Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі және бюджет құрылымы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ2

Кіріспе4

I. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі және бюджет құрылымы7

1. 1 Мемлекеттік бюджет құрылымы оның мәні7

1. 2 Мемлекеттік бюджет функциялары11

1. 3 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні14

II. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет жүйесіне талдау16

2. 1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің кірістері16

2. 2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің шығыстыры19

2. 3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің балансын талдау22

III. Қазақстан Республикасы бюджетін пайдалануды жақсарту26

3. 1 Қазақстан Республикасы бюджетінің жоспарлаудағы туындайтын проблемалар26

3. 3 Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін қалыптастыру27

ҚОРЫТЫНДЫ36

Пайдаланған әдебиеттер тізімі38

ӘДЕБИЕТТЕР41

ҚОРЫТЫНДЫ42

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ44

Кіріспе

Бюджет жүйесі-бұл барлық бюджет түрлерінің экономикалық қатынастары иен құқықтық нормаларына негізделген. Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрлымын көрсетеді.

Қазіргі кезде бюджет жұйесі елдің экономикалық жағдайын көрсетеді. Қазақстан Республикасының эканомикасы біршама қиындық көруде: ЖІӨ көлемінің жақтауы, инвестиция деңгейінің тұрақсыздылығы, салық жинау мен басқа да мемлекеттік жинақтар мен төлемдердің қысқаруы, сыртқы және ішкі қарыздардың қызмет ету шығындары өсуде, әлеуметтік сферадағы қиын жағдай, яғни халықтың табысы мен тұтыну деңгейінің төмендеуі т. б.

Осы қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі алдыңғы жылдарға бюджет және салық саясатының негізгі бағыттарын дайындауда. Оның мақсаты мен міндеттемелері мыналар:

-тұрақты экономикалық өсімге жету және оcыған тиісті макроэкономикалық өсімге шарттарды құру ;

- халықтың нақты табысы мен тұтынуын өсіру;

Қазақстан Республикасының Үкіметі бюджет жүйесін реформалауды одан әрі жалғастыруға мәжбүр. Дұрыс ұйымдастырылған мемлекеттік бюджет мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінен көрінеді.

Мемлекеттік қызметтің қайта орталықтандыру саясаты жалғасуда және жауапкершілік орталығы мен аймақтардың

республикалық және жергілікті бюджет бағдарламаларын қаржыландыруды бөлу процесінің әрі қарай дамуына тиісті шаралар дайындалуда. Орта мерзімді тұрақты нормативтерді енгізу мен құруды қарастырып және “Бюджет жүйесі туралы” заңды әрі қарай дұрыс орындалуын бақылап отыру керек.

Осы айтылған шаралардың барлығы осы курстық жұмыста қарастырылады. Ол ұшін бұл жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы бюджет жүйесінің түсінігін әне бюджет жүйесі әрдайым кірістер мен шығстарды құрайтын процесс болғандықтан, екінші бөлімде осы кірістер мен шығыстарды бөлу және олардың дұрыс орындалуын қарастырдым. Ал үшінші бөлімде бюджет тапшылығы мен қарыздарын жабу жолдарын қарастырдым.

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жургізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдык қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарынын бұл жиынтығы "мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек, мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау жөне оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.

Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ езгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.

Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:

1) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен жөне оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттанды-руға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;

2) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында қүнды қайта бөлуге арналған;

3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді жөне одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.

Кіріспе

Бүгінгі таңда Қазақстанның қолындағы экономикалық өсудің жоғары қарқынын қамтамасыз ететін серпінді дамып келе жатқан отын-энергетика, металлургия және химия кешендері бар.

Сонымен бір мезгілде біздің алдымызда экономиканың теңдестірмелігін қамтамасыз ету, өңдеуші өнеркәсіпті, жоғары технологиялы және ғылыми қамтымды өндірістерді, өндірістік инфрақұрылымды және агроөнеркәсіп секторын ілгерілете дамыту жөніндегі аса маңызды міндеттер тұр.

Қаржы жүйесінің негізгі буыны мемлекеттік бюджет болып табылады. Мемлекеттік бюджет ретінде 1991-ші жылға дейін Одақтық бюджет болып келді. Оған барлық Одақтас республикалардың бюджеті енген еді. Бүгінде Қазақстан егеменді ел болған соң, республика үкіметі өзінің ұлттық мемлекеттік бюджетін жасауға кірісіп кетті.

Одақтық бюджет 1984-ші жылдан бастап тапшылық күйін кеше бастады. Рыноктық қатынастарға көшу бюджет байланыстығына қатты әсер етті. Ол жылма - жыл қарыздар болған кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығының салмақты дотацияларды бюджет иығына артуымен түсіндіріледі. Өнеркәсіп өнімін сатып алу бағасы мен ауыл шаруашылығы өнімін сату бағалары тепе-теңдігінің бұзылуы нәтижесінде де болды. Күрделі әлеуметтік бағдарлама мен қорғанысқа кеткен шығындарды мемлекет дотациялап отырды.

Мемлекеттік бюджет - мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Ол мемлекеттің шығын мен табыстарының балансы. Бюджет ұғымы француздың сөзі немесе табыс пен шығындарды бөлу.

Егер шығындар табыстан асып кетсе, бюджет тапшылығы пайда болады. Бюджет талшығын жою үшін табыс бөлігін толтыру қажет немесе мемлекеттік бюджеттің шығын бөлігін қысқартқан жөн. Бюджеттің табыс пен шығынның айырмашылығын жабу үшін, мемлекет қиыстырылған вариантына көшеді. Демек мемлекет ұлттық банк несие қорының, тұрғындардың халықтық банктегі салымының, сақтандыру қоғамдары қорының, бнлгіленген бөлігін алып отырады. Осы сомалар мемлекеттік қарызды құрайды. Бұл мемлекеттің ішкі қарызы.

Мемлекеттің ішкі қарызынан басқа сыртқы қарызды да болады. Бюджет талшығын бәсеңдету үшін мемлекет тек қана ішкі міндеттермен ғана шектелмей, қайтару мақсатымен сыртқы займдар мүмкіндіктерін де пайдаланады. Міне, осылай мемлекеттің сыртқы қарызы да пайда болады.

I. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі және бюджет құрылымы

1. 1 Мемлекеттік бюджет құрылымы оның мәні

Бюджет - мемлекеттің өз міндеттерін жүзеге асыруына арналған және түсімдердің есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры.

Мемлекеттік бюджет - республикалық және жегілікті бюджеттердің бірінің-бірі арасындағы өзара өтетін операциялары есепке алынбайтын жиынтығы.

Оның басты мақсаты - қаржы құралдарының көмегімен экономикалық тиімді дамуы және мемлекеттік міндеттерді шешу үшін жағдай жасау.

Бюджет құрылымы мынандай бөлімдерден тұрады:

«Кірістер» - Үкімет қарыздарынан түсетін түсімдерді және алынған ресми трансферттерді (гранттарды) қоспағанда, бюджетке түсетін барлық түсімдерді қамтиды;

«Алынған ресми трансферттер» - «Кірістер» бөліміне енетін түсімдерді қоспағанда бюджетке енетін барлық түсімдерді қамтиды;

«Шығыстар» - мемлекеттік борышқа қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды қоса алғанда, бюджеттен жұмсалатын барлық шығыстарды қамтиды, бұған несие беру және мемлекеттік борыштың негізгі сомасын өтеу бойынша бюджеттен төленетін төлемдер кірмейді;

«Несие беру, оның өтелуін шегеріп тастау» - несие беру бойынша бюджеттен төленетін төлемдер мен бұрын бюджеттен берілген несиелерді өтеудің түскен түсімдерді қамтиды және таза несие беруді көрсетеді;

«Бюджет тапшылығы» - «Кірістер» және «Алынған ресми трансферттер» - бөлімдердің жалпы жиыны «Шығыстар» және «Несие беру, оның өтелуін шегеріп тастау» бөлімдердің жалпы жиыны арасындағы айырманы құрайды;

«Бюджет тапшылығын қаржыландыру» - Үкімет қарыздары бойынша бюджетке түсетін түсімдер мен мемлекеттік борыштың негізгі сомасын өтеу жөніндегі қаражатты қамтиды.

Мемлекеттік қаржы жүйесінің дәл ортасында мемлекеттік бюджет тұрады. Бюджеттік жүйе өте күрделі механизм. Ол осы елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік-экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді. Ел бюджетінің құрылымы сол елдің мемлекеттік құрылымымен байланысты. Унитарлық мемлекеттердің бюджеттік жүйесі екі деңгейден тұрады: мемлекеттік және жергілікті. Федеративтік мемлекеттерде штаттардың, (АҚШ) жерлердің (ФРГ) өз бюджеттері болады, соған сәйкес әкімшілік ұйымдары қызмет етеді.

Мемлекеттік бюджет мемлекет қолындағы ақша ресурстарының орталықтанған қоры. Бұл қаражат мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқаруға жұмсалады. Қазіргі жағдайда бюджет экономиканы мемлекеттік реттеудің шаруашылық конъюктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың аса күшті құралы. Қазіргі мемлекеттік бюджет оның сан түрлі қызметін көрсететін күрделі де көп қырлы құжат. Ең алдымен бюджетте мемлекеттің кірісі мен шығысының құрылымы белгіленеді. Шығыста бюджеттік ассигнациялардың, қаржылардың бағыттары мен қызметтері көрінеді. Өзінің құрылымы жағынан бюджеттің шығысын мынандай бөлімдерден тұрады: мемлекетті басқару шығындары, әскери шығындар, әлеуметтік-экономикалық мақсаттағы шығындар, мемлекеттік шаруашылық жұмыстарының шығындары, сыртқы экономикалық қызметтердің шығындары.

Мемлекет қызметтерінің ұлғаюы мемлекеттік шығындардың қарқынын ЖҰӨ өсуі қарқынынан едәуір асырып жібереді. Мысалы, АҚШ - та 20-шы ғасырда мемлекеттік шығындар 350 есе артты. Тек 1980-1989 жылдар арсында федералдық бюджет шығындары екі еседен астам өсті (433. 5 млрд. долл. 872млрд. долл. жетті) .

Мемлекеттік шығындардың басты тармағына экономикалық өндірістік секторының қызмет істеуін қамтамасыз етуіне байланысты шығындар жатады. Әлеуметтік инфрақұрылымға білім беру мен денсаулық сақтауға бөлінетін шығындардың да үлесі айтарлықтай.

Әскери шығындардың да үлесі қомақты. Әскери шығындарды айтқанда тек тікелей шығындарды ғана көрсетіп қоймай, жанама шығындарды да ескеру керек. Оларға әскери қарыздар бойынша проценттік төлемдер, зейнетақы, соғыс мүгедектеріне, ардагерлерге және т. б. көмек түрлері жатады. Мемлекет бюджетінің басты құрамды бөлігі жергілікті бюджеттер. Олар арқылы ең алдымен коммуналдық меншік объектілері, жол, мектеп, байланыс құралдарын дамыту және тұрғын үй құрылысы қаржыландырылады. Жергілікті бюджетті жергілікті әкімшілік, полиция, сот пен прокуратура пайдаланады. Жергілікті бюджеттің үлкен бөлігі әлеуметтік-мәдени қажеттілікті өтеу, денсаулық объектілерін, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға кеткен шығындардан тұрады.

Мемлекеттік бюджеттің кірістері орталық және жергілікті органдар жинайтын салықтардан, мемлекеттік заемдардан, бюджеттерден тыс немесе мақсатты қорлардың төлемдерінен құралады. Мұндай қорлардың құрылуы ірі қаржы ресурстарын нақты мақсаттарға, ең алдымен әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мақсаттарға шоғырландыру қызметінен туады. Бұлардың қатарына әлеуметтік қамсыздандыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны қорғау, жұмыс күшін даярлау, қайта даярлау және т. б. жатады.

Мемлекеттік табыстардың жалпы материялдық негізін ұлттық табыс құрайды, мұны бөлу және қайта бөлу негізінде бірқатар шаралар жүзеге асырылады. Мұндай қайта бөлу механизмінің негізгі және тұрақты буындары - салықтар, мемлекеттік заем, бюджеттен тыс қорлардан алынған төлемдер.

Республикалық бюджеттің комиссиясы 2003 - ші жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын жасаған кезде Президент Жолдауында айтылған міндеттерді шешу қажеттігін ескере отырып 2003-2005 жылдарға арналған республикалық бюджеттің қаражатын жұмсаудың басымдық бағыттарын анықтады. Аграрлық секторды дамыту және ауылды жайғастыру жөніндегі басымдықтар шеңберінде ондай міндеттерге мыналар жатады:

  • ауыл шаруашылық өндірушілерді қолдаудың несиелік және лизингтік тетіктерін дамыту;
  • ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге ақшалай жәрдем жасау;
  • өсімдіктерді жаппай зиянкестер мен аурулардан, малды аса қауіпті және жұқпалы аурулардан қорғау;
  • тұрғын мекендерді сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету;
  • селолық инфрақұрылым құру және қайта құру

Қазақстан Республикасының Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 жарлығымен Мемлекеттік азық-түлік бағдарламасы бекітілді. Осы құжатқа сәйкес мемлекет село экономикасына 2003-2005 жылдар ішінде 150 млрд. теңге бөлуді жоспарлауда. Осы қаражат есебінен мал мен өсімдіктердің аса қауіпті ауруларына диагностика, миниторинг жасауды және олармен күрес жүргізуді, карантинді өнімге лабораториялық және фитосанитарлық талдауда, ауыл шаруашылық дақылдарының сорттарын сынақтан өткізуді, суармалы жерлерді милиративтік бағалауды, мемлекеттік резервтегі астықты сақтауды, элитикалық тұқым шаруашылығы мен асыл тұқымды малдарды сақтау мен өсіруді жүзеге асырып, минералдық тыңайтқыштарды сатып алуға ақшалай көмек көрсету және басқаларды қаржыландыру жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ аграрлық саланың қаржы жағынан тұрақты жұмыс істеп тұрған субъектілеріне де қолдау көрсетудің қосымша шаралары қарастырылған: мемлекеттік ресурсқа астық сатып алу, ауыл шаруашылық техникасының лизингісіне несие беру, көктемгі егін салу және егін жинау жұмыстарын атқаруға жергілікті бюджеттерге несие беру, селолық несие серіктестерінің жүйесіне несие беру және басқалар.

Бұдан басқа мемлекет жыл сайын 2004-2005 жылдары:

  • 15 млрд. теңгеден ауылдағы білім беруге, денсаулық сақтау мен сумен қамтамасыз етудің ауылдық объектілеріне инвестиция бөлінеді;
  • 15 млрд. теңгеден денсаулық сақтау саласын толық қаржылық қамтамасыз етудің екінші сатысына жеткізуді жүзеге асыру үшін бөлінеді.

1. 2 Мемлекеттік бюджет функциялары

Мемлекеттік бюджеттің мәні мен маңызы ол орындайтын функцияларда көрінеді. Бюджеттің негізгі функциялары мыналар болып табылады:

• ұлттық табыс пен ішкі жалпы өнімді қайта бөлу;

• экономиканы мемлекеттік реттеу және көтермелеу;

• әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету;

• ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау.

Мемлекеттік бюджет-ұлттық табыс пен ішкі жалпы өнімді қайта бөлудің негізгі құралы. Бұл бюджет арқылы ішкі жалпы өнімнің үштен біріне жуығы бөлінеді. Бюджет Қазақстанның бүкіл аумағында өндірістік күштерді неғұрлым ұтымды орналастырудың, экономика мен мәдениетті көтерудің талаптарын ескере отырып салааралық және аумақтық қайта бөлу үшін пайдаланады.

Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және көтермелеудің, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды инструменті болып табылады.

Бюджет қаражаттарының әлеуметтік бағыттылығының зор маңызы бар. Әлеуметтік саясаттағы басымдықтар-халықтың табысы (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбасыларын) қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерінің жұмыс істеп тұруы.

Қаржылық жоспарлау процессінде бюджет шаруашылық салаларына және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді. Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола отырып, бюджет барлық кәсіпорындармен және ұжымдармен байланысқан.

Бюджеттік жоспарлау мен бюджеттің атқарылуы процессінде халық шаруашылғының қаржы - шаруашылық қызметіне бақылау жасалынады. Нарықтық механизмдерге көшу жағдайында ресурстарды жұмылдыру және оларды пайдалану процессінде бюджеттік бақылаудың маңызы күшйе түсуде.

Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындау үшін басқарудың барлық деңгейлеріне тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бөліністерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттердің тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру, оларды теңдестіру процессінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болады. Осы элементтердің барлығы-бюджет жүйесін құрудың, бюджет рәсімдерін, бюджеттердің санаулан түрлерінің арасындағы өзара қарым-қатынастарды ұйымдастыру мен оның қағидаттары, тиісінше бюджеттік құқықтардың жиынтығы да-бюджет құрылысы болып табылады.

Бюджеттің экономикалық мазмұны мен мәні мемлекеттің табиғаты мен функциясына байланысты болады.

Сөйтіп, бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн.

1. 3 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні

Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық- заттай турінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылган ақша қорында - бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер мемлекеттің жұмылдыратын жөне пайдаланатын ақшаның ағьшында өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор - бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.

Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалды. Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол, қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында бөлінеді. Мемлекетік бюджет арқылы бүгінде Қазақстанда жалпы қоғамдық өнімнің шамамен 10% және жалпы ішкі өнімнің 20% бөлінеді. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды. Бақылау функциясы бюджет қорларын белудің сандық үйлесімдерінде, олардың қоғамдық өндіріс дамуының қажеттіліктеріне сай келетіндігінде, бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын анықтау және оларды жою мүмкіндігінде көрінеді.

Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалык категория жоне мемлекеттің орталықтандырылган ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға болады. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары - салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т. б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, ор-талықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша рөлін айқындайды. Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.

Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық кәлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.

Ақырында, мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң) .

Сөйтіп, бюджетті осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн (1 сызбаны қараңыз) .

Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтын табысы аз жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбастарын) қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.

II. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет жүйесіне талдау

2. 1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің кірістері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджет жүйесінің экономикалық мәні мен құрылымы
Қазақстан Республикасының бюджет жүйеснің құрылымы
Бюджеттің кірістері, шығыстары және бюджеттік құқықтық қатынастар 7 3. Мемлекеттік борыш 13
Қазақстан Республикасындағы бюджет саясаты және оның қызметтері
Қазақстан Республикасынының бюджет жүйесі
Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
Бюджет және бюджет құрылысы
Мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасындағы бюджет тапшылығы мәселесі
Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуының ерекшеліктері
Егемен Қазақстан жағдайындағы мемлекет бюджетiнiң ерекшелiктерi
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz