Қазақ тіл біліміндегі сөйлем мүшелерін оқыту


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі

Гуманитарлық пәндер бөлімі

Қазақ тілі мен әдебиеті ПЦК

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

Қазақ тіл біліміндегі сөйлем мүшелерін оқыту

Орындаған: Қарақыстақ Ж.

Тобы: К - 2 - 08

Пәні: қазақ тілін оқыту әдістемесі

Жетекші: Елібаева Л.

Тараз - 2013

Қазақ тіл біліміндегі сөйлем мүшелерін оқыту

Мазмұны

Кіріспе . . .

І тарау. Сөйлем мүшелері - синтаксистің зерттеу объектісі

1. 1. Сөйлем мүшелерінің зерттелуі . . .

1. 2. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі . . .

Қорытынды . . .

ІІ тарау. Сөйлем мүшелерін оқытудың әдістемелік жүйесі

ІІ. 1. Сөйлем мүшелерін модульді-интерактивтік технология арқылы оқыту

әдістемесі . . .

ІІ. 2. Сөйлем мүшелерін оқытуда тірек белгілерді қолдану . . .

Сөйлем мүшелерін оқытуда ойын түрлерін ұтымды қолдану . . .

Қорытынды . . .

Әдебиеттер тізімі . . .

Қосымша беттер . . .

Кіріспе. Зерттеудің өзектілігі. Қазақ тілі пәнінен берілетін білім сапасын жаңа заман талаптарына сай іріктеу мен меңгертуде модульді-интерактивтік технология арқылы оқыту ерекше орын алады. Ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезеңі сөйлем мүшелерін меңгертудің жаңа түрін қажет етеді.

Модульді-интерактивтік технология арқылы сөйлем мүшелерін оқытудың басты ерекшелігі білімгерлердің өз бетімен білім алуына, олардың ізденімдік - зерттеу дағдыларының қалыптасуына бағытталады.

Модульді-интерактивтік технология арқылы оқыту білімдерін жүйелеу және талдап, бағалауда сабақтың сапасын жақсартумен бірге олардың өзіндік ізденісін арттырып, шығармашылық қабілетін дамытады. Бұл тұста мұғалімнің басты міндеті оқушыларға модульді-интерактивтік технологияны қолдана отырып, сабақ барысында орындалатын тапсырмаларды, оқушының білім деңгейін дұрыс анықтау, пәнге деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Оқытудың дәстүрлі әдістемесінен модульді-интерактивтік технологияға өту оқушыны сабақ үстінде ойландыра білуге, сөйлем мүшелерін толық меңгеруге жетелейді.

Зерттеу мақсаты:

Сөйлем мүшелерін модульді-интерактивтік технология арқылы меңгертудің ұтымды ғылыми-теориялық әдістемесін ұсыну; сөйлем мүшелерін игертудің тиімді амал-тәсілдерін айқындау.

Зерттеудің міндеттері:

- модульді-интерактивтік технология арқылы сөйлем мүшелерін оқытудың ғылыми-теориялық негіздерін дәйектеу;

- сөйлем мүшелерін модульді-интерактивтік технология арқылы оқытудың тиімді жолдарын ұсыну;

- сөйлем мүшелерін меңгертуге модульді-интерактивтік технологияның бір түрі - тірек белгілерін қолданудың ұтымдылығын дәлелдеу;

- сөйлем мүшелерін игертуде ойын элементтерінің тиімділігін көрсету.

Зерттеудің болжамы:

Сөйлем мүшелерін оқыту барысында модульді-интерактивтік технологияны қолдану қазақ тілінен алған білімді жүйелеп, оны сапалы да терең меңгеруге көмектеседі. Модульді-интерактивті технология арқылы қазақ тілінің сөйлем мүшелерін меңгерту әрбір оқушының жеке қабілеттерін ескеріп, өз әрекетін нәтиже ретінде тануға мүмкіндік туғыза отырып, оның жан-жақты рухани дамуына бағдар береді.

Зерттеудің әдістері: теориялық әдістер, баяндау, салыстыру, жүйелеу, талдау, сараптау, қорыту, бақылау және тәжірибеден өткізу.

Зерттеу пәні: қазақ тілін оқыту әдістемесі.

Зерттеу орны: №36 орта мектеп, 8 «ә» сыныбы

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

1. Тақырып таңдап алу, сол бойынша іздену.

2. Бекітілген тақырыпқа байланысты материал жинақтап, жұмыстың жоспарын құру.

3. Жоспарға сәйкес курстық жұмыстың І бөлімін жазу.

4. Диплом алдындағы тәжірибе жинақтау, курстық жұмыстың практикалық бөлімін жазып, жұмысты аяқтау және қорғау.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау. Сөйлем мүшелері - синтаксистің зерттеу объектісі

І. 1. Сөйлем мүшелерінің зерттелуі

Сөйлемге коммуникативтік және құрылымдық синтаксистік тұрғыдан талдау жасау сөйлем мүшелері ұғымдарымен (бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш) тікелей байланысты. Тіл білімі тарихында осы әдіс ертеден-ақ қалыптасып, дәстүрге айналып отыр.

Лингвистикалық ой-пікірлер тарихы үшін сөйлем мүшелері жөніндегі тұжырымдардың қызғылықты нәрсе екені сөзсіз. Революцияға дейінгі түркі тілдерге арналған еңбектің қайсысында болмасын логикалық, психологиялық байымдаумен ұштасып, қатарласып қаралғандығын көреміз. Сондықтан да сөйлемнің негізгі шарты бастауыш пен баяндауыштың болуы деген сөз - логикалық байымдау үшін субъект пен объект предикаттың керектігі. Сөйлемге осылай психологиялық, логикалық көзқараспен қарау сөйлемнің грамматикалық функциясын ашуға зиянын тигізді. Логикалық байымдау грамматикалық сөйлемге көшіріліп, синтаксистің көптеген негізгі мәселелері дұрыс шешілмеді. Осының нәтижесінде тұрлаулы мүшенің бір-бірімен айтылатын жақты, жақсыз, толымсыз, атаулы сияқты жай сөйлем түрлері де зерттелмеді. Бұл жағдай ХІХ ғасыр үшін өте маңызды, өйткені Аристотель дәуірінен бастап соңғы кездерге дейін сөйлем логикалық байымдаумен өте тығыз байланыста қаралған еді. Сондықтан да бұл дәуірдегі орыс тілі ғылымын зерттеушілер байымдаудың сөздер арқылы берілуі - сөйлем деп қараған еді. Мұны қолдаушылар - Ф. И. Буслаев, неміс лингвистері К. Ф. Беккер, Г. Пауль, т. б. болды.

Ф. И. Буслаевтің «Орыс тілінің» тарихи грамматикасының тәжірибесі» (1858) деген еңбегі көпшілік назарын өзіне ерекше аударды. Өйткені көптеген ғалымдар ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қалыптасқан тұжырымдарды алып қарастырып, грамматика мен логика арасындағы ара жікті ажыратады. Синтаксистік құрылыс жөніндегі Ф. И. Буслаевтің өзгертулері мен енгізгендері көп емес, бірақ олардың барлығы принципті, ғылыми негізделген өзгертулер. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында грамматикалық бастауыш логикалық бастауыштың басты сөзі делініп келсе, Буслаев бұл түсінікті кеңейтеді. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері негізінен семантикалық өлшемге (критерийге) қарсы анықталды және топтастырылды. Топтастырудың бұл принципін Буслаев та сақтады.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында тұжырымдар қалыптасқанға дейін ол бүтін және бірыңғай болған жоқ. Тек басқалардың орнын ауыстыратын балама варианттары ретінде қолданылып келді.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында орыс тіл біліміндегі «сөйлем мүшелері» тұжырымының мазмұнын қорытындыласақ, лингвистер өздерінің міндетін тұтас және осы бір теорияның жалпы жағдайын белгілеуден аса алмады. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы синтаксис туралы ілім кемшіліктерден ада емес еді. Оны ХІХ ғасырдың екінші жартысында осы саланы зерттеуші ғалымдар да анық байқады. Дегенмен, бұл тұжырымдар сөйлемнің синтаксистік құрылысы жөніндегі ілімді ілгері дамытқанын жоққа шығаруға болмайды.

Аталған кездегі бұл ілімнің ілгері дамуын, ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қалыптасқан сөйлем мүшелері жайындағы концепцияларды зерттей келіп, олардың қайсысының қай ғалымның творчестволық еңбегінде қалай дамығанын сараптаймыз. Қайсысының үлкен сынға ұшырағанын, нәтижесінде ХІХ ғасыр соңындағы сөйлем мүшелері жөніндегі ілімнің ХІХ ғасыр ортасындағы ілімнен қандай айырмашылығы бар екенін ажыратамыз.

Дәлірек айтсақ, ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы сөйлем мүшелері жөніндегі тұжырымдар ұсынылған анкета сұрақтарына жауап берумен бірдей болды. Біз енді сөз ететін ғалымдардың еңбегіне сүйеніп, олардың қандай сұрақ, жауаппен келіспейтінін және неге келіспейтінін, оған қандай жауаптар тапқанын сөз етеміз.

А. А. Потебня грамматикалық сөйлем логикалық байымдаумен бірдей де, паралель емес деп көрсетті.

А. А. Дмитриевский сөйлемнің анықтамасына көп көңіл бөлді. Оның өзіндік соны пікірі сөйлем мүшелерінің иерархиялығы жөнінде еді. Оның айтуынша, сөйлемде бастауыш пен баяндауыш тұрлаулы мүше болмайды, тек баяндауыш қана тұрлаулы. Ал бастауыш толықтаушы мүшелердің бірі дейді.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында сөйлем мүшелерін зерттеуде өз үлестерін қосқан А. А. Потебняның шәкірті Д. Н. Овсяннико-Куликовский, академик Ф. Ф. Фортунатов сияқты ғалымдардың еңбектерінің өзіндік орны бар.

Міне, бұл еңбектер түркі тілдерінің синтаксисін зерттеушілерге арналған еңбектердің ең алғашқысы - М. А. Казем-Бектің «Түркі-татар тілінің жалпы грамматикасы» (1846) кітабы. Бұдан соң әйгілі «Алтай тілінің грамматикасы» (1869) деген еңбекте сөйлемнің бас мүшелері бастауыш, баяндауыш және оның функциялары қандай сөз таптарынан жасалатындығы, сөйлемнің орны қаралады. Бұл еңбек түркі тілдері синтаксисінің зерттеу объектісін анықтап, белгілі жүйеге түсірді.

Қазақ тілін алғашқы зерттеген ғалымдардың бірі - М. П. Мелиоранскийдің «Қазақ-қырғыз тілінің қысқаша грамматикасы» (1894) деген еңбегінің екінші бөлімі синтаксис мәселелеріне арналған. Бұл еңбектің синтаксис бөлімінде мынадай тараулар қаралады:

  1. Жай сөйлемнің кейбір мәселелері.
  2. Етістіктердің қызметі, олардың көсемшеге айналуы.
  3. Есімшелердің анықтауыш болуы және қимылды білдіріп келуі. Сондай-ақ

тұйық райлы етістіктің қолданылу.

  1. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, жалпы морфологиялық категориялар-

дың синтаксистік қызметі есепке алынады.

М. П. Мелиоранский сөйлем туралы былай дейді: «При плавной спокойной речи (напр. :при неторопливом рассказе о чем-нибудь) простые предложения состоят по крайней мере из двух членов: подлежащего и сказуемого, как подлежащего так и именно стоит в иминительном падеже и подлежащее стоит обыкновенно перед сказуемым».

Автор бұдан соң бастауыш пен баяндауыштың бір-бірімен байланысу тәсілі, қандай сөз таптарынан жасалатыны туралы мағлұмат береді. Осымен қатар бұл тарауда септік жалғауларының да синтаксистік қызметіне тоқтайды. Мұнда сөйлемнің және сөз тізбектерінің анықтамасы жоқ. Автордың пікіріндше, бастауыш пен баяндауыштың қатар келуі жай сөйлемнің негізгі өлшемі (критериясы) болып есептеледі. Сондықтан анықтауыштан басқа сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері жөнінде де еш нәрсе айтылмаған. Өйткені, М. П. Мелиоранскийдің өзі кіріспеде айтып кеткендей, бұл еңбек (11-бөлім) «оқушыны қазақ тілі синтаксисі құрылысымен ықшам ғана түрде таныстырып өтуді» мақсат еткен.

Қазақ тілі біліміндегі сөйлем мүшелерінің зерттелу тарихына үңілсек, сөйлем мүшелерінің анықтамасы туралы ғалымдардың арасында түрліше көзқарастар болып келді.

Сөйлем мүшелері синтаксисте, оның ішінде жай сөйлемнің синтаксисінде басты қызмет атқарады. Сондықтан сөйлем мүшелеріне ерте кезден-ақ басты назар аударушылық басым болды.

Қазақ тілі біліміндегі сөйлем мүшелерінің зерттелуін екі кезеңге бөліп қарауға болады:

  1. Жиырмасыншы, отызыншы жылдар арасындағы айтылған ойлар, оқулық

пен ғылыми еңбектерде жарияланған пікірлер.

  1. Қырықыншы жылдардан бастап осы кезеңге дейінгі көзқарастар.

Синтаксис, оның негізгі объектілері қазақ тіл білімінде Қазан революциясына дейін және онан кейінгі уақыттан бері зерттеліп келеді. Сөйлем мүшелерінің негізгі белгілері, жасалуы, тыныс белгілері туралы ғылыми тұжырымдар бірінші кезеңде жақсы қаралған еді. Бұл кезеңдегі сөйлем мүшелерінің жасалуы жайлы А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Х. Басымов, І. Бәйтенов, т. б. ғалымдар алғаш сөз етті. Ол уақытта сөйлем мүшелері туралы айтыстар да, негізінен, оларды топтау мәселесіне, жасалуына қатысты ойлар жан-жақты айтылып отырды. Синтаксис саласындағы алғашқы мағлұматтарды осы бірінші кезеңнен аламыз.

Қазақ тіл білімінің негізін құрған 20-30 жылдардағы еңбектерді оқып отырғанымызда онда сөйлем мүшелері жасалу жағынан ғана сөз болған жоқ, сонымен бірге оның қалыптасу, таптастыру, тұрақтану мәселесіне көп көңіл бөлінгенін байқаймыз. Қазақ тілі лингвистикалық терминдердің жасалуын, соның ішінде сөйлем мүшелері ұғымдарының алғаш рет аталып, қалыптасуы жиырмасыншы жылдардағы А. Байтұрсыновтың еңбектерінен басталады. Ал осы дәстүрдің әрі қарай толысып, ғылыми негізге келуі отызыншы жылдардағы Қ. Жұбанов пен С. Аманжолов еңбектерінен айқын көрінеді.

А. Байтұрсыновтың 1923-1928 жылдары бірнеше рет басылып шыққан «Тіл-құралының» сөйлем жүйесіне арналған үшінші кітабында сөйлем мүшелеріне біршама тоқтаған. Дегенмен, мұнда анықтама, ережелер тиянақты бекітілмеген, ғылыми негізделмеген еді. Бұдан соң сөйлем мүшелеріне қатысты Қ. Жұбановтың 1936 жылғы «Қазақ тілінің грамматикасы» деген орта мектеп оқулығының бір тарауы мен «Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайынан» (Ауыл мұғалімі, 1937 №1-2) деген мақаласын атай аламыз.

Қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі - С. Аманжолов 1936 жылы «Сөйлем мүшілірін таптастыру мәселелері» атты мақаласын бастырып, онда біршама тың ойлар айтқан еді. (Тіл мәселелері, 2-жинақ) .

С. Аманжолов 1932 жылдан бастап синтаксис мәселесін зерттеді. Мысалы, «Төрт жылдық тіл кітабы» (1932), орта мектепке арналған «Қазақ тілінің грамматикасы» (І-ІІ бөлімдері), жоғары мектеп үшін жазылған тұңғыш оқулық - «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқа курсы» (1940) деген еңбектері сөйлем мүшелерін жан-жақты зерттеп, ғылыми жүйеге түсірудің үлгісі, құнды тәжірибесі болды.

Қазіргі кезде синтаксисті зерттеушілер осы аталған алғашқы еңбектерді басшылыққа алып, одан үйреніп, содан-соң сөйлем мүшелері проблемасын, сондай-ақ синтаксистің басқа көптеген мәселелерін түбегейлі зерттеп, дамыту ісіне лайықты үлестерін қосып келеді.

І. 2. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі

Сөйлем құрылысын жіптіктей етіп айтудың бір амалы - сөйлем мүшелерін дұрыс орналастыру. Өз орнында тұрмаған сөз оқушыға оғаш көрініп тұрады немесе сөйлем мағынасы өзгеріліп кетеді. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің қалай болуы жазушының, сөйлеушінің ықтиярындағы нәрсе емес. Ол жайында әрбір тілдің өзіне тән ішкі заңы, ережелері болады. Сөйлем құрағанда, соларды ескеріп, әр сөзді орнына қойып айтуда үлкен мән бар. Дұрыс құралған сөйлемнің түсінігі де дұрыс, кісіге етер әсері де өзгеше болады.

Сөйлем құрауда сөзді дұрыс орналастыруды шеберлік деп тану үшін де, сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтап жазу үшін де бұл жайында қазақ әдеби тілінің ережелерін білу керек.

Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, жалпы алғанда, тұрақты, орыстіліндегідей еркін емес, жалпы ереже бойынша баяндауыш сөйлемнің ең соңында, бастауыш одан бұрын, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш өздері қатысты сөздерден бұрын тұрады. Ауызекі сөзде, көркем әдебиетте сөйлем мүшелерінің бұл орын тәртібі, әрдайым жоғарыда айтқандай болып келе бермейді, инверсия жасалып (орын ауысып) та орналаса береді. Бірақ осылай етудің стильдік мәні болады. Мысалы, грамматикаларда “анықтауыш анықтайтын сөзінен соң тұрмайды”, -десе, Ғ. Мүсірепов “Қазақ солдатында”: “Осындай да табан бола ма екен қырық тесік”, - деп анықтауышты (қырық тесік) анықтайтын сөзінен (табан) кейін қойған. Дәл осы арада автордың бұлай етуі өте орынды. Ол солай ету арқылы Бораштың тілім-тілім жаралы аяғын көріп, Шегеннің таңданғанын, сол айтқан сөздерінің интонациялық өңі қалай екенін білдірген. Сол сияқты, Қолыңды тарт дегенді, айтушының ашулана, көтеріңкі дауыспен айтқанын білдіру үшін М. Әуезов «Тарт қолыңды!» деп жазған.

Сөйлем мүшелерін қалай болса солай орналастыру жазушының өз еркіндегі нәрсе емес. Сөйлемнің бастауышын қай жерге қойып айту кісінің, субъективті көзқарасымен емес, тілдің белгілі бір нормасымен, заңдылығымен байланысты. Сондықтан сол заңды жете білмесе де, тілдің табиғатынан тыс, құлаққа жат естілетін үнін сезетін кісілер сөйлем мүшелерін дұрыс орналастырады.

Бастауышты жайылма сөйлемдегі қалыпты орны үш түрлі болады:

1. Жайылма сөйлемдегі тұрлаусыз мүшелер баяндауышқа қатысты болса, бастауыш сөйлемнің басында тұрады. Мысалы, Жігіттер білектерін сыбанып жұмысқа кірісті. Осындағы бастауыш - жігіттер^ баяндауыш - кірісті. Сол екеуінің ортасындағы сөздер - тұрлаусыз мүшелер. Олар баяндауышқа қатысты: баяндауышты пысықтайды (білектерін сыбанып), баяндауышты толықтайды (жұмысқа) . Ал осы қалыпты орнын өзгертіп, сөйлем мүшелерінін, орындарын ауыстырып айтуға да болады. Мысалы, Білектерін сыбанып жігіттер жұмысқа кірісті, білектерін сыбанып жұмысқа жігіттер кірісті. Бұлар қай уақытта осылай айтылуы мүмкін. Бастауышқа ой екпіні түсіп, оны басқа сөзден гөрі басым мағынада айту үшін осылай болуы мүмкін.

2. Сөйлемде бастауыштың да, баяндауыштың да маңында тұрлаусыз мүшелер болса, бастауыштың қалыпты орны сөйлемнің ортасы болады. Мысалы, Университетте оқып жүрген жігіттер білектерін сыбанып жұмысқа кірісті. Бұл сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстырып айтуға болғанымен, онша жатық болмайды. Дегенмен, былай десек: Білектерін сыбанып университетте оқып жүрген жігіттер жұмысқа кірісті. Мұнда білектерін сыбанып -оқып жүргенге қатысты болады, сөйлемнін мағынасы өзгеріледі.

3. Тұрлаусыз мүше (мүшелер) тек бастауыштың маңында болып, баяндауышқа қатыспайтын болса, онда бастауыш баяндауыштың дәл алдында тұрады. Мысалы, Университеттс оқып жүрген жігіттер көмектесті десек, сөйлем мүшелерінің орнын ауыстырып айтуға көнбейді (өлеңді сөйлемнің жөні бір басқа) .

Осылардан аңғаратынымыз: 1) Бір мүшенің сөйлемдегі орны басқа мүшелердің сөйлемдегі орнына қарап белгіленеді; 2) Сөйлем мүшелерінін, қалыпты орнын өзгертіп айтуға болатын болса, солай еткенде, қалай да сөйлемнің бұрынғы мағынасына өзгеріс енеді.

Сөйлем мағынасын осылай түрлендіріп, ондағы жеке мүшеге ерекше стильдік қызмет арту үшін, оны басқа сөзбен орын ауыстырып айтуды и н в е р с и я дейміз. Инверсия мақсатты болу керек. Олай етпей, сөйлеу тілінде кездеседі екен деп немесе сөйлем құрылысы әр алуан болсын деп, сөйлемді шәлкес, теріс құруға болмайды. Бұл жөнінде де тілдің нәзіктігін ескеріңіз: анықтауыш, жалпы ереже бойынша, анықтайтын сөзінің дәл алдында тұрады. Егер бір заттың бірнеше, әр алуан анықтауышы болса, оның қайсысы бұрын, қайсысы соң тұру керек? Мұнда да тиянақты ереже бар: заттың түпкілікті, ең негізгі сапасын білдіретін анықтауыш сол заттың дәл қасында тұрады да, өзгелері одан бұрын орналасады. Мысалы, торы, ақсак деген сындарды бие сөзінің анықтауыштары етіп айтқымыз келсе, ақсақ торы бие дейміз, керісінше, торы ақсақ бие демейміз. Себебі биенің, торылығы жусаң да кетпейтін түпкілікті, негізгі сапасы, ал ақсақтығы - қосымша, көлденең міні.

Бастауыштың кейде сөйлемнің ең соңында тұратын да орайы болады:

1. Диалогты сөйлемге автордың, берген түсінігінде бастауыш сөйлемнің соңында да, диалогтың алдында да түра береді, мысалы:

- Жастардың саяси тәрбиесіне партия алдында комсомол жауапты, - деді Әбдікәрім.

- Самолет ұшуға әзір!- деді звено технигі Таися Вахрамиевна (X. Досп. ) .

Аман ішіп отырған асын тастай сала:

-Мынау әншіні көріп қалайықшы, - деп тұра жүгірді (Ғ. Мұстафин) .

Асан:

-Әкем көп жылдан бері колхоздың жылқысын бақты, -деді

(С. Бақбергенов) .

Төл сөз бен автор сөзінің осылай орналасып, бастауыштың сөйлемнің соңында не басында тұруы - оның үйреншікті қалыпты орны. Мұндайға инверсия жасау үшін төл сөздің арасына автор сөзі қыстырылады:

- Тоқта!- деді ол, - Үшқұмбезден кетерде, - мен не деп едім, есіңде ме?

- Мен, - деді Асқар, - сені жақсы көремін. (С. Мұқанов) .

2. Қынжыла, күйіне айтылған лепті, сұраулы сөйлемдердің бастауыштарын соңына шығарып айтуға болады: Келмей қойды бүгін ол! Айтып едім ғой саған мен! (Айтпап па едім саған мен?!) Үміттен айрылса, не болар еді адам?

(С. Мұқанов) .

Хабарлы сөйлемдерде, осы тәрізді, бастауыштарға екпін түсіре, оларға ерекше мән бере айту үшін олардың орнын басқа мүшелермен ауыстырамыз.

Бастауыш қалыпты

орнында

Баяндауышқа

инверсия жасалған

Бастауыш қалыптыорнында:

Қарымсақ Зылиханы іздеуге

шықпақшы болды.

Қарымсақ інісінің үйіне қарай жүгірді.

Келіні пештің мұржасын

ашып жүр екен. (Б. Майлин ) .

Абай Ойқұдықтағы аулына

салқын түсе жетті.

Баяндауышқаинверсия жасалған:

Зылиханы іздеуге Қарымсақ шықпақшы болды.

Інісінің үйіне қарай Қарымсақ жүгірді.

Пештің мұржасын келіні ашып жүр екен.

Ойқұдықтағы аулына Абай салқын түсе жетті.

Бастауыштың керегінде орнын өзгертіп айтудың үлкен мәні бар. Ол қалыпты орнын өзгертіп, баяндауыштың жетегіндегі сөздің орнында тұрғанда, оған логикалық екпін түседі де, бастауыштың бұрынғы орнына қойылған сөздер де бұрынғысына қарағанда, басым мағынада айтылады. Ал өз орнында тұрған сөздердің ешқайсысы, әдейілеп дауысты құбылтып, көтеріңкі дауыспен айтқанда болмаса, оларға ой екпіні түсіп, сөйлемдегі басқа сөздер шумағынан бөлектенбейді. Олардың құрылысын өзгертіп бастауышты баяндауыштың жетегіндегі тұрлаусыз мүшелердің орнына қойғанда, орын ауысқан сөздердің айтылу ырғағы да, логикалық екпіні де өзгертіледі. Сонда баяндауыштың қасында тұрған бастауыш ерекше басым әнуенмен айтылады.

Баяндауыштың үйреншікті орны - сөйлемнің соңы. Сол орнын, өлеңді сөйлемдерде болмаса, көп өзгертпейді. Дегенмен, оған да инверсия жасауға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрлаулы мүшелердің тіл біліміндегі зерттелуі
Тіл біліміндегі сөйлем мәселелері
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА СИНТАКСИСТІ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ғалымның Қазақ тілі методикасы
Бір құрамды сөйлемдер
Қазақ тіл біліміндегі сөйлем мүшелері
Абайдың қара сөздеріндегі көсемшенің синтаксистік қызметі
Ғылыми стиль - кітаби стилінің бір түрі
Тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің зерттелуі
Пысықтауыш сөйлем мүшесінің ғылыми зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz