Жерді пайдалану мен иеленуді тіркеу, жерді есепке алу


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:
ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУ МЕН ИЕЛЕНУДІ ТІРКЕУ, ЖЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛУ
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
. . .
І - ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚОРЫ
1. 1 Жер қорының санаттары мен жер пайдаланушылар бойынша сипаттамасы
1. 2 Алқаптар бойынша жердің санын және сапасын есепке алу
1. 3 Жерді есепке алудағы кадастрлық мәліметтерді алу, өндеу және талдау әдістерінің жаңа технологиясы
ІІ - ТАРАУ. ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУ МЕН ИЕЛЕНУДІ ТІРКЕУ. ЖЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛУ.
2. 1 Жер учаскелерін тіркеудің мазмұны мен міндеті
2. 2 Жерді есепке алудың қызметі мен сипаттамасы, түрлері мен әдістері
2. 3 Жер пайдалану, жер иелену, жер алқаптары түсінігі
ҚОРЫТЫНДЫ
. . .
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
. . .
Начало формы
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы мол жер ресурстарын иеленіп отыр. Біркелкі мемлекеттік жер қоры 272, 5 млн. га құрайды. Мемлекеттік жер қоры 14 облыс және 2 қала /Астана және Алматы/ арасында бөлінген. Республиканың территориясында 8 табиғи - шаруашылық аумақ пен 2 табиғи - шаруашылық облыс бөлініп отыр, олардың ішінде жерлердің көбі шөл /112, 2 млн га/, шөлейт /37, 3 млн га/ және дала /62, 4 млн га/ аумақтарында болып отыр. Барлық жер қоры жеті санатқа бөлінеді, оның ішінде - 34, 4 ауыл шарашылық мақсатындағы жерлер, 43, 9 мемлекеттік запастағы жерлер, 7, 5 елді мекендердің жерлері, 4, 1 өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылық емес жерлер, 4, 0 орман, 1, 3 су қорлары, ал ерекше қорғалынатын табиғи аумақтардың жерлері 0, 55 пайыз құрайды. Республикада 161 әкімшілік аудан, қалалар мен поселкелердің саны - 302, ал ауылды елді мекендердің саны 7164 құрайды. Бұл көрсеткіштер республика жер қорының мол болуын, ал табиғи шаруашылықты жағдайының бірдей еместігін және әкімшілік бөлімдерінің көптігін көрсетеді.
1990 жылдан бастап Қазақстанда жер қатынастарының өзгеруі басталды, Республика Конституциясында /1995ж. / мемлекеттік жер меншігімен қатар жеке меншік еңгізілді. "Жер туралы" /1995ж. / Президент Жарлығында мемлекеттік және жерге жеке меншік орнатылуының ережелері мен заңдылықтары бекітілген, жер реформасы мақсаттарын орнатудың заңды жолдары көрсетілген, жер ресурстарын басқарушы органдардың жерді үйлестіру және мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі мен ережелері бекітілген.
Республикада жер реформасы даму жағдайында жер ресурстарын басқару жаңа жүйесінің құрылуы өте қажетті. Кәзіргі уақытта, барлық мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, ұйымдар жер ресурстарын басқару функцияларын орындайтын республикалық жер ресурстарын басқару Агенттігі жүйесіне кіріп отыр. Жерді үйлестіру, мемлекеттік басты жер қатынастарын өзгерту құрал болып саналады, бірақта реформа жағдайында оның функциялары мен жүргізу әдістері өзгерді. Жер ресурстарын басқару жаңа жүйесінің негізі болып мемлекеттік жер кадастры саналады. Мемлекеттік жер кадастры жаңа жағдайда көпфункционалдық, ғылыми-техникалық және ақпараттық жүйе болып қалыптасып келеді. Жер кадастрының ішінде үш блок қалыптасты - құқықтық, қаржылық және көпфункционалдық. Ал көпфункционалдық кадастрдың ішінде атқарушы, орталық негізі болып автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қалыптасты, бұл жүйе республикалық жер туралы ақпараттық банк рөлін атқарады.
1 - ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚОРЫ
- Жер қорының санаттары мен жер пайдаланушылар бойынша сипаттамасы
Қазақстан мемлекеттік жер кадастрының мәні көбінесе оның объектісіне байланысты. Мемлекеттік жер кадастрының объектісі болып, Қазақстан Республикасының барлық жерлерін қамтитын бірыңғай мемлекеттік жер қоры жатады.
Жерге мемлекеттік меншіктік барлық жерлерді, олардың мақсаты мен міндет атқаруы және шаруашылық пайдалануына қарамастан, бірыңғай мемлекеттік жер қорына бірігуіне нақты себепші болды.
Экономикалық көзқараспен алғанда, еліміздің барлық жерін біріктірудің болуымен алғы шарты маңызды. Халық шаруашылығының тұтастығы, ол осы негізде, жерге мемлекеттік меншікті өзі жүзеге асырады. Мемлекет бұл меншікті мемлекеттік жер кадастры жүйесі арқылы есепке алады және бағалайды. Жер қорының бірлік принципі басты заң - Конституция негізінде өзінің көрінісін тапты, онда Қазақстан Республикасының барлық жерлері бірыңғай мемлекеттік жер қорын құрады деп көрсетілген.
Мемлекеттік кадастрында, есептелінетін объектіге сандық және сапалық сипаттама бере алатын және жер кадастрлық көрсеткіштер жүйесі болып саналатын белгілі топтастыру түсінігі немесе санаттар қолданылады. Кадастрлық көрсеткіштер мөлшерінің сандық мәні есептелетін объектінің өзіне тән қасиеті мен мәніне байланысты болатын өлшемнің айқын бірлігі арқылы көрсетіледі. Сонымен жер қорының және оның, құрам бөліктерінің аудандары гектармен есептеледі, алқаптардың сапасы көрсеткіштер жанында көрсетіледі. Кадастрлық көрсеткіш түрлі шамалармен жүргізіледі. Мысалы, жер ауданы жүздеген, мыңдаған және миллиондаған гектарлармен көрсетіледі.
Есептелетін объектінің түрлі негіздері бойынша топтарға бөлінуі әдетте классификациялау /топтастыру/ деп аталады. Қазақстанның жер қоры жер кадастрында ең алдымен жалпы аудандары және кеңістік жағдайы бойынша есептелінеді. Бірыңғай жер қорының мемлекет меншігі объектісі және шаруашылық объектісі ретінде міндет атқаруы ерекшеліктерінен келіп шығып, ол келесі негізгі жайларда:мақсатты міндет атқаруы, шаруашылық пайдалануы, сапалық жағдайы, әкімшілік-аумақтық бөлінуі, меншік түрлері бойынша есептелінеді.
Бірінші топқа ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы жерлері жатады, ал екінші топқа қалған барлық жерлер түрлері кіреді. Бұндай бөлінулер негізінен дұрыс секілді, бірақ олар тым біржақты, ал халық шаруашылығында жерлерді пайдалану соншалықты көп қырлы.
Республиканың мемлекеттік органдары республика шегінде бірыңғай мемлекеттік жер қорына билік етеді, оны пайдаланудың келешектік жоспарын жасайды, жерді пайдалау тәртібін белгілейді, сондай-ақ жер қатынастарын реттейді. Облыстық, аудандық /қалалық/, мемлекеттік органдар, өз кезегінде жерді ұтымды пайдалану және қорғау, жердің пайдалануы мен олардың жерге орналастыруына мемлекеттік бақылау жасау бойынша көптеген мәселелерді шешеді. Сондықтан, бөлек әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде, мемлекеттік-шаруашылық органдарының шаруашылық және құқықтық қызметін жүзеге асыру, осы бөлімшелер бойынша жер қорын есепке алынуының нақты қажеттілігін тудырады. Қазақстан Республикасының аймақтары және облыстары бойынша жер қорының жағдайы, бөлінуі екінші, үшінші кестелерде келтірілген.
1-кесте мәліметтерінен көрініп тұрғандай Қазақстан Республикасының жер аумағы 272490, 2 млн. га құрайды, өзара 15 әкімшілік аумақтық бірліктерге бөлінеді. Бұнда үлкен жер ауданына Қарағанды-42798, 2 мың га, Ақтөбе-30062, 9 мың га және Шығыс Қазақстан - 28322, 6 мың га облыстары ие.
Республикамызда 169 әкімшілік аудан бар, қалалар мен поселкелер саны - 304, ал ауылдық елді мекендері саны - 7164. Бұл көрсеткіштер республиканың жер қорының мөлшері үлкен және әкімшілік бөліну объектілерінің санының көп екендігін көрсетеді, мұнда жер кадастры бойынша жүргізетін жұмыстар да көп болуы тиісті.
1-кесте - Қазақстан Республикасының территориясы, аудандар мен елді мекендер саны /01. 01. 2004 ж. /
Аумағы
мың. га
Қалалар
мен пос.
Елді
Мекендер, Саны
2-кесте - Қазақстан Республикасының табиғи ауыл шаруашылық аймақтары бойынша жер қоры /мың га/ 01. 01. 2004 ж.
Барлық
Жерлер
Соның ішінде
Егістік
Оңтүстік сібір таулы
Облысы
Республика бойынша
Барлығы
Қазақстан Республикасының территориясы табиғи-климаттық, топырақтық жағдайларының әр түрлі болғандығына байланысты 10 табиғи-ауыл шаруашылық аймақтарға бөлінген /2-кесте/. Республика жерінің ең үлкен ауданы құрғақ далалы - 62386, 8 мың га, шөлейт - 37258, 8 мың га, далалық - 26448, 0 мың га аумақтарында орналасқан. Ең үлкен егістік аудандары: далалық - 26448, 0 мың га және далалық - 10768, 0 мың га аймақтары орталығында орналасқан. Жалпы егістік ауданы республикада - 26610, 7 мың га, ал ауыл шаруашылық алқаптарының ауданы- 222568, 7 мың га құрайды.
Қазақстан Республикасы жер қоры бірыңғай толық болып тұрса да, бөлек құрам бөліктерінің нысаналы қолданылу мақсаттарына байланысты ол негізгі жер санаттарына бөлінеді.
Мемлекеттік жер кадастры жүйесінің әрекеті нәтижесінде жер қорының құрамы негізінен нысаналы мақсатына сәйкес келесі негізгі жер санаттарына бөлінеді:
- Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер;
- Елді мекендердің /қалалардың, поселкелер мен ауылдық елді мекендердің/ жерлері;
- Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шарушылық емес мақсаттағы жерлер;
- Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;
- Мемлекеттік орман қорының жерлері;
- Мемлекеттік су қорының жерлері;
- Мемлекеттік запастағы жер.
Ауыл шаруашылығы үшін берілген немесе осы мақсатқа арналған жерлер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер деп танылады. Олар шаруа қожалықтарының, азаматтардың, кооперативтердің, серіктестіктердің және басқа да жер пайдаланушылардың, ауыл шаруашылық өндірісімен айналысушылар пайдалануында болады. Бұл жерлердің бөлек санаттарға бөлінуі маңызды шаруашыллық мәнге ие. Бұл қарастырылған санаттағы жерлер ерекше бағаланады және талқыланады. Бұл жерлерді ауыл шаруашылық кәсіпорындарында, ұйымдарында, мекемелерінде, олардың а/ш даму жоспарына сәйкес, базарларды а/ш өнімдерімен және өндірісті шикі затпен қамтамасыз ету мақсатында пайдаланады. Елді мекендердің жерлеріне - қалалар, қала типтес поселкелер және ауыл елді мекендік жерлері жатады. Жалпы бұл категорядағы жерлер кеңістік базис ретінде, яғни ғимараттар мен құрылыстар және т. б. орналастыратын орын ретінде қолданылады.
Қала жерлеріне қала шегімен шекаралығын бөліп жатқан барлық жерлер жатады. Қала шегі - бұл қала жерінің сыртқы шекарасы, оларды бірыңғай жер қорының басқа санаттарынан бөліп тұратын. Оны тиісті мемлекеттік органдар бекітеді және жерге орналастыру тәртібін белгілейді. Қала жерлері құрамына: қала құрылысы жерлері, жалпы пайдаланудағы жерлер, ауыл шаруашылығына пайдаланатын және басқа алқап жерлері, қалалық ормандар иеленген жерлер, көлік және өнеркәсіптер пайдаланатын жерлер, т. б жерлер кіреді.
Үшінші санатқа өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер жатады. Олар кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің пайдалануына берілген. Өнеркәсіптік жерлеріне қазба және өңдейтін өнеркәсіптік жерлері кіреді. Көлік және байланыс жерлеріне барлық түрдегі көлік және байланыс кәсіпорындары, мекемелері және ұйымдарының жерлері жатады. Қорғаныстық жерлерге Қорғаныс Министрлігіне қажет үшін бөлінген учаскелер кіреді.
Төртінші санатқа ерекше қорғалатын табиғи аймақтық жерлері - ұттық парктер, қорықтар, заказниктер және т. б. жатады.
Қорықтар жерлеріне жер учаскелері белгілі бір тәртіппен бөлінген, ғылыми және мәдени байлығы бар табиғи объектілер жатады, олар тиісті ведомствоның қарауында болады.
Бесінші - мемлекеттік орман қоры жерлері құрамына орманы бар, сондай-ақ ормансыз, бірақ орман шаруашылығының мұқтаждарына және орман шаруашылық кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелерінің пайдалануына берілген жер учаскелері кіреді.
Алтыншы - мемлекеттік су қоры жер санатына: су айдындары /өзендер, көлдер, су қоймалары, арналар, ішкі теңіздер, аумақтық сулар/ мұздықтар, батпақтар, гидротехникалық және басқа да су шаруашылығы құрылыстары орналасқан жерлер, сондай-ақ, су қорғау өңіріне, су айдындары жағаларын бойлап бөлінген жерлер жатады.
Жетінші - мемлекеттік босалқы жерлері, меншікке немесе жер пайдалануға мерзімсіз немесе ұзақ мерзімге пайдалануға берілмеген жерлер жатады. Жалпы, бұл жерлер жаңа кәсіпорындарды ұйымдастыру үшін қор қызметін атқарады және пайдалану мен меншікке беріледі.
Жер қоры жердің негізгі, яғни 34, 4 % немесе 93077 мың га иеленіп жатқан ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлер санаты болып табылады /3-кесте/.
3-кесте - Қазақстан Республикасы жер қорының санаттар бойынша құрылысы және бөлінуі /01. 01. 2004ж. /
Жиынына %
есебінде
Республикамызда жер реформаларын жүргізу нәтижесінде жер құрылысында санаттар мен жер пайдаланушылар бойынша айтарлықтай өзгерістер болды. Сонымен ауыл шаруашылық мақсатындағы жер үлесінің төмендеуі, олардың құрамындағы құнарсыз жыртылған жер, жаңа шаруашылық қалыптастыратын жер учаскелері құрамына кірмейтін және пайдаланбайтын учаскелердің аумақтары босалқы жерлер санатына қосылды. Ал ауылдық елді мекендердің жерлері /20201, 7 мың га/, орман қоры жерлері - /, 8 мың га/ және ерекше қорғалатын табиғи аймақтар - /1247, 1 мың га/, босалқы жерлер - /118696, 4 мың га/ санаттарының аумақтары 1990-2000 жылдары өсті.
Республикамызда қалалардың, поселкелердің және басқа да елді мекен тұрғындарына 230, 5 мың га ауыл шаруашылық жерлері меншігіне берілді, оларға жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін, 100, 2 мың га - бақшаларға, ал саяжай ұстау үшін 85, 0 мың га жер берілді.
4-кесте - Азаматтарға жеке қосалқы шаруашылық, бақ шарушылығы және бақшалық жүргізу үшін берілген жерлер /мың га/
1. 2. Алқаптар бойынша жердің санын және сапасын есепке алу
Жердің санын есепке алу барысында тек жер қоры категорияларының жалпы ауданын анықтап қоймай, сонымен бірге жер алқаптарының түрлері мен түр тармақтары бойынша жер сапасы мен аудандары туралы мағлұматтар алады. Жерді есепке алу, жер алқаптарының нақты өлшемдері мен жағдайлары бойынша жүргізіледі. Сонымен, алқаптар бойынша белгілі бір жер классификациясы қолданылады. Онда ауыл шаруашылық алқаптар егістік, көпжылдық екпе ағаштар, тыңайған шабындық, жайылым түрлері және түр тармақтары бойынша көбірек егжей-тегжейлі анықталады.
Ауыл шаруашылық алқаптар дегеніміз - ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін жүйелі түрде пайдаланылатын жер алаптары. Ауыл шаруашылық алқаптарына: егістік жерлер, көпжылдық екпе ағаштары, тыңайтылған жерлер, шабындық және жайылымдар жатады.
Егістік жерлерге - ауыл шаруашылық дақылдар егіліп, жүйелі түрде өңделетін және пайдаланылатын таза жатқан жерлер жатады.
Тыңайтылған жерге - бұрыннан егістікке пайдаланып келген және бір жылдан көбірек, күзден күзге дейін ауыл шаруашылық дақылдарын егу үшін пайдаланылмаған және сүдігерге дайындалмаған жерлер кіреді.
Тыңайтылған жер - таза, эрозияға ұшыраған, тұздалған, сортаңданған, батпақтанған, бұталанған, орман аралас, тастақты, төмпешікті болып бөлінеді.
Көпжылдық екпе ағаштарына - жеміс-жидек өнімдерін, техникалық немесе дәрілік өнімдер алуға арналған, жасанды құрылған ағашты-бұталы көшеттер, иеленген жерлер жатады. Бұлардың құрамына бақ, жүзімдік, жидектік, жемісті питомник плантация жатады. Бұлардың аудандары есепке алу барысында төмендегіше бөлінеді: Бақтар аудандары - жеміс және жидек өндіріп алу үшін құрылған ағашты және бұталы көшеттер (екпе ағаштары), тұқымды, сүйекті, жаңғақ жемісті, цитрус тұқымдасты, субтропикалық және басқа тұқымды иеленген жер учаскелері;
Жүзімдіктер ауданы - жүзім өсіру үшін құрылған жүзім көшеттері (екпе ағаштары) иеленген жер учаскелері;
Жидектер аудандары - жеуге жарайтын жидектер беретін, мәдени бұталы, жартылай бұталы және шөптесін өсімдіктердің астында жатқан жер учаскелері;
Жемісті питомниктер аудандары - жеміс-жидек дақылдарының көшет материалдарын өсіру үшін пайдаланылатын жер учаскелері;
Плантация аудандары - арнайы техникалық, дәрілік, азық-түлік, гүл және сәндік дақылдар (шай, құлмақ, тұт, гүлдер, эфир майы алынатын өсімдіктер және басқалар) өсіру үшін пайдаланатын жер учаскелері.
Шабындыққа - пішен шабу үшін жүйелі түрде пайдаланатын, көп жылдық шөптесін өсімдіктер жамылған жерлер жатады. Олар: суармалы, құрғақ және батпақты болып бөлінеді.
Суармалы деп - өсімдіктердің өзгеруіне әсерін тигізетін, белгілі бір мерзімде сумен суарылатын, өзен, көл жайылымдарында немесе ойпат жерлерде орналасқан шабындықтарды айтамыз.
Құрғақты - бұл негізінен атмосфералық жауын-шашынмен ылғалданатын, жыралар мен сайлардың жазықтығында, баурайларында және су айрықтарының жоғарғы элементтерінде орналасқан шабындықтар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz