде және жалпы несиелеу процесі қалай жүреде деген
сауалға жауап беруіміз керек.
I – бөлім. Несие туралы жалпы ұғым.
1.1 Несиенің мәні және қажеттілігі.
Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың
ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілермен қатар,
мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндңру сферасынан емес, олардың айырбас
сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау – бұл тауардың бір қолдан екінші
қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге
байланысты қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы – бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды.
Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізінде капитал
айналымын жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған негіз
де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде
берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр
түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз
емес, несие – ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың
уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы – сол
қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция,
субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.
Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға
(қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып,
несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты
бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос
қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып,
уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға
айналады.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие – бұл
бенктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды
ұйымдастырудың әртүрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың
жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда – бұл
ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасқан несиелік қатынастарды
ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие – кәсіпорындар, ұйымдар және
бірлестіктер, сондай-ақ халық арсындағы несие қорын құру және оларды
қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға
беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынстар жиынтығы.
1.2 Несиелеу объектілері мен субъектілері.
Несие құрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз
капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік
мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынас субъектілері деп
атауға болады. Осы тараптың біреуі болмаса несиелік мәміле жасалмайды.
Несие берушілерге мемлекет, банктер (орталық және коммерциялық), банк
типтес мекемелер мен қаржылық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйыдары
да жатады. Кейбір жағдайларда, несиенің коммерциялық формада берілуіне
байланысты несие берушіге өнім өндіруші кәсіпкерлер де жатуы мүмкін. Ал
қарыз алушыларға қаражатқа деген уақытша қажеттілігі бар кез келген заңды
және жеке тұлғалар жатады.
Несиелеу объектісі – бұл несиенің пайдалану заты, яғни несиенің іске
асырылу аясы деп түсінуге болады.
Несиелеу объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс
шығындары түрінде, сол сияқты, егер несие материалдық жағынан қамтамасыз
етілмеген жағдайда, банк алдындағы шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде
де болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу объектісіне өндірістік
шикізат қорларын, негізгі және көмекші материалдарды, жанармай, ыдыстар,
сатып алынатын жарьылай өнімдер, азық-түліктер және басқа да материалды
құндылықтардың маусымдық жинағы және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және
сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымды қорлары жатады. Мұндай қорларды
жасау, ең бастысы, өндіріспен және өнімдерді сату процесімен тығыз
байланысты.
Несиелеу объектісіне экспортты және импортты тауарлармен қызметтермен
жабдықтау, экономикалық қызметке байланысты шығындар, кәсіпкерлік қызметпен
айналысатын заңды және жеке тұлғалардың сатып алынатын шикізаттары,
материалдары, құралдары және басқа да мүліктері, ломбардтық операциялар,
шарушылық субъектілердің кірістері мен шығыстары арасындағы алшақтық
жатады.
Ұзақ мерзімді несиелеу объектілеріне жататындар мынандай түрлерге
бөлінеді:
• өндіріс объектілерінің құрылысы;
• өндіріс рбъектілерін қайта құру, техникалық жағынан қайта
қаруландыру, кеңейту;
• техникалар, құрал-жабдықтар және көлік құралдарын сатып алу;
• жаңа өнім шығаруды ұйымдастыру;
• өндірістік емес маңызы бар объектілерді салу.
1.3 Несиенің формалары және олардың жіктелуі.
Несиенің формалары, оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік
қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай
өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады.
Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде
берілетін несиені – коммерциялық, ақ ақша түріндегі несиені банктік деп
атайды.
Қалған несиенің түрлері осы форманың тәжірибеде қолдануынан туындайды.
Коммерциялық несие – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген
тауарын білдіреді.
Коммерциялық несие – бұл вексель айналысының пайда болуына снбеп болған,
экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл
формасының басты мақсаты – тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай-ақ
одан пайда табу.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен
бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды
сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай
жағдайда айналыс қүралы ретінде қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында
төлейтіндігін куәландырытын арнайы қарыздық міндеттеме – вексель
қолданылады.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы мынадай:
• қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе
қызметті сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады;
• коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
• қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
• коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз
мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
• қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңды түрде
рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының
құнына қосылады.
Банктік несие – бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде
берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие – бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың
формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құралына
несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші:
банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде:
кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген
сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің
басты мақсаты – бұл пайыз түрінде табыс табу.
Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді.
Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
I. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
• мақсатты қорларға;
• банктерге;
• қаржы-несиелік мекемелеріне.
2.Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
• өнеркәсіп салаларына;
• ауыл шаруашылығына;
• саудаға;
• дайындау ұйымдарына;
• жабдықтау-сату ұйымдарына;
• кооперативтерге;
• жеке кәсіпкерлерге.
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
II. Мерзіміне қарай:
• қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
• орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін);
• ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
III. Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай:
• негізгі қорларға жұмсалатын;
• айналым қаражатына жұмсалатын.
IV. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
Қамтамасыз етілген:
• кепілхатпен;
• кепілдемемен;
• кепілдікпен;
• сақтандырылған.
Қамтамасыз етілмеген:
• сенім (бланктік) несиесі.
V. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
1) Стандартты несие – қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында
ешқандай күмән жоқ несиелер;
2) Күмәнді несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған
және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің
жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-санатты
күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-санатты
күмәнді.
3) Үмітсіз несиелер – қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен
ссудалар шотына жазылған несиелер.
VI. Валютамен берілуіне қарай:
• ұлтық валютамен;
• шетел валютасымен.
VII. Берілу шартына қарай:
1. Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін
және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
Мысалға, Қазақстан Республикасында жетекші банк – Казкоммерцбанктің
тұтыну несиесін беру шарты төмендегі кестеден көруге болады.
Казкоммерцбанктің тұтыну несиесінің түрлері мен
шарттары.
Тұтыну несиесінің түрлері
Несиелеу
№ шарттары
Автомобиль несиесі Ұзақ мерзімді
тауарлар сатып алу
несиесі
Жаңа Ескі
(пайдаланылған)
1 2 3 4 5
1 Несие Автомобиль Автомобильді 10000 АҚШ
мөлшері құнының бағалау құнының долларына дейін
80% дейін 80%-на дейін (немесе
эквивалент)
500000 АҚШ
долларына дейін
(егер қамтамасыз
ету заты –
жылжымайтын мүлік
болса)
2 Бастапқы Автомобиль 3 жылға дейін
жарна құнынан – жүрген шетел көлігін
20% сатып алуда 20%;
3 жылдан 5 жылға
дейін жүрілген шетел
көлігін сатып алуда 30%;
5 жылдан 10
жылға дейін жүрілген
шетел көлігін сатып
алуда 50%;
3 жылға дейін
жүрілген ТМД елдерінің
автокөлігін сатып алуда
30%;
3 жылдан 5 жылға
дейін жүрілген ТМД
елдерінің автокөлігін
сатып алуда – 50%.
3 Несие шелел 3 жылға дейін 2 жылға дейін
мерзімі автокөлігі
үшін 5 жылға
дейін;
ТМД
автокөлігі
үшін 5 жылға
дейін
4 Несие АҚШ доллары АҚШ доллары немесе АҚШ доллары немесе
валютасы немесе теңге теңге
теңге
5 Несие үшін Айына: Айына: 1,5% (АҚш Айына: 1,5 (АҚШ
төлем 1,5% (АҚШ долларымен) және 1,7 долларымен) және
долларымен) (теңгемен) 1,7% (теңгемен)
және 1,7%
(теңгемен)
6 Қамтамасыз Сатып алатын Егер шетел автокөлігінің Сатып алатын
ету түрі автомобиль жүрілген уақыты 10 тауар немесе
жылдан, ТМД-кі 5 тұрғын үй
жылдан аспаса, сол
автомобильді
2. Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді,
өндіріс ғимараттарын, жерді) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін
несие.
3.Овердрафт несиесі – клиеттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік
қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несие.
4. Овернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін
банкаралық несие.
5. Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа
мерзімді несие.
6. Банкаралық несие – банктердің бір-біріне беретін несиесі.
7. Ломбардтық несие – тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы
қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
8. Лизингтік несие – құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін
несие.
9. Рамбурстық несие – шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат
пен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.
10. Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары
клиенттерге берілетін несие.
11. Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржылық уақыты мен түсімді алу
мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.
VIII. Несиелеу объектісіне қарай:
• меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;
• материалдық қорлар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;
• сырты экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен
импорттау;
• азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар, құралдар
және басқа да мүліктер алуына;
• ломбардты, кепілдік және ссудалық операцияларға;
• театрлар және демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары арасындағы
маусымдық үзілістерге;
• күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
• тез өтелетін тиімділігі жоғары шараларға.
II – бөлім. Несиелік процесс.
2.1 Несиелеуді ұйымдастыру принціптері және несиелеу әдістері.
Несиелеу принціптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік
қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық заңдардың
талаптарын бейнелейді.
Несиелеу принціптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік
несиелердің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады.
Несиелеу принціптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты
шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы
шеңберінде қатынасу нәтижелілігі анықталады.
Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принціптері екі топқа
бөлінеді:
1 топқа – жалпы экономикалық тәртіптегі принціптер:
• несиенің мақсаттылығы;
• несиенің дифференциалдығы.
2 топқа – несиенің мәнін бейнелейтін принціптері:
• несиенің мерзімділігі;
• несиенің қайтарымдылығы;
• несиенің төлемділігі;
• несиенің қамтамасыз етілуі.
Қазіргі кезде несиенің дифференциалдық принціпінің мазмұны өзгерген десе
болады. Біріншіден, ол мерзімділік принціпімен байланысады, яғни несие
уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан да
несиелеудің дифференциялануы ғана жүзеге асырылады. Екіншіден, бұл принціп
несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурстарға деген
сұранысын оқып-үйрену барысында потенциалды қарыз алушылардың несиелік
қабілетін және сұралып отырған несиенің қамтамасыз етілу сипатын және
олардың банк үшін пайдалылығын, сондай-ақ қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын
жетекшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске
қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің
дифференциялануы, оның өткен жүйедегі вариантымен салыстырған қаталдау
болып табылады.
Мерзімділік – белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне
негізделген несиенің ерекше бір белгісі. Ол, яғни несие берушінің қарыз
алушыға берілген қаражаты белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай
қайтарылуға тиістілігімен қорытындалады. Осыдан келіп, несиенің
қайтарымдылық принціпі туындайды.
Несиенің қайтарылымдылығы оның экономикалық категория ретінде басқа да
тауарлы-ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратылатын
ерекшелігімен сипатталады. Қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан да,
қайтарымдылық несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.
Несиенің төлемділігі – бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін
қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын
білдіреді. Іс жүзінде ақалылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы
(пайыз) түрінде беріледі.
Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы деп те атайды.
Еркін реттелетін нарық жүйесі тұсында несие үшін сыйақы мөлшерлемесі
несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады.
Қазіргі банктердің несие үшін сыйақы мөлшерлемесін белгілеуде
ескерілетін басты факторларына мыналар жатады:
• орталық банктің коммерциялық банктерге беретін несиелері бойынша
белгіленетін сыйақысының базалық мөлшерлемесі;
• банкаралық несие бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі;
• өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа сыйақы
мөлшері;
• банктің несиелік ресурстарының құрылымы тартылған;
• несиеге деген сұраныс (сұраныс аз болса, несие бағасы да арзан
болады);
• несиенің сұралатын мерзімі мен түрі, нақтырақ айтсақ, банк үшін
оның қамтамасыз етілуіне байланысты тәуекел дәрежесі;
• еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы.
Қазіргі банктік тәжірибеде несиелеу әдісінің үш түрі қарастырылады:
• айналым бойынша несиелеу әдістері;
• қалдық бойынша несиелеу әдістері;
• айналым-қалдық.
Айналым бойынша несиелеу барысында несие несиелеу объектісінің
айналымындағы қозғалысын жалғастырып отырды. Несие қарыз алушының
шығындарын оның ресурсы босағанға дейін аванстайды. Несиеге деген
объективтік қажеттілікті ұлғайту шараларына байланысты несие мөлшері
өсіп, бұл қажеттіліктің азаюына байланысты несие қайтарылады. Бұл әдіс
негізінен несиенң қозғалысымен қажеттілікті төмендету немесеұлғайту
шараларына байланысты үздіксіз қамтамасыз ететін, яғни үздіксіз жаңартып
отыратын процесс болып табылады.
Қалдық бойынша несиелеу барысында несие несиеге деген қажеттілік
тауарлы-материалды құндылықтар және шығындар қалдықтарымен өзара
байланысты. Қалдық бойынша несиелеуде несиелеу объектісінің кішкене
бөлігі қамтылса, ал айналым бойынша несиелеуде несиелеу объектісі
толығымен қамтылады.
Айналым және қалдық бойынша несиелеудің іс жүзінде ұштасуының
нәтижесінде айналым-қалдықтық әдісі түзіледі. Мұндағы бірінші кезеңде,
несиеге деген қажеттіліктің туындауына байланысты несие берілсе, ал
екінші кезеңде несие клиенттің банк алдындағы мерзімді міндеттемелері
негізінде өтеледі.
2.2 Несиелеу механизмі және несиелік процесс.
Несиелеу механизмі – несиенің берілу және қайтарылу әдіс-тәсілдерін
және несиелеу процесін, сондай-ақ несиенің қозғалысына бақылауды қамтитын
несиелік механизмнің құрамдас бөлігі.
Басқаша айтқанда, несиелеу механизмі бұл несиені пайдалану механизмін
білдіреді. Несиелеу механизмі – бұл несиені ғылыми тұрғыда тану
механизмін сипаттайды. Бұл механизм практикада нақты әрекет ететін,
өзінің субъективтік сипаты бар механизм. Несиелеу механизмі өзінің мәні
жағынан несиелік процесс технологиясын бейнелейді.
Несиелеу процесі келесідей кезеңдерді қамтиды:
• несиеге деген өтінішті қарастыру;
• несиелік қабілетін талдау;
• несиелік келісімшарт жасасу;
• несие беру;
• несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасасу.
I кезең. Банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарау.
Кез келген несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда
қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты,
мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі.
Банктің қоятын талаптарына байланысты құжаттар беріледі. Клиенттердің әр
түрлі топтары үшін әр түрлі құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін. Мысал
ретіндегі құжаттар пакетінің құрамына кіретіндер:
1) құрылтайшылық құжаттардың, жарғының, жалға алу шарттарының,
тіркелген куәліктерінің немесе патенттерінің; нотариалды түрде
куәландырылған жерді пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар;
азаматтардың төл құжаттары және клиенттің несие алуға құқығын растайтын
басқа да құжаттардың көшірмелері;
2) соңғы екі жылдық қарыз алушының балансы және оған қосымша беттер,
3) несиеленетін шаралардың рентабельдік деңгейін және оның қайтарылу
мерзімін сипаттайтын техникалық-экономикалық есебі;
4) несиеленетін мәмілелерді растайтын келісімшарттар көшірмелері;
5) басқа банктен алған несиелер туралы мәліметтер (шоттар бойынша
көшірме);
6) қамтамасыз ету мақсатында кепілге берілген мүлікке қарыз алушының
меншік құқығын растайтын құжаттар;
7) несиені қайтаруға байланысты міндеттемені куәландыратын құжаттар;
8) қызметін жаңадан бастаған, яғни қаржылық есептер және басқа да
құжаттары жоқ кәсіпорынның бизнес жоспары.
Қажет жағдайларды банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз
ететін басқа да құжаттар мен мәліметтерді талап ете алады. Сонымен қатар,
банкпен тұрақты несиелік қатынаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір
құжаттар тізімі қысқаруы мүмкін. Қарыз алушы банкке несие алуға өтініш
жасаған уақытта, банк несиелеудегі оның мүмкіндігін алдын ала бағалау
үшін есеп крточкасын толтыруы мүмкін. Онда: фирманың жетекшісі мен қарыз
алушының аты-жөні; қызметі және меншік түрі; клиенттің заңды мекен-жайы;
ағымдық және валюталық шот ашқан банктің аты және реквезиттері; негізгі
құрылтайшылары; ол сұрайтын несиенің мақсаты, сомасы және мерзімі; соңғы
есептік күнге берілген баланс құрылымы және басқа да көрсеткіштер.
Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк қарыз алушының алған
несиесін қайтару қабілетін бағалаудың шешім қабылдау үшін аса маңызы бар.
Бағалау техникалық-экономикалық есеп негізінде.
II кезең. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі.
Қарыз алушының несиелік қабілеті – қарыз алушының алған несиесі
бойынша қарызды уақытылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен
сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың
әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да банк клиентке несие беруге шешім
қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің
өтімділігіне ықпал етеді.
Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынадай
факторлар есепке алынады:
1) Несиеге қатысты қабілеттілігі. Қарыз алушыға несиені бере отырып,
қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы
және нұсқауымен танысуға тиіс;
2) Қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі
деп қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-
ақ келісімшартқа байлансты барлық міндеттемелерді орындауы түсіндірілген.
3) Табыс алу қабілеті. Банк қарыз алушының несиені қайтаруға
жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.
Қарыз алушының табыс алу қабілетін анықтау барысында сату көлеміне,
баға шығындарына, шығыстарға әсер ететін факторлар есепке алынады. Бұл
факторларға: қарыз алушы кәсіпорынның орналасқан жері, оның тауарлары мен
қызметтерінің сапасы, шмкізат құны, қызметкерлерінің біліктілігі жатады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz