Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жайлы ақпарат



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Негізгі бөлім:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
1.1. Қазақстан Республикасының банк жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Ұлттық банк және оның міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

2. Ұлттық банктің қызметтері мен операциялары
2.1. Ұлттық банктің басқару құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.2. Ұлттық банктің қызметтері мен операциялары ... ... ... ... ... ...13

3. Ұлттық банктің ақша.несие саясаты
3.1. Ұ.Б.ныңақша.несие саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
3.2. Ұлттық Банктің 2006.2007 жылға
арналған ақша.несие саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйым ролін атқара отырып, Орталық банк экономикамызда басты орын алады.
Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, Орталық банктің мемлекетпен біріктірілген кең көлемдегі өкілеттілігі екі деңгейдегі банктік жүйенің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Орталық банктің тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады.
Қазіргі күні Ұлттық банк туралы, оның ұстаған саясаты жайлы қоғам арасында көптеген пікірталас бар.Ұлттық банк бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие ала алады.
Осы курстық жұмыстың тақырыбы «Қ.Р. Ұлттық банкі» болып отыр. Негізінен курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Олар: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлім. Соңынан қолданылған әдебиеттер тізімі берілген.
Негізгі бөлімнің өзі үш тарауда көрсетілген. Қарастылыған бірінші сұрақ, Қазақстан Республикасының банк жүйесін және Ұлттық банк туралы теориялық ақпаратты қамтиды. Бүгінгі таңдағы Қазақстанда қызмет ететін банктік жүйенің не бары он алты жылдық тарихы бар. Бұл жүйенің қалыптасуына КСРО-ның ыдырауының нәтижесінде еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп болғандығын айта кету керек. Содан берібанк жүйесінде түбегейлі реформалау жалғасуда. Ондағы мақсат – отандық банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа өткізу болып отырғандығы жасырын емес. Бұл талаптарға жауап бермейтін банктерге басқа банктерге қосылу , не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып құрылу қажеттігі ұсынылады.
Екінші сұрақта, Ұлттық банктің міндеттері, атқаратын қызметтері мен операциялары туралы мәлімет берілген. Оың негізгі міндеті ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету. Сол сияқты Ұлттық банкке мынадай қосымша міндеттер жүктеледі: ақша айналысы, несие, банктік есеп-айырысулар мен валюталық қатынастар төңірегінде мемлекетіміздің экономикалық даму мақсатына жетуге және оның әлемдік экономикаға интеграциялануына жағдай жасайтын мемлекеттің саясатын жасау және жүргізу. Банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілерді қолдану арқылы қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. «Ақша айналысы және несие» М.С.Биханұлы. Алматы, 2004 ж.

2. «ҚР-дағы Ұлттық банк туралы» ҚР заңы. 31.03.1995.

3. «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы»ҚР заңы. 30.08.1995.

4. ҚР Ұлттық банктің 2002-2004 жылға арналған ақша-несие саясаты.

5. ҚР Ұлттық банктің 2003-2005 жылға арналған ақша-несие саясаты.

6. ҚР Ұлттық банктің 2005-2007 жылға арналған ақша-несие саясаты.

7. «Саясат» саяси басылымы, №6. 2006 ж.

8. «Қаржы» журналы, №10. 2006ж.

9. «Банки» басылымы, №5. 2006 ж.

10. «Казакстан today» газеті

11. «Интерфакс- Қазақстан» агенттігінің мәліметтері. 2006 ж.

12. «Интернет» желісінің мәліметтері.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Негізгі бөлім:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
1.1. Қазақстан Республикасының банк
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... .5
1.2. Ұлттық банк және оның
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 8

2. Ұлттық банктің қызметтері мен операциялары
2.1. Ұлттық банктің басқару
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.2. Ұлттық банктің қызметтері мен операциялары ... ... ... ... ... ...13

3. Ұлттық банктің ақша-несие саясаты
3.1. Ұ.Б–ныңақша-несие
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
3.2. Ұлттық Банктің 2006-2007 жылға
арналған ақша-несие
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 25

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...27

КІРІСПЕ
Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйым ролін атқара отырып,
Орталық банк экономикамызда басты орын алады.
Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-
несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда
табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне
жетекшілік етуге бағытталады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, Орталық банктің мемлекетпен
біріктірілген кең көлемдегі өкілеттілігі екі деңгейдегі банктік жүйенің
тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Орталық банктің тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне
экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады.
Қазіргі күні Ұлттық банк туралы, оның ұстаған саясаты жайлы қоғам
арасында көптеген пікірталас бар.Ұлттық банк бұл бұрынғы қарапайым
клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен
орталық, эмиссиялық банкке ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс
жүзінде Ұлттық банкте барлық кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың
шаруашылық айналымына түсуі Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық
банктер кассасын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-
қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып,
қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие ала алады.
Осы курстық жұмыстың тақырыбы Қ.Р. Ұлттық банкі болып отыр.
Негізінен курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Олар: кіріспе, негізгі бөлім
және қорытынды бөлім. Соңынан қолданылған әдебиеттер тізімі берілген.
Негізгі бөлімнің өзі үш тарауда көрсетілген. Қарастылыған бірінші
сұрақ, Қазақстан Республикасының банк жүйесін және Ұлттық банк туралы
теориялық ақпаратты қамтиды. Бүгінгі таңдағы Қазақстанда қызмет ететін
банктік жүйенің не бары он алты жылдық тарихы бар. Бұл жүйенің қалыптасуына
КСРО-ның ыдырауының нәтижесінде еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп
болғандығын айта кету керек. Содан берібанк жүйесінде түбегейлі реформалау
жалғасуда. Ондағы мақсат – отандық банктеріміздің қызметін халықаралық
стандартқа өткізу болып отырғандығы жасырын емес. Бұл талаптарға жауап
бермейтін банктерге басқа банктерге қосылу , не банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып құрылу қажеттігі
ұсынылады.
Екінші сұрақта, Ұлттық банктің міндеттері, атқаратын қызметтері мен
операциялары туралы мәлімет берілген. Оың негізгі міндеті ұлттық валютаның
ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету. Сол сияқты Ұлттық банкке
мынадай қосымша міндеттер жүктеледі: ақша айналысы, несие, банктік есеп-
айырысулар мен валюталық қатынастар төңірегінде мемлекетіміздің
экономикалық даму мақсатына жетуге және оның әлемдік экономикаға
интеграциялануына жағдай жасайтын мемлекеттің саясатын жасау және жүргізу.
Банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілерді қолдану арқылы
қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың орындалуына
бақылауды жүзеге асыру.
Үшініші тарауда, Ұлттық банктің келер жылдарға жоспарлаған ақша-несие
саясаты қарастырылған. Бұл саясаттың маңыздылығы туралы ой қозғалады. Ақша-
несие саясаты бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы
мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған
шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі
субъектісі Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк
тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша
массасының жиынтығы жатады.
Ал соңынан қорытынды бөлімде студент өз ойын тиянақты түрде баяндап,
тұжырымдайды. Қорытынды бөлімнің соңынан ақпарат алынған көздері
көрсетіледі.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ

1.1 Қазақстан Республикасының банк жүйесі

Қазақстан Республикасының банк жүйесі 2 деңгейден тұрады. Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі - Мемлекеттік орталық банк ретінде І-ші
деңгейді білдіреді.
Өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен басқа) - екінші
деңгейді сипаттайды, сондықтан да оларды іс-жүзінде екінші деңгейдегі
банктер деп атайды.
Бүгінгі таңдағы Қазақстанда қызмет ететін банктік жүйенің не бары он
алты жылдық тарихы бар. Бұл жүйенің қалыптасуына КСРО-ның ыдырауының
нәтижесінде еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп болғандығын айта кету
керек. Содан берібанк жүйесінде түбегейлі реформалау жалғасуда. Ондағы
мақсат – отандық банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа өткізу
болып отырғандығы жасырын емес. Бұл талаптарға жауап бермейтін банктерге
басқа банктерге қосылу , не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдар болып құрылу қажеттігі ұсынылады.
Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінің орналастырылған қаражаттары
2003 жылы әрбір банктеріне әртүрлі несиеге шамамен 75 % келді. Сондықтан
табыстың 85 % -ы ұсқарыздарды төлеу түрінде алынған. Банктер бір мезгілде
ресурс алғандықтан, өздеріде қарыз алады. Коммерциялық банктердің шығындар
құрылымын 80 % -ға жуық салымдар мен депозиттер бойынша несиенің пайыз
төлеу шығындары құрайды.
Банкті ұиымдастыру қиын процедураны білдіреді және ол елдің арнйы
заңдарымен реттеліп отырады. Ұлттық банк Қазақстан Республикасының
аумағында банктерді құруға рұқсат береді және банктермен , олардың
филиалдарын тіркеуге алу кітабын жүргізеді.
Ұлттық банк белгілеген мөлшердегі төлем негізінде рұқсат беріледі.Рұқсат
берген кезде Ұлттық банк атқарылатын банктік операциялардың шеңберін
анықтайды. Банктік заңдар мен заң актілерінде банктердің қызметінің ашылуы
мен тоқтатылуы реттеліп отырады. Банкті құруға рұқсат алу үшін келесі
құжаттар қажет : рұқсат беруге арыз ; экономикалық негіздеме ;алдағы 2
жылдағы толық ақпараттарды қамтитын іскерлік болжамды жоспар ;құрылтайшылар
ұсынатын банк жетекшілерінің ( төраға мен бас бухгалтердің ) кәсіби
жарамсыздығы жайлы мәліметтер ;құрылтайшылардың қаржылық тұрақтылығы жайлы
аудиторлық қорытынды ; жарғылық қор шотына қаражат салғанын растайтын құжат
;
Заңды және жеке тұлғалар банктің құрылтайшылары ретінде бола бастады.
Мемлекет тек Үкімет тұлғасында ғана банктің құрылтайшысы және қатысушы бола
алады. Кез келген құрылтайшылардың , қатысушылардың , қатысу үлесі
мемлекеттен және еншілес банктерден басқалары үшін жарғылық қордың 35%-ан
аспауы тиіс . Банкті ашуға рұқсат беру жайлы арыз – құжатты алған мерзімнен
бастап , 3 айдан аспайтын уақыт ішінде Ұлттық банкте қарастырылады.
Рұқсат беруден бас тартудың себептері мынада : құрылтайшы құжатының
жұмыс істеп тұрған заңдарға сай келмеуі , құрылтаишылардың қаржылық
жағдайының тұрақсыздығы , банктің құрылтайшысының , басқарма және жетекші
мүшелерінің алдағы қызметтеріндегі заңға қаишы әректтердің болуы , алғашқы
екі жыл ішіндегі банктің меншікті қаражаттар есебінен активтік операциялар
жүргізе алмауы. Қазақстан Республикасының банктерін тіркейтін кітапта
тіркелгеннен бастап , банк заңды тұлға мәртебесін алады. Оған тіркеу номері
және банктік операцияларын жүргізуге лицензия беріледі.Көптеген елдерде
бнкті ашуға арнайы рұқсатты талап етеді , бірақ кей жағдайларда олар
құрылтаишыларды тіркеүмен ғана шектелуі мүмкін.
Банкті ашуға берілетін рұқсатты қайта қайтарып алу , оның таратылуы туралы
шешімге сай келеді. Банк өз қызметін банк құрылтайшыларының шешімі бойынша
осы заңның 68, 69, 70,71 баптарына сәйкес тоқтатады. Банк акционерлі
құрылтаишылары бекіткен жарғы негізінде қызмет істейді.
Банк жарғысында төмендегідей мәліметтер болуы қажет :
- банк аты және оның орналасқан жері ;
- банкпен жүргізілетін банктік операциялар тізімі ;
- жарғы қорының мөлшері және банкпен құрылатын басқа да қорлардың тізімі
;
- банктің басқарма органдары , оны бақылау органы , олардың құрылымы ,
құрылуы және қызмет ату тәртібі жайлы ереже ;
- банкті тарату тәртібі.
Банктің қалыпты жұмыс істеуі үшін жарғылық , резервтік , сақтандыру және
басқа да қорлар құрылады.
Жарғылық қор банктің міндеттемесін қамтамасыз етуінің негізі болып
табылады да , ол акция шіғару немесе құрылтайшылардың салымдары есебінен
құрылады.
Алдын ала белгіленбеген шіғындар мен залалдарды жабу үшін банкте
резервтік қор құрылады.Ол банктің табысынан жыл сайынғы аударымдар есебінен
жарғылық капиталының сомасының 25% көлеміне дейінгі мөлшерде құрылады және
банктің басқкрмасының шешімі бойынша жұмсалады.
Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйы ролін атқара отырып,
орталық банк экономикамызда басты орын алады.
Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-
несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда
табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне
жетекшілік етуге бағытталады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, Орталық банктің мемлекетпен
біріктірілген кең көлемдегі өкілеттілігі екі деңгейдегі банктік жүйенің
тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Орталық банктің тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне
экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады.
Ұлттық банк – бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен
айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке
ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық
кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі
Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы
жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банк
мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие
ала алады.

1.2 Ұлттық банк және оның міндеттері.

Ұлттық банк – бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті
алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық бағалықтардан тұратын
мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.
Әлемдік тәжірибеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың әр түрлі
мынадай құқылық формалары кездеседі:
• Мемлекеттің 100% қатысуымен капиталын құрайтын біртұтас банк
формасында (мысалға: Ұлыбритания, ГФР, Франция, Канада, Ресей,
Қазақстан);
• Акцияның бір бөлігі мемлекетке тиесілі немесе мемлекеттің
қатысынсыз акционерлік қоғам формасында (Жапония, Бельгия);
• Орталық банктің функцияларын біртұтас атқаратын тәуелсізбанктер
жүйесі (АҚШ-та).
АҚШ-та орталық банктердің мүлкіне мемлекет қатынаспайды, олардың
капиталы Федеральді резервтік жүйеге мүлік иесі болып келетін коммерциялық
банктердің қосқан жарнасынан тұрады.
Ұлттық банк өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып табылады,
ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылық қордың мөлшері
– 20 млрд. теңгені құрайды. Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан,
құрал-жабдықтардан, көліктік құралдар мен басқа да бағалықтардан, ал
айналым қорлары банкке тиесілі болып табылатын меншікті ақшалай
қаражаттардан тұрады.
Ұлттық банк резервтік және басқа да қорларды құрайды. Резервтік қор
жарғылық қор көлемінде құралып, меншікті пайда есебімен толықтырады және
жүргізген операцияларға байланысты зияндар мен шығындардың орнын жабуға
арналады.
Ұлттық банктің қаржылық жылдағы таза табысы, сол қаржылық жылға
қатысты, нақты табыстар мен шығыстар арасындағы айналысқа шығарылған, оған
қоса активтердің амортизациясын, оның ішінде, банкнот пен монеталарды қоса
алғандағы шығыстардың айырмасы негізінде анықталады.
Ұлттық банктің таза табысы жарғылық қорды және резервтік қорды
абсолюттік соммада құрауға бағытталады. Таза табыстың қалған бөлігі келесі
қаржы жылындағы республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның
мекемелері барлық салықтар мен алымдар төлеуден босатылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің басты міндеті – ұлттық
валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Сол сияқты Ұлттық банкке мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:
- ақша айналысы, несие, банктік есеп-айырысулар мен валюталық
қатынастар төңірегінде мемлекетіміздің экономикалық даму
мақсатына жетуге және оның әлемдік экономикаға интеграциялануына
жағдай жасайтын мемлекеттің саясатын жасау және жүргізу.
- Банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілерді қолдану
арқылы қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың
орындалуына бақылауды жүзеге асыру.
Ұлттық банктің несиелік ресурсы мынадай көздерден құралады:
- меншікті қаражат есебінен;
- басқа банктерден тартылған және Ұлттық банкте шартты негізде
орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен;
- ҚР төңірегінде тартылған қаражаттар;
- арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан
қаражаттар есебінен.

2 ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫ

2.1 Ұлттық банктің басқару құрылымы.

Қазақстанның Ұлттық банкі жоғарыдан басқарылатын жүйедегі біртұтас
орталықтандырылған құрылымды білдіреді.Ұлттық банктің басқару органына :
Басқарма және Директорлар Кеңесі (Директорат) жатады.
ҚҰБ – нің жоғары басқару органы Басқарма болып табылады және басқармаға
мынадай негізгі қызметтер жүктеледі:
- мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау;
- банк қызметіне қатысы бар ҚҰБ-нің нормативтік құқылық актілерін
бекіту;
- Ұлттық банктің банктермен операциялары бойынша ресми қайта
қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу;
- Банктердің ашылуына рұқсат беру және оларды қайтарып алу туралы
шешім қабылдау;
- Жекелеген банктік операциялар түрлерін жүргізуге лицензиялар беру
туралы шешім қабылдау;
- Банктер үшін рещервтік талаптар нормасын бекіту;
- Алтын валюта активтерін басқарудың негізгі қағидаларын анықтау;
- ҚР валютасының айырбас бағамын анықтау тәртібін бекіту;
- ҚҰБ жұмыс туралы жылдық есепті қарау, қабылдау және Президенттің
бекітуіне беру;
- ҚҰБ-нің жылдық балансын және табысы мен зияны туралы қарау және
бекіту;
- ҚҰБ туралы нұсқауды, оның жарғылық капиталы мен резервтік қордың
қалыптасу тәртібі, негізгі құралдарды және өзег де мүліктерді
пайдалану, ақылы қызмет көрсету, ҚҰБ-нің құрылымы және бюджеті,
департамент директорларын, филиалдардың, өкілеттіліктердің және
ұйымдардың жетекшілерін тағайындау туралы нормативтік құқылық
актілерді бекіту;
- Банктер үшін пруденциалдық нормативтер мен басқа да міндетті
нормаларды және шектерді бекіту;
- Еңбек жағдайын,оған ақы төлеу жүйесі мен мөлшерін анықтау және
бекіту;
- ҚҰБ-нің халықаралық және басқа да ұйымдарда қатысуытуралы шешім
қабылдау;
- Директорлар Кеңесінің құрамын бекіту;
- Бухгалерлік есептің қазастандық стандартын ескере отырып, ҚҰБ-не
арналған бухгалтерлік есептің саясатын және әдістерін анықтау;
Ұлттық банктің Басқармасы тоғыз адамнан тұрады. Ұлттық банктің
Басқармасының құрамына:
- ҚҰБ төрағасы және 5 лауазымды тұлғалар;
- ҚР Президентінен 1 өкіл;
- ҚР Үкіметінен 2 өкіл кіреді.
Ұлттық банктің оперативтік басқару органы Директорлар Кеңесі болып
табылады. Директорлар Кеңесі құрамына Ұлттық банк төрағасы, оның
орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері кіреді.
Ұлттық банк тек қана ҚР Президентінің алдында есеп береді. Есеп беру
мыналарды білдіреді:
- Парламенттің келісімімен ҚР Президенті ҚҰБ-нің төрағасын 6 жылға
сайлайды және қызметінен босатады;
- ҚҰБ төрағасының орынбасарларын ды ҚҰБ төрағасының ұсынуымен ҚР
Президенті 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады;
- ҚҰБ-нің жылдық есебін ҚР Президенті бекітеді;
- Ұлттық валютаның – теңгенің айшығының тұжырымын ҚР Президенті
бекітеді;
- ҚҰБ-нің ҚР Президентінің сұрауы бойынша өзінің қызметіне
байланысты ақпараттарды беріп отырады.
Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлердегі облыстық
басқармасы Алматы қалалық филиалы арқылы атқарады. Бұл филиал Ұлттық банк
атынан жұмыс істейді. ҚҰБ филиалдары мен өкілеттіліктері өз қызметтерін ҚҰБ
бекіткен өкілеттігі шегінде ғана жүзеге асырады.
Ұлттық банктің функционалдық құрылымына департаменттер мен басқа да
бөлімшелерден тұратын орталық аппараты, филиалдары, өкілеттіліктері мен
ұйымдары кіреді.
Ұлттық банктің орталық аппаратында мынадай департаменттер мен дербес
басқармалары бар:
• Зерттеу және статистика департаменті;
• Шетел операциялары департаменті;
• Ішкі операциялар басқармасы;
• Монетарлық операциялар департаменті;
• Сыртқы байланыстар бөлімі;
• Заң қызметі департаменті;
• Әкімшілік департаменті;
• Қолма-қол ақшалармен жұмыс жөніндегі басқармасы;
• Инженерлік қауіпсіздік жүйесін пайдалану бөлімі;
• Бухгалтерлік есеп департаменті;
• Есептеу жұмыс орталықтарының департаменті;
• Операциондық басқарма;
• Төлем жүйесі басқармасы;
• Қаржыық қадағалау департаменті;
• Бақылау және аудит департаменті;
• Персоналмен жұмыс жасау басқармасы;
• Халықаралық қаржы ұйымдарының жобаларын іске асыру бөлімі;
• Мерзімді басылымдар және іскерлік ақпараттар бөлімі.
Сонымен қатар ҚҰБ құрылымына мынадай дербес бөлімшелер де кіреді:
• Мемлекеттік сақтау қоймасы;
• Ресей Федерациясындағы Ұлттық банк өкілеттілігі;
• Банкноттық фабрика;
• Монета сарайы;
• Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы;
• Қазақстан ипотекалық компаниясы;
• Процессингтік орталық;
• Актуарлық орталық;
• Банктік сервистік бюро;
• Ұлттық ақпараттар технологиясы;
• Автобаза.

2.2 Ұлттық банктің қызметтері мен операциялары.

Ұлттық банк мынадай негізгі қызметтерді атқарады:
- айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен республикада
мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді және монетарлардың
монополиялық элементі болып табылады, бағалы қағаздарды
эмиссиялайды;
- ҚР Үкіметінің мемлекеттік қағаздарына қызмет етуге қатынасады;
- Қазақстан аумағында банктердің, еншілес банктердің ашылуына және
филиалдары мен өкілеттіліктің ашылуына, сол сияқты банктік
операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға рұқсат қағазын
береді;
- Белгіленген тәртіпте банктердің бағалы қағаздарының эмиссиялау
проспектісіне мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиялау
проспектісіне мемлекеттік тіркеуге дейін міндетті сараптама
жүргізеді;
- Банктердің қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және
пруденциалдық нормативтер белгілейді;
- ҚР-да несиелер бойынша сыйақы пайыз мөлшерлемесін реттеуді жүзеге
асырады.
Ұлттық банк мынадай операцияларды жүргізеді:
- бірінші кластық эмитенттермен шығарылатын алты айлық қайтару
мерзімдегі міндеттемелерді қайта есепке алады;
- мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
- депозиттік сертификаттармен қайтару мерзімі 1 жылға жататын
борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
- депозиттік және сеп айырысу операцияларын жүргізе отырып, бағалы
қағаздарды, басқа да құндылықтарды сақтауға және басқаруға
қабылдайды;
- қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;
- қажет кезінде банктерде және қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
- чектерді жазып, вексельдерді береді;
- жарғыға қайшы келмейтін өз міндеттемелеріне сай келетін басқа да
банктік операцияларды жүзеге асырады.
Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерді ашуға рұқсат лицензия береді.
Банкті ұиымдастыру қиын процедураны білдіреді және ол елдің арнйы
заңдарымен реттеліп отырады. Ұлттық банк Қазақстан Республикасының
аумағында банктерді құруға рұқсат береді және банктермен , олардың
филиалдарын тіркеуге алу кітабын жүргізеді.
Рұқсат Ұлттық банк белгілеген мөлшердегі төлем негізінде беріледі.Рұқсат
берген кезде Ұлттық банк атқарылатын банктік операциялардың шеңберін
анықтайды. Банктік заңдар мен заң актілерінде банктердің қызметінің ашылуы
мен тоқтатылуы реттеліп отырады.
Банкті құруға рұқсат алу үшін келесі құжаттар қажет :
- рұқсат беруге арыз ;
- экономикалық негіздеме ;
- алдағы 2 – 3 жылдағы толық ақпараттарды қамтитын іскерлік болжамды
жоспар ;
- құрылтайшылар ұсынатын банк жетекшілерінің ( төраға мен бас
бухгалтердің ) кәсіби жарамсыздығы жайлы мәліметтер ;
- құрылтайшылардың қаржылық тұрақтылығы жайлы аудиторлық қорытынды ;
- жарғылық қор шотына қаражат салғанын растайтын құжат ;
Заңды және жеке тұлғалар банктің құрылтайшылары ретінде бола бастады.
Мемлекет тек Үкімет тұлғасында ғана банктің құрылтайшысы және қатысушы бола
алады. Кез келген құрылтайшылардың , қатысушылардың , қатысу үлесі
мемлекеттен және еншілес банктерден басқалары үшін жарғылық қордың 35%-ан
аспауы тиіс . Банкті ашуға рұқсат беру жайлы арыз – құжатты алған мерзімнен
бастап , 3 айдан аспайтын уақыт ішінде Ұлттық банкте қарастырылады.
Рұқсат беруден бас тартудың себептері мынада : құрылтайшы құжатының
жұмыс істеп тұрған заңдарға сай келмеуі , құрылтаишылардың қаржылық
жағдайының тұрақсыздығы , банктің құрылтайшысының , басқарма және жетекші
мүшелерінің алдағы қызметтеріндегі заңға қаишы әректтердің болуы , алғашқы
екі жыл ішіндегі банктің меншікті қаражаттар есебінен активтік операциялар
жүргізе алмауы. Қазақстан Республикасының банктерін тіркейтін кітапта
тіркелгеннен бастап , банк заңды тұлға мәртебесін алады. Оған тіркеу номері
және банктік операцияларын жүргізуге лицензия беріледі.Көптеген елдерде
банкті ашуға арнайы рұқсатты талап етеді , бірақ кей жағдайларда олар
құрылтаишыларды тіркеүмен ғана шектелуі мүмкін.

3 ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ

3.1 Ұ.Б–ның ақша-несие саясаты.

Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және
жүзеге асыратын орган болып табылады.
ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын,
яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты
тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін,
сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге
бағытталған шаралар жиынтығы.
Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі Ұлттық
банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу
объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының
жиынтығы жатады.
Шаруашылық конъюктурасының жағдайына байланысты ақша-несие саясатының
екі типі болады:
1. Рестрикциялық ақша-несие саясаты;
2. Экспанциондық ақша-несие саясаты.
Рестрикциялық ақша-несие саясаты – екінші деңгейлі банктердің несиелік
операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы
мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталған шаралар жиынтығы.
Экспанциондық ақша-несие саясаты – несие беру көлемін кеңейтумен,
айналыстағы ақша массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы
мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.
Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты:
инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа
жетуде Ұлттық банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде. Заңға сәйкес Ұлттық
банк мынадай ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен
реттеледі:
• Сыйақы мөлшерін белгілеу;
• Ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу;
• Мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сатуы бойынша ашық
нарықтағы операцияларды жүргізу;
• Банктерге және үкіметке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы банктердің іс-жүзіндегі көрсететін қызметтер көрінісін талдау
Корпоративтік басқару жайлы
«Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелеуді дамытудың негізгі бағыттары»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛЕНДІРУ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Банктік несиенің экономикалық мәні
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерінің қолма-қолсыз есеп айырысу операциясы
Тұтыну несиесінің жіктелуі ерекшелікғтері
Қашықтан қадағалау механизмі
Халықаралық банктік есепайырысу
Коммерциялық банктердегі маркетингтік қызметтің ұйымдастырылуы
Пәндер