Қарт адамдарға әлеуметтік көмек пен қорғау көрсетудегі әлеуметтік қызметкердің рөлі



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1 Қарт адамдарға әлеуметтік көмек көрсетудегі теориялық талдаулар ... ... ... ...10
1.1 Қарттық жас шамасы ғалымдардың көзқарастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.2 Қарт адамдардың қоғамдағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.3 Шет елдердегі қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс тәжірибесі ... ... ... ... ..22
2 Қарт адамдарға әлеуметтік қорғау көрсетудегі әлеуметтік қызметкердің рөлін анықтаудағы тәжирибелік жұмыстың нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
2.1 Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыстың механизмдерінің жіктелуі ... ... ... .28
2.2 Әлеуметтiк қызметкерлердiң және мекемелердiң қарттарға көрсететін әлеуметтiк көмек формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
2.3 Қарт адамдарға әлеуметтік . медициналық реабилитациялау жүргізу ... ... 40
2.4 Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыстың деонтологиясы және әлеуметтік қызметкерге қойылатын кәсіби талаптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 55
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60
Кіріспе

Қарттар мәселесін барлық кезеңдерге ортақ мәселе деуге болады, себебі әрбір адамды ертең қарттық шақ күтіп тұр. Әр бір адам өзінің қарттық шағын уайымсыз өткізуді қалайды. Қарттар үшін дәрі-дәрмек, зейнетақы мөлшері тағы сол сияқтылар маңызды мәселе болғанымен, олардың өмірі әлдеқайда күрделірек. Қарттар өмірін қызықты және алаңсыз өткізгісі келеді. Қартыққа байланысты проблемалар өзара түсіністік, бір-біріне қамқорлықтық жағдайында және ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін кең қолдана отырып қана дұрыс шешіледі.
Ғалымдардың тұжырымдамасы бойынша өмір жасын ұзарту үш жолмен жүру керек: даму процесінің баяулауы, тіршілік етуді сенімді қолдау және қартая бастауды баяулату. Қартаюдың себебін ашу үшін, қартаюдың себебін зерттеу керек, қартаю – бұл процесс, ал кәрілік – бұл оның қорытындысы. Бэконның пікірі бойынша, қартаюдың негізгі әсер ету процесі ол жағымсыз қылықтар.
Өкінішке орай қазіргі қоғамда үлкендерді сыйламау, құрметтемеу тек қана бөтен қарт адамдарды ғана емес, сонымен қатар өз туған ата-әжелерін құрметтемеуден көрінеді. Құрмет – бұл сирек құбылыс, егер адам қарсыласын және айналадағыларды құрметтей білсе, онда ол адамды да қоршаған орта құрметтейді және сыйлайды. Өйткені жастар қай жағдайда болсын олардан мықты болып келеді, олар өз дегендеріне жетіп, әр уақытта мән-жайды дәлелдеп шығады. Қазіргі кезде жастар қарт адамдардың кеңестерін қажет етпейді және оларды елемейді. Сондықтан да біз осының барлығына жол бермеуіміз керек. Біз жастарды тәрбиелеп, қарт адамдарды құрметтеп, оларға сыйластықпен қарауды ұйымдастыруымыз қажет. Өйткені, қарттар осы жастық шақтан өткен және жастар да қарттық кезеңді бастарынан кешіреді.
Өркениеттіліктің деңгейі жоғарылаған сайын, қарттардың да саны артуда. Қарт адамдарға құрмет – материалдық жағдаймен қамтамасыз етуден, қоғам өз әке-шешесіне, әже-аталарына, зейнетақы көлемі, сапалығы, денсаулық сақтау деңгейі, коммуналдық жағдай жасаудан көрінеді. Өмірдің рухани жағы қарт адамдардың социумға кіруі үшін өте маңызды болып табылады. Материалдық қамтамасыз етуден тыс әлеуметтік қарым-қатынас тұлғаны деградацияға, өмір жасының қысқаруына әкеледі. Әлеуметтік қарым-қатынас кең мағынада – қоғамдағы саяси мәселелерді шешуге қатысу, тар мағынада – үнемі қоғаммен қарым-қатынасын және өзінің отбасына қатысу болып табылады.
Әлеуметтік қызметкердің тапсырмасы және жақын адамдарының құрметі, назары, қамқорлығы, рухани және материалдық қолпаштауы, оның кәрілік кезеңіндегі жасына байланысты қарттарға керегін өтеу керек. Бұл қарт адам үшін өте маңызды болып саналады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Информационно-аналитический бюллетень за 2009 год. – Караганда,
2010. – 52 с.
2 Хрисанова Е.Н. Основы социально – медицинской работы. – М.: Рарог,
1998. – 256 с.
3 Қазақстан Республикасы Конституциясы (30.08.1995 жылдан 07.10.1998
өзгерістерімен). – Алматы: Жеті жарғы, 1998. – 58 б.
4 Қазақстан Республикасының «Атаулы әлеуметтік көмек» заңы.
(17.07.2001. №246). - Алматы: Жеті жарғы, 2001. - 11б.
5 «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы»
заңы. (20.06.1997. №365). - Алматы: Жеті жарғы, 1997. - 11б.
6 «Қазақстан Республикасында мүгедектігіне, асыраушысынан айырылу
жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» заңы (16.06.1998). – Алматы: Жеті жарғы, 1998. – 12 б.
7 Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау
концепциясы. /Егемен Қазақстан. - 18 тамыз, 2001.
8 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға
теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік
қорғау туралы» №2247 Жарлық. - 28 сәуір, 1995.
9 Яцемирская Р.С., Беленьская И.Т. Социальная геронтология. – М.:
Владос, 1999. – 206 с.
10 Альперович В.Д. Социальная геронтология. – Ростов-на-Дону.: Феникс,
1997. – 576 с.
11 Черносвитов Е.В. Социальная медицина. - М.: Владос, 2000. – 304 с.
12 Основы социальной медицины. Учебно – методическое пособие.
/Под.ред. А.В.Мартыненко. – М.: Социум, 1998. – 89 с.
13 Зарубежный и отечественный опыт социальной работы. – М.:
Социально – технологический институт. 1999. – 272 с.
14 Асанова Г. «Қарттарым аман – сау жүрші». /Егемен Қазақстан. – 2002
жыл. 1 қазан.
15 Александрова Т.А. Годы и заботы . – М.: Политиздат, 1990. - 206 с.
16 Лабиринты одиночества: Пер. с анг. /Сост., общ. ред. и предисл.
Н.Е.Покровского. – М.: Прогресс, 1989. – 624 с.
17 Пронина Л.И. Повышение эффективности социального обеспечения. –
М.: Экономика, 1990. – 124 с.
18 Социальная работа: Учебник. К.Н.Менлибаев, К.М.Туганбекова,
Г.Г.Черная, С.Т.Каргин. – Караганда: Изд-во КарГУ, 2000. – 277 с.
19 Социальная работа: теория и практика: Учебное пособие. /Отв. ред.
Е.И.Холостова, А.С.Сорвина. - М.: ИНФРА – М, 2001. – 426 с.
20 Павленок П.Д. Краткий словарь по социологии. – М.: ИНФРА - М,
2000.
21 Теория и методика социальной работы. Под. ред. П.Д.Павленка. –
Выпуск 1. – М.: ГАСБУ, 1993. – 352 с.
22 Справочное пособие по социальной работе. /Под. ред. А.М.Панова,
Е.И.Холостовой. – М.: Юрист, 1997. – 238 с.
23 Современная западная социология: Словарь. – М.: Политиздат, 1990.
24 Жарықова А.Ж. Әлеуметтік қорғау құқығы. Оқу құралы. – Қарағанды:
Қаржы институты, 2001. – 145 б.
25 Назарбаев Н.А. Возраст – это выдумка скучных людей. /Казахстанская
правда. – 2001. – 22 марта.
26 Регионы Казахстана. Сборник Агентства Республики Казахстан по
статистике. – Алматы: Рауан, 2002. – 152 с.
27 Джумабаев С.К. Социальная политика. – Алматы: Қазақ университеті,
2002. – 184 с.
28 Баймуратов У.Б. Национальная экономическая система. – Алматы:
Ғылым, 2000. – 153 с.
29 Щукина Н.П. Вынужденная миграция: причины, состояние,
перспективы, миграционная политика.— М.: Луч, 1993. – 146 с.
30 Пантелеева М.И. Экономические основы социальной работы. - М.:
ВЛАДОС, 2000. – 102 с.
31 Социальная работа. Российский Энциклопедический словарь./ Под общ.
ред.В.И. Жукова.— М.: ВЛАДОС, 1997. – 114 с.
32 Справочное пособие по социальной работе /Под ред. А.М. Панова,
Е.И.Холостовой.— М.: ВЛАДОС, 1997. – 118 с.
33 Теория и методика социальной работы /Под ред. П.Д. Павленка. - М..
ГАСБУ, 1995. – 127 с. - Вып. 2.
34 Тетерский В.Н. Введение в социальную работу.- М.: ВЛАДОС, 2000. –
134 с.
35 Менлибаев К.Н., Туганбекова К.М., Черная Г.Г., Каргин С.Т.
Социальная работа: Уч. пособие.- Караганда: Изд-во КарГУ, 2000. – 114 с.
36 Овчарова Р.В. Справочная книга социального педагога.- М.: ИНФРА-М,
2001. – 98 с.
37 Социальная педагогика: Курс лекций / Под общей ред.
М.А. Галагузовой.- М.: ВЛАДОС, 2000. – 182 с.
38 Социальная работа / Под общей ред. В.И.Курбатова.- Ростов н/Д.:
Феникс, 1999. – 156 с.
39 Технологии социальной работы: Учебник / Под общей ред.
проф. Е.И. Холостовой.- М.: ВЛАДОС, 2001. – 168 с.
40 Социальная педагогика: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений
/Под ред. В.А. Никитина. – М.: Гуманит. изд. Центр ВЛАДОС, 2002. – 272с.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қарт адамдарға әлеуметтік көмек пен қорғау көрсетудегі
әлеуметтік қызметкердің рөлі

050905- Әлеуметтік жұмыс мамандығы

Орындады:

Ғылыми жетекші
п.ғ.к., доцент

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1 Қарт адамдарға әлеуметтік көмек көрсетудегі теориялық
талдаулар ... ... ... ...10
1. Қарттық жас шамасы ғалымдардың
көзқарастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2. Қарт адамдардың қоғамдағы
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
3. Шет елдердегі қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс
тәжірибесі ... ... ... ... ..22
2 Қарт адамдарға әлеуметтік қорғау көрсетудегі әлеуметтік қызметкердің
рөлін анықтаудағы тәжирибелік жұмыстың
нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 28
2.1 Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыстың механизмдерінің
жіктелуі ... ... ... .28
2.2 Әлеуметтiк қызметкерлердiң және мекемелердiң қарттарға көрсететін
әлеуметтiк көмек
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..37
2.3 Қарт адамдарға әлеуметтік – медициналық реабилитациялау
жүргізу ... ... 40
2.4 Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыстың деонтологиясы және әлеуметтік
қызметкерге қойылатын кәсіби
талаптары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..58
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60

Кіріспе

Қарттар мәселесін барлық кезеңдерге ортақ мәселе деуге болады, себебі
әрбір адамды ертең қарттық шақ күтіп тұр. Әр бір адам өзінің қарттық шағын
уайымсыз өткізуді қалайды. Қарттар үшін дәрі-дәрмек, зейнетақы мөлшері тағы
сол сияқтылар маңызды мәселе болғанымен, олардың өмірі әлдеқайда
күрделірек. Қарттар өмірін қызықты және алаңсыз өткізгісі келеді. Қартыққа
байланысты проблемалар өзара түсіністік, бір-біріне қамқорлықтық жағдайында
және ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін кең қолдана отырып қана дұрыс
шешіледі.
Ғалымдардың тұжырымдамасы бойынша өмір жасын ұзарту үш жолмен жүру
керек: даму процесінің баяулауы, тіршілік етуді сенімді қолдау және қартая
бастауды баяулату. Қартаюдың себебін ашу үшін, қартаюдың себебін зерттеу
керек, қартаю – бұл процесс, ал кәрілік – бұл оның қорытындысы. Бэконның
пікірі бойынша, қартаюдың негізгі әсер ету процесі ол жағымсыз қылықтар.
Өкінішке орай қазіргі қоғамда үлкендерді сыйламау, құрметтемеу тек қана
бөтен қарт адамдарды ғана емес, сонымен қатар өз туған ата-әжелерін
құрметтемеуден көрінеді. Құрмет – бұл сирек құбылыс, егер адам қарсыласын
және айналадағыларды құрметтей білсе, онда ол адамды да қоршаған орта
құрметтейді және сыйлайды. Өйткені жастар қай жағдайда болсын олардан мықты
болып келеді, олар өз дегендеріне жетіп, әр уақытта мән-жайды дәлелдеп
шығады. Қазіргі кезде жастар қарт адамдардың кеңестерін қажет етпейді және
оларды елемейді. Сондықтан да біз осының барлығына жол бермеуіміз керек.
Біз жастарды тәрбиелеп, қарт адамдарды құрметтеп, оларға сыйластықпен
қарауды ұйымдастыруымыз қажет. Өйткені, қарттар осы жастық шақтан өткен
және жастар да қарттық кезеңді бастарынан кешіреді.
Өркениеттіліктің деңгейі жоғарылаған сайын, қарттардың да саны артуда.
Қарт адамдарға құрмет – материалдық жағдаймен қамтамасыз етуден, қоғам өз
әке-шешесіне, әже-аталарына, зейнетақы көлемі, сапалығы, денсаулық сақтау
деңгейі, коммуналдық жағдай жасаудан көрінеді. Өмірдің рухани жағы қарт
адамдардың социумға кіруі үшін өте маңызды болып табылады. Материалдық
қамтамасыз етуден тыс әлеуметтік қарым-қатынас тұлғаны деградацияға, өмір
жасының қысқаруына әкеледі. Әлеуметтік қарым-қатынас кең мағынада –
қоғамдағы саяси мәселелерді шешуге қатысу, тар мағынада – үнемі қоғаммен
қарым-қатынасын және өзінің отбасына қатысу болып табылады.
Әлеуметтік қызметкердің тапсырмасы және жақын адамдарының құрметі,
назары, қамқорлығы, рухани және материалдық қолпаштауы, оның кәрілік
кезеңіндегі жасына байланысты қарттарға керегін өтеу керек. Бұл қарт адам
үшін өте маңызды болып саналады. Өйткені қарт адамдардың денсаулығы көп
жағдайда отбасындағы және қоғамдағы қарым-қатынасына байланысты болып
келеді, яғни оларды құрметтеу, сыйлау, жылы – шырайлы қарау.
Әрбір елде адамдар қартаяды, жұмыстан кетеді, кірістердің төмендеуін
ойлайды, қарым-қатынастардың ортасының тарылуын, әр түрлі жасына сәйкес
аурулары және тағы басқа проблемалар жайлы ойланады, уайымдайды.
Біздің елімізде соңғы жылдары ғана қалыптасып келе жатқан әлеуметтік
қызметкерлер үшін қарттарға деген қамқорлық кәсіби міндет болып табылады.
Әлеуметтік қызметкерлер қарттардың күнделікті тіршілігіне көмектесіп қана
қоймай, оларды осы күрделі кезеңнен өтуге үйретуге тиіс.
Дүние жүзінде қарт адамдардың абсолюттік саны күннен күнге өсіп бара
жатқандықтан, олар туралы мәселелер де өте тереңдеп бара жатыр. Осы
мәселені зерттейтін ғылым геронтология деп аталады, яғни ол термин
герон - қарт, логос - ғылым деген екі сөздің тоғысуынан шыққан. Польде
Кюридің айтуы бойынша, бұл терминді алғаш рет Илья Мечников ойлап тапқан.
Геронтология қартаю процесін ғана зерттемейді, ол сонымен қатар қартаю
кезеңіндегі адам денсаулығын және өмір ұзақтылығына да мән береді.
Қартаю барлық табиғи ағзалар әлеміне тән, тек адам үшін ол экономикалық,
әлеуметтік және психологиялық процестермен сабақтасады. Геронтологияның
қазіргі кезде жеке дамыған бөлімі – әлеуметтік геронтология. Ол өмір
ұзақтығын және өмірдің салтын зерттейді.
Геронтология ғылымының мағынасын түсіну үшін, оның дамуының сатыларын
қысқаша болса да білу қажет.
Геронтология ұғымының қай кезеңде пайда болғаны туралы әртүрлі пікірлер
айтылады. Бір зерттеушілер геронтология ерте заманда пайда болған ғылым деп
айтады, яғни ол ерте замандағы медицина ғылымының атасы Гиппократ және Ибн-
Сина, философтар Цицерон және Сенеки аттарымен байланысты деген. Ал
кейбіреулерінің пайымдауы бойынша геронтология өз бастауын кейінгі
жүзжылдықтың екінші жартысында, қарт адамдардың саны едәуір өскен шағында
пайда болды дейді. Осы уақытта ең алғаш геронтологияның ғылыми-зерттеулік
институттары құрылған. Осы айтылған екі пікір де дұрыс деп айтылады, яғни
геронтология – жас ғылымдардың ішіндегі ең көнесі және көне ғылымдардың
ішіндегі ең жас ғылым болып саналады.
Қоғам мәдени дамыған сайын, адам өмір тарихында өмірді ұзарту және
өлімді ысырып тастауға әр уақытта әр түрлі амал-тәсілдер іздеген, бірақ
оның нақты эксперименталдық жұмыстары мен практикалық қорытындысы XX ғ.
ғана қолданыла бастады.
Геронтологияны мәдениеттің құрдасы деп те айтуға болады. Ерте
ғасырлардан бері ғалымдар қартаю кезінде жастықты артқа қайтару үшін
көптеген амалдар іздеген. Әр ғасырда қартаю ғылымы жаңа білімдер жинай
бастады, әрине ол әр түрлі бағыттағы мамандармен байланысты, яғни олар:
дәрігер-физиологтар, филологтар және биологтар, психологтар және
социологтар, демографтар және этнографтар, тарихшылар және құқықтанушылар.
Бірақ бұл ғылымның пайда болуына өз үлестерін қосқан ғылымдардың қатары
бұдан да көп. XX ғасырда геронтология жаңа, өте жас ғылымдардың
жетістіктеріне байыды: биохимия, биофизика, психоаналитика, психофизиология
және т.б. Негізінен геронтология – комплекстік тәртіпаралық зерттеулер
негізіндегі ғылым болып табылады.
Зерттеу жұмыстың өзектілігі: қарт адамдардың саны бүкіл әлемде өсуде.
Бұл денсаулық сақтау орталықтарының жетіспеушіліктерімен, өмір жасының
ұзаруымен және сонымен қатар бала туудың төмендеуі мен қарт адамдардың саны
жалпы массалық түрде өсіп келеді. Сондықтан да қазіргі кезде мемлекеттен не
жалпы қоғам тарапынан болсын бұл мәселеге көп көңіл бөлінуде. Қарт
адамдармен жұмыс істеу үшін, бұрынғы және қазіргі әлеуметтік жағдайын,
психикалық ерекшелігін, материалдық және рухани қажеттілігін біле отырып,
социологиялық ғылыми зерттеулерге сүйенген жөн. Яғни қарт адамдар қазіргі
кезде әлеуметтік көмекті және мемлекеттік қолдауды қажет ететін топтардың
бірі болып табылады. Бірақ бұл көмек пен қолдауды көрсетпес бұрын осы қарт
адамдардың көкейкесті мәселелерін анықтап, оларды шешудің жолдарын
қарастырған дұрыс болар еді.
Осы күнге дейін денсаулық сақтау органдары мен әлеуметтік қызметтерде
қарт адамдардың денсаулығын тексеру, қадағалау маңызды болмаған.
Зерттеудің мақсаты: қарт адамдардың қоғамдағы алатын орнын анықтап,
олардың алдында тұрған әр түрлі мәселелеріне көз жіберіп, әлеуметтік көмек
пен қамсыздандыру жұмыстарын қарастыру.
Зерттеудің міндеттері:
- адамның қай жаста ересек және қарт екенін анықтау және қарт адамның
отбасында қандай рөл атқаратындығын қарастыру;
- қарт адамдардың әлеуметтік-нарықтық заңдылық негіздерін анықтау;
- қарт адамдарға әлеуметтік қызметкер мен мекемелердің тарапынан
көрсетілетін көмектері мен қамсыздандыру жұмыстарына назар аудару.
Зерттеу нысанасы: қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс процесі.
Зерттеу пәні: қарт адамдармен әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру процесі.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: қарт адамдармен әлеуметтік жұмыстың мәні
нақтыланды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: Зерттеудің нәтижелері әлеуметтік жұмыс
тәжірибесінде қарт адамдарды әлеуметтік қорғау мекемелерінде пайдаланыла
алынады.
Зерттеу әдістері: талдау жасау, статистикалық мәліметтер жинау, құжатпен
жұмыстар, бақылау жасау, жиналынған мәліметтерді өңдеу болып табылады.
Дипломдық жұмыстың кұрылымы келесі тараулардан құралады.
Біздің дипломдық жұмысымыз кіріспеден, 2 бөлімдерден, әдебиеттер тізімі
мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде жалпы жұмысымыздың өзектілігі, мақсаты, міндеттері
айқындалады.
Бірінші бөлім "Қарт адамдарға әлеуметтік көмек көрсетудегі теориялық
талдау" деп аталады. Онда Қазақстан Республикасының зейнетақымен
қамсыздандыру реформасы; қарт адамдардың дифференциалды психологиялық
мінездемесі және қарт адамның қоғамдағы статусы жайлы сұрақтар
қарастырылды.
Ал, екінші бөлім "Қарт адамдарға әлеуметтік қорғау көрсетудегі
әлеуметтік қызметкердің рөлін анықтаудағы тәжирибелік жұмыстың нәтижелері"
деп аталады. Ол төрт бөлімшеден тұрады. Онда: Қарт адамдармен әлеуметтік
жұмыстың механизмдерінің жіктелуі; Әлеуметтiк қызметкерлердiң және
мекемелердiң қарттарға көрсететін әлеуметтiк көмек формалары; Қарт
адамдарға әлеуметтік – медициналық реабилитациялау жүргізу; Қарт
адамдармен әлеуметтік жұмыстың деонтологиясы және әлеуметтік қызметкерге
қойылатын кәсіби талаптары жайлы баяндалады. Қорытындыда зерттеу жұмысы
бойынша ұсыныстар беріледі.

1 Қарт адамдарға әлеуметтік көмек көрсетудегі теориялық талдаулар

1. Қарттық жас шамасы ғалымдардың көзқарастары

Адамдардың қай жаста ересек және қарт екенiн қалай бiлуге болады? Бұл
сұрақ күрделi болмаса да, қиын сұрақтардың бiрi болып саналады.
Ғалымдар арасында қарттық жас туралы біркелкі пікір жоқ. Жастық
периодизацияда көп субъективтілік бар. Әлі де қарттық шақ ұғымына толық
анықтама жоқ. Қарттық шақ ұғымына алғаш анықтама ежелгі заманда берілген.
Біздің эрамызға дейінгі 5-4 ғасырларда ежелгі грек дәрігері Гиппократ
қартаюды табиғи жылулықтың жоғалуымен және организмнің құлдырауымен
байланыстырған. Философ Платон қартаюға адамның өмір салты әсер етеді
деген. Философ, дәрігер, Ибн Сина (Авицена) 50-60 жас аралығын терең қартаю
кезеңі деп белгілеген. Гиппократ адамның өмірін қалыптасу кезеңі бойынша
емес, физиологиялық циклдер бойынша қарастырған. Оның пікірінше қартаю
жасқа байланысты. Алғашқы қартаю туралы еңбектер XVIII ғасырдың ортасына
жатады. Ғылыми геронтологияның негізін салушы деп орыс ғалымын И.И.
Мечниковті есептейді. Геронтология 20 ғасырдың ортасында қалыптасты, оның
міндеті қартаюдың ерекшелігін ескеріп, оған әсер ететін факторларды
анықтау.
Қартаюдың өзiне тән бiрнеше түрлерi бар: хронологиялық, физиологиялық,
психологиялық және әлеуметтiк түрлерi.
Адамдардың қартаюының хронологиялық факторларын өмiр сүрген жылдарын
анықтайды. Физиология - денсаулығының жағдайын, ағзаның өзiнен өзi
әлсiреуi болып табылады. Қартаюдың психологиялық түрi адамдардың өзiн-
өзi сезiнуi және жастық стуктурада өзiнiң орнын анықтайды. Әлеуметтiк
– ол қартаюдың түрлерiнiң әр түрлi синтезi болып табылады.
Қарттар мәселесін барлық жас кезеңдерге ортақ мәселе деуге болады,
себебі әрбір адамды ертең қарттық шақ күтіп тұр. Әр бір адам өзінің қарттық
шағын уайымсыз өтіруді қалайды. Қарттар үшін дәрі-дәрмек, зейнетақы мөлшері
т.с.с. маңызды мәселе болғанымен, олардың өмірі әлдеқайда күрделірек.
Қарттар өмірін қызықты және алаңсыз өткізгісі келеді. Қартыққа байланысты
проблемалар өзара түсіністік, бір-біріне қамқорлықтық жағдайында және ғылым
мен тәжірибенің жетістіктерін кең қолдана отырып қана дұрыс шешіледі.
БҰҰ есебі бойынша 1950 жылы әлемде 60 жастан асқан 214 млн. адам болса,
болжау бойынша келесі жылы олардың саны 590 млн.-ға, ал 2025 жылы 1100
млн.-ға жетпек. Сонымен жылына қарт адамдар саны жылына 5 есе өссе, ал
жүниежүзінің жалпы халық саны тек 3 есе өсіп отыр. Осыған байланысты
қоғамның қартаюы туралы соңғы кезде көп айтылып жүр.
Қазақстанның демографиялық жағдайына келетін болсақ, бізде де халықтың
қартаюы байқалады. Егер, 1990 жылы 60-тан асқандар Қазақстан халқының 10
%-нан аспаса, 1995 жылы 12 % болды, 2000 жылы 17 %-дан асып, 2050 жылы
елдің 26 %-ды құрмақ.
Әйгілі ойшыл, әрі дәрігер Әбу Әли ибн Сина, 50-60 жасты кәріліктің басы
деп есептеді.
Дүниежүзлік Денсаулық сақтау Ұйымының жіктеуі бойынша 60-74 жас
аралығындағылар қарттар. 75-89 жастағылар кәрі, 90-нан асқандар ұзақ өмір
сүрушілер екен. Бұған қоса ересек адамдарды ішінара төрт топқа бөлетін
халақаралық тағы бір жіктеу бар. Ол бойынша: жасамыстар (55-64),
қарттар (65-74), кәрілер (75-84) және өте кәрілер (85-тен асқандар).
Әдетте, қарттар қатарына зейнеткерлікке шыққандарды да жатқызады. Бірақ,
бұлайша пайымдау дұрыс бола қоймайды, өйткені, әр елдің зейнетақыға шығу
жасы әртүрлі. Әйелдер көбінесе, ерлерден бұрын шығады. Мысалы, бідің
мемлекетімізде әйелдер 58 жастан, ал ерлер 63 жастан қарттық зейнеткерлікке
шығады.
Сонымен бірге, түрлі әлеуметтік-кәсіби топтардың зейнеткерлікке шығу
жастары әртүрлі. Әлемнің көптеген елдерінде 60 жастағы және одан асқан
азаматтарды қарттардың қатарына қосады.
Қарттардың өзі әр түрлі болып келеді. Олардың ішінде:
1) ширақ дені сау;
2) ауру-сырқаулы;
3) отбасында тұратын;
4) жеке басты;
5) зейнетақыға шыққанға риза;
6) жұмыс істеп жүрген, бірақ ауру тиіп қиналатын;
7) жұмыс істеп жүрген, сол жұмысты ұнататын;
8) өмірден қиындықты көп көрген, бақытсыз сезінетіндер;
9) көп жүрмейтін, үйде отырып қалған;
10) жүріп-тұруға бейім, басқалармен араласқыш (қонаққа, ойын-сауыққа
зарады, достарымен кездеседі т.с.с).
Қазіргі кезде геронтология деп аталатын, кейінде пайда болып дамып келе
жатқан ғылым қарт адамдардың өмірін, ғұмыр ұзақтығына жеткізетін
жағдайларды зерттейді.
Осы қартаюдың түрлерi  бiр-бiрiне әсер етудi көрсетудi анықтайды.
Бiрақ бұлардың барлығы да жастық күнтiзбесi болмайды. Сау, белсендi
адамға өте қатты аурумен ауыратын адамдар қартаю жасын тез және
терең түсiнедi. Венгерлiк Людовик II-шi 20 жасында терең қартаю
белгiлерiнен қайтыс болды. Ал немiс ақыны Гете болса, 90 жасында
жас жiгiтше жайнап, жастық шақтың өлендерiн жазған болатын. Қарттаюдың
шақтық әр түрлерi бiр-бiрiмен көп жағдайда келе бермейдi, олар не жетiп
алып, не қалып қоюы мүмкiн. Бiрақ осыған қарамастан адамдарда барлығы
бiр-бiрiмен байланысты, олардың қайсысы қартаю процесiнiң нақты,
белсендi бiрлiк жүйесi екенi белгiсiз.
Өкiнiшке орай қазiргi кезде қартаю әйелдер мен еркектер арасында
бiрдей емес жылдамдықпен жүредi. Осындай көрсеткiш әртурлi этностар
арасында байқалады.
Қарттаюдың жылдамдығы биологиялық және әлеуметтiк жағдайлармен
анықталады.
Хронологиялық (күнтiзбелiк) қартаю. Ерте ғасырдағы грек ғалымы Пифогор
(б.з.д VI ғасыр) Эльдар Рязановтың этникалық қатарын қабылдар едi (“өмiр
күз ” жыл мезгiлi сияқты). Өйткенi ол төрт жыл мезгiлiне ғана өмiрiнiң
төрт кезенiне сәйкес келедi, олардың барлығы 20 жылға тең болады:
а) жетiлу кезеңi (20 жасқа дейiн);
б) жас (20 жастан 40 жасқа дейiн);
в) күштiн даму кезеңi (40 жастан 60 жасқа дейiнгi аралық);
г) қартаю шағы ( 60-тан 80 жасқа дейiн).
Авиценаның айтуы бойынша 50-60 жас – қартаюдың басы болып саналады.
Ерте Қытай классификациясына сәйкес, адам өмiрiнiң ұзақтылығының
мынадай фазалары бар:
а) жастық шақ - 20 жасқа дейiн;
б) некеге тұру жасы - 30 жасқа дейiн;
в) қоғамдық қажеттiлiктердi орындау мерзімі - 40 жасқа дейін;
г) өзiнiң адасуын түсiну кезi - 50 жасқа дейiн;
д) шығармашылық өмiрiнiң соңғы кезi - 60 жасқа дейiн;
е) ерiктi жас - 70 жасқа дейiн;
ж) қартаю - 70 жастан кейiн
Орыстың демограф профессорлары ғана өмiрiн бiрнеше кезеңдерге бөледi:
әлсiзденушiлер (қарттар) - 75 жасқа дейiн; ұзақ өмiр сүрушiлер - 100 жастан
жоғары.
Кеңес Одағының екi әйгiлi демографтары С.Г. Струмилин мен Б.Ц.Урланис
жасты еңбек әрекетiне байланысты 3 кезеңге бөлiп қарастырған болатын, яғни
жұмысқа дейiнгi, жұмысшы, жұмыстан кейiнгi, осылардың өздерi өзiндiк 3
топты құрайды.
Жұмыстан кейiнгi:
- ересек жас – 60-69 жас;
- ерте қартаю – 70-79 жас;
- терең қартаю шағы – 80 жастан кейiн.
Халықаралық салыстырмалы классификация қабылдаған 8 кезеңдi қосады:
- орта жас – 45-64 жаста;
- қарттаюдың ең ерте кезi – 65-74 жастар.
Қазіргі геронтологияда келесілерді бөліп қарастырады:
- календарлық жас – физиологиялық уақыт ағымымен байланысты және
абсолютті өлшемдермен есептелінеді;
- мемлекетпен белгіленетін зейнеткерлік жас;
- физиологиялық функцияларды белгілейтін жастық динамикасын
- бейнелейтін функциональді жас;
- психологялық жас – психикасындағы өзгерістерді белгілейтін
- көрсеткіштер тобы;
- биологиялық жас – организмнің функцияларының көрсеткішін
- белгілейтін жас.
Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының классификациясына сәйкес 60-74 жас
аралығындағы адамдар қарттарға жатады, 75-89 жас аралығындағылар –
кәрілерге жатады, 90-нан жоғары – ұзақ өмір сүрушілерге жатады.
Физиологиялық (физикалық) қартаю. Физиологиялық қартаю хронологиялық
қартаюға қарағанда күрделірек болып келедi. Бiрiншiден, физиологиялық
қартаю процесi көп жағдайда индивидуалды болуы мүмкiн, қарттардың
жасының бiрдей кезеңiнде кейбiр адамдардың денсаулығының нашарлығына
байланысты қарттық кезеңдi тез қуып жетiп алады. Екiншiден, бiр
адамның әр түрлi ағзасы және де бiрдей ағза бiрдей мезгiлде, бiрдей
деңгейде емес жағдайда қалыптасады (бұл гетеротроптың және
гетерокинетикалық ұғымға қатысты).
Ең алғаш физикалық қартаюдың уақытын Гиппократ ұсынған болатын. Ол он
физиологиялық циклды құрды, олардың әр қайсысы адамның өмiрiнiң 7 жылына
тең.
Осы Гиппократтың iзiн жалғастырушы онын әрiптесi М.Рубнер болатын. Ол
жастардың бөлiнуi мынадай кезеңдерге бөлiп қарастырған болатын:
- қартаю – 50 жасқа дейiн;
- қартаюдың терең кезi – 70 жастан кейiн.

Ал немiстердiң басқа патологоаналитиктерi Л. Ашофф Гиппократ сияқты
жастық кезеңдi 10 топқа бөлген, бiрақ оның уақыттары оған қарағанда әр
түрлi болған:
- қартаюдың бастапқы кезеңi - 65 жасқа дейiн;
- өзiндiк қартаю - 85 жасқа дейiн;
- қартаюдың терең кезеңi - 85 жастан кейiн.
Психологиялық қартаюды адам өзiнiң қартаюын сезiнген кезiнде анықтауға
болады. Мұнда екi қайшылық бар – ол қартаюды өте ерте кезеңде түсiну немесе
оған керiсiнше қартаюды өте кеш уақытта сезiну.
Медицина докторы Дипак Чопре өзiнiң “Нестареющее тело вечного духа”
кiтабында қартаю – бiздiң санамызда өмiр мен өлiмнiң деңгейi гипноз арқылы
жасалынатынын түсiндiрдi.
Әлеуметтiк қартаю. Қазiргi уақытта қарт адамдар демографиялық және
әлеуметтiк топтың iшiндегi ең бiр бастаушысы болып келедi. Әлеуметтiк
қартаю түсiнiгi ең алғаш толық қоғамның жасымен байланысты.
Адамның әлуметтiк жасы (орташа өмiр ұзақтылығына) белгiлi бiр елде
және белгiлi бiр уақыт аралығында өмiр ұзақтылығына байланысты Замбия,
Мали, Ауғаныстан елдерiнде орташа өмiр ұзақтылығы 43-44 жас, онда Канада,
Жапония, Швецарияға қарағанда қартаю “жастау” болып келедi. Ленин өзiнiн
Инесе Армандқа жазған хатында өзiн қартпын деп айтқан, бiрақ ол
кезде оған 50 жас болатын. Ал қазiргi кезде 50 жасқа толмаған
адам өзiн қарт адаммын деп санамайды.
Қартаю көп жағдайда биологиялық прцесске қарағанда, биологиялық
процеске жақын келедi, бiрақ бұл әр түрлi кезеңдегi және
мәдениеттегi әр түрлi әлеуметтiк топтар мен адамдар үшiн бiрдей
емес.
Әлеуметтiк қартаю әлеуметтiк өмiрдi бiр кезеңi. Егер физиологиялық өмiр
үшiн 2 нақты күн болса, яғни туу және өлу. Онда әлеуметтiк өмiрде
мұндай күн жоқ, яғни бастама және аяқтау. Әлеуметтiк өмiр жеке тұлғаның
қаптасқан уақытынан басталады, яғни жауапкершiлiк және даму субъектiлерi
және осы қасиеттердiң аяқталуымен бiтедi. Бұл аяқталу физиологиялық өлiммен
келмеуi мүмкiн.
Әлеуметтiк қартаю физиологиялық қартаюмен келмейдi. Көптеген мысалдарға
қарап отырып, физикалық әлсiздiкке қарамастан адамдар жеке тұлға
болып қала бередi және олар белсендi әлеуметтiк өмiрдi жалғастырады.
Өкiнiшке орай осы қағидаға қарсы мысалдар да бар, яғни олар
адамдар физикалық күштi жұмсау арқылы жеке тұлғалық мiнез-құлықты
жоғалтып, тек биологиялық өмiрдi жалғастырады.
Сонымен жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып қарттық кезеңдердің
біркелкі ғылымдардың пікірлері жоқ екендігін көруге болады. Сондықтан біз
қарттық кезеңге 60 жастан жоғары жастағыларды жатқызамыз.

2. Қарт адамдардың қоғамдағы орны

Адамның қарттық шағындағы әлеуметтік статусының өзгеруі, ең алдымен
еңбек әрекетінің шектелуі мен тоқталуы, құнды бағдарының қалыптасуымен,
өзінің қарым-қатынас және өмір сүру қалпымен, сонымен бірге әлеуметтік
тұрмыстық сияқты әр түрлі қиыншылықтардың тууымен жаңа жағдайға психикалық
бейімделу, ол - адамдармен әлеуметтік жұмыстың әдісі мен формаларын, арнайы
амалдарды жүзеге асыру мен қалыптастырудың қажеттілігін ұсынады.
Азаматтардың бұл категориясының әлеуметтік мәселелерін шешуге күнделікті
ықылас қою қажеттігі соңғы он жылдықта қадағаланып отыр.
Кәрілік – адам организмі мен психикасының дамып жетілуінің соңғы шағы.
Кәрілік шақ – оның өмір тәжірибесінің молайып, көзқарасының әбден
қалыптасып, бойындағы бар қабілеті мен күш жігерін еңбекте, ғылымда,
өнерде, техникада тағы да басқаларында сарқа пайдаланып, өзінің басынан
кешіргендерін жүзеге асыру кезі. Кәрілік шақтың әлсіз жақтары, әсіресе
кәрілік шағында дене өзгерісімен бірге психикалық құбылыстар да, атап
айтқанда ұмытшақтыққа бой ұра беруі, зейін қою жағы да жас кездегідей
болмауы сияқты өзгерістер байқалады.
Кәрілік және оның анықтамасы мәселесіне оқымыстылар мен тәжірибешілер
биологиялық, физиологиялық, психологиялық, функцияларды, функционалды,
хронологиялық, әлеуметтік және т.б. әртүрлі көзқараста болғанын айта кеткен
жөн. Ал бұл жерден қоғамдық және әлеуметтік жағдай, отбасындағы алатын орны
мен рөлі, әлеуметтік қамтамасыз ету мен қызмет ұйымдарындағы, әлеуметтік
реабилитация, қартайған адамдарға әлеуметтік қамқорлық жасау мәселелерін
шешу ерекшелігі шығады.
Денсаулық сақтаудың Бүкіл әлемдік Ұйымының жіктеуіне сәйкес 60-70 жас
қарт (едгде), 75-89 жас аралығындағылар - кәрі, 90 жастан жоғарылар ұзақ
өмір сүрушілер деп бөлінеді.
Әдетте тәжірибеде қарт адамдар деп зейнетке шыққан адамдарды айтатынын
білеміз. Алайда, бұл өлшем зейнет жасы әр елде әр түрлі болғандықтан
әмбебап емес. Сонымен қатар, әйелдер, негізінен, зейнетке ерлерден бұрын
шығады. Біздің елімізде әйел адам 58 жастан бастап, ерлер 63 жастан бастап
зейнетақы алуға құқылы. Әлемнің басым көпшілік елдерінде қарт адамдар
қатарына 60 жастағы және одан үлкен адамдар жатады.
Қарттар бұл өте әртүрлі адамдар. Олардың арасында саулары және аурулары;
отбасында тұратындар және жалғыз бастылар; зейнетке шыққаны үшін өмірге
ризалары мен бақытсыздар; өмірден түңілгендер, белсенділігі аз үйде
отыратындар мен спортпен айналысатын белсенді өмір сүретін оптимист адамдар
бар.
Сондықтан қарт адамдармен сәтті жұмыс істеу үшін әлеуметтік қызметкерлер
олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын, мінез-құлық ерекшеліктерін,
денсаулық жағдайын білуі қажет, бұл бағытта ғылым мен тәжірибе жетістіктері
туралы хабардар болуы керек.
Қоғам - қарт адамдардың қажет екенін түсінуі керек. Қазіргі кездегі
туудың төмендігіне байланысты бірнеше жылдардан кейін жұмыс істейтін
тұрғындардың саны азайып, қарт адамдардың жұмыс істеуі өте маңызды болмақ.
Қарт адамдарды қоғамның қажеттілігіне пайдалану ертеректе қарастырылған,
бұған дәлелдеме ретінде мысалы: "Сенат" сөзі латын тілінен "senax" қарт
деген ұғымды білдіреді.
Қартайған шағында адамның әлеуметтік статусының өзгеруі, тәжірибе
көрсеткендей алдымен оның моральдық материалдық жағдайына негативті кері
әсер етеді, оның ауруларға қарсы тұруы және қоршаған ортаның өзгерісіне
бейімделуі төмендейді.
Қарт адамдардың зейнеткерлер категориясына өтуі адам мен қоғамның өзара
байланысы ғана емес, өмірдің мәні, бақыт, жақсылық және жамандық сияқты
құнды нысандары да білінбей өзгереді. Өмірдің өзі де, күн тәртібі, қатынас
шеңбері де өзгереді.
Жаспен қоса өзін-өзі бағалаудың құнды иерархиясы өзгереді. Қарт адамдар
өзінің сыртқы түріне аз назар аударады, бірақ ішкі және физикалық жағдайына
үлкен ықылас қояды. Қарт адамдардың уақытша перспективасы өзгереді.
Өткенге кету тек үлкен қарттарға ғана тән, қалғандары болашақ туралы көп
ойлайды және айтады. Кәрілік жақындаған сайын, уақыт жылдам өтетін сияқты
көрінеді. Өмірге белсенді қатысатындар келешекке, ал пассивтілері өткенге
аса назар аударады. Сондықтан біріншілері едәуір оптимисті және болашаққа
көп сенеді.
Кәрілік ол қашанда кәрілік болып қалады. Кәрілік өзімен бірге үйреншікті
өмір стандартының өзгеруін, ауруларды, рухани ауыр қасіреттерді әкеледі.
Қарт адамдар өмір жігінде болады. Мәселе тек материалдық қиындықтар жайында
емес (олар маңызды болса да) психологиялық сипаттағы қиындықтар. Турасында
зейнетке кету, жақындары мен достарынан айырылу, аурулар, қарым-қатынас
ортасы мен іскерлік саласының тарылуы - мұның бәрі өмірдің кедейленуіне,
одан оң эмоциялар кетеді, жалғыздық пен қажетсіздік сезімі пайда болады.
Алайда, жағдай мынадай туудың азаюымен байланысты қарт адамдарға көмек
көрсетудің арнайы ұйымның қажеттігі бар.
Қарт адамдардың өмірінде діннің орны ерекше. Ол көптеген себептерге
байланысты. Көптеген елдерде сонымен қатар біздің мемлекетімізде
тұрғындардың көпшілігі дінге сенетіндер болып табылады. Бұл бірінші себеп
болса, ал екіншіден қарт адамдар өмірінің соңғы кезінде "Өлген соң, мен не
істеймін?" деген мәселе туындайды, үшіншіден көптеген қарт адамдар үшін дін
тұрақты жағдайдың негізі болып табылады. Бұл қоғам дамуының кризистік
кезінде өте маңызды. Сол себептен соңғы жылдары біздің елімізде дінге
ұмтылу байқауға алынып жүр, соның ішінде әсіресе қарт адамдармен жүмыс
кезінде бұл мәселелерді ескеру қажет.
Қарт адамның негізгі драммасы (егер мүгедекті, күрделі ауруды,
кедейлікті немесе панасыздықты ескермесе) керегі жоқ драмасы
-реализацияланбаған потенциал, өзінің қажетсіздігін сезіну немесе үрейлену.
Негізінен қарт адамның керексіздігі адамның қоғамдық мәнімен қарама-
қайшы келеді, яғни оны әлеуметтік бекіту қажет. Әлеуметтік жұмыс қүралдары
мен оның салаларында мүмкіндігі бойынша жағдайды жетілдіру қажет.
Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыстың мәні – әлеуметтік реабилитация. Осы
жағдайдағы реабилитация - бұл қызметтерде, әрекет түрлерінде, адаммен
қатынасу сипатында бүрынғы үйреншікті міндеттерді қалпына келу. Әлеуметтік
қызметкер үшін бастысы - қарт адамдарды әлеуметтік қызмет объектісінен оны
субъектіге айналдыру.
Мұнда қарт адамдардың ішкі дүниетанымын түсінуге ерекше қажетті өнегелі,
психологиялық тәртіптегі мәселелер қарастырылды. Қарт адамдар - бұл
тұрғындардың аса әлеуметі әлсіз бөлігі екенін есте сақтаған жөн. Олардың
кірісі кірісі әдетте орташадан төмен, ал қажеттіліктері, әсіресе
медициналық қызметте, диеталық қоректе, жақсы жабдықталған үйде едәуір
жоғары. Қарт адамдардың отбасынан бөлек өмір сүруі жиі кездеседі, сондықтан
да олар өздерінің нашар күйлерімен және жалғыздығымен күресе алмайды. Қарт
адамдарға деген басты жауапкершілік бүрын отбасында болса, қазір оған
көбіне Мемлекеттік және жергілікті органдар, тұрғындарды әлеуметтік қорғау
мекемелері жауап береді.
Дифференциалданған жол қарттар үйі, коммуналды пәтерлердің тұрғындары,
отбасы, қоғам мүшелері, тұлғалары сияқты қарт және кәрі адамдармен
әлеуметтік жұмыс жасау кезінде міндетті болуы қажет. Осылайша, БҰҰ
анықтамасы бойынша "бұрынғы қарттар" зейнетке кейін шыққан "жаңа қарттар"
болып ерекшеленеді. Әлеуметтік қызметкерлерге алдымен олар қызмет ететін
қарт және кәрі адамдардың контингенті туралы толық ақпарат қажет.
Әлеуметтік ақпарат алу үшін, қарт және кәрі адамдар туралы мәліметтер
банкін құру үшін тек ауданның демографиялық ерекшеліктерін біліп қоймай,
тұрғындардың бұл тобындағы демографиялық өзгерістерін білу керек.
Көптеген елдерде зейнеттік жасқа жеткен тұлғалардың бір бөлігі
максималды биіктікке жақындады, болашақта көбеймеуі мүмкін. Алайда қарт
және кәрі жастағы тұрғындар арасында ерекше өзгерістер пайда болуы мүмкін,
мысалы "бұрын қартайғандардың" саны жоғарылайды, ал зейнетке шыққаннан
кейін 15 жыл шамасында қартайғандардың саны төмендейді. Үшінші қатардағы
адамдардың барлық топтарын араластырмай, әр топты 5-10 жасқа бөліп
қарастыру қажет. Тек сонда ғана болашақта әлеуметтік қызметті жоспарлауға
қолданылатын қартайған адамдарды сипаттайтын объективті мәліметтер алуға
болады. Әрине 60-64 жастағы тұрғындар 10 жылдан кейін қазіргі 70-74 жастағы
топқа ұқсас бола ма, әлде жоқпа айту мүмкін емес. Әлеуметтік қызмет пен
әлеуметтік жүмыста қажеттіліктерді болжау үшін 55 жастағы адамдар санының
толық көтерілуі емес 75 жастан жоғары жастағы тұлғалар санының өсу
динамикасын анықтау қажет. Г. Стойневтің мәліметтер бойынша 75 жастан
жоғарғы тұлғалардың 80%-ы - бұл едәуір көмексіз адамдар және оларға
басқалардың көмегі мен қызметі қажет етеді.
Қарт және кәрі адамдарға әлеуметтік қызметкердің көрсететін көмегіне
байланысты ерекше ықылас қажет. Практикалық тәжірибе мен арнайы жүргізілген
зерттеулер қарт және кәрі адамдардың бірнеше анықталған стереотиптерін
ерекшелеуге мүмкіндік береді:
1) күнделікті өмірде әлеуметтік қызметті уақытында қабылдамау, әлеуметтік
қызметкерлерге сенбеу, бөтен, басқа адамдарға
тәуелді болудан бос тарту;
2) әлеуметтік қызметкерлер жағынан көп мөлшерде қызмет алуға ұмтылу,
соңғы жағдайларға) барлық тұрмыстық міндеттерді салу;
3) өзінің өмірлік жағдайларына қанағаттанбаушылығы, тікелей қарым-қатынас
жасайтын әлеуметтік жұмыскерлерге ауысады;
4) әлеуметтік қызметкер олардың физикалық денсаулығына, моральды
және материалдық жағдайына жауапкершілік ететін объект ретінде
қабыладады.
Әрине, әлеуметтік қызметкердің (әр түрлі түрлерінде жүргізілетін)
атқарған әртүрлі көмектеріне, қарт адамдар өздерінің рахметін айтып,
олардың еңбектерін жоғары бағалайды. Алайды, қарсы қатынастар,
күдіктенушілік көрсетілген көмекке қанағаттанбаушылық жиі кездеседі. Кейде
әлеуметтік қызметкерден, орындалатын міндеттер қатарына кірмейтін
қызметкерге қол жеткізу үшін әлеуметтік қызметкерді мақтап, шамадан тыс
қолпаштайды.
Қартайған адамдармен жұмыс істеу барлық елдерде барлық жағдайларда ең
ауыр жағдайдың бірі болып есептеледі: Оларға көмек көрсетуші тұлғалардың
ренжуі; одан қашып кетпеуі үшін жоғарғы кәсіби дайындық, түсінік және
қарттардың психологиялық ерекешілігін білу қажет.
Әлеуметтік қызметкер басынан бастап жұмысында мыналарға дайын болуы
керек.
Олардың жұмысында ризашылық аз болады, ал күмәндану керісінше көп
болады. Кейде орынсыз тіл тигізуде кездеседі. Әлеуметтік қызметкер өте
шолжаң және жалықтыратын қартайған адамдармен жұмыс істеуге шыдамды әрі
қамқоршы болуға дайын болуы керек.
Қарт адамдарды өмірлік жолынан тыс қабылдауға болмайды. Керісінше, бұл
тұлғаның көп аспектілі және көп қабатты құрылуының бейнесі. Әрбір қартайған
адамның биографиясы сәтті және сәтсіз өмірдің бейнесін, бұзылған өмір
бейнесін ұсынады.
Ең бастысы - әрбір қартайған адам тұлға болып табылады және тұлға
ретінде өзіндік бағалы мағынасы бар. Тұлға – адамдық, тұрмыстық
вердцевинасы, сезімінің, қасіретінің және әрекетінің өзегі. Тұлға қартаю
үрдісінде адамның мінез-құлықын да анықтайды. Әрбір адам өзінің "менінде"
бірегей болып табылады және еш жағдайда басқа адаммен ауыстырылуы мүмкін
емес және мұндай түрде басқа адам болмайды. Қарт адамдар күнделікті
жұмыстан қолдары бос, олар көбінесе немерелерін (отбасында болса)
тәрбиелеумен айналысады. Оларға өздерінің өмір бойы жинақтаған жақсы
қасиеттерін үйретеді. Бірақ бұл қарт адамдардың өмірлік іс-әрекетінің жарты
бөлігін ғана құрайды.
Отбасында өмір сүретін зейнеткерлер ереже бойынша үй шаруашылығымен
айналысады. Олар бәрінен ерте тұрады. Жұмыс істейтін отбасы мүшелеріне
таңертеңгі асты әзірлейді. Немерелерін тамақтандырады, киінуіне
көмектеседі, мектепке шығарып салады. Содан кейін дүкенге немесе базарға
барып, азық-түліктің жақсысын әрі арзанын сатып алуға тырысады. Мүмкіншілік
болса, жаңа жаңалықтар бөлісу үшін, көршілеріне барады немесе газет-
журналдар оқиды. Кішкентай немерелерін мектептен алдынан тосып алады,
оларды қыдыртады. Түскі ас пен кешкі асты дайындайды. Ұйықтар алдында
немерелерімен серуендейді. Көптеген зейнеткерлердің "демалыс" күні осылай
өтеді.
Қарт адамдардың денсаулығы отбасындағы атмосфераның қандай болуына
байланысты.
Бұдан басқа да мәселелер туады. Зейнеткерлікке шықпаған 45-50 жастағы
әйелдердің көбісі бала күтуші болып жұмыс істеуге әзір.
Отбасындағы қарт адамдардың жағдайының өзгеруі, қазіргі кезде әлемдік
өзгерістермен алдын-ала айқындалады.
Едәуір білімді жастардың қарт адамдарға деген құрмет, отбасы мүшелерінің
мәдени деңгейлерімен айқындалады.
Осының барлығы қарт адамдардың балаларымен, немерелерімен тұруына немесе
бөлек тұруына әсерін тигізеді. Әр түрлі елдерде жүргізілген зерттеулерде
қарт адамдардың көбіне жеке тұрғанды, ал кейбіреулері балаларымен тұрғанды
қалайды.
Қарт адамдардың денсаулығы көбінесе, отбасы жағдайымен анықталады. Олар
отбасын қажетсінеді, себебі оларға қарым-қатынас жасайтын, өзара түсіністік
болатын, өмірге жігер беретін адамдар қажет. Сонымен қатар қарт адамдардың
бұрынғы күш қуаты энергиясы жоқ, салмақ түссе көтере алмайды, жиі ауырады,
өзін күтуді, тамақтандыруды қажет етеді.
Мемлекеттік статистика мәліметтерінде көрсеткендей, кеш некелескен қала
тұрғындарының ажырасуы жоғары көрсеткішке ие.
Жалғыз басты қарт адамдарды қайтадан некелестіру үшін орта жастағы және
қарт адамдардың арасында "танысу ұйымдарын" ұйымдастыруда әлеуметтік
жұмыскердің маңызы зор.
Қарт адамдардың ішінде әйелдерден гөрі ер адамдар жиі некелеседі. Бұны
қалай түсінуге болады? Бұл жыныстық - жасерекшелік диспропорциясымен,
ерлерден гөрі әйел адамдардың басым болуымен, соғыс кезінде ер адамдардың
көп бөлігінің қаза болуымен (1941-1945 ж.ж) түсіндіріледі.
Келесі себеп көбінесе еркектер өмірлік жары ретінде жас әйелдерді алады.
Бұл еркек әйелдердің организміндегі психофизиологиялық ерекшеліктерімен
сипатталады.
Жалғыздық мәселелерін шешуде, отбасы құрамы маңызды рөл атқарады. Некеге
тұрмаған қарт адамдардың жанұя құруға құқығы бар.
Қарт адамдар тұратын, отбасы құрамы қандай болу керек? Санақ
мәліметтерінің көрсеткіші бойынша, қартайған ерлі - зайыптылар, балаларының
отбасынан бөлек тұрады. Жесір қалған немесе ажырасқан әкелері (шешелері)
баласының отбасында тұрады, сонымен қатар, балаларының отбасында бірге
тұратындар, қалада емес, ауылдарда жиі кездеседі. Қарт адамдардың үйі
ересек балаларының маңында болуын қадағалау қажет, өйткені олар
балаларымен, немерелерімен жиі араласып, жалғыздықты сезінбеушеді, олардың
тұратын жерлерінде арнайы демалу орталықтарын ұйымдастыру керек .
Социологияда қарт тұрғындардың мәселесiмен оның арнайы саласы –
геронтосоциология немесе әлеуметтiк геронтология шұғылданады. Осы бағыттағы
зерттеушiлер қартаюдың демографиялық, әлеуметтiк – экономикалық, саяси,
дiни және басқа да аспектiлерiне байланысты проблемалардың тұтас
кешенiне назар аударады.
Батыс социологтарының қарт жастағы адамдардың мiнез – құлқындағы
әлеуметтiк және психологиялық ерекшелiктердi ашатын түрлi тұжырымдамалар
бар. “Азаттық теориясында” (Э. Каминг және У. Генри) жеке дамуды
зейнеткерлiк жасқа жетуiне байланысты жұмыстан босататын екi жақты
сипаты бар екендiгi атап көрсетiледi: бiр жағынан бұл жұмыстан босату
процесiнде қоғам, ал басқа жағынан жеке адамның өзi қатысады. Осы теорияның
авторы қария адамдар өзiнiң бұрынғы әлеуметтiк ролдерден босату процесiнде
жақсы пiкiрмен қарайды. “оңайлы қартаюдың белсендi теориясы” деген атқа
ие болған басқа тұжырымдамада (Хавигарст, Ньюгартен, Тобин және басқалары)
керiсiнше қарт адамдардың еңбек ету әрекетiнiң тоқтауы салдарынан
әлеуметтiк өзара қатынастың нашарлауы олардың қалауына қарсы шығады және
оларды қоғамнан аластату фактiсiне туындайды.
Қолданбалы геронтосоциология бiрiншi кезекте жеке адамдар өмiрiнiң
қартаю циклiнiң ерекшелiктерiне, мысалы ролдерге бейiмделуi; мотивацияның
өзгеруiне, iшкi және сыртқы ынталандыру; мүдденiң ауысуына, осы жастағы
өмiрлiк мақсатқа назар аударады. Осы бағыттағы социологтарға қоғамның жас
құрамы, оның еңбек ресурстарын, тұрғындар табысының құрылымын қоғамның
геронтосоциологиялық проблемаларды шешуге арналған мүмкiндiктерiн зерттеу
бiршама қызықты. Қоғам өзiнiң қарт тұрғындарына қалай қарайтының бiле
тұра, ол туралы көп айтуға болады.
Әр түрлi ақпараттық мәлiметтер қазiргi кезде өмiрдiң орташа
ұзақтылығының деңгейi күнен - күнге түсiп бара жатқанын хабарлайды.
Бұл көрсеткiштер өкiнiшке орай қуанышты емес. Әсiресе, ер адамдар
арасында өмiр ұзақтылығы көрсеткiшi өте төмен, яғни 57 – 59 жас. Қарт
адамдар осы жасқа келгенде өздерiн кәрi сезiнiп олардың өмiрiнiң мәнi
жоғалған сияқты болады.
Ең бiрiншiден осы келтiрiлген өмiр ұзақтылығы демографиялық
көрсеткiшке қатысты. Оның нақты, толық және дұрыс атауы - келер ұрпақтың
орташа күтiлетiн өмiр ұзақтылығы. Бұл күтiлетiн және болжалынатын
көрсеткiш әр адамның өмiр ұзақтылығын бермейдi, және де оған
ешқандай кепiлдiк бермейдi. Статистика өмiр ұзақтылығының нақты
жауап бермейдi, яғни ол бiрде үлкен немесе бiрде төмен көрсеткiш
көрсетедi, ол әр уақытта бiрдей бола бермейдi. Бiрақ қазiргi нақты
көрсеткiштерге қарйтын болсақ, өмiр ұзақтылығының деңгейi өте төмен
жағдайда тұрған шағын көрсетiп тұр.
Негiзiнен әр жас үшiн өзiндiк көрсеткiштер белгiленген. Мысалы,
“дүниежүзiнiң халықаралық” демографиясыда жазылғандай, 80 жылдары ер
адамның орташа өмiр ұзактылығы 64 – 64 жасқа тең болады, ал осы
жасқа толғандар үшiн ары қарай күтiлетiн өмiр ұзақтылығы 12,5 жылға
тең болады, яғни олар 70 – 78 жасқа толу болып саналады. Егер адам 75
жасқа толатын болса, ол тағы да 7-10 жыл өмiр сүруi мүмкiн. Сонымен қатар
100 жасқа толған адамдар үшiн де тағы бiрнеше жыл өмiр сүруге мүмкiндiк
бар.
Жаңа туған сәбилерге бұл күтiлетiн өмiр ұзақтылығы мiндеттi көрсеткiш
болып саналмайды, өйткенi болашақ ұрпақ үшiн өмiрде әр түрлi өзгерiстер
болуы мүмкiн. Яғни жақсы өмiр жағдайына байланысты өмiрдiң дамуы, гүлденуi
және керiсiнше құлдырауы. Бұл жеке индивид үшiн емес, жалпы қоғам үшiн
күтiлетiн көрсеткiш болып табылады. Бұл қазiргi уақыттағы орташа өмiр
сүру жасы да және орташа өлiм жасы да емес.
Егер бұрынғы және қазiргi көрсеткiштердi салыстыратын болсақ, олардың
арасында үлкен болмаса да айрмашылық бар. Бiрақ осыған қарамастан өмiр
ұзақтылығы әр уақытта құлдырау жағына икемдене бередi. Геронтолог В.В.
Фролькистiң 1998 жылы шыққан “Картаю және өмiр ұзақтылығының
өсуi”оқулығында былай деп жазған болатын: “Демографияның болжамдары бiрдей
емес. Ол әрдайым өзгерiп отырады. Б.Ц. Урланистiң айтуы бойынша орташа
өмiр ұзақтылығы 2000 жылы 76 жасқа тең деп айтса, М.С. Бедный оған басқа
көрсеткiш қолданды, яғни 2000 жылы ер адамдардың орташа өмiр ұзақтылығы
77,4 болса, әйел адамдарда - 80,3 жасты құрайды. Ал А.В. Боярскийдiң
айтуына сүйенетiн болсақ, ол орташа өмiр ұзақтылығын 85 жасқа
теңестiрген болатын.
Келер ұрпақтың орташа күтiлетiн өмiр ұзақтылығы – ол жаңа туылған
сәбилердiң орташа өмiр сүру жасы.
Өлiмнен қашып құтылуға болмайтын өмiр нышанының әлсiреген адамдар жасы
биологиялық немесе көрнектi өмiр ұзақтылығы, яғни бұл тiрi организмдердiң
iшiндегi адамдарға ғана тән болып саналады. Осыдан қарай отырып
биологиялық өмiр ұзақтылығы индивидтердiң өмiр ұзақтылығына қарсы тұрады,
яғни ол биологиялық өмiр ұзақтылығына жетiп алуы мүмкiн немесе
керiсiнше жетпей қалуы мүмкiн. 1996 жылы Францияның барлық ақпараттық
құралдары бiр мезгiлде екi сенсациялық жаңалықты хабарлады, яғни бiреуi –
өкiнiштi, екiншiсi – қуанышты. Өкiнiштiсi: 80 жасқа да толмаған Францияның
әке – президентi Франсуа Миттеранның өлiмi, ал қуаныштысы: рекорд Гиннес
кiтабына француз әйелi Жаннет Кальшеннiң 120 жасқа толып, дуние жүзiндегi
ең үлкен (мұнда ең кәрi емес, ең үлкен деген сөзге назар аудару керек)
әйел атағымен тiркелгенi. Бiрақ өкiнiшке орай ол кiсi одан кейiн көп өмiр
сүре қойған жоқ.
Осы ақпарттарға қарап отырып демогафиялық көзқарас бойынша, көптеген
саяси және интеллектуалды шындарды таңқалдырған Миттеран өлiм шынына жете
алмай қалды, бiрақ ол биологиялық өмiр ұзақтылығына жақындап қалган шағы
болатын. Ендi осыдан бiз биологиялық өмiр ұзақтылығына басқа жастарға
қарағанда 80 – 85 жас өте жақын тұрғанын көре аламыз.
Сонымен қатар ғалымдар өсу уақытына да келiспеушiлiктерiн көрсеткен
болатын. Кейбiр авторлардың айтуы бойынша, адам өмiрiнiң өсу жолы оның
сүйегiнiң қатаю кездерiмен тең болады, яғни ол 20 жасқа тең болады.
Осыдан барып биологиялық өмiр ұзақтылығы 120 – 140 жасқа өсер едi.
Ағылшын әйелi Джустин Пласстың “180 жасқа дейiн өмiр сүру” кiтабын
бiрнеше ақпараттық орыс тiлiне аударған болатын, сол кезде мынаған назар
аударған едi. Қандайда болмасын организмнiң өмiр ұзақтылығы 7 – ден 14
периодқа дейiнгi уақытты қамтиды. Осыдан организм қартаю кезiне жетедi.
Авиценаның айтуы бойынша адам баласы 20 – 25 жасқа толмай өзiн ересекпiн
деп айта алмайды. Осылайша адам өмiрi 280 жылға дейiн созылады. Бұл
белгiлерге қарай отырып, бiр түсiнiксiз жайға тап боламыз, неге автор
бақандай 100 жылды бөлiп алып, адамға “тек” қана 180 жылды өмiрге
қалдырады. Ол өзiнiнiң кең шеңберлi зерттеулерiнде Лондондық дәрiгер
Кристоферсонның ойын айтып кетедi: “Егер адамның организмi әр түрлi
өмiрлiк нышанға қажеттi заттармен қамтамасыз етiлетiн болса, онда ол 300,
400, 500, 1000 жыл өмiр сүре алады.” Сонымен қатар ол химияның
“философиялық тасына” сенген Роджер Бэконның айтуынша, адам 1000 жылға
дейiн өмiр сүре алады екен.
Көптеген демогрофтар зерттеулерiнде шар аллегориясын жиi қолданады:
лақтырылған шардың жолы адам өмiрiнiң ұзындығына тең болып саналады
деген екен. Егер шар лақтырушының қолынан лақтырған мезетiнде құлап
қалатын болса, онда оның өмiр ұзақтылығы сәби кезiңдегi өлiмге әкеледi.
Шар нысанаға жетпей құлап қалатын болса, онда ол өз қартаюындағы уақытына
келмей өлiм басына келу дегендi бiлдiредi екен. Ал егер шар нысанаға
тиетiн болса, бұл адамның өзiнiң нақты қартайып өлген шағы болып
саналады. Осы шарлардың домалауы олардың дөңгелеп бара жатқан жерiне
байланысты, яғни ол шөптесiн жер болса, онда шар нысанаға жетпей тоқтап
қалады. Ал егер ол тақыр жерден домаланса, онда ол нысанаға қалай
болсын жетедi.
Келесi аллегерия - май шам. Адам дүниеге келген кезде, ол жағылады.
Осы жағылған уақытында ол сөнiп қалуы мүмкiн немесе ортасына дейiн
жануы мүмкiн және соңына дейiн де жануы мүмкiн. Оның қай жерге дейiн
жануы бөлмедегi жел, тынығына байланысты.
Шардың жолын үйкелiс күшi анықтаса, шамның жануын - желдiң күшiне
байланыстырамыз. Оладамдардың өмiрiнiң ұзындығын көп жағдайда әлеуметтiк
үйкелiс пен желдiң тарихы анықтайды.
Биологиялық өмiр ұзақтылығы болашақта күтiлетiн орташа өмiр
ұзақтылығына нақты дәлелдер келтiруге қызмет етедi, бұл екі өмiр
ұзақтылығы да биологиялық және медициналық ашуларсыз, адам өмiрiнiң
жақсаруымен-ақ та қабылдануы мүмкiн. Бұның бәрi негiзiнен адамдардың
өздерiне байланысты, яғни адам өз бақытының құралы болғандықтан, ол
өз өмiрiнiң ұзақтылығына да байланысты. Бiрақ қартаю шағына жету үшiн
өмiрдiң жолы түзу болу керек. Яғни қартайған кезде денсаулықты
дәрiгерлердiң көмегiмен түзетпей, жас шағында дене шынықтырумен, спортпен
шұғылданып, дұрыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Егде жастағы ерекшеліктер
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған реабилитациялық мекемелердегі әлеуметтік-педагогикалық қызмет жүйесі
Мүгедектер проблемасын шешудегі құқықтық аспект
Қарттарды әлуметтендірудегі әлеуметтік педагогтың ролі
МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ КЛИЕНТТЕРДІ ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРЛІ
Әлеуметтік жұмыстың мақсатты дайындау технологиясы
Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс
Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс жасау
Мүмкіндіктері шектеулі клиенттермен әлеуметтік жұмыс
Әлеуметтік жұмыстың кәсіби ерекшелігі
Пәндер