Бұйрық арқылы іс жүргізу: түсінігі, маңызы және негіздері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Біздің ата заңымызда адам, оның өмірі, құқықтары мен мүдделері біздің мемлекетіміздің маңызды құндылықтары ретінде жарияланды.
Адам мен азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру біздің құқықтық жүйеміздің негізін қалайды. Құқық қорғау органдары мен сот қылмыстық сот өндірісі шеңберіне тартылған азаматтардың конституциялық құқықтары мен мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін қажеттінің барлығын жүзеге асыруы тиіс [1, 4б. ] .
2002 жылдың 20-шы қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының концепциясында қылмыстық құқықта адамның құқықтары мен міндеттерінің үстемділігіне негізделген қорғалуға тиіс әлеуметтік құндылықтардың жаңа иерархиясы белгіленді. Осы тұрғыда қылмыстық іс жүргізу заңнамасын ары қарай жетілдірудің қажеттілігі көрсетіліп, негізгі мақсат ретінде нақты нормаларда адамның құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған азаматтық іс жүргізудің қағидаларының нақтылануы белгіленді [2] .
Құқықтық мемлекет құру жолындағы Қазақстан Ресрубликасының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі - конституциялық және халықаралық-құқықтық қағидалармен сәйкестікке келтіру мақсатында құқықтық жүйені реформалау. Осыған байланысты Республика Президентінің 2009 жыл 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында ұлттық заңнаманы қабылданған халықаралық міндеттемелер мен халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру жұмысын жалғастыру керек делінген [3 ] .
Осы бағдарламалық талаптарды ескере отырып, азаматтық іс жүргізу ғылымының алдында жинақталған мәселелерге және қолданыстағы азаматтық іс жүргізу заңнамасына талдау жасай отырып, белгілі бір ғылыми негізделген тұжырымдар жасап, азаматтық іс жүргізу заңын және сот тәжірибесін халықаралық үрдістерге сай дамыту қажеттілігі тұр.
Қазақстанда демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруға шешімнің конституциялық бекітілуі сапалы заңдардың қабылдануын, құқықты жоғары деңгейде қолдануды, соттардың жүйелі түрде және қатесіз жұмыс істеуін, сот беделінің айрықшалығын тануды талап етеді.
Қазақстанда сот жүйесін реформалау сот төрелігінің шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған болатын. Осыған орай, азаматтық сот ісін жүргізуде де түбегейлі өзгерістер болды.
Азаматтық процесс азаматтардың ар-намысын қорғаудың, еңбек және басқа да дауларды шешудің, азаматтық-құқықтық қатынастың барлық субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің тиімді құралы болуы тиіс. Азаматтық істер бойынша сот төрелігін іске асыру барысында сот пен іске қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының маңызын, құқық қорғаудың соттық нысанының басымдылығын, құқық нормаларының оларды тәжірибеде қолданумен тығыз байланыстылығын студенттердің түсінуі, студенттерге құқықтық көзқарастарды, барлық негізгі іс жүргізушілік институттар мен ұғымдар: азаматтық іс жүргізу құқығы саласының мәні, азаматтық процестің соттың сот төрелігін жүзеге асыру бойынша қызметі екендігі, іс жүргізушілік қатынастардың ерекшелігі, процестің сатылары туралы яғни азаматтық іс жүргізу құқығы зерттейтін құқықтық ұғымдар мен категориялар туралы құқықтық түсініктерді қалыптастыру.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың басты мақсаты - Қазақстан Республикасының қолданыстағы азматтық іс жүргізу заңнамасын ескере отыра, бұйрық арқылы іс жүргізудің теориялық, құқықтық және тәжірибелік мәселелерін кешенді түрде зерттеу, осы институттың негізгі мәселелері бойынша авторлық көзқарасты қалыптастыру, жеке тұлғаның конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағыттау мақсатында азаматтық іс жүргізу заңнамасын және оны қолданудың тәжірибесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар жасау.
Зерттеудің негізгі міндеттері. Аталған мақсатқа жету үшін дипломда келесі нақты міндеттерді шешуге талпыныс жасалды:
Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізудегі бұйрық арқылы іс жүргізудің түсінігін ашу;
Сот бұйрығының түсінігі мен мәнін анықтау;
Сот бұйрығы шығарылатын талаптарды талқылау;
Сот бұйрығын шығарудың тәртібі және мазмұнын ашу;
Сот бұйрығының күшін жоюды талқылау.
Зерттеу объектісі. Бұйрық арқылы іс жүргізу: түсінігі, маңызы және негіздері барысында туындайтын қоғамдық қарым-қатынастар болып табылады.
Зерттеу жұмысының пәні. Азаматтық істер бойынша бұйрық арқылы іс жүргізу және сот бұйрығын жүзеге асыру кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормалары, сондай-ақ азаматтық іс жүргізу ғылымына тән құқықтық категориялар, теориялық көзқарастар мен тұжырымдамалар болып табылады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Дипломдық зерттеудің теориялық, әдістемелік негізі қызметтердің бірлігіне негізделген материалистік диалектиканың заңдарынан, объективті болмысты зерттеудің жалпы-ғылыми және жеке-ғылыми (анализ, синтез, тарихи құқықтық, жүйелік-құрылымдық, салыстырмалы-құқықтық) әдістерден тұрады.
Зерттеудің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің азаматтық іс жүргізу заңнамасы қалайды.
Дипломдық қорытындыларының негізділігін дәлелдейтін зерттеудің эмпирикалық негізі ретінде Қазақстан Республикасы соттарының тәжірибесі қолданылды.
Дипломдық жұмыстың теориялық негізі ретінде Н. И. Авдеенко, Л. Анисимова, З. Х. Баймолдина, Л. А. Ванеева, Г. Д. Васильева, СИ. Веливис, М. А. Викут, М. А. Гурвич, А. А. Добровольский, П. Ф. Елисейкин, Н. Б. Зейдер, М. А. Иванова, Н. И. Клейн, А. Ф. Клейнман, А. Ф. Кожухаръ, К. И. Комиссаров, СВ. Курылев, П. В. Логинов, А. А. Мельников, Л. Г. Осокина, В. К. Пучинский, Е. Г. Пушкар, И. М. Пятилетов, М. Ю. Розова, Е. В. Рябова, В. Н. Щеглов, К. С Юдельсон сияқты процессуалистердің еңбектері алынды. Аталған ғалымдардың азаматтық істерді сырттай өндіріс бойынша қарау түсінігі мен тәртібі, азаматтық іс жүргізу құқығын іске асыру мәселелеріне байланысты теориялық құнды идеялары зерттеу жүргізу кезінде басшылықка алынып, дипломдық жұмыста өзегі болып отырған проблеманы ой елегінен өткізуде айрықша маңызды роль атқарды.
Зерттеудің нормативтік базасын Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығын реттейтін нормативтік-құқыктық актілер кұрайды.
Диплом жұмысының құрылымы. Тақырыптың мазмұнымен және зерттеудің міндеттерімен анықталды. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудын, бес бөлімшелерден қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізудегі бұйрықтық өндіріс пен сот бұйрығының жалпы сипаттамасы
- Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізудегі бұйрық арқылы іс жүргізудің түсінігі мен сипаттамасы
Бұйрық өндірісі - бұл қарызды немесе борышты сот бұйрыығын шығару арқылы өндірісін алу тәртібі.
АІЖК 139 бабына сәйкес сот бұйрығы дегеніміз-өндірістік алушының ақша сомаларын немесе мүліктерді өндіріп алуы үшін, өндірп алушыны немесе борышкерді олардың түсініктемелерін тыңдау үшін сотқа шақырмай-ақ және сотта істі қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша арыз берушінің яғни өндіріп алушының арзы негізінде шығарылатын судьяның актісі.
Бұйрық өндірісіндегі азаматтық істер қарағанда жылдан әрі жеңіл шешілуге жататды.
Бұйрық өндірісінде қаралатын істердің негізі, мазмұны және тәртібі АІЖК 13 тарауында 139 баппен 149 баптар аралығында көрсетілген.
Бұйрық өндірісінде іс жүргізу шет мемлекеттерде яғни Германия, Франция елдерінде көп уақыттар бойы кеңінен қолданылып келген. Ал Россия империясының Азаматтық іс жүргізу жарғысына ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғ басында сот өндірсіндегі істерді тездету және жеңілдету мақсатында даусыз істерді қарауға байланысты толықтырулар мен өзгертулер енгізілген. 80 жылдардың ортасында алимент өндіру жөніндегі істер толығымен бұйрық өндірісінде қаралуға жататыны анықтлады. Отандық және шет елдік тәжірбелерді есепке ала отырып азаматтық істерді сотта қарау мерзімін қысқарту мақсатында Россия азаматтық іс жүргізу заңдарында борышты немесе қарызды өндіру сот бұйрығын шығару арқылы қарау нормалары яғни ҚР АІЖ заңында “Бұйрық өндірісі„ жаңадан қосылған тарау болып табылады. Бұрын қолданылған ескі заңдарда Азаматтық сот өндірісінің 3 түрлі болатын болса, 1999 жылғы 1 шілденден бастап күшіне енген АІЖК сот өндірісінің 4 түрі “Бұйрық өндірісі„ енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабының 2-тармағында және АІЖК-ң 8 - бабында көрсетілгендей әрбір азамат бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы [4 ] .
Соттық қорғалуға құқық ҚР-ң сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы конституциялық заңының нормаларына сәйкес:
- Әркімге мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін кез-келген заңсыз шешімдері мен іс-қимылдарына сот арқылы қорғалуға кепілдік беріледі.
- Ешкімді де оның ісін заңның барлық талаптары мен әділеттілікті сақтай отырып құзіретті тәуелсіз және алаламайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды.
Сот ісін қарау тәртібімен қаралуға тиісті өтініштерді, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды. Судья ҚР -да сот билігін жүзеге асырушы лауазымды тұлға .
Өз құзіретін жүзеге асыруы кезінде қойған талаптары барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғасына және жеке, заңды тұлғаларға міндетті т. б.
Сот жүйесі және соттың мәртебесі туралы заңнын 3-бабы 3 - тарамағы сәйкес сотың талаптарын орындамаған тұлғаларға заңда көзделген жауапкершілік көзделеді деп көрсетілген .
Істі қараушы сот объективтілікті және әділдікті сақтауы тиіс.
Әділшілікпен сот актісін шығаруды қамтамасыз ету үшін заң сотқа қарсылық білдіру құқығы негіздерін қарастырған. Ол АІЖК-ң 40, 43 -бабында көзделеген
Субъективті құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау нысаны дегеніміз-құқықты қорғау жолында құзіретті органдардың белгілі әрекеттер жасауы, яғни нақты мән-жайларды бекіту құқық нормаларын қолдану, құқық қорғау тәсілін анықтау және шешім шығару [5] .
Азаматтық құқықтарды қорғау ҚР заңды актілерінде қарастырылған белгілі тәсілдер арқылы жүзеге асады. Оларға:
Соттық (мемлекеттік соттар)
Қоғамдық (келісім комиссиялары)
Нотариалдық
Әкімшілік (өкілетті және атқару органдары)
Өзін-өзі қорғау тәсілдері жатады.
Азаматтық іс жүргізу құқығы құқық саласы ретінде -азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыратын қоғамдық қатынастарды реттейтін жүйелермен құқықтық нормалар жиынтығы.
АІЖҚ-ң пәні-азаматтық істерді қорғау және шешу барысында, сондай-ақ шығарылған сот актілерін орындау негізінде сот пен іске қатысушылар арасында пайда болған қоғамдық қатынастар.
АІЖҚ-ы - азаматтық істер бойынша сот өндірісі саласындағы қоғамдық қатынастарды императивті- диспозивті тәсілмен реттейді.
Императивті тәсіл АІЖ құқыққатынасының субъектілерінің, яғни іске қатысушы тұлғалардың құқықтық жағдайының заңда белгіленген тәртіппен шектелуі. Сот өзіне тиісті құзіретке ие мемлекеттік билік ету органы б. т. Сондықтан соттың немесе судьяның іске қатысты талаптары, хабарлаулары басқа да тапсырмалары іске қатысушылар үшін міндетті. Сондықтан азаматтық іс жүргізу қатынастары билік ету және бағыну қатынастарымен сипатталады.
Ал диспозитивті тәсіл керісінше субъектілердің әрекеттерінің еріктілігіне бағытталады.
Азаматтық іс жүргізу тәртіп бойынша мүдделі тұлғаның талап арыз жазуы арқылы қозғалады, яғни құқық туралы даудың субъектілеріне байланысты, ал сот өз бастамасымен азаматтық істі қозғауға құқы жоқ.
АІЖК-ң жүйесі - азаматтық сот өндірісі саласында қоғамдық қатынастырды реттейтін процессуалдық құқық нормаларының реттелген жиынтығы.
Іс жүргізу жүйесі 2-ге бөлінеді:
а) Жалпы бөлім
б) Ерекше бөлім
Жалпы бөлімінде сот өндірісінің жалпы ережелері сипатталады. Оған АІЖК-ң 1 бөлімі “Жалпы ережелер” кіреді. Олар:
- АІЖ заңдары
- Сот өндірісінің міндеттері мен қағидалары
- Азаматтық істердің ведомствалық бағыныстылығы
- Азаматтық істердің соттылығы
- Соттық құрамы және қарсылық білдіру
- Іске қатысушы тұлғалар
- Сотта өкілдік ету
- Дәлелдемелер және дәлелдеу
- Соттық шығындар
- Мәжбүрлеу шаралары
- Іс жүргізу мерзімдері
- Сот хабарлары мен шақырулары
Ерекше бөлімнің нормалары процестің жеке сатыларын қамтиды. Оған АІЖК 2, 3, 4, 5- бөлімдері кіреді.
- 1 инстанцияда азаматтық істерді қарау.
- Сот қаулыларын қайта қарау.
- Жайылған сот ісін қайта қалпына келтіру.
- Атқару өндірісі.
Азаматтық сот өндірісі-азаматтық құқықты мәжбүрлеп жүзеге асырудың тәртібі, яғни материалдық-құқықтық табиғаты бір-біріне сәйкес келетін, белгілі бір шеңберге кіретін азаматтық істерді бірінші инстанцияда заңда бекітілген тәртіппен қарап шешу. Азаматтық сот өндірісінің пәні нақты азаматтық істер. Азаматтық сот өндірісінің міндеттері кодекстің 5-бабында көзделген, онда азаматтар мен ұйымдардың даулы құқықтарын, бостандығын, заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады делінген [6, 78б. ] .
Азаматтық істердің жекелеген топтары қозғалуына, қаралуына, немесе шешілуіне байланысты бір-бірінен ажыратылады және өздеріне тән ерекшеліктері болады. Осыған байланысты сот өндірісі ҚР АІЖК-де мынандай 4 топқа бөлінген:
Бұйрық арқылы іс жүргізу
Талап арқылы іс жүргізу
Ерекше талап қою бойынша іс жүргізу
Ерекше өндіріс
Бұйрық өндірісінде 1 тарап болып арыз беруші (кредитор) болса, 2-ші тарап борышкер болып табылады. Тараптар ретінде іске ұйымдар немесе жеке азаматтар қатысуы мүмкін.
Бұйрық өндірісінде қаралатын істерге ақша сомаларын жылжымалы мүлікті өндіріп алуға байланысты істер кіреді.
Ал жылжымайтын мүлікке басқа да өндіру алуға байланысты істерді сот өндірісінің жалпы ережелері бойынша қарайды.
Бұйрық өндірісінде қаралатын істердің нақты категориясытікелей заңды атап айтқанда, АІЖК 140 бабында көрсетілген.
Азаматтық істердің көптеген бөлігі талап өндірісі тәртібімен қаралады. Сондықтан да талап өндірісінің ережелері азаматтық сот өндірісіндегі жалпы ережелер болып танылады.
Талап өндірісі бойынша азаматтық істер талап арыз жазу арқылы қозағалады.
Азаматтық іс жүргізу нормаларынан талап өндірісінде түрлі материалдық құқықтық қатынастардан туындаған істер қаралып шешілетіні белгілі. Талап өндірісінде қаралатын істердің барлығы азаматтық-құқықтық даулардың яғни, құқық туралы даудың бар болуы мен сипатталады. Құқық жөніндегі даудың негізі - құқықтың бұзылуы немесе құқықтық бұзылу қаупінің болуы [7, 68б. ] .
Құқық қорғаудың талаптық нысанасына яғни талап өндірісіне тән белгілер:
Құқық туралы даудың немесе заңды мүддеснің бар болуы.
Заңды мүдделері бір-біріне қарама-қайшы тараптардың арасында
басталған істер бойынша істің қаралуы және шешілуі; Дауласушы тараптарға заң бірдей іс жүргізу мүмкіндіктерін береді.
Ерекше талап өндірісіндегі істер сот өндірісінің жалпы ережелерін қолдана отырып шешіледі. Оған сот өндірісінің қағидалары, іс жүргізудің сатылары, дәлелдеу тәртібі, сот мәжілісінің хаттамасы істі қысқарту, арызды қараусыз қалдыру негіздері т. б. ережелер кіреді.
Дегенмен, ерекше талаптың сот өндірісінің өзінетән мынандай ерекшеліктері бар.
- Ерекше талаптың өндірісте істі қозғаудың құралы ретінде талап арыз емес арыз беріледі.
- Арыз берудің мерзімі әрбір іс үшін заңда белгіленген, және істі қарау мерзімі біршама істер үшін қысқартылған.
- Іс бойынша 1 тарап азамат немесе қоғамдық бірлестік ал, 2-ші тарап мемлекеттік орган немесе ұйғарымның лауазымды адам болып табылады.
- Ерекше талаптың өндірісте талаптан бас тарту немесе бітімгершілік келісіміне келу мүмкіндігі болмайды.
- Сотқа арыз беруге арналған мерзімдер әрбір іс бойынша жеке көрсетілген.
Топтық және аумақтық соттылық ережелерінде ерекшеліктер қарастырылған.
Ерекше өндірісте іс қаралғанда АІЖК 31-39 тарауларындағы толықтырулар мен ерекшеліктерді қоспағанда талап өндірісінің жалпы тәртібі қолданылады.
Ерекше өндірістің ерекшеліктері болып саналады:
Іс бойынша тарап ретінде талапкер және жауапкер емес. Тек 1 тарап арызданушы ғана қатысады және үшінші тұлғалар іске тартылмайды.
Ерекше өндірісте талап өндірісіне тән институттар, атап айтқанда жауапкердің талапты мойындауы, талаптан бас тарту, бітімгершілік келісіміне келу, қарсы талап қою сияқты әрекеттер қолданылмайды.
Істі қозғау құралы ретінде талап арыз емес арыз немесе шағым беріледі.
Ерекше өндірісте аумақтық соттылықтың жалпы ережелері бойынша емес әр категориялы іске әртүрлі соттылық белгіленеді және салыстырмалы, шарттық, өзара байланысты істердің соттылығы ережелері қолданылмайды.
Ерекше өндіріс бойынша қаралатын істердің өзіндік жалпы ерекшеліктерінен бөлек қаралатын түрлі істердің әрқайсысының сотта қарау тәртібінің арнайы ерекшеліктері қарастырылған.
Ерекше өндіріс-азаматтық сот өндірісінің жеке бір түрі ретінде белгілі шеңбердегі азаматтық істердің тізбесін қамтиды. Ерекше өндірісте қаралатын азаматтық істердің тізбесі АІЖК-ң 289-бабында анық көрсетілген.
Іс ж үргізудің сатылары түпкілікті бір мақсатқа жету үшін белгіленген іс жүргізу әрекеттерін біріктіретін сот өндірісінің бөлімі немесе этап. Азаматтық іс жүргізу келесі сатыларға бөлінеді.
- І инстанциядағы сот өндірісі: істі қозғау, істерді соттарда қарауға әзірлеу, сотта істі қарау. Сотта істі қарау немесе соттық талқылау шешім шығарумен немесе қортынды ұйғарым шығарумен аяқталады.
- Апелляциялық инстанцияда істерді қарау, яғни апелляциялық шағым беру немесе наразылық келтіру арқылы заңды күшіне енбеген сот актілерін жоғарғы сот инстанциясында мәні бойынша қайта қарау.
- Қадағалау сатысы, яғни заңды күшіне енген сот актілерін арнаулы соттық қадағалау инстанцияда қайта қарау.
- Заңды күшіне енген сот актілерін жаңадан ашылған мән- жайлар бойынша қайта қарау.
- Орындау өндірісі - атқару органдары арқылы сот шешімдерімен актілерін мәжбүрлеу арқылы орындау.
Процестің әрбір сатысы белгілі бағытқа ие болады және бір мақсатқа жету арқылы аяқталады бірақ әрбір азаматтық іс процестің бүкіл сатысынан өтуі міндетті емес. Мыс: іс бойынша апелляциялық шағым берілмесе немесе мүжбүрлеп орындату қажеттігі туындамаса І - инстанцияда іс қаралғаннан кейін аяқталады.
1. 2 Сот бұйрығының түсінігі мен мәні
Бұйрық шығару - бұл даусыз талаптар бойынша жеделдетілген, уақытты үнемдеуді қамтамасыз ететін сот ісін жүргізу болып табылады, мұнда істер бойынша толық көлемде дәлелдеу көзделмейді және тараптарға хабарланатын және олардың түсініктемелері тыңдалатын сот процестерін өткізуге, сот отырысының хаттамаларын жүргізуге жұмсалатын шығындар болмайды.
Сот тәжірибесі көрсеткендей, соттар негізінен заңның бұйрық арқылы іс жүргізу ережелерін дұрыс қолданады. Алайда, республика бойынша статистикалық деректерге сәйкес, қаралып жатқан істердің саны артып отырған кезде талап қою тәртібімен бұйрық берілу мүмкіндігіне қарамастан соттар шығарған бұйрықтар санының азаю үрдісі байқалуда.
Соттардың кейбір қателері:
АІЖК-нің 140-бабының талаптарына сәйкес, талапкерлердің арыздарын қарау үшін негіздемелердің бар екеніне қарамастан, жеңілдетілген тәртіпті қолданбау, мысалы:
- салықтар бойынша бересіні есептелген, бірақ төленбеген еңбекақыны өндіріп алу туралы талаптарды тараптарды шақыра және сотта іс қарауды жүргізе отырып қарау;
- ажырасу туралы талап арыздарды алименттер өндіру туралы талаптармен бірге қабылдау, ал алимент туралы талаптарды бұйрық арқылы іс жүргізу бойынша мәлімдеуге болар еді, бұл бересінің борышкерде жасанды жолмен жиналып қалуын болдырмай, талапкер әйелдің алименттерді дер кезінде алуына мүмкіндік берер еді;
АІЖК-нің 140-бабына енгізілмеген талаптар бойынша бұйрықтар беру, мысалы:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz