Өкпе-жүрек реанимациясы. Мейірбикенің жұмысы орындау алгоритмі көрсетілген.



1. Өкпе.жүрек реанимациясы
2. Оның ережелері:
А ережесі;
В ережесі;
С ережесі;
3. Мейірбикенің іс.әрекет жасау алгоритмі
Өкпе-жүрек реанимациясы
Соңғы өлім жағдайындағы мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі
Орталық жүйке жүйесі қызметі тежелуінің сатылары бойынша, қан айналымының динамикасы мен тыныс алу бұзылуының тереңдігі бойынша өлім үстіндегі жағдай бөлінеді.
Өлім үстіндегі жағдай организмнің тіршілік етушілік бұзылыстарының қиындау деңгейін, артерияльдық қысымның кенеттен төмендеуін, газ алмасуының және жасушалар мен тіндердегі заттек алмасуының терең бұзылыстарын сипаттайды.
Жанталасу басындағы жағдай(симптомдар жиынтығын):
- мәңгіру;
- есі шатасқан;
- артерияьдық қысым 60 мм с.б деңгейіне дейіне дейін және төмен кенеттен төмендейді;
- шеткерлі артериальдық тамыр соғудың толысуы(жіп тәрізді) азаяды және жиеленеді;
- тыныс алуы жие, үстірт;
- ентігу (тахипноэ-тыныс алуы жиі);
- терісі және шырышты қабықтары бозарады, көгереді.

Іс-әрекет алгоритмі:
Мейірбике бір қолдың алақаны қырымен маңдайын баса отырып, зардап шегушінің басын шалқайтылған қалыпта ұстаңыз;
- осы қолдың үлкен (I) және сұқ (II) саусақтарымен зардап шегушінің мұрнын қасыңыз;
- екінші қолыңызбен иекті басыңыз, зардап шегушінің аузы ашылады, ауызына орамалды немесе салфетканы жабыңыз;
- терең демді ішке алыңыз, өзіңіздің ерініңізбен зардап шегушінің еріндерін тығыз және саңылаусыз қамтып алыңыз, салфетка арқылы өз өкпеңіздегі барлық ауаны зардап шегушінің тыныс жолдарына жігерлі үрлеңіз, сонан соң өзінің басын қырына бұрады, аузынан алғанда пассивті дем шығарылуы болады. Кеуде торы көтерілуі қажет. Келесі демді ішке алуды зардап шегушіге кеуде торы түскенде және алғашқы қалыпқа келгенде жасайды
Анатомия кітабы 11-сынып,
Медициналық колледж, Астана

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Өкпе-жүрек реанимациясы
Соңғы өлім жағдайындағы мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі
Орталық жүйке жүйесі қызметі тежелуінің сатылары бойынша, қан айналымының динамикасы мен тыныс алу бұзылуының тереңдігі бойынша өлім үстіндегі жағдай бөлінеді.
Өлім үстіндегі жағдай организмнің тіршілік етушілік бұзылыстарының қиындау деңгейін, артерияльдық қысымның кенеттен төмендеуін, газ алмасуының және жасушалар мен тіндердегі заттек алмасуының терең бұзылыстарын сипаттайды.
Жанталасу басындағы жағдай(симптомдар жиынтығын):
мәңгіру;
есі шатасқан;
артерияьдық қысым 60 мм с.б деңгейіне дейіне дейін және төмен кенеттен төмендейді;
шеткерлі артериальдық тамыр соғудың толысуы(жіп тәрізді) азаяды және жиеленеді;
тыныс алуы жие, үстірт;
ентігу (тахипноэ-тыныс алуы жиі);
терісі және шырышты қабықтары бозарады, көгереді.
Өлім үстіндегі жағдайдағы үзіліс - бұл жанталасу басындағы жағдайдан жанталасу жағдайына көшетін жағдай. Соңғы өлім жағдайы қатты жиі дем алыстан кейін(тахипноэ) кенеттен дем алысы тоқталуымен сипатталады. Соңғы өлім жағдайындағы үзілістің ұзақтығы 5-10 секундтан 3-4 минутқа дейін тербеленеді.
Жанталасу жағдайы(симптомдар жиынтығы):
тыныс алудың бұзылуы(Биот, Чейн-Стокс, Куссмауль тыныс алуы, гаспинг). Әрбір демді ішке алған сайын жаңа шыққалы жатқан зардап шегушінің басы артқа қарайт шалқақтайды, ауаны жұтқандай болады(гаспинг);
ес түсі жоқ , барлық рефлекстері тежелеген, көз қарашығы кеңейген;
жүректің жиырлуы жиіленеді;
артерияльды қысым 20-40 мм с.б. деңгейіне дейін төмендейді;
шеткері артерияларда тамыр соғысы жоғалады және ірі артериялары кенеттен әлсірейді;
жалпы тонустық құрысу;
дене қызуы төмендейді;
еріксіз кіші және үлкен дәретке отыру.
Клиникалық өлім - бұл қайтарымды жағдай, организмнің бірнеше минут бойы (5-6 мин) өткізетін халі, қан айналымының және тыныс алуының толық тоқтау жағдайында, бас миының үлкен жартышарысы қыртысының өткізілетін уақытымен анықталады.
Зат алмасу процесінің сөнуі анықталған тізбектілікпен болады.
Тұп-тура жүрек және өкпенің жұмысы тоқтаған соң, зат алмасу процессі қатты төмендейді, бірақта анайробты гликолиз механизмі нәтежиесінде толық анықталмайды.
Клиникалық өлімнің ұзақтығы - қан айналымы жоқ жағдайда толық оттегі жетіспеушілігінде бас миы жасушаларының қабілеттілігімен анықталады. Жүрек тоқтаған соң 5-6 минут аралығында бұл жасушалар өледі кенеттен есінен айырылады.
Клиникалық өлімнің белгілері:
есі болмайды;
тыныс алуы тоқтайды;
терісі бозарады, сұрланады және көгереді;
ірі артерияларда ұйқы және сан артерияларында тамыр соғуы болмайды;
көздің қарашығы ең үлкен кеңейеді, жарыққа реакциясы болмайды;
рефлекстері толық болмайды;
Реанимация - бұл организмді тірілту, тіршілік маңызды қызметін қалпына келтіруге, алдымен тыныс алу және қан айналуын ұлпаларды жеткілікті мөлшерде оттегімен қамтамасыз етуге бағытталған.
1. Тірілту бойынша шаралар кешіктірілмей басталуы қажет.
2. Оқиға болған жерге қарамай бастапқы іс-әрекет аман алып қалу жағдайы бірдей жүргізіледі, бұл жерде маңызды міндетті әдісті орындау:
зардап шегушіні көлденең қатты жерге жатқызыңыз. Осы әдісті тең бетке орындау күткен әсерді бермейді, өйткені жұмсақ бет ауқымының қимылдауымен серпіліп, жүректі қажетті қысуға мүмкіндік береді.
кеуде торының алдыңғы бетін жалаңаштаңыз, белдігін босатыңыз.
1. Әрі қарай Питер Сафардың басшылығына сәйкес тірілту келесі түрлерден тұрады:
А ережесі. Жоғарғы тыныс жолдарының ерікті өткізгіштігін қамтамасыз ету.
В ережесі. Ауыздан ауызға немесе ауыздан мұрынға әдістері өкпенің ішкі вентиляциясы арқылы тыныс алуды жасанды қолдану.
С ережесі. Жүрекке массаж жасау арқылы қан айналымын жасанды ету.

А ЕРЕЖЕСІ. Науқасқа тыныс алу жолдарының өткізгіштігін
қамтамасыз ету.
Бұл алғашқы реанимациялық шара, көбінесесе барлық жүрек өкпе раенимациясының жетістігін қамтамасыз етеді.
Тілдің артқа қарай түсіп кетуі, бөгде заттармен бітелуі - тыныс алу өткізгіштігінің бұзылу себептері болады. Ең жиі себеп - науқастың ес-түссіз жағдайынажұтқыншақтың артқы қабырғасына қарай тіл түсіп кетеді. Осы жағдайда төменгі жақ сүйек пен мойын бұлшық еттерінің жиырылу қабілеті жоғалып,жұтғыншақтың артқы қабырғасына тілдің түбірін көтереді.Тіл өзінің ауырлығымен жұтқыншақтың артқы қабырғасына түседі және дем алған уақытында қақпаша сияқты ауаны өткізбеуі мүмкін.
Зардап шегушінің ауыз қуысын қарау.
Ауыз қуысының бөгде заттар (қан,шырым,құсық қоспасы,тамақ қалдықтары және т.б.) болса,онда ауыз қуысын және жұтқыншақты тазарту (босату) қажет:
зардап шегушінің басын оң жақ қырына бұрыңыз,сол қолдың үлкен саусақпен төменгі алдыңғы тістерді,ал 2 (сұқ) саусақпен жоғарғы тістерді басыңыз;
аузын ашыңыз;
оң қолдың 2 (сұқ) және 3 (ортаңғы) саусақтарын алдын ала орамалмен, сүткілермен немесе басқа матамен орап алып (бұл жоғарығы тыныс жолдарының толық ашылуына себепкер болады) немесе электросорғыш көмегімен ауыз қуысын мұқият түрде тазартыңыз;
зардап шегушінің өкпесіне 3-5 дем беруді жасап, кеуде торы экскурсиясы бойынша тыныс жолдарының өткізгіштігіне көзіңізді жеткізіңіз.

САФАРДЫҢ ҮШ ҚҰРАМДЫ ӘДІСІ
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Басты шалқайту: тыныс жолдарын түзету үшін - реаниматор бір бірден зардап шегушінің маңдайына қойып, басын толық артына қарай жатқызып алақанымен басады, ал екінші қолымен мойнын артынан ұстау әрекеті.
2. Төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжыту: тілдің артқа қарай кетуін алдын алу үшін - саусақтардың ұштарын иек астына, орналастырып, ауыздың, жоғарғы және төменгі тістер сәйкестендірулері керек. 1-ші саусақпен алдыңғы тістердің негізінен төмен ұстаңыз, 2-ші саусақ иек астына, 3-5 саусақтарымен төменгі жақ сүйегін бекітіңіз. Төменгі жақты иегін ығыстырып алдына қарай жылжытыңыз. Екінші қолдың алақаны зардап шегушінің маңдайында тұрады.
3. Ауызды ашыңыз: зардап шегушінің тыныс жолдарына ауаны үрлеу үшін.
Барлық бұл әдістер ауыз қуысының түбіндегі бұлшық еттің тартылуын қамтамасыз етеді, соның есебінен тіл бекітіліп, артқа қарай кетпейді.

В ЕРЕЖЕСІ. Өкпенің жасанды вентиляциясы
Өкпеге жасанды ветиляция жүргізгенде келесі ережелерді сақтайды:
1. Зардап шегушінің өкпесі мен реаниматордың өкпесі жүйелеріне саңылаусыздықты қамтамасыз ету қажет.
2. Вентиляцияның адекваттылығын тұрақты бақылау, кеуде торының дем алуда көтерілуін және дем шығаруда түсуін бақылау, немесе өкпеден дем шығарғандағы ауаның қозғалуын қабілетті естушілікпен қабылдау.
3. Есіңізде болсын, вентиляция тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз еткенде болады

Өкпенің жасанды вентиляциясын ауыздан - ауызға жасау әдісі
Мақсаты: құтқарушыдан (реаниматордан) деммен шығатын ауаны зардап шегушінің өкпесіне енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: клиникалық өлім (П. Сафардың үш құрамды әдісін қараңыз).
Іс-әрекет алгоритмі:
Мейірбике бір қолдың алақаны қырымен маңдайын баса отырып, зардап шегушінің басын шалқайтылған қалыпта ұстаңыз;
осы қолдың үлкен (I) және сұқ (II) саусақтарымен зардап шегушінің мұрнын қасыңыз;
екінші қолыңызбен иекті басыңыз, зардап шегушінің аузы ашылады, ауызына орамалды немесе салфетканы жабыңыз;
терең демді ішке алыңыз, өзіңіздің ерініңізбен зардап шегушінің еріндерін тығыз және саңылаусыз қамтып алыңыз, салфетка арқылы өз өкпеңіздегі барлық ауаны зардап шегушінің тыныс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулық сақтау жүйесіндегі мейіргердің атқаратын рөлі
Анафилактикалық шок кезіндегі мейірбикенің кәсіби қызметінің ерекшеліктері
Балаларға антропометрия жүргізуді үйрендік
ЖҮРЕК ӨКПЕ РЕАНИМАЦИЯ КЕЗІНДЕГІ АЛГАШКЫ КОМЕК ВИРПЛАКТИКАСЫ
Реанимация бөлімшесі медбикесінің міндеттері
Медициналық көмек көрсету үшін сырқатты қабылдау
Емдеу - сақтандыру мекемелерінің түрлері және ондағы медицина қызметкерлер жұмысының ұйымдастырылуы жайында
Науқасты рентгенологиялық тәсілмен зерттеуге дайындау
Кенеттен жүрек өлімі
Пневмонияға шалдыққан науқастарға жүргізілетін оңалту шаралары
Пәндер