Банкроттық және оның құқықтық аспектілері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЬЕКТІЛЕРІНІҢ БАНКРОТТЫЛЫҚ ҰҒЫМЫ, ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ . . . 7
1. 1 Жеке кәсіпкер нысанындағы банкроттылық субьектісі жеке тұлға және заңды тұлға ұғымы мен белгiлерi
1. 2 Заңды тұлғалардың түрлерi мен олардың ұйымдық - құқықтық
нысандары
2 МЕМЛЕКЕТТЕГІ БАНКРОТТЫҚ ИНСИТУТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ . . . 23
2. 1 Банкроттық институтының мәні және міндеттері
2. 2 Банкроттық механизмнің мемелекттік рөлі, заңдық негіздері: даму тарихы мен қазіргі жағдайы
2. 3. Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасының дамуы
3 БАНКРОТТЫҚ ДЕП ТАНУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТАРЫ . . . 41
3. 1 Дәрменсіздік (қабілетсіздік) банкрот деп танудың негізі
3. 2 Банкроттық процедурасының құқықтық ретелуі
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 64
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы экономиканың қайта құрылуының жаңа сатысына енгеннен бастап қазiрге дейiн республикадағы халық шаруашылығында кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң, яғни заңды тұлғалардың құрылуы мен таратылуының үздiксiз үрдiсi жүруде.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтың мемлекеттiң заңдарымен үйлесе бермейтiн өз объективтiк заңдары бар. Сондықтан да құрылған ұйымдардың барлығы да үнемi өзгерiп отыратын жағдайларға икемделiп, өмiр сүре алмайды. Нарықтық қатынастарға қатысушылардың өмiршеңдiгiне әсер ететiн факторларды екi топқа бөлуге болады:
-объективтiк - бәсекелестiк, мемлекеттiң салық және валюталық саясаты, тұтынушылардың төлем қадбiлетiлiгiнiң төмендiгi және т. б. ;
-субъективтiк - фирмада құқық, бухгалтерлiк және салықтың есеп саласындагы бiлiктi мамандардың болмауы, активтердiң жағдайының жүйелi сараптамасын және бақылауды бағаламау, оларды тиiмсiз пайдалану, қабылданған есептiк және салықтық саясаттардың маңыздылығын бағаламау, заңнамалық база және олардағы өзгерiстер жөнiнде ақпараттар жеткiлiксiздiгi және т. б.
Әлбетте, фирмалар мен оның жетекшiлерiнiң барлығы дерлiк алынған ақпараттарды жедел қабылдап, оны нақты жағдайға қолдануға бейiмдей алмайды.
Азаматтық құқықтың негiзгi субъектiлерi болып заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар саналады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң (әрі қарай ҚР АК) 33-бабына сәйкес заңды тұлғалар меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым ретiнде бекiтiлген. ҚР АК 52-53 баптарынада заңды тұлғалардың банкроттық және банкрот деп тану мәселелері қарастырылған [1] . Ал, осы заңнамалық құжаттың 19-бабы және 21-бабында заңды тұлағаларға қатысты қолданылатын құқықтық режимнің және де банкротылық үрдісінің жеке кәсіпкер нысанында қызмет ететін жеке тұлғаларға қатысты қолданылатындығы бекітілген.
Кез-келген экономикасы дамыған елде нарықтық қатынастарды құқықтық реттеу механизмінің негізгі элементтерінің бірі банкроттық туралы заңнама болып табылады.Банкроттық институтының қызмет етуі бірнеше себептерге негізделген. Біріншіден, экономикалық айналымды шектеу қажет және оның қатысушыларының өздеріне жүктелген міндеттерінің орындауға деген әрекеті қабілетсіз болса, егер бұл әрекет қабілетсіздік тұрақты сипатқа ие болса. Бір жағынан мұндай қатысушыны айналымнан шектеу қажеттігі қалыптасады. Ал, екінші жағынан оны тауар өндіруші, қызмет, жұмыс беруші ретінде сақтауға тырысады. Осы екі жағдайда заңды тұлғалар бірнеше немесе бір кредитордың мүлікке деген талабын қанағаттандыру үшін жауап береді және қалған кредитордың қанағаттандыру құқығынан айырады. Осымен қатар мүмкіншілігі жоқ борышқордың мүддесін қорғау және сақтау немесе тарату сұрағын шешу заңда бекітілген процедураларға бағынады.
Басқаша айтқанда, банкрот институтының мәні төлем қабілеті жоқ субъектіні, заңды тұлғаны (оны тарату жағдайында) азаматтық айналымнан шектеу нарықтың қызметін жақсартады, ал бір жағынан осы институт азаматтарға, кәсіпкерлерге және әртүрлі меншік нысанына ие заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметтеріне және олардың өз істерін қайта ұйымдастыруға және қаржылық тұрақтылыққа жетуге мүмкіндік береді. Жаңа экономикалық қатынастардың кеңінен дамуының соңынан экономикалық қызмет саласындағы кейбір, құқық бұзушылықтар пайда бола бастады. Олардың кейбіреуін заңшығарушы қоғамдық қауіпті деп танып, қылмыстық жазалау әрекеттерінің қатарына енгізді. Бұл мұндай әрекеттердің арасында қылмыстық банкроттық бар.
Нарықтық экономикада банкроттық болмай тұрмайды. Бұл кездегі банкроттық себептері әр түрлі болуы мүмкін: нарықтық конъюктурадағы есептен жаңылулар, қаржылық мәселелердің нәтижесінде тығырыққа тірелу және тағы басқалары. .
Нарықтық экономикада банкроттық институты бір жағынан нарықты сауықтыру факторы, ал екінші жағынан, жартылай болса да несие берушінің борышқорға қойған талабын қанағаттандыратын құрал болып табылған.
Банкроттық институтының ролі қазір кәсіпкерлермен дұрыс бағаланбайды, ал оны өткізуде түсінбеушілік кездеседі. Көбінесе бұл жағдай шаруашылық субъектілері банкроттық процедураның жариялық мәнін қабылдай алмауымен байланысты, мүмкіндігі жоқ заңды немесе жеке тұлғаларды банкрот деп тану нарықты жақсартады және экономикалық қатынасты бекітеді, ал бұл шаруашылық етушілерге қолайлы жағдай.
Кәсіпкерлердің банкроттық процедураларға деген теріс қатынасын шектеу үшін банкроттық туралы құқықтық жағдайды түсіндіру қажет, банкроттық кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін жоғары деңгейде қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде банкроттық істер бойынша қалыптасқан тәжірибені және нормативтік жағдайлармен объективті түрде танысу қажет. Өкінішке орай мұндай зерттеулер аз.
Құқықтық көзқарас тұрғысынан алғанда әрекет етіп отырған жағдайды түсіндіретін жұмыс жоқ. Сондықтан Қазақстандағы банкроттық туралы заңдылық тұрақты болмайды, жиі өзгеріп тұрады.
Дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасы заңдарының ережелерiне негiздей отырып, шаруашылық субъектiлерiнiң құрылу, таратылу және банкроттық тәртiптерi қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың аясында жүргізілетін зерттеу жұмысының объектісі болып азаматтық құқық субъектілерінің кәсіпкерлік қызметі барысында туындайтын құқықтық қатынастардың жүйесі табылады, ал пәні болып осы субъектілердің дәрменсіздігі жағдайындағы бакроттылығы және оның салдарынан туындайтын үрдістердің жүргізілуі кезіндегі құқықтық қатынастар табылады.
Бұл жұмыстың мақсаты - жеке кәсіпкер, заңды тұлғалардың банкроттылық субъектілері ретінде түсiнiгiн ашып, банкроттылықтың және оның салдарынан туындайтын үрдістердің жүргізілуі кезіндегі құқықтық қатынастардың мәнін ашу болып табылады.
Бұл үшiн мынадай мiндеттер шешу мақсат. . етiледi:
-жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттылық субъектілері
-ретінде құқықтық мәртебесін олардың құрылу, қызмет ету ерекшеліктері
арқылы анықтау;
-банкроттылықтың негіздерін, оның мәнін анықтау;
-банкроттылықтың салдарынан туындайтын үрдістерді зерттеу.
Осы дипломдық жұмыста банкроттық институтының мәні, банкроттық механизмінің заңдық негіздері, банкрот деп танылу мәселелері қарастырылады.
Дипломдық жұмысымыздың қысқаша мазмұнына келетін болсақ, жұмыс үш тараудан, кіріспе және қорытындыдан құралған. Тақырыпты талдау үшін ол негізгі үш тарауға бөлінген. Бірінші тарауда жеке кәсіпкер мен заңды тұлғаның ұғымы мен түрлері, олардың ұйымдық құқықтық нысандары, әрі құрылу тәртібі мен таратылу мән-жайлары қарастырылған. Екінші тарауда жалпы банкроттық институтының мәні мен міндеттері, банкроттық механизмінің заңдық негіздері талқыланып, еліміздегі банкроттық туралы заңнаманың дамуы жайында зерттеулер жүргізіледі. Жұмыстың үшінші тарауында банкрот деп танудың құқықтық шарттарының тәртібі және банкрот деп танудың салдары мен құқықтық негізі, банкроттық бойынша соттық немесе ішкі процедураларды қолданудың ережелері туралы сұрақтар талқыланады. Банкроттық процедураның негізі мен міндеттері анықталады. Әрине, бұл жерлерде банкроттық процедурасымен байланысты мемлекеттік және өзге де органдардың қызметінің құқықтық негізі туралы мәселе қозғалады. Сонымен жұмыс барысындағы құқықтық және тәжірибелік материалдарды қорыта келе, біз банкроттық туралы заңдылықтың мәселелері мен дамуының келешегін анықтадық. Дипломдық жұмыстың қорытындысында жүргізілген зерттеу жұмысының қорытындылары баяндалады.
Дипломдық жұмысты жазуға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы, Ю. Г. Басиннің, В. А. Беловтың, В. М. Гордонның, Н. О. Нерсесовтың, М. С. Сулейменовтің сияқты көрнектi ғалым және тәжірибе саласындағы мамандардың еңбектерi қолданылды.
1 ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЬЕКТІЛЕРІНІҢ БАНКРОТТЫЛЫҚ ҰҒЫМЫ, ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
1. 1 Жеке кәсіпкер нысанындағы банкроттылық субьектісі жеке тұлға және заңды тұлға ұғымы мен белгiлерi
Жалпы теориялық және тәжірибелік әдебиеттерде банкроттылықтың субъектілері ретінде өз дәрменсіздігі себебінен банкрот деп танылатын азаматтық және кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың субъектілері танылады. Банкрот болып дәрменсіздігін сот белгілеген борышкер танылады. Ал банкроттық ретінде борышкердің сот шешімімен танылған оны таратуға негіз болатын дәрменсіздігі танылады. Мұндай субъектілер сәйкесінше азаматтық құқық саласында тиісті құқықсубъектілікке ие тұлғалар болуы тиіс. Азаматтық құқықтың мұндай субъектілері болып жеке кәсіпкер нысанында қызмет ететін жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар танылады. Ал олардың банкроттылық үрдістегі жағдайлары мен олардың несие берушілерінің осы үрдістегі құқықтық жағдайы сәйкесінше осы субъектілердің азаматтық құқық субъектілері ретіндегі құқықтық мәртебесімен анықталады. Осы себептен аталмыш жұмыста, біз ең алдымен банкроттылық субъектілерінің құқықтық жағдайын жете зерттеп, танысу арқылы олардың банкротылық жағдайын анықтамақпыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz