Xимия пәнін үш тілде үндестіре оқыту


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

М А З М Ұ Н Ы КІРІСПЕ . . . 3

I. БІЛІМДІ ҰРПАҚ - ЕЛ БОЛАШАҒЫ . . . 9

1. 1 Үш тілділік - заман талабы . . . 9

1. 2 Әлемдік химия ғылымы . . . 16

1. 2. 1 Химияның қоғамдағы рөлі. . 16

1. 2. 2 Химия ғылымының негізгі даму кезеңдері . . . 19

1. 3 Химия пәнін ағылшын және орыс тілдері пәндерімен кіріктіре оқыту . . . 29

1. 4 Көптілді оқыту - жас ұрпақтың өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін басты қажеттілік . . . 34

ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ . . . 38

ІІ. ХИМИЯ ПӘНІН ҮШ ТІЛДЕ ҮНДЕСТІРЕ ОҚЫТУ . . . 36

  1. Сабақ барысында глоссариймен жұмыс жүргізу . . . 40

2. 2 Үш тілге негізделіп құрастырылған мәтінмен жұмыс жүргізу . . . 48

III. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58

IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 60

V. ҚОСЫМШАЛАР . . . 62

К І Р І С П Е

Көптілді оқыту - жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік.

Үш тілде оқыту - заман талабы. Негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Үштілдік туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев білім және ғылым саласы қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген сөзінде: «Ағылшын тілінің қажеттілігі әлемге тән қажеттілік, бүгінгі күн талабы. Ал орыс тілін жақсы білу - біздің байлығымыз» десе, 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын. Қоғамның бүгінгі әлеуметтік тапсырысы - жаратылыстану-математикалық, химия-биологиялық пәндер бойынша ғылыми дайындықтың әлдеқайда жоғары деңгейін қамтамасыз ету; сонымен қатар білім беруде осы бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуды жүзеге асыру. Ағылшын тілі - ХХІ ғасырдың тілі[11] . .

“Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Жолдауында “Тілдердің үштұғырлығы” мәдени жобасын жүзеге асыруды ұсына отырып, қазақ елін әлемдегі үш тілді қатар тұтынатын білімді де білікті ел ретінде танытуымыз қажет екенін және мемлекеттік тіл - қазақ тілі, ұлтаралық қарым-қатынас тілі - орыс тілі мен жаһандық экономикаға табысты кірігу тілі - ағылшын тілі болуы тиіс екенін ерекше атап көрсеткен.

Қазіргі таңда келешек ұрпақты интеллектуалды тұлға етіп дамыту, көптілді меңгерту - білім беру жүйесінің өзекті мәселесі.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 14-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауындағы тілдерді дамыту аясында үштілділік - әр азаматтың табыстылығының міндетті шарты және 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар санының кемінде 20 пайызды құрау керектігі туралы ұстанымды жүзеге асыру шарт.

Бүгінде еліміз жаңа ғасырдың табалдырығын абыройлы көрсеткіштермен аттап, дамыған елу елдің қатарына қосылуға бет бұрғандықтан, еліміздің білім беру жүйесі де әлемдік білім талаптарына сәйкес болуы тиіс. Сондықтан ақпараттық және коммуникативтік құзыреттілікпен қатар, бүгінгі таңда полимәдениеттілік білімнің базалық құзыреттілігі ретінде танылып отыр. Осыған орай Қазақстан үш тілде оқытылатын мектеп ашылуда.

  • Жаратылыстану-математика бағытында пәндерді ағылшын тілінде оқыту;
  • Қазақ және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту;
  • Орыс тілі мен әдебиет пәндерін орыс тілді мектеп бағдарламасымен оқыту ескерілген.

Көптілді білім беру дамудың кешенді бағдарламасында актуалды бағыттардың бірі болып табылады. Сапалы білім беруді және жоғары танымды қалыптастыруға ұмтылу, білім шекарасын жылжыту, оқушыларды өмірге даярлау - жаңа әлемде нақты қос не көптілділік болып табылады.

Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу - тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгереді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым - қатынас пайда болды. Мемлекеттік білім стандарт деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық техналогияларды ендіруді міндеттейді.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Өйткені жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге мұғалімдерді даярлау - оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс - әрекеттің нәтижесі болып табылады. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру оқу - тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Жаңа педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басында мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда іс-әрекет оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.

Оқытудың жаңа технологияларының принциптері - оқытудың ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты жетік маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі. Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында оқытудың жаңа технологиялық әдістерін пайдалану оқушылардың білім деңгейін заман талабына сай арттырады. Осындай әдістердің бірі - Англиядан шыққан оқытудың интерактивті әдісі. Интерактивті әдіс - диалогтық әдіс, нәтижесінде сабаққа қатысушылар бір-бірімен байланыса отырып, мәселелерді шешеді:

Зерттеудің өзектілігі: Қазақстанның жаhандану жағдайында ұлттық білім жүйесі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ұмтылысымен анықталады. Ол жауапкершілігі мол, өз мамандығы бойынша халықаралық стандарт деңгейінде тиімді іс-әрекетке қабілетті болуы, кәсіби деңгейінің өсуіне ынталы болуы, әлеуметтік және кәсіби бейімділігі жоғары, үш тілді: мемлекеттік тілді-қазақ тілін, ұлтаралық қатынас құралы ретінде орыс тілін, дүниежүзілік экономикалық кеңістікке кірігу тілі ретінде ағылшын тілін еркін меңгерген тұлға болуы тиіс. Оның жүзеге асырылуына Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасы септігін тигізуде. Қазақстандықтардың үш тілді еркін меңгеруі туралы идеяны тәжірибе жүзінде іске асыру бүгінде орта мектептердк көрініс тауып отыр. Маманның шығармашылық өзін-өзі жетілдіру саласын дамытуға, мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдің барлық саласында қызмет етуін қамтамасыз етуге, оның ұлтаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығыйту факторы ретіндегі рөлін арттыруға, орыс тілінің лингвистік белсенділігін сақтауға және ағылшын тілін ғылыми ақпарат пен жаhандану экономикасына сәтті кірігу тілі ретінде енгізу бағытталған көптілді білім беруді енгізуді талап етеді. Осы ретте химия пәнін үш тілді ұштастыра оқыту қажеттілік болып отыр және жұмыстың көкейтестілігі де осында.

Дипломдық зерттеудің мақсаты: Орта мектептің химия пәнін оқытуда үш тілді қолдана отырып оқушылардың білімі мен біліктілігін қалыптастыру және оқушылардың пәнге деген белсенділігін арттыру. Химия пәнін оқытуда үш тілді пайдалану тәсілдерін нақты мысалдармен көрсету, тілді қолдану тиімділігін анықтау.

Дипломдық зерттеудің міндеттері:

- Химияны оқытуда үш тілді қолдану және үндестіре отырып оқушылардың білімі мен біліктілігін қалыптастыру;

- Үш тілді, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін пайдаланып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру және химия саласына байланысты тілдік қорын дамыту;

- Химия пәнін орыс тілі және ағылшын тілі пәндерімен кіріктіре өткізу тиімділігі;

- Химия пәніндегі жиі қолданылатын сөздермен глоссарий жұмыстарын жүргізу нәтижелілігі.

Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін орта мектептегі химия пәнін үш тілде оқыту үрдісі.

Зерттеу пәні: Орта мектепте көптілді білім бере отырып тілді терең меңгерген көптілді полимәдениетті шәкірттерді шыңдау мақсатында химия пәнін үш тілде оқытуды ұйымдастыру.

Зерттеу әдістері: химия пәнін оқытуда үш тілде білім беруді қарастыру; үш тілде оқыту тиімділігі мен маңыздылығын көрсету; орта мектепте химия пәнін үш тілде байланыстыра оқыту тәжірибесін зерделеу, сауалнама жүргізу; оқушылардың химия ұғымдарын өзге тілде меңгеруін бақылау, тілдік қиындықтары мен ерекшеліктерін анықтау, өзін-өзі бақылау әдістері; педагогикалық бақылау және педагогикалық эксперимент өткізу; оны сапалық және сандық талдау; алынған нәтижені көрнекі түрде көрсету қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- химия пәнін оқытуда үш тілде білім беру берудің жаһандық маңыздылығы мен білім берудегі тиімділігін анықтау;

- орта мектепте химия пәнін оқытудың белсенді әдістері мен оқушыларға ағылшын, орыс тілдерінде оқытудың әртүрлі деңгейлеріне сәйкес ақпараттық және компьютерлік жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарын жандандыра түсудің барлық мүмкіндіктерін ұсыну;

- химияны орта мектепте оқыту жағдайында лингафондық құрал-жабдықтар, аудио, видео кешенін - оқушылардың ауызша және жазбаша аударудағы білім жетілдіру, сөздік қорын қосымша жаңа сөздермен байыту, толықтыру, ой-өрісін ғылыми тұрғыда дамыту мақсатында қолдану;

- химияны оқыту процесінде мультимедия бағдарламасының көмегімен, ғаламтор арқылы әлемдік химия жаңалықтарын, химия пәнін өз бетімен қосымша үйренудің түрлі әдіс - тәсілдері, комуникативтік бағыттағы оқыту элементтері кең қолдану, тілге байланысты жүйелі жетілдіру жұмыстары жүргізуге ұмтылдыру;

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

Химия пәнін үш тілді үндестіре отырып оқыту - өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым - қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, өзге дамыған елдермен білім бәсекелестігіне түсе алатын, еліміздің химия саласын дамытуға үлес қоса аалатын, көптілді және көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген полимәдениетті жеке тұлға қалыптастыруға ықпал етеді. Мектептерде көптілді білім бере отырып тілді терең меңгерген шәкірттер білім алып шығуы тиіс. Бір жағынан мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейту болса, екінші жағынан орыс тілінің лингвистикалық белсенділігін сақтау және ағылшын тілін жаhандану экономикасындағы ғылыми - ақпарат алудағы желісін кеңейту. [11] . .

Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі : Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Білімді ұрпақ - ел болашағы.

1. 1 Үш тілділік - заман талабы

Қай мемлекеттің де негізгі тірегі - асқақтаған күмбездер де, ғимараттар да, эканомикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер де, де белсенді адамдар. «Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фирмалар, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардың иелері болады» (Қазақстан -2030 бағдарламасы) . Әрине, «келешектің иесі - жастар». «Жастар өзінің ата - анасынан гөрі заманына көбірек ұқсас келеді». (И. С. Кони) . Сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы келеді [1] . . Білім беру саласында жаһандану да бірқатар үрдістермен сипатталады. Гордон Драйден мен Джанет Востың “Білім беру революциясы “ кітабында (2003ж) білім беру саласында осы заманғы әлемнің көптеген елдеріне тән проблема тамаша баяндалған: “Әлем сондайлық жедел өзгеруде, ал білім жүйесі сондайлық оралымсыз да жігерсіз, ол бейнебір уақыттың торына түсіп қалғандай, әлдеқашан аяқталған өткен дәуірге қызмет көрсетуін жалғастырып келеді. ” - деп сынай жазылған.

Білім ақпараттық қоғамда құнның негізгі көзіне айналып барады. Білім, инновациялар мен оларды нақты қолданудың әдістері барған сайын пайда көзі ретінде көрінуде.

Экономикалық дамудың жаңа тұрпаты қызметкерлер үшін өз өмірінде бірнеше рет мамандығын ауыстыру, өз біліктілігін үнемі арттыру қажеттілігін туғызады. Білім беру саласы ақпараттық қоғамда экономикалық саламен елеулі түрде астасады, ал білім беру қызметі ақпараттық қоғамның экономикалық дамуының аса маңызды құрамдасына, артта қалушылықты еңсерудің факторына айналады.

Білім беру ұғымының өзі өзгеруде және кеңеюде. Білім беру барған сайын көп ретте мектепте және тіпті жоғары оқу орнында оқумен бірдей түсінілуден қалады.

Жеке тұлғаны функционалдық әзірлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшу жүріп жатыр. Жаңа тұжырымдама білім берудің даралық сипатын көздейді, ол әрбір нақты адамның мүмкіндіктерін және оның өзін-өзі іске асыруы мен өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндік береді.

Үздіксіз білім беру, ересектердің білім алуы барған сайын үлкен мәнге ие болуда. Соңғы жылдарда қызметтің қай саласында болмасын, әсіресе мұнай өндіру саласында көптілді мамандар көптеп сұранысқа ие болуда. Олай болса бүгінгі таңда білім алудың көп тілде жүргізілуі шарт.

Қазіргі таңда, білім берудің халықаралық интеграциясы жүріп жатыр. Білім беруді дамытудың маңызды белгісі оның жаһандылығы болып табылады. Еліміздің көптеген жастары шет елдерде білім алуды көздейді, көп тілді білуді мақсат етеді. Бұл белгі осы заманғы әлемде интеграциялық үдерістердің орын алуын, қоғамдық өмірдің түрлі саласында мемлекеттер арасындағы интенсивті өзара ықпалдастықты бейнелейді. Білім беру ұлттық басымдық категориясынан әлемдік басымдық категориясына өтуде.

Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени - ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі - адамның менталитетін, адамгершілігін, творчествалық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты - білім беру жүйесінің Білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді. [6] . .

Білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы, ақпараттануы, оқушыларды кәсіптік бағдарлау, білім беруді саралау, ізгілендіру, гуманитарландыру және т. б. - білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принцптері. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми - техникалық саясат тұжырымдамасында да ғылымды демократияландыру, интеграциялау, инновациялық процестің білім, ғылым саласында кең өріс алуы да атап көрсетілген .

Яғни, ХХI ғасырдың маманы - жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар бойынша ой - өрісі кең, жан - дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары, кәсіби білікті маман, адамдармен дұрыс қарым - қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез - келген ситуациядан шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын, қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. Ал мұндай мүмкіндіктің негізі - сапалы білімде. Сондықтан білімгерді тек маман ретінде ғана қарамай, оны өз қоғамының азаматы, жеке тұлға, келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау қажет . [11] . .

Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.

Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен баий түсуде. Атап айтқанда:

Дүние жүзінде болып жатқан мұндай құбылыстан Қазақстан да қалыс қалып отырған жоқ. Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Біздің балаларымыз біліктілігі жоғары мамандар болады, оларға жағдай жасау керек» делінген. Танымал француз педагогы дұрыс атап көрсеткеніндей: "Оқыту, дегеніміз - екі есе оқу". Шын мәнінде, мұғалімдердің үздіксіз оқу және дайындалуынсыз жақсы нәтиже күтуге болмайды. Сондықтан да үстіміздегі жылдан бастап оқытушылар өздері оқытатын пәнге қатысты білім деңгейі бойынша тестіден өткізіледі. Өйткені тек солардың біліктілігі - білім жүйесіндегі нақты анықтауыш. Егер сөзде, істе, әрбір әрекетте сенімділік пен нақтылық болмаса, онда көз алдаудың орын алары сөзсіз. Ал мұғалім қызметіндегі көз алдау орын толмас өкінішке ұрындырады. Себебі ол - бұл дүниедегі ең құнды материалмен жұмыс істейтін тұлға.
Бүгінгі ұлдарымыз бен қыздарымыз жылдар жылжып өткен кезде қандай болатыны тікелей оқытушыға байланысты. Сондықтан да билік - қоғам - мұғалім үш бұрышы ырғақты, түсіністікпен жұмыс істеп, жалпыұлттық мүддеге қызмет етуі тиіс. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі Қазақстанның оқытушысы жан-жақты, терең білімді тұлға болуы керек. "Бір салада құнсыз болған адам келесі бір салада айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуі мүмкін емес" деп Мераб Мамардашвили бекерге айтпаған. Бұл, әсіресе, әлемнің бәсекелестікке қабілетті 50 елінің сапында болуды мақсат тұтқан біздің жас мемлекетіміздің білім беру жүйесі үшін ерекше маңызды. Өйткені білімді жастарсыз, талантты топ-менеджерлерсіз мақсат еткен биік асуды алу мүмкін емес. Ал оларды даярлау еліміздің мектептері мен жоғары оқу орындарына жүктелген. [6] . .

Данышпан ұстаз Ыбырай Алтынсарин бұдан ғасырдан астам уақыт бұрын "Бір Аллаға сыйынып, кел, балалар, оқылық" деген екен. Бұл сөзді бүгін қайталаушы біздер жас бүлдіршіндерге: "мемлекет сендердің жақсы білім алуларыңа қолайлы жағдай туғызды, енді сіздер сол қамқорлыққа жақсы оқуларыңызбен жауап беріңіздер" демекпіз. өйткені білімділер ғана бар мақсатына жетеді .

«Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария етті. Ал 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты халыққа Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды.

Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономиканы ойдағыдай түсіну тілі. Дәлірек айтқанда, үштұғырлы тіл идеясын мынадай әрі қарапайым, әрі түсінікті формуламен көрсетуге болады: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз. Үштұғырлы тіл идеясын дамыту үшін мемлекет тарапынан еліміздің әр азаматына көптеген жағдайлар жасалынған. [11] . .

Өркениетті қоғамда тіл адамзаттың баға жетпес құндылығы деп саналады.

«Тегінде адам баласы бір-бірінен ақыл, білім, ар, мінез қасиеттерімен» озады деген ұлы ақын Абай сөзі қай заманда да өз мәнін жоймақ емес. Сондықтан болар, білім беру жүйесінде барлық бағытында үш тілділікті дамыту басты бағыт болып саналады.

Еліміздің қазіргі заман талабына сай ҚР «Білім туралы» заңының 5-бабында «Барлық оқу орындары мемлекеттік жалпы міндетті стандартқа сәйкес мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білу мен дамытуды, орыс тілі және бір шетел тілін оқып үйренуді қамтамасыз етуге тиіс» деп көрсетілген.

Ата заңымызда әлемдік тілдердің қай-қайсысын да тануға ерік берілген. Мемлекетіміздің саяси, экономикалық, мәдени байланыстары бірнеше тілде білім алуды қажет етеді. Көптілді білім беру дегеніміз- оқу үрдісі барысында екі не одан да көп тілде білім беру. Мемлекетіміздің мектеп реформасында қаралған үш тілде оқыту-қазіргі заман қажеттілігі. Осы мақсатта қазақ, орыс, ағылшын тілдері ұлтына қарамастан тең дәрежеде асырылады.

« Тілдің үштұғырлығы» тіл саясаты бағдарламасы күні кеше ғана айтылған дүние емес. Президентіміздің аталмыш тілдік стратегияны 2004 жылы жария еткен болатын. Ал, биылғы жылы Еуроодақтық өздерінде үштілді білім тәжірибесін заңды түрде енгізді. Бұл- тарихи қажеттілік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың білімі мен білігін жетілдіру сабақтары
МЕКТЕПТЕ ХИМИЯНЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТӘЖІРИБЕЛІК ЗЕРТТЕУ
Қазақ және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту
Химия мен ағылшын тілі пәндерімен кіріктіре оқыту
Химияны ағылшын тілінде оқыту артықшылықтары
ХИМИЯ ШЕТЕЛІК ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ҒАЛІМДАРДЫҢ ІС - ТӘЖІРИБЕСІНЕН
Орта мектепте «Күкірт» тақырыбын оқыту кезінде оқушыларда экологиялық ұғым қалыптастыру
Үштілділік-заман талабы
Xимиялық pеaкциялap жылдaмдығы тaқыpыбын oқыту еpекшелiктеpi
Топтап оқыту технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz