Алқа билердің сотқа қатысуы



Мазмұны

Кіріспе

1.Бөлім. Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс.жүргізу
1.1 Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс жүргізу тәртібі
1.2 Алқабилердің ант қабылдауы
1.3 Алқабилердің құқықтары мен міндеттері

2.бөлім. Сот отырысын соттың істі алқабилердің қатысуымен қарау
2.1 Сот отырысын соттың істі алқабилердің қатысуымен қарау түсінігі
2.2 Сот отырысын соттың істі алқабилердің қатысуымен қарау ерекшеліктері
2.3 Алқабилер қатысатын соттың шешуіне жататын сұрақтардың қойылуы тәртібі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Кез келген құқық саласы сияқты қылмыстық құқықта тиісті қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, құқықпен реттелетін, қоғамдық қатынастар аумағы негізінен ауқымды болып келеді.
Алқабилер құрамы негізінен жабық сот отырысында жүргізілуі тиіс. Сотта істі қарайтын алқабилер алқасы негізгі құрамның тоғыз және екі алқаби құрамында жеребе тастау арқылы құрылады.
Негізгі алқабилер құрамы былайша жүргізіледі. Төрағалық етуші қарсылық білдірілмеген алқабиге кандидаттардың тегін көрсете отырып, билеттерді жәшікке салады, оларды араластырады және бір-бірлеп он бір билетті алады, әр алған сайын билетте көрсетілген алқабиге кандидаттың тегін жариялайды.
Егер жәшіктен алынған және қалған билеттер қарсылық білдірілмеген алқабиге кандидаттардың жалпы санын құраса, сондай-ақ егер алқабилер алқасын құрудың дұрыстығына әсер ететін қандай да бір бұзушылыққа жол берілмесе, онда алқабилер алқасы құрылды деп танылады.
Бұл ретте, жеребе тастау арқылы іріктелген алғашқы тоғыз алқаби негізгі құрамның алқабиі, ал соңғы екеуі қосалқы алқаби деп есептеледі.
Алқаби ұжымының ант қабылдауға дейін алқабилер барлық алқабилерге объективті әрекет ете алмауына қарсылық білдіру алқабилер алқасын құрудағы негізгі арнайы ерекшелігі болып табылады.
Төрағалық етуші алқабилер алқасының құрылуын жарамсыз немесе ол құрылған жоқ деп жариялайды және алқабиге кандидаттарға толық көлемінде қайта іріктеу жүргізеді. сол тәртіппен сот отырысының хаттамасына енгізеді. Жеребе тастау арқылы іріктелген алқабилердің тегі көрсетіле отырып, билеттер іс материалдарына тігіледі.
Сот отырысының хатшысы жеребе тастау арқылы іріктелген он бір алқабилердің тегін жәшіктен билеттер қалай алынса, сол тәртіппен сот отырысының хаттамасына енгізеді. Жеребе тастау арқылы іріктелген алқабилердің тегі көрсетіле отырып, билеттер іс материалдарына тігіледі.
Қолданылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жыл 30 – тамыз.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі.
3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Іс- Жүргізу Кодексі.
4. Қазақстан Республикасының Азаматтық Іс – Жүргізу Кодексі.
5. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі.
6. Қазақстан Республикасының жоғарғы Кеңесінің Жаршысы. 1993 жыл, №17.
1. Жоламанов Қ.Д. Мемлекет жіне құқық теориясы. Алматы “ Эверо ”2004 жыл.
2. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Алматы. “ жеті жарғы ” 2003. оқулық.ав. С.А. Табанов.
3. Қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім, Наумов А.В. Алматы “ фолиант баспасы ”. 2001 жыл.
4. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық, Алматы, “ жеті жарғы ” 2001 ж.
5. Құқық социологиясы. Оқулық, Қ. Ғабдулина. Алматы 2003 жыл.
6. құқық теориясы мен сот жүйесінің конституциялық негіздері. Алматы 2001 жыл. Табанов С.А.
7. Қазақстан мемлекетінің жіне құқығының негіздері. Ғайрат Сапарғалиев. Алматы. “ Атамұра ”2003жыл.
8. Мемлекет жіне құқық теориясы. Булгаков Д.А. Алматы 2003 жыл.
9. Мемлекет және құқықтың жалпы теориясы. Булгакоа Д.А. Истаев А.Ж. оқу құралы, Алматы 2004 жыл.
10. Қылмыстық жаза тағайындау. Н.Дәудетбеков. Астана 2002 жыл.
11. Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім, Алматы жеті жарғы, 2001 жыл.
12. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім, А.Н. Ағыбаев. Алматы “ жеті жарғы ”2001 жыл.
13. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. “ Қазақ энциклопедиясының” бас редакторы , Алматы 2002 жыл.
14. Егемен Қазақстан газеті 2009 жыл.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1-Бөлім. Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс-жүргізу
1.1 Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс жүргізу тәртібі
1.2 Алқабилердің ант қабылдауы
1.3 Алқабилердің құқықтары мен міндеттері

2-бөлім. Сот отырысын соттың істі алқабилердің қатысуымен қарау
2.1 Сот отырысын соттың істі алқабилердің қатысуымен қарау түсінігі
2.2 Сот отырысын соттың істі алқабилердің қатысуымен қарау ерекшеліктері
2.3 Алқабилер қатысатын соттың шешуіне жататын сұрақтардың қойылуы тәртібі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Кез келген құқық саласы сияқты қылмыстық құқықта тиісті қоғамдық қарым-
қатынастарды реттейтін, құқықпен реттелетін, қоғамдық қатынастар аумағы
негізінен ауқымды болып келеді.
Алқабилер құрамы негізінен жабық сот отырысында жүргізілуі тиіс. Сотта
істі қарайтын алқабилер алқасы негізгі құрамның тоғыз және екі алқаби
құрамында жеребе тастау арқылы құрылады.
Негізгі алқабилер құрамы былайша жүргізіледі. Төрағалық етуші қарсылық
білдірілмеген алқабиге кандидаттардың тегін көрсете отырып, билеттерді
жәшікке салады, оларды араластырады және бір-бірлеп он бір билетті алады,
әр алған сайын билетте көрсетілген алқабиге кандидаттың тегін жариялайды.
Егер жәшіктен алынған және қалған билеттер қарсылық білдірілмеген
алқабиге кандидаттардың жалпы санын құраса, сондай-ақ егер алқабилер
алқасын құрудың дұрыстығына әсер ететін қандай да бір бұзушылыққа жол
берілмесе, онда алқабилер алқасы құрылды деп танылады.
Бұл ретте, жеребе тастау арқылы іріктелген алғашқы тоғыз алқаби
негізгі құрамның алқабиі, ал соңғы екеуі қосалқы алқаби деп есептеледі.
Алқаби ұжымының ант қабылдауға дейін алқабилер барлық алқабилерге
объективті әрекет ете алмауына қарсылық білдіру алқабилер алқасын құрудағы
негізгі арнайы ерекшелігі болып табылады.
Төрағалық етуші алқабилер алқасының құрылуын жарамсыз немесе ол
құрылған жоқ деп жариялайды және алқабиге кандидаттарға толық көлемінде
қайта іріктеу жүргізеді. сол тәртіппен сот отырысының хаттамасына енгізеді.
Жеребе тастау арқылы іріктелген алқабилердің тегі көрсетіле отырып,
билеттер іс материалдарына тігіледі.
Сот отырысының хатшысы жеребе тастау арқылы іріктелген он бір
алқабилердің тегін жәшіктен билеттер қалай алынса, сол тәртіппен сот
отырысының хаттамасына енгізеді. Жеребе тастау арқылы іріктелген
алқабилердің тегі көрсетіле отырып, билеттер іс материалдарына тігіледі.

1 Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс жүргізу.

1. Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс жүргізу тәртібі.

Қазақстан Республикасының заңымен 2007 жылдың 1 – қаңтарынан бастап ҚР
ҚІЖК – не жаңа Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс жүргізу атты 13
– бөлім енгізілді. Құқықтанушылардың айтуы бойынша сот алқабилері алғаш
рет б.э.д 829 жылы Францияда, одан соң 1066 жылы Англияда пайда болған
дейді. 17 – ғасырдың ортасында, буржуаз – демократиялық революциядан кейін
Еуропа мемлекеттеріне тарай бастады. АҚШ – та сот алқабилері 1776 жылы
тәуелсіздік Декларациясы қабылданғаннан кейін пайда болды. Патшалық Ресейде
ол 1864 жылы құрылып, 1917 жылы Казан революциясынан кейін жойылған
болатын. Ресей Федерециясында 1993 жылы 16 шілдесінен бастап қайта құрылды.
Орта Азия мемлекеттерінде және Қазақстанда патшалық империя кезінде сот
алқабилері болған емес. Дүние жүзі бойынша сот алқабилерінің классикалық
түрі, яғни бір сот және он екі алқабиден тұратын түрі көп тараған Францияда
алқабилер құрамы тоғыз алқаби, бір төреші және екі запастағы сот төрешісі
болады.
Сот алқабилерінің сотқа қатысуы, айыпталушының,алқабилердің антына
соттың әсер етуіне және негізсіз сотталуынан қорғайды. Сот алқабилерінің
қатысуымен шығарылған қаулыда сот қателері жеке кәсіпқой сотпен
салыстырғанда мейлінше аз болады. Бұл сот алқабилеріне тек адал, өмірлік
тәжірибесінен мол, сауатты және әділдігі бар Қазақстан Республикасының
адамдары таңдалып алынады. Сонымен қоса сот алқабилерінің ерекше ант
құзырын қабылдауға сотталушының айыпталуы мен айыптылығы дәлелденгендігі
жатады.
ҚР ҚІЖК – нің 542 – бабына сәйкес сот алқабилердің қатысуымен қарайтын
қылмыстық істер бойынша іс жүргізу ҚР ҚІЖК – нің 13 – бөлімінде белгіленген
ерекшеліктер ескеріле отырып қарастырылады. Сот алқабилерінің қатысуымен
қарайтын қылмыстық істер бойынша негізгі ерекшеліктері мынадай:
-егер айыпталушы өтініш еткен жағдайда сот алқабилерінін қатысуымен
жүргізеді;
-халық өкілеттіліктері мен кәсіпқой сот төоешілері арасындағы әділ
сотта өкілдіктердің бөліну мен жіберілуі мынадай;
-алқабилері қылмыс оқиғалары туралы сұрақтар мен сотталушының айыптылы
туралы сұрақтарды шешеді;
Төрағалық етуші мен сот төрешісінің хабардарлығы құқықтық сұрақтарды
шешу болып табылады. Келтірілгендердің барлығы да сот алқабилерінің мот
отырысындағы негізгі ерекшелік болып табылады. Кәсіпқой сот төрешілерімен
салыстырғанда сот алқабилері екі сот төрешісінен және тоғыз алқабиден
тұратын сот құрамы. 2006 жылдың 16 – қаңтарынан бастап жергілікті атқару
органдары Алқабилер туралы ҚР заңына сәйкес кандидаттарды таңдап оларды
әліпби реттілігін сақтай отырып алғашқы, дара және запастағы алқабилер
тізімін құрады. Алқабиге кондидаттар тізімін жергілікті атқару органдары 1
желтоқсанға дейін алдын ала құрып қояды. Алғашқы, дара және запастағы
алқабилер санын жыл сайын облыстық және оған теңестірілген соттың төрағасы
береді. Облыстық соттың беруі бойынша алғашқы кандидаттар тізімін
жергілікті аудандық басқару органдары ( облыстық негіздегі қала ), запас
тізімін – облыстық атқару органдары ( Республикалық негіздегі қала,
астана). Дара кандидаттар тізімін облыстық жергілікті атқару органы
(Республикалық негіздегі қала ) алғашқы кандидаттар тізімі негізінде
облыстық немесе оған теңестірілген сотқа жіберіледі.
Алқаби кандидаттарына мынадай ерекше талаптар қойылады:
-25 жастан үлкен болу керек:
-өтелмеген немесе алынып тасталған соттылығы болмауы керек:
-соттың пікірінше әрекетсіз болмауы керек:
-наркология немесе психоневрология диспансерінің тізімінде болмауы
керек:
Сот алқабилеріне кандидарттарды жіберу кезінде олардың әлеуметтік,
қызметтік және мүліктік, нәсілдік, ұлттық, жыныстық, дін тұтушылық немесе
т.б. жағдайлары соттың шектеуімен рұқсат етілмеуі керек. Қылмыстық іс толық
аяқталғаннан кейін ай сайын алқабиге мемлекет қаражатынан соттың немесе
оған теңестірілген соттың жарты еңбекақы мөлшерінде, бірақ алқаби
төрағасының негізгі сотта болған ( жұмыстық күн саны ) уақыттық жалақысынан
төмен сыйақы тағайындалмауы тиіс. Бір есте сақтайтыны, бір алқаби жылына
бір рет қана алқаби ретінде сот отырысына қатыса алады. Қылмыстық істі
алқабилердің қатысуымен жүргізудің маңыздылығы олардың сотталушының қылмыс
жасағаны туралы айыпты дәлелдегені туралы шешімінің дәлелдігінде. Төрағалық
етуші және екінші сот төрешісі алқабилердің үкімі бойынша сотталушыны
айыпты деп танып оған жаза қолданып, азаматтық талап мәселесін шешеді.
Вердикт латын тілінен алынған және ол айтылған шындық деген мағына
береді. Қылмыстық іс жүргізуде вердикт – бұл алқабилердің сотталушыны
айыпты деп танып шығарған үкімі. Облыстық және оған теңестірілген сотта
алқабилердің қатысуымен соттың қарауына барлық істер жатады (ҚІЖК 543 бап).
Негізінен алқабилердің қатысуымен тек қылмыс жасаған және ҚК бойынша өлім
жазасы берілетін істерді ғана қарастырады (бұл ҚР ҚІЖК 291 бабының 2 – ші
бөлігінде көрсетілген тізім бойынша). Сот алқабилердің қатысуымен, ҚР ҚІЖК
– нің 291 бабының 2 – ші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді есі дұрыс емес
күйінде жасаған не оларды жасағаннан кейін жан күйзелісі ауруымен ауырған
адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылады.
Егер айыпталушы ҚК – тің бірнеше баптарымен істің біреуі алқабилердің
қатысуымен қаралатын қылмыстық істерді айыпталушының өтініші бойынша сот
алқабилерінің қатысуымен істі қайта қаратуға құқылы. Ауыр қылмыс жасаған
іс бойынша бірнеше адам айыпталса, онда істі алқабилердің қатысуымен қарау
жөніндегі айыпталушылардың біреуі өтініш берген жағдайда істі алқабилердің
міндетті түрде қатысуы бойынша қарастырады. Тергеуші алдын ала тергеу
аяқталғаннан кейін айыпталушыға істің барлық материалдарын таныстыру
кезінде оған соттың оның ісін алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтініш
беру құқығын, сондай – ақ соттың алқабилердің қатысуымен шығарған үкіміне
шағым жасау және шағымды қарау ерекшеліктерін қоса, осындай өтінішті
қанағаттандырудың құқықтық салдарын түсіндіруге міндетті (ҚР ҚІЖК 546 –
бап ).Әр жаңа қылмыстық істі қарау үшін сот төрағалық етуші сот алқабиіне
алқабилерді таңдауға кандидаттарды сотқа шақыратынын есте шығармау керек.
Тәртіп бойынша сотқа елу алқаби кандидаты шақырылады, егер жиырма
бес кандидаттан он алты кандидат қалса, онда сот төрағасы хатшыға сот
алқабилеріне қосымша шақырту жасауына рұқсат береді. Сонымен төрағалық
етуші қосымша шақырылған кандидаттармен қоса сот алқабилеріне құрылым
процедурасын жүргізеді. Бұдан соң төрағалық етуші алқабиге кандидаттарға
дәлелсіз қарсылық білдіруді жүргізеді. Сот отырысына қатысу үшін алқабиге
он алтыдан астамы қалса, төрағалық етуші қалған алқабиге кандидаттардың
санын жариялайды, бұдан кейін олардың тегі көрсетілген билеттерді жәшікке
салады, билеттерді араластырады және жәшікке он алты билет қалу үшін одан
қанша қажет болса
Сот талқылауына қатысу үшін алқабиге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ
таңдаудың тәртібі . ( ҚР ҚІЖК 550 – бап ).
Істі соттың алқабилердің қатысуымен тағайындау туралы қаулы
шығарылңаннан кейін сот төрешісі сот отырысының хатшысына, алқабилерге
іріктеу үшін, осы сот отырысына саны қаулыда көрсетілген алқабиге
кандидаттардың келуін қамтамасыз ету туралы үкім береді. Сот қаулысында
ісін бойынша таңдап алынған алқабилердің саны көрсетілуі қажет.
Басты сот талқылауы тағайындалғаннан кейін төрағалық етуші үкімі
бойынша сот отырысының хатшысы соттағы біріңғай және қосалқы (жылдық)
тізімдерден алқабиге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ таңдауды жүргізеді.
Қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен жүргізудің маңыздылығы олардың
сотталушының қылмыс жасағаны туралы айыпты дәлелдегені туралы шешімінің
дәлелдігінде. Төрағалық етуші және екінші сот төрешісі алқабилердің үкімі
бойынша сотталушыны айыпты деп танып оған жаза қолданып, азаматтық талап
мәселесін шешеді.
Қылмыстық істі қарауға қатысу үшін алқабиге кандидаттарды алдын ала
кездейсоқ таңдау аяқталғаннан кейін, оладың тегі, аты, әкесінің аты және
мекен – жайы көрсетіле отырып, алдын ала тізім жасалады, оған сот
отырысының хатшысы қол қояды. Алдын ала тізімге енгізілген алқабилер
кандидаттарға, сот тақылауы басталғанға дейін жеті тәуліктен кешіктірілмей
сотқа келетін күні мен уақыты көрсетілген хабарлама тапсырылады. Хабарлама
алған азаматтар алқабилерді іріктеу рәсіміне қатысу үшін сотқа келуге
міндетті.
әртіп бойынша сотқа елу алқаби кандидаты шақырылады, егер жиырма бес
кандидаттан он алты кандидат қалса, онда сот төрағасы хатшыға сот
алқабилеріне қосымша шақырту жасауына рұқсат береді. Сонымен төрағалық
етуші қосымша шақырылған кандидаттармен қоса сот алқабилеріне құрылым
процедурасын жүргізеді.
Сот талқылауына қатысу үшін алқабиге кандидаттарды іріктеу (ҚР ҚІЖК 551-
бап).
Төрағалық етуші алқабиге кандидаттардың алдында олар үшін қысқаша сөз
сөйлеп кетеді, себебі ол олар үшін өте маңызды:
-өзін және тараптарын түгел таныстырып өтеді;
-қандай іс қаралуға жататынын хабарлайды;
-алқабилердің міндеттері мен олардың қылмыстық істі қарауға заңға
сәйкес қатысу тәртібі туралы хабарлайды;
Хабарлама алған азаматтар алқабилерді іріктеу рәсіміне қатысу үшін
сотқа келуге міндетті.
Сот отырысының хатшысы төрағалық етушіге алқабиге кандидаттардың сот
отырысына келуі туралы баяндайды және алқабиге кандидаттың әрқайсысына оның
тегін көрсете отырып билет жазып береді. Кандидаттар арасынан алқабилерді
іріктеу басты сот талқылауы ашылғаннан кейін және ҚР ҚІЖК – нің 331 – 344
баптарының талаптары орындалғаннан кейін жүзеге асырылады. Алқабиге
кандидатты істі қарауға қатысудан босатуға байланысты барлық мәселелерді
сондай – ақ өздігінен бас тартуларды және алқабиге кандидаттарға
мәлімделген қарсылық білдірулерді төрағалық етуші кеңесу бөлмесіне кетпей
жеке – дара шешеді. Егер сотқа шақырылған алқабиге кандидаттардың жиырма
бесінен азы келсе не сот талқылауына қатысудан олардың кейбіреулерін
босатқаннан кейін немесе төрағалық етуші сот төрешісі өздігінен бас
тартулар мен қарсылық білдірулерді қанағаттардырғаннан кейін олар он
алтыдан азайып қалса, төрағалық етуші сот отырысының хатшысына алқабиге
кандидаттар құрамының жетіспейтін санын қосалқы тізімнен толықтыру туралы
үкім етеді. Бұл жағдайда алқабиге қосалқы кандидаттарды шақыру үшін сот
отырысында үзіліс жарияланады. Бұдан соң төрағалық етуші алқабиге
кандидаттарға дәлелсіз қарсылық білдіруді жүргізеді. Сот отырысына қатысу
үшін алқабиге он алтыдан астамы қалса, төрағалық етуші қалған алқабиге
кандидаттардың санын жариялайды, бұдан кейін олардың тегі көрсетілген
билеттерді жәшікке салады, билеттерді араластырады және жәшікке он алты
билет қалу үшін одан қанша қажет болса сонша билетті алады. Содан соң
төрағалық етуші, мемлекеттік айыптаушы, сондай-ақ сотталушы және (немесе)
оның қорғаушысы дәлелсіз қарсылықты жүргізу үшін қалған, алқабиге
кандидаттардың тегі көрсетілген он алты билетті береді, нәтижесінде
алқабиге он бір кандидат қалуы тиіс. Егер іске бір сотталушы қатысса,
дәлелсіз қарсылық білдіруді алқабиге екі кандидатқа мемлекеттік айыптаушы,
содан кейін алқабиге үш кандидатқа сотталушы және немесе оның қорғаушысы
көрсетілген кезектілікпен жүргізеді.
Төрағалық етушінің алқабиге кандидаттарды істі қарауға қатысудан босату
(552 – бап ).
Төрағалық етуші алқабиге кандидаттарға олардың қылмыстық іс жүргізу
көрсетілген міндеттерін түсіндіргеннен кейін, алқабиге кандидаттардан
алқаби ретінде істі қарауға қатысуда олар кедергі келтіретін мән –
жайлардың бар жоғы туралы сұрайды.
Бұл жөнінде төрағалық етуші алқабилерді мынадай жағдайда міндеттерінен
босатуға құқылы:
1. Қылмыс жасады деген күдіктілерді немесе айыптаушыларды;
2. Сотта ілеспе аударма қамтамасыз етілмеген кезде, сот ісі жүргізілетін
тілді білмейтін адамды;
3. Сот отырысына толыққанды қатысуын қамтамасыз етуге ұйымдастырушылық не
техникалық мүмкіндіктер болмаған кезде саңырау, мылқау, зағип және
мүгедек болып табылатын басқа да адамдарды.
Сонымен қоса Төрағалық етуші сот төрешісі алқабилердің ауызша не
жазбаша өтініші бойынша:
1) Алпыс бес жастан асқан адамдарды;
2) Үш жасқа толмаған балалары бар әйелдерді;
3) Өзінің діни нанымына байланысты сот төрелігін жүзеге асыруға
қатысу өзі үшін мүмкін емес деп есептелген адамдарды;
4) Сот отырысына қатыспау үшін дәлелді себептері бар өзге де
адамдарды алқаби міндеттерін атқарудан босата алады.
Сонымен қатар төрағалық етуші алқабиге кандидаттардан сотта қаралатын
істің мән жайлары туралы олардың хабардарлығын анықтайды. Алқабиге
кандидатты істі қарауға қатысудан босатуға байланысты барлық мәселелерді
сондай – ақ өздігінен бас тартуларды және алқабиге кандидаттарға
мәлімделген қарсылық білдірулерді төрағалық етуші кеңесу бөлмесіне кетпей
жеке – дара шешеді.
Алқабиге кандидаттардың өздігінен бас тартуы туралы мәселелерді шешу.
ҚР ҚІЖК – нің 554 бабына сәйкес, прокурор, жәбірленуші, азаматтық
талапкер және азаматтық жауапкер және олардың өкілдері,сонымен қосы
сотталушы және оның қорғаушысы алқабиге кандидаттарға қарсылық білдіре
алады, егер:
1) Іс бойынша азаматтық талапкер, азаматық жауапкер немесе куәгер
ретінде шақырылса;
2) Алқабиге кандидат жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық
жауапкердің немесе олардың өкілдерінің, айыпталушының немесе оның
заңды өкілінің, прокурордың, қорғаушының немесе тергеушінің,
анықтаушының туысы немесе жекжаты ( аға-інісі, апа-қарындасы, ерлі
–зайыптылардың баласы ) болып табылса;
Осы іске жеке, тікелей немесе жанама мүдделі деп санауға негіз беретін
өзге де мән-жайлар болса, қарсылығы мәлімделуге тиіс. Негізгі алқабилер
құрамы былайша жүргізіледі. Төрағалық етуші қарсылық білдірілмеген алқабиге
кандидаттардың тегін көрсете отырып, билеттерді жәшікке салады, оларды
араластырады және бір-бірлеп он бір билетті алады, әр алған сайын билетте
көрсетілген алқабиге кандидаттың тегін жариялайды. Егер жәшіктен алынған
және қалған билеттер қарсылық білдірілмеген алқабиге кандидаттардың жалпы
санын құраса, сондай-ақ егер алқабилер алқасын құрудың дұрыстығына әсер
ететін қандай да бір бұзушылыққа жол берілмесе, онда алқабилер алқасы
құрылды деп танылады. Алқабилердің ант қабылдағаны туралы сот отырысының
хаттамасына жазба жасалады. Алқаби ұжымының ант қабылдауға дейін алқабилер
барлық алқабилерге объективті әрекет ете алмауына қарсылық білдіру
алқабилер алқасын құрудағы негізгі арнайы ерекшелігі болып табылады.
Алқабиге кандидаттарға дәлелсіз қарсылық білдіру (Қ.Р Қ.І.Ж.К 555-
бабы)
Тәртіп бойынша сотқа елу алқаби кандидаты шақырылады, егер жиырма бес
кандидаттан он алты кандидат қалса, онда сот төрағасы хатшыға сот
алқабилеріне қосымша шақырту жасауына рұқсат береді. Сонымен төрағалық
етуші қосымша шақырылған кандидаттармен қоса сот алқабилеріне құрылым
процедурасын жүргізеді. Бұдан соң төрағалық етуші алқабиге кандидаттарға
дәлелсіз қарсылық білдіруді жүргізеді. Сот отырысына қатысу үшін алқабиге
он алтыдан астамы қалса, төрағалық етуші қалған алқабиге кандидаттардың
санын жариялайды, бұдан кейін олардың тегі көрсетілген билеттерді жәшікке
салады, билеттерді араластырады және жәшікке он алты билет қалу үшін одан
қанша қажет болса сонша билетті алады. Содан соң төрағалық етуші,
мемлекеттік айыптаушы, сондай-ақ сотталушы және (немесе) оның қорғаушысы
дәлелсіз қарсылықты жүргізу үшін қалған, алқабиге кандидаттардың тегі
көрсетілген он алты билетті береді, нәтижесінде алқабиге он бір кандидат
қалуы тиіс. Егер іске бір сотталушы қатысса, дәлелсіз қарсылық білдіруді
алқабиге екі кандидатқа мемлекеттік айыптаушы, содан кейін алқабиге үш
кандидатқа сотталушы және немесе оның қорғаушысы көрсетілген кезектілікпен
жүргізеді. Егер іске бірнеше сотталушы қатысса, мемлекеттік айыптаушы әрі
кеткенде алқабиге екі кандидатқа қарсылық білдіруге құқылы, және кез келген
жағдайда сотталушы мен оның қорғаушысы соңанда алқаби саны он бір алқабиден
кем болмауы тиіс. Сонымен, дәлелсіз қарсылық білдіру – дұл алқабиге
кандидаттарды жеребе тастау арқылы, заң бойынша он алты алқабиге дейін
таңдалып алынады. Егер жәшіктен алынған және қалған билеттер қарсылық
білдірілмеген алқабиге кандидаттардың жалпы санын құраса, сондай-ақ егер
алқабилер алқасын құрудың дұрыстығына әсер ететін қандай да бір бұзушылыққа
жол берілмесе, онда алқабилер алқасы құрылды деп танылады.

2. Алқабилердің ант қабылдауы (ҚР ҚІЖК 558-бап).

Алқабилер алқасы құрылып болғаннан кейін төрағалық етуші немесе сот
отырысының хатшысы сот отырысының залында қатысып отырғандардың барлығына
орындарынан тұруды ұсынады. Содан соң төрағалық етуші алқабилерге ант
қабылдау ұсынысымен өтініш жасайды. Ант мынадай мазмұннан тұрады:
"Алқабидің міндеттерін атқаруға кірісе отырып, өз міндеттерімді адал және
бейтарап атқаруға, сотта қаралған барлық дәлелдемелерді, дәлелдерді, істін
мән-жайын назарыма алуға, ерікті азамат және әділ адам ретінде істі өзімнің
ішкі нанымым мен ар-ожданым бойынша шешуге салтанатты түрде ант етемін".
Алқаби "Ант етемін!" деген сөздерді айтумен антты қабылдауын растайды.
Алқабилердің ант қабылдағаны туралы сот отырысының хаттамасына жазба
жасалады.

3. Алқабилердің құқықтары мен міндеттері (ҚР ҚІЖК 559-бап).

Төрағалық етуші Алқабилерге олардың құқықтарын, міндеттерін және істі
қарауға байланысты іс-әрекеттеріне шектеулерді түсіндіреді, сондай-ақ
міндеттерді бұзу және шектеулерді сақтамаудың салдарлары туралы ескертеді.
ҚР ҚІЖК-нің 559-бабының 2-бөлігіне сәйкес алқабилердің құқығы:
- өзінің ішкі нанымы бойынша істің мән-жайын өз бетінше бағалауға және
алқабилер алқасының алдында қойылатын сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік алу
үшін сотта қаралатын дәлелдемелерді зерттеуге қатысуға;
- төрағалық етуші арқылы сотталушыға, жәбірленушіге, куәгерлерге,
сарапшыға сұрақтар қоюға;
- заттай дәлелдемелерді, құжаттарды тексеріп қарауға, жерді және үй
жайларды тексеріп қарау ісіне, сот тергеуіндегі барлық басқа да мәселелерді
түсіндіруді сұрап өтініш жасауға;
- сот отырысы кезінде жазбаларды жасауға.
Алқаби міндеттері:
- сот отырысында тәртіп сақтауға және төрағалық етушінің заңды
өкімдеріне бағынуға;
- алқабидің міндеттерін атқару үшін, сондай-ақ, егер сот отырысында
үзіліс жарияланған немесе істі тындау кейінге қалдырылған жағдайда, сот
талқылауын жалғастыру үшін сот көрсеткен уақытта келуге;
Сотта келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, төрағалық етушіге келмеудің
себептері туралы алдын ала хабарлауға міндетті.
Алқаби:
- істі тындау кезінде сот отырысының залынан кетуге; егер алқаби
ауырған немесе себепті жағдайлар мен сот отырысына қатыса алмайтын болса
төрағалық етушінің рұқсатымен үзіліс жарияланады. Немесе қосалқы алқабимен
алмастырылады.
Істі тыңдау кезінде сот құрамына кірмейтін адамдармен төрағалық
етушінің рұқсатынсыз іс бойынша сөйлесуге;
- істі қарау барысында мәліметтерді сот отырысынан тыс жинауға
(телеарна, радио, газеттерден, журналисттерден).
- жабық сот отырысына қатысуына байланысты өзіне белгілі болған мән-
жайлар туралы мәліметтерді жария етуге, сондай-ақ кеңесу бөлмесінің
құпиясын бұзуға құқылы емес.
Алқабидің тәуелсіздік кепілдігі туралы 2006 жылдың 16 қаңтарында шыққан
"Алқабилер туралы" ҚР-сы Занының 17-бабында қарастырылған, ал 2007 жылғы 1
қаңтарда шыққан Заңда алқаби қызметін атқарушыларына сот төрешісі
тәуелсіздік кепілдігін береді.

2-бөлім. Сот отырысын соттың істі алқабилердің қатысуымен қарау.

2.1 Сот отырысын соттың істі алқабилердің қатысуымен қарау түсінігі.

Сот отырысын тағайындау (ҚР ҚІЖК 547-бап). Айыпталушының істі соттың
алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтініші болған кезде сот төрешісі
барлық сотталушылар мен олардың қорғаушыларымен бірге алдын-ала тыңдау
жүргізеді.
Сот отырысының дайындық бөлімі мынадай қатарлардан тұрады. ҚР ҚІЖК-нің
548-бабына сәйкес төрағалық етуші сот отырысын ашып, қай істін қарауға
жататындығын жариялайды. Отырысқа қатысушы адамдарға өзін таныстырады,
кімнің мемлекеттік айыптаушы, қорғаушы, хатшы кім екенің хабарлайды,
сотталушының жеке басын анықтайды, мәлімделген қарсыластарды шешеді.
Мемлекеттік айыптаушы айыптау қорытындысының қарар бөлігін жария етеді. Сот
төрешісі сотталушыға айыптаудың түсінікті болған-болмағанын анықтайды,
қажет жағдайларда оған айыптаудың мәнін түсіндіреді және ол ісін соттың
алқабилердің қатысуымен қарауы туралы берген өз өтінішін растайтынын не
растамайтынын сұрайды.
Егер сотталушы ісін соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өз
өтінішін растаса, онда сот төрешісі осы өтініштің қанағаттандырылғаны
туралы шешім қабылдайды және мемлекеттік айыптаушы, жәбірленуші, сотталушы
және оның қорғашысы мәлімдеген басқа өтініштерді қарауға көшеді.
Егер сотталушы ісі соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өз
өтінішін растамаса, сот төрешісі алдын ала тыңдау аяқталғанын хабарлайды.
Кейінгі сот талқылауы ҚР КДЖК-нің 40-тарауында қарастырылған ережелер
бойынша жұзеге асырылады.
Алқабилердің қатысуымен қарастыратын іс бойынша сотталушы алғашқы
пікірін өзгерткен кезде де алдын ала тыңдау өткізілгеннен кейін сот
төрешісі өзінің қаулысын шығарып, ол ақырғы шешім болып табылады. Бұл
жағдайда соттың каулысы қайта қаралуы мүмкін.
Сот төрешісі алдын ала тыңдауды міндетті түрде прокурордың, соттың істі
алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтініш білдірген сотталушының және
оның қорғаушысының қатысуымен жабық сот отырысында жеке дара жүргізіледі
(ҚІЖК 548-бап) алқабилер алдын ала сот отырысына қатыспайды.
Алқабилердің сот талқылауына қатысуының жалпы шарттары (ҚІЖК 557-бап).
Алқабилер алқасын құру аяқталғаннан кейін төрағалық етуші алқабилердің
негізгі құрамына, оларға бөлінген алқабилер орындығынан орын алуды ұсынады
және олардың орындығы отырғандардан бөлек болуы және әдетте сотталушылар
орындығына қарама-қарсы орналасуы тиіс. Қосалқы екі алқаби олар үшін арнайы
белгіленген алқаби орындығына орналасады.
Заң бойынша алқабилер және қосалқы алқабилер сот отырысының залында сот
талқылауы кезінде тұрақты қатысуы тиіс.
Егер сот талқылауы барысында алқабилердің біреуінің сот отырысына одан
әрі қатыса алмайтындығы немесе төрағалық етуші оны сот отырысына қатысудан
шеттеткен жағдайда қосалқы алқабимен ауыстырылуы қажет.
Бұл жағдайда алқабилер мен сот төрешілерілар шешім шығару үшін кеңесу
бөлмесіне кеткенге дейін ауыстырылуы керек. Егер алдыңғы екі алқабиді
қосалқы алқабилердің лимиті таусылған кезде ауыстырған жағдайда төрағалық
ету ші сот отырысын жарамсыз деп хабарлайды. Бұндай жағдайда сот процесі
тоқтатылып, сот талқылауына қатысу үшін алқабиге кандидат- тарды алдын ала
кездейсоқ тандаудың төртібі бойынша істі қарауды жаңадан бастауы тиіс (ҚІЖК
550-бап).
Егер алқабилердің біреуі сот отырысына қатыса алмауы кеңесу бөлмесіне
кеткенннен кейін анықталса, онда сот төрешілері мен алқабилер сот отырысы
залына шығып, алқабидің ауыстырылғанын хабарлап кеңесу бөлмесіне қайта
кетуі керек.
Кез келген алқаби ҚІЖК-нің 559-бабының 4-бөлігінде қарастырылған
міндеттерін бұзған жағдайда одан әрі қатысудан шеттету мүмкіндігіне әкеп
соғатынын естен шығармауы қажет.
Алқабилерді төрағалық етуші, прокурор, сотталушы және олардың
қорғаушылармен шеттетілуі мүмкін, ол жөнінде сот отырысының хатшысы
хаттамаға жазады.

2.2 Сот отырысын соттың істі алқабилердің қатысуымен қарау
ерекшеліктері.
Алқабилер қатысатын сотта сот тергеуінің ерекшеліктері (ҚР
КДЖК 562-бап). Мемлекеттік айыптаушы айыптау қорытындысының қарар
бөлігін жариялаған кезде сотталушының сотталғандығы туралы фактілерді еске
салуға құқылы емес. Бұл жағдайды әдейі алқабилердің күні бұрын пішілген
жеке басына және айыптылығына қатысты жасалады.
Тараптар сотталушыдан, жәбірленушіден, куәлардан және сарапшылардан
жауап алғаннан кейін алқабилер төрағалық етуші арқылы осы адамдарға сұрақ
қоя алады. Алқабилер сұрақтарды жазбаша түрде жасап, төрағалық етушіге
береді, ал төрағалық етуші сол бойынша сотталушыны және т.б. сұрайды.
Төрағалық етуші іске қатысы жоқ, сондай-ақ мегзеу немесе тіл тигізу
сипатында деп есептеген сұрактарды кабылдамай тастауға құқылы.
Тараптар алқабилер алқасының катысуынсыз, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЛҚАБИЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН СОТ ІСІНЕ ПРОКУРОРДЫҢ ҚАТЫСУЫ
Қазіргі кездегі алқабилер институтының қалыптасуы
ҚР-ның сот жүйесі
Қазақ ССР кезіндегі сот жүйесі
Қазақстан Республикасындағы судья мәртебесінің өзекті проблемалары
Алқа билердің қатысумен сот процесін дамытудың негізгі кезендері және жалпы сипаттамасы
“Алқа билері туралы” заң
Қазақстан Республикасындағы алқабилер қатысуымен жүргізілетін сот өндірісі
Қылмыстық іс жүргізудегі сот бақылау институтының қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің құқықтық негіздері
Пәндер