Макроэкономикалық көрсеткіштер туралы ақпарат



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. МАКРОЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

1.1 Макроэкономика пән ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.2. Макроэкономиканың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

2. МАКРОЭКОНОМИКАДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ШОТТАР ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ
2.1 Ұлттық шоттар жүйесінің макроэкономикалық көрсеткіштері ... ... .10
2.2 Ұлттық шоттар жүйесінің өзге де көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ...13
3.БАҒА ДЕҢГЕЙІНІҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
3.2.Баға деңгейінің әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23.25
Макроэкономика экономикада кең қолданылатын ғылыми танымның аймағын қамтиды.
Макроэкономиканы зерттеу өзін экономиааны кәсіптік зерттеуге арнағандарға да, сондай-ақ экономист болуды жоспарламағандарға да қажет. Ол экономикалық теорияға мүдделілер және өз білімін жүйелендіру мен тереңдетуге ұмтылушылардың барлығына да пайдалы болары сөзсіз.
Макроэкономика шетелдерде түрлі ғылыми бағыттардың бір-бірімен ой-пікір таластауының арқасында дами отырып, мазмұнын кеңейте түсті.
Макроэкономика-бұл ұлттық экономиканың жағдайы мен негізгі үрдістерін, оның шетел экономикасымен өзара әрекетін зерттеп, зерделейтін ғылым.
Макроэкономиканың негізгі субъектілері немесе агенттері: фирмалар, үй шаруашылығы, мемлекет, шетелдік сектор.
Макроэкономика барлық ұлттық экономиканың негізгі үрдістерін зерделейді. Ол жекелеген экономикалық құрылымдарды ғана қарастыратын микроэкономикадан осы жағымен айрықшаланады.
Макроэкономикада оның негізгі көрсеткіштері орасан зор роль атқарады.
Реттеу мақсатында экономиканың жағдайын талдау, оның жұмыс істеу тиімділігін бағалау және мемлекеттік саясатты жүргізу үшін Ұлттық шоттар жүйесінде есептелетін және жүйеленетін өзара байланысты макроэкономикалық көрсеткіштердің кешенді жүйесі әзірленді. Оны көптеген елдер қабылдады және БҰҰ статистикасында пайдаланды.
Менің бұл курстық жұмысым макроэкономиканың негізгі көрсеткіштеріне арналмақ. Курстық жұмыс үш бөлімнен , төрт тармақшадан, кіріспе, қорытынды, қосымша материалдардан құралады.
Бірінші бөлімінде -макроэкономика ғылымының пән ретінде алатын орнын, түсінігі, қызметі, мақсаты қарастырылған. Яғни, макроэкономикалық талдау нақтылы жағдайларды сипаттаумен ғанашектеліп қалмай, жалпы басым үрдістік құбылыстарды анықтауды, жалпы нәтижелерді сан және сапа тұрғысынан бағалауды мақсат тұтады. Осылайша, макроэкономикалық талдаудағы негізгі тәсілдердің біріне біріктіру тәсілі жатады, яғни көптеген экономикалық ахуалдар мен фактілер біріктіріледі және қорытындылайды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Ж. Серікбаева «Қаржы және қаражат» № 3, 2004ж
2. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер. Алматы: экономика 2001ж
3. Көшенова Б. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары. Алматы, 2002ж.
4. «Қаржы - қаражат» журнал № 9/10, 2000ж
5. Сахариев С. С «Әлем экономикасы» Алматы, 2003ж
6. Основные направления единой государственной денежно-кредитной политики на 1999 / Деньги и кредит. – 2004, №12.
7. Ілиясов К. К «Қаржы»Алматы, 2005ж
8. Добрынин И.А. Экономическая теория. Санкт-Петербург: Питер, 2001г.
9. Жүнісов Б., Мәмбетов Ұ., Байжомартов Ү. Нарықтық экономика негіздері. Алматы, 1994ж.
10. Маманов С.Н «Экономикалық статистика» Алматы,
11. Макроэкономика,тоқу құралы, Әбішев.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Экономика және информатика факультеті

ТАҚЫРЫБЫ: Макроэкономикалық көрсеткіштер

Орындаған:
Тексерген:

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. МАКРОЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

1.1 Макроэкономика пән
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.2. Макроэкономиканың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .8

2. МАКРОЭКОНОМИКАДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ШОТТАР ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ
2.1 Ұлттық шоттар жүйесінің макроэкономикалық көрсеткіштері ... ... .10
2.2 Ұлттық шоттар жүйесінің өзге де
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... .13

3.БАҒА ДЕҢГЕЙІНІҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ
КӨРСЕТКІШТЕРІ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..23-25

Кіріспе

Макроэкономика экономикада кең қолданылатын ғылыми танымның аймағын
қамтиды.
Макроэкономиканы зерттеу өзін экономиааны кәсіптік зерттеуге
арнағандарға да, сондай-ақ экономист болуды жоспарламағандарға да қажет. Ол
экономикалық теорияға мүдделілер және өз білімін жүйелендіру мен
тереңдетуге ұмтылушылардың барлығына да пайдалы болары сөзсіз.
Макроэкономика шетелдерде түрлі ғылыми бағыттардың бір-бірімен ой-
пікір таластауының арқасында дами отырып, мазмұнын кеңейте түсті.
Макроэкономика-бұл ұлттық экономиканың жағдайы мен негізгі үрдістерін,
оның шетел экономикасымен өзара әрекетін зерттеп, зерделейтін ғылым.
Макроэкономиканың негізгі субъектілері немесе агенттері: фирмалар, үй
шаруашылығы, мемлекет, шетелдік сектор.
Макроэкономика барлық ұлттық экономиканың негізгі үрдістерін
зерделейді. Ол жекелеген экономикалық құрылымдарды ғана қарастыратын
микроэкономикадан осы жағымен айрықшаланады.
Макроэкономикада оның негізгі көрсеткіштері орасан зор роль атқарады.
Реттеу мақсатында экономиканың жағдайын талдау, оның жұмыс істеу
тиімділігін бағалау және мемлекеттік саясатты жүргізу үшін Ұлттық шоттар
жүйесінде есептелетін және жүйеленетін өзара байланысты макроэкономикалық
көрсеткіштердің кешенді жүйесі әзірленді. Оны көптеген елдер қабылдады және
БҰҰ статистикасында пайдаланды.
Менің бұл курстық жұмысым макроэкономиканың негізгі көрсеткіштеріне
арналмақ. Курстық жұмыс үш бөлімнен , төрт тармақшадан, кіріспе, қорытынды,
қосымша материалдардан құралады.
Бірінші бөлімінде -макроэкономика ғылымының пән ретінде алатын орнын,
түсінігі, қызметі, мақсаты қарастырылған. Яғни, макроэкономикалық талдау
нақтылы жағдайларды сипаттаумен ғанашектеліп қалмай, жалпы басым үрдістік
құбылыстарды анықтауды, жалпы нәтижелерді сан және сапа тұрғысынан
бағалауды мақсат тұтады. Осылайша, макроэкономикалық талдаудағы негізгі
тәсілдердің біріне біріктіру тәсілі жатады, яғни көптеген экономикалық
ахуалдар мен фактілер біріктіріледі және қорытындылайды.
Екінші бөлімде макроэкономиканың негізгі көрсе ткіштері берілген.
-Ұлттық шоттар жүйесінің көрсеткіштері
-ұлттық шоттар жүйесінің өзге де көрсеткіштері
Ұлттық шоттар жүйесінің басты көрсеткіші-жалпы ішкі өнім. Жалпы ішкі
өнім дегеніміз-өндірістің барлық факторы бойынша белгілі бір уақыт
аралығында ел экономикасында өндірілген түпкілікті тауарлар мен қызмет
көрсетулердің нарықтық құны.
Ал, жалпы Ұлттық табыс-ел резиденттері мен бейрезиденттер алатын жалпы
бастапқы табыстың айырмашылығы.
Жалпы бастапқы табыс-өндіріс факторларынан түсетін жалпы табыс және
өндіріс пен импортқа салынатын салықтан түсетін мемлекет табысы. Бұл
нарықтық бағаның элементі болып табылатын жанама салықтар, бейфакторлық
табыс және т.б.
Үшінші бөлімде -баға деңгейінің макроэкономикалық көрсеткіштері
жайында сөз қозғалады.
Яғни, мұнда баға әсерін ескеру үшін баға индексі есептеледі. Ол
экономикадағы бағаның орташа өзгерісін анықтауға арналған. Барлық баға
индексі әрбір тауардың саны бойынша өлшенген көрнекілікті тауарлар жиыны
құнының өзгерісін сипаттайды.

2. МАКРОЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

1. Макроэкономика пән ретінде

Экономикалық қызметтің нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беретін
статистикалық мәліметтердің макроэкономикалық талдауы мәселелерді анықтай
отырып, оларды шешу үшін экономикалық саясатты әзірлейді, сондай-ақ әр
елдің экономикалық әлеуетіне салыстырмалы түрде талдау жүргізеді. Бұл-
макроэкономиканың позитивтік функциясы.
Экономикалық саясат үшін ұсынымдарды әзірлеуден, сондай-ақ
экономикалық құбылыстардың даму зыңдылығын және олардың арасындағы себеп-
салдар байланысын анықтауға мүмкіндік беретін экономикалық үдерістер мен
құбылыстарды болжап, жетілдіруден тұратын оның нормативтік функциясының да
маңызы зор. Нормативтік және позитивтік функциялардың арасында байланыстың
бары өзінен-өзі түсінікті: позитивтік зерттеу неғұрлым объективті және
терең жүргізілсе, әзірленетін ұсынымдар солғұрлым орнықты әрі сенімді
болмақ.
Макроэкономика-бұл ұлттық экономиканың жағдайы мен негізгі үрдістерін,
оның шетел экономикасымен өзара әрекетін зерттеп, зерделейтін ғылым.
Макроэкономиканың негізгі субъектілері немесе агенттері: фирмалар, үй
шаруашылығы, мемлекет, шетелдік сектор.
Макроэкономика барлық ұлттық экономиканың негізгі үрдістерін
зерделейді. Ол жекелеген экономикалық құрылымдарды ғана қарастыратын
микроэкономикадан осы жағымен айрықшаланады.
Макроэкономикалық талдау нақтылы жағдайларды сипаттаумен ғана шектеліп
қалмай, жалпы басым үрдістік құбылыстарды анықтауды, жалпы нәтижелерді сан
және сапа тұрғысынан бағалауды мақсат тұтады. Осылайша, макроэкономикалық
талдаудағы негізгі тәсілдердің біріне біріктіру тәсілі жатады, яғни
көптеген экономикалық ахуалдар мен фактілер біріктіріледі және
қорытындылады. Егер белгілі бір уақыт аралығындағы біріктірілген
экономикалық көрсеткіштердің өзара байланысын қадағалайтын болсақ, онда
барлық ұлттық экономикадағы өзгерістердің бағыты туралы пікір білдіруге
мүмкіндік беретін азды-көпті тұрақты сипатқа ие үрдістер анықталады.
Экономикадағы жалпы үрдістерді анықтау макроэкономикалық талдаудың
қажетті кезеңі болып табылады, алайда ол түпкілікті кезеңі емес. Анықталған
нәтижеге ықпалын тигізген үрдістер мен факторлардың пайда болу себептерін
анықтаудың негізгі әдістерінің бірі болып табылады.
Кез-келген экономикалық зерттеу фактіге негізделеді. Олай болмаған
жағдайда ол шынайы болмайды. Алайда, бұл фактілердің өзін білікті жіктеу,
жүйелеу және жиынтықтау қажет. Мұнымен экономикалық статистика айналысады.
Олардың қызмет нәтижесі макроэкономикалық талдау үшін баға жетпес көмекші
құрал болып табылады.
Нақты материалдар мен анықталған үрдістерді талдау негізінде
экономикалық үлгілер жасалады. Графиктердің, формулалардың немесе басқадай
тәсілдердің көмегі арқылы экономикалық үдерістер мен нәтижелер көрініс
табады.
Экономикалық үлгілердің мазмұны онда ескерілген факторларға және
өзгермелілер үлгісінде қамтылған байланыстардың сипатына немесе
факторлардың нақтылығына байланысты. Әрине, бірде-бір үлгі экономикадағы
атқарымдық байланыстардың бүкіл қыр-сырын баламалы түрде ашып көрсете
алмайды. Алайда, экономиканы үлгілеу оның жағдайын бағалауда, болжамдар мен
ұсынымдарды жасауда айрықша маңызды орын алады. Үлгілеу макроэкономикалық
талдаудың бір әдісі болып табылады.

1.2. Макроэкономиканың ерекшеліктері

Макроэкономика экономикалық теорияның өзге жақтарымен, ең алдымен
микроэкономикамен тығыз байланысты. Алайда, оның мультипликативтік және
синергетикалық әсерлермен байланысты өзгешеліктері бар. Макроэкономика
пәнінің ерекшелігіне мультипликативтік әсер жатады. Оның мәні мынада:
экономикадағы өзгерістердің түпкі нәтижесі қосымша шығыстар мен депозиттер
арқылы жүзеге асырылған бастапқы импульстің шамасынан көп есе асып түседі.
Кейбір аса маңызды макроэкономикалық үдерістердің пайда болу көздерін
анықтау әрі талдау оңайға түспейтін факторлардан туындайды. Синергетикалық
әсер беретін экономикалық үдерістер арасындағы тікелей және кері
байланыстар жүйесі макроэкономикалық теориялар мүддесінің аясынан табылады.

Макроэкономикалық талдаудың негізгі мәселесі ретінде, әдетте, ұлттық
өндірістің серпіні, жұмыспен қамту мен жұмыссыздық және инфляция деңгейі
бөліп көрсетіледі.
Өндіріс және жұмыспен қамту саласындағы өзгерістер бір-бірімен өзара
тығыз байланысты. Ұлттық өндірістің өсуі факторларының жиынтығын талдау-
макроэкономиканың аса маңызды міндеті, өйткені экономикалық өсу-бұл барлық
әлеуметтік-экономикалық мәселелерді, соның ішінде экономикамен байланысы
жоқ білім беруге , денсаулық сақтауға, мәдениетке қатысты мәселелерді
шешудің негізі.
Ұлттық экономикадағы өзгерістерді өлшеу айрықша қиындық тудырады. Мұнда
макроэкономика, жоғарыда айтылып кеткендей, Ұлттық шоттар жүйесі бойынша
экономикалық қызметтің нәтижелеріне қатысты көрсеткіштер есептелетін
экономикалық статистикаға жүгінеді.
Ұлттық экономиканың қызмет нәтижесіне қатысты ең кеңінен тараған
көрсеткішке ЖІӨ көрсеткіші жатады. ЖІӨ-нің абсолюттік көрсеткіші бойынша
экономика ауқымында талдауға мүмкіндік бар, алайда ел тұрғындарының әл-
ауқаты мен оның деңгейі жайлы ештеңе айта алмайсыз. Аталмыш мақсат үшін
халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіші және басқадай көрсеткіштер
пайдаланылады.
ЖІӨ серпінімен макроэкономиканың тағы бір көрсеткіші байланысты, ол-
жұмыспен қамтылу. Позитивтік, әсіресе нормативтік тұрғыдан келсек,
макроэкономикалық талдау үшін және экономикалық саясатты әзірлеу үшін
жұмыспен қамтылудың маңызы зор. Бұл мәселе экономикасы әлеуметтік бағыттағы
елдер үшін шешуші мәнге ие.
Жалпы ұлттық өндіріс пен жұмыссыздық динамикасы өзара тығыз байланыста
және кері байланыста болады. Нарықтық экономикада өзгерістер кезеңдік
сипатқа ие.
Қысқа мерзімді сипатқа ие іскерлік кезеңі, экономикалық кезең және ұзын
толқын деп бөліп көрсетіледі. Іскерлік кезең үдерісі жалпы жоғары үрдісті
қысқа мерзімді ауытқулармен сипатталады. Циклдер кезеңдерді симметриялық
ауытқу нүктелерімен бөледі. Қысқа мерзімді ауытқу әдетте жағдаяттық
сипаттағы факторлармен байланысты: табиғи ресурстардың әлемдік бағасы,
қаржы дағдарысы, табиғи-климаттық аномалия және т.б.
Экономикалық кезең өндірістің құлдырауын тудыратын, сондай-ақ
экономиканың тоқырауына, жандануы мен өрлеуіне себеп болатын факторлар
кешенінің ықпалымен байланысты. Олар өндірістің байыпты құрылымдық
ілгерілеуімен және технологиялық жаңартулармен ілесе жүреді. Экономикалық
динамиканың ұзын толқындары он жылдарды қамтиды, әрі өзіне іскерлік және
экономикалық кезең қатарларын қосады. Ұзын толқындардың материалдық негізі
жаңа буын технологияларына көшу болып табылады. Билік немесе мемлекет
басшылары сайлауы кезеңімен байланысты іскерлік саяси циклді ерекше бөліп
көрсету қабылдаған.
Келесі ірі макроэкономикалық мәселе инфляция болып табылады. Бұл-
бағалардың жалпы деңгейінің тұрақты өсуі. Инфляция барлық ұлттық
экономиканың, оның негізгі құрылымы мен азаматтары зиян шегетін күйреткіш
вирус болып табылады. Одан көбінесе тіркелген табысы мен осы мәмілеге
тартылған активтерінің кірістілігін түзетуге құқықсыз ұзақ мерзімді
мәмілелер барлар зиян шегеді.
Жоғарыда аталған мәселелермен макроэкономика пәні сарқылмайды. ЖІӨ
деңгейі, инфляция, жұмыссыздық) макроэкономика пәні сарқылмайды. ЖІӨ
серпіні және жұмысымен қамтуда экономиканың нақты секторы мәселелерінің
біртұтас шлейфі: ресурстар бағалары, инвестициялар, жиынтық тұтыну,
қорлану және т.б. байланысты. Ерекше орынды пайыздық мөлшерлеме,
біріктіруші нақты және қаржылық секторлар алады. Оның үстіне қазіргі
заманғы макроэкономика ұлттық экономиканың шет елдермен атқарымдық
байланыстарын зерттейді, валюта бағамы, төлем балансы болып табылатын
маңызды мәселелер қарастырылады.
Макроэкономикалық талдаудың тағы бір ерекшелігі болып келесі
көрсетіледі. Макроэкономиканың нормативті функциясы экономикалық саясатты
әзірлеу мен жүзеге асыруда маңызды орын алады. Позитивті зерттеулер
негізінде үкімет пен Ұлттық банкке ұсынылымдар беріледі.
Талдаудың жалпыұлттық деңгейі макроэкономиканың ел экономикасын
басқарушыларды, саясаткерлерді ғана қызытыруды мүмкін екенін білдірмейді.
Фирмаларды, үй шаруашылығы иелерін және басқа азаматтарды бағалардың
деңгейі, валюта бағамының пайыздық мөлшерлемесі және басқа да параметрлер
қатары тікелей қызықтыруда. Тұтынушылар тауарлық нарықтарда баға деңгейінің
серпіні негізінде, ал инвесторлар-ақша нарығында бекітілген пайыздық
мөлшерлеме негізінде шешім қабылдайды.

2. МАКРОЭКОНОМИКАДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ШОТТАР ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ
2.1 Ұлттық шоттар жүйесінің макроэкономикалық көрсеткіштері
Ұлттық шоттар жүйесінің өзге көрсеткіштері экономикалық қызметтің
нәтижелерін біріктірілген түрде көрсете отырып, экономиканың жағдайы мен
динамикасын, елдің даму деңгейін және қоғаның әл-ауқатын бейнелейді,
сонымен бірге экономиканың жағ,дайын, оның жұмыс істеу тиімділігін талдауға
қажетті ақпараттарды алуға және экономиканы мемлекеттік тұрғыдан реттеуге
қатысты шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
ҰШЖ-ның негізгі көрсеткіші-жалпы ішкі өнім. Ол шығыстар бойынша,
қосымша құн бойынша және табыс бойынша есептелуі мүмкін. ҰШЖ-ның өзге
көрсеткіштерінің қатарына жалпы ұлттық табыс (ЖҰТ), таза ішкі өнім, ішкі
табыс, таза ұлттық табыс, таза ұлттық қолдағы табыс, жеке табыс, жеке
қолдағы табыс.
Реттеу мақсатында экономиканың жағдайын талдау, оның жұмыс істеу
тиімділігін бағалау және мемлекеттік саясатты жүргізу үшін Ұлттық шоттар
жүйесінде есептелетін және жүйеленетін өзара байланысты макроэкономикалық
көрсеткіштердің кешенді жүйесі әзірленді. Оны көптеген елдер қабылдады және
БҰҰ статистикасында пайдаланды. Ұлттық шоттар жүйесі араға белгілі бір
уақыт салып, нақтыланды және жетілдіріледі. Соңғы рет 1993 жылы нақтыланды.
Ұлттық шоттар жүйесінің басты көрсеткіші-жалпы ішкі өнім. Жалпы ішкі
өнім дегеніміз-өндірістің барлық факторы бойынша белгілі бір уақыт
аралығында ел экономикасында өндірілген түпкілікті тауарлар мен қызмет
көрсетулердің нарықтық құны. Оған алдыңғы кезеңде өндірілген аралық
өнімдер мен тауарлардың құны кіреді.
Түпкілікті өнім-түпкілікті тұтынуға және түпкілікті жинақтауға түскен,
яғни одан әрі өңдеуге немесе сатуға арналмаған тауарлар мен көрсетілген
қызметтер.
Аралық өнімдер-өңдеуге немесе қайта сатуға арналған, яғни ЖІӨ
есептелетін кезеңде өзге тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіру үшін
пайдаланылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер. Аралық өнімдердің құны
түпкілікті өнім өндірісінің шығынында ескеріледі. Оны ЖІӨ-ге қайыра қосу
қосарлы шот деп аталатын шоттың пайда болу есебінен оның нақтылы шамасын
көтеруге апарады.
Егер, мысалы, жеміс жаңа піскен күйінде, яғни уылжып тұрған күйінде
тұтынылатын болса, ол түпкілікті өнім болып саналады. Егер жеміс
консервілеріне қажетті шикізат ретінде пайдаланылса, аралық өнім ретінде
қарастырылады. Қандай да бір өнім не аралық немесе түпкілікті өнімге
жатқызылуы мүмкін. Алайда, аралық өнім болып табылатын өнім өндірісінің
нәтижесі көбінесе өндірістің шегінен асып, тікелей тұтынылмайды. Қоғам
өзінің әл-ауқатын арттыратын мүмкіндіктерге назар аударады. Мысалы, көп
бөлігі жоңқаланады, яғни металл өндірісі үшін тұтынылатын игілікті жасауға
көп ресурс жұмсауға тура келеді. Бұдан қоғамның әл-ауқаты арта қоймайды.
Аралық өнімдердің жоғары үлес салмағы-қоғамдық еңбек бөлінісінің
дамығандығын білдіретін көрсеткіш. Алайда, түпкілікті өніммен салыстырғанда
оның деңгейі шамадан тыс болса, бұл шектеулі өндіріс ресурстарының тиімсіз
пайдаланылып жатқанын хабар береді. Ал, бұл өз кезегінде қоғам мүшелерінің
әл-ауқатын жақсарту мүмкіндіктерін кемітеді.
ЖІӨ-қоғам әл-ауқатының көрсеткіші. Сол себепті, аралық өнім оған
кірмейді.
ЖІӨ-түпкілікті тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны және осыған
орай, белгілі бір уақыт аралығында ел резиденттері алған табыстың құны.
Алайда, осы заманғы жағдайда өнімнің бірталай бөлігін ел аумағында
кәсіпорындары бар бейрезиденттер өндіреді, яғни осыған орай олар табыстың
өздеріне тиесілі бөлігін алады. Олар оның экономикасына күрделі қаржы
жұмсалымын салады. Шет елден келген жұмысшылар да жергілікті фирмалардың
кәсіпорындарында жұмыс істейтіндіктен еңбекақы алады. Керісінше, шетелдік
инвестициясы бар немесе өзге мемлекетте жұмыс істейтін ел резиденттері
табысты шет елден алады. Осыған орай ел резиденттері өндірген тауарлар мен
көрсететін қызметтердің құны олардың табыс со масына сәйкес келмейді.
Сондықтан да, ЖІӨ-мен қатар ЖҰТ туралы айту керек.
Жалпы Ұлттық табыс-ел резиденттері мен бейрезиденттер алатын жалпы
бастапқы табыстың айырмашылығы.
Жалпы бастапқы табыс-өндіріс факторларынан түсетін жалпы табыс және
өндіріс пен импортқа салынатын салықтан түсетін мемлекет табысы. Бұл
нарықтық бағаның элементі болып табылатын жанама салықтар, бейфакторлық
табыс.
ЖІӨ мен ЖҰТ құндарының арасындағы айырмашылық –шет елден алынған
бастапқы табыстың сальдосы. Ол осы ел резидентінің шет елдегі өндірістік
қызметінен түскен табысқа, сондай-ақ шет елдіктерден алған қарызына әрі шет
елде жалдап істеткен жұмыстан түскен табысқа және мемлекетке түсетін
өндіріс пен импорт салығына тең.
ЖІӨ-ні өлшеудің үш әдісі бар: шығыс бойынша, қосымша құн бойынша, табыс
бойынша.
1. ЖІӨ-ні шығыс бойынша есептеу барысында елде өндірілген өнімдерді
тұтынатын барлық түпкілікті сатып алушылардың үй шаруашылығының,
фирмалардың, мемлекет пен шетелдіктердің шығыстары жинақталады.
Егер тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің барлық шығысын
жиынтықтайтын болса, онда алынған нәтиже алдыңғы кезеңде
өндірілген аралық өнімдер мен тауарлардың құнына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік статистика көрсеткіштері
Ұлттық экономика біртұтас жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
Бастапқы болжамды нақтылау
Ұлттық өнім территориялары және оны өлшеудің тәсілдері
Банк қызметін қадағалау және рейтингтік бағалаудың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
Ұлттық өнім теориялары және оны өлшеудің тәсілдері
ҰЛТТЫҚ ӨНІМ ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ӨЛШЕУДІҢ ТӘСІЛДЕРІ ТУРАЛЫ
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
Ішкі экономикадағы Ұлттық шоттар жүйесінің жиынтық шоттары
Бюджетті жоспарлау негіздері
Пәндер