Бағалы қағаздар азаматтық құқықтың объектісі ретінде.


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: Бағалы қағаздар азаматтық құқықтың объектісі ретінде.

Студент қолы Фамилия. И. О.

Ғылыми жетекшісі Фамилия. И. О.

т. ғ. д., профессор

Мазмұны

Кіріспе

І - тарау. Бағалы қағаздардың ұғымы туралы жалпы түсінік . . . 4

1. 1. Бағалы қағаздардың ұғымы . . . 4

1. 2. Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін келісім алу тәртібі . . . 10

1. 3. Бағалы қағаздармен операциялардың есебі . . . 15

1. 4. Бағалы қағаздар нарығындағы рейтингтік агенттіктер . . . 19

ІІ - тарау. Бағалы қағаздардың түрлері . . . 22

2. 1. Бағалы қағаздардың түрлеріне сипаттама және олардың жіктелуі . . . 22

2. 2. Айналымдағы бағалы қағаздардың түрлері . . . 29

2. 3. Облигацияның қасиеттері мен оны шығару тәртібі . . . 36

2. 4. Қысқа мерзімді ноталар - мемлекеттік дисконтталған бағалы қағаздар . . . 40

2. 5. Бағалы қағаздардың эмиссия және айналысқа шығарылуы . . . 44

2. 6. Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары . . . 51

2. 7. Бағалы қағздармен сауда-саттықты ұйымдастырудағы қор биржасы . . . 54

ІІІ - тарау. Өзге де мемлекеттердің бағалы қағаздарының ұғымы мен мен түрлеріне сипаттама . . . 57

3. 1. АҚШ-тың бағалы қағаздары туралы жалпы түсінік . . . 57

3. 2. Ресейдің бағалы қағаздары . . . 61

Қортынды . . . 66

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 68

Кіріспе

Менің дипломдық жұмысымның бірінші тарауында бағалы қағаздардың ұғымы туралы жалпы түсінік берілген. Бұл тараудың мазмұнын толық қамтуда оның негізгі анықтамасы берілді және бағалы қағаздар мәртебесіне ие болу үшін қосымша сапаларын анықтау барысында төрт ерекшелігі аталып көрсетілді. Бағалы қағаздардың өтімділік, айналымдылық, нарықтық сипат, стандарттылық, сериялық сияқты сапалық қасиеттерімен азаматтық айналымда қатысуына да тоқталып өттім. Бұл тараудың екінші бөлігінде бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін келісім алу тәртібі қарастырылды. Сонымен қатар, басқа да бөліктерінде бағалы қағаздармен операциялардың есебіне назар аударылды, бағалы қағаздар нарығындағы рейтингтік агенттіктері мен инвестициялық қасиеттеріне техникалық және іргелі талдау жасалды.

Екінші тарауда бағалы қағаздардың түрлері талқыланды. Қазіргі таңда мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы белсенді түрде банкаралық несие шетке шығарып келе жатқанын айта кету керек. Ол нақты кредиторларға салық салынбаған пайыз алуға және мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге ала отырып, несиелеу кезінде өздерінің тәуекелділігін сақтандыруға мүмкіндік береді. Бағалы қағаздардың түрлеріне сипаттама және олардың жіктелуі мен айналымдағы бағалы қағаздардың түрлері, облигацияның қасиеттері мен оны шығару тәртібі және қысқа мерзімді ноталар - мемлекеттік дисконтталған бағалы қағаздар туралы ой айтылып, бағалы қағаздардың эмиссия және айналысқа шығарылуы қарастырылды. Бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырудағы қор биржасына түсінік берілді.

Үшінші тарауда өзге де мемлекеттердің бағалы қағаздарының ұғымы мен мен түрлеріне сипаттама берілді. бірінші тармағында АҚШ-тың бағалы қағаздары туралы жалпы түсінігін қарастырсам, екінші тармағында Ресейдің бағалы қағаздарына тоқталып өттім. Ресей бағалы қағаздар нарығын реттеудің қағидалары көп жағдайларда елдегі саяси және дүниежүзілік бағалы қағаздар нарығының тарихи тәжірибесін көрсетуі қажет. Сондықтан да бұл қағидаларға жеке тоқталып өттім. Бағалы қағаздармен жұмыс жасау барысында мүшелердің алар орны ерекше болып табылады. АҚШ-ң биржаларындағы мамандарға қойылатын талаптар мен қосы оларға белгілі бір құқықтық шектеулер мен биліктер берілетіндігін жекелеп қарастырылды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты:

- бағалы қағаздың ұғымы мен түрлері туралы толық көзқарас қалыптастыру.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

  • Бағалы қағаздың түсінігі, белгілері мен түрлерін қарастыру;
  • Бағалы қағаздардың эмиссия және айналысқа шығарылуын анықтау;
  • Бағалы қағздармен сауда-саттықты ұйымдастырудағы қор биржа мәселелеріне тоқталу;
  • Облигацияның қасиеттері мен оны шығару тәртібінің түсінігі, белгілері және қағидаларын анықтау;
  • Өзге де мемлекеттердің бағалы қағаздарының ұғымы мен мен түрлеріне туралы толық мағлұмат беру.

Дипломдық жұмыстың тақырыбын қарастыру барысында көптеген орыс әдебиеттері мен тақырыпқа сәйкес ҚР-ның заңдарын қолдандым.

І - тарау. Бағалы қағаздардың ұғымы туралы жалпы түсінік.

1. 1. Бағалы қағаздардың ұғымы.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі бойынша бағалы қағаздар деп мүліктік қатынастарға бекітілген нысанда және міндетті деректемелерді сақтай отырып куәландыратын құжат. Бағалы қағаздың өзi құжатты бағалы қағазға құқықты растау болып табылады. Құжатты бағалы қағаздар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысына сақтауға берiлген жағдайда, оның есебiн жүргiзу мақсатында осы кәсiби қатысушы ашқан шоттан алынған үзiндi көшiрме оған берiлген лицензияға сәйкес уәкiлеттiнiң осы бағалы қағазды осылай сақтауға құқығын растау болып табылады. Құжатты бағалы қағаз бен аталған шоттан берiлген үзiндi көшiрменiң арасында алшақтық болған кезде үзiндi көшiрмеге басымдық берiледi. Бағалы қағаздар рыногының өзiне берiлген лицензияға сәйкес бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеуге уәкiлеттi кәсiби қатысушысындағы бағалы қағаздың есебiн жүргiзу мақсатында ашылған шоттан үзiндi көшiрме құжатсыз бағалы қағазға құқықты растау болып табылады. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының бағалы қағаздардың есебiн жүргiзуге арналған шоттарды ашу және жүргiзу тәртiбi, сондай-ақ осындай шоттардан берiлетiн үзiндi көшiрменiң мазмұны мен ресiмделуiне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады. Бағалы қағаздармен куәландырылатын құқықтардың түрлерi, бағалы қағаздардың мiндеттi реквизиттерi, бағалы қағаз нысанына талаптар және басқа да қажеттi талаптар заң құжаттарымен немесе соларда белгiленген тәртiп бойынша белгiленедi. Бағалы қағаздың мiндеттi реквизиттерi болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшiн белгiленген нысанға сәйкес келмеуi оның жарамсыз болуына әкелiп соқтырады. 1

Ұсынушыға бағалы қағазбен куәландырылған құқықты басқа адамға беру үшiн бағалы қағазды сол адамға тапсыру жеткiлiктi. Атаулы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар талапты (цессияны) жеңiлдету үшiн белгiленген тәртiп бойынша берiледi. Бағалы қағаз бойынша құқық берушi адам осы Кодекстiң 347-бабына сәйкес бұл талапты орындау үшiн емес, тиiстi талаптың жарамсыздығы үшiн жауапты болады. Атаулы бағалы қағаз бойынша құқықтарды басқа адамға берген кезде берiлетiн қағаз жойылады, ал оның жаңа иесiне басқа бағалы қағаз берiледi. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар беру және солар бойынша құқықтарды растау ерекшелiгi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен айқындалады. Ордерлiк бағалы қағаз бойынша құқықтар бұл қағазға берiлгенiн жазу - индоссамент арқылы берiледi. Ордерлiк бағалы қағаз бойынша құқық берушi адам (индоссант), жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, құқықтың болуы үшiн ғана емес, оның жүзеге асырылуы үшiн де жауапты болады. Бағалы қағазда жасалған индоссамент бағалы қағазбен куәландырылған барлық құқықтарды бағалы қағаз бойынша құқықтар берiлетiн адамға - (индоссантқа) немесе соның бұйрығына ауыстырады. Индоссамент бланкiлiк болуы мүмкiн (орындауға тиiс адам көрсетiлмейдi) . Бағалы қағазбен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру, бұл құқықтарды индоссантқа бермей-ақ (сену индоссаментi) индоссаментке тапсырумен ғана шектелуi мүмкiн. Бұл жағдайда индоссант өкiл ретiнде әрекет жасайды. 2

Бағалы қағаздардың экономикалық мәнін ашуда құжаттың бағалы қағаздар мәртебесіне ие болу үшін қосымша сапаларын анықтау қажет.

Біріншіден, бағалы қағаздар өз кезегінде меншік титулы нысанында мүліктік құқықты (корпорация акциялары, вексельдер, коносаменттер және т. б. ) немесе құжат иесі мен оны шығарушы тұлға арасындағы қарыздық қатынасты куәландыратын ақша құжаты.

Екіншіден, бағалы қағаз қорларды инвестициялау туралы куәландыратын құжат ретінде қызмет етеді. Бұл әсіресе бағалы қағаздардың рөлі мен экономикалық мәнін түсіну үшін өте маңызды. Бұл жерде олардың инвестицияның жоғары нысаны ретінде басты рольде ойнайды.

Үшіншіден, бағалы қағаздар - бұл нақты активтерге (акцияларға, чектерге, коносаменттерге, тұрғын үй сертификаттарына және т. б. ) талап етуі көрсетілетін құжаттар.

Төртіншіден, бағалы қағаздардың экономикалық мәнін түсіну үшін маңызды сәті - олардың табыс әкелуі болып табылады. Алайда, мұндай капиталдың нақты капиталдан айырмашылығы бар: ол өндірістік үрдісте қызмет етпейді немесе қатыспайды.

Сонымен қатар бағалы қағаздардың өтімділік, айналымдылық, нарықтық сипат, стандарттылық, сериялық сияқты сапалық қасиеттерімен азаматтық айналымда қатысуын атамай өтуге болмайды.

Өтімділктің астарында бағалы қағаздардың сатылу нәтижесінде ақша қаражаттарына айналу мүмкіндігі жатыр. Ол үшін бағалы қағаз нарықта айналыста болуы қажет. Бағалы қағаздардың айналымдық қасиеті сатып алу-сату негізінде (акция, облигация және т. б. ) немесе басқа тауарлар нарығымен (чектер, вексельдер, коносаменттер, жекешелендіру құжаттары) айналымды байланыстырып, төлем құралы ретінде іске асырылады.

Бағалы қағаздар ерекше тауар ретінде, яғни өзіне тиесілі ұйымдары және онда жұмыс істеу ережелері бар нарығы болуы керек. Алайда бағалы қағаздар нарығында сатылатын тауарлар ерекше тауарлар болып табылады. Себебі бағалы қағаздар - бұл тек меншік титулы, табыс алуға құқық беретін, бірақ нақты капитал алуға құқығы жоқ құжат. Бағалы қағаздар нарығының оқшаулануы олардың осы сапасымен анықталады.

Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтар сияқты күрделі ұйымдық және техникалық циклдардың толықтылығы мен аяқталғандығын жоғары деңгейімен ұсынады. Онда бағалы қағаздар баға кешенін қолдану арқылы сатып алу-сату заты ретінде пайдаланылады, бұл жай тауарлардан ерекшеленеді.

Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне байланысты олардың нарығы алғашқы және екінші болып бөлінеді. Алғашқы нарықта жаңадан шығарылған бағалы қағаздарды олардың алғашқы иеленушілеріне сатады; екінші нарықта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иеленушілерінің ауысуы. Бағалы қағаздардың атаулы (атаулы құн - оларды шығару кезінде анықталатын бағалы қағаздар құнының ақшалай көрнісі), эмиссиялық және нарықтық бағасы болады.

Атаулы баға дивиденттерді, пайыздарды есептеу бағасы ретінде нақты есептік мәні бар және одан кейінгі есеп айырысуларда қолданылады. Эмиссиялық баға - бағалы қағаздарды алғашқы роналастыру кезінде сатылу бағасы. Ол табыстылық және несиелік пайыз деңгейімен анықталады. Нарықтық баға - бағалы қағаздардың екінші нарықта айналу бағасы. Оның көлеміне сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы әсер етеді.

Сонымен, бағалы қағаздар шаруашылық қызметте қолданылатын әр түрлі құжаттардың жиыны. Сонымен бірге олар өздеріне тиісті жалпы бір белгілері онда көрсетілген мүліктік құқықты өткізу үшін ұсыну қажеттілігімен біріктіреді. Бағалы қағаздарды иемденудің мақсаты табыстылық, өтімділік және қаржыландыру кезінде қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады.

Бағалы қағаздың өзi құжатты бағалы қағазға құқықты растау болып табылады. Құжатты бағалы қағаздар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысына сақтауға берiлген жағдайда, оның есебiн жүргiзу мақсатында осы кәсiби қатысушы ашқан шоттан алынған үзiндi көшiрме оған берiлген лицензияға сәйкес уәкiлеттiнiң осы бағалы қағазды осылай сақтауға құқығын растау болып табылады. Құжатты бағалы қағаз бен аталған шоттан берiлген үзiндi көшiрменiң арасында алшақтық болған кезде үзiндi көшiрмеге басымдық берiледi3. Бағалы қағаздар рыногының өзiне берiлген лицензияға сәйкес бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеуге уәкiлеттi кәсiби қатысушысындағы бағалы қағаздың есебiн жүргiзу мақсатында ашылған шоттан үзiндi көшiрме құжатсыз бағалы қағазға құқықты растау болып табылады. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының бағалы қағаздардың есебiн жүргiзуге арналған шоттарды ашу және жүргiзу тәртiбi, сондай-ақ осындай шоттардан берiлетiн үзiндi көшiрменiң мазмұны мен ресiмделуiне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады. Бағалы қағаздармен куәландырылатын құқықтардың түрлерi, бағалы қағаздардың мiндеттi реквизиттерi, бағалы қағаз нысанына талаптар және басқа да қажеттi талаптар заң құжаттарымен немесе соларда белгiленген тәртiп бойынша белгiленедi. Бағалы қағаздың мiндеттi реквизиттерi болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшiн белгiленген нысанға сәйкес келмеуi оның жарамсыз болуына әкелiп соқтырады.

Ұсынушыға бағалы қағазбен куәландырылған құқықты басқа адамға беру үшiн бағалы қағазды сол адамға тапсыру жеткiлiктi. Атаулы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар талапты (цессияны) жеңiлдету үшiн белгiленген тәртiп бойынша берiледi. Бағалы қағаз бойынша құқық берушi адам осы Кодекстiң 347-бабына сәйкес бұл талапты орындау үшiн емес, тиiстi талаптың жарамсыздығы үшiн жауапты болады. Атаулы бағалы қағаз бойынша құқықтарды басқа адамға берген кезде берiлетiн қағаз жойылады, ал оның жаңа иесiне басқа бағалы қағаз берiледi. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар беру және солар бойынша құқықтарды растау ерекшелiгi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен айқындалады. Ордерлiк бағалы қағаз бойынша құқықтар бұл қағазға берiлгенiн жазу - индоссамент арқылы берiледi. Ордерлiк бағалы қағаз бойынша құқық берушi адам (индоссант), жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, құқықтың болуы үшiн ғана емес, оның жүзеге асырылуы үшiн де жауапты болады. Бағалы қағазда жасалған индоссамент бағалы қағазбен куәландырылған барлық құқықтарды бағалы қағаз бойынша құқықтар берiлетiн адамға - (индоссантқа) немесе соның бұйрығына ауыстырады. Индоссамент бланкiлiк болуы мүмкiн (орындауға тиiс адам көрсетiлмейдi) . Бағалы қағазбен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру, бұл құқықтарды индоссантқа бермей-ақ (сену индоссаментi) индоссаментке тапсырумен ғана шектелуi мүмкiн. Бұл жағдайда индоссант өкiл ретiнде әрекет жасайды. Бағалы қағазды берген адам және оны индоссиялаған барлық адамдар, жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, оның заңды иесiнiң алдында бiрге жауап бередi. Бағалы қағаздың заңды иесiнiң сондай қағазбен куәландырылған мiндеттемесiн бағалы қағаз бойынша мiндеттенгендердiң арасынан бiр немесе бiрнеше адамның орындауы туралы талабын қанағаттандырған ретте олар бағалы қағаз бойынша өздерiнен бұрын мiндеттенген өзге адамдарға керi талап қою (регресс) құқығына ие болады. Мiндеттеменiң негiзi болмауын не оның жарамсыздығын сылтауратып бағалы қағазбен куәландырылған мiндеттеменi орындаудан бас тартуға жол берiлмейдi. Бағалы қағаздың жалғандығын немесе жасандылығын байқаған бағалы қағаз иесi өзiне қағазды берген адамға, бағалы қағазбен куәландырылған мiндеттеменi лайықты орындау туралы және залалдардың орнын толтыру туралы талап қоюға құқылы. Заңсыз иеленушiнiң қолындағы бағалы қағаз бойынша құқықтар жүзеге асырылмауға тиiс. Жоғалған бағалы қағаз бойынша және ордерлiк бағалы қағаз бойынша ұсынушы құқығын қалпына келтiрудi iс жүргiзу заңдарында көзделген тәртiппен сот жүргiзедi.

1. 2. Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін келісім алу тәртібі.

Әлемдік тәжірибе жай банк ісі қызметімен бағалы қағаздар нарығы қызметінің үйлесу мәселелерінің екі ықпалын ажыратады.

Ықпалдардың біріне сәйкес банктергі бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің кейбір түрімен (брокерлік, делдалдық, нарықтық ұйымдастырушы) айналысуға болмайды, сондай-ақ инвесторлар ретінде кәсіби емес қызметтің бөлек түрлеріне шектеулер қойылуы қажет. Банктерді коммерциялық және инвестициялық деп бөлу комерциялық банктерге (салымдар мен депозиттерді қабылдайтын) жоғары тәуекелді бағалы қағаздармен байланысты кейбір кәсіби емес операциялармен (мемлекеттік емес бағалы қағаздарды қаржыландыру) айналысуға шек қою дегенді білдіреді, сонымен қатар тәуекелділікке жоғары кәсіби қызметтің кейбір түрімен айналысуға шек қояды.

Екнші ықпал банктерге жай банктік операцияларды бағалы қағаздар нарығының көптеген операциялармен үйлестіруге келісім берілген. Бұндай ықпал Еуропалық елдерде басым және одақтастық Еуропа болашағы үшін негіз ретінде қабылданған. Осы ықпалға сәйкес банктік инвестициялық операциялардың тәуекелдігін шектеу қызметтерді тура бөлудің «хирургиялық» шаралармен емес, ал банктік қызметке мемлекеттік бақылау жүргізу жолмен (Қазақстанда да қадағаланады) бағалы қағаздарға банктердің ынталандырылмайтын шамадан тыс инвестицияларын арнайы «кіріктеріне » шекитеулерді енгізу арқылы жүзеге асырылу керек. Қазақсатанда банк жүйесі банктердің әмбебаптылығының - екінші ықпалын ұстанады.

Банктер «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы негізінен өздері тартқан ақша қаражаттарын бағалы қағаздарға инвестициаланған заңды тұлға - инвестициялық инвестор болып табылады. банктердегі делдалдық операцияларды Қазақстан Республикасының бағалы қағздары бойынша Ұлттық комиссиядан рұқсат қағаз алған кезде «Банктер және банктік қызмет туралы» заң күші бар ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес және Ұлттық банк келісімі бойынша жүзеге асырады.

Екінші деңгейдегі банктер бағалы қағаздар нарығында заңды рұқсат етілген келесідей қызмет түрлерін атқарады:

  • Брокерлік және делдалдық қызмет;
  • Инвестициялар мен қорларды басқару;
  • Бағалы қағаздар нарығына қатысушыларға есеп айрысу қызметін көрсету;
  • Костодиондық қызмет;
  • Тізілімді жүргізу және дипозитарийлік қызмет көрсету;
  • Кеңес берушілік қызмет және т. б. 4

«Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңға сәйкес брокерлік қызмет сыйақы келісімшарты негізінде клиент қызығушылығының тапсырысы бойынша бағалы қағаздар мен мәмілелерді жүргізеді.

Делдалдық қызмет өз атынан бағалы қағаздармен және өз есебіне пайда табу мақсатында мәміле жүргізу тұжырымын жасайды.

Костодиондық қызмет - клиенттердің сенімді бағалы қағаздары мен ақша қаражаттарын сақтау және есепке алу бойынша қызметтерді жүргізу.

Қаржылық активтерге капиталды қаржыландырумен байланысты сұрақтар бойынша көрсетілетін консультациялық қызметтер коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы жаңа қызмет түрі болып орын алды. Көрсетілетін консультациялық қызметтер табыстар мен әр түрлі активтер тәуекелділігінің арасындағы сәйкестікті терең талдауға, сатып алу және бағалы қағаздар портфелін олардың табыс серпіні есебімен қалыптастырудың алгоритімін клиенттер үшін құруға мүмкіндік беретін банктердің ішкі ақпараттық жүйесіне сүйенеді.

Одан басқа банк делдалдық операцияларды жүргізе алады. Банк комиссиялық кезеңде оның клиенті мысалы, қандай да болса бір акционерлік қоғам бағалы қағаздарды алғашқы орналастыруға қатысады. Банктің қатысуы екі жақтың құқықтары мен міндеттемелері берілетін эмиссиялық келісімшарт негізінде жүзеге асырылады.

Банк тек бағалы қағаздар элементерімен ғана емес, сонымен бірге оларды сатып алушы немесе сатушымен әріптестік қарым-қатынаста болады. Бұл кезде екі жақ келісім шарт жасасады. Онда банк тапсырыс берушінің келесі қызмет түрлерін орындауға міндеттенеді:

  • Сатуға ұсынылатын бағалы қағаздарға өтініш бойынша бағалау жүргізу;
  • Оның атына және оның есебіне бағалы қағаздарды сатып алу;
  • Бағалы қағаздарды орналастыру;
  • Бағалы қағаздар нарығындағы мәміле, бағам туралы хабарлау;
  • Бағалы қағаздар нарығында бірлестік әрекеттерін жүргізу;
  • Бағалы қағаздар нарығындағы операцияларымен байланысты кез келген сұрақтар бойынша кеңес беру.

Сонымен қатар, коммерциялық банктер қарыз алушыдан бағалы қағздарды берілген қысқа мерзімді несие бойынша кепіл ретінде қабылдау мүмкін. Кепілзат құны атаулы құн бойынша емес нарықтық бағам бойынша бағаланады. Бұл кепілзаттың қарастырылатын түрінің айрықшалығымен түсіндіріледі: осы бағалы қағздардың нарықтық бағамы түскен кезде бірден құнсыздануы мүмкін. Кепілзаттың өзіндік ерекшелігі қарыз алушының жауапкершілігі кепілзат құнымен жойылмай оның барлық мүлкіне таратылатындығымен тұжырымдалады. Тек осындай тәсілдеме кепілзат қабылдай отырып, несие беру кезінде банктің коммерциялық қызығушылығын қорғайды.

Комерциялық банктердің бағалы қағаздармен операцияларын кеңейтуге талпынуы, біріншіден, осы операциялардың жоғары табыстылығымен; екіншіден, тікелей банктік несиені тиімді пайдалану саласына қатысты қысқаруымен ынталандырылады. Нарықты интернацияландыру нәтижесінде ұлттық комерциялық банктер банктерге айтарлықтай пайда әкелетін шетел акциялары және облигацияларымен байланысты өз операцияларының көлемін кеңейтеді.

Бағалы қағаздар нарығында кәсіптік қызметті жүзеге асыруға келісім алу үшін ҚР Ұлттық банкке келесі құжаттар ұсынылады:

  • Кәсіптік қызметті жүзеге асыруға келісім алу үшін өтініш;
  • Ұсынылатын кәсіптік қызметке нақты сипаттама, оның құрамына оларды жүзеге асыру тәртібі, банктік бақылау, банк мамандарның кәсіптік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін біліктілік куәлігінің көшірмесі кіреді.

Бағалы қағздар нарығында кәсіптік қызметті жүзеге асыруға келісімді ҚР Ұлттық банкі екінші деңгейдегі комерциялық банктерге беруі мүмкін, олар келесілерді жүргізеді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқық обьектісінің түсінігі
Азаматтық құқық объектісінің түрлері
Мүліктер азаматтық құқықтың объектісі ретінде
Азаматтық құқықтар объектілерінің ұғымы мен түрлері
«Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы»
Азаматтық құқық қатынастарының объектілері
Меншік иесі болып табылмайтын тұлғалардың заттық құқықтары
Азаматтық құқық объектілерінің түрлері
Заттардың ұғымы және оны саралау
Азаматтық құқықтар объектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz