Халық ертегілері негізінде оқушыларды рухани-имандылық қасиеттерге тәрбиелеу



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау. Ертегілер . ауыз әдебиетінің ерекше саласы
І.1. Қазақ ертегілерінің жиналуы мен зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
І.2. Ертегілердің түрлері және олардың көркемдік ерекшелігі ... ... ... ... ... ... 10
І.3. Ертегілердің танымдық табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Халықтық ертегілер – өмір шындығын баяндайтын фантастикалық негізге құрылған көркем шығарма. Онда еңбекші халықтың ғасырлар бойы жасап келген өмір тәжірибесі, оның мәдениеті мен салты, әдеті мен ғұрпы, шаруашылық кәсібінің түрлері, тілінің шебер өрнектері қамтылған. Табиғаттың адам баласына жұмбақ болып келген неше алуан қияметі айтылады. Үстем тап өкілдерінің зұлымдық , қастандық әрекеттері әшкере етіледі, күлкі-мазаққа айналдырылады. Халық ертегілерінің негізі өзінің тыңдаушысына ақыл-парасатты баяндайды. Адам арманының жарқын болашағына жол сілтейді. Өмір күресіне бастайды.
Халық ертегілерінің ішінде балалардың сүйіп тыңдайтын, олардың жас ерекшеліктеріне тән мұралар көп. Халық ертегісі ғасырлар бойы балалардың ықыласын өзіне қызықтыра тартып, жас жанына әсер етіп, көңілді шаттық күлкіге бөлеп, қуантады. Ертегілердің бай фантастикасы балалардың ойына қозғау салып, өмірдің неше алуан қиянатын танытады, сана-сезім, ақыл-ой қызметінің ерте дамуына , ерте қалыптасуына жәрдемдеседі.

Зерттеу пәні:
Зерттеу нысаны:
Зерттеудің мақсаты:
Зерттеудің міндеті:

Зерттеу мақсаты: ертегілердің өзіндік ерекшеліктерін саралай отырып,
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу тілі
мен жазу мәдениетін, сыни тұрғыда ойлауын дамыту.
Зерттеу міндеттері:
1. Ертегілердің зерттелуі туралы деректер жинастыру
2. Сұрақтар, тапсырмалар жүйесін ойластыру, оқушылардың қабілеті, икем-дағдысын арттыруға байланысты жұмыс түрлерін жүргізу.
3.Оқушылардың білім сапасын арттыру тиімділігін анықтау.
Зерттеу әдістері: әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, бақылау-зерттеу, талдау-жинақтау.
Зерттеу орны: Тараз қаласы №36 орта мектеп, 5«Б» сыныбы
Зерттеу болжамы: жаңа технологиялық әдіс-тәсілдер оқушыларды ойланып ой қорытуға, ойын ашық айтуға мүмкіндік береді. Сабақ барысында оқушының белсенділігі артады. Өзара идеялар мен пікірлер туындайды. Оқушылардың пәнге қызығушылығы артуына әсері мол. Оқушылар оқуға бар ынтасымен беріледі.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті.
2. Әуезов М.Зерттеулер мен мақалалар. Он сегізінші том.
Алматы, «Жазушы» 1985 жыл.
3. Әлібеков Ш. Қазақ фольклорының эстетикасы. Алматы, 1992 жыл.
4. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы, «Рауан», 1997 жыл.
5. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті, Алматы, «Санат», 1996.
6. Қасқабасов С. Қазақтың қиял-ғажайып ертегілері. Алматы, 1989 жыл.
7. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. Алматы, «Ана тілі» 1991 ж.
8.Қазақ әдебиетінің тарихы. Жалпы редакциясын басқарған – ҚР ҰҒА-ның
академигі Серік Қирабаев. Алматы, 2005 ж.
9. «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы. «Білік» баспа үйі, Алматы, 1999 жыл. 10. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. 2004 жыл , № 5
11. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. 2005 жыл, №1
12.«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. 2010 жыл, №3

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі

Гуманитарлық пәндер бөлімі

Қазақ тілі мен әдебиеті ПЦК

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Халық ертегілері негізінде оқушыларды рухани-имандылық қасиеттерге
тәрбиелеу

Орындаған:

Тобы:

Пәні:

Жетекші:

Тараз – 2014
Мазмұны

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау. Ертегілер – ауыз әдебиетінің ерекше саласы
І.1. Қазақ ертегілерінің жиналуы мен зерттелуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

І.2. Ертегілердің түрлері және олардың көркемдік
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... 1 0
І.3. Ертегілердің танымдық
табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Халықтық ертегілер – өмір шындығын
баяндайтын фантастикалық негізге құрылған көркем шығарма. Онда еңбекші
халықтың ғасырлар бойы жасап келген өмір тәжірибесі, оның мәдениеті мен
салты, әдеті мен ғұрпы, шаруашылық кәсібінің түрлері, тілінің шебер
өрнектері қамтылған. Табиғаттың адам баласына жұмбақ болып келген неше
алуан қияметі айтылады. Үстем тап өкілдерінің зұлымдық , қастандық
әрекеттері әшкере етіледі, күлкі-мазаққа айналдырылады. Халық ертегілерінің
негізі өзінің тыңдаушысына ақыл-парасатты баяндайды. Адам арманының
жарқын болашағына жол сілтейді. Өмір күресіне бастайды.
Халық ертегілерінің ішінде балалардың сүйіп тыңдайтын, олардың жас
ерекшеліктеріне тән мұралар көп. Халық ертегісі ғасырлар бойы балалардың
ықыласын өзіне қызықтыра тартып, жас жанына әсер етіп, көңілді шаттық
күлкіге бөлеп, қуантады. Ертегілердің бай фантастикасы балалардың ойына
қозғау салып, өмірдің неше алуан қиянатын танытады, сана-сезім, ақыл-ой
қызметінің ерте дамуына , ерте қалыптасуына жәрдемдеседі.

Зерттеу пәні:
Зерттеу нысаны:
Зерттеудің мақсаты:
Зерттеудің міндеті:

Зерттеу мақсаты: ертегілердің өзіндік ерекшеліктерін саралай отырып,
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін,
сөйлеу тілі
мен жазу мәдениетін, сыни тұрғыда ойлауын
дамыту.
Зерттеу міндеттері:
1. Ертегілердің зерттелуі туралы деректер жинастыру
2. Сұрақтар, тапсырмалар жүйесін ойластыру, оқушылардың қабілеті, икем-
дағдысын арттыруға байланысты жұмыс түрлерін жүргізу.
3.Оқушылардың білім сапасын арттыру тиімділігін анықтау.
Зерттеу әдістері: әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, бақылау-зерттеу, талдау-
жинақтау.
Зерттеу орны: Тараз қаласы №36 орта мектеп, 5Б сыныбы
Зерттеу болжамы: жаңа технологиялық әдіс-тәсілдер оқушыларды ойланып ой
қорытуға, ойын ашық айтуға мүмкіндік береді. Сабақ барысында оқушының
белсенділігі артады. Өзара идеялар мен пікірлер туындайды. Оқушылардың
пәнге қызығушылығы артуына әсері мол. Оқушылар оқуға бар ынтасымен
беріледі.
Зерттеу кезеңдері:
1. Тақырып таңдап алу, сол бойынша іздену.
2. Бекітілген тақырыпқа байланысты материал жинақтап, жұмыстың
жоспарын құру.
3. Жоспарға сәйкес курстық жұмыстың І бөлімін жазу.
4. Мемлекеттік практика барысында эксперименттік зерттеулер жүргізе
отырып, курстық жұмыстың практикалық бөлімін жазып, жұмысты аяқтау және
қорғау.

І тарау . Ертегілер – ауыз әдебиетінің ерекше саласы
І.1. Қазақ ертегілерінің жиналуы мен зерттелуі
Ертегі – ауыз әдебиетіндегі проза жанрларының ішіндегі ең
көркемделген, сюжет пен композициялық жағынан дамыған түрі. Оның қызметі
кең, әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетикалық роль атқарады. Сондықтан ертегі
оқиғаны барынша ғажайып етіп, көркемдеп, әрлеп баяндайды. Шындықты шынайы
суреттеуді емес, керісінше, әсірелеуді міндет тұтады.
Қай елдің ауызша әдебиет шығармаларын алсақ та, барлығында
ертегі халықтық шығармалардың мол саласы екенін көреміз. Сол барлық елдер
фольклорында ертегі деген атау әрі саны мол, әрі алуаны көп шығармалар-
дың тобына арналған жинақты атауға болады. Жалпы барлық ертегілерге ортақ
ерекшелік: бұлар қара сөзбен айтылатын оқиғалы, көркем әңгіме. Ғажайып хал,
қиял әңгімелер түрінде, немесе орасан оқиғалы қызғылықты әңгімелер ретінде
құрылған ертегінің бәрі де негізінде шаруа кәсіппен, қоғамдық құрылыс
тартыстармен, тарихпен байланысты болып келеді. Осы аталған қызғылықты
әңгіменің бәрі-бәрі де ертегінің түрлеріне қосылады.
Қазақ ертегісін зерттеу жұмысының басы сол ертегілері жинап жариялау-
дан басталады. Бұл жөнде бір топ зерттеушілер қазақ ертегілерін қазақ
айтушылардың аузынан қазақша жазып алып, жинап бастырған. Ал тағы бір топ
зерттеушілер қазақ ертегілерін орысшаға аударып, орыс тілінде жариялайды.
Алғашқы түрде еңбек еткендер – В.В. Радлов, И.Н. Березин, А.А. Диваев
сияқты кісілер. Екінші түрде орыс тілінде қазақ ертегілерін, аңыздарын мол
жариялаған адамдар – Алекторов, Г.Н. Потанин, А.А. Диваев және басқа
бірнеше жинаушылар бар. Орыс тіліне аударып, қазақ ертегілерін, аңыздарын
көп таратқан бірталай баспа орындары да бар: Акмолинские обл. Ведомости,
Оренбургский листок, Особое добавление к областным Ведомостям,
Киргизская степная газета, Тургайская газета, Туркес- танские
Ведомости, Астраханский вестник, Русские Ведомости, Тургайские обл.
Ведомости, Оренбургский губ. Ведомости, Волжский вестник,
Этнографические материалы (Средняя Азия) дегендер сияқты орыс тілінде
шығатын көп кезекті баспасөз беттерінде, орыс оқымыстылары мен қазақ
зерттеушілерінің жинаған көп ертек, аңыздары басылған. Ертегілердің өз
үлгілерін жариялаумен қатар Шоқан, Радлов, Потанин, Алекторов сияқты
адамдардың сол қазақ ертегілері туралы айтқан азын-аулақ үзінді пікірлері
де бар. Мысалы, Шоқан қазақ ертегілерінің көпшілігінде Афанасьев жариялаған
орыс ертегісіне ұқсас әңгімелер көп екенін айтады. Бұл пікірді Алекторов та
қостайды. Ол қазақ ертегілерінің көбінде солтүстік елдер ертегісімен және
кейбір Шығыс елдерінің ертегілерімен ұқсастық бар екенін айтады.
Радлов ХІХ ғасырдың бойында бұның алдында Шоқан Уәлиханов дұрыс байқап,
қатты наразылықпен айтқан бір жайды дұрыс дәлелдеп сөйлейді. Ш.Уалиханов
татар молдаларының қазақ ортасынан діншілдік, фанатиктік исламшыл аңыз,
қиссаларды көп жинағанын қатал сынаған еді.
Радлов өзі жинаған, қазақ ортасына жайылған ислам дінімен жалғас тарап
жүрген ертегілік аңыздарды бастырып жариялайды және солардың ішінде Кітап
өлең деген бөлімде қазақтың халықтық шығармаларына араласа тарай бастаған
Жұм-Жұма сияқты әңгімелерді ХІХ ғасырдың соңғы дәуірлеріндегі жасанды
жаңалықтар есебінде сынайды.
Жалпы революциядан бұрын қазақ ертегілерін жинап жариялаушылар арасында
ғылымдық жолмен еңбек етіп зерттеуші – сол академик В.В. Радлов болған.
Оның жазып алған ертегілері (кейбір жерлерде Радловтың қазақша сөйлесуге
жатық болмағандығынан жаңылыс түскенімен) ертекшінің өз тілін бар
ерекшелігімен, өте дәл береді. Бұған кездескен ертегішілер өзгеше айтқыр,
тілі бай, анық өнерлі ертегішілердің өзі тәрізді. Олардың айтуында
ертегінің дағдылы бастамалары, аяқтауы, ертегінің өзіне лайық тілі, әрбір
орынды жерлерде қолданылатын мерзімді ертегілік сөйлемдер және айшықты,
орамды сөз құрамдары ұдайы кездесіп отырады. Қысқасы, ертегінің әрбір
айтушыға байланысты жекешелік түр, тіл жаңалықтары да және осы алуандас
халық ауыз әдебиетінің көркемдік түр, стиль өзгешелігі де, бұл айтушылардың
айтуынан және Радловтың ғылымдық, ұқыптылықпен дәл түсіріп жазып алуынан
аса айқын байқалады.
Осылайша өзі естіп, өзі көрген, жазып алған тіл деректеріне қарап Радлов
қазақ халқының тіл өнері жөнінде тұтас пікір айтады. Өзге туыстас елдері-
нен қазақтың ерекшелігі – сөз орамына шебер және тамаша шешен деген. Бірақ
өзге қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін жазғанда қолданған әдеті бойын- ша
өткен ғасырдағы буржуазиялық фольклористиканың дағдысына түсіп, Радлов
өзіне ертегі айтып берген адамдардың аттарын, жөндерін жазбайды. Олар жайын
елемей, атамай өтеді.
Бұл тұста Радлов, халықтың ауызша шығарма, атсыз ақындар, айтушылар
таратып жүретін көптік шығарма деген түсінікті буржуазиялық
фольклористиканың үстірт теріс түсінігін қолдайды. Халық ауыз әдебиеті
коллективтік түрде туып сақталумен қатар жеке халық өнерпаздарының
қатынасуы мен творчестволық араласуысияқты туып, дамитынын аңдамаған. Ал
Г.Н. Потанин қазақтың ертегі мен аңыздарын жинап, орыс тіліне аударып
бастыруда Радловтан басқаша әрекет етеді. Ол көбінше өзіне белгілі ертегі,
аңыз-әңгімелерді айтып берген адамдардың аттарын, тұрған болыстарын,
ауылдарын атап отырады.
ХІХ ғасырдың 90-шы жылдарында және ХХ ғасырдың бас кездерінде қазақ
ертегілерін жоғарыда аталған – орысша кезекті баспасөз беттерінде жария-
лаушы Алекторов сияқты оқымыстылардың көпшілігі де өздеріне ертегі айтып
берген адамдардың аты-жөнін, тұрған жайын атап отырады.
Қазақ ертегісінің, өзге халықтық ауыз әдебиет үлгілеріндей ең мол
жайылып, ретті түрде жазылып, топталып зерттелуі және жариялану кезі Ұлы
Октябрь революциясынан кейін ерекше үдеп дами түсті. Бұл жөнде қазақ
ертегілерінің аса көп түрлері арнаулы экспедициялар еңбегімен көп жылдар
бойында Қазақстанның көп-көп өлкелерінен жазылып жиналумен келеді.
Қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып, хатқа түсуі, баспа жүзіне
шығуы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталады. Бұл ретте
Ш.Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В.В.Радлов, Ә.Диваев, А.Е. Алекторов,
А.Васильев, Н.Пантусов, Б.Дауылбаев, Б.Досымбеков, М.Ибрагимов, т.б.
айрықша еңбек сіңірді. Осы аталған адамдар сол кезде Орынбор, Омбы, Қазан,
Астрахань мен Ташкенттен шығатын газет-журналдар бетіне қазақ ертегілерін
үнемі жариялап отырады. Бұлардың жинаған материалдары Дала уалаяты
газетінде, Торғай облыстық ведомосында , Ақмола облыстық ведомосында,
Орынбор газетінде, Орынбор губерниялық ведомосында, Астрахань
газетінде т.б. үзбей жарияланып тұрады. Ертегілердің көптеген үлгілері Омбы
мен Орынборда шығатын газеттерде молырақ жарияланады.
Жоғарыда аталған адамдардың ішінен қазақ ертегілерін жинап, бастыруда
айтарлықтай еңбек еткендер – А.Алекторов, Н.Пантусов, А.Васильев,
Б.Дауылбаев, М.Досымбековтер. Бұлар ел арасынан жинаған материалдарын төрт-
бес газетке бастырып отырған және жинақ етіп те шығарған. Мысалы,
А.Алекторовтың жинаған ертегілері Омбы, Астрахань, Орынбор газеттерінде
үнемі жарияланып келген. Кейінірек ол өзі жинаған ертегілерін кітап етіп
1898 жылы Киргизская хрестоматия деген атпен екі тілде Орынборда
шығарады.
Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін ел арасынан жинау ісіне белсене
араласқан және бұл жөнінде асқан ұқыптылық жасаған адамдардың бірі
Н.Пантусов болды. Ол қазақ елінің көп жерін аралайды. Қазақ тілін үйренеді
және жүрген жерінде ауыз әдебиеті нұсқаларын жазып алып отырады. Оның
материалдары көбінесе Дала уалаяты газетінде екі тілде жарияланып тұрады.
Кейіннен ол Қазақ-қырғыз тілін үйренушілерге көмекші материалдар және
Қазақ халық әдебиетінің үлгілері деген атпен 1899-1909 жылдар арасында
жеті жинақ шығарады. Олар Қазан қаласында басылады. Бұл жинақтарға қазақ
ертегілерінен көп материалдар енеді.
Қазақ ауылдарын көп аралаған , ауыз әдебиеті үлгілерін жинап,
баспа жүзіне шығаруда бірсыпыра еңбек сіңірген адамның бірі – А. Васильев.
Оның жинаған материалдары Дала уалаяты газеті мен Торғай облыстық
ведомосында екі тілде үзбей басылып тұрады және Қазақ ауыз әдебиетінің
үлгілері деген атпен 1897 жылы Торғай облыстық ведомосының елу шақты
нөмірінде көптеген ертегілер басылады. Васильев жинаған Үлгілер 1898 жылы
Орынборда (сөзі қазақша, әрпі орысша) жеке кітапша болып шығады. 1900 жылы
Дала уалаяты газетінде Бозжігіт, 1901 жылы Қозы көрпеш - Баян сұлу
жарияланды. Бұл екеуін де жинап, газетке бастырған А.Васильев болды.
Қазақ ертегілерін жинау, баспа жүзіне шығару жөнінде кеңестік дәуірде
бірсыпыра жұмыстар істелді. Егер Қазан революциясына дейін бұл істі жеке
адамдар ғана жүргізсе, кеңестік дәуірде оған ғылыми-зерттеу мекемелері
қатысады, мемлекет тарапынан қаржы бөлінеді. Мұнымен қатар, кеңестік
дәуірде қазақ ертегілері жөнінде қазақстандық жазушы Л.В. Макеев пен
профессор В.М. Сидельниковтың еңбектерін айрықша атауға болады.
Қазан революциясына дейін қазақ ертегілерін ел арасынан жинап алушылар
болса да, оны ғылыми тұрғыдан баяндайтын үлкенді-кішілі еңбектер болмады.
Бұл ретте Потанин, Васильев, Диваев, Мелиоранский, т.б. бірен-саран ғана
мақалалар жазып пікірлер айтқан. Олар көбінесе қазақ ертегілерін жинау
керектігін сөз етті.
Қазақ ертегілерін ғылыми тұрғыдан зерттеу ісі кеңестік дәуірде ғана
қолға алынады. М. Әуезов қазақ ертегілерінің идеялық-көркемдік
ерекшеліктерін, тарихи даму жолдарын зерттеді, ертегілердің әдебиет
тарихынан алатын орнын анықтады.

1.2. Ертегілердің түрлері және олардың көркемдік ерекшелігі

Ертегілерде халық басынан кешкен ғасырлар ізі жатыр. Оларда еңбекші
халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, елдік тарихы, қилы-қилы қиын
асулары , халықтың мұң-шері, арман-мұраты бейнеленген.
Академик М.Әуезов Ертегілер атты ғылыми еңбегінде қазақ ертегілерін
жан-жақты алып тексереді, мазмұнына қарай тақырыпқа бөледі, көркемдік
ерекшеліктерін анықтайды. Ертегілердің ішіндегі ең көнесі әрі
ертегілердің мол саласы – қиял-ғажайып ертегілері. Бұл ертегілерді
табиғаттың нелер тұңғиық сырларын әлі танымаған адам ойының сәбилік
шақтары, соны білсем деген халық арманы , әлемді шарласам, жеті қат жер
асты құпияларына үңілсем, тіршілік өмірін жеңілдетсем, жазира , жадыраған
жайма-шуақ заманға жетсем деп армандаған халық қиялы бейнеленген. Сол
дүниеде жаңалық пен жамандық, әділдік пен жауыздық, адалдық пен қаскөйлік
бітіспес арпалыста болады. Ертегілерде тартыс осы қарама-қарсы күштер
арасында өрбиді. Ертедегі адамдар табиғат және оның құбылыстары туралы,
адамның еңбегі, күресі жайында, дүние-жаратылыс, қас пен дос, неше түрлі
керемет күштер туралы қиял-ғажайып ертегі-әңгімелер тудырған. Олар
өздерімен алысқан жаулары жайында да, сол жауларды жеңу жолдары туралы да
әр түрлі ертегілер шығарған. Оларды жалғыз көзді дәу, жын-пері, мыстан
кемпір, жезтырнақ, жеті басты айдаһар , абжылан , т. б. бейнесінде алған.
Бұлардың бәрі адам баласына қастық жасаушылар, керемет күші айла-амалы
барлар деп түсінген. Ол түсініктері көбінесе мифтік ұғымға , бұлдыр
сезімге , ертедегі адамдардың өздері иланған көп құдайға байланысты
болады.
Экономикалық дамудың төменгі дәрежеде болуы себебінен ертедегі адам
баласы табиғат сырын және оның құпия құбылыстарын жетік түсіне алмаған.
Сондықтан да бұл құбылыстарда артықша жаратушы күш бар деп ұғынған да,
соларға нанып, сенген. Сол күштерді танып білу және меңгеріп алу жайында
қарстырған., оны қиял еткен. Бұл қиялдары, арманы ертегі-әңгімеге
айналған. Бұл ертегілерді, - дейді М.Горький,- мағынасы ертедегі жұмысшы
адамдардың өз еңбегін оңайлатуға , оның өнімділігін күшейтуге , төрт аяқты
және екі аяқты жауларға қарсы қолдануға талпынуда және сөз күші арқылы
дуалау, арбау әдісі арқылы жаратылыстың стихиялық , адамға жау
құбылыстарына әсер етуде еді. Соңғысы әсіресе маңызды, өйткені адамның
өз сөзінің күшіне қалай қатты сенгендігін көрсетеді, ал бұл сенім
адамдардың әлеуметтік арақатынастары мен еңбек процестерін ұйымдастыратын
сөздің айқын және мейлінше нақты пайдасын көрсетеді.
Қиял-ғажайып ертегілері ертедегі адамдардың болмыс жайындағы сезімінен
, әр түрлі қауіп-қатерлерден құтылу ,тіршілік ету, табиғат сырын танып білу
және оны өзіне бағындыру жайындағы арман-қиялынан туған. Сондықтан да бұл
ертегілерде ертедегі адамдардың еңбек процесінде аңсаған арман-мүддесі ,
жақсылықты болашақтан күтуі, оптимистік көзқарасы да көрініп отырады. Олар
ауыр еңбекті жеңілдетсек екен деп арман қылған , соны көксеген. Ал бұған
олар өзінің қиялы арқылы ғана жеткен. Сол қиялдарын ертегі - әңгімеге
айналдырған. Бұл жөнінде М.Горький былай дейді: Тіпті атам заманғы уақытта-
ақ адам баласы әуеде ұшу мүмкіншілігі жөнінде ойлаған , мұны Ұшқыр
кілем ертегісі айқын көрсетеді. Жер бетіндегі жүрісті жылдамдату туралы
да ойлаған, мұны Жүрдек етік туралы ертегіден көруге болады. Өзен
үстінде оның ағысынан гөрі жылдам жүруге ұмтылғандықтың арқасында ескек
пен желкенді ойлап шығаруға ; жау мен хайуанды өлтіруге талпыну садақты ,
садақ оғын ойлап шығаруға түрткі болды. Жіп иіру және бір түн ішінде
бірталай кездеме тоқу мүмкіндігі туралы, тіпті сарай салу туралы , яғни
жаудан қорғайтын пана салу туралы ойлап, жұрт осының арқасында еңбектің
ең ерте заманғы құралдарының бірі болған ұршықты, тоқу үшін жабайы қол
станогін ойлап шығарды.
Ертедегі адамдар алдына қойған мақсатына , ойына алған , қиял еткен
арман-мүддесіне бірден жеткен жоқ. Олар бұл жолда талай қиыншылықтарды
басынан кешірген. Оны ертегілерінде суреттеген. Бірақ ол адам баласының
күшін, мәңгі жасайтынын білген, өзіне дұшпан күштердің бәрін де жеңіп
шығатынына сенген. Бұл сенім қиял-ғажайып ертегілерінен де мол орын алған.
Қазақтың қиял-ғажайып ертегілері есте қалмаған ерте заманда туып, талай
ғасырмен бірге жасап, біздің дәуірімізге жетті. Ол өзінің қалыптасу, даму
барысында көптеген өңдеу-өзгерістерге де ұшырады. Бірақ солай бола тұрса
да, қиял-ғажайып ертегілері негізгі тақырыбын жоймағаны, қайта оны
жетілдіру, ажарлап айту үстінде болғаны байқалады. М.Әуезовтің
зерттеулеріне қарағанда, қиял-ғажайып ертегілерінің алғашқы тақырыптары
аңшы-мергендер, бақташы-малшылар жайында болған. Адам баласы өзінің күн
көрісі жолында неше түрлі жыртқыш аңдармен күрескен, табиғаттың стихиялық
күштеріне қарсы алыса отырып , мал өсіру, әр түрлі жаулармен шайқасу,
оларды жеңу асқан ерлік болып танылады.Ол кездегі адамдар өздерінің
жеңістеріне шаттанған, ерлік жасаған батырлары жайында әңгіме-ертегілер
шығарған. Мұндай адамдарды жағымды бейнеде алып суреттеген және олардың
істеріне ғажайып сипат берген.
Қиял-ғажайып ертегілерінің жағымды бейнеде алатын басты кейіпкері
халық арасынан шыққан қарапайым адамдар болып келеді. Оларға көмектесетін
, жәрдем беретін дос-жолдастары есебінде алып қарақұс, тұлпар ат жүреді.
Кейде жағымды кейіпкерге неше түрлі таусоғарлар , көлжұтарлар, желаяқтар ,
саққұлақтар жолдас болып, жақсылық жасайды , басты кейіпкердің мақсат-
мұратына жетуіне көмектеседі.
Хайуанаттар жайлы ертегілердің де алғашқы үлгілері өте ерте
заманда туған. Ертедегі адамдар өздерінің күн көрісі үшін төрт аяқты
хайуандарды пайдалану, оларды үйрету, асырау жайын қарастырған және әрбір
хайуанат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру үлгісі
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілерін пайдалану
Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық ертегілерін оқыту процесінің рөлі
Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық ертегілерін оқыту процесіндегі ролі
Мектепке дейінгі мекемелерде ертегілер арқылы елжандылық сезімдерін дамыту
Ертегілерді оқыту барысыңда оқушыларды қайырымдылыққа тәрбиелеудің теориялық негізі
Мектепте оқушылардың адамгершілік түсініктерін қалыптастыру
Адамамгершілік сапаларының тұлға дамуындағы рөлі
Қазақ ертегілері арқылы балалардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
Пәндер