Инфляция. Қазақстандағы инфляция деңгеіне баға беру және талдау


Курстық жұмыс
Тақырыбы: инфляция
Орындаған:
Тексерген:
Қарағанды 2010
Жоспар:
КІРІСПЕ . . . 3
І. ИНФЛЯЦИЯ МӘНІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 4
- Инфляция және оның табиғаты мен мазмұны . . . 4
- Инфляция және оның түрлері, даму механизмі . . . 9
ІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯ ДЕҢГЕІНЕ БАҒА БЕРУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ . . . 7
2. 1 Инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктері . . . 17
2. 2 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық нәтижелері,
себептері . . . 19
2. 3 Антиинфляциялық шаралар жүйесі . . .
ІІІ. ИНФЛЯЦИЯНЫ ТЕЖЕУ ШАРАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ . . . 22
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 28
Кіріспе
Ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.
Тауар айналысының тарихи дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдары және т. б. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.
Сонымен, ақша - бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар.
Инфляция процесі ақша белгілері сияқты ерте дамыған, олар бір-бірімен үздіксіз тығыз байланысты. Капиталистік формацияға дейін тиынның құнсыздануының нәтижесінде инфляция пайда болды. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты инфляция сипаты мен деңгейін, шаруашылық механизмінің ерекшеліктерін есепке ала отырып жүргізіледі. Бірақ мемлекеттің инфляциялық саясаты әр түрлі әдістер қолданылып жүргізілгенімен, саясаттың мақсаты елдің әлеуметтік - экономикалық жүйесін тұрақтандыру және инфляциялық жағдайдың алдын алу немесе зардап күшін азайту болып табылады.
Осы аталған жағдайлар инфляция қаупі әрбір елдің басына төнуі мүмкін екендігін және мемлекет сәйкес антиинфляциялық саясат негіздерін қалыптастыру керек екендігін негіздейді. Ал бұл біздің зерттеп отырған тақырыбымыздың өзектілігін белгілейді.
Соған орай, жұмыстың мақсаты инфляция ұғымын, оның туындау себептерін, зардаптарын және шет елдегі инфляцияға қарсы саясат тәжірибелерін және Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процесстерді, осы жағдайдағы мемлекет шараларын талдап, бағалау болып табылады.
Зерттеу жұмысында шетел ғалымдарының, отандық ғалымдардың (экономистердің) инфляция және оның зардаптарын жою мақсатында мемлекеттің саласындағы мәні, саясаты туралы еңбектері қолданылды.
ХХ ғасырдағы Бірінші Дүниежүзілік соғстан кейін экономикалық әдебиеттерде инфляция сөзі кең тарады. Совет экономикалық әдебиеттерінде бұл туралы түсінік тек 20 жылдардың ортасында енді.
Инфляция туралы түсінік - ол тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бағасының өсуі және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіндігінің құлдырауы.
І. АҚША МЕН ИНФЛЯЦИЯ МӘНІ, ОЛАРДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
- Ақша, оның табиғаты мен мазмұны.
Ақша - бұл жалпы эквивалент ролін атқаратын ерекше тауар.
Бірнеше жүз жылдықтар бойы көптеген халықта ақшаның ролін мүйізді ірі қара мал атқарды. Біртіндеп жалпы эквивалент ролін алтын атқарды. Оған оның мынадай қасиеттері әсер етті:
- сапалық біртектілік;
- сандық (еркін) бөлінуі;
- қолайлылығы (алтынның аз мөлшеріне көп жұмыс күші кетеді) ;
- сақталуы.
Алтын - еңбек сыйымды және сирек металл. Әлемдегі ерте заманнан қазіргі кезге дейінгі қазылып алынған алтынның мөлшері 100 мың тоннаға бағаланады.
Әдеттегі тауар ретінде алтын тұтыну құнына және құнға ие. Алтынның тұтьшу құны өнеркәсіпте әшекейлі заттар, алтын жалату үшін қолданылады және т. б. Алтынның құны еңбек құн теориясына сәйкес алтынды өндіруге кеткен қоғамдық кажетті еңбекпен анықталады.
Алтын жалпы эквивалент ретінде мынадай қасиеттерге, ерекше тұтыну құны мен құнның ерекше формасына ие. Ерекше тұтыну құнын оның басқа тауарлардың құнын өзінің құнына теңестіру қасиетінен көруге болады. Алтын құнының ақшалық материал ретіңдегі ерекщелігін тікелей жалпы айырбасталу формасына ие болуынан көрінеді.
Ақшаның осы заманғы концепциялары ХVІІ-ХVIІІ ғасырларда пайда болған теориялардан туындайды. Ең алдымен бұл ақшаның металдық, номиналдық және сандық теорияларына байланысты.
Бірақ, алдыңғы теориялар жаңа жағдайға сәйкес басқа формада дамиды. Егер бұрын неггідзгі назар ақшаның пайда болуына, мәніне, құнының қалыптасуына бөлінсе, осы заманғы ақшаның теориялары сол концепциялардың рыноктық экономиканың. Дамуына қалай әсер етуін зерттеу саласына көңіл бөледі.
Ақшаның металдық теориясы капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда болды. Оның өкілдері меркантилистер, яғни У. Стаффорд, Т. Ман, Д. Норс және т. б. Олар ақшаның қызметтерін қазына ретінде және әлемдік ақша ретінде абсолюттерді және осының негізінде ақшаны асыл металдармен теңестірді. Мемлекеттің монетаны бұзуына карсы шықты. Ақшаны әлеуметтік қатынастар емес, зат ретінде қарастырады.
Ақшаның номиналды теориясын құрушылар римдік және ортағасырлық юристер (заңгерлер) болып табылады. Кейінірек оны Дж. Беркли (Англия) мен Дж. Стюарт (Шотландия) дамытты. «Металлистерге» сын айта отырып, олар ақшаның басқа қызметтерін айналыс құралы мен төлем құралын абсолюттеді. "Номиналистер" ақшаны тауарлар айырбасына қызмет ететін шартты белгі, есеп бірлігі ретінде көрсетті және ол мемлекеттік биліктің өнімі болып табылады деп есептеді.
Ақшаның сандық теориясының негізін қалаушылар Дж. Локк (ХVІІ ғ. соңы), Ш. Монтескъе, Д. Юм, Д. Рикардо (ХVШ ғ. соңы) болды. Олар ақшаның кұндық негізін қорғады. Ақшаның сандық теориясының жақтаушылары ақша бірлігінің құны мен тауар бағаларының деңгейі айналыстағы ақшаның мөлшерімен байланысты анықталады деп есептеді. Сандық теорияның модернизациясына И. Фишер (XX ғ. басы), А. С. Пигу (XX ғ. ортасы) және т. б. елеулі үлес қосты.
Ақша бірқатар қызметтер атқарады. Классикалық саяси экономия бес қызметін көрсетті: құн өлшемі, айналыс кұралы, төлем құралы, қорлану (жинау) құралы (казына), әлемдік ақша.
Осы заманғы экономикалық ғылым негізгі екі топқа
көңіл бөледі: құн өлшемі мен айырбас құралы.Ақшаның құн өлшемі ретіндегі қызметі ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу кабілетінен тұрады.
Бұл үшін қолдағы ақшаның қажеті жоқ, яғни, құн өлшемі қызметін санадағы ойлы ақшалар да атқара алады. Басында ақшаның бұл қызметті атқаруы үшін өзінің құны болу керек болды. Бұл кызмет алтынға бекітілді.
Алтынның құнында көрсетілген тауардың құны баға деп аталады. Тауардың құны неғұрлым көп болса, солғұрлым ол алтынның көп мөлшеріне теңестіріледі. Яғни, тауардың. бағасы тауардың құнына тура тәуелді болады. Тауардың бағасына тауардың құны ғана емес, алтынның құны да әсер етеді: егер ол көтерілсе, тауардың бағасы түсуі керек және керісінше. Еңбек құн теориясының бастапқы жағдайлары осындай шиленіскен көптеген факторлардың көрсетілген категориялармен тікелей байланыста қарастырылады.
Ақша - айналыс құралы қызметін Т-А-Т формуласы бойынша тауарларды айырбастауда делдалдық ролін орындаған кезде атқарады. Бұл формула екі актіге бөлінеді: сату Т-А және сатып алу А-Т. Тауардың иесі оны сатып, ал сатып алуды кейінге қалдыруына болады және ақшаны өзінде ұстай тұруына болады. Сол кезде басқа біреу өз тауарын сата алмайды. Яғни, бұл қызметтің орындалуына байланысты ұдайы өндіріс дағдарысының формальді мүмкіндігі туындайды.
Айналыс құралы ретіндегі ақша монета және қағаз ақша
формасында болады.Монета - бұл ерекше формасы мен пробасы бар металдың кесегі. Монета деген сөздің пайда болуы б. э. д. ІV ғасырдағы Ежелгі Римнің ақша белгілері басылып шығарылған Юнона-Монета деген храмның атымен байланысты.
Алтын - жұмсақ металл және айналыстағы алтын монеталар салмағын жоғалтады. 2600 ж. ішіндегі алтын монетаның айналыстағы жалпы жойылу шамасы 20 мың т. алтын болды. Тозып қалатын монеталар сапасы және өлшемі кеми бастайды, ал ақша айналыс құрал қызметін үздіксіз атқаратындықтан, алтын ақшаларды арзан металл, қағаз ақшаларға ауыстыру қажеттігі туады.
Қағаз ақшаның өзінің құны болмайды, сондықтан құн өлшемі қызметін атқармайды, тек алтынның баламасы болып табылады.
Қағаз ақша ең бірінші XII ғасырда-ақ Қытайда, Ресейде Екатерина ІІ-ң кезінде 1769 жылы пайда болды. Қалыпты тауар айналысын қамтамасыз ету үшін айналыстағы қағаз ақшаның саны айналысқа қажетті алтын ақшаның санына сәйкес келуі керек. Егер айналыстағы қағаз ақшаның саны алтыннан көп болса, онда ол құнсызданады, оның сатып алу қабілеті төмендейді, ал тауарларға баға көтеріледі.
Тауарларға бағаның көтерілуіне себепкер ақшаның құнсыздануы инфляция деп аталады.
Жалпы түрде айналысқа қажетті ақшаның саны тауарлардың бағаларының қосындысын біртекті ақша бірлігінің айналысының санына бөлу арқылы анықталады. Қалыпты жағдайларда, ақша байлықтың абсолютті көрінісі болып табылады және үлкен өтімділікке ие, яғни тез өтелу қабілетіне ие.
Егер бір тауарды сатқаннан кейін уақытша айналыс
тоқтаса, алтын-ақша айналыс сферасын біртіндеп тастап
шығады және қазынаның құрылуы артады. Алтын жеке
қолдарға жинақталдьі. Алтын қазына қызметін алтын кесек,
монеталар, алтын немесе күмістен жасалған әшекей-бұйымдар
формасында атқарады.
Қазынаның жаппай артуы тауарлы-ақша айналысының бұзылуы кезінде және қоғамдық толқулар кезеңінде көрінеді. Керісінше, тауарлы-ақша қатынастарының жандануы кезеңін де қазына айналыс құралына кайта айналады - осылай қозғалыстар арқылы тауарлы-ақшалы қатынастар стихиялы реттелді.
Қазіргі кезде алтын айналыстағы ақша массасын стихиялы реттеуші ролін атқаруын қоя бастады. Себебі, ақша белгілерін алтынға еркін айырбастау жоқ.
Бүгінгі күні алтын қазыналық қызметін атқаруды шектелген масштабта мемлекет пен жеке тұлғалардың сақтандыру қоры ретінде басқа да қымбат бағалы игіліктермен қатар жалғастыруда.
Мемлекеттік және жеке адамдардың алтын қорлары жалпы байлықты құрайды. Қағаз ақшалар қазына бола алмайды. Себебі, өзінің құны жоқ, бірақ қорлану құралы қызметінде көрінеді.
Тауарлы өндірістің дамуына байланысты тауарларды кредитке сатудың қажеттілігі туындайды. Әр түрлі мерзімде тауарларды дайындау мен өткізу құбылысы бұған себепші болады. "Кредитті ақша" - ақша төлем құралы ретінде өмір сүрудің жаңа формасына ие болуда. Оларға вексельдер, банкноттар, чектер жатады.
Вексель - ақша соммасының шамасы мен оны борышкердің төлейтін уақыты көрсетілетін жазбаша қарыздық міндеттеме. Ол айналыста болады және ақшаның ролін атқарады.
Банкнот - бұл банктің векселі. Банкноттың қағаз ақшадан айырмашалықтары:
- банкнот екі жақты қамтамасыздыққа ие: кредиттік (коммерциялық вексель) және металдық (банктің алтын қоры )
- қағаз ақшаны мемлекет шығарады, ал банкнотты
орталық эмиссиондық банк шығарады;
- кағаз ақша айналыс құралы қызметін, банкнот - төлем
кұралы қызметін атқарады.
Чек - бұл банк арқылы ақша суммасын төлеуі және оның басқа есепшотқа аудару жөніндегі ағымдағы есепшоты бар тұлғаның жазбаша жарлығы.
Чектің негізгі үш түрі бар:
1) атаулы (тапсыруға жатпайтын) ;
2) ордерлі (индоссамент бойынша басқа тұлғаға тапсыруға болатын) ;
3) ұсынылатын (индоссаментсіз тапсырылатын) .
Ақшаның елдер арасындағы айналыста барлық қызметінатқаруы - әлемдік ақша деп аталады. Әлемдік ақша ролін салмағы бойынша алынатын алытын атқарады. Бір елден екінші елге қозғала отырып, әлемдік ақшіа қоғамдық байлықгың жалпы іске асуына қызмет етеді.
Ресейдің ақша бірлігі болып рубль (сом) табылады. Ол бай тарихқа ие. Монғолдардың шабуылына дейін орыс тілінде "ақша" ұғымы жат жұрттық теңге атауынан шықты (Ежелгі Русьте - "векша" - ақша бірлігі, былғары кесіндісі) .
Қазақстанда ақша бірлігі теңге деп аталады. 1991 жылы тамыз айында Ресей, Украйн, Белорус мемлекеттері өзара келісімдеріне байланысты (Беловежск келісімі) Кеңес Одаға ыдырай бастады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде егемендігін жариялады. Дегенмен ақша ресурстары ортақ жүйеде қолдана берілді. Өтпелі экономиканың ауыр кезеңінде 1992 жылы Ресей қаржы саясатына байланысты жаңа ақша бірлігін шығаруы Қазақстанда экономикалық жағдайын қиындата түсті. Себебі, ақша айналымында кеңес ақшасының көлемі шегінен тыс көбейіп құнсызданды. Міне, осы бірқатар себептерге байланысты Қазақстан өз ұлттық ақша бірлігін 1993 жылы қараша айында шығара бастады.
Қазақстан жерінің тарихына көз салатын болсақ, белгілі Жібек жолының бойында біздің ғасырымыздан бұрын ірі орталық сауда орындары бар болғаны белгілі. Әрине ақша қызметін атқаратын құнды заттар мен мал-мүліктердің болғанына даусыз дәлелдемелер жеткілікті. Сол ғасырлардың өзінде монета-теңгелер жасалды алтын теңге (алтыннан жасалған), күміс теңге (күмістен жасалған) құндарына сәйкес, балама ролін атқарған. Сауда-саттық қарым-қатынасында жеңіл, тиімді жақтарын қолдана білген.
Бірінші кеңес рублі 1919 жылы шығарылды. 1922-24 жылдары 7, 742 г. алтынмен қамтамасыз етілген кағаз червонеці шығарыла бастады, ал революцияға дейінгі алтын монета 10 рубльге тең болды. 1937 ж. рубльді АҚШ долларының негізінде есептей бастады, АҚШ долларының алтын құрамы 0, 889 г. болды.
1950 ж. рубльдің алтын құрамын 0, 222 г. алтынмен
анықтады.1961 ж. КСРО-да баға масштабының 10 есеге өсуіне байланысты рубльдің алтын құрамы 0, 987 г. алтынмен анықталды, 1 доллар 90 тиынға теңелді.
Сонымен, рубль ақша жүйесінің жалғыз элементі бола отырып, оның дамуымен қатар өзгерді.
Ақша жүйесі дегеніміз не? Тауар айналысын қамтамасыз ететін шаруашылық тұлғалары мен банктер арасындағы ақша айналысы жүйесі.
Ақша жүйесі - бұл әрбір елде тарихи калыптасқан және мемлекетпен заң бойынша белгіленген ақша айналысын ұйымдастырудың формасы.
Ақша айналысы - бұл төлем құралы мен айналыс құралы қызметтерін атқаратын ақшаның үздіксіз қозғалысы.
Ақша айналымы қолма-қол ақша мен қолма-қол емес ақша белгілерінің тауар айналымын және тауарсыз төлемдер мен шаруашылықтың есеп айрылысуын қамтамасыз ететін ақшаның қызметі арқылы жүзеге асады. Сонымен ақша айналымы екі бөліктен: қолма-қол ақша айналысы және қолма-қол емес ақша айналымынан тұрады.
Айналыста тек қолма-кол ақша жүретіндіктен оны ақша айналысы деп атайды. Айналыс және төлем құралдары ретінде нақты ақша белгілері (банкноталар, қазыналық билеттер /қағаз ақшалар/ және ұсақ монеталар) айналыста жүреді.
Қолма-кол емес ақша айналымы (төлем айналымы) -ол банктегі шот иесінің жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі немесе ақшаның төлем кұралы ретіндегі қызметін атқарады. Ол бүкіл ақша айналымының басым бөлігін (90%-ке жуығын) құрайды. Төлем айналымы төлеушілер мен сатып алушылардың банктегі шотына немесе жазу түрінде немесе олардың өзара талаптарын есептеу жолымен жүзеге асырылады. Қолма-кол ақшасыз төлем айналымы: тауарлы операциялар бойынша және қаржы міндеттемелері бойынша болып екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа тауарлар мен қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу, ал екіншіге бюджетке төленетін төлемдер (пайда салығы, қосымша кұн салығы, жеке тұлғадан алынатын табыс салығы және басқа міндетті төлемдер) және бюджеттен тыс қорлар, банктік борышты өтеу, несие үшін өсімді төлеу, сақтандыру компанияларымен есептесу жатады.
Банктердің есептесу операциялары: инкассо, аудару және аккредитив болып бөлінеді.
Инкассо - әр түрлі құжаттарды пайдаланып, клиенттердің тапсырысы бойынша және олардың шотына банктердің ақша түсіру операциясы. Инкассоға чектер, вексельдер, бағалы қағаздар және т. б. құжаттар қабылданады.
Аудару операциясы - клиенттің өз банк шотынан белгілі бір соманы көрсетілген жаққа аудару жөніндегі тапсырманы білдіреді. Бұл операция үшін банк комерциялық сыйақы алады.
Аккредитив (латын сөзі- "сенемін") - бір банктің екінші банкке аккредитивте көрсетілген шарттарды орындағанда белгілі бір соманы жеке немесе заңды тұлғаға төлеу жөнінде берген жазбаша тапсырмасы.
Ақша жүйесінің элементтері болып мыналар табылады:
- ақша бірлігі, яғни бірлік ретінде елде қабылданғанақша өлшемі (рубль, доллар және т. б. ) ;
- баға масштабы, яғни ақша бірлігі және оның құрамабөлшегі ретінде елде қабылдаңған ақша металының сандық салмақтық мөлшері (мысалы, теңге 100 тиыннан тұрады және60-80ж. ол 0, 987672 г. алтынға теңелді) .
- эмиссиондық жүйе, яғни ақша және бағалы қағаздарды шығаратын мекеме (мысалы, орталық банк және т. б. ) ;
- ақша белгілерінің түрлері, яғни айналыста заңды төлем құралы болып табылатын несиелі қағаз ақша және ұсақ монеталар жүйесі;
- ақша жүйесінің институттары, яғни ақша айналысын реттейтін мемлекеттік емес мекемелер.
Тарихи металл ақшаның айналыс жүйесі биметаллизм мен монометаллизм арқылы өтті.
Биметаллизм ақша ретінде екі металдың - алтын мен күмістің қолданылуына негізделеді (ХVI-XIXғғ. ) .
Монометаллизм ақша ретінде тек алтынды пайдаланады, ал қағаз және несие ақшалар оған еркін айырбасталады.
Сонымен, экономикасы нарықтық типпен дамыған мемлекеттердің ақша жүйесіне тән белгілер:
- Ақша айналымын басқаруға әр түрлі банктердің қатынасуы.
- Қолма-қол ақша мен қолма-қол емес ақша белгілерін шығарумен банк жүйесінің әр түрлі буындарының шұғылдануы. Бұнда қолма-қол ақшаны шығарумен мемлекеттердің орталық банкі шұғылданса, қолма-қол емес ақша белгілерін әр түрлі меншіктегі коммерциялық банктер шығарады.
- Қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша - төлем айналымдары ұғымының арасын заңмен жіктеудің болмауы.
- Ақша-несиелік реттеу механизмін құру және оның дамуы.
- Орталық банктің мемлекеттік аппараты арқылы ақша жүйесін басқаруды орталықтандыру.
- Ақша айналымын бағдарлы жоспарлау.
- Қолма-қол емес және колма-қол ақша айналымдарының тығыз байланысы, оның ішінде қолма-қол емес айналым үлесінің көп болуы.
- Салық органдарының ақша қаражатын қырағы бақылауы.
- Мемлекеттің орталық банкіне салыстырмалы дербестік беру.
10. Ақша белгілерін банк жүйесінің активтерімен (алтын, қымбат металдар, тауарлы-материалдық құндылықтар, бағалы қағаздар) қамтамасыз ету.
11. Шаруашылық айналымына ақша белгілерін мемлекеттің ақша-несие саясатына сай шығару.
12. Валюта курсын валюталар "қоржыны" негізінде нарықтық жүйенің белгілеуі.
Жалпы айырбасталмайтын несие ақшаларына көшу эмиссияның біржақты икемденуіне және ақша жүйесінің негізі - ақша айналымының объективті қажеттілігінен туындайтын - ақша шығаруды шектеу принципінің бұзылуына әкеп соқтырды. Ақша жүйесі шаруашылық механизмінің құрамдас бөлігі ретінде қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі диспропорцияны шұғыл сезінеді. Кез келген диспропорция ақша жүйесінің тұрақсыздануына, сайып келгенде ақшаның құнсыздануына, яғни инфляцияға ұшыратады.
1. 2 Инфляция және оның түрлері, даму механизмі
"Инфляция" - қабару, көтерілу, өсу деген мағананы білдіретін латын сөзі. Шындығында да, қауырт жағдайларда (мысалы, соғыс, революция және с. с. кездейсоқ жағдайларда экономиканы дамыту үшін) мемлекеттік шығындарды қағаз ақша шығарумен қаржыландыру ақша айналымының күрт "көтеріліп", қағаз ақшаның құнсыздануына әкеп соқтырады. Оны әр елдегі соғыс жылдарындағы ақша айналысынан байқауға болады. Мысалы, АҚШ-тың бостандық үшін 1775-1783 жж. соғысы және 1861-1865 жж. Азамат соғысы (оның соңғы екі жылында доллардың сатып алу мүмкіндігі 60 процентке дейін төмендеген) ; XIX ғ. бас кезіндегі Англияның Наполеонға қарсы соғысы; 1789-1791 жж. Француз революциясы. Әсіресе, Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германияда инфляция жоғары қарқынға жетті, 1923 ж. күзінде айналымдағы ақша массасы 496 квинтиллион рейхсмаркаға жетіп, ал ақша өлшемі триллион есе Құнсызданды [11; 120. ] . Осы келтірілген тарихи мәліметтер инфляция бұрыннан келе жатқан феномен (айырықша құбылыс) екенін дәлелдейді.
Ал казіргі инфляцияға тән біраз ерекшеліктер бар. Олар:
- егер бұрын инфляция бір жердің шеңберінен аспаса, казіргі инфляция елдің бүкіл жерін камтиды;
- егер бұрын инфляция бір мезгілде ғана жүрсе, қазіргіинфляция көп уақытқа созылған құбылыс;
- егер бұрын инфляция тек ақшаның әсерінен туындаса, қазіргі инфляция көптеген ақшасыз және т. б. факторларға байланысты болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz