Нарықтағы еңбекақы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І. Нарықтық экономикадағы еңбекақы
І.1. Қазіргі заман нарық теориясындағы еңбекақы мәні ... .5
І.2. Қазақстандағы нарықтық қатынастардың
даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

ІІ. Еңбек жүйелері және оның нысандары
ІІ.1. Еңбекақының экономикалық принціптері ... ... ... ... ...19
ІІ.2. Еңбек жүйелері және оның нысандары ... ... ... ... ... ... 21

ІІІ. Еңбек нарығы мәселелері
ІІІ.1. Еңбекақы және кәсіподақ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
ІІІ.2. Еңбек нарығын реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы экономикалық дамудың қарышты қадамдарымен алға басып келу үстінде. Әрине, бұл даму жолында көптеген қоғамдық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтар мен проблемалар кездесу үстінде. Тек осы проблемалардың дұрыс шешу жолдарын тауып, өзіміз таңдаған даму бағытымызды ұстануымызға мүмкіндік туады. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алғашқы президенті Н. Ә. Назарбаев ұсынған мемлекеттің даму жоспары, яғни «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы жоспарлоы түрде, кезең-кезеңмен орындалуда.
Осы өткен кезеңдерде, қазіргі күні де өте актуалды мәселелердің бірі бұл нарықтық экономикадағы еңбекақы, жалақыны белгілеу, оның көлемін анықтау мәселесі. Себебі, нарықтық экономикадағы іс-әрекет ететін, жұмыс беруші өзінің мүдделеріне сай, еңбекақының көлемін мүмкін болғанша төмен деңгейде ұстағанды көздейді. Ал оған жұмыс істейтін қызметкер, жұмысшы өз табысын өсіруді көздеп, пайдасын арттыруды көздеп, жалақының жоғарғы көлемін алуды талап етеді. Аталған мәселенің маңыздылығы өте зор, өйткені ол әлеуметтік топтар арасындағы теңсіздік деңгейін арттырып, қоғамдық тыныштық пен елдегі бейбітшілікке қауіп төндіреді. Сондықтан, бұл мәселені шешуді ертеңге қалдырмау керек, және шешу барысында тараптардың мүдделерін ескерген жөн. Міне, Үкімет нарықтық экономикадағы ең төмен жалақы деңгейін белгілеу кезінде осындай қиындықтармен кездеседі.
Ұсынылып отырған курстық жұмыстың тақырыбы, «нарықтық экономика жағдайындағы еңбекақы». Курстық жұмысты орындаушының бұл тақырыпты таңдау себебі, мәселенің әр қашан маңыздылығында, яғни ел экономикасы жоғары немесе төмен деңгейде болса да, орындалған жұмыс үшін еңбекақының көлемін анықтау бірінші орында тұрады.
Курстық жұмыс кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерден тұрады. Кіріспе бөлімде, жалпы тақырып маңыздылығы көрсетіліп, курстық жұмыс құрылысына кіріспе жасалады. Негізгі бөлімнің өзі үш тараудан тұрады, ал әрбір тарау екі тақырып бойынша қарастырылған.
Бірінші тараудың тақырыбы нарықтық экономикадағы еңбекақы және оның екі бөлімінің бірі қазіргі заман нарық теориясындағы еңбекақы мәні,ал екіншісі Қазақстандағы нарықтық қатынастардың даму тарихы. Бұл бөлімде қарастырлған мәселеге жалпы сипаттама беріліп, оның Қазақстанда қалай дамып жүргені туралы ақпарат берілген. Тақырып күрделі болғандықтан оны екі сұрақ бойынша қарастырған. Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пйада болды, оның ерекшеліктері неде деген сұрақтарға жауап берелік. Бұл сұраққа жауап беру оңай шаруа емес. Себебі, біздер әлі күнге дейін өз халқымыздың, жеріміздің тарихын білмейміз. Мысалы, Қазақстанда құл иеленушілік құрылыс болмастан-ақ патриархалдық-феодалдық қатынастар қалыптасты деген пікір берік орныққан. Бұны қазақтардың көшпелі мал шарушылығымен айналысумен байланыстырады. Осы пікірдің негізінде Қазақстанда өндіргіш күштердің даму дәрежесі өте төмен, тауарлы-ақша, нарықтық қатынастардың қалыптасуына жағдай болған жоқ дейді. Біздің бұл пікірге үлкен күмәніміз бар, тарихшы ғалымдар болашақта өз пікірлерін айтып жатыр
1. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе, 2004 жыл. А-Полиграфия.

2. Основы финансов. Мельников. 2006год.

3. Ақша, несие, банктер. Сейітқалиев. Алматы,2001 жыл

4. Қаржы.Ілиясов. Алматы,2003жыл.

5. Нарықтық экономика негіздері. 1998жыл. Алматы.

6. «Экономика негіздері» журнал. 2005жыл. № 5.Алматы.

7. Осипова Г.М. «Экономикалық теория негіздері»

8. Современный рынок: природа и развитие /Под.ред. Дунаева Э.П., Рузаковой И.Е. Изд.МГУ 1992

9. Шеденов Ө.Қ. т.б. «Жалпы экономикалық теория»,-Алматы 2002

10. Чалбаев К.К. «Интенсификация производства и рыночные отношения» - М.,Экономика, 1996 ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..3

І. Нарықтық экономикадағы еңбекақы
І.1. Қазіргі заман нарық теориясындағы еңбекақы мәні ... .5
І.2. Қазақстандағы нарықтық қатынастардың
даму тарихы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

ІІ. Еңбек жүйелері және оның нысандары
ІІ.1. Еңбекақының экономикалық принціптері ... ... ... ... ...19
ІІ.2. Еңбек жүйелері және оның нысандары ... ... ... ... ... ... 21

ІІІ. Еңбек нарығы мәселелері
ІІІ.1. Еңбекақы және кәсіподақ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ІІІ.2. Еңбек нарығын реттеу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..29

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

Кіріспе

Тәуелсіз Қазақстан Республикасы экономикалық дамудың қарышты
қадамдарымен алға басып келу үстінде. Әрине, бұл даму жолында көптеген
қоғамдық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтар мен проблемалар
кездесу үстінде. Тек осы проблемалардың дұрыс шешу жолдарын тауып, өзіміз
таңдаған даму бағытымызды ұстануымызға мүмкіндік туады. Тәуелсіз Қазақстан
Республикасының алғашқы президенті Н. Ә. Назарбаев ұсынған мемлекеттің даму
жоспары, яғни Қазақстан - 2030 стратегиялық бағдарламасы жоспарлоы түрде,
кезең-кезеңмен орындалуда.
Осы өткен кезеңдерде, қазіргі күні де өте актуалды мәселелердің бірі
бұл нарықтық экономикадағы еңбекақы, жалақыны белгілеу, оның көлемін
анықтау мәселесі. Себебі, нарықтық экономикадағы іс-әрекет ететін, жұмыс
беруші өзінің мүдделеріне сай, еңбекақының көлемін мүмкін болғанша төмен
деңгейде ұстағанды көздейді. Ал оған жұмыс істейтін қызметкер, жұмысшы өз
табысын өсіруді көздеп, пайдасын арттыруды көздеп, жалақының жоғарғы
көлемін алуды талап етеді. Аталған мәселенің маңыздылығы өте зор, өйткені
ол әлеуметтік топтар арасындағы теңсіздік деңгейін арттырып, қоғамдық
тыныштық пен елдегі бейбітшілікке қауіп төндіреді. Сондықтан, бұл мәселені
шешуді ертеңге қалдырмау керек, және шешу барысында тараптардың мүдделерін
ескерген жөн. Міне, Үкімет нарықтық экономикадағы ең төмен жалақы деңгейін
белгілеу кезінде осындай қиындықтармен кездеседі.
Ұсынылып отырған курстық жұмыстың тақырыбы, нарықтық экономика
жағдайындағы еңбекақы. Курстық жұмысты орындаушының бұл тақырыпты таңдау
себебі, мәселенің әр қашан маңыздылығында, яғни ел экономикасы жоғары
немесе төмен деңгейде болса да, орындалған жұмыс үшін еңбекақының көлемін
анықтау бірінші орында тұрады.
Курстық жұмыс кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерден тұрады.
Кіріспе бөлімде, жалпы тақырып маңыздылығы көрсетіліп, курстық жұмыс
құрылысына кіріспе жасалады. Негізгі бөлімнің өзі үш тараудан тұрады, ал
әрбір тарау екі тақырып бойынша қарастырылған.
Бірінші тараудың тақырыбы нарықтық экономикадағы еңбекақы және оның
екі бөлімінің бірі қазіргі заман нарық теориясындағы еңбекақы мәні,ал
екіншісі Қазақстандағы нарықтық қатынастардың даму тарихы. Бұл бөлімде
қарастырлған мәселеге жалпы сипаттама беріліп, оның Қазақстанда қалай дамып
жүргені туралы ақпарат берілген. Тақырып күрделі болғандықтан оны екі сұрақ
бойынша қарастырған. Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пйада
болды, оның ерекшеліктері неде деген сұрақтарға жауап берелік. Бұл сұраққа
жауап беру оңай шаруа емес. Себебі, біздер әлі күнге дейін өз халқымыздың,
жеріміздің тарихын білмейміз. Мысалы, Қазақстанда құл иеленушілік құрылыс
болмастан-ақ патриархалдық-феодалдық қатынастар қалыптасты деген пікір
берік орныққан. Бұны қазақтардың көшпелі мал шарушылығымен айналысумен
байланыстырады. Осы пікірдің негізінде Қазақстанда өндіргіш күштердің даму
дәрежесі өте төмен, тауарлы-ақша, нарықтық қатынастардың қалыптасуына
жағдай болған жоқ дейді. Біздің бұл пікірге үлкен күмәніміз бар, тарихшы
ғалымдар болашақта өз пікірлерін айтып жатыр
Екінші бөлімнің тақырыбы, еңбек жүйелері және оның нысандары. Бұл
бөлімде екі тақырыпта қарасытырлған олар келесідей, еңбекақының
экономикалық принциптері және еңбек жүйелері және оның нысандары.
Еңбекақының жүйелерінің мәні ашылып, ол жайлы толық мәлімет беріледі. Оның
нысандары көрсетілген, тақырыпты ашу барысында кестелер мен графиктер
пайдаланылған.
Үшінші бөлімде қарастырылған тақырып, еңбек нарығы мәселелері. Олар
еңбекақы мен кәсіподақ және еңбек нарығын реттеу мәселелері. Бұл бөімде
еңбекақы нарығын реттеудің мемлекет тарапынан жүргізілетін саясат, оның
іске асу нәтижесінің пайдалылық дәрежесі және кәсіподақтардың қызметі
туралы тақырыпта ақпарат беріледі.
Соңғы бөлім, ол қорытынды бөлім, бұл бөлімде курстық жұмысты орындаушы
аталған тақырып бойынша, жалпы мәселе бойынша өз ойын тұжырымдайды.
Қорытынды ой-тұжырым барлық ақпараттарды қарап, талдаудың нәтижесінде
жасалған. Соңынан курстық жұмысты орындау барысында қолданылған әдебиеттер
тізімі көрсетілген.

І. Нарықтық экономикадағы еңбекақы

І.1. Қазіргі заман нарық теориясындағы еңбекақы мәні

Жыл сайын материалдық игіліктерді өндіру қоғамдық жиынтық өнім
жасалады, ұлттық табыс құралады. Ұлттық табыс экономикалық және әлеуметтік
прогрестің негізгі көзі болып табылады. Ол ең әуелі макроэкономикалық
деңгейде өндіріс факторларының арасында бөлінеді, ондай бөлуді табыстың
функционалды бөлінуі деп атайды. Ондай факторларға еңбек, капитал (ақшалай
немесе өндірістік) және қор жер жатады. Макроэкономика, яғни кәсіпорын,
фирма және әр түрлі шаруашылық ассоциациялары деңгейінде оларға сәйкес
табыстың негізгі нысандары құрылады : еңбекақы, жалақы, пайда, процент және
рента.
Еңбек ақы немесе жалақы, оны ұйымдастырудың нарықтық экономика
жағдайындағы ерекшеліктері неде. Біріншіжен шүбәсіз анық нәрсе – ақы
төлеуде еңбектің саны мен сапасының бағлануы міндетті. Дегенмен ол негізгі
анықтауыш фактор бола алмайды. Нарық жағдайында жалақының мөлшеріне өнім
өткізуден көбеюі немесе азаюы, кәсіпорын, фирма жұмысының түпкі нәтижесінің
көрсеткіші белсенді түрде әсер етеді. Жұмыс берушілер мен жұмысқа
жалданушылардың келісімі бойынша жоғарыда көрсетілген факторларға
байланысты болатын өзгерістер түзету коэффициентіне енгізіледі, сөйтіп
кәсіпорынның жалпы жұмысының нәтижесінде атқарған ролдеріне қарай оның
дербес буындарына, жеке жұмысшы-қызметкерлеріне берілетін қосымша
ақылардың, сыйлықтардың және көтерме ақылардың шамасын анықтайды. Нарықты
экономика жағдайында еңбекақы тек қана еңбекке қарай құрылмайды, ол
негізінен өндірістің түпкі нәтижесіне, жасалған құнның мөлшеріне қарай
құрылады. Жұмыскер қаншама жақсы еңбек етсе де, бірақ оның жұмыс істейтін
кәсіпорынның өнімі ешкімге керек болмаса, онда еңбекақы төлеудің көзі де
болмайды. Енді табыстың негізгі нысандарын қысқаша сипатталық.[1]
Нарықтық экономика жағдайында барлық табыс ақшалай нысанда және
өндіріс факторларының бағасымен тығыз байланысты болады. Өз кезегінде бұл
бағаларға сөзсіз түрде сұраным мен ұсынымның ара қатысы, бәсеке күресі,
монополиялық үстемдік сияқты нарықтық күштер елеулі түрде әсер етеді. Енді
осы табыстың түсу көздерін және бөлу механизмін қарайық. Табыстың түсу
көздерінің негізгі жолдары мыналар :
А) жұмыскерлердің өз еңбегімен тапқан табысы (еңбекақы, сыйлық және
т.б.);
Ә) кәсіпкерліктен түсетін табыс;
Б) еңбек ету үлесіне байланыссыз түсетін әлеуметтендірілген табыстар
(қоғамдық тұтыну қорлары, трансферттік төлемдер, жұмыссыздыққа
байланысты мемлекетпен бөлінетін жәрдем ақша, әлеуметтік
қамсыздандыру бойынша төленетін төлемдер және т.б.

Меншіктен түсетін табысты мына сызба арқылы көруге болады

І.1. сызба.

Пайда кәсіпорының таза табысының нысаны, шаруашылық қызметінің
маңызды көрсеткіштерінің бірі, өнімді өткізуден (жұмыстан, қызметтен)
түскен жалпы түсімнің бір бөлігі болып табылады. Нарық жағдайында
акционерлік негізде құрылған кәсіпорындардың (оларды батыс елдерінде
корпорация деп атайды) пайдасы дивиденттер (бөлінетін пайда) және
өндірісті ұлғайтуға жұмсалатын пайда (бөлінбейтін пайда) болып бөлінеді.
Процент – бұл ақша капиталы үшін төленетін ақы, оны негізінен
несие және банкке салынған ақша бойынша төленетін процент деп түсінуі
керек. Ал рента жерге меншік қатынасының экономикалық өткізілуі, басқаша
айтқанда жерді пайдаланғаны (шаруашылық жүргізу үшін жалға алу, үй салу,
және тағы басқа болып табылады) үшін жердің иесіне төленетін төлем.
Нарықтық экономика жолына түскен елдерде осы көрсетілген табыс екі
үлкен топқа бөлінеді :
1) еңбек етуден және кәсіпкерлік қызметтен түскен еңбекпен табылған
табыс;
2) заңды негізде алынатын, бірақ еңбексіз табылған табыс, оған
девиденттер, банкке салынған ақша бойынша проценттер меншіктен түсетін
табыстар, соның ішінде қозғалмайтын мүліктерді жалға беруден де,
осылармен бірге тікелей еңбектің шығынынан тәуелсіз мемлекеттен
алынатын жәрдем ақшалар мен төлемдер (зейнетақы, степендия,
жұмыссыздыққа байланысты және көп балалы жанұяларға берілетін жәрдем
ақша) жатады.
Бұндай табыстың мөлшері әр түрлі елдерде бірдей емес және ол шаруашылық
конъюктурасының кәсіпкерлік қызметтің жетістіктерінен тағы басқа
факторлардан тәуелді болады.[2]
Қазақстан Республикасында да нарыққа өту кезеңіне арналған таысты
құру, бөлу және пайдалануға байланысты шаралар жүзеге асырылуда. Мысалы,
мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасында, жаппай
жекешелендіру барсында Республика халқына жекешелендірудің инвестициялық
купондарын кәсіпорындардың акцияларын сатып алатын инвестициялық
жекешелендіру қорларының акцияларына айырбастау жолымен меншік құқығын
иелену және меншіктен түсетін табысты алу мүмкіндігі беріледі. Өтпелі
кезеңде әлеуметтік әділеттілікті жүзеге асыру мақсатында жекешелендірудің
инвестициялық купондары республиканың барлық тұрғындары үшін бірдей
мөлшерде есептеледі, ал ауылдық жерлерде тұратын тұрғындар үшін белгіленген
тәртіппен есептелген жекешелендірудің инвестициялық купондарының сомасына
1,2 арттыру коэффициенті енгізіледі.
Сонымен бірге, нарыққа көшу жалдамалы еңбекке ақы төлеу жүйесін
реформалау қажеттігіне туғызып отыр. Қазақстан Рсепубликасының Дағдарысқа
қарсы шұғыл шаралар және әлеуметтік экономикалық реформаларды тереңдету
бағдарламасында еңбекке ақы төлеудің ең аз деңгейі бойынша мемлекеттік
кепілдіктер біртұтас тариф кестесімен мамандықтардың жалпы республикалық
біртұтас жүйесін енгізу арқылы жүзеге асырылады және оның нақты деңгейі
біртұтас тариф кестесінде көзделген деңгейден төмен бола алмайды деп
көрсетілген.
Нарық жағдайында әлеуметтік қорғау жүйесі – табыс тек қана
жоғарыда көрсетілген көздермен ғана шектелмейді. Қандай да болмасын нарықты
экономикада маңызды бөлігі болып табылатын орнын толтыру төлемдерінің
белгілі бір жүйесі болады. Себебі, нарықтық экономикаға көшу сөзсіз болатын
адамдардың, әлеуметтік қатерінің өсуіне, ал ол түптеп келгенде халықтың
өмір сүру деңгейі бойынша жіктелуіне, бірсыпыра адамдардың баюына және
тұрғындардың кейбір топтарының әсіресе аз қаржымен қамтылған бұқара
топтарының, зейнеткерлердің, мүгедектердің, балалардың кедейленуіне, тіпті
қайыршылануына әкеліп соқтырады. Сондықтан да тұрғындарды әлеуметтік
қорғаудың сенімді механизмін жасау қажет (еске салатын болсақ, бұндай
механизм бірінші рет 1883 жылы Германияда жасалған болатын). Бұл арада
әңгіме қоғамдағы қалыптылықты бұзатын жұмыссыздық, инфляция, тұрғындардың
кедейлігі сияқты факторларға қарсы әрекет ететін экономикалық, құқықтық
және әлеуметтік кепілдіктерінің заңды жолмен бекітілген тұтастай жүйесі
туралы болып отыр. Ескеретін бір жайт – тұрғындардың әлеуметтік қорғалуы.
Олардың масылдығын, табыстарды бөлуде теңгермешілдікті тудырмауы керек.
Осының есебінен, Қазақстанда мемлекеттік көмекті ақылға сыйымды етіп
қысқарту және бөлінген қаржыны неғұрлым тиімді пайдалану көзделіп отыр.
Нарыққа өту жағдайындағы әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік
кепілдіктерді орнықтыру маңызды орын алады. Біздің елімізде ондай
кепілдіктерге еңбекке ақы төлеудің ең аз деңгейі, зейнетақы, степендия,
жәрдем ақша (оның ішінде уақытша жұмыс істеу қабілеті болмауына байланысты
да), еңбек ету құқы, тегін және ақылы білім алу, медициналық қызмет, еңбек
ету жағдайында байланысты берілетін жеңілдіктер, демалу құқы, мемлекет
белгіленген механизм бойынша тұрғындардың табысын индексациялау,
жұмыссыздыққа байланысты әлеуметтік қорғау құқы, меншікке және одан түсетін
табыстарға иелік құқы жатады. Ескеретін бір нәрсе бірсыпыра елдерде еңбек
ету құқы Конституциямен бекітілмеген, бірақ дербес өндірушілер ретінде
немесе еңбек шарты бойынша, өзінің қалауы, қабілеті және мамандығына қарай
еркін еңбек етуге жағдай жасау көзделген.
Әлеуметтік қорғау жүйесіне, оның маңызды элементі болып табылатын
тұрғындардың ақшалай табысын индекстеу кіреді. Оның мақсаты – инфляция
келтіретін зиянның орнын толтыру. Өзінің экономикалық мазмұны жағынан
тұрғындардың табысын индекстеу – бұл инфляцияның зардаптарынан тұтыну
заттары мен қызметтердің қымбаттауының орнын ішінара немесе толық толтыруға
мүмкіндік беретін тұрғындардың ақшалай табысының мөлшерін дәлеледеу
механизмі болып табылады. Индекстеудің түрлерін былайша айырады: ақшалай
табыстарды индекстеу, ақшалай сақтық қорларды индексациялау және күнелтуге
ең керекті заттарды индекстеу. Индекстеуге тұрғындардың бюджеттік көздермен
алатын ақшалай табыстары жатады: мемлекеттік зейнетақылар, стипендиялар,
әлеуметтік мақсаттағы жәрдем ақша, жалақы, азаматтардың жинақ банктегі ақша
қорлары, мемлекеттік заемдардың облигациялары және басқа да бағалы
қағаздары. Өздерінің тауарлары мен қызметтеріне өз беттерінше баға қою құқы
бар кәсіпорындарға мемлекет тарапынан индекстеу жасалмайды, бірақ олар,
кәсіпорын пайдасының есебінен өздерінің қызметкерлерінің табысын
индекстеуіне болады.
Индекстеуді қанағаттанарлық деңгейде жүргізу үшін дәлелді есептеп
шығару нүктесі - тұтыну бағасының өсу индексінің болуының ерекше маңызы
бар. Ол әдетте, тұтыну қоржыны деп аталатын тұтыну тауарлары мен
қызметтерінің белгіленген жиынтығы бойынша мемлекеттік, кооперативтік және
жеке сауда мен қызмет көрсету сласындағы бөлшек сауда бағаларының өзгеруін
бақылай отырып, жылдың басынан бастап өсу нәтижесіне қарай алынған
статистикалық мәліметтердің негізінде квартал (немесе 1 жыл) сайын есептеп
шығарылады.
Енді тұтыну қоржынына кіретін күнелті минимумы дегеніміз не және
ол қалай өлшенеді деген сұраққа жауап беріп көрейік. Күнелті минимумы – бұл
адамның тіршілік әрекетін қолдауға және оның жұмыс күшін қалпына келтіруге
қажетті ақша құралдарының минимумы. Ол қоғамдық дамудың нақты жағдайындағы
қоғамдық қажетті өмір сүру деңгейінің төменгі шегін көрсетеді. Тұтыну
қоржынына қандай тауарлар ен қызметтер кіреді? Оған кіретін тауарлар мен
қызметтерге азық-түлік өнімдері, киімдер, аяқ киім, іш киімдер, төсек-орын,
санитарлық және гигиеналық заттар, дәрі-дәрмектер, үй жиһаздары, ыдыс-аяқ,
мәдени-ағарту шаралары мен демалыс, тұрмыс қызметі, көлік, байланыс,
мектепке дейінгі балаларды күту, адамдарға қажетті басқа да әлеуметтік
мұқтаждықтар жатады. Халықтың әр түрлі әлеуметтік-демографиялық топтарының
тұтыну игіліктері мен қызметтерге деген қажеттіліктерінің бірдей еместігін
ескере отырып тұтыну қаржыны олардың әрқайсысына – балаларға, жұмыс
істейтін әйелдер мен ерлерге, зейнеткерлерге, қала және ауыл тұрғындарына
бөлек есептеледі.
Қазақстанда тұтыну қоржынының құрамы мен құрылымына 200-ден аса
тауарлар мен қызмет түрлері кіреді. Дамығна елдерде, кедейліктің шегін
көрсететін ең төменгі тұтыну бюджетіне 300-ден аса тауарлар мен қызмет
аттары кіреді екен. Республиканың мемлекеттік статистика басқармасының
мәліметі бойынша 1993 жылдың 1 сәуіріне ең төменгі тұтыну бюджетінің құны
4500 сом құрады. Ал оның өзі, жыл басына шаққандағы табысы 4500 сомнан кем
келетін халықтың 71 процентіне қол жеткісіз болып отыр. Республиканың
кәсіподақ федерациясының Кеңесі көрсетілген ресми мәліметтер барынша
төмендетілген деп есептей отырып өздерінің есебін жасады. Оның есебі
бойынша, ең аз тауарлар мен қызметтер жиынтығы 14000 сом құрайды екен.
Мемлекеттік статистика басқармасы жүргізген 6 мың жанұяның бюджетін
тексерулің нәтижесі – 1992 жылдың аяғына қарай, сол жылдық бірінші
кварталымен салыстырғанда, халықтың ақшалай табысының 43 проценті, азық-
түлік өнімдерін сатып алуға жұмсалған екен, ал олардың киім тіктіру
қызметіне деген шығыны 2 есеге, теледидарды жөндеуге, шаштараздарға және
прокат орындарының – 1,5 есе азайған. Бұл әлеуметтік қорғау саясаты бойынша
қабылданып жатқан шаралардың, шын мәнінде, бағаның шексіз өсуінің
нәтижесінде лезде құны түсетінін көрсетеді. Осыдан мынадай сұрақ туады:
әлеуметтік күнелту минимумын түзетуді талап ететін өмір сүру құнының
деңгейі қалай өзгеруі керек.[3]
Батыс еледерінің тәжірибесінде өмір сүру құнының жыл бойына 5
процентке өзгеруі қалыпты құбылыс деп есептеледі. Егер ол көрсеткіш 5
проценттен асып кетсе үкімет жалақы мен жәрдем ақшаны көбейтуге, немесе
салықтарды азайтуға мүжбүр болады. Осыған байланысты дүниежүзілік
тәжірибеде қолданылып жүрген табыстарды индекстеудің екі негізгі нысанын
көрсетейік :
А) автоматты;
Б) жартылай автоматты кейде оны шартты деп те атайды;
Бірінші нысан бойынша шығынның орнын толық толтыру мақсатында еңбекақы
бағаның өсу индексіне пропорционалды көбейтіледі. Бірақ еңбекақыны бұлай
қайта есептеу жүйесі оны ұйымдастырудың тиімділігіне кері әсер етеді,
себебі бұндай жағдайда еңбекке ақы төлеу оның нәтижесімен ешқандай
байланыста болмайды. Осы арада инфляцияның кейбір позитивті ролін айта
кеткен жөн, ол өндірістік, сауда саласындағы, коммерциялық буындардағы
кәсіпорындардың, сауда саласындағы, коммерциялық буындарындағы
кәсіпорындардың белгілі бір қол жеткен шепте тоқталуына мүмкіндік бермейді.
Олар, бұрынғыдан да көп тауарлар мен қызметтері өндіруге, оның сапасын
жақсартуға мәжбүр етіледі, әйтпесе олардың бір нүктеде тоқтап қалған
табыстарын инфляция жеп қояды.
Екінші нысан, жалпы елдерінде кеңінен қолданылады. Оның мәні
мынада : бағаның өсуін есепке ала отырып еңбек ақының көбеюі туралы
ұсынылған шаралар жалпы ел деңгейінде тұтастай қабылданады, Бұндай
келісімдер әдетте кәсіподақтар, жұмыс берушілер және мемлекет, сарапшы-
ғалымдардың қатысуымен жасалады. Кейін, кәсіпорын оны өздеріне тиімді
шамада, көбінесе ұжымдық шартқа отыру жолымен жүзеге асырады. Бұндай тәртіп
индекстеу механизмін нақты жағдайға, қаржы мүмкіндігіне және еңбек
қатынастарына лайықтап жүргізуге мүмкіндік береді.
Біздің елімізде үкіметі жұмыс істеушілердің барлық категорияларына
қайта-қайта төменгі жалақы деңгейін көбейтуге бара алмайды, себебі лоның
көтерілуі сөзсіз түрде қосымша бюджет қаражатын қажет ететін
зейнетақылардың, стипендиялардың, жәрдем ақашалардың және басқа да
әлеуметтік төлемдердің өсуіне әкеліп соқтырады. Ал бюджеттің мүмкіндігі өте
шектеулі, сондықтан еңбек ақыны тауарлар мен қызметтердің нақтылы
көбеюінсіз одан әрі көтеру инфляцияның зардабын күшейте түседі.
Республиканың Еңбек министірлігінің мамандарының пікірінше қалыптасқан
жағдайдағы проблеманы шешудің бір жолы әлеуметтік қорғауға көшу болып
табылады.
Басқа шаралар тұрғысында олар, жан басына шаққандағы орташа табыс
белгілі бір деңгейден жоғары жанұяларда тұратын үш жастан үлкен балаларға
берілетін жәрдем ақшаны жою туралы да ұсыныс жасады. Мысалы, АҚШ-та
әйелдердің бір жылдық табысы 15 мың доллардан кем болмаса (ерлердің жылдық
табысының 70 проценті), онда олар федералдық заң бойынша тұратын штатының
заңы бойынша да ауырып қалуына немесе екі қабаттығына байланысты әлеуметтік
қамсыздандыру шаралармен қамтылмайды. Жоғарыдағы мамандардың пікірінше,
бұрын бюджеттің есебінен қаржыландырылған тұтыну қоржынына кіретін азық-
түлік тауарларынан қосылған құнға салынатын салықты алып тастауда орынды
болған болар еді.
ХХ ғасырдың басында итальян ғалым Вильфредо Парето (1848 – 1923)
табысты бөлуде оның мөлшері бойынша елеулі теңсіздіктер болатынын анықтады.
Ол барлық мемлекеттерге тән және қайсыбір елде болмасын шамалас пропорцияда
болады. Табыстарды бөлудің мұндай теңсіздігін көрнекі түрде былай көрсетуге
болады. Жанұяның жалпы санын табыс деңгейіне қарай, жанұяның саны бойынша
бір-біріне тең беа топқа бөлу керек. Сосын табыс деңгейі барынша төмен
жанұя тобын бірінші топқа, екіншісіне табыс деңгейі одан жоғарырақ 20
процент жанұяны және одан ары қарай. Одан кейінгі топқа барынша жоғары
табыс иелері болып табылатын 20 процент жанұя кіреді.

100

80 Е

60
% Т
Лоренц қисығы
(нақты бөлу)
40
D

20 С
F
А В Абсолютті теңсіздік
0
20 40 60 80
100

Жанұя проценті

І.2. сызба.

Мына сызбада көлденең білік бойына белгілі бір табысы бар жанұя
проценті орналасқан, ал тік білік бойына сол жанұяларға сәйкес болатын
жиынтық табыстың үлесі орналасқан. Теория тұрғысында абсолютті тепе-
теңдіктің болу мүмкіндігі Т түзу сызығымен көрсетілген, ол кез-келген
берілген жанұя процентінің өздеріне сәйкес табыс процентін алатынын
көрсетеді. Демек егер барлық семьяның 20 проценті жиынтық табыстың 20
процентінен (немесе 15), 40 проценті 40 процентін және тағы басқалары..,
онда А, В, С, Д нүктелері Т түзу сызығына орналасады. Абсолютті тепе-теңдік
болып табылатын Т түзу сызығы мен Лоренц қисық сызығы (американ экономисі
Макс Отто Лоренцтің атымен аталады). L-дің арасындағы алып М табысты
бөлудегі теңсіздік деңгейін көрсетеді. М алабы неғұрлым үлкен болса, яғни L
қисық сызығы Т түзу сызығынан қашық болса соғұрлым табыстардың теңсіздік
деңгейі жоғары болады. Егер нақты табыстарды бөлу абсолютті тепе-теңдікте
болса, онда Лоренц қисық сызығы мен Т түзу сызығы бір-біріне тура келеді
сөйтіп олардың арасындағы алшақтық жоғлып кетер еді.
Табыстарды бөлудегі теңсіздіктің нақты деңгейін есептеп шығару
үшін мынандай әдіс қолданылады: табыстарды бөлудің біркелкі және әркелкі
желілеріменен құралған ауданда көрсетілген ол сызбада анықталып тұр. ОЕF
үшбұрышының ауданына жатқызады. Алынған нәтиже, оны ұсынған итальян
экономисі Джинни Каррадоның есімімен Джинни коэффициенті деп аталды.
Өзінен-өзі түсінікті, бұл коэффициент нолге жақын болса қоғам
абсолютті теңгермешілік жағдайда, ал коэффициент бірге тең болса
қайыршылар – көпшілік, өте байлар – азшылық жағдайында болады. Өркениетті
нарықтық экономика, табыстарды мақсатты бағытта қайта бөлу арқылы ондай
біржақтылықты жаққа шығарады.
Экономикалық статистика байқағанындай табыстарды бөлу, егер ол
белгілі бір деңгейден жоғары болса барынша тұрақтылықпен сипатталады. Бұл
табыс мөлшері және оны алушы тұлғалар арасындағы тәуелділік экономикалық
теорияда Парето заңы деген атқа ие болған. Парето заңы, егер төмен табысты
бөлу оқыс және тіпті кейде күтпеген ауытқұларға бейім болса, онда ол жоғары
деңгейге жеткен жағдайды тұрақтылық алады. Заң, әлеуметтік тұрақтылық
жоғары деңгейдегі халықтың әл ауқатының салдарынан екенін дәлелдейді.
Теңсіздік проблемасымен кедейлікке байланысты сұрақтар тығыз
байланысты. Кедейлікті қалай есептеп шығаруға болады. Ол үшін кедейлік шегі
деген көрсеткіш қолданылады. Ол барынша мүмкін төменгі өмір сүру деңгейін
ұстап тұруға қажетті табыс дәрежесін көрсетеді. Кедейлікті анықтау жанұя
мөлшеріне негізделген. 1990 жылы Америка Құрама Штаттарындағы бір жыл
ішіндегі кедейлік шегі бар адамнан тұратын жанұя үшін 7774 долл, екі
адамнан – 10426 долл, үш адамнан – 13078 долл, төрт адамнан – 15730 доллар
болып бағаланады. Осы келтірілген сандық мәліметтер бойынша АҚШ халқының
13,5, процентке жуығы, немесе 33 млн. адам кедейлікте тұрады екен.
Кедейлікпен күресу үшін мемлекет мамандары даярлау және қайта
даярлау бағдарламасын кеңейту, халықтың жеке топтарын әлуметтік қорғау
механизмін жасау, сонымен бірге аз қамтамасыз етілген бұқара халық
топтарының табыстарын қолдау бағдарламасын қаржыландыру сияқты шараларды
жүзеге асыруы керек.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келіп еңбекке ақы төлеу
жүйесінде, халықтың табысын құруда және әлеуметтік қорғауда маңызды
кешенді, нәзік, көп жағдайда қарама-қайшылықты шаралар көрініс табуға
тиісті деп айтуға болады. Дегенмен, әлеуметтік бағыттағы барлық шаралар
жүйесі бүгінгі күннің басты мақсаты болып табылатын нырқтық экономиканы
қалыптастыра отырып, оның осы процестерді тежейтін әлеуметтік күйзелістерді
болдырмауы және көп адамдарға жәрдем бере отырып олардың басым көпшілігіне
және тұтас қоғамға қиын кезеңді өтуді жеңілдету қажет.[5]

І.2. Қазақстандағы нарықтық қатынастардың даму тарихы

Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пйада болды, оның
ерекшеліктері неде деген сұрақтарға жауап берелік. Бұл сұраққа жауап беру
оңай шаруа емес. Себебі, біздер әлі күнге дейін өз халқымыздың, жеріміздің
тарихын білмейміз. Мысалы, Қазақстанда құл иеленушілік құрылыс болмастан-ақ
патриархалдық-феодалдық қатынастар қалыптасты деген пікір берік орныққан.
Бұны қазақтардың көшпелі мал шарушылығымен айналысумен байланыстырады. Осы
пікірдің негізінде Қазақстанда өндіргіш күштердің даму дәрежесі өте төмен,
тауарлы-ақша, нарықтық қатынастардың қалыптасуына жағдай болған жоқ дейді.
Біздің бұл пікірге үлкен күмәніміз бар, тарихшы ғалымдар болашақта өз
пікірлерін айтып жатыр.
Нарық қатынастарының пайда болуының ең басты шарты - өндіріс құрал-
жабдықтарына жекеменшік. Ал Қазақстандағы өндірістік қатынастардың негізі
жерге феодалдық меншік болды. Ірі-ірі мал иелері жердің де аса ірі
меншіктенушілепі болды. Көшпелі мал шаруашылығы жағдайында жер өндірістің
шарты ғана емес, сонымен бірге оның негізгі құралы да болды. Жерге
феодалдық меншіктің күшеюі қауымдық жерлерді тартып алу ісімен тығыз
байланысты. Оған Ресей империясының өте қатал жүргізген Қазақстанды отарлау
саясаты мықтап әсер етті. Мысалы, 1914 жылға дейін қазақтардан 43 миллион
десятина аса құнарлы, мәйекті жерлер жер ауып келген орыс шаруаларының,
патша үкіметінің әскери чиновниктерінің меншігіне тартып алынған болатын.
Осының нәтижесінде қазақ ауылдарында жер үшін талас-тартыс күшейді,
меншіктік бөліну тереңдей түсті, қауымдық-рулық қатынастар ыдырай бастады,
патша үкіметінің әскери басшыларына сүйенген ірі байлардың жерді тартып
алуы барған сайын ауқымды бола түсті. Бұл процестер қазақ халқында бұрын-
соңды болып көрмеген таптық қатынастардың қалыптасуына, оның
қайшылықтарының шиелінісуіне қатты әсер етті.
Тереңдей түскен меншіктік бөлінісу Қазақстанда тауарлы ақша
қатынастардың белгілі бір дәрежеде өріс алуында, өркендеуіне жағдай жасады.
Шындығында айырбас, сауда қатынастары қазақ даласында ерте кезде пайда
болды. Айырбас ісінде негізгі бұйым мал болды. Академик С.Бәйішевтің
мәліметтері бойынша, Қазақстанда малмен сауда жасау, әсіресе ХVІ ғасырдан
бастап мықтап өріс алған, оның едәуір бөлігі айырбас, шетке шығарып өткізу
үшін өндіріліп отырған.
Қазақтардың күн көрісінің арқауы тек қана мал шаруашылығы болды.
Егіншілікпен айналыспаған деген жалаң тұжырым жасалып келеді. Қазіргі
тарихи зерттеулер бұл тұжырымның негізсіздігін көрсетеді. Егіншілік
кәсіппен қазақтар өте ертеден айналысқан, олар негізінен оңтүстік, оңтүстік
шығыс аудандарында орналасқан болатын. Егіншілік өнімдері шарушылықтың өз
ішінде тұтыну үшін ғана емес, басқа аудандарға шығарып сату үшін де
өндірілетін болған. Өкінішке қарай, кейіннен тауарлы егін шаруашылығының
одан әрі дамып қанат жаюына патша үкіметінің отарлау саясаты мықты кедергі
болды. Жергілікті қазақтарды шөл-шөлейтті аймақтарға күшпен көшірудің
кесірінен бұрыннан қалыптасқан отырықшылық ұялары бұзылды.
Қазақстан және қазақтар деген үлкен мақаласында мынадай деректер
келтіріледі. ХІХ ғасырдың орта тұсында қазақтар арқылы отарлау, Өлкенің
дамуына және өндіргіш күшіне айрықша кері әсер етті. Қазақтар алған байтақ
жер бөліктері, көп ұзамай тақырға айналды, олар көп ретте жеке еңбекпен
егін шаруашылығымен шұғылданудың орнына түрлі формада қырғыздарды қанаумен
айналысатын. 1848 жылы жүз десятина бөлік түрінде 22376 десятина жыртылатын
жер алған Қапал станциясының қазақтары 1855 жылы, яғни сегіз жыл өткеннен
кейін тек 1826 десятина жерге егін еккен, бұл қырғыздардың бұрынғы егіннің
7 проценттейі ғана болған. Осындай процестердің нәтижесінде қазақтардың
тауарлы егін шаруашылығы құлдырап кеткен. Осы бір ғана мысал нені
көрсетеді? Ол патшалық Россияның шаруалар арқылы отарлау саясаты қазақтың
егін шаруышылығымен өркендетуге жемісті ықпал етті деген пікірдің дәйексіз
екендігін көрсетеді. ХІХ ғасырдың аяғында ақтөбе, Қостана уездерінде
егістің 80 проценті қазақтардың иелігінде болған. Орал уезінің қазақ
диқандары 1913 жылы 5,4 млн. пұт астық жинап, оның 4 миллион пұтын астық
нарықтарында сатқан. Ал 1893 жылдың өзінде ғана Ақтөбе уезінде қазақ
шаруашылықтарының астық сатудан түскен кірісінен жарты еседей артық болған.
Кезінде патша үкіметі дала өлкесінде өндірілген арзан астық Ресейдегі
помещик нанының бағасын кемітеді деп қауіптеніп тиісті протекционистік
нарық саясатын жүргізеді. Бұдан біз нарықты экономиканың негізгі
белгілерінің бірі-бәсеке күресі Қазақстанда да болғаның көрсетеді.
Сонымен бірге нарықтық қатынастардың қалыптасуына белгілі бір
дәрежеде дамыған колөнер кәсібі де, өнеркәсіп те әсер етті. Қазақтар үй
бастырды, жүннен мата тоқыды, теріден былғары иледі, металдан ыдыс-аяқтар
жасай білді, киім тікті, киіз басып кілем тоқыды. Бұл салалардың бұйымдары
айырбас үшін, тауар ретінде де шығарылатын болды.
Қорыта атқанда, шаруашылық салаларының әр алуандылығы сауданың
дамуы патриархалдық-феодалдық шаруашылықтың ыдырауына, капиталистік
эелменттердің пайда болуына қолайлы жағдайлар жасады. Бірақ, оны түгелдей
іріте алмады. Оның негізгі себептерінің бірі – Қазақстанда өнеркәсіп
дамуының арта қалғандығы еді. Бұл да патшалы Ресей отарлау саясатынымен
байланысты болды. Өнеркәсіп ресейлік және шетел капиталының күшімен өріс
алды, ал жергілікті капиталдың бұл саламен айналысуына бөгет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жетілмеген бәсеке және оның түрлері
Өсімдік майларын өңдеуші кәсіпорындардың міндеттерін жан-жақты сараптай отырып, олардың өнімдерінің бәсекелік қабілеттерін арттыру тетіктерін негіздеу және оларды қолдану бойынша нақты ұсыныстар жасау
«МАШСВАР» ЖШС
Өнімнің өзіндік құнын талдау
Өндірілген өнімнің өндірістік және толық өзіндік құнын есептеу
Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын анықтау
Өндіріс шығындары
Нарықтық экономикадағы инфляция жайлы
Құрылыс ұйымдарындағы үстеме шығыстар және пайдалылықты есептеу
Фирма имиджінің басқарудың тиімділігіне әсері
Пәндер