Несиелік талдау және несиелеу кезеңдері



Жоспар

1. Кіріспе

1.1. Несиенің мәні және қажеттілігі
1.2. Несиенің құрылымы

2.0. Несиенің формалары және түрлері
2.1. Несиенің функциялары

3.0. Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер .
1. Кіріспе.

Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз.
Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз крек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиісті, өйткені олар біздің жаһандық экономикаға кіргізуімізге жәрдемдеседі, әрі сол арқылы біздің қолайлы экономикалық – географиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарға сүйенеді.
Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтан жолындағы заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілілерді ысырап тастауға, жеке меншік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге міндетті.
Қазақстанның экономикалық дамуындағы сапалық «серпелісті» әлемдік экономикаға кіргізудің қажетті шарты ретінде пайымдау отырып, мен мынадай бағыттарға баса назар аудару керек деп санаймын.
Қазақстанның өңірлік және халықаралық экономикалық бірлестіктер мен ассоциациялары қатысуы жолымен халықаралық экономикаға кірігуі.
Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады және қатысуға тиіс, мұның өзі біздің жаһандық экономикаға кірігуімізге жәрдемдеседі, әрі біздің экспорттаушыларымызға қолдау көрсетеді.
Өңірлік серіктестікке келгенде біз едәуір аз ЭҚ шеңберінде өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге және Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыруға одан әрі септесе беру ниетіндеміз.
Сонымен қатар Бүкілдүниежүзілік банк, еуропа Қайта Құру және даму банкі, Азия даму банкі және таяуда құрылған Еуразия даму банкінің жобаларына баса назар аудару керек.
Қазақстанды экономикалық жаңарту мен халықаралық рыноктарда бәсекеге қабілеттілігін нығайтудың қосымша құралы ретінде БСҰ – ға кіруі жолындағы келіссөз үдерісі тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. Республиканың сыртқы сауда режимін реттейтін заңдарының едәуір бөлігі қазірдің өзінде БСҰ нормаларына сәйкес келтірілді немесе Парламентте талқылану үстінде.
Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілермен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай –ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес олардың айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы – бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды.ъ
Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады. Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған деген негіз де бар сияқты. Себебі қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ та бұл жерде аұша мен несиенің әртүрлі ұғымды білдіріп, әртүрлі қатынастарды түсіндіретін естен шығаруға болмайды. Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталған өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытынша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.
Экономикалық категория ретінде, несие-бұл кәсіпорындар ұйымдар және бірлестіктер, сондай – ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығын білдіреді.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 01.03.2006 ж.
2. С.Б.Мақыш «Ақша, несие, банк». Алматы – 2003 ж.
3. Ғ.С.Сейітқасымов «Ақша, несие, банк». Алматы – 2001 ж.
4. «Қаржы және қаражат журналы». № 2001-2005 ж.ж.
5. С.Сатыбалдин «Экономикалық талдау»
6. Ілиясов «Қаржы» Алматы - 2000 ж.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қаржы және несие кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Несиелік талдау және несиелеу кезеңдері.

Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:

Жоспар

1. Кіріспе
1.1. Несиенің мәні және қажеттілігі
1.2. Несиенің құрылымы
2.0. Несиенің формалары және түрлері
2.1. Несиенің функциялары
3.0. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер .

1. Кіріспе.

Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе
жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына
сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын
иемденген әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел
болуын қалаймыз.
Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз
крек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене
қатыса алады, қатысуға тиісті, өйткені олар біздің жаһандық экономикаға
кіргізуімізге жәрдемдеседі, әрі сол арқылы біздің қолайлы экономикалық –
географиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарға сүйенеді.
Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтан жолындағы заңнамалық,
әкімшілік және бюрократиялық кедергілілерді ысырап тастауға, жеке меншік
капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге
міндетті.
Қазақстанның экономикалық дамуындағы сапалық серпелісті әлемдік
экономикаға кіргізудің қажетті шарты ретінде пайымдау отырып, мен мынадай
бағыттарға баса назар аудару керек деп санаймын.
Қазақстанның өңірлік және халықаралық экономикалық бірлестіктер мен
ассоциациялары қатысуы жолымен халықаралық экономикаға кірігуі.
Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене
қатыса алады және қатысуға тиіс, мұның өзі біздің жаһандық экономикаға
кірігуімізге жәрдемдеседі, әрі біздің экспорттаушыларымызға қолдау
көрсетеді.
Өңірлік серіктестікке келгенде біз едәуір аз ЭҚ шеңберінде өзара
тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге және Біртұтас экономикалық кеңістікті
қалыптастыруға одан әрі септесе беру ниетіндеміз.
Сонымен қатар Бүкілдүниежүзілік банк, еуропа Қайта Құру және даму
банкі, Азия даму банкі және таяуда құрылған Еуразия даму банкінің
жобаларына баса назар аудару керек.
Қазақстанды экономикалық жаңарту мен халықаралық рыноктарда бәсекеге
қабілеттілігін нығайтудың қосымша құралы ретінде БСҰ – ға кіруі жолындағы
келіссөз үдерісі тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. Республиканың сыртқы сауда
режимін реттейтін заңдарының едәуір бөлігі қазірдің өзінде БСҰ нормаларына
сәйкес келтірілді немесе Парламентте талқылану үстінде.
Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың
ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілермен қатар,
мемлекет те, үкімет те, сондай –ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес олардың
айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы – бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды.ъ
Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал
айналымын жатқызуға болады. Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір
жағынан қарағанда бұған деген негіз де бар сияқты. Себебі қазіргі
шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ та бұл жерде аұша
мен несиенің әртүрлі ұғымды білдіріп, әртүрлі қатынастарды түсіндіретін
естен шығаруға болмайды. Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталған өтуін
қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы
несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке
тұлғалардың уақытынша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе
төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға
берілетін ссудалық капиталға айналады.
Экономикалық категория ретінде, несие-бұл кәсіпорындар ұйымдар және
бірлестіктер, сондай – ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды
қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға
беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығын білдіреді.

1.1. Несиенің мәні және қажеттілігі.

Өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы пункті, шешуші жағдайы бола
отырып, басқа фазалармен тығыз байланыста. Ұдайы өндіріс процесі
материалдық игіліктердің қоғамдық өндірісі процесінің үздіксіз жаңаруы
ретінде, оның әр түрлі сатыларының біртіндеп ауысуын ұлғайтады.Әрбір саты
- өндіріс, үлестіру, айырбас және тұтыну белгілі бір мағынаға ие.
Ұдайы өндіріс фазаларының бірлігі мен өзара әсері тауар –ақша
қатынастарының, құнның тауарлық және ақшалай формаларының бар болуымен
қамтамасыз етіледі.
Ұдайы өндіріс процесі фазаларының өзара әсері тауарлық шаруашылықтағы
несиенің орнын айқындауда және оның мәнін ашуда елеулі мәнге ие. Өндірісте
несиелік қатынас жүргізілмейді. Өндірістік процеске несиелік қатынастардың
тек бірінші жағы – алынған несиені өндірістік мақсатқа пайдаланушы қарызға
ғана қатынаса алады. Екінші жақ – кредитор өндірістік процестің сыртында
қалады. Демек несие бірегей ұдайы өндіріс процесінің субъектілері
арасындағы экономикалық байланысты білдіреді. Сондықтан несиенің мәнін
ұдайы өндіріс процесінің бір сатысымен ғана байланыстыруға болмайды.
Несие құнның белгіленіп үлгерген қызметіне байланысты болатын
қатынастарды білдіреді. Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды,
өйткені мұндай өнім әлі жасалған жоқ, ал оның бөліктері ұдайы өндіріс
процесінің сәйкес қатынасушыларының иелігіне түскен жоқ. Сондықтан несиеге
бастаманы өндіріс сатысы емес өнімнің қозғалысының келесі сатылары береді.
Осы мағынада несиелік қатынастар болып табылады.
Осылайша, өндіріс сферасының айқындаушы мағынасы оны несиелік
қатынастардың түпкі мәнін есептеуге негіз болмайды, демек соңғысының
мағынасын толық бере алмайды. Айырбаспен өзара әрекет процеіснде өндірістің
белгілі бір мағынасы бар.
Өндірілген өнім мен оның бөліктері индивидуумдардың қолдарына
тиместен бұрын айырбасты бастауға болмайды. Сондықтан айырбас өндіріске
кіретін акт, өндірісте тікелей бар болады немесе сонымен анықталады.
Өз кезегінде үлестіру және айырбас біртұтас алғанда өндіріспен және
бір-бірімен анықтала алады. Мысалы, нарық ұлғайған кезде, яғни айырбас
сферасы, өндіріс көлемі өседі және оның дифференциациясы тереңдей түседі.
Үлестірудің өзгерісімен өндіріс те өзгереді, мысалы, капиталдың
шоғырлануымен, қала мен ауыл арасындағы әр түрлі үлестірумен т.б. Несие
үлестірумен байланысты, бірақ ол үлестіру қатынасын білдіреді. Үлестіруге
екі маңызды жағдай тән: 1 – үлестіру пропорцияны белгілейді, онда әрбір
индивидуум өндірілген өнімге қатысады; 2 – ол қоғамнан келіп шығатын көз
ретінде анықталады.
Айырбастың үлестіруден айырмашылығы, біріншіден, ол индивидуумға
үлестіру кезінде алған бөлігін айырбастағысы келетіні белгілібір өнімдерге
қол жеткізеді, екіншіден, айырбас жекелеген қажеттіліктерге сәйкес бөлініп
қойғанды қайта бөледі, сонымен бірге индивидуумнан шығатын кез ретінде
анықталады.
Үлестіру фазалары және айырбас арасындағы айтылған айырмашылықтар
ұдайы өндіріс қатысушылары арасындағы айырбас процесінде қалыптасатын
қатынастарды негіз деп есептеуге мүмкіндік береді. Алдағы көрсеткеніміздей
үлестіру саласында тек өнімді үлестіру ғана жүзеге асады, өнім ұдайы
өндіріс процесі субъектілерінің иелігіне түседі, өндіріс сияқты үлестіру
процесіне қатысты несие пассивті дегенді білдірмейді, керісінше, ол олардың
жылдамдатуына көмектеседі. Несиенің ұдайы өндіріс процесіне бұлай әсер
етуі өнім өндіріліп және ұдайы өндіріс субъектілерінің игілігіне түскен
кезде, ал айырбас фазасында субъектілердің біреуінде қозғалысы тоқтаған
уақытша босаған құн мен басқа субъектінің оны қосымша пайдалану қажеттілігі
арасында қарама—қайшылық пайда болған кезде мүмкін болады. Несие өндіріс
факторы бола келе, өндіріс пен үлестіруден шыға отырып, қайта бөлу
категориясы ретінде өзінің дербестігін жоғалтпайды, шынында тауарлар
айырбасының формасы ретінде болады.
Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмілесінің формасы
ретінде құн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Құн қозғалысы
несие қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Айырбас процесінде
мәміленің екі түріажыратылады: қарыз мәмілесі және сатып алу-сату мәмілесі.
Несие қарыз мәмілесі ретінде тауарлар айналысы процесіне себепші болады.
Қарыз мәмілесі тауар айналысының ерекше формасы және сатып алу-сату
мәмілесіне қарсы қойып салыстыру арқылы сипатталуы мүмкін. Олардың
арасындағы негізгі айырмашылық мынада: сатып алу – сату кезінде тауарларды
өзара ұсыну бір мезгілде жүреді, қарыз мәмілесі кезінде эквиваленттің
қайтарылуы кейінге қалдырылады. Сатушы тұтыну құны ретіндегі тауарды
шеттете отырып, оның өзіндік айырбас құнымен және ақшаның тұтыну құнын
жүзеге асырады. Бұған керісінше, сатып алушы айырдас құны ретінде ақшаны
иелігінен шығара отырып, ақшаның тұтыну құнын және тауардың бағасын
өткізеді. Осыған сәйкес тауар мен ақша орындарының ауысуы жүреді.
Осылайша екі жақты полярное қарама-қайшылықтың жанды процесі енді
қайтадан өз барысында тағы да екіге жарылады.
Сатушы шын мәнінде тауарды өзінен шеттетеді, бірақ оның бағасын
бастапқыда тек идеалды түрде ғана белгілейді. Ол тауарды өз бағасы бойынша
сатты. Алайда, ол баға тек кейінірек, белгіленген мерзімде өткізіледі.
Несие ақшаның төлем құралы функциясындағы ақшаның дамуы болып табылады. Ал
эквивалент қайтарылуының кейінге қайтарылуы құн қозғалысының сатып алу –
сатудан дербес, сапалық жағынан ерекше қозғалыс формасын жасайды. Сондықтан
қарыз мәмілесін сатып алу – сату мәмілесінің бір түрі емес.

1.2. Несиенің құрылымы.

Несиенің мәнін ашу – бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас
жүйенің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығын білдіретін
сапаларын тану болып табылады.
Сондықтан несиенің мәні және қажеттілігі туралы жоғарыда
айтылғандарға қосымша оның құрылымын, қозғалысының заңдылықтарын қарастырып
көрейік.
Несиенің құрылымы белгілі бір мәнге айналған және несиелік қатынастар
танымының сатысы ретінде көрінеді. Ол несиеде тұрақты, өзгеріссіз қалады.
Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда несие зерттеу объектісі ретінде
бәрінен бұрын оның субъектілері болып табылатын элементтерден тұрады.
Несиелік мәміледе қатынас субъектілері қарыз беруші және қарыз алушы
болады. Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндірісі мен тауар
айналысы негізінде жүреді.
Сатып алу –сату процесінде тауарларды өткізу сатушының олардың
ақшалай эквивалентін әр уақытта тез арады алуына мүмкіндік бермейді. Сатып
алушы тауарды белгілі бір мерзімнен кейін төлеуі мүмкін. Бір тауар иеленуші
қолма – қол тауарды сатады, ал басқасы ақшаның өкілі немесе болашақтағы
ақшаның өкілі ретінде бола отырып тауарды сатып алады. Сатушы – қарыз
беруші, ал сатып алушы-борышқор болады. Мүліктік теңсіздіктің тереңдеуіне
байланысты артық өнімдері бар рулық қауымдастық мүшелері кредитор ретінде
көріне алатын болды. Алғашқы өсімқорлар металл ақшадан бұрын пайда болған.
өсімқор-саудагер, көпес тәрізді ежелгі кәсіп. Қазіргі уақыттағы банкир
болудан бұрын, ол өте үлкен тарихи жолдан өтті. Кредитор ретінде храмдар,
қоғамдағы шаруашылық жүргізуші субъектілерінің едәуір байлықтарын
жинақтайтын шаруашылық пен тұтыну мақсаттарына қызмет көрсететін өзгеше
банкирлік үйлер болды.
Кредитор – несиелік мәміленің қарызы ұсынушы жағы. Қарық беру үшін
кредитордың қарамағында белгілі бір қаражаттар болуы керек. Оның көздері өз
қорлары, ресурстары өз кезегінде қайтарымдылық негізінде ұдайы өндіріс
процесінің басқа субъектілерінен алынған ресурстар бола алады.
Қазіргі уақыттағы шаруашылықта кредитор-банк қарызды тек өз
меншігіндегі ресурстар есебінен ғана емес, оның шоттарында сақтаулы
тартылған қаражаттар есебінен де, сонымен қатар акция және облигацияларды
орналастыру арқылы жинақталған қаражаттар есебінен де бере алады.
Банктердің құрылуымен кредиторлардың шоғырлануы жүреді. Банкирлер
басқа барлық кредиторлардың өкілі болды. Банктер ұжымдық кредиторлар бола
отырып, несиелеу үшін шаруашылықта уақытша пайдаланылмайтын ресурстарды
жинақтай алады. Кейбір жағдайларда босаған ресурстар болып табылатын
құндылықтар да қарызға беріледі. Коммерциялық несие кезінде кредитор
сатылуға жататын тауарларды қарыз алушыға береді.
Тауарлардың жіберілу факті, алайда, жүк жіберушіні кредитор етпейді.
Тауарды жөнелту мен сатудан түсетін түсімнің арасындағы уақыт бойынша
үзіліс кредитордың пайда болуына әкелуі мүмкін. Бұл үшін тауарды қоюшы
эквивалент төленуінің кейінге қалдыруына рұқсат берілуң керек. Мына
жағдайды ескерте кетейік: кредиторды сатып алу –сату, тауарды жіберу мен
оны төлеу арасындағы уақыт бойынша үзіліс факты тудырмайды, оны төлемнің
кейінге қалдырылуын белгілейтін, төлемді тез арада емес белгілі бір уақыт
өткеннен кейін шешетін қосымша келісім тудырады.
Кредитор ретінде басқа шаруашылық иесіне белгілі бір мерзімге ресурс
беруші тұлға болады. Қағида бойынша кредитор ерікті түрде болады. Қарыз
алушы несиені белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда несиелік келісімнің
еріктілігі бұзылады, қарыз алушылармен анағұрлым қатаң қатынастарға әкеп
соғады. Кредиторлардың бар болуының уақыттық шекарасы несиенің мерзімімен
анықталады. Несиенің мерзімі өз кезінде ұдайы өндіріс процесінің барысына
байланысты.
Қарыз алушы – несиелік қатынастың, несиені алушы және алған қарызды
қайтаруға міндетті жағы болып келеді. Борышқор және қарыз алушы – бір-
біріне жақын, бір шамасы бірдей түсін емес. Борыш – міндетті жалпы
сипаттайтын анағұрлым кең түсінік. Несиелік мәмілеге сәйкес борышқор
туралы емес, қарыз алушы туралы айту керек. Тарихи жағынан қосымша
русурстарға деген қажеттілік танытатын жекелеген тұлғалар болды. Бастапқыда
олар өз еңббектерімен күн көруші ұсақ шаруалар, қолөнершілер болған еді.
Өсімқорлық несиенің бар болуының басқа формасы ақсүйектердің көбінесе жер
иелеріне ақшалай қарызды беруі. Банктердің құрылуымен қарыз берушілердің
шоғырлануы жүреді.
Қазкіргі уақыттарда банктерден басқа шаруашылық ұйымдары және
мемлекеттің өзі де қарыз алушылар ретінде болады. Қарыз алушының
кредитордан айырмашылығы ол несиелік мәміледе төмендегідей ерекшеліктерге
ие. Біріншіден, ол қарызға берілетін қаражаттардың меншік иесі болып
табылмайды, олардың уақытша иесі ретінде болады, өзіне тиісті емес, бөтен
біреудің ресурстарымен жұмыс істейді. Екіншіден қарыз алушы қарызға алынған
қаражаттарды айналыс сферасында да пайдаланады. Кредитор өндіріске тікелей
қатыспай –ақ айырбас фазасы кезінде де қарызды ұсына алады.
Үшіншіден, қарыз алушы өзінің шаруашылығында шеңбер айналымын
аяқтаған қарызға алынған қаражаттарды қайтарады. Қарыз алушы кредиторды
жеткілікті түрде есеп айырысумен қоса қайтарымды толық өтеу үшін ұдайы
өндіріс процесін өркендете түсу керек. Төртіншіден, қарыз алушы уақытша
пайдалануға алынған құнды ғана қайтарып қоймай, сонымен қатар, қарыз
пайызын да төлейді. Бесіншіден, қарыз алушы өзінің кредиторы қойған
талаптарын орындауға тәуелді. Қарыз алушының кредитордан экономикалық
тәуелді болуы қарызға алынған қаражаттарды ұғымды пайдалануға, қарыз алушы
ретінде өз міндеттемелерін орындауға мәжбүр етеді.
Кредитор және қарыз алушы несиелік қатынас жасай отырып, өз
мақсаттары мен мүдделерінің бірлігін көрсетеді. Несиелік қатынастар
шеңберінде кредитор және қарыз алушының орындары ауысуы мүмкін: кредитор
қарыз алушыға, қарыз алушы кредиторға айналады.
Кредитор мен қарыз алушының өзара әрекеті қарама-қарсылықтардың
бірлігі сипатында болады. Несиелік қатынастың қатысушылары ретінде
кредитор және қарыз алушы оның қарама-қарсы жағында тұрады. Кредитор –
қарызды беруші жақ, қарыз алушы – берілген қарызды алушы жақ: бүтіннің
шеңберінде олардың әрқайсысының өздерінің ұдайы өндірістегі ерекше
жағдайларына байланысты өз мүдделері болады. Кредитор анағұрлым жоғары
қарыз пайызына мүдделі болса, қарыз алушы-анағұрлым арзан несиеге мүдделі.
Сондай - ақ, несиелік қатынастар құрылымның элементі, яғни
кредитордан қарыз алушыдан берілетін және қарыз алушыдан кредиторға қарай
кері қозғалатын объектісіне қарыздық құн жатады. Ол құнның ерекше бөлігі
ретінде болады. Несиелік қатынас ішіндегі құн ерекше қосымша тұтыну құнына
ие.

2003 жылы 31 желтоқсанда қозғалмайтын мүлікті кепілдікке қою арқылы
берілген несие үлесі ұлғая түсті, бұл әрине ипотекалық несиенің өсуімен
тікелей байланысты. (Кесте 1)

2002-2003 жылдардың несие көрсеткіштері.

Несиелер 2003 2002
млн.теңге % млн.теңге %
Қамтамас етілген 173,155 95,5 39,933 95,0
Қамтамасыз етілмеген 8,175 4,5 3,713 5,0
Барлығы 181,330 100,0 73,646 100,0

Несие портфелінің сапасын жақсарту мақсатында банк мекемесі әрдайым
жаңа технологияларды енгізуде 2003 жылдың басында зиянды және белгісіз
несиелердің үлесі 8,8 %-дан 3,5% -ға дейін кеміді. Резервтер деңгейі 2003
жылы 2002 жылмен салыстырғанда 6,5% - дан 6,2%-ға жақсарумен байланысты
кеміді.
Сондықтан шығарылған және қайтарылған несиелердің көлемі 2003 жылдың
соңында 7 млрд теңге, несие портфелінің 3% құрайды.
(2002 жылы 3,3 млрд теңге несие портфелінің 7%)

2002-2004 жылдардың несие портфелі.
2002 2003 2004
1. санақта жоқ және есептен шығарылған (нетто) 2,763 3,327 6,962
несилер
- Санақта жоқ несиелер 577 1,213 2,312
- есептен шығарылған (НЕТТО) несиелер 2,187 2,114 4,680
2. санақта жоқ несиелермен есептен шығарылған 3,6 2,2 3,4
(НЕТТО) несиелердің несие портфеліндегі үлесі (%) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің тұтынушыларды несиелеу
Несиелік процесс
Ақша саясаты
Нарық жағдайларына сай коммерциялық банктердің клиенттермен арадағы қарым-қатынасының нығаюына ықпал ететін оңтайлы несиелік саясат қалыптастыру және оны іске асырудың теориялық және әдістемелік аппаратын жасау
Банктің несиелік операциялары мен маңызы
Коммерциялық банктерде несиелік процесті ұйымдастыру («Қазақстан Халық Банкі» АҚ тәжірибесінен)
«Казкоммерцбанк» ақ-ның несиелік процесті орындау тәжірибесіне талдау жасау
Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесі және оның дамуы
Банктің несие саясатының құрылымын талдау
Ипотекалық несиелеу және оны ұйымдастыру-қүқықтық негіздері туралы
Пәндер