Адам ағзасындағы макро және микроэлементтер


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І БИОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ . . . 6

1. 1 Мектептегі биологияны оқыту әдістемесіне қысқаша шолу . . . 6

1. 2 Ағза жасушасының құрылысы және оның биохимиялық құрамы . . . 15

1. 3 Адам ағзасындағы макро және микроэлементтерге сипаттама . . . 24

ІІ АДАМ АҒЗАСЫНДАҒЫ МАКРОЭЛЕМЕНТТЕР МЕН МИКРОЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ РОЛІ . . . 31

2. 1 Бейорганикалық заттар . . . 31

2. 2 Микроэлементтер биохимиясы . . . 33

2. 3 Ағзадағы элементтердің биогенді сипаты . . . 36

1-сабақ . . . 48

2-сабақ . . . 58

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 62

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 66

КІРІСПЕ

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау ісіне айрықша мән беріліп, байыпты да жүйелі өзгерістер талап етілуде.

Ешқандай байлыққа бағаланбайтын халықтың денсаулық жағдайын тексеруден өткізу, ол жүйеге қолдау көрсету және салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау қай кездегіден де маңызды сипат алып, медицина саласы қызметіне айрықша серпін беретіні анық. Мемлекетімізде соңғы жылдары тиісті қаражаттар бөліп, халықтың салауатты өмір сүруіне көп көңіл бөлініп, ғалымдарымыз табиғаттағы өзгерістер және қоршаған ортаның әсері жайлы зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Тақырыптың өзектілігі. Әлемдік жаһандану үрдісінде табиғатта тепе-теңдік жағдайында сақталып тұрған кейбір химиялық элементтердің адам ағзасына бірден көбейе түсуі және ағза үшін маңызы бар элементтер мөлшерінің кеміп кетуі байқалуда. Элементтердің барлығы да тиісті мөлшерден артық болса немесе азайып кетсе адам ағзасына кері әсер ететінін анықталған. Олардың табиғатта таралу жағдайларына жасалған зерттеулер бойынша жердің массасының шамамен 50 пайызын оттек, 25 пайыздан астамын кремний құрайды. Оттек, кремний, алюминий, темір, кальций, калий, натрий, магний, сутек, титан, көміртек, хлор, фосфор, күкірт, азот, марганец, фтор, барий жер массасының 99, 8 пайызын құраса, ал қалған 0, 2 пайызы барлық басқа элементтердің үлесіне тиеді.

Элементтер тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топқа бөледі.

  1. Макроэлементтердің (оттек, сутек, көміртек, азот, фосфор, күкірт, кальций, магний, натрий және хлор) ағзадағы мөлшері 10 пайыздан жоғары болады.
  2. Микроэлементердің (йод, мыс, мышьяк, фтор, бром, стронций, барий, кобальт) ағзадағы мөлшері 10-15 пайыз.
  3. Ультрамикроэлементтер сынап, алтын, уран, торий, радий және т. б. Олардың ағзадағы мөлшері 15 пайыздан төмен.

Адам ағзалары химиялық элементтерді әр түрлі концентрлейді, яғни, микро және макро элементтер мүшелер мен ұлпаларда әркелкі таралады. Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады. Бұл ұлпалар көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер кейбір мүшелерге тән болып табылады және онда концентрациясы жоғары болады. Мысалы: мырыш қарын асты безінде, йод қалқанша безінде, фтор тіс кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий шашта, кадмий, сынап, молибден бүйректе, қалайы ішек ұлпаларында, стронций қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром гипофизде және тағы басқаларда жиналады.

Ағзада микроэлементтер байланысқан және бос ионды түрінде кездеседі. Кремний, алюминий, мыс және титан бас миы ұлпаларында нәруыздармен комплекс түрінде, ал марганец ион түрінде кездеседі. Сутек және оттек макроэлементтері су молекуласын түзетіні белгілі, ал, ересек адам ағзасының шамамен 65 пайызы су болып келеді. Су маңызды еріткіш және ол адамның мүшелерінде, ұлпаларында, биологиялық сұйықтықтарда әркелкі тараған, асқазан сұйығының, сілекейдің, қан плазмасының, лимфаның 99, 5 пайыздан 90 пайызға дейінгі аралығын құрайды.

Фосфор тістің қатты ұлпаларында концентрленеді, ал табиғатта кальций, хлор, фтор элементтерімен қосылыстар түрінде, фторапиттер құрамында кездесетіндігі белгілі. Кальций де негізінен сүйек және тіс ұлпаларында концентрленеді. Натрий және хлор жасушааралық, ал калий және магний жасуша ішіндегі сұйықтықтарда кездеседі. Натрий және калий фторид түрінде сүйек және тіс ұлпаларында, магний фосфат түрінде тістің қатты ұлпаларында болады.

Микроэлементтер қан жасалу, тотығу тотықсыздану, тамырлар мен ұлпалардың өткізгіштігіне белсенді әсер етушілер. Макро және микроэлементтер - кальций, фосфор, фтор, йод, алюминий және кремний, сүйек және тіс ұлпаларының түзілуін қамтамасыз етушілер. Әр түрлі микроэлементтердің жетіспеушілігіне немесе артуына байланысты көптеген аурулар туындайды.

Фтордың жетіспеушілігінен тіс жегісі, йодтың жетіспеушілігінен зоб, молибденнің артық мөлшерінен подагра пайда болады.

Адам ағзасындағы биогенді элементтер концентрациясы өмір сүрудің тепе-теңдігін сақтайды (химиялық гомеостаз) . Бұл баланс элементтің жетіспеушілігіне немесе артық болуына байланысты бұзылады және әр түрлі аурулар туады.

Фтор, стронций адам тісінің мықты болуына әсер етеді.

Топырақ, ауа, су - тіршілік көзі. Ендеше, су ресурстарының құрамын зерттеу, үнемі бақылау және мемлекет тарапынан қорғау іс-шараларын жүргізудің тіршілік үшін зор деуге болады.

Тіршілікте әсер етуші биогенді элементтер жайындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары молынан болғай.

Жұмыстың мақсаты: биологияны оқыту барысында биология курсының оқушыларға адам ағзасы құрамындағы макро- және микроэлементтер, олардың адам өміріндегі маңызы тақырыптарында сабақ өту әдістемесіне методикалық өңдеулер жасау.

Жұмыстың міндеттері:

- биологияны оқыту әдістемесіне қысқаша шолу;

- жасушалардың биохимиялық құрамына сипаттама;

- адам ағзасындағы макро- және микроэлементтер маңызын сипаттау;

- биология сабағында адам ағзасындағы макро- және микроэлементтер тақырыптарын оқыту әдістемесін қарастыру.

Зерттеу обьектісі:

Мектеп биология пәндерін оқыту барысында оқушыларда әртүрлі тақырыпта адам ағзасындағы макро- және микроэлементтер, ағзаның биохимиялық құрамы туралы методикалық білім қалыптастыру. Оқушылардың білімін көтеру мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізу.

Зерттеу әлдістері:

  • мәліметтер жинау;
  • талдау, сараптау;
  • жүйелеу;
  • тұжырымдау, қорытындылау.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І БИОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

1. 1 Мектептегі биологияны оқыту әдістемесіне қысқаша шолу

Жалпы білім беретін мектептегі биологиялық білім мазмұнын, оны оқыту әдістерін түбегейлі жаңартудың қажеттігі көп жылдар бойы қалылтасқан ескі әдіснамалық ұстанымдарра негізделіп жасалған пәннің дәстүрлі әдістемесінің қоғам дамуындағы жаңа бағытта даму үрдісінен шыға алмай дағдарысқа түсуінен туындап отыр.

Қазіргі мектептегі биология курсы XX ғасырда биология ғылымдарында болған, танымдық, білімдік және тәрбиелік жағынан аса маңызды деген өзгерістерді жеткілікті дәрежеде игермеген.

Тіршіліктің жасушаның - ағзалық деңгейі бүкіл оңу материалының 90% астамын алады: ал популяциялық - түрлік, биосфералық биогеоценотикалық деңгейлер қажетті көлемде және тереңірек қарастырылмайды, себептілік, тарихилық, жүйелілік, полицентриуі т. б. сияқты білімді дүниетанымдық көзқарас жүйесіне жалғастырыг енгізетін биологиялық таным әдістері арнайы оқытылмайды: ғылыми болжам жасау, оны тексеріп байқау әдістері туралы айтылмайды.

ҮІ-ҮІІІ сыныптардағы өсімдіктану жануартану пәндерінде тірі ағзалар топтарының жекелеген өкілдерінің аттарын атап, сыртқы, ішкі құрылысын тәптіштеп сипаттауға, жіктеп топтастыруға өте көп көңіл бөлінеді де, экология, диалектикалық көзқарас қалыптастыру мәселелеріне жете мән берілмейді.

IX сыныптағы тәнтану пәнінде адам омыртқалы жануарлардың тіршілік үрдістерін зерделеудің моделі ретінде қарастырылып, оның әлеуметтік мәні, дүниенің ғылыми бейнесіндегі орны, өмір сүру мақсаты, құндылығы, салауатты өмір, т. б. қазіргі заманғы адамтанудың аса маңызды мәселелері мектептегі бүкіл білім мазмұнынан тыс қалған.

Мектептегі биологиялық білім мазмұнының ізгіліктендіру ұстанымын жүзеге асыратындай, оқушыларда тіршіліктің біртұтас ғылыми бейнесін қалыптастыратындай, экологиялық сауаттылығын арттырып, мәдениеттілікке тәрбиелейтіндей ойлауын дамытуымыз керек.

Қазіргі заманда ғылыми білімнің қуатты кіріктіру кезеңі жүріп жатыр. Мектепте білім мазмұнын пәндерге жіктеп оқыту басымдылығы берік сақталған. Орта, жоғарғы сыныптарда пәндік оқытуға мән берілуі қажет, онсыз оқушыларға қазіргі заманғы ғылым негіздерінен тиянақты білім беру мүмкін емес. Пәндік оқытудың гипертрофиясы биологияның басқа пәндермен байланысын былай қойғанда, өз ішіндегі салалық бөлімдері арасындағы байланыстың үзілуіне әкеп соқтырған. Мысалы: тіршіліктану курсы бір-бірімен байланысы аз цитология, эюлюциялық ілім, экология және генетика сияқты: тіпті әрқайсысы өз ғылыми пәнін де қажетті деңгейде бейнелей алмайтын жеке-жеке бөлімдерден тұрады.

Тіршілік жүйесінде жүретін физикалық-химиялық заңдылықтардың негізін түсінуге көмектесетіндей алдын-ала дайындау пәндер оқытылмайды. Мысалы, диффузия, адсорбция, сәуле-жарық, ионды алмасу, қысым, т. б. туралы қарапайым мәліметтері жоқ. Ү-ҮІІІ сынып оқушылары өсімдік, жануар, адам ағзасында жүретін тіршілік үрдістері туралы /қоректену, тыныс алу, көбею, өсу, даму, қозғалу т. б. / материалдарды жаттанды оқуға мәжбүр болады. Мектептегі басқа пәндер сияқты биологиядан да оқушыларға көп жағдайда, дайын білім ұсынылады. Оқыту әдістері оларды өздігінен жаңа ақпараттарды іздестіруге, оқу тапсырмаларын өздігінен шешуге талпындырмайды, яғни оқыту әдістемесі, догмалық ойлау типі басым, дайын нұсқауларды бұлжытпай орындаушылар тәрбиелеуге бағдарланып құрылған. Еліміз тәуелсіз даму жолына түсіп отырған жағдайда оқушылардың өз еліне, туған табиғатқа, жеріне терең, аялы сезімін оятып, патриоттық рухта тәрбиелейтіндей, эстетикалық талғамын қалыптастыратындай материалдар, ұлттық мәдениетіміздің элементтері биология пәні мазмұнында жеткіліксіз.

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына орай жалпы білім беретін мектептің құрылымы, әр сатысының оқу-тәрбиедегі қызметі өзгереді. Ал, қазіргі мектепте оқытылып жүрген биология пәні әдістемесінің негізгі құрамдас бөліктері /мақсаты, мазмұны, әдістері, оқу жұмысын ұйымдастыру түрлері, құралдары/ түбегейлі өзгеріске түскен жоқ, ескі базисте сақталып отыр. "Жаңа" деп жасалған оқулықтары /"Өсімдіктану, Жануартану, Тіршіліктану, Тәнтану/ ескі базиске құрылғандықтан аталған кемшіліктерден арылмаған. Оның үстіне республикадағы көп мектептер бұрынғы Одақта жасалған ескі оқулықтар пайдалануда. Осының бәрі жалпы білім беретін мектептегі биология пәні әдістемесін түбегейлі жаңартып, қайта құру қажеттігін көрсетеді.

Биологиядан жалпы білім берудің мақсаты, мазмұны, құрылымы, ең алдымен қоғамның әлеуметтік сұранысына, қазіргі заманғы биология ғылымының жүйесі мен әдіснамасының ұсыныстарына және орта буын сыныптары оқушыларының жас ерекшелігімен байланысты таным мүмкіндігіне сай анықталады.

Мектептің негізгі сатысында биологиядан білім берудің негізгі мақсаты -тіршілікті ең жоғары құндылық деп түсінетін, экологиялық және эволюциялық ойлау стилі қалыптасқан, экологиялық мәдениеті, дүниенің ғылым бейнесіндегі тірі табиғаттың, тіршіліктің орны мен мәнін сауатты бағдарлайтын, биологияның ғылыми танымдық әдіс, тәсілдерін, іргелі ұғымдар жүйесін қажетті деңгейде меңгерген және биологиялық білімін экожүйелер мен тірі ағзалардың көптүрлілігін сақтап, қорғауға, өндірістік енбек үрдістерін экологияландыруға, салауатты өмір сүруге тиімді қолдану біліктері бар, биологиялық сауатты тұлға дайын болуы керек.

Бұл мақсат мынадай міндеттер жүктейді;

- Оқушылардың ғылыми дүние танымын, тірі жүйелерге, адамға ең жоғары құндылық, мінсіз әсемдік ретіндегі қарым-қатынасын қалыптастырып, биологияны мәдениет құбылысы деп танып, қабылдауын қамтамасыз ету;

- тіршіліктің, адамның дүниесінің ғылыми бейнесіндегі орны мен ролін түсініп, меңгеруіне жағдай жасау;

- биологияның негізгі идеяларын ұстанымдарын, идея мен деректің өзара байланысын, теориялар мен тұжырымдамалардың қалыптасуы мен дамуын, алмасуын саналы меңгерту;

- тірі жүйелер туралы білімді практикада қолдану біліктерін қалыптастыру;

- биологиямен байланысты мәдениет салаларына қажетті негізгі әрекет түрлері туралы түсінік, білік, дағдыларды меңгерту;

- биологиямен байланыеты мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу.

Биологияны оқыту мақсаты педагогикалық психологияда анықталғандай, орта буындағы сынып оқушысында теориялық ойлаудың даму мүмкіндігінің жоғары болуы жаңа білім мазмұны негізін дамыта отырып, оқыту идеясын игеру қажеттігін көрсетеді. Бұл идеяның негізгі ұстанымдарының бірі - білімнің теориялық деңгейін көтеру екені белгілі. Мектептің негізгі сатысында жалпы биологиялық білімнің аяқталған сипаты болуы қажеттігіне орай, білімнің теориялық деңгейін көтеру бұрын Х-ХІ сыныптарда оқытылатын биологияның іргелі теориялары мен тұжырымдамалары /жасуша, хромосома, онтогенез, эволюция т. б. / туралы ақпараттарды осы сатыға түсіру арңылы жүзеге асырылады. Мұнда оқушылардың таным мүмкіндігі ескеріледі; ең алдымен, ХҮ-Х сыныптардағы бұрынғы өсімдік, жануар, адам туралы бір-бірімен байланыссыз, индуктивті сипатта, эмперикалық деңгейде оқытылатын материалдардағы ұсақтүйек, білімдік, дүниетанымдық жағынан онша мәні жоқ мағлұматтар қысқартылып, қалғаны жүйеленеді, жалпы биологиялық заңдылықтарды ашатын теориялар мен тұжырымдамалар ықшамдалып жеңілдетіледі /тұқым қуалаудың химиялық негіздері, жасуша деңгейіндегі зат және энергия алмасуының физикалық-химиялық аспектілері т. б. / және басқа материалдармен кірістіріледі. Мұның өзі мектепте оқытылатын биологиянм сәйкес ғылымның моделі ретінде қарастырып, жүйелілік, полицентризм, себептілік, тарихилық ұстанымдары тұрғысынан бір-тұтас курс түрінде құруға және оның мазмұнында тіршіліктің үш деңгейі туралы білімді қамтуға мүмкіндік береді тіршіліктің біртұтастығын, дүниенің бейнесіндегі орнын, биологиялық үрдістер мен құбылыстардың мәнін саналы түсінуге аса қажетті жалпы биологиялың заңдылықтармен оқушыларды ертерек таныстырып, мектептің негізгі сатысының өзінде-ақ олардың жалпы білімділік дайындығының толық болуын қамтамасыз етеді.

Мұндағы әдіснамалық ұстанымдардың ролі білім мазмұнын, құрылымын, құрамын, оқыту әдістерін анықтауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар олардың өзі білім мазмұнының құрамдас бөлігі бола отырып, биологиялық білімді дүниетанымдық жүйемен ұштастырады. Соның нәтижесінде "Оқушылардың тірі табиғатқа деген ғылыми көзқарасын қалыптастыру" талабы /мақсат/ тек сөз жүзінде қалмай, мазмұны арқылы жүзеге асырылады.

Бұл орта буын кезеңіндегі /11-15 жастағы/ оқушыда жетекші орынға шығатын құндылық бағдарлы әрекеттің қалыптасуына елеулі ықпал етіп, соның негізінде өмірдің мәнін іздестіру, дүниеге көзқарасын, адамгершілік сезімін, мұрағият ұстанымын, эстетикалық талғамын айқындау бағытындағы талпынысы мен мүддесіне сай келеді. Дамыта отырып оқыту идеясы мектеп биологиясының әдістемесінде тірі табиғаттың біртұтастығы, онымен әрекеттік қарымқатынасын, оқушы тұлғасы дамуының ерекшелігі мен оқу пәні қисынының бірлікте қарастырылуы, биологиялық білімінің жалпы мәдениеттегі орнын анықтайтын ізгіліктендіру идеялары арқылы нақтыланып, биологиялық білім мазмұны құрылымы, құрамы, оны оқыту әдістері осы идеяларға негізделеді.

Оқытудың мақсаты мен білім мазмұнының негізіне алынған дамыта оқыту идеясына, оның ұстанымдарына сәйкес білім мазмұнының төмендегідей құрылымы анықталады:

- Тірі табиғат туралы білім.

Бұл тірі табиғаттың ғылыми бейнесін көрсететін қазіргі заманғы биологиялық ғыльми білім жүйесін және осыны толықтырып, оған әлеуметтік-мәдени фон беретін тірі табиғаттың көркем моделі мен ол туралы әр түрлі мифтік, діни мағлұматтарды қамтиды.

Тірі табиғаттың ғылыми бейнесіне

а/ биологиялық обьектілер мен құбылыстар /өсімдік, жануар, адам тіршілігі/ туралы түсініктер;

б/ түрлі обьектілердің, оларда жүретін үрдістердің және тіршілік қызметінің /қасиеттері, құрылымы, қарым-қатынастық байланыстары, т. б. / басты сипаттамалары;

в/ биологиялық, теориялар, т. б, туралы білім кіреді.

Оқушылар меңгеруі тиіс әрекет түрлері туралы білім. Бұған ғылыми-зерттеу, көркем қабылдау, құрастыру, технологиялы практикалық сипаттары және тірі табиғатқа қатынасты, оның мәдениеттегі орнын түсініп бағалауға арналған адамгершілік сипаттағы оқу тапсырмаларын шешуге бағытталған әрекет түрлері жатады.

- Білімді меңгерудің әдіс-тәсілдері туралы білім.

Бұл білім туралы /эмпирикалық, теориялық, практикалық, білік, дағдылар/ және оны меңгерту тәсілдері туралы /логикалық: талдау, синтез, жалпылау, салыстыру ғылыми, бақылау, тәжірибе, эксперимент, модельдеу т. б / білімді қамтиды.

Білім берудің мақсатына орай, оқушының жасына байланысты таным ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың бәрінің білім алуына тең мүмкіндік берілуі қажет дейтін дидактикалық ұстанымға сүйенгенде, сонымен қатар біздің мектептерімізде берілетін биологиялық білім деңгейінің алдыңғы қатарлы елдерден төмен болмауын көздегенде, ең алдымен, әр оқушыға мектеп ұстанатын оңу материалының базалық /өзгеріссіз/ денгейі, яғни базалық білім мазмұны анықталуы тиіс. Бұл деңгей қандай типті екеніне қарамастан мектептің негізгі сатыда әр оқу үшін ұсынатын білім мазмұнын толық ашады және оқу бағдарламалары осы мазмұнға құрылады.

Біздің пікірінше, биология мазмұнының салалық бағыттары бойынша алғанда базалық білім мазмұнына мынадай мәселелер кіреді. Биология пәні, құрылымы, әдістері, ғылымының даму кезеңдері. Тіршілік, оның қасиеттері, үрдістері тірі ағзалардың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы. Биологиялық обьектілермен, құралдармен жұмыс істеудің қауіпсіздік ережелері.

Экологиялық факторлар, экожүйелер, олардың құрылымы, тіршілік ету ұстанымдары: экожүйеге адамның әcepi; агроценоз, оның өнімділігі. Табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас ережелері,

Тірі ағзалардың сан алуандығы. Бір жасушалы, көп жасушалы ағзалар: негізгі экожүйелілік топтар, олардың өзара тәуелділігі, сипаттамасы: басты таксондар. Жергілікті жердегі сирек кездесетін, жойылып бара жатқан өсімдік жануар түрлері, жергілікті мәдени өсімдік іріктемелері, үй хайуанаттары тұқымдары.

Жасуша биологиясы.

Жасуша теориясының негізгі қағидалары. Прокариот, эукариот жасушаларының құрылысы, онда жүретін тіршілік үрдістері, бөліну жолдары.

Генетика. "Генетика", "өзгергіштік", "тұқымқуалау", "ген", "генотип", "фенотип" ұғымдарының мәні, хромосомалардың ролі, адамдағы тұқым қуалауға ортанын жағымсыз жағдайларының әсері. Тұқьм қуалайтын өзгерістер.

Эволюция. Органикалық дүние эволюциясының дәлелдемелері, тіршілік дамуының кезендері, эволюция ілімінің негізгі қағидалары, Қазақстандағы селекция жетістіктері.

Адам. Адам - тірі ағза. Оның құрылысы, тіршілік үрдістерінің ерекшеліктері, иммунитет. Жоғары жүйке қызметі. Биологиялық ырғақ: салауатты өмір сүрудін биологиялық негіздері. Онтогенез. Адамдағы тұқым қуалау мен өзгергіштікті зерттеу әдістері. Мутация, ортадағы рутогендік факторлар. Дәрігерлік - генетикалық кеңес.

Антропосоциогенез. Адамның шығу тегі. Адам және биосфера экожүйелер.

Адам - әлеуметтік тұлға. Темлерамент, мінез-құлық, қабілет. Отбасының ұлттық мәдениеттің жеке тұлға тәрбиесіндегі ролі, маңызы.

Ғылыми-техникалық прогресс және адам. Адамның болашағы: адам мен биосфераның ноэволюциясы. Ноосфера туралы түсінік.

Бұл мазмұн құрамындағы тірі табиғат туралы білім жүйесін бейнелейді.

Ал, әрекет түрлері мен білім алудың әдіс-тәсілдері туралы білім микроскоппен бір жасушалы ағзалар құрылысын, тіршілігін, өсімдік, жануар жасушалары мен ұлпаларының микропрепаратын дайындап, ерекшелігін зерделеу; өсімдіктер мен жануарлардың тыныс алуы, қоректенуі, көбеюі, т. б. тіршілік үрдістері зерттеуге қойылатын эксперимент, тәжірибелерді жоспарлау, жүргізу әдістемесі, өсімдік, жануар жасушасы мен ұлпасын, бактериялар арқылы әр түрлі аурудың таралуын, экожүйелерді т. б. моделдеу, сызба, талдау, салыстыру арқылы түрлердін ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, қоректік байланыс арқылы улы химикаттардың әсерінен келетін зиянды, т. б. анықтау, аутотренинг, жеке адамдар арасында болатын тұлғалық қарым-қатынастарды талдау т. б. негізінде беріліп меңгертіледі.

Базалық мазмұн бойынша жасалатын оқу бағдарламалары мен оқулықтарда қажетті және сәйкес жерлерде еліміздің табиғат /мыс: өсімдік, жануар түрлері, экожүйелер, агроценоздар, экологиялық жағдайлары, т. б. / экономикалық-шаруашылық ерекшеліктері, ғылым мәдениет жетістіктері, белгілі ғылым қайраткерлері, т. б. туралы мағлұматтар кеңінен беріліп отырады.

Мектептің негізгі сатысындағы биологиялық білім мазмұнының алдын-ала дайындығы бастауыш сыныптарындағы "Дүниетану" пәнінде беріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерітінділер, жалпы түсінік
Негізгі биогенді элементтердің биосферадағы айналымы
Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы
Қалкан безіне йодтың жиналуы
Жер қабыршағының химиялық құрамы биосфераның факторы сияқты
Макро, микро және ультрамикроэлементтер
Құстарды азықтандыру түрлері
Ағзаға қажетті химиялық өнімдер
S, p, d элементтердің медициналық-биологиялық маңызы
Химиялық элементтердің табиғатта таралуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz