Жіктік жалғауын оқыту әдістемесі



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
І тарау. Жіктік жалғау . грамматикалық мағына берудің айрықша түрі
І.1. Предикаттық мәндегі морфологиялық тұлға ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
І.2. Қазақ тіліндегі сөздердің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
ІІ тарау. Жіктік жалғауын оқытудың маңызы
ІІ.1. Жіктік жалғауының өзіндік ерекшеліктерін таныту ... ... ... ... ... ... ... ... .16
ІІ.2.Жалғауды оқытудың тиімді жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Қосымша беттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Грамматикалық мағынаның белгілі бір түрі, атап айтқанда, категориялық грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы беріледі. Қазақ тілінде грамматикалық формаларға жалғаулар да жатады. Жалғаулар сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы оларға белгілі грамматикалық мағына үстейтін морфологиялық формалар болып есептеледі. Қазақ тіліндегі төрт түрлі жалғаудың әрқайсысының өзіне тән грамматикалық мағыналары және сол мағыналарына орай арнаулы грамматикалық формалары бар. Сол себептен олар өз алдына категория деп танылып, әрқайсысы бас - басына септеу категориясы, көптеу, тәуелдеу, жіктеу категориясы делініп есептеледі.
Жіктік жалғау − қимыл иесінің кім екенін білдіру үшін қолданылатын қосымша, ол сөз бен сөзді жақ жағынан қиыстырып тұрады.
Жіктік жалғауы есім сөзге де, етістікке де жалғанады. Тек қана синтаксистік қызмет атқарады. Жіктік жалғау − баяндауышқа тән жалғау.
Зерттеудің мақсаты: оқушыларға жіктік жалғауының қызметін меңгерте отырып, тілдік материалдарға деген қызығушылығын арттыру.
Зерттеудің міндеттері:
1. Ғылыми зерттеу көздеріне сүйене отырып, тақырыптың теориялық сипатын ашу.
2. Оқушыларға жіктік жалғауы тақырыбы бойынша берілетін білім көлемін анықтау.
3. Оқытуда қамтылатын инновациялық технология түрлерін саралау.
Зерттеудің болжамы: егер оқыту барысында жіктік жалғауының қызметін оқытуда берілетін білім түрлері логикалық жүйемен үздіксіз дамытылып отырса, оқушының білімі мен сөйлеу мәдениетін жетілдіру ұтымды әдістер мен ұстанымдар негізінде жүргізілсе, оқытудың нәтижелілігі мен тиімділігі арта түседі.
Зерттеудің әдістері: әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, бақылау-зерттеу, талдау-жинақтау.
Зерттеудің нысаны: 7 «Б» сыныбы
Пәні : қазақ тілін оқыту әдістемесі
Зерттеу орны: Тараз қаласы №53 орта мектеп
Зерттеу кезеңдері:
1. Тақырып таңдап алу, сол бойынша іздену.
2. Бекітілген тақырыпқа байланысты материал жинақтап, жұмыстың жоспарын құру.
3. Жоспарға сәйкес курстық жұмыстың І бөлімін жазу.
4.Диплом алдындағы тәжірибе жинақтау, курстық жұмыстың практикалық бөлімін жазып, жұмысты аяқтау және қорғау.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1993 жыл.
2. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі .А., 1990 жыл.
3. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. А., 1966 жыл.
4. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б.
Қазақ тілі стилистикасы. А., 1974 жыл.
5. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі. А., 1994 жыл.
6. Белбаев М. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы. А., 2001 жыл.
7. Дәулетбекова Ж. Қазақ тілінің оқыту әдістемесі. А., 2001 жыл.
8. Исаев С. Қазақ тілі. А., 1996 жыл.
9. Қараев М. Қазіргі қазақ тілі. А., 1993 жыл.
10. Құлмағанбетова Б. Қазіргі қазақ тілін оқыту методикасы. А., 1998 жыл.
11. Құлмағанбетова Б., Исанова А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 2000 ж.
12. Мейірманқұлова Т. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Астана, 2010 жыл.
13. Оразбаева Ф., Сағидулла Г. Қазіргі қазақ тілі. А., 2005 жыл.
14. Ұйықбаев И.К. Қазақ тілі методикасының мәселелері. А., 1969 жыл.
15. Ысқақаов А. Қазіргі қазақ тілі. А., 1991 жыл.
16. Ысқақов А. Қазақ тілінің грамматикасы. А., 1967 жыл.
17. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі, морфология. А., 1964 жыл.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
І тарау. Жіктік жалғау – грамматикалық мағына берудің айрықша түрі
І.1. Предикаттық мәндегі морфологиялық тұлға
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
І.2. Қазақ тіліндегі сөздердің жіктелуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
ІІ тарау. Жіктік жалғауын оқытудың маңызы
ІІ.1. Жіктік жалғауының өзіндік ерекшеліктерін
таныту ... ... ... ... ... ... ... . ... 16
ІІ.2.Жалғауды оқытудың тиімді жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .26
Қосымша
беттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...27

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Грамматикалық мағынаның белгілі бір түрі, атап
айтқанда, категориялық грамматикалық мағына грамматикалық формалар
арқылы беріледі. Қазақ тілінде грамматикалық формаларға жалғаулар да
жатады. Жалғаулар сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы
оларға белгілі грамматикалық мағына үстейтін морфологиялық формалар болып
есептеледі. Қазақ тіліндегі төрт түрлі жалғаудың әрқайсысының өзіне тән
грамматикалық мағыналары және сол мағыналарына орай арнаулы грамматикалық
формалары бар. Сол себептен олар өз алдына категория деп танылып,
әрқайсысы бас - басына септеу категориясы, көптеу, тәуелдеу, жіктеу
категориясы делініп есептеледі.
Жіктік жалғау − қимыл иесінің кім екенін білдіру үшін
қолданылатын қосымша, ол сөз бен сөзді жақ жағынан қиыстырып
тұрады.
Жіктік жалғауы есім сөзге де, етістікке де жалғанады. Тек қана
синтаксистік қызмет атқарады. Жіктік жалғау − баяндауышқа тән жалғау.
Зерттеудің мақсаты: оқушыларға жіктік жалғауының қызметін меңгерте
отырып, тілдік материалдарға деген қызығушылығын арттыру.
Зерттеудің міндеттері:
1. Ғылыми зерттеу көздеріне сүйене отырып, тақырыптың теориялық сипатын
ашу.
2. Оқушыларға жіктік жалғауы тақырыбы бойынша берілетін білім көлемін
анықтау.
3. Оқытуда қамтылатын инновациялық технология түрлерін саралау.

Зерттеудің болжамы: егер оқыту барысында жіктік жалғауының қызметін
оқытуда берілетін білім түрлері логикалық жүйемен үздіксіз дамытылып
отырса, оқушының білімі мен сөйлеу мәдениетін жетілдіру ұтымды әдістер
мен ұстанымдар негізінде жүргізілсе, оқытудың нәтижелілігі мен тиімділігі
арта түседі.
Зерттеудің әдістері: әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, бақылау-зерттеу,
талдау-жинақтау.
Зерттеудің нысаны: 7 Б сыныбы
Пәні : қазақ тілін оқыту әдістемесі
Зерттеу орны: Тараз қаласы №53 орта мектеп
Зерттеу кезеңдері:
1. Тақырып таңдап алу, сол бойынша іздену.
2. Бекітілген тақырыпқа байланысты материал жинақтап, жұмыстың
жоспарын құру.
3. Жоспарға сәйкес курстық жұмыстың І бөлімін жазу.
4.Диплом алдындағы тәжірибе жинақтау, курстық жұмыстың практикалық
бөлімін жазып, жұмысты аяқтау және қорғау.

І тарау. Жіктік жалғау – грамматикалық мағына берудің айрықша түрі
І.1. Предикаттық мәндегі морфологиялық тұлға

Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері деген ұғым белгілі бір
мағына типтерінің (түрлерінің) не арқылы және қалай берілуінің тілдік
қабат негізіндегі жиынтығы, тобы болып табылады да, ол өз ішінде жекелеген
түрлерден тұрады. Сол түрлер ол тәсілдің не мағына берілудің жолдары
болып табылады.
Грамматикалық мағынаны білдіру тәсілдерінің бірі − синтетикалық
тәсіл. Грамматикалық мағынаның синтетикалық тәсіл арқылы берілуінің бір
жолы − қосымша қосылу жолы, яғни грамматикалық тұлғалардың үстелуі
арқылы грамматикалық мағынаның берілуі. Әсіресе форма тудыратын қосымшалар
арқылы неше алуан грамматикалық мағына беріледі.
Грамматикалық мағынаның белгілі бір түрі, атап айтқанда,
категориялық грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы
беріледі. Қазақ тілінде грамматикалық формаларға жалғаулар да жатады.
Жалғаулар сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы
оларға белгілі грамматикалық мағына үстейтін морфологиялық формалар болып
есептеледі.Жалғауларда мағыналық дербестік те, тұлғалық дербестік те
болмайды. Өйткені жалғаулар, біріншіден, жеке-дара
қолданылмайды,екіншіден, жеке - дара тұрғанда ешқандай мағынасы да
болмайды. Ал мағыналы сөздерге қосылғанда ,олардың атқаратын қызметтері де
зор және ол сөздерге тиісті грамматикалық мағыналар да жамайды.
Жұрнақтарға қарағанда, жалғаулардың өрісі кең, өресі де жазық болып
келеді. Мысалы, септік және тәуелдік жалғауларын алсақ, олар тек зат
есімдерге ғана жалғанып қоймай, субстантивтенетін сөздердің қай-қайсысына
болса да жалғана береді. Көптік жалғаудың өрісі де осындай. Жіктік
жалғау болса, сөйлемде баяндауыш болатын саздердің бәріне де талғамай
жалғана береді.
Қазіргі қазақ тілінде жалғаулардың төрт түрі бар. Олар: көптік
жалғау, тәуелдік жалғау, септік және жіктік жалғаулар. Осы төрт түрлі
жалғаудың әрқайсысының өзіне тән грамматикалық мағыналары, сол
мағыналарына орай, арнаулы грамматикалық формалары және сол
грамматикалық мағыналары мен формаларына сай олардың өзді - өздеріне тән
ерекше қызметтері бар.
Барлық жалғаулардың да сөз байланыстырудағы қызметі ерекше.
Сондықтан да олар басқа қосымша түрлерінен бөлініп, жалғау деп аталады.
Жіктік жалғаудың сонымен бірге сөйлем құрауға, сөйлемді тиянақтап ой
білдіруге тікелей қатысы болып отырады, өйткені сөйлемнің діңгегі , ойдың
көрінісі, негізі болып тұратын сөйлемнің баяндауышы жіктік жалғау арқылы,
бір жағынан, ойдың қазығы, қимыл-әрекеттің иесі бастауышпен қиыса
байланысып тұрса, екінші жағынан , ойды тұжырымдап , тиянақтап, сөйлемді
аяқтап тұрады. Сондықтан да түркологияда жіктік жалғауын баяндауыш
(предикат) қосымшысы немесе баяндауыш категориясының тұлғасы деп атайды.
Н.К. Дмитриевтің көрсетуінше, сөзге қосымшалар (аффикстер) жалғану
негізінде болатын грамматикалық категория әдетте морфологиялық категория
деп саналатын болса да, өзінің мәні жағынан баяндауыштық категория, яғни
жіктелу таза синтаксистік қызмет атқарады. Түркі тілдерінің ерекшелігінің
өзі де осында, өйткені Э.В. Севортянның көрсеткеніндей, баяндауыштық
сипат дегеніміз − екі түрлі грамматикалық категорияның қатысы, оның бірі
баяндауыш деп аталатыны , белгілі бір қасиетті білдіре отырып, екінші
бірімен, сол қасиеттің иесімен немесе оның жағын білдіретін бастауыш деп
аталатынымен қосылып кетеді.
Қазақ тіл білімінде жіктелуді, жіктік жалғауды бірдетек жақтық
мағынамен байланысты қарап, предикативтік мәнмен бара-бар деп түсінушілік
те бар. Бірақ жіктелу, сол арқылы грамматикалық жүйе ретінде жіктік
жалғау тек жақтық мағынамен шектеліп қоймайды, онда жіктік жалғаудың
тәуелдік жалғаудан бөлек грамматикалық категория боларлықтай ерекшеліктері,
айырмашылықтары болмас та еді.Жақтық мән жіктік жалғауда да, тәуелдік
жалғауда да бар. Оның үстіне жақтық мағынаны тек предикативтік реңк деп
түсінуге де болмайды. Жақ ұғымы тілдің грамматикалық құрылысы,
синтаксистік сипаттың көрінісі ретінде өмір сүреді. Бірақ жақ ұғымының
(жіктелудің) морфологиялық сипатын ескермеуге болмайды, өйткені жіктік
жалғау үш жақта, әрқайсысына тән арнайы грамматикалық тұлғалары бар
парадигмалық түрлену жүйесі болып табылады. Сондықтан да жақ (жіктік)
категориясы немесе жіктелу, оның түрлену тұлғасы жіктік жалғау,
баяндауыштық қосымша деп аталса да, синтаксистік сипаты мол болса да,
морфологиялық категория болып саналады, өйткені , біріншіден, жіктелудің
мәні ең алдымен грамматикалық тұлғалар мен солар білдіретін
грамматикалық мағыналар сәйкестігі арқылы айқындалады., екіншіден, сөз
түрлендіру тұлғалары жиынтығынан құралатын грамматикалық категориялардың
синтаксистік қызмет атқару қасиеті, мысалы, тәуелдік жалғауының ілік
септік жалғаулы сөзбен анықтауыштық қатынаста матаса байланысуы, септік
жалғауларының обьектілік, мезгілдік, мекендік қатынастарда екінші сөзбен
меңгеріле байланысуы − заңды құбылыс. Сөйтіп, жіктік жалғау − сөйлем
құрайтын негізгі діңгек сөздерді (бастауыш пен баяндауышты)
байланыстыратын предикаттық мәндегі морфологиялық тұлға.
Қазіргі қазақ тілінде жіктік жалғаудың ықшамдалған кейбір формалары
да бар және олар толық формалармен жарыса әдеби тілде де қоса-қабат
қолданылып жүр. Ондай ықшамдалған форма мынадай екі тұлғада жиі ұшырайды:
Біріншіден,ықшамдау құбылысы -ған формалы есімшемен байланысты жиі
кездесіп отырады. Мен дағы жаңа тапқан күйді тартқам (І. Жансүгіров);
Қайнаған, қыбырлаған қала келген, Дәметкем дәннің дімін әр-ақ елден
(С.Мұқанов).
Екіншіден осындай ықшамдалған форма -а,-е,-й формалы көсемшенің
бірінші және үшінші жақтарында да жиі кездеседі. Мысалы: Алыстан
келем, алысқа барам (Ғ. Мұстафин); Қой, әке, қой, кейіме,Адам болам,
аттанам, Ауылдың бәрін үркітіп, Қайда барып бақ табам (І. Жансүгіров)
Жіктік жалғаудың ықшамдалған формалары әсіресе ауызекі сөзде және
өлең сөзде жиі қолданылады. Бірақ олардың ықшамдалуына жіктік
жалғауларының өзіне тән екпіні болмауы себеп те, негіз де болған сияқты.
Қазақ тілінде адамға байланысты есім сөздер тікелеі жіктеледі де,
жіктік жалғау тікелей сол түбірге жалғана алады. Ал етістік түбіріне
тікелей жіктік жалғау жағана алмайды. Етістіктің қай түрін жіктесек
те, жіктік жалғауының сөзге жалғануы жағынан да , сыртқы түр-тұлғасы
жағынан да , басқа сөзбен байланысы жағынан да бірінші және екінші
жақ бір түрлі, ал үшінші жақ өзінше бөлек екені байқалып тұрады.
Бұл тек І ,ІІ жақтың сөйлеуші мен тыңдаушы, ал ІІІ жақтың бөгде
болуымен ғана емес, сонымен бірге шығу, қалыптасу тарихымен, қолданылу
ерекшеліктерімен де байланысты.
Айталық, І, ІІ жақ жіктік жалғаулары жіктеу есімдіктерінен (-мын,-мін,-
бын,-бін,-пын,- пін тұлғалары мен дегеннен , -сың,-сің сен дегеннен
, -сыз,- сіз сіз дегеннен сондай-ақ біз сөзінен-мыз,-міз,-
быз,-біз,-пыз,-піз, сендер дегеннен -сыңдар,- сіңдер, сіздер
дегеннен -сыздар,- сіздер) жасалып, қалыптасқаны белгілі. Мұнымен бірге
І, ІІ жақ жіктік жалғаулары І ,ІІ жақта кейбір дыбыстық өзгерістерге
түсіп, түріп өзгертіп, І жақта - м , мысалы, келді-м, барса-м ( бара-
мын дегеннің сөйлеу тілде бара-м болуы сияқты дамудың салдары болу
керек). Осындай өзгеріс үстінде жіктеу есімдіктері І , ІІ жақ
тәуелдік жалғауларын да (-ым,-ім,-м және -ың,-ің,-ң,-ыңыз,-іңіз,-ңыз,-
ңіз) қалыптастырған. Ал қазақ тілінде -а,-е,-й-ып,-іп,-п көсемше тұлғалы
етістік жіктелгенде ғана кездесетін ІІІ жақ жалғауы -ды,-ді,-ты,-ті
тарихи жағынан тұр көмекші етістігінен кейінірек жасалып ,
қалыптасқан.Көпшілік жағдайда ІІІ жақтың арнайы қосымшасы болмайды да,
ол форма көбіне нөлдікформа арқылы беріледі.
Есім сөз таптарының І және ІІ жақта жұмсалуында да белгігі бір
ерекшелік бар. Әдетте адамға қатысты зат есім, сын есім, сан есімдер
ғана жіктеле алады.
Мен бала-мын, жігіт-пін , жалғыз-бын, үлкен-мін, екңнші- мін.
Ал адамға байланысты емес заттарға, сол заттардың әр түрлі сындық,
сандық сипатына байланысты сөздер бірінші я екінші жақ бола алмайды.,
яғни мен үй-мін, сен тау-сың деп айтуға болмайды , тек кейде жанды-
жансыз заттар адам мағынасында түсініліп, әсіресе поэзияда
экспрессиялық мәнде ғана қолданылуы мүмкін.
Сонда мен көп өліктің бірімін ғой,
Сүйгеннің аузындағы жырымын ғой. (С. Торайғыров)

Жылансың екі басты ел жалмаған,
Қоймаймын не қылсаң да айтар сөзім. (Ж. Мұса)

І.2. Қазақ тіліндегі сөздердің жіктелуі

Жіктік жалғау тек қана синтаксистік атқарады. Өйткені жіктік жалғаулы
сөз сөйлемде әрдайым баяндауыш қана болады. Солай болса, жіктік жалғау -
баяндауышқа ғана тән жалғау.
Жіктеу категориясы - қазіргі қазақ тілінде тек етістікке ғана тән қасиет
емес, баяндауыш болып қызмет атқара алатын өзге де сөз таптарына, соның
ішінде есімдерге де тән қасиет. Олай дейтін себебіміз - баяндауышы жіктеу
есімдіктерінен болған сөйлемде баяндауыш болатын сөз (қай сөз табынан болуы
шарт емес) әрқашан бастауышпен жақтасып, тиісті жіктік жалғауды қабылдайды.
Егер сөйлемнің бастауышы есімдіктен емес, басқа бір жалпы я жалқы есімнен
болатындай жағдайда, оның баяндауышы, әдетте, үшінші жағында тұрады
(мысалы: Ол отыр - бала отыр; ол келді - бала келді; ол көрсін - бала
көрсін; ол оқыпты - бала жазыпты т.б.).
Қазақ тіліндегі сөздер төмендегідей төрт топқа бөлініп, төрт түрлі
үлгі бойынша жіктеледі:
Бірінші топқа отыр, тұр, жүр жатыр етістіктері, есімшелер, зат есімдер,
сын есімдер, сан есімдер, есімдіктер, үстеулер жатады.
Екінші топқа -а, -е, -й (бара, келе, сөйлей) формалы және -п, -ып, -іп
(қарап, айтып, келіп) формалы көсемшелер жатады; олар екінші үлгі бойынша
жіктеледі.
Үшінші топқа етістіктің жедел өткен шақ формасы (бар-ды, кел-ді) мен
шартты рай формасы (барса, келсе) жатады; бұлар үшінші үлгі бойынша
жіктеледі.
Төртінші топқа етістіктің бұйрық рай формасы (бар, кел) жатады да,
төртінші үлгі бойынша жіктеледі.
1. Бірінші топқа тән сөздер сөйлемде баяндауыш болса, жіктік жалғау
оларға жекеше түрде де, көпше түрде де барлық жақтарда бірдей, бір ізбен
қосылады. Бұл топқа тән сөздердің жуан я жіңішкелігін қамти отырып, бір-бір
мысал алып, жіктеп көрсек, мынадай үлгі туады: а) тұр, жүр.
Жекеше
Көпше
мен тұр-мын, жүр-мін, сен тұр-сың, біз (дер) тұр-мыз, жүр-міз, сендер
тұр-
жүр-сің, сіз тұр-сыз, жүр-сіз, ол тұр, сыңдар, жүр-сіңдер, сіздер тұр-
сыздар,
жүр-
сіздер, олар тұр, жүр

Екінші жақтың сыпайы түрінің жекешесінде де, көпшесінде де ауызекі
(сөйлеу) тілде -сыз, -сыздар дегеннің орнына -сыңыз, -сыңыздар деп те
айтылады. Оның бер жағында, бұл формалар тек осы топқа ғана емес, өзге
топтарға да тән. Бірақ бұл соңғы форма (-сыңыз, -сыңыздар) қазіргі әдеби
тілге тән -сыз, -сіз формасынан гөрі, біздің ойымызша көнерек сияқты.
ә) Есімшелер: барған, келген; баратын, келетін; барар, келер;
бармақ(шы), келмек(ші).
Жекеше
Көпше
мен барған-мын, келген-мін, біз (дер) барған-быз, келген-біз,
сендер
сен барған-сың, келген-сің, сіз барған-сыңдар, келген-сіңдер,
сіздер
барған-сыз, келген-сіз, ол бар- барған-сыздар, келген-сіздер,
олар бар-
ған, келген ған, келген
б) Зат есімдер: оқушы, мұғалім т.б.
Жекеше
Көпше
мен оқушы-мын, мұғалім-мін, біз (дер) оқушы (лар)-мыз,
мұғалім(дер) сен оқушы-сың, мұғалім-сің, сіз -міз, сендер оқушы (лар)-
сыңдар, мұға-оқушы-сыз, мұғалім-сіз, ол оқу- лім (дер)-сіңдер, сіздер
оқушы (лар)- шы, мұғалім
сыздар, мұғалім (дер)-сіздер, олар оқу-
шы (лар),
мұғалім (дер)
в) Сын есімдер: аласа, үлкен т.б.

Жекеше
Көпше
мен аласа-мын, үлкен-мін, біз (дер) аласа-мыз, үлкен-біз,
сендер
сен аласа-сың, үлкен-сің, сіз аласа-сыңдар, үлкен-сіздер, сіздер
аласа-аласа-сыз, үлкен-сіз, ол аласа, сыздар, үлкен-сіздер, олар
аласа, үлкен
үлкен
г) Сан есімдер: оныншы, үшінші т.б.
Жекеше
Көпше
мен оныншы-мын, үшінші- бірдер оныншы-мыз, үшінші-міз,
сіздер мін, сен оныншы-сың, үшін- оныншы-сыздар, үшінші-сіздер,
сіздер ші-сің, сіз оныншы-сыз, үшін- оныншы-сыздар,
үшінші-сіздер, олар
ші-сіз, ол онын-шы, үшінші оныншы, үшінші
ғ) Есімдіктер: қалай, кім т.б.
Жекеше
Көпше
мен қалай-мын, кім-мін, сен біз (дер) қалаймыз, кім-біз, сендер
қалай-сың, кім-сің, сіз қалай-сыз, қалай-сыңдар, кім (дер)-
сіңдер, сіздер кім-сіз, ол қалай, кім? қалай-
сыздар, кім(дер)-сіңдер, олар қа-
лай, кім
(дер)?
д) Үстеу: бірге
Жекеше
Көпше
мен бірге-мін, сен бірге- біз(дер) бірге-міз,
сендер бірге-сіңдер, сің, сіз бірге-сіз, ол бірге
сіздер бірге-сіздер, олар бірге
Сөйтіп, бұл топқа тән сөздердің (формалардың) жіктелу ерекшеліктері
мынадай: біріншіден, бұлардың бәрінде де жіктік жалғау түбірге я негізге
тікелей жалғанады; екіншіден, оларға жалғанатын жіктік жалғауларда тек
сөздің (форманың) жуан я жіңішкелігіне және соңғы дыбысына қарай, демек,
үндестік заңға сәйкес өзгеріс болмаса, тұлғалық айырмашылық болмайды;
үшіншіден, бұлардың үшінші жақтарында жіктік жалғау болмайды.
2. Екінші топқа тән сөздер сөйлемде баяндауыш болса, оларға жалғанатын
жіктік жалғау жекеше түрде де, көпше түрде де барлық жақтарға бірдей, бір
ізбен төмендегіше жалғанады.
а) Ауыспалы (-а, -е, -й) формалы көсемшелер: бара, келе, қарай, сөйлей
Жекеше
мен бара-мын, қарай-мын, келе-мін, сөйлей-мін
сен бара-сың, қарай-сың, келе-сің, сөйлей-сің
сіз бара-сыз, келе-сіз, қарай-сыз, сөйлей-сіз
ол бара-ды, келе-ді, қарай-ды, сөйлей-ді
Көпше
біз бара-мыз, қарай-мыз, келе-міз, сөйлей-міз
сендер бара-сыңдар, қарай-сыдар, келе-сідер, сөйлей-сіңдер
сіз бара-сыздар, келе-сіздер, қарай-сыздар, сөйлей-сіздер
ол бара-ды, келе-ді, қарай-ды, сөйлей-ді
ә) Өткен(-п,-ып,-іп) шақ көсемшелер: барып,келіп, қарап, сөйлеп, т.б.
Жекеше
мен барып-пын, келіп-пін, қарап-пын, сөйлеп-пін
сен барып-сың, келіп-сің, қарап-сың, сөйлеп-сің
cіз барып-сыз, келіп-сіз, қарап-сыз, сөйлеп-сіз
ол барып-ты, келіп-ті, қарап-ты, сөйлеп-ті
Көпше
біз барып-пыз, келіп-піз, қарап-пыз, сөйлеп-піз
сен барып-сыңдар, келіп-сіңдер, қарап-сыңдар, сөйлеп-сіңер
cіз барып-сыздар, келіп-сіздер, қарап-сыздар, сөйлеп-сіздер
ол барып-ты, келіп-ті, қарап-ты, сөйлеп-ті
Екінші топтың жіктелуінде өзіне тән бір ғана ерекшелігі бар.Ол
ерекшелік: екінші үлгінің ІІІ жағында арнаулы -ты, (-ті, -ды, -ді)
қосымшасы бар. Бірақ ол қосымша жекеше түрде де, көпше түрде де өзгермей
бір қалыпты сақталып отырады (ол алыпты, олар алыпты)
3. Үшінші топқа тән формалар баяндауыш болса, оларға жалғанатын жіктік
жалғау жекеше түрде де, көпше түрде де төмендегіше бір ізбен жал,анады.
а) Жедел өткен шақ формасы: айтты, өтті, т.б.
Жекеше:
Көпше
мен айтты-м, кетті-м біз(дер) айтты-қ,
кетті-к
сен айтты-ң, кетті-ң сендер айтты-ңдар,
кетті-ңдер
сіз айтты-ңыз, кетті-ңіз сіздер айтты-
ңыздар, кетті-ңіздер
ол айтты, кетті олар айтты,
кетті
ә) Шартты рай формасы: оқыса, білсе, т.б.
мен айтса-м, кетсе-м біз(дер) айтса-қ,
кетсе-к
сен айтса-ң, кетсе-ң сендер айтса-ңдар,
кетсе-ңдер
сіз айтса-ңыз, кетсе-ңіз сіздер айтса-
ңыздар, кетсе-ңіздер
ол айтса, кетсе олар айтса,
кетсе
Бұл топқа тән формалардың жіктелуінде мынадай ерекшеліктер бар:
біріншіден, жеке түрінің І, ІІ жақтарының жіктік жалғаулары тәуелдік
жалғауының жекеше түрінің І, ІІ жақ қосымшаларына ұқсас, мысалы: (әке-м,
әке-ң, әке-ңіз); екіншіден, көпше түрінің І жағының жалғауы(-қ,-к)
жоғарыдағы екі топқа да ұқсамайды, өзінше бір басқа; ал көпше түрінің ІІ
жағының жалғауы (-ыңдар,- ңыздар) бірінші және екінші үлгілердікінен сәл
басқашалау да, төменгі төртінші үлгімен (-ңдар,-ңыздар) түрлес, үшіншіден,
жекеше түрде де, көпше түрде де ІІІ жақтың арнаулы қосымшасы жоқ, бұл
жағынан олар бірінші үлгіге ұқсас.
4. Төртінші топқа етістіктің бұйрық рай формасы ғана жатады. Етістіктің
бұйрық рай түрі баяндауыш болса, жақ-жаққа қарай төмендегіше жіктеледі.
Бұйрық рай формасы: қара, еле, жаз, без, т.б.
Жекеше
Мен қарайын, елейін, жазайын , безейін
Сен қара, еле, жаз, без
Сіз қараңыз, елеңіз, жазыңыз, безіңіз
Ол қарасын, елесін, жазсын, безсін
Көпше
Біз қарайық, елейік, жазайық , безейік
Сендер қараңдар, елеңдер, жазыңдар, безіңдер
Сіздер қараңыздар, елеңіздер, жазыңыздар, безіңіздер
Ол қарасын, елесін, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілінде сөздердің жіктелуі
Жалғаулы сөздердің классификациясы және олардың сипаттамасы
Зат есімдерді жекеше түрде жазу
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының тұжырымдамасы
Көптік жалғауын дамыта оқыту технологиясының әдістері
Зат есімнің жекеше және көпше өзгеруі
КӨПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Өткен шақ есімше
Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту
Бастауыш сыныпта зат есімді оқыту
Пәндер