Қазақстан жетістіктері



Қазақ мемлекетінің тәуелсіздік туын тіккеніне жиырма жыл толу атаулы тарихи датасына орай, Сарыарқа төсінен орын тепкен Бас қала - Астанада облыс күндері басталды. Ондағы мақсат - егемендік жылдарындағы әр аймақтың жеткен жетістіктерін көрсету ғана емес, алда тұрған міндеттерді айқындау. Аймақтардың осынау ірі көшін бастаған, яғни, Атырау, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының Астанадағы күндері де жоғары деңгейде өтіп, көзделген мақсатқа жете алды. Қыркүйектің сегізінен басталып, кеше түйінделген Астана төсіндегі бұл дүбірлі күндері Бейбітшілік және келісім сарайында аталған үш аймақтың таныстырылым-көрмесі болып өтіп, оған Президент Нұрсұлтан Назарбаев арнайы қатынасты.
Елбасы Жолдауында биылғы жыл еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам басқан қастерлі жыл екенін атап, өткен кезеңдерде игерген биік белестер мен алған асуларымызға лайықты бағасын берді. Соның айқын көрінісі осы мерзім ішінде Қазақстан әлемдік дағдарыстар мен қауіп-қатарлерге жауап бере алатын, оларды еңсеруге қабілетті іргелі мемлекеттер қатарынан орын алғаны болып отыр. 90-шы жылдардың бас кезі мен ортасында мемлекетіміздің тағдыры қыл үстінде тұрғанын ескерсек, бұл табыстың өрлеу жағдайында айырықша атап айтарлық маңызға ие болғанын сезіне түсеміз.Қазақстанның тарихи жетістіктері Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік қайраткерлігімен тікелей байланысты. Елбасы жаһандық деңгейдегі саяси лидерлер қатарынан көрінді. Оның тікелей басшылығымен 2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп, ұйымның қызметін жаңа сапалық деңгейге көтерді. ЕҚЫҰ-ның VII саммитінде қабылданған Астана декларациясы әлемдегі бейбітшілікті нығайтуға зор үлес болды. Іле-шала өткізілген VII Азиад? а ойындары Қазақстан абыройын әлемдік қауымдастық алдында көтере түсті. Алдымызда Ислам Конференциясы Ұйымына төраға болудың беделді міндеті тұр. Қазақстан бұрын-соңды жаһандық деңгейдегі абыройға ие болған емес. Бұл – үлкен тарихи жетістік.
Кеңес одағы ыдырағаннан кейінгі дендеп кеткен экономикалық және қаржылық дағдарыс 1994 жылы ең қиын шегіне жеткен еді. Сол жылы Қазақстан халқының табысы 1991 жылмен салыстырғанда 3,5 есеге азайып, 2400 АҚШ долларынан 700 долларға дейін кеміп кеткені әлі есімізде. Жұмыссыздық, кедейшілік, әлеуметтік инфрақұрылымның күйреуі ел халқының еңсесін басып жіберген болатын. Өтпелі кезеңнің басында түрлі «сәуегейлердің» Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде аяғынан тік тұрып, өмір сүре ала ма, жоқ па деген күмәнді көзқараста болғаны да ақиқат.
Алайда, нағыз мемлекет қайраткері, саясат дарабозы бола білген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен көпэтносты Қазақстан халқы өтпелі кезеңнің қиыншылықтарын сыр бермей аса қысқа мерзімде еңсеріп әкетті. Дағдарыстан шығудың және жаңару жолына түсудің тарихи бағдарламасы – «Қазақстан-2030» – «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты республика халқына арнаған Президенттің алғашқы Жолдауы жарыққа шықты. Қазақстан халқы осы батыл да жаңашыл, стратегиялық маңыз­дағы Жолдауды іске асыруға ұйымшылдық үлгісімен жұдырықтай жұмылды. Дағдарысқа қарсы жалпыхалықтық күрес басында Президентіміздің өзі жүрді. Қазақстан мемлекеті дамуындағы Президенттің қолтаңбасы мен позициясы халыққа қанағаттанарлық сезім серпінін туғызды.

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанның жетістіктері

Қазақ мемлекетінің тәуелсіздік туын тіккеніне жиырма жыл толу атаулы тарихи датасына орай, Сарыарқа төсінен орын тепкен Бас қала - Астанада облыс күндері басталды. Ондағы мақсат - егемендік жылдарындағы әр аймақтың жеткен жетістіктерін көрсету ғана емес, алда тұрған міндеттерді айқындау. Аймақтардың осынау ірі көшін бастаған, яғни, Атырау, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының Астанадағы күндері де жоғары деңгейде өтіп, көзделген мақсатқа жете алды. Қыркүйектің сегізінен басталып, кеше түйінделген Астана төсіндегі бұл дүбірлі күндері Бейбітшілік және келісім сарайында аталған үш аймақтың таныстырылым-көрмесі болып өтіп, оған Президент Нұрсұлтан Назарбаев арнайы қатынасты.
Елбасы Жолдауында биылғы жыл еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам басқан қастерлі жыл екенін атап, өткен кезеңдерде игерген биік белестер мен алған асуларымызға лайықты бағасын берді. Соның айқын көрінісі осы мерзім ішінде Қазақстан әлемдік дағдарыстар мен қауіп-қатарлерге жауап бере алатын, оларды еңсеруге қабілетті іргелі мемлекеттер қатарынан орын алғаны болып отыр. 90-шы жылдардың бас кезі мен ортасында мемлекетіміздің тағдыры қыл үстінде тұрғанын ескерсек, бұл табыстың өрлеу жағдайында айырықша атап айтарлық маңызға ие болғанын сезіне түсеміз.Қазақстанның тарихи жетістіктері Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік қайраткерлігімен тікелей байланысты. Елбасы жаһандық деңгейдегі саяси лидерлер қатарынан көрінді. Оның тікелей басшылығымен 2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп, ұйымның қызметін жаңа сапалық деңгейге көтерді. ЕҚЫҰ-ның VII саммитінде қабылданған Астана декларациясы әлемдегі бейбітшілікті нығайтуға зор үлес болды. Іле-шала өткізілген VII Азиад? а ойындары Қазақстан абыройын әлемдік қауымдастық алдында көтере түсті. Алдымызда Ислам Конференциясы Ұйымына төраға болудың беделді міндеті тұр. Қазақстан бұрын-соңды жаһандық деңгейдегі абыройға ие болған емес. Бұл - үлкен тарихи жетістік.
Кеңес одағы ыдырағаннан кейінгі дендеп кеткен экономикалық және қаржылық дағдарыс 1994 жылы ең қиын шегіне жеткен еді. Сол жылы Қазақстан халқының табысы 1991 жылмен салыстырғанда 3,5 есеге азайып, 2400 АҚШ долларынан 700 долларға дейін кеміп кеткені әлі есімізде. Жұмыссыздық, кедейшілік, әлеуметтік инфрақұрылымның күйреуі ел халқының еңсесін басып жіберген болатын. Өтпелі кезеңнің басында түрлі сәуегейлердің Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде аяғынан тік тұрып, өмір сүре ала ма, жоқ па деген күмәнді көзқараста болғаны да ақиқат.
Алайда, нағыз мемлекет қайраткері, саясат дарабозы бола білген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен көпэтносты Қазақстан халқы өтпелі кезеңнің қиыншылықтарын сыр бермей аса қысқа мерзімде еңсеріп әкетті. Дағдарыстан шығудың және жаңару жолына түсудің тарихи бағдарламасы - Қазақстан-2030 - Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы атты республика халқына арнаған Президенттің алғашқы Жолдауы жарыққа шықты. Қазақстан халқы осы батыл да жаңашыл, стратегиялық маңыз­дағы Жолдауды іске асыруға ұйымшылдық үлгісімен жұдырықтай жұмылды. Дағдарысқа қарсы жалпыхалықтық күрес басында Президентіміздің өзі жүрді. Қазақстан мемлекеті дамуындағы Президенттің қолтаңбасы мен позициясы халыққа қанағаттанарлық сезім серпінін туғызды.
Ел халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен адам факторын Елбасы бірінші орынға қойып отыруды өзінің басты мақсат-мұраты санады. Сонда ғана ілгерілеу болатынын атап көрсетті. Өмір өзі дәлелдеп бергендей, солай болды да. Қазақстан өтпелі кезеңдегі дағдарыстан шырмалып қалмай, тез шығып, дамудың сара жолына түсті. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды құрудың жасампаз үдерісі басталды. Биылғы Президенттің Болашақтың іргесін бірге қалаймыз! атты Жолдауын да Қазақстан халқы асқан ризашылық сезіммен қабылдап, қолдап, қуаттау үстінде. Елбасымыз бұл Жолдауында Қазақстанды көркейтудің және мемлекеттілікті нығайтудың жаңаша алға басудың ілгерілеу сатыларын анықтап, айғақтап берді. Кемелді келешегіміздің кеңістігіне жол сілтеді.
Тәуелсіздігіміз бастау алған жылдарда Қазақстан әлемдегі ең кедей мемлекеттер қатарында болса, қазір еліміз орта дамыған елдердің алдыңғы қатарына орнығуға қол жеткізді. Оның нақтылы нәтижесін мынадан-ақ көруге болады. Жиырма жылда Қазақстан сияқты ішкі жалпы өнімін 12 есеге арттыра алған мемлекеттер жоқтың қасы екендігін сарапшылар жарыса жазуда. Алдағы уақытта өндірістің, шикізаттың сипатын жеңе отыра, еліміздің нағыз бәсекеге қабілетті мемлекетке айнала алатындығына әлем сарапшылары ешқандай да күдік келтірмей, сенімді қарайды.
1991-1996 жылдары Қазақстан барлық экономикалық көрсеткіштері бойынша кері кету деңгейінде болса, ал 1997 жылдан бастап өрлеу, өркендеу жолына түсті. Сол жылы еліміз 15 млрд. АҚШ доллары көлемінде ішкі жалпы өнімін өндірсе, бұл көрсеткіш 2005 жылы 56 млрд. доллар, ал 2010 жылы 150 млрд. доллардан асқан. Осы мерзім ішінде елдегі жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім көлемі 1997 жылы 1100 доллар, 2005 жылы 3900 доллар, ал 2010 жылы 9000 долларға жеткен. Бұдан біз еліміздегі сөз бен істің бірлігіндегі қабысып тұрған серпінді іс-қимылға анық көз жеткізе аламыз.
Халықтың әл-ауқаты мен мемлекеттің қуатын айғақтайтын негізгі көрсеткіштердің еселеп артуы Елбасы мен оның командасының ғылыми негізделген, өмір өзгерістеріне сәйкес келетін саясатының нәтижесі деп білеміз. Саяси шаралардың ең маңыздысы және Қазақстанның саяси өміріне әрі оның өркениет жолымен жылжуына ерекше ықпалын тигізетін рухани күш - Президенттің жыл сайынғы ел халқына Жолдауы. Әрбір Жолдаудың өз ерекшеліктері бар. Олар мемлекет алдындағы өзекті тағдырлық мәселелерге байланысты өзгеріп отырады. Ал барлық жолдауларды біріктіретін негізгі идея біреу. Ол - Қазақстан мемлекеттілігін нығайту, елді дамыған өркениетті мемлекеттер қатарына қосу.
Әр жылдардағы Президент Жолдауы Қазақстан шешіп жатқан және шешуге тиісті мәселелердің айнасы іспеттес. Жолдаулар қоғамдық қатынастардың негізгі салаларын түгел дерлік қамти отыра, оларды дамытудың және жаңартудың жолдарын анықтап берді. Сонымен қатар әр жылғы Жолдауда елдің дамуының ты­нысын ашатын, дамуға себепкер болатын жаңа, тың міндеттер күн тәртібіне қойылумен қатар, ойдағыдай орындалған істерге халық алдындағы берілген есеп және атқарылуға тиісті істердің жоспары ретінде де қарастыруға болады.
Биылғы Жолдауда Қазақстан әлемдегі ең белсенді дамудағы мемлекеттер қата­рында екендігі айтылған. Бұл - бүкпесі жоқ шындық. Қазақстан экономикасы 20 жылда 4 есеге жуық дамыған. Ал, дағдарысы тереңдеген 1994 жылмен салыс­тырсақ, бұл көрсеткіштің 12 есеге өскенін көреміз. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы экономикалық дамуының көрсеткіштері Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея, Польша, Венгрия сияқты қарқынды дамыған елдерден де асып түсіп отыр. Көптеген сарапшылар Қазақстанды даму қарқыны жағынан әлемдегі 220 мемлекеттің арасында ең озық орында тұрған мемлекет деп есептейді.
Қазақстанның экономикалық жаңаруы жылдамдықпен жүргізілетін индустриялық-инновациялық даму саясаты арқасында еселене түседі деп күтілуде. 2010 жылы басталған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын орындау барысында 152 жаңа кәсіпорын іске қосылып, 24 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылса, алдағы үш жылда қосымша 294 жаңа инвестициялық жобалар іске асырылатыны жоспарлануда. Оның нәтижесінде 161 мың тұрақты жаңа жұмыс орны ашылмақ. Мұның өзі қаншама халықты кіріптарлық мұқтаждығынан шығарып, әлеуметтік жағынан жан-жақты қамтамасыз етеді.
Биылғы Жолдауында Президент ауыл шаруашылығына ерекше ықыласпен көңіл бөлді. Еліміз аграрлық ел екені белгілі. Аграрлық саланы нарықтық жүйеге көшіру, жалпы экономикалық дағдарыс ауыл экономикасының күрт төмендеуіне әкелгені белгілі. Еліміздің экономикасын көтеруде, әлемдік экономикаға кіруде ауыл шаруашылығын көтерудің маңызды рөлін ескерген Президентіміз 2000 жылғы халыққа Жолдауында елімізде қалыптасқан экономикалық ахуал ауылды көтеруге мүмкіндік беретінін, ауылды қаржылық қолдау керектігін атап, ауылды көтерудің үш жылдық бағдарламасын бекітті. Осы бағдарламаны іске асыру нәтижесінде ауыл шаруашылығында өндірілетін өнімдер көлемі қысқа мерзімде қарқынды түрде дамыды, азық-түлікке ішкі сұраныс негізінен отандық өніммен қамтамасыз етілді.
Президентіміздің ауылды көтеруге арналған сол бағдарламасында - ауылды көтеру елімізде жалпы экономиканы дамытуға мультипликативті ықпал беретінін, ауылшаруашылық өнімдері көлемінің ұлғаюы, оны қайта өңдейтін саланың дамуына, ауыл шаруашылығы мен қайта өндеу кәсіпорындарын материалдық ресурстармен жабдықтайтын салалардың дамуына оң әсер ететінін атап, ауылда орта және ірі тауарлы шаруашылықтардың санын көбейту талаптарын белгілеген еді. Осы ұсыныстары мен қойған талаптарын, әлемдік экономиканың даму қағидалары тұрғысынан сараптағанда, ғылыми негізделгенін, өміршеңдігін көре аламыз. Ауылды көтеруге арналған бағдарламаның орындалуы, ауылда орын алған оңтайлы өзгерістер соның дәлелі боларлық.
Биылғы Жолдауда ауыл шаруашылығын бұдан бұрын белгіленген бағытта да­мытумен қатар, мал шаруашылығын көтеруге ерекше назар аударылған. Ол орын­ды. Еліміздегі жайылымды жердің көлемі, етке деген сұраныс ауылды дамытуға ауыз толтырып айтарлық әсерін тигізеді.
2016 жылы ет экспортын 60 мың тоннаға жеткізу белгіленген, мұның құны 4 млн. тонна бидай экспортына тең. Бұл мақсаттың орындалуына байланысты 130 млрд. теңгелік несие ресурстарын бөлу қарастырылған. Бұл қарастырылған шаралар бір жағынан ауылдық жерлерде қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берсе, екінші жағынан ауыл тұрғындарының кіріс көзіне айналады. Мұның өзі малдың барлық түрінің асыл тұқымдарын және бас санын көбейтуге мүмкіндік береді.
Университет ұжымы Президентіміздің ауылды көтеруге байланысты белгілеген биік мақсаттарының орындалуына талап тұрғысынан өз үлестерін қосуда. Бірінші - университетте сапалы білім беру, бәсекелестік қабілеттілігі жоғары мамандар даярлау басты міндет деп белгіленіп, осыған қол жеткізуде үлкен шаралар атқарылды: білім беруде заманауи инновациялық технологиялар игерілді, оны ғылым және өндіріспен тығыз байланыстыру жүйесі қалыптасты, дамыған елдердің озық оқу орындарымен тығыз байланыс орнады. Атқарылған шаралар білім беру сапасын жоғары сатыға көтеруге мүмкіндік берді.
Республикамыздың асыл тұқымды шаруа қожалықтарында жүргізілген зерттеу­ердің нәтижелері басқа шаруашылықтарда мал басының жоғары өнімділік сапасын көбейтуге мүмкіндік берді. Республикадағы мал басының жалпы жоғары генетикалық әлеуетіндегі асыл тұқымды малдардың үлес салмағы артты.
Аталған жетістіктерді өндірісте кеңінен қолдану ауыл шаруашылығында ин­новациялық технологияны пайдалану ауқымын ұлғайтып, оның өсіп, дамуын арттыра түсті. Мысал ретінде айтсақ, егіс шаруашылығында көкөніс өнімділігін еселеп көтеруге қол жеткізілуде. Ірі қара мал өсіру саласында асыл тұқымды мал зауыттарында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде әр сиырдан сауатын сүт өнімд­ілігі 5000-6000 кг. деңгейіне көтерілді.
Ғалымдарымыз республикамыздың әр аймақтарындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларымен тығыз байланыста 26 инновациялық жобалардың нәтижелі іске қосылуына ғылыми көмек беруде. Солардың ішінде Батыс Қазақстан облысында мал бордақылайтын, әр облыстарда ұйымдастырылып жатқан сүт өндірумен айналысатын кәсіпорындар, Алматы облысында түрлі кластерлер құру жобаларын атауға болады.
Өткен жылдың 15 қарашасында Елбасы Н.Назарбаев университет ғалымдарының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен терең ынтамен танысып, жоғары баға берді. Ол бір жағынан Елбасының ауыл шаруашылығына, осы салаға қызмет атқаратын білім мен ғылымға деген ерекше назарының белгісі болса, екінші жағынан кемеңгер басшының іскерлігінің белгісі екенінің көрінісі. Осыны жоғары бағалаған университет ұжымы ғылым және білімді дамытудағы қойған міндеттерін мінсіз атқаруға бар мүмкіндіктерін пайдалануда.
Мемлекет басшысы қазір шетелдің технологиясына тәуелді болып отырғаны­мызды, одан құтылудың жолын қарастыру керектігін, өзіміздің отандық өн­дірісімізді жүйелі дамыта отырып, жаңа технологияларға қол жеткізудің маңызын, мұндай кезеңдерден Финляндия, Оңтүстік Корея, Норвегия мемлекеттері қысқа мерзімде шыққанын айтып, Үкіметке нақты міндеттер жүктеді. Елбасының ұсыныстары ғылымның дамуын өмір талабына сай ұйымдастыруға, ғалымдарды нақтылы жетістіктерге, нәтижелі жаңалықтарды алуға ынталандыруға бағытталған. Ол еліміздің жарқын келешегіне жол ашады. Осы тұрғыдан бағалағанда, зерттеу университеттерін қалыптастыру туралы шешім өте орынды.
Елбасымыздың экономиканы әртараптандыру жөніндегі талаптары Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуына жол ашты. Онда, сөз жоқ, оның түп-төркіні ғылыми негізде жатыр. Қазақстанның 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясында ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісі жеті басым бағыттың қатарына енгізілген. Отандық өнім өндіру арқылы еліміздің азық-түлік тәуелсіздігі қамтамасыз етілмек.
Нұр Отан ХДП бұдан бір жарым жыл бұрын болған ХІІ съезінен кейін Ақордада өткен Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысында Елбасының Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету - еліміздің стратегиялық міндеті. Оны алдағы он жылда шешеміз. Біз аграрлық кешенді тұңғыш рет бірінші орынға қойып отырмыз деген тұжырымы ауылдың қарқынды дамуының, оның бәсекелестік дең­гейін арттырудың бастамасына айналды.
Соның көрсеткіштерінің бірі университетімізде ауыл шаруашылығы кешені өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігінің ұлттық орталығы жасалуда. Бұл орталықтың негізгі іргетасы Қазақстан - Жапония инновациялық орталығы. Бұл орталықта аса дәлдікпен және жылдам арада ауыл шаруашылығының өнімдерінің, азық-түліктің барлық түрлерінің құндылығы, адам ағзасына пайдасы мен зиянды жақтары анықталады. Орталық қызметінің ауыл шаруашылығы кешенін ғылыми тұрғыдан дамытуға, ел халқының денсаулығын сақтауға қосатын үлесі аса зор. Қазақстан - Жапония орталығындағы қондырғылар әлемдегі ең озық техникалар қатарында. Бұл университеттің Күншығыс елімен ынтымақтастық бағдарламасы бойынша орындалды. Қондырғыларды біздің мамандар Жапония мамандары көмегімен орнатып, меңгерді.
Осы орталықпен тығыз байланыста 31 зерттеу зертханалардың жұмыстары ұйымдастырылған. Олардың 6 зертханасы агробиология және экология, 11 зертханасы - анималогия, 4 зертханасы - АӨК экономикасы мен табиғат ресурс­тары, 2 зертханасы - орман биоценологиясы, 2 зертханасы - азық-түлік қауіп­сіздігі, 3 зертханасы - су ресурстары және табиғатты пайдалану, 5 зертханасы жаңа техника мен техникалық құралдар сияқты ауыл шаруашылығы кешенінің түрлі сегменттерін зерттеумен және үйлестірумен айналысады. Ғылыми зертханалар 1998-2010 жылдар арасындағы 144 ғылыми жұмыстар жөніндегі келі­сім-шарттарға қол қойды. Соның 31-і Еуропа елдерімен, 37-і Азия елдерімен, 61-і ТМД елдерімен және 15-і Америка және Океания елдерімен жасалды.
Атап айтқанда, Германияның Вайнштефан университеттерімен біріккен қос дипломдық магистрлық курс жүзеге асырылып, шетелдік экономиканы басқару, инновациялық технологияларды және ғылыми зерттеулерді жүргізу бойынша жаңа әдістерді меңгерген 59 магистр оқуларын табысты бітіріп шықты. Бұл курсты Германияның тәуелсіз аккредитациялық комиссиясы заңдастырып, біздің елдің дипломымен қоса, өздерінің дипломын, сертификатты бітірушілерге салтанатты түрде тапсырды. Халықаралық ТЕМPUS, Эрасмус Мундус жобалары бойынша біз Голландия, Польша, Австрия, Германия, Испания, Бельгия, АҚШ, Венгрия және Ресей аграрлық университеттерінің оқу үрдісімен, тәжірибелерімен терең таныстық. Соның негізінде біздегі оқу сапасына баға берудің өзіндік жүйесі жасалды.
Мұндай аумақты деңгейдегі ғылыми зерттеулерді жүргізу ҚазҰАУ-ға Елбасы күн тәртібіне қойған зерттеу университеті дәрежесіне көтерілуіне мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Зерттеу университеті болу үшін ұжымның ғылыми-кадрлық әлеуеті де жеткілікті деп айта аламын. Қазір 10 мыңнан астам студентке, магистрлер мен PhD докторанттарға 210 ғылым докторлары (оқытушылар құрамының (34 пайыз), 363 ғылым кандидаттары (60 пайыз) сабақ берсе, ҰҒА 37 академигінің (6 пайыз) еңбек етуі зор табыс деп білемін. Университет профессор-оқытушылар құрамы 39 кафедрада шоғырланған. Ол кафедралардың түрлі зерттеу институттарында 52 филиалы және 534 тәжірибелік базалары бар. Егер 2008 жылы университет ғалымдары 126 миллион теңгенің ғылыми-зерттеулерін жүргізсе, 2010 жылы бұл көрсеткіш 228 млн. теңгеге жетіп отыр.
Өзінің ғылыми, әдістемелік, тәжірибелік, материалдық және кадрлық ресурстарын бағамдай келе, университеттің ғылыми кеңесі ҚазҰАУ-дің 2011-2015 жылдарға арналған аграрлық зерттеу университетін дамыту бағдарламасын бекітті. Ондағы мақсат - ғылыми-техникалық үдеріс жаңалықтарын ауыл шаруашылығы кешеніне жылдам және тиімді енгізу, оқу үрдісін ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметтің барлық түрлерімен ұштастыру арқылы кадрлар даярлау сапасын жақсарту, агроөнеркәсіп кешеніне қажетті ғылыми зерттеулерді озық әлемдік жетістіктер деңгейінде ұйымдастыру арқылы Қазақстанның ауыл шаруашылығының жылдам жаңаруына негіз болу.
Жолдаудың ерекшелігі, оның нақтылығында. Президент алдағы уақытта шешілетін мәселелерді маңыздылығы бойынша саралап, сатылап нақты көрсетіп отыр. Мысалы, қазір елдің жинақтаушы қоры 60 миллиард долларға жетті. Ел экономикасына шетелдің 120 миллиард доллар көлеміндегі инвестициялары тар­тылды. Осы шаралар арқасында өндірістің дамуымен бірге бюджет саласының қызметкерлерінің жалақысы мен студенттер стипендиясы 1 шілдеден бастап 30 пайызға өсірілмек. Зейнетақылар 1 қаңтардан бастап 30 пайызға өсірілді. Зей­неткерлердің мұндай қамқорлыққа деген ризашылықтары шексіз.
Әлеуметтік мәселелердің шешімін жылдамдату, яғни әлеуметтік жаңғырту - алдағы кезеңнің маңызы міндеттерінің бірі деп көрсетілген Жолдауда. Президент Қазақстан халқының материалдық әл-ауқатының үздіксіз өсуін әлеуметтік саясаттың ең маңызды басымдылығы деп есептейді. Қазақстан халқы осы үшін Ұлт Көшбасшысын қадірлейді және оның саясатын зор ынтамен қолдайды. Бұл құбылыстан Елбасы мен халықтың мүдделерінің және мақсаттарының үндестігін көреміз. Халықты ұйытатын дұрыс және әділ саясат.
Әлеуметтік дамудың және экономикалық жаңартудың тіректері: бостандық, бірлік, тұрақтылық және гүлдену. Аталған жалпыазаматтық құндылықтарды сипаттайтын парадигмалар Қазақстанның саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани және экономикалық жаңаруына жағдай жасайды. Себебі, әрбір қазақстандық өмірі мен болашағының ойдағыдай болуы елдің бостандығына, онда тұратын халықтардың өзара түсінісіп бірігуіне, елдегі саяси және этникалық тұрақтылыққа тәуелді. Бостандық, бірлік, тұрақтылықты қамтамасыз ете отыра Қазақстан өзінің ұдайы өркендеуін, немесе гүлденуін қамтамасыз ете алады. Осы өзара терең философиялық байланыстағы парадигмалар Қазақстан халқының тіректі құндылығына айналды. Бұл құндылықтарды ел дамуының принциптеріне толық айналдыру үшін Қазақстан қоғамның жаңа кезеңіне сай келетін әлеуметтік жаңғыртуды жүзеге асыратын жаңа әлеуметтік саясат керек, деп есептейді Президент.
Әлеуметтік дамудың негізгі бағыттары: білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік тілді дамыту. Әсіресе, мемлекеттік тілдің топтастырушылық және біріктірушілік әлеуетін пайдалануға ерекше назар аударылды.
Мемлекеттік тілді дамыту мәселесі ел дамуындағы түйінді мәселелердің бірі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Портфолио және оны даярлау жолдары
Жаһанданудың Қазақстан мәдениетіне тигізер әсері қандай?
Дене тәрбиесі сабағында оқушылардың дене мүмкіндіктерін шыңдау
Қазақстан Республикасындағы тәуелсіздік декларациясының қабылдану сипаты
Молекулалық биологияның жетістіктері
Маңғыстау математиктерінің еңбектері мен жетістіктері
Қазақстанның сыбайлас жемқорлықпен күрес жолындағы жетістіктері мен әлсіз тұстары
Әлемнің жетекші спортшыларының нәтижелеріне талдау жасау
Көтермелеу шараларын қолданудың тәртібі
Өсімдіктер, жануарлар мен микроағзалар селекциясы. Селекцияның генетикалық негіздері
Пәндер