Шағын бизнес және оның құрылуы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. ШАҒЫН БИЗНЕС ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Шағын бизнес және оның қазіргі жай. күйін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен қорғаудың құрылатын
инфрақұрылымын пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3. Шағын кәсiпкерлiктi кадрлық, ғылыми.әдiстемелiк
және ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.4. Шағын кәсiпкерлiктi қаржылық.несиелiк және
инвестициялық тұрғыдан қолдау саясатының
тетiктерiн жетiлдiру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.5. Шағын кәсiпкерлiктi аймақтық дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.6. Ресурстық қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2. ШЕТЕЛДІК ІС.ТӘЖІРИБЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.1.Кәспкерлікті дамытудың шетелдік іс.тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.2.Фирма философиясы.басқару моделі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.3. Мақсаттық әдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
3. ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ ҚҰРЫЛУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
3.1. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің құрылуы ... ... ... ... ... ... ...16
3.2.Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті талдау ... ... ... ... ... ... ... .18
3.3.Шағын бизнесті басқарудың жүйелік тәсілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
3.4.Мақсаттар мен қосалқы мақсаттардың шартты мәндері ... ... ... ... ... ... ... 28
3.5. Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамыту проблемалары ... ..30
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35

Қазақстан Республикасында Шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 17 ақпандағы N 344 Жарлығын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында әзiрледi.
Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын 1992 және 2000 жылдардағы кезең iшiнде iске асыру Қазақстан Республикасында жеке кәсiпкерлiктiң жасақталуы мен қалыптасуына негiз қалады. Шағын кәсiпкерлiк экономикасының жинақылығы салыстырмалы түрде аздаған инвестициялары мен тәуекелiнiң неғұрлым аздығымен қысқа мерзiм iшiнде, бiрiншi кезекте тауар айналысы саласындағы сол кездегi жағдайды өзгертуге және тұрақтандыруға мүмкiндiк бердi.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шағын кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды күшейту және оны жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398 және "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне құқығын қорғау туралы" 1998 жылғы 27 сәуiрдегi N 3928 Жарлықтары соңғы жылдары шағын кәсіпкерліктің дамуына қуатты серпiн бердi. Бағдарлама "Қазақстан-2030" Стратегиясының қағидаларына негiзделiп әзiрлендi. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының басты мақсаты шағын кәсiпкерлiктiң өндiрiстiк саласының серпiндi дамуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк қолдау саясатын жетiлдiру болып табылады.
Бағдарламаның мiндеттерi оның мақсатымен айқындалған мыналар:
-халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
-қоғамдық бiрлестiктердiң шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен қорғау мәселелерiндегi рөлiн күшейту;
-шағын кәсiпкерлiктiң өндiрістiк саласын басымдықты дамыту;
-шағын кәсiпкерлiктi ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiру және дамыту арқылы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тұрақты қызметi үшiн қолайлы жағдайлар жасау болып тұжырымдалады.
Бағдарламаның iс-шараларын iске асыру кезiнде жоғарыда аталған мiндеттердi шешу республикалық, сол сияқты аймақтық деңгейде де жүзеге асырылатын болады.

Пайдаланылған әдебиеттер.
1.«Қаржы» оқулығы Ілиясов Қ.Қ.; Құлпыбаев С.А – Алматы – 2000ж
2.Қазақстан Республикасынын Конститутциясы – Алматы Қазақстан 2000 – 96 бет.
3.Сахариев С.С., Сахариева А.С., Сахарива С.А., Финансы Учебник – Алматы – 2004
4.Мальников В.Д., Имясов К.К. – М 47 Финансы – Алматы Изд. 2-е, перераб. И доп. – Қаржы – қаражат – 1997 – 408б.
5.Мельников В.Д., Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. – Алматы: Институт развития Казахстана, 2001. – 285б.
6.Мәдешов Б. – Нарық экономика теориясына кіріспе – Алматы: 1995ж.
7.Алексеева М.Ю. Рынок ценных бумаг – М: «Финансы статистика», 1992ж.
8.Лившин А.Я. «Введение в рыночную экономику» - М., - «Станкин» ч. 1, 1991, ч, 1992.
9.Бабич А.М., Павлов Л.Н.Финансы. Учебник – М: 2001 – 760с.
10.Дробозинов Л.А. Финансы. Учебник для вузов – М.: ЮНИТИ 2000 – 183с
11.Балабанов А.И., Балабанов И.Т. Финансы Учебное пособие – Петербург:2000 - 192б.
12.Финансы. Учебное пособие (Под.род. Проф. А.М. ковалевой) 4 – изд. – М.: 2000ж.
13.Финансы Учебник для вузов. Под. ред. М.В.Романовского. – М.: Перс-пектива/ЮРАЙТ: 2001 – 502б.
14.Сабырбаев Б. Экономикалық терминдердің орысша – қазақша түсіндір-ме сөздігі – Алматы, Қазақстан, 1993ж.
15.Р 89 Орысша – қазақша қазіргі уақыттағы экономикалық түсіндірме сөздігі (2100 жалпыға әйгілі сөздер) / Сост. Қ.Ж.Оразалин. М.М. Жантасов. – Алматы: « LEM »6 2001 – 344б.
16.Финансы. Денежное обращение. Кредит. Учебник для вузов. Под ред. Л.А. Дробозиной. – М.: ЮНИТИ, 2000. – 479бет.
17.Финансы, деньги, кредит. Учебник. Под ред. О.В.Соколовой. – М.:ЮРИСТ, 2001. – 784 бет.
18.Теория финансов. Учебное пособие. Заяц Н.Е., Фисенко М.К. и др.1998год;
19.Қазақстан Республикасының Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы.
20.Теория финансов. Берлин С.И. Москва, Приор, 2000год.
21.Финансы. Учебник для вузов. М.В. Романовского Москва, Перспектива, 2001год.
22.Финансы, деньги, кредит. Учебник. Под. ред. О.В. Соколовой. Москва, ЮРИСТ,2001год.
23.Финансы. Учебник для вузов. Мельников.В.Д., Ильясов К.К.,Алматы.2001год.
24.Финансы. Учебник для вузов. Дробозина.Л. Москва, ЮНИТИ,2000год.
25.Дүйімбаева А. «Шағын кәсіпкерлік іс жүзіндегі қолдауды қажет етеді»29.07.1998ж. Егеменді Қазақстан.
26.Шағын кәсіпкерлік мәселесі . Понорама 1996ж.№20
27.Прокаров С. « шағын кәсіпкерліктің республикадағы даму жайы және 2000ж. Бағдар. Аль-Пари 1999 ж.№8-10 бет 34-36
28.Одасбаев Ж.. «Кәсіпкерлік шарықтап дамуда» Іскер әлем 1997 ж. 17 шілде 5 бет.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ “БОЛАШАҚ” УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және қаржы кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: Шағын бизнес, шетелдік іс-тәжірибе және оның Қазақстан
Республикасында құрылуы
Орындаған:
Тексерген:
Жоспары:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. ШАҒЫН
БИЗНЕС ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... 5
Шағын бизнес және оның қазіргі жай- күйін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ...5
1.2. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен қорғаудың құрылатын
инфрақұрылымын пайдаланудың тиiмдiлiгiн
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3. Шағын кәсiпкерлiктi кадрлық, ғылыми-әдiстемелiк
және ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз
ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.4. Шағын кәсiпкерлiктi қаржылық-несиелiк және
инвестициялық тұрғыдан қолдау саясатының
тетiктерiн
жетiлдiру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...10
1.5. Шағын кәсiпкерлiктi аймақтық
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .11
1.6. Ресурстық қамтамасыз
ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 11
2. ШЕТЕЛДІК ІС-
ТӘЖІРИБЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..12
2.1.Кәспкерлікті дамытудың шетелдік іс-
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...12
2.2.Фирма философиясы-басқару
моделі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.3. Мақсаттық
әдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .15
3. ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ
ҚҰРЫЛУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 6
1 3.1. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің
құрылуы ... ... ... ... ... ... ...1 6
3.2.Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті
талдау ... ... ... ... ... ... ... . 18
3.3.Шағын бизнесті басқарудың жүйелік
тәсілі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...23
3.4.Мақсаттар мен қосалқы мақсаттардың шартты
мәндері ... ... ... ... ... ... ... 28
3.5. Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамыту проблемалары ... ..30
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 35
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында Шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың
2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын Қазақстан
Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және
шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасы
Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi
iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 17 ақпандағы N 344 Жарлығын
iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында әзiрледi.
Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын
1992 және 2000 жылдардағы кезең iшiнде iске асыру Қазақстан Республикасында
жеке кәсiпкерлiктiң жасақталуы мен қалыптасуына негiз қалады. Шағын
кәсiпкерлiк экономикасының жинақылығы салыстырмалы түрде аздаған
инвестициялары мен тәуекелiнiң неғұрлым аздығымен қысқа мерзiм iшiнде,
бiрiншi кезекте тауар айналысы саласындағы сол кездегi жағдайды өзгертуге
және тұрақтандыруға мүмкiндiк бердi.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шағын кәсiпкерлiктi дамытуға
мемлекеттiк қолдауды күшейту және оны жандандыру жөнiндегi шаралар туралы"
1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398 және "Азаматтар мен заңды тұлғалардың
кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне құқығын қорғау туралы" 1998 жылғы 27
сәуiрдегi N 3928 Жарлықтары соңғы жылдары шағын кәсіпкерліктің дамуына
қуатты серпiн бердi. Бағдарлама "Қазақстан-2030" Стратегиясының
қағидаларына негiзделiп әзiрлендi. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен
қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының басты
мақсаты шағын кәсiпкерлiктiң өндiрiстiк саласының серпiндi дамуын
қамтамасыз ететiн мемлекеттiк қолдау саясатын жетiлдiру болып табылады.
Бағдарламаның мiндеттерi оның мақсатымен айқындалған мыналар:
-халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
-қоғамдық бiрлестiктердiң шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен қорғау
мәселелерiндегi рөлiн күшейту;
-шағын кәсiпкерлiктiң өндiрістiк саласын басымдықты дамыту;
-шағын кәсiпкерлiктi ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiру және
дамыту арқылы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тұрақты қызметi үшiн
қолайлы жағдайлар жасау болып тұжырымдалады.
Бағдарламаның iс-шараларын iске асыру кезiнде жоғарыда аталған
мiндеттердi шешу республикалық, сол сияқты аймақтық деңгейде де жүзеге
асырылатын болады.
Шағын бизнес қазіргі кезеңде, жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік және
қоғамдық қолдауды, оны дамытудың жолдарын тереңдете, методологиялық
негіздеуді өте қажет етеді.Нарықтық қатынастарды дамыту бағыты халық
шаруашылығын монополиясыздандыру бағдарламаларын өнімнің әрбәр түрін
өндіруді басқа кәсіпорындарға беру жолымен жүзеге асыруды көздейді. Бұл
тұрғыдан алғанда өз өнімін барынша тез игеретін және жаңартатын бизнес
ретінде шағын бизнесті барынша кең пайдалану белгіленіп отыр.
Мемлекеттік және аймақтық деңгейде шағын кәсіпкерлік жөніндегі
қолдаушы және реттеуші қызметті ұштастыру қажет.Осыған байланысты шағын
кәсіпкерлікке аймақтық басқарудың барлық деңгейлерінде қолдану көрсету
ісіндегі мемлекеттің стратегиялық саясаты өте маңызды болып табылады.
Өйткені мемлекет шағын кәсіпкерлікке сөз жүзінде емес, ол іс жүзінде
сөзссіз қолдау көрсетуде көшеді де, ел экономикасы ілгері басу үшін қуатты
серпін алады, олай болмаған жағдайда экономиканың бұл маңызды секторы ақсай
бастайды. Мемлекет мүдделері мұндай саясатты қайта қарауды және шағын
кәсіпкерлік биліктің барлық тармақтарының мүдделі қолдау көрсетуімен жұмыс
істейтін өркениетті нысандарға көшуді қажет етеді.
Кәсіпкерліктің негізгі тұтқасының бірі аймақтарды шағын бизнеске
оқыту, үйрету орталықтарын қолдау қорларын ашу керек. Біз қаншалықты
нарықтық экономиканың тетіктерін игергенімізбен егер білім мен ғылымды және
мәдениетті алға ұстамасақ, оларға басымдылық бермесек ,ұзаққа шаба
алмаймыз.Сол себепті білім мен ғылымның жаңа технологияның өтпелі кезеңге
сай дамуының тактикасы мен стратегиялық бағдарламасын жасап іске асыру
қажет.
1. ШАҒЫН БИЗНЕС
1.1. Шағын бизнес және оның қазiргi жай-күйiн талдау
Реформалардың бастапқы кезеңiнде заң жүзiнде ұсынылған мемлекеттiк
қолдау шаралары бүгiн өз нәтижелерiн беруде. Шағын кәсiпкерлiк саласын
сипаттайтын экономикалық көрсеткiштер экономиканың осы секторында
қалыптасып келе жатқан оң үрдiстер туралы мағлұмат бередi.
Шағын кәсiпкерлiктегi үрдiстердi талдау экономиканың осы секторы
дамуының серпiндi-үдемелi сипаты бар екенiн және әлеуметтiк шиеленiстi
төмендету факторы мен халықты жұмыспен қамтамасыз етудiң негiзi бола
отырып, өзiнiң оң нәтижесiн берiп отырғанын айғақтайды. Сөйтiп, кәсiпкерлiк
сипат экономикаға барған сайын тиiстi икемдiлiк берiп, оның дамуының шешушi
факторы болып келедi. Шағын кәсiпкерлiк жаңа кәсiпорындар мен жұмыс
орындарын құру жолымен халықты жұмыспен қамтамасыз етуде, рынокты әртүрлi
тауарлармен және қызмет көрсетулермен молықтырып отыр.
Өнiмнiң жаңа түрлерiнiң саны, менеджмент деңгейi, өндiрiлiп отырған
тауарлар мен қызмет көрсетулердiң сапасы бұрынғыдай олардың деңгейiн
көтеруге септiгiн тигiзетiн iс-шаралар әзiрлеудi және iске асыруды талап
етедi.
Жаңа жұмыс орындарын құру, тауар рыногын отандық тауарлармен және
қызмет көрсетулермен молықтыру, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң
инновациялық белсендiлiгiн арттыру мақсатында шағын кәсіпкерлікті одан әрі
дамыту, дамыған елдер тәжiрибесi көрсетiп отырғандай, арнайы мемлекеттiк
қолдау шараларынсыз мүмкiн емес.
Кәсiпкерлiктiң дамуы үшiн қолайлы орта қалыптастыру бағыттарының бiрi
болып кәсiпкерлiк қызметтi ұйымдастыру мен жүзеге асырудағы мемлекеттiк
өкімет органдарының актiлерiнен, iс-қимылдарынан және әрекетсiздiгiнен
туындаған, әкiмшiлiк тосқауылдар ретiнде белгiленетiн кедергiлердi жою
болып табылады. Осы кедергiлер көбiнесе жергiлiктi жердегi атқарушы
өкiметтiң әрекетiне байланысты.
Шағын кәсiпкерлiк дамуын жеделдетудiң және бюджетпен өзара қарым-
қатынастарды тәртiпке келтiрудiң маңызды факторы салық салу жүйесiн барынша
ықшамдау болуға тиiс. Мұнда ең өткiр проблема салықтық тексерулердiң
ретсiздiгi болып отыр. әрбiр шағын кәсiпкерлiк субъектiсi орташа алғанда 6-
8 ресми салықтар мен алым түрлерiн төлейдi, сонымен бiрге олардың әрқайсысы
бойынша өз есептеу әдiстемесi, салық салу негiзi, төлеу тәртiбi мен
мерзiмдерi, есеп беру деректемелерi мен нысандары бар.
Салаларды қайта құрылымдауды және кәсiпорындарды реформалауды жүргiзу
кезiнде шағын кәсiпкерлiктiң артықшылықтары әлi де жете пайдаланылмауда.
Мемлекет қолдауының осы саладағы пәрмендi шараларының бiрi болып өндiрiс
және қызмет көрсетулер саласында жұмыс iстейтiн шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерi арасында мемлекеттiк тапсырысты орналастыру болып табылады.
Шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың осындай практикасын одан әрi дамыту iрi
компаниялардың шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiмен соңғыларда өнiмнiң
(жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) белгiлi түрлерiн өндiру бойынша
тапсырыстарды орналастыру тұрғысында өзара iс-әрекеттерiн кеңейту арқылы
мүмкiн болмақ.
Ең жиi кездесетiн әкiмшiлiк тосқауылдардың бiрi кәсiпкерлiк қызметтi
тiркеу және лицензиялау жүйесiнiң жетiлмегендiгi болып табылады. Осы
Бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында көзделетiн тiркеу
және лицензиялау жүйесiн ықшамдау:
✓ шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн бәсекеге неғұрлым қабiлеттi, ал
кәсiпкерлiктi ұйымдастыруды неғұрлым арзан ете отырып, кәсiпкерлiк
жүргiзудiң операциялық шығындарын азайтуға;
✓ шағын кәсiпкерлiк кәсiпорындары үшiн қолайлы орта жасауды қамтамасыз
етуге және құрылып жатқан шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң санын
арттыруға;
✓ жер учаскелерiн, жылжымайтын мүлiк орталығында құжаттаманы ресiмдеу
өнiмдердi сертификаттау, үй-жайларды қайта жоспарлау және қайта жаңарту
тәртiбiн оңайлатуға мүмкiндiк бередi. әсiресе төлеу құны мен құжаттарды
ресiмдеу мерзiмдерiн реттеу талап етіледРеспубликада 1992 жылдан бастап
2000 жылға дейiн шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың бұрын
қабылданған мемлекеттiк бағдарламаларын талдау шағын кәсiпкерлiктi дамыту
жөнiндегі нормативтiк құқықтық базаның iс жүзiнде қалыптасқанын
айғақтайды.
"Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттік қолдаудың
негiзгi бағыттарының бiрi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн қолайлы
жағдай туғызудың құқықтық режимiн белгілеу болып табылады.
Кәсiпкерлердiң қоғамдық құралымдарына нормативтiк, әдiстемелiк
құжаттар тұрғысында әдiстемелiк көмек көрсетiп, келiп түсіп жатқан, соның
ішінде кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуына байланысты өтiнiштер бойынша
консультация бере отырып, олардың қызметiн жандандыруға ұмтылу қажет.
Сонымен қатар, кәсiпкерлер бiрлестiктерiнiң күш-жiгерiн "Шағын
кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының
Заңында көрсетiлген өз құқықтары мен өкiлеттiктерiн кеңiнен және нәтижелi
пайдалануға бағдарлау және бағыттау керек.
Мұндай ұстаным аймақта заң мен өзге де нормативтiк құқықтық
актiлердiң орындалуына неғұрлым тиiмдi бақылау жасауды, сондай-ақ жанжал
дауларды шешу практикасын жетiлдiрудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Кәсiпкерлердiң орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың
басшыларымен тақырыптық кездесулерi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi мен
бақылаушы органдар арасында өркениеттi қарым-қатынастардың қалыптасуына,
сондай-ақ өзара қатынастардағы қайшылықтарды жою жөнiнде сындарлы
ұсыныстар жасауға жәрдемдеседi.
Экономиканың нақты секторы қызметiнiң әртүрлi салаларында
франчайзингiлiк қатынастарды дамыту мен құруды қамтамасыз ету үшiн
бiрқатар заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу болжанып отыр.
Мемлекеттiң кәсiпкерлiк қызметке тiкелей араласудан бас тартуын,
жеке кәсiпкерлердiң неғұрлым еркiндiгiн және еркiндiгi елiмiздiң
Конституциясында бекiтiлген кәсiпкерлiк қызметке заңсыз араласқаны үшiн
мемлекеттiк басқару органдарының лауазымды тұлғаларының жауапкершiлiгiн
заң жүзiнде бекiту саясатын жүргiзу жалғастырылатын болады.
Осы бағыттағы жұмыстың басымдықты бағыттары республикада шағын
кәсiпкерлiктi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар
қолдану, шағын кәсiпкерлiктi қорғауға бағытталған заңдардың сақталуына
бақылау жасауды жүзеге асыру, экономикадағы шағын кәсiпкерлiктiң рөлi мен
мәнiн күшейту, сондай-ақ шағын кәсiпкерлiктiң дамуына кедергi жасаушы
факторларды анықтау болады.
Шағын кәсiпкерлiктiң дамуына тосқауылдарды жеңiп шығудың негiзгi
жолдарының бiрi кәсiпкерлiк сектордың орталық және жергiлiктi атқарушы
органдармен өркениеттi өзара iс-қимыл жасасуы болуға тиiс. Осыған
байланысты кәсiпкерлердiң қоғамдық бiрлестiктерi кәсiбилiгiнiң деңгейiн
арттыру жөнiндегi жұмысты жандандыру қажет.
Заңдар базасында сақталып отырған проблемаларды ескере отырып, оны
жетiлдiру мақсатында мынадай шаралар көзделiп отыр:
✓ шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтарына нұқсан келтiрген,
заңсыз қабылданған актiлер үшiн мемлекеттiк органдардың лауазымды
тұлғаларының жауапкершiлігi шегiн, бұл ретте келтiрiлген залалды кiнәлi
тұлғаның жеке қаражаты есебiнен өтеудi көздей отырып, заңды түрде бекiту;
✓ шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексерулердi жүзеге асыру тәртiбiн
реттейтiн бiрыңғай құжат әзiрлеу;
✓ бақылаушы органдар практикасынан рейдтiк тексерулердi алып тастау үшiн
шаралар қолдану;
✓ тексерулер жүргiзуге арналған нұсқаманы онда нақты шаруашылық
жүргiзушi субъектiнiң атауын көрсетпей тiркеуге тыйым салу;
❖ шағын кәсiпкерлiк мәселелерiне қатысты заң және нормативтiк актiлер
жобаларын шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк
органмен және оның аумақтық бөлiмшелерiмен мiндеттi келiсудi қамтамасыз
ету.
Шағын кәсiпкерлiктi нарықтық экономиканы дамытудың қазiргi
жағдайларында қорғау неғұрлым көкейтестi болып отыр. Ол туралы
Агенттiктiң Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен және әдiлет
министрлiгiмен бiрлескен бастамасымен өткен "Шенеунiк және кәсiпкер" атты
акцияның нәтижелерi айғақ етедi. Кәсiпкерлiк практика қызметiнiң негiзгi
бағыттары шағын кәсiпкерлiкке біліктi заңгерлiк көмек көрсету болып
табылатын ұйымдарды заң жүзiндегi шаралармен қалыптастырып, оларды
ынталандырып, жағдайлар жасау керектiгiн көрсетiп отыр.
Шағын кәсiпкерлiктiң дамуына кедергi жасап отырған әкiмшiлiк
тосқауылдарды жеңу үшiн iс-шаралардың, соның iшiнде:
❖ шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне қатысты бақылау және қадағалау
функцияларын жүзеге асыруға уәкiлеттi ұйымдардың толық тiзбесiн жасауды;
❖ тексеру жүргiзу тәртiбi мен кезеңділігiн (бақылау функцияларын жүзеге
асыру құқығын куәлік ететiн нұсқаманы, ордердi немесе өзге де құжатты
беру мiндеттілігi, тексеру нәтижелерiмен таныстыруды, кәсiпкердiң тексеру
нәтижелерiне шағымдану құқығын қамтамасыз етудi және басқаларды)
белгiлейтiн тиiстi нормативтiк актiлер әзiрлеудi;
❖ шағын кәсiпкерлiк субъектілерiне қатысты бақылау және қадағалау
функцияларын жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың нақты өкілеттiктерiн
белгілеудi қамтитын жоспар дайындалатын болады.
1.2.Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен қорғаудың құрылатын
инфрақұрылымын пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру
Шағын кәсiпкерлiктiң табысты дамуын айқындайтын басты шарттардың бiрi
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн
инфрақұрылымның жақсы дамыған және дұрыс жұмыс жасайтын элементтерiнiң
жолға қойылуы болып табылады. Шағын кәсiпкерлiктiң өзiндiк жүйесiн құру мен
қолдау - бұл нарықтық қайта құруларды жүзеге асырып жатқан елдердiң аса
маңызды мiндетi.
Қазiргi уақытта республикада шағын кәсiпорындардың өмiршеңдiгi мен
өркендеуiн арттыратын, жаңа отандық технологияларды жасауға және игеруге,
жоғары пайдалы ғылымды қажетсiнетiн өнiмдердi шығаруға мүмкiндiк туғызатын,
шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың тиiмдi құралы болып табылатын бизнес-
инкубаторлар, технопарктер және шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi
орталықтар жұмыс жасауда.
Бiрақ, шағын кәсiпкерлiктi қолдау орталықтарын құру идеясы
Қазақстанның көптеген аймақтарында қолдау тапқанына және тарағанына
қарамастан, жұмыс iстеп тұрған ұйымдардың туындап келе жатқан тәжiрибесi
республиканың шағын кәсiпкерлiгiн қолдаудың нарықтық инфрақұрылымын табысты
дамыту үшiн жеткiлiксiз. Шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың республикалық
жүйесiнiң дамуын тежеп отырған бiрқатар мәнiстер бар: шағын кәсiпкерлiктi
қолдау инфрақұрылымы объектiлерiн құру жөнiнде бiрыңғай әдiстемелiк
ұсынымдар әзiрленген жоқ, жергiлiктi жерлердегi атқарушы өкiметпен өзара iс-
қимыл жасау схемалары жасалған жоқ және т.б.
Бизнес-инкубаторлар, технопарктер, кәсiпкерлер құқықтарын қорғау
жөнiндегi қауымдастықтар, мемлекеттiк уәкiлеттi органдар көптеген
кәсiпкерлер есептеу, бизнес-жоспарлау, маркетинг, қаржылық талдау, құқықтық
мәдениет машықтарын әлсiз меңгергендiктен, шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiнiң қызметiн әдiстемелiк қамтамасыз етудi күшейту керек.
Кәсiпкерлерге заңдардағы және қажеттi құжаттарды ресiмдеудiң сол немесе
өзге тәртiбiндегi көптеген өзгерiстердi уақтылы байқап отыру қиын.
Шағын кәсiпкерлiктi тиiмдi дамыту жағдайларын жасау, шағын
кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың икемдi жүйесiн қалыптастыру үшiн
жергiлiктi атқарушы өкiмет пен кәсiпкерлердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң
өзара үйлескен iс-қимылы қажет. Осы мақсаттарға жету үшiн мынадай бiрiншi
кезектегi шараларды бөлiп көрсеткен дұрыс:
❖ мемлекеттiк қолдаудың нақты шараларының мазмұны туралы толық және
жариялы ақпараттың болуы;
❖ кез келген кәсiпкер ала алатын, заңдар, салықтар, бәсекелестер,
клиенттер, тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер рыногының жай-күйi
туралы iскерлiк сипаттағы мәлiметтердi қамтитын ақпараттық желi
қалыптастыру;
❖ шағын кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiнде осы экономика секторының жай-күйiн
және оның даму үрдiстерiн айқындауды объективтi түрде бағалау мақсатында
жүйелi зерттеулер ұйымдастыру;
❖ шағын кәсiпкерлiктiң есеп және мемлекеттiк статистика жүйесiн жақсарту;
❖ шағын кәсiпкерлiк секторының қызметiн ынталандыруға, халықты жеке
бизнеспен айналысуға даярлауға, кәсiпкерлер туралы тиiстi қоғамдық пiкiр
қалыптастыруға бағытталған насихаттау және бiлiм беру науқанын
ұйымдастыру.
1.3.Шағын кәсiпкерлiктi кадрлық, ғылыми-әдiстемелiк
және ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету
Шағын кәсiпкерлiк үшiн кадрларды даярлаудың және қайта даярлаудың
жеткiліксiздiгі республикада шағын кәсiпкерлiктiң даму қарқынын баяулатып
отырған себептердiң бiрi болып табылады. Қазақстан шағын кәсiпкерлiк
нарықтық құрылымдарды құру және олардың қызметiн қамтамасыз етуге бiлiмi
мен тәжiрибесi бар кәсiби кадрларға өте зәру күй кешiп отыр.
Шағын кәсiпкерлiктi орташа мерзiмдi болашақта кадрлық, ғылыми-
әдiстемелiк және ақпараттық қамтамасыз ету оқытушыларды кәсiпкерлiк пен
шағын кәсiпкерлiкке мақсатты бағдарлай отырып даярлауды, ұйымдастыру
желiлерiн құруды, отандық және шетелдiк озық тәжiрибенi Қазақстан
аймақтарында таратуды, ара қашықтық кәсiпкерлiк бiлiм берудi дамытуды,
оқыту және консалтингiлiк орталықтардың икемдi және тармақталған жүйесiн
қалыптастыруды қамтитын бiрқатар iс-шараларды iске асыруды бiлдiредi.
Кешендi түрде құрылып жатқан ақпараттық-консалтингілiк желi, оқу-зерттеу
және тұсаукесерлiк-көрмелiк орталықтар қазақстандық шағын кәсiпкерлiктiң
проблемалық түйiндерiн шешудiң жүйелi тетiгiн iске асыруға, перспективалы
технологиялар енгiзудi ұйымдастыруға, қажеттi консалтингiлiк қолдау
көрсетуге, сындарлы серiктестiк байланыстар жасауға мүмкiндiк бередi.
Шағын кәсiпкерлiктiң табысты дамуы үшiн қазiргi кезеңде прогрессивтi
маркетингiлiк ортаны және Интернет желiсiнде деректердiң салалық
(салааралық) дерекқорын құра отырып, бiрыңғай ақпарат базасын, байланыстың
телекоммуникациялық жүйесiн, әзiрлемелер алмасу схемасын құру, әзiрлемелер
мен технологиялардың аймақаралық және халықаралық трансфертiнiң жүйесiн
құру және инновациялық кәсiпкерлiктi дамытудың мақсатты бағдарламаларын
бiрлесiп әзiрлеуге, iрi халықаралық жобаларға қатысуға мүмкiндiк жасау
қажет. әр аймақтың өзiне тән проблемаларын шешуге бағдарланған оқу-ғылыми
орталықтарын құрудың аймақтық қағидаты қазiргi уақытта еш шүбә келтiрмейдi.
Кәсiпкерлiктi, әсiресе шағын кәсiпкерлiктi қолдауды реттеудiң тиiмдi
шараларын жүзеге асырудың анық және нақты қажеттiгiне қарамастан, нарықтық
экономикасы дамыған елдердiң практикалық тәжiрибесiн негiзге ала отырып,
оларды әзiрлеу мен iске асыру едәуiр кешеуілдеп келедi. Оның себептерiнiң
бiрi кәсiпкерлiк салада ғылыми зерттеулер жүргiзуде үйлестiрудiң жоқтығы
болып табылады. Осы тақырыпқа ғылыми зерттеулер, әдетте, бастамашылық жасау
тәртiбiмен жүзеге асырылады.
Шағын кәсiпкерлiктi қолдау бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру
үшiн ел экономикасы мен кәсiпкерлiгiнiң, шетел практикасының дамуы туралы
талдау деректерiне сүйенетiн, шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың жүзеге асырылып
жатқан шараларының тиiмдiлiгiн ескере отырып, мақсатты бағытталған
болжамдық зерттеулердi жолға қою қажет. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк
қолдаудың осы немесе өзге де шараларын қолдану объективтi ғылыми талдауға
және жеткiлiктi дәлелденген әдiстемелiк ұсынымдарға сүйенуге тиiс.
1.4.Шағын кәсiпкерлiктi қаржылық-несиелiк және

тетiктерiн жетiлдiру
➢ Шағын кәсiпкерлiктi қаржылық-несиелiк және инвестициялық тұрғыдан
қолдау:
➢ екiншi деңгейдегi банктердiң шағын кәсiпкерлiктiң өндiрiстiк
секторын жергiлiктi және республикалық бюджеттiң, сондай-ақ
мемлекет кепiлдiк берген, мемлекеттiк емес сыртқы заемдардың
есебiнен, заңдарда белгiленген тәртiппен несиелендiру;
➢ шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн несиелеудi, соның iшiнде
кәсiпкерлердiң алынған несиелерi бойынша мiндеттемелерiн орындауын
қамтамасыз ету жолымен жүзеге асыратын, коммуналдық меншiк
объектілерiнен тұратын, аймақтарда қалыптасатын кепiлдiк қорлар
есебiнен екiншi деңгейдегi банктердi ынталандыру тетiгiн әзiрлеу;
➢ тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте аталған мақсаттарға
арнап қаражат көзделген жағдайда жобаларды екiншi деңгейдегi
банктермен бiрлесе отырып бюджеттiк қоса қаржыландыру;
➢ қоғамдардың өзара несие алысу және өзара сақтандыру қызметiн
ұйымдастыру жөнiнде тетiктер әзiрлеу арқылы жүзеге асырылатын
болады.
Шағын кәсiпкерлiк саласындағы инвестициялық саясат шағын
кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қажеттiлiктерiне жауап беретiн
жабдықтарды шығаруға қабiлеттi компанияларға бағдарлануға тиiс,
олардың өндiрiстiк бағыттылығы, өнiмнiң жаңа түрлерiн игеруi,
техникалық және технологиялық озықтылығы ескерiлетiн болады.
Шағын кәсiпкерлiктi дамыту үшiн мемлекеттiк емес
қаржыландырудың мүмкiндiктерiн пайдалану - шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiнiң едәуiр бөлiгiнiң әлеуетiн бiрiктiруде жатыр. Өзара
сақтандыру қоғамдарын, мүлiк пен өз мүшелерiнiң өзге мүлiктiк
мүдделерiн сақтандыруды жүзеге асыратын коммерциялық емес
ұйымдарды құру мен дамытуға айрықша мән берiлiп отыр.
1.5. Шағын кәсiпкерлiктi аймақтық дамыту
➢ Шағын кәсiпкерлiктi аймақтық дамыту, ең алдымен, өндiрiстiк секторды
көтеруге, шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың инфрақұрылымын дамытуға, жаңа
жұмыс орындарының неғұрлым көп санын құруға, жергiлiктi атқарушы
органдардың кәсiпкерлiк ортамен неғұрлым жоғары деңгейде өзара iс-
қимыл жасауына бағытталатын болады.
Бағдарламаның iс-шаралары негiзiнен аймақтық деңгейде жүзеге
асырылатын болады. Аймақтық бағдарламалар мәслихаттардың сессияларында
бекiтiледi және жұмыстың:
➢ шағын кәсiпкерлiк инфрақұрылымының элементтерiн облыстық және
аудандық деңгейлерде құру жөнiндегi шаралар;
➢ халықтың, әсiресе жұмыспен қамтылмаған неғұрлым қалың жiктерiн
кәсiпкерлiк қызмет саласына тарту жөнiндегi iс-шаралар, аяқталмаған
құрылыс пен пайдаланылмай отырған объектiлердi шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiне беру мәселелерi;
➢ кадрларды даярлау қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi
iс-шаралар сияқты негiзгi бағыттарын қамтуға тиiс.
1.6. Ресурстық қамтамасыз ету
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды қаржылық қамтамасыз ету
республикалық және жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен жыл сайын аталған
мақсаттарға көзделетiн бөлiнген қаржы шегiнде, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы алып отырған мақсатты заемдардың, мемлекеттiк ақшалай гранттар
есебiнен жүзеге асырылатын болады.
Қазақстан Республикасында Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк дамыту мен
қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында көзделген
іс-шаралар жоспарын iске асыру үшiн республикалық бюджеттен жыл сайын 50
миллион теңге көлемiнде қаражат бөлу көзделiп отыр.
2. ШЕТЕЛДІК ІС-ТӘЖІРИБЕ
2.1 Кәспкерлікті дамытудың шетелдік іс-тәжірибесі
Нарықтық экономикаға көшу кәсіпкерлікті ұйымдастыру және, тиісінше ,
кәсіпкерлер мен менеджерлердің іс-қимылы бойынша арнаулы әдебиет пен
жетекші бағыт беретін материалдар басып шығаруды шұғыл қажет етті. Осыған
байланысты шаруашылық жүргізудің шетелдік тәжірибесі өте пайдалы. Алайда
шетелдік тәжірибенің , кәсіпкерлік қызметтің сырттай қызықты болып
көрінетін оқиғаларының және шаруашылық жүргізудің бірегей модельдерінің
әр жерден суыртпақтап алынған жүйесіз сипаттамаларының іске жаңадан
кіріскен кәсіпкерге берері аз, өйткені оның недне бастау, іске қалай кірісу
керек екенін білуі керек.
Жаңадан бастайтын кәсіпкерге фирманы басқару жүйесінің өзіндік
“қаңқасын” қалай да қалайтын құрылымдық схемалардың белгілі бір жиынтығын
ескеру өте пайдалы.
Біз оларды “басқару бағдарлары” деп атаймыз. Шет елдерде
менеджемент және кәсіпкерлік негіздері бойынша көптеген арнаулы
материалдар басып шығарылған, олар практиктерге, соның ішінде экономист
еместерге бағышталған. Әдетте олар өз ісін ашуға –фирма құруға тәуекел
еткен жаңа кәсіпкер жүйелі түрде жасайтын қадамдардың сипаттамасы қарапайым
логикалық схема түрінде, немесе бизнес жоспар түрінде берілген
методикалар. Бұл методикалардың ерекшелігі –ең алдымен олардың авторларының
іске жаңадан кіріскен кәсіпкерге деген “жолдастық” ықыласы, екінші жағынан-
оқып-үйренуге ұсынылған материалдың іскерлік бағыты мен практикалық маңызы
үшін кәсіпкер алдындағы жоғарғы жауапкершілігі . Жоғарыда айтылған
бағдарлар іс жүзінде осында берілген.
Бастапқы позиция мынадай: кәсіпкер, өз қызмет орнына және
функциялық міедеттеріне қарамастн, нарықтық макро және микроэкономиканың
жалпы негіздерін білуге міндетті. Бастапқы міндетті ұғымдар қатарына мына
элементтер қосылады. Нарықтық экономика –экономикалық өмірді демейтін жүйе,
оның нақ жүйе ретінде жұмыс істей алуы үшін еңбек бөлісіне сүйенетін,
кейінгі процестердің-айырбастың, бөлудің және тұтынудың негізгі пункті
болатын өнеркәсіп өндірісі қажет. Осы кезеңдердің жиынтығы экономикалық
айналым құрайды. Экономикалық айналымның басты субъектілерінің – фирманың,
өз бюджетімен және мемлекеттік бюджетімен отбасының-іс- қимылдары сайып
келгенде жүйедегі тепе-теңдікті, балансты қамтамасыз етуі тиіс. Заңдар
жүйенің құрамдас бөліктерінің үйлесімді дамуы үшін жағдайлар жасалуына
кепілдік береді. Экономикалық айналымның басты шарты- неше түрлі құбылыстар
болатын, тауар ақшаға және ақша тауарға айналатын рыноктың болуы.
Кәсіпкерлік принциптері негізінен көп қырлы. Кәсіпкер өз іс-
қимыл стратегиясын қазіргі заманғы фирманың нарықтық экономикадағы рөлін
ескере отырып белгілейді. Сатып алушыны бағдар ету –қазіргі кәсіпкерлік
қызметтің негіз қалаушы принципі мен саясаты.
Кәсіпкерлік жүйесі ретінде фирманың шектес ортаға кіріп, шығатын
көптеген жолдары бар, бұған кәсіпкер мұқият көңіл бөлуге тиіс. Байланыс
субъектілері мыналар:1)аса маңызды бәсекелестер; 2)аса маңызды
жабдықтаушылар; 3)аса маңызды сатып алушылар; 4) корпорациялар; 5)орталық
және жергілікті билік орындары; 6)азаматтық инициативалар ( мысалы,
жасылдар” қозғалысы); 7)кәсіподақтар; 8)діни топтар және т.т.
Фирма алуан түрлі бағдарлар мен шектеулер, реттеуші нормалар, заң
нұсқамалары, әлеуметтік, этникалық және басқа талаптар ортасында жұмыс
істейді. Солардың ең бастылары:
• Фирманың тіршілік философиясы (кәсіпкерлікті дамыту идеялары мен
мақсаттары);
• Заңдар мен кәсіпкерліктің басқа да құқықтық актілері;
• Менеджемент принциптері мен мақсаттары;
• әлеуметтік әріптестік нормалары мен талаптары;
• фирманы дамыту дәстүрлері мен кезеңдері;
• корпоративтік нұсқамалар мен әдеп нормалары;
• ҒТП және технология;
• Жалпыадамзат және мәдениет өлшемдері мен құндылықтары .
Фирманың тіршілік философиясы –жалпы алғада фирманың, сондай-ақ оның
жекелеген қызметкерінің өзіндік іс-қимыл кодексі болып табылатын, мезгіл-
мезгіл жаңартылып отыратын және баспаханада басып шығарылатын ресми құжат
(біздің практикада кездеспейді). Мемлекеттік басқарудың орталықтандырылған
жүйесі жағдайында бейіні мен көлемі бірдей кәсіпорындардың бір-бірінен
айырмашылығы шамалы. Ал рынок жағдайлрында әрбір кәсіпорынның , керісінше,
өз бейнесі, нақты жұмыс стилі, өз тіршілік философиясы бар. Фирма
философиясы –бастапқы база, принципті идея, фирманы дамытудың басты
қозғаушы күші.
Философия қәсіпкердің ойы мен ісі түрткі болған себептерді іздеуге
неліктен бағытталғаны жөнінде сұрақ қойып, сол сұраққа жауап қайтарады,
фирма іс-қимылының мәні мен мақсатының себептері мен түпнегізін зерттейді,
іске қосылатын активтерге баға береді.
2.2.Фирма философиясы-басқару моделі
Фирма философиясының аса маңызды құрамдас бөлігі-басқару моделі. Онда
кәсіпорын жұмысының, оны ұйымдастырудың негізгі принциптері, ұзақ мерзімді
өндірістік, кәсіпкерлік және әлеуметтік нұсқамалар, өнім өткізілетін
рыноктардың, қызметкерлердің жұмысын ынталандыру түрлері және әлеуметтік
әріптестік шарттары сипатталған.Әзірленетін немесе үнемі жаңартылатын
модель нақты жүзеге асатын, іске аспайтын элементтерсіз болуға, басшылықтың
жоспарланған мақсаттарға жетуге әзірлік деңгейімен және қабілетімен
сәйкестендірілуг, өндіріс мәдениеті мен әлеуметтік әділдік талаптарын
білдіруге тиіс.
Фирманың мақсаттары белгіленген кезде оның нақты потенциалы мен
қоршаған ортаға жағдайы-рынок потенциалы өскеріледі. Фирма потенциалының
негізгі көрсеткіштері –пайда мен рентабельділік, шығынның орнын толтыру
дәрежесі мен сипаты, қорлар мен инвестициялардың жаңаруы, зерттеулер мен
талдамалардың қарқыны. Рынок потенциалы негізінен рыноктың өсуімен және
фирма үшін рыноктың үлесімен, сондай-ақ рынок бәсекесі мен конъюнктурасы
жүйесіндегі жалпы жағдаймен сипатталды.
Екі түрлі мақсаттар белгіленеді:
1. Сан-(рыноктық-айналым, өсім, рыноктағы үлес; экономикалық
пайда, рентабельділік;) қаржылық-капитал, бейне, фирмадағы
жұмыстың әлеуметтік жағдайлары.
Модельде сондай-ақ басқару механизмінің сипаттамасы болып, онда фирма
жұмысының ерекшелігі көрсетіледі. Басқарудың қосалқы жүйелерінің
құрылымында мыналар болады: 1) материалдық шаруашылық; 2) өндіріс; 3) өнім
өткізу; 4) жұмысшылар; 5) капитал мен инвестициялар; 6) ақпарат.
Қосалқы жүйелердің әрқайсысы шеңберінде басқару функциясы жүзеге
асырылады, олар үшеу: ұйымдастыру, жоспарлау, контроллинг. Ұйымдастыру
менеджердің жекеленген процестерді материалдық-заттық тұрғыдан да,
кеңістік пен уақыт тұрғысынан да өзара үйлестіруін көздейді.
Жоспарлау екі саланы қамтиды: 1) ұзақ мерзімді мақсаттарға жетуге
бағытталған стратегиялық жоспарлау; 2) фирмадағы басқарудың барлық орта
деңгейлерін қамтитын оралымды жоспарлау (өндірістік факторлар жне
резервтер). Контроллинг-кәсіпкерлік инициативалар базасы.
Кәсіпкерлік идеяларды тікелей жүзеге асыру мына факторларға байланысты:
мақсаттар мен міндеттерді дұрыс, айқын тұжырымдау; ақшадай қаржыландыру
мөлшері; өндіріс пен басқаруды ұйымдастыру; маркетинг қызметінің
потнециалы. Идеяларды нақты жүзеге асыру фирманы құру немесе дамыту
жоспарлар жүйесін жасаумен байланысты. Олардың құрылымы мен жүйелілігі
мынадай :
• өнім өткізу жоспары тұтынушылар мен рыноктар топтарына орай сан
бойынша бірнеше жылға белгіленеді.
• Айналым жоспары өнім өткізу жоспарының деректері бойынша
есептеледі. Сан өнімнің даналап сатылатын бағасына көбейтіледі.
• өндіріс жоспары өнім өткізу жоспарының деректері бойынша
есептелінед;уақыт пен жұмыс күші жөніндегі қажетті анықтай
отырып, технологиялық процестер сипаттамасы енгізіледі.
• Қуаттар жоспары өндірістік алаңдар, машиналар, коммуникациялар
түрінде белгіленеді және т. т.
• Инвестициялар жоспарында қызметкерлер жөніндегі қажет, олардың
біліктілігі, ақы төлеу принципі мен тәртібі анықталады.
• Материалдық-техникалық жабдықтау жоспары ассортимент тұрғысынан
өндіріс көлемін негізге ала отырып есептеледі.
• Материалдық қор жоспары-ағымдағы материалдық қорлар анықталады.
• Қаржы жоспары-қаншама капитал қажет болатыны және оны тарту
көздерінің қандай екені белгіленеді.
• Өтімділік жоспарында-оралымды қызметті жүзеге асыру үшін
кәсіпорынға қаншама қаражат қажет екені туралы қажетті
мәліметтер болады.
• Жоспар балансында кәсіпорынның қаржы жағдайы оның қарыздарымен
салыстырылады.
Фирмада басқару процестерінің басым бөлігі әміршіл емес режимде жүзеге
асырылады. Міндет-әрбір жеке адамның күш-жігерін фирманың басты мақсатына
жетуге жұмылдыру. Осыған байланысты фирманың тіршілік қабілетін және дамуын
қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылдар жиынтығын алып айсбергпен теңеуге
болады, оның үштен бірі-көзге көрінетін бөлігі өндіріс ұйымдастыру,
жабдықтау, өнім өткізу, инвестициялар, қуаттар, жоспарлау,контроллинг,
кадрлар және т. б. Және үштне екісі-көзге көрінбейтін бөлігі, яғни
қызметкерлер жөніндегі менеджемент, ол рынок организмінің субъектілері-
адамдардың іс-қимылын сипаттайтын ерекше факторлар мен импульстерге
негізделген. Олардың негізгілері мыналар:
1. Құндылықтар:
• Меншік иесі құндылығы( фирманың табысы,пайда) ;
• Қоғам мүшесі құндылығы (қоғамдық пайдалылық);
• әріптес құндылығы (ынтымақ )жүйесі.
2. Өзін-өзі басқаруға ұмтылу (инициатива, тапқырлық, тәуекел
етуге әзірлік).
3. Моральдық-этикалық факторлар( сенім, ашықтық, адалдық,
опасыздық, пайдакүнемдік, шамшылдық.).
4. Саяси нұсқамалар (жеке, партиялық.).
2.3. Мақсаттық әдістер
Фирма мақсаттарына жету үшін менеджементтің түрлі әдістері
пайдаланылады. Ауқым, интенсивтілік және әдістерді қолдану саласы жағдайға,
фирманың дәстүрлеріне, қызметкерлердің даярлық деңгейіне байланысты.Осы
әдістердің қайтарымы менеджердің кәсіптік біліктілігі мен тәжірибесіне,
инициативасына, шығармашылығына, іс-қимыл ширақтығына, пысықтығына,
қабылданған басқау стиліне, себеп-салдар түрлеріне байланысты.
Менеджемент әдістері өкілеттіктер беру құралдары мен тәсілдерін
пайдлануға, фирма мақсаттарын орындаушыларымен қатаң түрде байланыстыра
отырып саралауға, ауытқуларға қатысты процестерді бақылауға,
қызметкерлердің күш –жігерлерін үйлестіруге, коммуникациялық байланыстарды
дамытуға, дәлелдеуге, жүйелі амалдар қолдануға, кадрлардың кәсіптік даярлық
деңгейін арттыруға мүмкіндік береді және т.т.
Жаңадан бастайтын кәсіпкер бастапқыда мазмұны мен логикасын түсінуге
тиісті мәселелер жалпы алғанда міне осындай. Келешекте ол менеджер
ретіндегі өз потенциалын арттырып, негізінен алғанда, рыноктағы операциялар
жөнінде, онымен байланысты барлық проблемалар бойынша шешімдер қабылдау
тәсілдерін меңгеретін болады.
Сонымен бірге кадрларға саралап қолдау көрсету барған сайын кеңінен
өрістелуге, жеке жағдайлар тұрғысынан нарықтық экономика үшін кадрлар
даярлау соған негіз болуға тиіс.
3. ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ ҚҰРЫЛУЫ
2 3.1. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің құрылуы
Әрбір Американдықтың аңсаған арманы өз кәсіпорнын құру екендігі
күнделікті қолданатын сөз болып қалды. Бұл сөздердің дұрыстығын фактілерде
куәландыруда. Бүгінгі таңда АҚШ-та 21 млн. жуық кәсіпорын бар, олардың 16
млн. жеке кәсіпорындар. Шағын бизнес әкімшілігінің мәліметтері бойынша жыл
сайын 600 мыңнан 1 млн-ға дейінгі кәсіпорындар құрылуда . Сондай-ақ
Қазақстанда да кәсіпкерлік белсенділік үрдісі байқалуда, әсіресе бұдан 5-6
жыл бұрын. Жас адамдар өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін және тек
өзіне ғана емес, сондай-ақ басқалардың да жұмыс орындарын ашу мүмкіндігін
де сезінді. Адамдардың тұрақты еңбекақы төленетін жұмыс орындарын тастап,
тәуекелмен және өте үлкен өмірлік энергия жұмсаумен байланысты жеке бизнес
деп аталатын белгісіз саяхатқа шығуларына мәжбүрлейтін қозғаушы күштер
қандай болады?
Адамдардың көбісі бизнесті өздерін жаңа өнім мен қызмет түрін өндіру
идеясы жаулап алу нәтижесінде бастады.Кейбіреулер өздерінің әл-ауқатын жаңа
кәсіпорын ашу есебінен жақсартуға тырысады. Көптеген адамдар біреу үшін
жұмыс істеуге қанағаттанбайды, сүйтіп тәуелсіздік алуды қалайды. Болашақ
кәсіпкердің өз ісін бастамас бұрын қандай дилемманы шешу қажеттігін
қарастырайық. Таразының бір басында артықшылық, ал екінші басында жеке
бизнес кемшіліктері тұр. Алдымен кемшіліктеріне тоқталайық.
Жаңа кәсіпорын құру жоғары дәрежелі тәуекелмен байланысты. Көптеген
кәсіпорындар сәсіздікке ұшырауда, сонымен бірге олар көбінесе тек бастапқы
инвеститцияларынан емес, сондай-ақ жеке салымдары мен жинақтарынан да
айрылуда. Егер қаржыландыру көзі ретінде туыстар мен жолдастардың
қаражатары және банк несиелері пайдаланылған болса, жағдай қиындай түседі.
Жеке кәсіпорын құру кезінде кәсіпкер өзінің қызмет орнын тастауға мәжбүр
болады, сондықтан тек қаржылық тәуекел ғана емес, сондай –ақ өмір сүру
көзінен айрылып қалу қаупі бар.
Жаңа кәсіпорын құру қиыншылықтарға, кездесуі мүмкін барлық
кедергілерге толы, соның ішінде бюрокротиялық сипаттағылары да бар. Бизнес
қаншалықты үлкен және табысты болатын болса, салықтар, реттеуші нұсқаулар,
лицензиялар және басқа құжаттармен жұмыс істеу соншалықты көп уақытты талап
етеді.
Жаңа кәсіпорын құру түңілу жағдайларына байланысты. Кәсіпкер пайда
болатын проблемаларға қарай оңай емес шешімдер қабылдауға, жауапкершілік
пен тәуекелді өз мойнына алуға мәжбүр болады. Зорланып жұмыс істеу, жоғары
дәрежедегі тәуекел және белгісіздік жағдайы-мұның барлығы психологиялық
және физиологиялық қажудың классикалық негіздері. Шағын бизнестің, әсіресе
алғашқы уақытта жұмысшылар штатын көбейту үшін жеткілікті пайда әкелмеіне
байланысты барлық ауыртпалық бір ғана адамның мойнына –кәсіпкердің өзіне
түседі.
Жаңа кәсіпорын құру сырттан ықпал ететін қысымдардың астында болады.
Заң әрдайым салық салу жүйесін қайта қарастырып отырады және кейде
бизнестен алынатын салықты көбейту жағына да бұрады. Бәсекелес фирмаларда
кез-келген әдіспен кәсіпорынның нарықтағы үлесін жаулап алуға тырысады. Әр
түрлі реттеуші органдар кәсіпорынға шексіз тексерулер жүргізуде. Осындай
толып жатқан кемшіліктердің орнына біз қандай артықшылықтарға ие боламыз?
Жеке бизнес оның негізін салушыға әрекет ету еркіндігін береді. Қандай
күн тәртібін аңдау керек екендігін, өзінің уақытын қалай
пайдаланылатындығын және қандай жобалар бойынша жұмыс істейтіндігін
кәсіпкер өзі біледі.
Жеке бизнес-өзінің әл-ауқатын жақсартудың сенімді әдістерінің бірі.
Көптеген адамдар мұны жаңа кәсіпорын құрудың басты себебі деп есептеуде.
Қанша қарама-қайшылық көрінсе де, ең табысты кәсіпорындардың негізін
қалаушылар өнім мен қызмет көрсетудің жаңа түрлерін өндіру идеясына
берілгендер болып табылады. Олар үшін материалдық ынталандыру 2-ші орында
тұрады.
Жеке бизнес дамуға және қойылған мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның қатардағы жұмысшының кәсіпорында жүргізілетін саясатқа
қайшы келетін маңызды бір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz