Бағалы қағаздар нарығын талдау және бағалау


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МазмұныКіріспе 3I бөлім.Бағалы қағаздар нарығының экономикалық мәні5Бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар нарығының пайда болуы, мәні. 5Бағалы қағаздар нарығының құрылымдары12II бөлім.Бағалы қағаздар нарығын талдау және бағалау152. 1. Бағалы қағаздар нарығын талдау 152. 2 Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу20III бөлім.Қазақстан Республикада бағалы қағаздар нарығының даму мәселелері. 21Қорытынды25Қолданылған әдебиеттер28:

Мазмұны

Кіріспе 3

I бөлім.

Бағалы қағаздар нарығының экономикалық мәні5

  1. Бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар нарығының пайда болуы, мәні. 5
  2. Бағалы қағаздар нарығының құрылымдары12

II бөлім.

Бағалы қағаздар нарығын талдау және бағалау15

2. 1. Бағалы қағаздар нарығын талдау 15

2. 2 Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу20

III бөлім.

Қазақстан Республикада бағалы қағаздар нарығының даму мәселелері. 21

Қорытынды25

Қолданылған әдебиеттер28

Кіріспе.

Бағалы қағаздар нарығы қазіргі нарықтық экономика жағдайында өте маңызды экономикалық инфақұрылымдардың дамуындағы экономикалық қатынастардың жиынтығын сипаттайды. Өз кезегінде бағалы қағаздардың пайда болуы қаржы ресурстарының, қаржыландыру мәселесінде өзінің үлкен маңызды рөлін көрсетті. Инвестициялық қаржыландырудың басқа да бағыттарының қалыптасуы, қазіргі таңдағы бағалы қағаздар нарығының өркендеп дамуымен сипатталады.

Бағалы қағаздар нарығында басқа нарықтардың элементтері болуы қажет сияқты көрінеді. Атап өтсек.

Олар:

  • Элемментер, яғни әр түрлі бағалы қағаздар шығаратын шаруашылық субъектілері;
  • Инвесторлар, уақытша бос ақша иелері заңды және жеке тұлғалар;
  • Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары брокерлер, дилерлер, инвестициялық басқарушылар және тағы басқа;
  • Қор биржалары, депозиттер және де басқа да бағалы қағаздарды тіркейтін, сақтайтын ұйымдар.

Жоғарыдағы айтылған мәселелерден "бағалы қағаздар нарығы" - тақырыбының мазмұндық маңыздылығы көрінеді. Осы себептерге сәйкес бұл тақырыпты таңдап алып және осы курстық жұмыс бойынша жалпылама мынадай мәселелер қарастырылады.

  • Бағалы қағаздар нарығының мәні және бағалы қағаздардың пайда болуымдағы алғы шарттар;
  • Бағалы қағаздар нарығының құрылымдары;
  • Бағалы қағаздар нарығын талдау;

Қазақстан Республикасындағы ақшаның қалыптасуы және олардың дамуы. Капиталға сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, және одан түскен табыстың мөлшері де жоғары болса, онда жалған капиталдың бағасы оған тура пропорционалды өседі. Керісінше, егер капиталдың ұсынымы сұраныстан жоғары болса, және банктік проценттің деңгейі де жоғары болса, онда жалған капиталдың бағасы бұларға кері пропорционалды кемиді.

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының жағдайлары, мүмкіншіліктері, олардың даму бағыттары 3 бөлімнен жазылған. Осы 3 бөлім мазмұнында көрсетілген жоспарлар бойынша толық қарастырдым деп ойлаймын.

Осы бағалы қағаздар нарығын зерттеп отырғанда, статистикалық жолмен жаздым. 2005 жылғы және 2006 жылғы жылдың соңында шығарылатын кітаптарға сүйеніп кеттім. Бағалы қағаздар нарығының құрылымдарына, 2005-2006 жылдары қанша бағалы кағаздар, акциялар, облигациялар, вексельдер шығарылғаны туралы толық мәліметтер бар. Бұл тақырыпты таңдап алғаныма себеп-өзім экономист мамандығын меңгеріп жүргендіктен, келешекте Қазақстан Республикасына өз үлесімді қосатындықтан. осы тақырып маған көп ықпалын тигізеді деген сенімдемін. Осы бағалы қағаздар нарығы туралы курстық жұмыста маусымдық, әрбір жылдың соңында шығарылатын статистикалық талдау кітабін, интернет желісі арқылы www. kase. kz. Сайттарына кіріп, мәліметтерді қолдандым. Болашақта ос тақырыппен әлі де терең жұмыс атқарамын деген сенімдемін, және де болашақтағы мәліметтермен осы мәліметтерді салыстырып, Қазақстан Республикасының экономикасы қалай өзгеріп жатқанына көз жүгіртемін. Осы курстық жұмыста 2005-2006 жылдар бойынша Қазақстандық қор биржасының айналым көлемін салыстырғым келіп отыр. Әрбір экономист бағалы қағаздар нарығына байланысты мәселелерді білуі тиіс.

I бөлім. Бағалы қағаздар нарығының экономиқалық мәні.

  1. Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және мәні.

Жалған капитал деген - қосымша құнның бір бөлісін дивиденд немесе процент түрінде иемденуге құқық беретін бағалы қағаздар иесінің меншік титулы. Бағалы қағаздар - акциялар, облигациялар, вексельдер және басқа да түрлерде көрінетін капитал. Бағалы қағаздарды жалған капитал деп атауға себеп болған жағдайлар мыналар.

Біріншіден, табыс көзі тауар өндірісі. Ал бағалы қағаздардың пайда болуы өндірістік капиталмен тікілей байланысты. Өнім өндіріспен айналымға табыс әкеледі деген бұлдыр қиял пайда болды.

Екіншіден, бағалы қағаздардың капитал болып есептелетін себебі оларды сатуға болады. Бірақ олардың өз құны өте төмен, ол нарықтық бағалары иррационалдық сипатта болады. Жалған капиталдың бағасы капиталға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына және бағалы қағаздарды сатудан түскен табыстың мөлшеріне байланысты анықталады.

Капиталға сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса және одан түскен табыстың мөлшері де жоғары болса, онда жалған капиталдың бағасы оған тура пропорционалды өседі. Керісінше, егер капиталдың ұсынымы сұраныстан жоғары болса және банктік проценттің деңгейі де жоғары болса, онда жалған капиталдың бағасы бұларға кері пропорционалды кемиді.

Жалған капитал нақты және қарыз капиталдарымен байланысты болганымен, олардың оқшауланып шыққан бөлігі, яғни олардың бағалы қағаздардағы көрінісі ретінде айналыста жүреді. Оның нақты капиталдан мынадай ерекшеліктері бар.

1. Жалған капиталдың өз кұны жоқ. Бірақ бағалы қағаздардың кейбір түрлері нақты капиталдың орнына жүреді.

2. Бағалы қағаздардың айналысы қор биржасынан және несие жүйесінен басталады, ол нақты капитал өндіріс аясына қызмет көрсетеді.

3. Жалған капиталдың мөлшері бағалы қағаздарды сатудан түскен табыстың капиталға айналуымен анықталады. Ал өндірістегі нақты капиталдан түскен пайда сол нақты капиталдың өз мөлшеріне байланысты болады.

Жалпы алғанда, жалған капитал нақты капиталға қарағанда шапшаң өседі. Бұл жағдай акционерлік кәсіпорындардың тез дамуына, бағалы қағаздардан түсетін дивиденд пен процент мөлшерінің айырмашылығына және де сонғы кездері бағалы қағаздардың көлемінің тез ұлғаюына байланысты болады.

Сонымен бірге жалған капиталдың қарыз капиталынан айырмашылығы бар. Олар:

Біріншіден, бағалы қағаздар қарыз капиталының қозғалысынан пайда бола отырып, одан бөлініп, бағалы қағаздар нарығында дербес қозғалыс жасайды. Өйткені бағалы қағаздарды сатып алу деген ақша капиталының бір бөлігін қарызға берумен бірдей. Ал қарыз - несиелік құжат, немесе бағалы қағаздар түрінде айналыста болады.

Екіншіденң қарыз капиталынан түсетін табыс оның өзінің мөлшерімен анықталса, ал жалған капиталдың мөлшері оның айналысынан түсетін табысына байланысты болады. Ол табыс дивиденд немесе процент түрінде түседі. Бағалы қағаздар өз қозғалыс заңдарына ие болып, нақты капиталдың қозғалысына көбіне тәуелді болмайды.

Сонымен, бағалы қағаздар қарыз капиталын орналыстыратын ортаның тек біреуі ғана.

Жалған капитал сан жағынан қарыз капиталынан көп және айланыста бір-біріне дәл келмейді. Нақты капиталмен жалған капиталдың мөлшері жағынан да біріне-бірі дәл келмеуі бағалы қағаздар нарығына тән ерекшелік. Жалған капиталдың пайда болуы мен оның өсуі байлықтың бір жерге шоғырлануына әсер етеді. бағалы қағаздардың пайда болуы мен оның дамуы капиталистік өндіріс қатынастарының орнауына қатысты. Бәрінен бұрын бұл коммерциялық несиелеу шекарасының кенеюімен пайда болды. Комерциялық несиелеу негізі болып - вексель табылады, яғни бағалы қағаздардың бірінші түрі. Вексель несиелік ақша формасына айналады. Бұл жағдайлар бағалы қағаздардың вексель және өнеркәсіптік өндірістің дамуына зор мәнге ие болуын куәландырады. Банктік жүйнің іс - әрекетінің даму процессі кезінде тағы бір бағалы қағаздардың түрі-чектер пайда болды. Несиелік ақша рөлін ойнайтын және товар айналымы кезінде төлем құралын атқарушы болды. Бірақта нағыз бағалы қағаздар нарығының пайда болуы мен құрылуы акционерлік қоғамдар болды. Бағалы қағаздардың басты түрлерінің акциялар мен корпаративтік облигациялар пайда болуы обьективтік өндіріс қажеттіліктерінің әсері. Экономикада пайдалы қағаздардың болмауы мемлекеттік Б. Қ. Н-ның рөлінсіз елестетуге мүмкіндік бермейді. Мемлекеттік пайдалы қағаздардың ролі экономиканың дамуы кезінде өзгерді. Уақыт өткен сайын мемлекеттік бағалы қағаздар үлкен өлшемде экономикаға әсер ете бастады. Сонымен қатар мемлекеттің ақша айналымның қалыптасуанда зор роль атқара бастады. Қазіргі жағдайда мемлекеттік пайдалы қағаздар көмегімен, макроэкономиканы қалыптастару мақсатында, ақша несиелік саясат жүріп жатыр. Экономикадағы бағалы қағаздардың мәніне жалпы баға бере отырып, келесі басты қызметтерін бөліп көрсетуге болады.

Акционерлік қоғам деп өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға. Ал акция үлесті немесе меншікті құжандыратын бағалы қағаз, яғни акция қоғам шығаратын және олардың түрлері мен сипаттарына қарай акционердің дивидентер алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам таратылғаннан кейін оның қалған мүліктерінің бір бөлігіне құқықталып куәландырады. Акционер қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты зияндарға тәуекел етеді. Экономикасы дамыған елдерде олар корпорациялар деп те аталады. Акционерлік қоғамдар ашық және жабық қоғам үлгісінде құрылады. Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және заңды тұлғалар қоғамның құрылтайшылары болып есептелінеді. Қоғамды құрушылар орасан зор табысқа иемденеді. Акционерлерге дивиденд төленеді. Дивиденд деген тиесілі акциялар санына байланысты акционерлерге төленетін сыйақы.

Акция - үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционердің акцияны шығарған компанияға қайтаруға құқы жоқ. Акционерлік капитал бөлінбейді. Акционер оны тек екінші нарықта сатуына болады.

Акцияны шығару мына жағдайда болады:

а) меншікті акцияландырғанда, яғни акционерлік қоғам құрып, оның жорғылық капиталын қалыптастырғанда;

б) бар компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;

в) жорғылық капиталды қосымша ұлғайту кезінде.

Атап айтқанда, жорғылықкапитал деген шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал және компанияның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды компания кез-келген уақытта өз ойынша пайдалана алады.

Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайтуға және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауга болатын бағалы қағаздардың бірден-бір түрі. Акция компанияның акционерлер алдындағы қарыз міндеттемесі. Компанияның өз акциясын қайта сатып алатын құқы бар. Бірақ бірсыпыра елдердің заңында, елдер корпорацияның төлем қабілеті жоқ болса, онда ол акциясын қайта сатып алатын құқықтан айырылады деген де ереже бар. Дәл осы жағдай, егер қайта сатып алу корпорацияның төлем қабілеті нашарланатын болса да қаралған. Заң жүзінде акцияны бөлуге де болады. Айналымдағы әрбір акцианы брнеше бөлікке бөлуге болады.

Корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша жай және артықшылықты акциялар болып болінеді. Жай акцияларды иеленушілердің корпорацияның тапқан пайдасынық мөлшеріне байланысты дивидендтер алу құқы, жиналыстарда дауыс беру арқылы корпорация жабылып қалған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқы бар. Құқықтар акция мөлшеріне сәйкес көлемде жүзеге асырылады.

Көптеген корпорациялар жай акция бойынша номинал құнын бекітеді. Ол акцияның титулында көрсетіліп, хабарнама сипатында болады. Ол бір акцияға шаққандығы жарғылық капиталдың мөлшерін көрсетеді. Номинал құны акцияның нарықтық бағасының одан әрі қозғалысына ешқандай әсер етпейді. Ол акцияны тек алғашқы орналыстырғанда ғана маңызды роль атқарады. Номинал акцияның эмиссиялық бағасы.

Егер акция көпшілікке сатылып кетсе, онда оның бағасын сатуға қатысқан барлық инвесторлар қалыптастырады. Акцияның нарықтық бағасын, сатушының төмендеткен төменгі бағасымен және сатып алушының төлейтін жоғары бағасы анықтайды. Акцияның нарықтық бағасын ия корпорация, ия басқа біреу белгілейді.

Акцияның эмиссиялық және нарықтық бағаларынан басқа, оның баланстық бағасы да болады. Ол қаржы есебінің құжаттары негізінде анықталып, бухгалтерлік немесе "кітаптық" баға деп аталады. Ол активтің таза құнын орналыстырылған акция санына бөлгенге, немесе бір акцияға келетін акционерлерге тиесілі капиталдың көлеміне тең.

Корпорация жай акцияның номиналын көрсетпейде шығаруға құқығы бар. Онда ол нарықтық бағамен сатылады. Бұл жағдайда акцияның сертификатынла компанияның капиталы бірнеше үлеске бөлінгені көрсетіледі. Корпорация жабылғанда бұл акциялар акционерлерге активтің белгілі-бір бөлігін алуға кепілдік береді.

Артықшылықты акциялар - меншік туралы ерекше сертификат. Олар корпорация пайдасының денгейіне қарамастан белгіленген мөлшерде неғұрлым нақты дивиденд төленуін қамтамасыз етеді. Преференционалды акция дауыс құқын бермейді. Ол дауысыз бағалы қағаз. Оған байланысты артықшылық дауыс құқы жоқтығының орнына төлеу ретінде жүреді.

Жай акция бойынша төленетін дивидендтер сияқты артықшылықты акция бойынша да дивидендтер таза пайдадан төленеді. Артықшылықты акция, әдетте-атаулы бағалы қағаз.

Корпорация бұл акцияның бірнеше сериясын шығаруы мүмкін. Әрбір сериясының әртүрлі көлемдегі артықшылығы бар. Олар әр сериялы акцияның сертификатында көрсетіледі.

Егер корпорация артықшылықты акциялардың бір емес көп сериясын шығаратын болса, онда оның біреуін бірінші артықшылықты деп анықтауы керек. Сондықтан осы акциялардың тек бір сериясының ғана басқа серияларынан гөрі артықшылығы мол болады. Ол артықшылық әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады: дивиденд алғанда, активтерді бөлгенде немесе осы екі жағдайды қоса алғанда.

Артықшылықты акциялардың өзі, бірнеше түр тармағына бөлінеді. Оларды былай топтастыруға бағады - қатысушылар және қатыспаушылар, кумулятивтік және кумулятивтік емес, конвертабельді және конвертабельді емес. Артықшылықты акциялардың аталған түрлерін шығару мүмкіндігі корпорацияның жорғысында қаралады.

Акциялардың бұлай бөлінуінің себебі акция иемденушілердің артықшылықтарды пайдалануына байланысты. Олар:

а) Үстеме пайданы бөлуге қатысу;

б) Хабарланып, бірақ төленбеген дивиденд алу мүмкіндігіне келешекте қатысу;

в) Акцияны басқа түріне айырбастау мүмкіндігі.

1. 2 Бағалы қағаздар нарығының құрылымы.

Бағалы қағаздар нарығы капитал өндірісінің процессіне қызмет атқарады. Капиталдың өндіріс процессіне қандай роль ойнауына байланысты, бағалы қағаздар нарығын бірінші және екінші нарық деп бөлу қабылданған.

Бірінші нарық - бірінші шығарылған бағалы қағаздар орналасатын нарық. Бұнда көбінесе оған қатысушылар бағалы қағаздар элементтері мен инвесторлар. Негізгі және айналымдағы капитал инвестиция салу үшін қаржы ресурстарын қажет ететін элементтер, қор нарығандағы бағалы қағаздар ұсынымын анықтайды. Әсіресе, бірінші нарықта уақытша бос ақшалай қаражатты жұмылдыру және оларды экономикаға инвестициялау жүзеге асырылады. Бірақ, бірінші нарық ұлттық экономика масштабында жинақтың кеңеуін ғана қамтамасыз етпейді, онда бос ақша қаражатын ұлттық экономика ортасы мен саласында бөлу өтеді. Бұл орналастырудың критерийі, нарықтық экономика жағдайында бағалы қағаздардың әкелетін кірісінің қызмет атқаруы табылады. Бұл дегеніміз бос ақша қаражатының кәсіпорындарға, шаруашылық ортасы мен салаларына және пайданы көтеруді қамтамасыз етуіне жұмсалады. Осылардың барлығы бағалы қағаздар нарығының нарықтық экономиканы фактілік реттеушісі екенін білдіреді.

Бағалы қағаздарды сатып алушалар жеке және институттік инверсторлар болуы мүмкін. Нәтижесінде олардың бір-бірімен қатынастары экономиканың даму деңгейінен, қор жинау деңгейінен және несие жүйесінің жағдайынан байланысты болуы мүмкін. Дамыған елдерде бағалы қағаздар нарығында институттік инвесторлар басым. Өндірістік іс-әрекеттерді инвестициямен қаржыландыру мақсатында акциялар шығару жаңа компаниялардың құрылуымен "Жоғары технология" саласында жеке меншік компанияларды қайта құру мен байланысты. Дамушы елдерде акция шығарудың негізгі себебі тұтас корпорация капиталында қарыз капитал бөлігін жабуды және төмендетудің қажеттілігін қаржыландыру. Жаңа акциялар өмиссиясының бірінші себебі - компаниялардың сеңуі. Бұл компаниялар жаңа акциялар эмиссияларын өндіре отырып бірінші нарыққа шығады.

Екінші себебі, қазіргі заманғы корпорациялардың бағалы қағаздар нарығына, тұтас капиталдық корпорациялардағы қарыз капиталдарын төмендету. Себебі кейбір елдерде меншіктік және қарыздық капиталдардың ара қатынасы заңмен жүзеге асырылады.

Бағалы қағаздардың бірінші нарықта орналасуы екі формадан тұрады:

  1. Тура инвесторларға айналдыру жолымен;
  2. Делдардар арқылы.

Дамыған мемлекеттердің нарығының артықшылығы бұл бағалы қағаздарды гофедниктер арқылы орналастыру, яғни инвестиция беруші банкілердің ролі арқылы. Компания - эмитент пен инвестициялық банк арасындағы бір-бірімен қатынас эмиссиялық келісім негізінде құрылады. Инвестициялық банк компания - эмитентпен біріліп эмиссия шартын анықтайды. Эмиссиялық келісімге қатысты инвестициялық банктер бағалы қағаздарды не сатып алушы ретінде, не агент ретінде орналыстырады. Жай уақытта барлық шығарылғанын сатып алады, және де қаржылық жауапкершілікті өз олады. Бағалы қағаздарды орналастыру формасына тәуелсіз жаңадан шығаруға дайындық әр қашан бірнеше этаптан тұрады:

  1. Арнайы үкіметтік органдармен шығаруды реттеу. Ол тіркеуге өтініш негізінде өнделеді.
  2. Басылу кезеңі. Бұл кезең ағымында өтініштерді тексеру өтеді.
  3. Эмиссия алдылық кеңесу кезеңі. Онда тіркеу жөніндегі өтініштер алынады және эмиссия тізімінің қортынды тізімі анықталады.
  4. Жаңа шығарылымдарды тікелей жүзеге асырылу кезеңі.

Бірінші нарық бағалы қағаздардың екінші нарығының пайда болуына әкеледі. Тіптен бірінші нарық екінші нарықтың жоқ болуынсыз өмір сүруі мүмкін емес. Екінші нарық - ол ерте шығарылған және басқа формадағы бағалы қағаздардың алдын ала сатылуындағы айналым қамтылады. Нарықтың негізгі қатысушылары эмитенттерде, инвесторғар да емес спекулянттар. Арзаннға сатып алып, қымбатқа сату олардың мақсаттары, яғни курстық айырмашылық арқылы табыс табу. Екінші нарықтық бірінші нарықтан айырмашылығы инвестиция мен елдегі жинаққа әсер етпейді. Ол әр түрлі шаруашылық субъектілерінің арасындағы бірінші нарық арқылы шоғырландырылған ақша қаражатын үнемі қайта болуді қамтамасыз етеді. Биржалық алып сатарлардың мақсаты курстық айырма түрінде табыс алу болғандықтан, олар өзінің табысан өсіру мүмкіндігін тауысқан кәсіп орындардың бағалы қағаздарын сатып, келешегі бар кәсіпорындармен шаруашылық салаларының бағалы қағаздарын сатып олады. Сонымен қатар, екіншілік нарығы бағалы қағаздардың өтімділігін және біріншісінде орналасуға жақсы жағдайды қамтамасыз етеді.

Құнды қағаздар нарығының құрамды бөліктері. Құнды қағаздар нарығының құрамды бөліктері өзінің негізінде берілген нарықта сауданың әдістері бар. осыған сәйкес құнды қағаздар нарығын мынандай нарықтарға бөлуге болады:

-бастапқы және екінші нарық.

-биржалық және биржадан тыс нарық.

-дәстүрлі және компьютерленілген нарық.

-кассалық және тез.

-организацияланған және организацияланбаған.

Құнды қағаздар саудасы дәстүрлі және компьютерленген нарықтарда жүжеге асады. Соңғы кезекте сауда біртұтас компьютерленген нарыққа біріккен қор делдалдарына сәйкес компьютер желілері арқылы жүргізіледі.

Оның негізгі сипаты:

-сатушы мен сатушылардың кездесу орындарды мен олардың арасындағы тікелей байланыстың болмау себептері;

-сауда мен оны қамтамасыз етуді толық автоматизациялау процесі нарыққа қатысушылардың рольі негізінен сауда жүйесі бойынша құнды қағаздарды сату-сатып алуға байланысты. Кассалық құнды қағаздар нарығы шетел ұғымы»кэш»-нарық немесе «спот»-нарық. б-Бұл келісімдерді 1-2 күні аралығында тез орындау нарығы.

Тез құнды қағаздар нарығы-орындау мерзіміне қарай әртүрлә келісімдер жасалатын нарықжәне оло екі жұмыс күнімен жоғары болады. Көбінесе орындалу мерзімі 3 ай. Дамымаған елдерде құнды қағаздар нарығының 3 түрі әрекет етеді:Бастапқы, екінші(биржалық) . Құнды қағаздар нарығы, және биржадщан тыс нарық.

Бастапқы және биржалық нарық бір-біріне қарама-қарсы, бірақ осы мерзімде бір-бірін өзара толықтырып тұрады.

Қарама қайшылықтың болуы мына жағдайлармен байланысты, олар сауда және құнды қағаздардың айналасындағы жалпы қызметті атқара отырып, оларды таңдау және сатудың арнайы әдістерімен басқарылады. Бастапқы айналым ереже ретінде жаңа құнды қағаздарды шығару және сауда-өнеркәсіптік коорпорацияларда облигацияларды таратуды қамтиды.

Екінші нарықта(биржада) ерте шығарылған құнды қағаздармен сауда өнеркәсіптік баға белгілейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздар нарығының даму деңгейін зерттеу
Бағалы қағаздар портфелін басқару
Акция нарығының негізгі көрсеткіштері
Бағалы қағаздар нарығын компьютерлендіру
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ҚОР НАРЫҒЫ
ҚР бағалы қағаздар нарығы
Қазақстан Республикасының қор биржасының қызметін ұйымдастыру мен қызмет ету ерекшеліктері
Биржадан тыс нарығы - қор биржаларында айналымға жіберілмеген, бағалы қағаздар саласы
Бағалы қағаздар рыногының сызығы
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz