Эмпедоклдың экологияға қосқан үлесі


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қоршаған ортаны қорғауды басқару және инжиниринг кафедрасы
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ:
Орындаған :
Тексерген:
Жоспар:
- Эмпедоклдің өмір жолы
- Эмпедоклдің экология ғылымына қосқан үлесі
1 . Эмпедокл - Сицилия аралының Акригенте жерінде бай ақсүйек отбасында дүниеге келген ежелгі грек философы, дәрігер, мемлекеттік қайраткері, абыз, сицилиялық медициналық мектептің негізін салушысы. Эмпедокл бақсы - тәуiп бола отырып, сол кездегі медицина деңгейіне лайық болған. Аңыз бойынша ол белгілі бір тылсым күшке ие болды. Кей кездері ол халық алдында таңғажайып сиқыр түрлерін көрсетіп, өзін жадыгөй, сиқыршы ретінде де танытуға тырысты. Ол мұндай жағдайларда үлкенiрек сенiмдiлiк үшiн үстіне абыздың қан қызыл киiмдерiн, басына кигiз тәжiн киіп, көрнектi нөкерлерiмен бірге халық алдында өнер көрсеткен. Сол заманның өзге де дәрігерлері секілді ол Элладаның көптеген қалаларында саяхаттап, өзінің білімін ғибрат еткен. Сондай-ақ Эмпедокл науқастардың бейнетін жеңiлдетіп, адам өмірінің арашасы болғандықтан, өз заманының ең беделді адамдарының бірі болды.
Эмпедокл жайында жел мен жаңбыр бағындырушысы деген аңыздар қалыптасқан. Көбіне бұған оның қоршаған ортаға деген белсенді ізденістері әсер еткен. Кейбір деректерде ол қаланың сауықтыру жолына, аурулардан айығуына жәрдем еткен делінген. Оған Эмпедоклдің батпақты жерлердің құрғақ қалыпқа көшуінің негізін қалаушы болуы мысал бола алады. Осылайша б. з. б V ғасырда Селинунта қаласының маңындағы безгек ауруының ошағы болған батбақты жерді жойып, о, ан Хипса өзенінің суын қосқан болатын. Сонымен қатар, ол өзінің туған қаласының халқын жартасты тауды тесіп, солтүстік желдің көмегімен уланған судың буын айдау арқылы безгек ауруынан құтқарған.
Эмпедоклдің анатомия саласындағы ашқан жаңалығы: ішкі құлақ жолы, тыныс алу жолдары, жүрек, қанайналым қызметтері, түйсік сезімдері. Ол вегетарианшыл болғандықтан тіпті былғарыдан жасалған аяқ-киімді кимей, тек мыс немесе күмістен жасалғанын киген.
Эмпедокл музыканы жан ауруының ем құралы ретінде пайдаланған алғашқы дәрігер. Оңтүстік Италияның медициналық мектебінің негізін салушы Пифагор да музыканы созылмалы аурулардың емі ретінде қолданған. Әсіресе, Гомер мен Гезиоданың өлеңдерінен үзінділер қолданылатын. Бұл әдістер жанның шипалық күшіне негізделген болатын.
Анатомияны жақсы білгендіктен және аса жоғары бақылағыштықтың арқасында Эмпидокл әр түрлі түрге жататын жануарларда бірдей мүшелердің бар екенін байқаған. Ежелгі тарихшы Аэцтің деректері бойынша Эмпедоклді генетика сұрақтары да қызықтырған.
2. Органикалық дүние - Жер бетінде тіршілік етіп, жойылып кеткен және осы кезде тіршілік етіп жатқан организмдердің жиынтығы. Ресми деректер бойынша қазіргі кезде саңырауқұлақтардың 100 мыңнан астам, өсімдіктердің 500 мыңдай, жануарлардың 2 млн-ға жуық түрлері тіршілік етеді. Палеонтолог ғалымдардың мәліметтеріне қарағанда жойылып кеткен организмдердің тек 0, 01%-ының ғана қаңқа қалдықтары сақталған. Тірі организмдерді құрылыс ерекшеліктеріне қарай алғаш рет өсімдіктер мен жануарлар деп бөлген грек ойшылы Аристотель, оның шәкірті Теофраст және Эмпидокл болды.
Эмпидокл деректері бойынша алғаш рет жерде өсімдіктер, содан кейін жануарлар пайда болып, олардың ары қарай қосылуы нәтижесінде көптеген басқа да құрылысы өзгеше организмдер пайда болған. Осылайша, оның ойынша адам да жер бетінде пайда болды.
Эмпидокл көптеген өсімдік түрлерін сипаттап, олардың құрылысы мен көбеюі, дара жарнақтылар мен қос жарнақтылардың айырмашылықтары туралы және де өсімдіктердің топырақ пен тұрғылықты жер климатына байланысты формалары мен өсу ерекшеліктерін салыстыра келе, олардың өсу ортасына тәуелділігін атап көрсетеді. Сонымен қатар ол өсімдіктердің сыртқы және ішкі құрылыстарын суреттеп қана қоймай, олардың өсу жағдайларына тәуелділігі туралы жазды. Жануарларды зерттеу олардың мінез - құлқы, іс - әрекеттері, тіршілік орыны сияқты хабарлармен толықтырылды.
Оның еңбектерінде өсімдіктердің сыртқы түрлерінің өзгерістері және өсу түрлерінің жағдайларға байланысты болатындығы жайлы көптеген бақылаулары көрсетілген.
Эмпедокл өсімдіктің табиғатын жан - жақты зерттеудің негізінде құрастырылған және өсімдіктер системасын құрудың тәсілдерін іздестірудегі ұзақ кезеңнен кейін өзінің өсімдіктер классификациясын ашты. Ол сол зерттеулері арқылы өсімдіктер әлеміне жол ашты.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Колумбаева С., Білдебаева Р., Шәріпова М. Экология және тұрақты даму: оқу құралы - 2012.
- Оспанова Г., Бозшатаева Г. Экология - 2009.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz