Батик өнерінде табиғат көрінісін бейнелеу


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 Матаға көркемдеп сурет салудың тарихы . . . 5
1. 1 Батик өнерінде қолданылатын құрал-жабдықтар . . . 5
1. 2 Батик өнерінде сурет салу техникасы мен түрлері . . . 9
2 БАТИК ӨНЕРІНДЕ ТАБИҒАТ КӨРІНІСІН БЕЙНЕЛЕУДІҢ ӘДІС -ТӘСІЛДЕРІ . . . 17
2. 1 Табиғат көрінісін бейнелеудегі бояу түстері . . . 17
2. 2 Табиғат көрінісін бейнелеудегі композициялық құрылымы, перспектива заңдары . . . 19
2. 3 Диплом жұмысының орындалу барысы . . . 25
2. 4. Сәндік қолданбалы өнер сабағында батик өнерін оқыту әдістемесі . . . 27
2. 5 Сәндiк-қолданбалы өнер үйiрмесiн ұйымдастыру әдістемесі . . . 38
Қорытынды . . . 43
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 44
ҚосымшаЛАР . . . 45
КІРІСПЕ
Сәндік - қолданбалы өнердің әсемдік әлеміндегі алар орны ерекше. Жылдар өткен сайын адамзат баласының осы өнерге деген қызығушылығы, құштарлығы еселеп артып келеді. Сәндік қолданбалы өнер адам өмірімен, оның тұрмысымен тығыз байланысты. Ал ұлттық өнер сонау әріден, тереңнен, көне дәуірлерден бастау алады. Осы сәндік-қолданбалы өнердің бір түрі батик өнері. Бұл өзi ежелден шығыс халқына тән өнер.
Батик әр түрлі елдерде бірсыпыра айырмашылық ерекшеліктерімен сипатталды. Мысалы, Индонезияда Батиктің негізі индиго көк, қызыл қоңыр және піл сүйек түстің барлық реңдері, индонезиялық дәстүрлі ою символикалық мағынаға ие суреттер мен бұйымдарды өздері анықтады және патшалық, корольдық оюларды қайта қайталауға ешкімнің құқықтары болмады.
Алғашқы маталардың өндірісіне дейін малайзиялықтар ағаштың қабығына өрнектерді салып оларды балқытылған балауызбен бояп отырған. Маталар пайда болған соң бұл әдістің негізі балқытылған балауызбен сурет түсіру сол жұмысты сәндеуге де қолдана бастады. Матаға жағылған балауыз бояу түстерін өткізбейді яғни механикалық түрде резерв жасайды. Содан соң матаға түрлі түсті бояуды жаға беруге болады. Балауыздың осы бір қасиеті арқасында ежелгі әдістердің бірі матаны әрлеудің негізі қаланды. Батик сөзі Ява тілінен аударғанда ыстық балауызбен сурет салу деген мағынаны білдіреді. Өз уақыты бойынша батик пайда болуы мен дамуы, әртүрлі елдермен саяхатта және суретшіден суретшіге ұрпақтан ұрпаққа көшіп акварель, пастельді, графиканы, витражды, бейнелеу өнерінің көптеген қабілеттерін өзіне сіңіріп алды. Қазақстанда бұл сала әлі жетік дамып үлгермеген.
Батик техникасының нәзіктігімен, және әдемілігімен табиғат көрінісін бейнелеу. Сондықтан дипломдық жұмыстың тақырыбын «Табиғат көрінісі» деп алдық. Қандай да бір шығармашылық жұмыс болмасын адам баласының рухани өміріне, мәдениет пен тұрмысына қызмет етеді. Декорация деген сөз латын сөзінен алғанда әрлеймін, әшекейлеймін деген сөз. Сәнді өнер адамды қоршаған қажетті заттардың барлығын шығармаға айналдыру. Адам өміріне күнделікті қызмет атқару үшін қоршаған орта адам өмірінің негізгі бөлігі болып табылады. Сәндік қолданбалы өнер тек қана практикалық мән жағынан да маңызды дайындалған және көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туындылар жасау болып табылады.
Қазақ елінің өзіне тән ерекшеліктері мен ұлттық көрінісі, қол өнерінің даму тарихында жатыр. Үй тұрмысында пайдаланылған қандай да заттары болмасын оның қажеттілігіне байланысты өзіне тән ерекшеліктері мен сәндік көркем ойлары ерекшеленіп көрінеді. Шаруалықта, үй тұрмысында, қолданылатын заттардың тұтынуға жарамдылығы мен оларды бейнелеудегі ерекшеліктері, ою өрнектерді пайдаланудағы өзіндік ерекшеліктердің барлығы да осы іспеттес. Тек қана мата түрлерін алатын болсақ, түрлі малдардың жүн, түбіттерінен жіп иіріп, одан тұрмысқа қажетті неше түрлі мата түрлерін тоқу, одан орамал көйлек, кестелі орамалдар, шапан-шекпендер, шалбар, т. б. қажетті заттарды өздері қолдан тоқып қажеттіне жаратқан. Ұлттық дәстүріне сәйкес етіп қыз келіншектерге арнайы тіккен киімдер, ондағы ою-өрнектердің ұлттық әрленуі өзінше ерекше дүние.
Диплом жұмысының өзектілігі табиғат көрінісін жазу амалдарын сипаттай отырып оны тәжірибе жүзінде қолданып, сонымен бірге мектеп қабырғасында өтілетін бейнелеу өнері сабақтарында батик жүйесімен сурет салуды тәжірибелік эксперименттерді қолдануға бейімделу. Бұл дипломдық жұмыста мектептерге қажетті батик өнерімен сурет салу әдістемесі де кеңінен қамтылған, сонымен қатар әр дәуірдегі педагогтардың әдістемелік жаңалықтары, батик өнерімен сурет салдыру сабақтарын жүргізу әдістерінің қолданылуына талдау жасалған.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері тәсілдерін меңгеруге, оларды оңтайлатуға көмегін тигізу. Пейзаждық кескіндеме мен пленэрлік кескіндеме арқылы сурет салудағы қиындықтарды шешу мен түрлі кескіндемелік тәсілдерді үйретуге негіз болу. Пленэрлік кескіндеме проблемаларын шешу мен батик техникасын меңгеруге тұтқа болу, сонымен бірге нобай жазу тәсілдері мен нұсқаға қарап сурет салу және эскиз жасау амалдарын меңгеруге үйрету.
Практикалық маңыздылығы кез келген пейзаж кескіндемесін үйренемін деушілерге, сонымен қатар жоғарғы оқу орындарының бейнелеу өнері бөлімінің төменгі курс студенттеріне, мектеп оқушыларына теориялық бөлімі мен, мектеп болса онда келтірілген сабақ үлгісі, дипломдық жұмыстың тәжірибелік жұмысы біраз пайда әкеледі деп сенемін. Ең алдымен менің бұл жұмысым көрер жанға эстетикалық ләззат сыйлайды, онан соң шабыт шақырып қолға қылқалам алуға негіз бола алады. Тіпті болмаса көшірмесін салып, суретші өз үйінің төріне іліп қойса да қуаныш сыйлап тұрары және кескіндемемен айналысуға үндеп тұрары белгілі.
Диплом жұмысының құндылығы студенттерге, мектеп мұғалімдеріне және әуесқой суретшілерге өте пайдалы маңызы бар материал болмақ. Студенттер коференцияларға баяндамалар мен сабақтарға курстық жұмыстар және рефераттар орындағанда да ғылыми тұрғыдан көмегі тиері даусыз. Одан қалды әуесқой суретшілерге және мектеп оқушыларына да пайдасы тиетін маңызды материал болмақ.
Зерттеу объектісі. Тәжірибелік эксперимент жұмысы № 3 орта мектебі.
1 Матаға көркемдеп сурет салудың тарихы
1. 1 Батик өнерінде қолданылатын құрал-жабдықтар
Батик өнері өте ертеде дамыған. Индонезияның Ява аралында (біздің I ғасырда. ), Индияда, содан соң Жапонияда, Перуде, Батыстағы және Орталық Африкада, және кешірек (XVIII ғ) - Европада, Ресейде 1930 жылдарға қарай алғаш рет дүниеге келді.
Матаны әсемдеу өнері ерте кезден белгілі. Алғашында матаны жасау барысында ерекше әдіспен тоқылған суреттер пайда болды. Кейінірек суретші қолмен салатын болды. Ал содан соң белгі түсіретін ағаш тақтайшалар ойлап табылды.
ХVІІ ғасырда металдан жасалған белгі салғышты қолдана бастады. Келесі қадам - белгі салуға арналған машинаны ойлап табуы. Гравер шебердің суреті металл білікке (вал) ойылған. Содан соң оны бояуға шалып, матаның бетінен жүргізген. Егер де түрлі-түсті өрнек болса, бірнеше білікті қолданған.
Кейде матаны көркемдеу үшін бір уақытта екі әдісті қолданған - жіптерді тоқу және өрнек. Қытайдың «КЭСЕ» матасын осыған жатқызуға болады, мұнда жіптен тоқылған қылқалам арқылы өрнек жасалып толықтырылған.
Ең көне (шамамен екі мың жыл) өрнек қытайлық өрнек болып табылады. Мата өте жақсы сақталған, онда минералды бояғыштар арқылы күңгірт кескіндер салынған.
Ыстық батик отаны Индонезия болып саналады. Классикалық ыссы батик - көп еңбекті қажет ететін өрнек түрі. Тек матаны дайындаудың өзі бірнеше күнге созылады.
Өрнекті, ХVІІ ғасырда ойлап табылған «чантинг» (тьянтинг, тьянтин) құралы арқылы жасаған. Уақыт өте келе батикті қолмен орындау сирек кездеседі. Жіңішке металл сымнан жасалған қалып (штамп) жұмыс барысын жылдамдатты.
ХVІІ ғасырдың аяғында үнділік «ситцы» матасы өзінің әдемілігімен Еуропаны таң қалдырды. Мұнда қалып арқылы матаға өрнектер түсірілді.
Сонымен қатар ХVІІ ғасырдың аяғында ақ түске түрлі-түсті суреттерді салу қолданыла бастады. Осы кезде бейнелер барынша күрделеніп, контурлы суреттер салынды, өрнектер салуға өсімдік майынан алынған желімделгіш масса қолданылды.
Үндістанда және Индонезияда өрнек киімді әсемдеу үшін қолданылды. Жапония мен Қытайда өрнекті дәстүрлі интерьерді әсемдеу үшін қолданды. Шеберлер көбінесе бір түсті қолдана отырып табиғаттың тамаша әдемілігін көрсете білген. Ондағы ассиметриялық композиция қайталанбас үйлесімділікті тудырады.
Мата батик жазу үшiн алдын-ала арнайы бiр-бiрiне мекем етiп бекiтiлген ағаштан жасалған рамкаларға керiледi, немесе жеке бекiтiлген таяқшалардан жасалған рамкаға тартылады. Керектi мөлшерде рамкаға мата тимей тұру үшiн ағаштың шетiнен 5 - 6 мм қашықтықта ара қашықтығы кемiнде 2 см, ағаштың бет жағынан 12 - 13 мм өтiп тұратындай етiп шегелер қағу керек, шегенiң ұштары өткiр болуды қажет, немесе екiншi вариант: матаны керiп ұстап тұруға арналған iлгiштер орындалуы тиiс. Шегелер тот баспау үшiн үшкiр жақтарын спирттi сумен сүрткен дұрыс болады.
Батик немесе роспись жазылатын мата өте таза болуы қажет, сол үшiн матаны алдын-ала жуу қажет. Рамкаға матаны керер алдында аздап сулау керек.
Алдымен жазу техникасын толық меңгергенше мықты бекiтiлiп жасалынған рамкада орындаған дұрыс. Мұндай рамкаларда матаны керу оңайлау болады және техникалық қауiпсiздiк жағынан алғанда матаны керу өте жеңiл. Матаның тартылуы рамка бетiнде бiрдей қалыпта болуы қажет.
Матаның iшкi талшықтарының қисайып кетпеуiн қадағалауымыз тиіс, мұндай жағдайда суреттiң қисайып тура шықпауы мүмкiн. Олай болмау үшiн матаны кергенде ортасынан бастап қарама-қарсы керу керек те содан кейiн бұрыштары керiлуi тиiс.
Арнайы сұйық суық батик жазу үшiн де қолданылады, ол резина желiмiнен, парафиннен және бензиннен құралады, сол себептi жұмыс орындаған уақытта техника қауiпсiздiгiн сақтаған жөн болады.
Суық батикте қолданылатын резевртi қоспаның құрамы:
80г. парафин,
300 - 400 г. резина желiмi,
300 - 400 г. таза бензиннен тұрады.
Бұл қоспа былай даярланады: фарфорлы стаканға немесе эмальды ыдысқа парафин майдалап салынады, оның үстiне сұйықтығына байланысты 300 - 400 г. резина желiмi құйылады. Одан кейiн бензин қосылады. Дайын қоспаны 100 градустық ыстық суға салып, парафин толық ерiгенше, арнайы сұйық пайда болғанша ұстаймыз. Оны суытып болған соң, бетi толық жабылатын ыдысқа құйып алады. Жұмысты орындау барысында қажеттi сұйықтықты сақтау үшiн жұмысты бастамай тұрып бір тәулік бұрын бензин қосу керек [2, 12б] .
Батиктi еркiн жазу техникасы ыстық және суық жазу техникасынан көптеген айырмашылықтары бар, ол акварель жазғанға ұқсастау болып келедi. Тек қағазға емес рамкаға тартылған матаға жазылады. Даярлаған бояумен мақта тампонымен немесе майда губкамен жарық реңдерiнен бастап қараңғы жағына қарай жазылады. Ең соныңда реңi қанық түспен барлығын толық жағу керек. Егер жұмыс барысында мата тез кеуiп жатса, онда оны бiрнеше рет сулау қажет, бояу бұл әдiстен ағып кетпейдi. Жұмыстың бетін сулау жекелеген орындарда емес толық қамтылып сулануы керек, олай болмаған жағдайда жұмыс ала-құла болып қалуы мүмкiн. Батик жазудың бұл еркiн түрi басқа жазу техникалармен өте жақсы байланысып, толықтырылып отырады.
Батик жазу кезiндегi шығармашылықтың негiзi - гаммалық үйлесiмдiлiгi болып табылады. Сол үшiн алдымен бояулардың түрлерiнiң барлығын, керек болса бiр-бiрiмен араластыру арқылы даярлап алу керек. Бояуды тек палитрада араластыру керек, көп бояудың араластыру он күңгiрт тартуына соқтырады, әсiресе анилиндi бояулар түйiршiктенiп кетуi де мүмкiн. Жұмысты бастар алдында сол маталардың қалдықтарына жазып көру керек. Батик жазатын матаның өзi сияқты мата болуы қажет. Тексерiп көрген жұмыстың нәтежесi бояу кепкеннен кейiн көрiнедi. Өйткенi матаға жазылған бояулар кепкеннен кейiн өте қатты ағарады. Ал анилиндi бояулардың қақпағы тығыз және жақсы жабылатын шыны ыдыстарда сақтаған жөн. Бояу түрлерiн пайдаланғанда мақта бояйтын бояулар түрлерiн пайдалану керек. Бояулардың әр түрi былай даярланады: 15 г. анилиндi ұнтаққа 900 г. ыстық су құямыз, содан соң ұнтақ толық ерiгенге дейiн қайнату керек, содан соң барып оны сүзiп қоямыз. Даярланған қоспа суығаннан кейiн 100 г. спирт және жарты грамм сода қосамыз.
Анилиндi бояулар мата бетiнде өте тез жайылғыш болады, мұндай жағдайда күтпеген түрлi реңдердi алуға болады. Рең жағынан, түс жағынан күтпеген гаммалар пайда болады. Бұл жағдайда бояуларға басқа ешнәрсе қоспаса да болады. Егер сурет бiр-бiрiне ағып кетпеуi үшiн бояуға қоюлатқыш қосқан жөн, қоюлатқыш-трагант деп аталады, немесе трагантты желiм қосу керек. Оны былай iстейдi: бiр стакан суға трагант араластырып 10 - 15 жапырақ желiм қосып/, оны сұйық анилиндi бояуға қосу керек, /3/1 қоюлатқышты, 3/2 бояуға/. Бояудың ағып кетпеуiне қарсы бұдан басқа тағы бiр әдiс-ол матаның бетiн сұйықпен жабу /грунтовка/.
Бiр литр ыстық суға 2 - 3 грамм желатин ерiту керек, ол ерiп болған соң матаны сол сұйыққа малып алып, кептiргеннен кейiн рамаға тартып, бұдан кейiн суреттi түсiрiп жұмысты жаза беруге болады. Батик немесе роспись жазғанда тушты пайдалануға да болады. Жұмыс сол кезде жақсы шығуы мүмкiн, бiрақ анилиндi бояудай бола алмайды. Өйткенi анилиндi бояулар өте жеңiл де, жұмсақ реңдер бере алады. Ал тушьпен жасалынған жұмыстардың реңi солғындау болып келедi. Тағы бiр кеңес: үй-тұрмыс жағдайында жiбек сияқты материалдарға жазуға болмайды, оларға бояулардың арнайы түрлерi қолданылатын болғандықтан, техникалық қауiп қатерлер тууы мүмкiн.
Жұмысты бiткеннен кейiн арнайы сұйықтарды сурет бетiнен алып тастау керек. Ол былай атқарылады: жасалынған жұмысты рамадан алып, бiрнеше қабатты газет арқылы шығарманы ыстық үтiкпен үтiктеу керек, содан кейiн жұмысты бензинге жусаңыз, ол матадағы сұйық қалдықтарынан тазартады. Даяр жұмысты кептiредi де, қажетiнше әшекейлейдi.
Ыстық батиктiң резервтi қоспасының құрамы:
Құрамы №1
Парафин 660 гр.
Вазелин 340 гр.
Құрамы №2
Парафин 500гр.
Техникалық вазелин 250 гр.
Ара желiмi 250 гр.
Құрамы №3
Петролатум 210 гр.
Парафин 790 гр.
Суық батик .
Суық батикте матаға жазу тәсiлi ондағы суреттердiң өзiндiк ерекшелiгiн бiлдiретiн контурлы сызықтар жүргiзiледi. Арнайы дайындалған резерв қоспасының құрамы шүмегi иiңкi шыны ыдысы арқылы матадағы сурет контурына жүргiзiледi. Шыны ыдыс артық мөлшердегi сұйықтықты жинайтын шар тәрiздi жуандатылған пiшiндi құрал. Суреттегi контурлы сызықтардың жуандығы шыны ыдыстың иiңкi шүмегiнiң сұйықтық жағылатын тесiгiнiң көлемiне байланысты.
Шыны ыдыстың ұшының иiлуi өрнектi сызықтарының сапалы жазылуына маңызды әсер етеді. Түтiкшенiң үшкiр жағы 135 0 иiлуi қажет. Осы шарт сақталмаған жағдайда резерв құрамының матаға жағылу тепе-теңдiгi бұзылып, көп мөлшерде жазылып, суреттегi өрнектердi бүлдiрiп алуымыз мүмкiн.
Сызықтың жүргiзiлу бастамасында және жай қозғалыстағы жүргiзiлген контурлы сызықтарда тамшы құралады. Сондықтан жұмысты бастар алдында түтiкшенi бiрқалыпты қозғалыста жүргiзiп отыру қажет. Контурлы сызықтарды жүргiзiп болғаннан кейiн түтiкшенiң иiңкi ұшын матадан ала жоғарыға бұрып бағыттайды. Резерв құрамы мата бетiне тамып кетпеуi үшiн түтiкшенiң соңын сәл көтерiңкi жағдайда бiркелкi ұстап отыру керек. Өрнектi сызықтарды жүргiзгеннен кейiн суреттi кептiру қажет. Боялмаған суреттi шамамен 24 сағат қою мiндеттi, мұндай жағдайда резерв құрамы майланып, матаға толық сiңiп, жағылған бояу суреттiң басқа бөлiктерiне сызықтар арқылы өтiп кетпеуi тиiс [3, 5б] .
Суретке бояуды тампонмен, қылқаламмен немесе түтiкше арқылы жағады. Матаға бояуды жаққан кезде сурет бетiнде сызықтар немесе түрлi дақтар пайда болуы мүмкiн, сондықтан бояудың суретке бiркелкi жағылуына көп көңiл аударуымыз керек.
Шыны түтiкшенi басқа құрал-жабдықтардан бөлек арнайы ағаш қорапта сақтайды.
Жұмысты аяқтағаннан кейiн түтiкшенi бензинмен тазалап, жуып, сымға жiңiшке етiп оралған мақтамен тазалайды.
Ыстық батик.
Ыстық батик мынадай негiзгi жұмыс тәсiлдерiмен ерекшелiнедi:
- Жай батик.
- Күделi батик.
- Дақтар арқылы (нүктелеп) матаға жазу.
Жай батик . Шаблондағы суреттi матаға штамп, сүйек, пышақ арқылы резерв қоспасын жағады. Бұдан контурлы сурет немесе геометриялық өрнектер шығады. Пышақ алдын-ала жұқа матамен тартылып керiледi. Жұмыс барысында бiрнеше минут қыздырылған резерв қоспасына батырылады. Жұмыс орындауда оны қыздырып тұру керек. Себебi резерв қоспасы пышаққа түгелдей сiңiп, мата бетiне бiркелкi жағылмауы мүмкiн. Матаға жағылған резерв құрамын суығаннан кейiн паралонды губкамен жағып шығады. Резерв құрамының жағылған жерлерiнде мата фонында ашық түстi өрнектер құралады. Резерв жағылған өрнектiң әрбiр бөлiгiн бiрнеше түстермен бояуға болады. Бояу барысында матаға бояуды түгелдей бiркелкi жағылып, кейiннен кепкен фонға резерв құрамы жағылады [4, 6б] .
Күрделi батик . Қатты керiлген матаға резерв құрамы жағылып, бiркелкi боялып кептiрiледi. Түстер ашық түстен қанық түстерге өте бастайды. Бояуды жағар алдында резерв құрамының сапасын тексерiп шаблондағы өрнектердiң дұрыс түсiрiлуiн қадағалап отыру керек.
Дақтармен жазу . Бұл әдiс өте қызық әрi күрделi болып келедi. Резерв қыздырылған күйiнде эскизге байланысты дақ тәрiздi нүктелеп тамызып жағады. Нүктелi өрнектердi толық орналастырылғаннан кейiн матаның фонын қанық түстермен бояп шығады. Мұнда бояудың жағылуын, матаның кебуiн қадағалап отырады. Жұмысты аяқтағаннан кейiн матаны рамадан алып көлденең кередi. Кейде резервтiң толық кетуi үшiн матаны умаждап, қатты сiлкiп қағады. Бұдан кейiн үстелге 3 − 4 газет төсеп, үстiне бүтiндей ақ қағаз қойып қатты қыздырылған үтiкпен жүргiзедi. Үтiктiң қызуынан резерв құрамы ерiп қағаз бетiне өтедi. Қағазды ауыстырып отырады, ал матадағы қалып қойған дақтарды бензинмен кетiредi. Жоғарыда көрсетiлген тәсiлдер ыстық резерв құрамымен салынған батик болып табылады. Ол өзiндiк ерекшелiгiмен айрықша көз тартады.
1. 2 Батик өнерінде сурет салу техникасы мен түрлері
Қазіргі заманғы қолмен өрнек жазу бұрынғы әдістерді негізге ала отырып, жаңа технологиямен толықтырылған. Батик техникасы негiзi өз бойынан су өткiзбейтiн бояу құрамынан тұрады, сонымен бiрге оның белгiлi жерлерi жазылып, жазылмай қалған жерлерi өрнектерге айналатын өнер /ара желiмi немесе ара желiмi араласқан ерекше қоспа, парафин және вазелин/.
Бұл техниканы матаға түсiрiлетiн әшекейдiң түрлерiне қарай бiрнеше топтарға бөлуге болады:
Ыстық батик, суық, батик және аралас батик деп екеуiн де қоса пайдаланғанда айтамыз, және де тағы басқа түрлерi: еркiн жазу, т. б.
Ыстық батикте ара шалшығының орнына парафинді және стеаринді пайдалана бастады. Өрнек жазу кезінде бояулардың ажырап кеткен жерлері кемшілік болып келсе, уақыт өткен сайын өзінше әсер беріп, жаңа мәнге ие болады. Қазіргі кезде ол осы техниканың нышанына айналды. Сонымен қатар түрлі материалдардың пайда болуына байланысты өрнек жасаудың жаңа техникасы салқын батик дами бастады.
Суық батик . Батырма немесе инелер арқылы мата тергішке керіледі де, сурет контуры қарындаш арқылы түсіріледі. Қажетті бояуды шыны немесе фарфор ыдысқа құяды. Содан соң түтікшеге сорғызып, қарындаш ізімен контур сызықты түсіреді. Міндетті түрде контур сызық тұйық болуы шарт, әйтпесе бояу матаға жайылып, дақтар қалдыруы мүмкін. Бояу түсірілгеннен кейін, 40 − 50 минут кептіреді.
Дайын бояуларды араластыру үшін ас содасының ерітіндісін дайындау керек. Жасыл, қызыл, көк және жасыл түсті араластыруға қайнаған жылы суға бір шай қасық ас содасын салып араластырады, қара түс үшін жарты шай қасық ас содасы қажет. Жұмыс алдында ас содасы ерітіндісі мен бояулар 1:1 пропорцияда араластырылады. Бірақ та бұл езілген дайын ерітінділерді екі тәуліктен артық сақтауға болмайды.
Араластырылған бояулар матаға қылқалам арқылы жағылады. Ереже бойынша алдымен ақшыл бөліктері содан соң күңгірт элементтері боялады. Ерітінді матаға еркін жайылады, дегенмен де үлкен бөліктері бояғанда мақтамен дымқыл жерлерін сүрту керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz