Дыбыс жүйесін теориялық және практикалық жақтан үйрету


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Дыбыс жүйесін теориялық және практикалық жақтан үйрету

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І тарау. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесі

І. 1. Дауысты, дауыссыз дыбыстар жүйесі . . .

І. 2. Дыбыстарды үйретуде оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру жолдары . . .

ІІ тарау. Оқушыларды сауатты жазуға үйрету

ІІ. 2. Бастауыш сынып оқушыларының қабілетін дамытуға арналған

жаттығуларды орындату . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланған әдебиеттер . . .

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Осындай құнды мәдени игіліктерінің бірі - ұлт ойындары. Халық өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей - тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы халықтың тәрбиелік асыл-маржандарын жастайынан сіңіре білуді көздеген. Абай Құнанбаев он тоғызыншы қара сөзінде жас кезінен жақсы сөз естіп өскен бала кейін есті бала болады- дейді: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды -дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзіде есті болады». Сондықтан баланы жас кезінен бастап тәрбиелік маңызы жоғары халық ойындарының кәусар бұлақтарымен сусындату қажет.

Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын ойындарды ана тілі материалдарымен ұштастыру жұмыстары да оқушыларды тәрбиелеуде маңызы зор. Шағын әңгімелер оқу арқылы оқушылардың эстетикалық, адамгершілік қасиеттері дамиды. Шығармадағы кейіпкерлерді тану барысында жақсы істерге ұмтылады. Мысалы, сабақта жұмбақ ойындарды көбірек пайдалану өте тиімді, олар оқушының ой-өрісін кеңейтуге, өз бетімен ойланып, заттар мен құбылыстардың сипатталуына баламасына қарай олардың атын табуға, сөздік қорын молайтуға үлкен септігін тигізеді. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені, бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес.

Егер ойын сабақтың ортасында қолданылатын болса, оқушылардың көңіл-күйін сергіту, шаршағанын ұмыттыру. Ал сабақ соңында тақырыпты бекіту не сол сабақтан алған білімді жинақтау мақсатында пайдаланады. Ұлттық ойындарды өткен сабақтарда, қайталау кезінде де қолдануға болады. Ол жағдайда сабақтың мазмұнын байыта түседі, балалардың қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түседі. Ұлттық ойындарды ойнату арқылы оқушылардың өз салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына деген сүйіспеншілігі артады. Ұлттық ойындарды үнемі пайдалану арқылы оқушыларды ауызша есептерге жаттығуына, логикалық ой жүйелерін жетілдіре түсуіне толық мүмкіншілік бар.

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларына дыбыстардың айтылуы мен жазылуын таныта отырып, сауаттылыққа үйрету.

Зерттеудің міндеті: меңгерту;

дұрыс қолдана білуге үйрету;

қойылатынын меңгерту.

Болжам: Оқушы дәптері үнемі сауатты тексеріліп, қатемен жұмыс тиімді жүргізу дұрыс жолға қойылса, әрбір бала әдемі, қатесіз жазар еді. Зерттеу әдісі: Салыстыру, түсіндіру, бақылау, зерттеу әдістерін қолдана отырып, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін пайдалану

Зерттеу орны: Тараз қаласы, №57 орта мектеп, бастыуыш сыныптар

Зерттеу нысаны: Дыбыстардың жазылуы мен емлесін таныту.

Зерттеу пәні: Қазақ тілін оқыту әдістемесі

Зерттеу кезеңдері: Курстық жұмыстың тақырыбына сай материалдар жинақтау; Қазақ тілін зерттеуші ғалымдардың еңбектерімен танысу;

Жоспар құрып, жұмысты жазу, бастауыш сыныптардың сабақтарына қатысып, оқу барысымен таныып, қорытынды жасау.

І тарау. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесі

І. 1. Дауысты, дауыссыз дыбыстар жүйесі

Тілдің дыбыстық жағының сырын оқушыларға түсіндіріп, оның лексикалық, грамматикалық құбылыстармен байланысы бар екендігін көрсету, мектепте фонетиканы оқытудың аса маңызды теориялық міндеттері болып табылады. Сондықтан да фонетика грамматиканың лексикамен сөз тудыру сияқты салаларынан бұрын оқытылады. Өйткені тілдің фонетикалық жүйесімен таныстырмайынша, тілдің басқа жақтарын теориялық немесе практикалық тұрғыда оқыту мүмкін емес. Мектепте фонетиканы оқыту, практикалық мақсаттарды да көздейді. Мысалы, қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің ерекшеліктерін оқушылардың білуі: дұрыс жазу, әдеби тілмен сөйлеу нормаларын меңгеру, тыңдау мәдениетін дамыту т. б.

Фонетика дыбыстың үш жағынан қамтиды: а) физиологиялық (жасалу) ; ә) акустикалық (естілу) ; б) қызмет (сөз жасалу) . Мектеп оқулығында дыбыстын бұл үш ерекшелігі тұтас бірлікте сипатталады. Мұғалім фонетикалық жаттығулар кезінде осы үш жағын ескеріп отыруға тиіс. Мысалы, физиологиялық тұрғыда дыбыс сөйлеу мүшелер жұмысының жемісі, яғни дауыс шымылдығының қалпы тілдің, еріннің қалпы, жақтың ашылу қалпы т. б. Оқушылар сөйлеу мүшелерінен мағлұмат алып, дауысты я дауыссыз дыбыстың қалай жасалатындығын, олдардың айырмашылығын біледі. Бірақ дыбыстардың жасалуы жайында мектепте толық мағлұмат берілмейді, тек қана ана тілін практикалық меңгеруге қажеттілері үйретіледі.

Акустикалық (дыбысталу) тұрғыда тіл дыбыстары естілетін фонетикалық құбылыс ретінде қаралады. Физикалық тұрғыда дыбыс бір-бірімен ажыратылатындай белгілермен анықталады. Фонетикада дауыссыз дыбыстарды үн мен салдырдың қатысына қарай қатаң, ұяң, үнді болып бөлінуі оқытылады. Мектепте дыбыстың мағына ажыратарлық қызметі арнаулы сөз етілмейді, бірақ жаттығулар арқылы мағлұмат беріледі.

Қазақ тілінің дыбыстар жүйесі және оқыту әдістемесі. Өздерінізге мәлім, қазақ тілінде 37 дыбыс бар, бұлардың бәрі белгілі бір жүйе болып қалыптасқан. Бұл дыбыстар іштей екі топда (жүйеге) бөлінеді: 1) дауысты дыбыстар тобы немесе жүйесі - оны құрамында 12 дыбыс бар; 2) дауыссыз дыбыстар тобы - оның құрамында 25 дауыссыз дыбыс бар.

Дауысты және дауыссыз дыбыстарды жүйе тұрғысынан қарағанда:

1) қазақ тілінде айтылатын сөздердің бәрінде кездеседі, соларға жамылғы болып тұрады; 2) сөйлеу мүшелерінде әр дыбыстың жасалу орыны, әрқайсысының айтылу және құлаққа естілу әуені бар; 3) әрбір дыбыс белгілі бір сапалық ерекшелігімен екінші дыбыстан ажыратылып, оған қарама-қарсылықта айтылады, демек, а дыбысын ә не ы дыбысынан ажырататынымыз сияқты, б дыбысын п, т, қ, дыбыстарынан ажырата аламыз, жеке айтылса да, сөз ішінде келсе де, біздің құлағымыз, яғни есту қабілетіміз оларды бір-біріне шатастырмайды; 4) сөз ішінде дыбыстардың бір-бірімен тіркесу заңдылығы қалыптасқан. Мысалы, а) к, г, дыбыстары байырғы сөздерде жуан дауысты дыбыстармен тіркесіп айтылмайтыны сйяқты қ, г, дыбыстары, керсінше, жіңішке дауыстылармен тіркеспейді;

ә) байырғы сөздер екі дауыссыз тіркесінен басталмайды; б) көп буынды сөздер не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке айтылады, бұларға жалғанған қосымшалар да не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке түрде қосылады: аласа-аласа-лау, кіші-кіші-леу т. б. ; в) дауыссыз с-ш-з-н-б-ң-ғ дыбыстары бір-бірімен тіркеспейді, бұлар түбір мен қосымша жөнінде не сөз аралығында түйісе қалса, олардың орнына басқа дыбыс айтылады: жұмыс + шы - жұмыш + шы, жаз + са = жасса, көш + сін = көшшін, көн + бе =көмбе, жан + қабыл =жаңғабыл, Аман + келді = Амангелді; г) бір сөзге екі дауысты дыбыс келмейді, бұлар сөз аралығында түйісе қалса біреуі (алдыңғысы) түсіріліп айтылады: қара ала ат = қар (а) ал (а) ат: келе алмады, кел (е) алмады.

Дыбыстар жүйесін оқушыларға саналы меңгеріп, дағды берудің үлкен маңызы бар: сөз мағынасын ажыратып түсінуіне; орфоэпиялық нормаларды қатаң сақтай отырып, әдеби тілмен дұрыс сөйлеуіне; сөйлеген сөзінің құлаққа жағымды, әсерлі, әуенді болуына; орфографиялық тұрғыда сауатты жазуына мүмкіндік береді. Сондықтан да мектепте фонетикадан, соның ішінде алдымен, дыбыстар жүйесінен мағұлматтар беріледі. Бағдарламада фонетикадан берілетін білім көлемі шектеліп көрсетілсе, оқулықта оның нақты заңдылықтары, ереже, анықтама түрінде баяндалып, түрлі жаттығулар арқылы білімін, іскерлігін дағдысын орнықтыру, қалыптастыру көзделеді. Бірақ оқулық оқушы үшін білім бұлағы бола тұрса да, мұғалімнің жәрдемінсіз, оның сабақ кезінде алуан түрлі әдістемелік әдіс-тәсілдерді қолдануынсыз нәтижеге жете алмайды. Оқушыларға дыбыс жүйесін, әр дыбыстың ерекшеліктерін меңгерту фонетикада берілетін білімнің ірге тасы болып есептеледі. Дыбыс жүйесін жете меңгермеген оқушы буын, үндестік заңы, екпін сияқты фонетикалық заңдылықтарды игере алмайды, жазуда қате жібереді, сөйлеуінде де ақаулықтар байқалады.

Дыбыстарды оқыту әдістемесінде, оқыту принциптері мен оқыту әдістері әр тақырыптың ерекшелігіне сәйкес кеңінен қолданылады. Дыбыстар жүйесі жайында бастауыш кластарда әріп тануға, сауатты жазуға, дұрыс сөйлеуге, тексті дұрыс оқуға байланысты біраз мағлұматтар беріледі.

Сондықтан әліппе мына тізбе арқылы өтіледі. Әр тізбеден кейін қайталау жүргізіледі.

  1. А, Т, П, Н, Ғ, Р, Л, У.
  2. Ш, Й, О, Қ, Д, М, Б, С, Ұ, Ң, Ы.
  3. Е, К, І, Ө, И, З, Ә, Ү, Г.
  4. Я, Ю, Х, В, Ф, Э, Щ, Ц, Ч, Ь.

Бұл әріптер ашық буыннан бастап оқытылады, ашық буынның 2 түрі үйретіледі:

  1. Жалғыз (а), мысалы: а-на, а-па, а-ға;
  2. На, па, та, мысалы: ша -на, па-па, а-та, та-ныс.

Ашық буын созылып айтылады, буындап оқытуды оңайлатады және ашық буын келесі буынның қосылып айтылуын тілеп тұрады. Одан кейін біртіндеп тұйық, бітеу буынды сөздер оқытылады. Дауысты дыбыс әріптерін бірінші -оқытамыз. (А, О, Ы, Ұ, У) . Содан кейін жіңішке дауыстылар (Ә, Е, Ө, І, Ү) . Себебі сөйлеу тіліміздің көпшілік жуан дауыспен айтылатын сөздер. Ал басқа тілден енген дыбыстарды әліппенің соңына қарай топтастырған. Баланың психологилық ерекшелігіне сәйкес, дүниені тұтас күйінде қабылдайтынын ескеріп, әр сабаққа белгілі бір тақырып өзек етіп алынады, балалардың зейіні бір арнаға бағытталады, жүйелі білім алуына жағдай жасалады. Мысалы: негізгі тақырып: «А дыбысы мен әрпі». Қосымша: «бақ», «бақша», «жемістер» тақырыбы берілген.

«Ғ дыбысы мен әрпі».

Қосымша тақырып: ғарыш, ғалым, ғарышкер, деген тақырыптар берілген. «Әліппеде» «оқу мен жазу» тұтас бірлікте қарастырылған. Жазу жұмысының өзіндік қиындығы бар. Бала көптеген ережені бір мезгілде орындауға тиісті. Сауат ашу - жазуға төселдіру, үздіксіз жпзу жаттығулары арқылы іске асады. Әрбір әріптің жазба нұсқасының бас әрпі мен кіші әрпін таныстыру кезінде әріпті құрайтын элементтердің дұрыс жазылуын басты назарда ұстау керек.

Әріпті жазып үйренудің тәртібі:

  1. Сөзге дыбыстық талдау жасату, жеке дыбыстау, сөз ішіндегі орнын анықтау.
  2. Жазба әріптің жазу үлгісін тұтас көрсету (плакаттан, әліппеден) ;
  3. Жаңа әріпті тақтаға жазып көрсету;
  4. Жаңа әріп элементтерін дәптерге түсіру;
  5. Жаңа әріпті тұтасжазу;
  6. Жаңа әріпті басқа әріптермен жалғастырып жазу;
  7. Құрамында жаңа әріп бар буын, сөз жазу;
  8. Сөйлем жазу;
  9. Баланың жұмысына талдау жасау.

Жазу әдістемесіне сай әріпті сауатты, көркем жазуға үйретеміз. Әліппе кезеңінде дыбыс және әріпті таныстыру, сөз сөйлем үйрету, өз бетінше жұмыс жасауға төселдіру, мәтінмен жұмыс істеу, оқу дағдыларын қалыптастыру іске асады. Дыбыстың дыбысталуына, артикуляциясына ерекше мән беріп, жаттығу керек. Әрбір сабақта дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы хабар береміз, түсін көрсетеміз. Дауысты дыбыс - еркін, әуенмен созылып айтылатын, дауыссыз дыбыс - қысылып, қысқа дауыс кедергіге ұшырап айтылатынын түсіндіреміз. Дауыс пен әріптің өзара біртұтас, бір - бірінен бөлінбейтін бүтін нәрсе екендігі үйретілуі тиіс. Дыбыс айтылған соң іле оның таңбасы, әріп көрсетіледі. Көрсетілген әріп қайтадан оқылып, дыбысталады. Әрбір әріптің баспа, жазба, бас және кіші әріптері таныстырылады. Әліппе бағдарындағы сөздер оқу материалының бірі болып табылады. Ондағы сөздер міндетті және мүмкін деңгейде оқу үшін 2 түрлі бағанда берілген:

  1. Буындап оқу;
  2. Тұтас оқу;

Буындап оқу қара сызықпен және тұтас оқу көк сызықпен берілген. Мұндағы буындап оқу барлық оқушылар үшін міндетті болады, ал тұтас сөзбен оқу міндетті емес, тек белгілі бір деңгейде оқу дағдысы бар қабілетті балалардың мүмкіндігін тежемес үшін берілген.

Тұтас оқуға бірте-бірте үзбей жаттығып дайындаламыз, бағандағы сөздердің берілуін де ерекшелік бар. Олардың буын жігінің арасы бос қалдырылған, сызықша қойылмайды, буын мен буынды тез қосуға мүмкіндік жасайды.

Буын сандардың жасалуын (бағандағы сөздердің) А. Байтұрсыновтың еңбектері тиімді түрлері қарастырылған. Ол:

1. Сөз соңынан әріп қосу: . . .

2. Сөз соңынан әріп қосу: шаш . . . , монша . . .

3. Сөздегі бір әріпті өзгерту:мал-мол, баба-бала.

4. Сөзге буын жалғау арқылы:мал-малта, бақ-бақша.

5. Сөздегі әріптердің орнын алмастыру:мақал-қалам.

Осындай тәсілдер арқылы оқу жеңілдік туғызады, сөздер бір-бірімен ырғақты үндесіп, әуенмен үйлесіп, сөзден сөз туындайды. Бағандағы сөздерді саналы түсініп қиын, өйткені, оқу техникасы күрделі. Сондықтан, оқып, болған соң сөздерге қосымша мағылмат беріледі. Бағандағы сөздермен мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі.

1. Бағандағы сөзді мұғалім оқиды.

2. Оқушыларды ілестіре отырып оқытады.

3. Оқушылардан сөздің мағынасы сұралып, сосын түсіндіріледі.

4. Оқушылар жекелеп оқиды (үлгі бойынша) .

5. Оқушылар өз бетімен күбірлеп оқысын.

6. Барлық оқушыларға немесе парта қатары бойынша бірге дауыстатып оқыту.

7. Бірнеше сөзге талдау жасау.

8. Дауысты дыбыстан басталған немесе аяқталатын сөзді тауып оқыту.

9. сабаққа жаңадан таныстырылатын әріпті сөздің ішінен табу.

10. Дауыссыз дыбыстан басталатын немесе аяқталатын сөзді тауып оқыту.

11. Сөздерді әріп соңына қарай тауып оқыту.

12. Сөздерді буын соңына қарай оқыту (мал, мата) .

13. Сөздерді мағыналық жағынан теріп оқыту.

14. Бағандағы сөздерді тігінен оқыту.

«Әліппе»кезеңіндегі тіл дамыту жұмысы 3 салада жүргізіледі:

1. Сөздік жұмыс.

2. Сөйлем құрастыру.

3. Байланыстырып сөйлеуге үйрету.

1. Сөздік жұмысы-оқылған сөздердің мағынасын түсіндіру, түсініп оқуға бағалау, жаңа сөздер үйрету арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту, әр сабақта бағандағы сөздермен, мәтіндегі сөздермен жүргізіледі.

2. Сөйлем құрастыру- сөздерді бір-бірімен байланыстырып, ауызша құрастыру арқылы жүйелі жазып, баяндауға үйретеміз.

Мысалы:шарапат шашу, шаш (етістік), алма-жеміс (зат есім) .

3. Сұрақ-жауап үлгілері, диалог сөйлеуге үйрету материалдар тек қана сауат ашуға байланысты берілген:жер, су, адам аттарының бас әріппен жазылатынын үйрету. онымен қатар тілдік грамматикалық түсінік және тәрбие тақырыптары қоса берілген.

Яғни:

1. Сөздерді дұрыс оқу.

2. Сөздерге сұрақ қоя білу.

3. Әрбір сөздің мағынасын түсіндіру.

4. Сөздерге дыбыстық талдау жасау.

5. Сөздерді буынға болу.

6. Әрбір сөзді қатыстырып, сөйлем құрастыру.

7. Көп нүктенің орнына сөзді қойып, аталған жұмысты құрастыру.

Сонымен қатар «аз»және «көп» деген ұғымдарды нақты көрнекіліктер арқылы түсіндіру. Заттың атына, қимылына, сынына, санына байланысты сұрақ қойып, жаап беру талап етіледі. Заттың түр - түсі, көлемі, т. б. жөнінде түсінік беретін жұмыстың түрлері жүргізіледі.

Сабақты ойын түрінде жүргіземіз. Тақырыпқа сәйкес қазақтың ұлттық ойындарын сергіту сәтінде жүргізуге болады. Мысалы: «Жазып бер»

ойыны. Ойын оқушыларды әдемі, әрі қатесіз жазуға төселдіру мақсатында жүргізіледі.

Ойын тәртібі: Оқушыларды қатесіз жазуға жаттықтыруға қажетті әріп, сөздері бар бірнеше карточкалар жасалады.

а) Мұғалім үстелінің үстіндегі карточкалардың жазуы бар бетін төмен қаратып жазып қояды да, оқушыларды бір - бірлеп тақтаға шақырады.

Тақтаға шыққан оқушы өзі қалаған бір карточканы аады да, оны оқып шығып тақтаға іліп қояды. Содан кейін шыққан бала егер алған карточкасында әріп болса, оның үлкені мен кішісін, жеке сөз болса оны әдемілеп жазып береді. Басқа оқушылар оны дәптерлеріне жазады. Мұғалім балалардың жақсы жазғандарын мадақтап, нашарларын алдағы уақытта дұрыс жазуға ақыл береді.

б) Мұғалім үстел үстінде жатқан бір карточканы алып, оқушыларға көрсетіп, оқытады. Содан кейін ол карточкасын жазуы бар бетін әрі қаратып, іліп қояды. Оқушылар оны (әріп, не сөзді) қатесіз, әдемілеп жатқа жазады. Жазу жұмыстарында «Жазып бер» ойынын ойнатып, оқушылардың қолын тез жазуға, әдемілеп жазуға тәрбиелеу.

« Әліппеде көк сызықпен қоршалған сөздер берілген. Бұл сөздер өнегелі сөздер деп аталады. Әрбір әріпке өнегелі ұсынылған. Мысалы: «Т» әріпне «ата», «Н» әрпіне «ана», «Ғ» әрпіне «аға», «У» әрпіне «ту», «Ш» әрпіне «шапағат», «О» әрпіне «Отан», «Д» әрпіне «дана», «Ы» әрпіне «ырыс», «Ұ» әрпіне «құран», «Е» әрпіне «еңбек», «шешен», «шебер», «жер», «І» әрпіне «іні», «білім», «ілім», «И» әрпіне байланысты «иман» атты өнегелі сөздер берілген.

Сабақты бұл сөздердің мағынасы ашылып, түсіндіріледі. Өнегелі сөздерге сөйлем, әңгіме құратқызып, осы сөздерге байланысты өлең оқытып, мазмұнын ашуға болады. Оқыту процесінде сөз бен іс, теория мен практика өзара байланысты болады. Әр түрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесіне сабақ әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді. Көрнекілік оқушыларға заттың өзін немесе олардың бейнесін тікелей көріп байқауға мүмкіндік береді. Сауат ашу кезінде жеке суреттер, кеспе әріптер, мазмұнды суреттер және дидактикалық ойындарды пайдалануға болады. Көрнекілік түсінікті, қарапайым, әсерлі болуы керек.

Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Б дыбысы мен «б» әрпімен таныстыру. «Б» дыбысна сөздер ойлату және сөз ішінен «б» әрпін белгілеу. «Б» дыбысының дауысты, дауыссыз дыбыс екенін ажырата білуге үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: «Б» әрпінің баспа, жазба түрлері, суреттер, «Бауырсақ ертегісіне» байланысты сюжетті суреттер, жұмбақтар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Өткен сабақты қайталап, бекіту.
  3. Сергіту сәті.
  • Балалар, бүгінгі сабаққа алтын балық қонаққа келіпті. Алтын балық бізге қонаққа құр келмепті, аузында тістеген конверті бар.

(Алтын балықтың суреті тақтаға ілінеді, бір оқушы конвертті алып мұғалімге береді, мұғалім қандай тапсырма екенін балаларға оқып береді) . Сендердің қандай оқушы екендердің көрмекші және білімдердің сынамақшы.

  • Қане, балалар, «Алтын балық» бізге қандай тапсырма әкелген екен, көрейікші! (конверт ішіне салынған жұмбақтарды мұғалім оқушыларға айтады, оқушылар мазмұнын табады) .

Ұзын мұртты сарылар,

Қойнында наны бар. (Бидай)

Иесі оның сәби

Әрі төсек, әрі үй. (Бесік)

Қызықтырып әркімді - ақ,

Суда жүзер шалпылдап,

Қай дыбыстан басталған,

Сол жәндіктің атын тап. (Балық)

  • Балалар, байқаңдаршы жұмбақтардың шешуі қай дыбыстан басталған?
  • Балалар «б» дыбысынан басталған.
  • «Б» дыбысынан басталатын тағы қандай сөздер білесіңдер?

(Оқушылар білетін сөздерін айтады) .

  • Балалар, «Б» дыбысынан басталатын қандай ертегілер білесіңдер?
  • «Бауырсақ», «Бөдене мен түлкі».

(Бауырсақ ертегісінің мазмұндық суреті ілінген) .

  1. Кемпір мен шал.
  2. Бауырсақтың терезе алдында тұрғаны және домалап кетуі.
  3. Қоянға кездесуі, қоянның сөзі (Бауырсақты қояннан құтқару ұшін «бақа» сөзін кіші әріптермен жазу) .
  4. Қасқырға кездесуі («Бөрік» сөзін жазу) .
  5. Түлкіге жолығуы.
  6. Қазақтың ұлттық « асық» ойынын ойнату үшін «б» дыбысына сөздер ойлау. (Тақтайшаға асықты иіріп тастап, асық қай әріпке түссе, сол әріптен басталатын сөз айту) .
  7. Сабақты қорыту. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтап, «Алтын балықтың» сыйлығы беріледі.

І. і. дыбысы мен таныстыру.

а) Көрнекілік арқылы.

ә) Із, ін, піл.

Балалар текше арқылы дәптерге түсіріп отырады. Әрбір сөзге түсінік беріледі. Сөзде неше әріп, неше дыбыс, неше буын бар және «І» дыбысы қай буында келіп тұр, соны сұрау.

б) Сондай -ақ әрбір сөзге схема (сызба) арқылы сөйлем құратып, дәптерге түсіртіп отыру.

в) «І» дыбысы мен әрпінің жазба және баспа түрімен таныстыру.

Дәптермен жұмыс:

а) «І» дыбысы мен әрпін алдымен балалардың қолын жаттықтыру үшін ауада жазу, дәптерге түсіру, элементтерін түсіру.

ә) Оқулықпен жұмыс.

1. Көрнекілік (қатар бойынша жарыс) .

Тіс т л п л

К лт тер б л м

К с жем с к ш

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихи дамуына үлес қосқан ғалымдар еңбектерінің орны
Дауысты және дауыссыз дыбыстар
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН БАСҚА ҰЛТТАРҒА ОҚЫТУ ТАРИХЫ, ЗЕРТТЕЛУІ
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖАЙЫНДА
Қазақ тілінің сарфы
Қазақ тілінің дыбыстар жүйесі және оны оқыту әдістемесі
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында фонетиканы оқытудың әдіс-тәсілдері
Қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеп, жан-жақты қарастыру
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында фонетиканы оқытудың әдіс-тәсілдерін анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz