Несиенің қажеттілігі және оның мәні мен капиталы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
І. Несиенің қажеттілігі және оның мәні мен капиталы
1.1 Несиенің қажеттілігі және несие қатынастарының пайда болуы ... ... ..7
1.2 Несие капиталы және несие капиталының нарығы ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3 Несие жүйе түсінігі, ролі мен маңызы және оның құрылымы ... ... ... 14

ІІ. Несиенің қызметі мен экономикадағы ролі
2.1 Несиенің экономикадағы ролі және оны қолданудың шектері ... ... ...17
2.2 Несиенің қызметтері несиелік мекемелердің қызметін қадағалаудың
қажеттілігі, мақсаты, принциптері, міндеттері және негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.3 Қазақстандағы несие жүйесінің даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
2.4 Нарықты реттеудің мәні және жолдары, несиенің формалары мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
Кіріспе
Несие акша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. «Кредит» деген сөз, «қарыз», «несие» деген «кгеdо» - сенемін деген мағына беретін латынша «кгеdіtіm» деген сөзден шығады. Ол экономикалык дәреже ретінде әр түрлі экономикалык қоғамдарда кызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашкы несие табиғи түрде (астық, мал, еңбек құралдары және т.б.) қоғамның дәулетті гоптарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Гауар-ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.
Несиенің объективті қажеттілігі табиғи және ақшалы түрде жүзеге асатын ерекшеліктерден кеңейтілген өндірісті шығарып тастайды. Ол капитал түрлері үнемі ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалы түрі тауарға-тауарлы меншік өндірістікке, өндірістік тауарлыға және тауарлық қайтадан ақша түріне ауысып тұрады, яғни А - Т - Ө - Т - А капиталдын ауыспалы айналымы жүреді. Ауыспалы айналымның бірінші кезеңінде ақша өндіріс корына (машиналар, шикізат жабдық-тары және т.б.) ауысып кетеді, екінші кезеңде - өндіріс процесінде - дайын өнім (тауар) жасалады, өндірістік тауарлыға келеді. Үшінші кезеңде тауар сатылып, бастапқы ақша түріне ауысады. Капитал-дың осындай ауыспалы айналымы тұрақты түрде бөлек жеке кәсіп-орында және жалпы халық шаруашылығында үнемі жүріп жатады. Капиталдың қозғалысы - оның тек ауыспалы айналымы емес, сондай-ақ оның айналымыда. Капиталдың айналымы дегенде оның үнемі қайталанатын ауыспалы айналымы түсіндіріледі.
Капитал түрлерінің ауысуы бір шаруашылық субъектілерінде ақша қаржысының уақытша босатылып және басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерде ақша деген қажеттіліктің қалыптасуымен қоса жүреді. Әрбір шаруашылық субъектісінде (кәсіпорын) өзінің жеке ауыспалы айналымдағы капиталы болады.
Қызмет процесінің бағыттылығы ауыспалы айналымның әр түрлі сатыларында болатын ақша ресурстарының оларда бір мезгілде және үнемі бар болуын: материалдық өндіріс саласы үшін - өндірістік, тауарлы және ақшалы, ал айналым саласы үшін - тауарлы және ақшадай болуын талап етеді.
Өндірісті жеке шаруашылық жүргізуші субъектілері ақшаларды уақытша босатуға және оларға деген қажеттілік үшін жағдай туғызады. Мысалы, негізгі өндірістік және айналым қорларының құн қозғалысының процесінде. Негізгі қорлар өздерінің құндылығын амортизациялық тозу шамасына қарай дайын өнімдерге жекелеп аударады, ал олар негізгі қорларды модернизациялап жаңарту үшін бірнеше жылдар бойы жинақталатыны мәлім. Бұл жағдайда негізгі құрал-жабдыктарды ауыстыру (айырбастау) және жөндеу үшін жұмсалатыны себепті ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы жүреді. Бірақ, бұл сәтте жинақталған ақша жеткіліксіз болуы мүмкін. Бұл жағгдайда ақшаға қажетгілік туады. Яғни, ақшалай қаражатты босату мен оған деген кажеттілік айналым қорларын пайдалануда үнемі болып тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Артыкова Б., Назыкеева Б. «Саяси экономия» жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық. Алматы, 1990.
2. Әубәкіров, Я.Ә., Абдуллаев А.А. «Саяси экономия» Алматы 1991.
3.Әубәкіров «Экономика теория негіздері» Алматы, 1999.
4.Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.б., Жақыпова Ф.Н., Т.П. Табаев
«Экономикалық теория» Алматы, 1999.
5.Дүйсенбаев К. Ш., Э.Т. Төлегенов., Ж.Г. Жұмағалиева
6. «Заң»Республикалық құқықтық, ғылыми практикалық журнал А-2000
7. История экономических учений Москва, 1994.
8. Қазақстан Республиксының еңбек туралы заңы. Алматы 2000.
9. Мельников В.Д., Ілиясов К. «Қаржы» Алматы, 1994.
10. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы. А-2003.
11. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы
мен дамуының стратегиясы. Алматы, 1992.
12. Реуэль А.Л. «Экономических учений» Москва 1972.
13. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер» Алматы, 2001.
14. Сәбден О., Тоқсанова А. Шағын кәсіпкерлікті басқару.А-2002.
15.Үмбеталиев А., Ғ. Керімбек «Кәсіпорын экономикасы
және кәсіпкерлік» Алматы, 2002.
16. Ілиясов Қ.Қ., Құлпабаева С. Қаржы. Алматы, Алматы 2003.
17. Ядгаров Я.С. «История экономических учений» Москва 1998.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
І. Несиенің қажеттілігі және оның мәні мен капиталы
1.1 Несиенің қажеттілігі және несие қатынастарының пайда болуы ... ... ..7
1.2 Несие капиталы және несие капиталының
нарығы ... ... ... ... ... ... ... . ...11
1.3 Несие жүйе түсінігі, ролі мен маңызы және оның құрылымы ... ... ... 14

ІІ. Несиенің қызметі мен экономикадағы ролі
2.1 Несиенің экономикадағы ролі және оны қолданудың шектері ... ... ...17
2.2 Несиенің қызметтері несиелік мекемелердің қызметін қадағалаудың
қажеттілігі, мақсаты, принциптері, міндеттері және негізгі

бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.3 Қазақстандағы несие жүйесінің даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..27
2.4 Нарықты реттеудің мәні және жолдары, несиенің формалары мен

түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37

Кіріспе
Несие акша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады.
Кредит деген сөз, қарыз, несие деген кгеdо - сенемін деген мағына
беретін латынша кгеdіtіm деген сөзден шығады. Ол экономикалык дәреже
ретінде әр түрлі экономикалык қоғамдарда кызмет етеді. Ол тауар өндірісінің
пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей
қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму
үстінде болады. Алғашкы несие табиғи түрде (астық, мал, еңбек құралдары
және т.б.) қоғамның дәулетті гоптарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге
тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Гауар-ақша
қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.
Несиенің объективті қажеттілігі табиғи және ақшалы түрде жүзеге асатын
ерекшеліктерден кеңейтілген өндірісті шығарып тастайды. Ол капитал түрлері
үнемі ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалы түрі тауарға-тауарлы
меншік өндірістікке, өндірістік тауарлыға және тауарлық қайтадан
ақша түріне ауысып тұрады, яғни А - Т - Ө - Т - А капиталдын ауыспалы
айналымы жүреді. Ауыспалы айналымның бірінші кезеңінде ақша
өндіріс корына (машиналар, шикізат жабдық-тары және т.б.) ауысып кетеді,
екінші кезеңде - өндіріс процесінде - дайын өнім (тауар) жасалады,
өндірістік тауарлыға келеді. Үшінші кезеңде тауар сатылып, бастапқы
ақша түріне ауысады. Капитал-дың осындай ауыспалы айналымы тұрақты
түрде бөлек жеке кәсіп-орында және жалпы халық шаруашылығында үнемі жүріп
жатады. Капиталдың қозғалысы - оның тек ауыспалы айналымы емес, сондай-ақ
оның айналымыда. Капиталдың айналымы дегенде оның үнемі қайталанатын
ауыспалы айналымы түсіндіріледі.
Капитал түрлерінің ауысуы бір шаруашылық субъектілерінде ақша қаржысының
уақытша босатылып және басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерде ақша деген
қажеттіліктің қалыптасуымен қоса жүреді. Әрбір шаруашылық субъектісінде
(кәсіпорын) өзінің жеке ауыспалы айналымдағы капиталы болады.
Қызмет процесінің бағыттылығы ауыспалы айналымның әр түрлі сатыларында
болатын ақша ресурстарының оларда бір мезгілде және үнемі бар болуын:
материалдық өндіріс саласы үшін - өндірістік, тауарлы және ақшалы, ал
айналым саласы үшін - тауарлы және ақшадай болуын талап етеді.
Өндірісті жеке шаруашылық жүргізуші субъектілері ақшаларды уақытша
босатуға және оларға деген қажеттілік үшін жағдай туғызады. Мысалы, негізгі
өндірістік және айналым қорларының құн қозғалысының процесінде. Негізгі
қорлар өздерінің құндылығын амортизациялық тозу шамасына қарай дайын
өнімдерге жекелеп аударады, ал олар негізгі қорларды модернизациялап
жаңарту үшін бірнеше жылдар бойы жинақталатыны мәлім. Бұл жағдайда негізгі
құрал-жабдыктарды ауыстыру (айырбастау) және жөндеу үшін жұмсалатыны
себепті ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы жүреді. Бірақ, бұл сәтте
жинақталған ақша жеткіліксіз болуы мүмкін. Бұл жағгдайда ақшаға қажетгілік
туады. Яғни, ақшалай қаражатты босату мен оған деген кажеттілік айналым
қорларын пайдалануда үнемі болып тұрады.

І. Несиенің қажеттілігі және оның мәні мен капиталы

1.1. Несиенің қажеттілігі және несие қатынастарының пайда болуы
Шаруашылық жүргі зуші субъектілердің жеке ауыспалы айналымынан туындайтын
несиеге қажеттілік несиенің объективті жүзеге асуын төлем қаражаттарын құру
және жаңа бекітілген құнды қайта бөлу процесінде оның рөліне жете назар
аудармай, оны толық дәрежеде анықтамайды. Ақша эммиссиясының процесі
формаға тәуелді емес (қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз) кітаптың
алдыңгы бөлімінде анықтағанымыз-дай, несие капиталының бір көзі болып
табылатын несие операциялары-ның нәтижесі бар. Түрліше несие қарым-
қатынастарындағы несиенің мән-маңызы сол немесе басқа қоғамдық формацияда
оның өмір сүруінің объективті себептерімен анықталады.
Құндық қатынастың ерекше формасы сияқты несиенің пайда болуы шаруашылық
жүргізуші бір субъектідеи босатан күн шаруашылық мәміледе қолданысқа
түсетін бірақ бір уақыттарда жаңа қайта өндіру цикліне ене алмайтын кезде
тана жүзеге асады. Несиеге байланысты бұл құн қосымша қаражатқа уақытша
қажеттілігі туып отырған басқа субъектіге өтеді және қайта өндіру
процесінің шеңберінде қызметін жалғастыра береді. Бірак, несиелік
қатынастардың пайда болуын экономикалық байланысқа түсуге дайын меншік
иелері сияқты бір-біріне қарсы тұралатын тауар иеленушілер арасындагы
айырбас ауқымынан іздеген жөн. Тауарларды қолдан-қолға өткізу сияқты тауар
айырбастау және қызмег көрсетумен ауысу несиелік қатынасгардан туындаған
экономикалық жеміс.
Несиелік катынастар пайда болатын және дамитын нақты экономика-лык
негізде қаражат айналымы мен ауыспалы айналым яғни несиелік қатынастың
материалдық негізі боп құн қозғалысы саналатын болады.
Қарызға алушы несиені кедей болғаны үшін алмайды, ол өзінің меншікті
қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының объективі күшіне толық
шамада жетпей тұрғандықтан өз ісін алға бастыру үшін алады.
Сонымен, несиенің объективті өмір сүруінің негізгі талаптары төмендегідей
тізбектеледі:
жеке тауар өндірушілердің өндірістік (негізгі және айналымдық) қорлар
айналымы мен жеке ауыспалы айналымдардың уақыт бойынша сәйкес келмеуі;
несие беруші мен қарызта алушының заңды тұрғыдан дербестігі;
несиелік қатынасқа несие беруші мен қарызға алуышының мүдделік танытуы.
Несие объективті қажеттіліктен туындаған және ол қоғамдық ондіріс
процесінде маңызды рол аткарады. Несие акшалай капи-талдың карызга
трансформациясын камтамасыз етеді жэне несие берушілер мен карызга
алушылардың арасындағы карым-каты-насты білдіреді.
Оның комегімен мемлекеттің, халықтың, үйымдардың жэне кэсіпорындардың
табыстары мен бос (еркін) акшалай қаражат-тары жииакталып, уакытша
пайдаланудың толеміне аударылатын несие капиталына айналады.
Мысалы, дайын өнімді өткізуден түсетін түсім ақша және шикізат,
материалдарды сатып алу, еңбекақысын төлеу үшін бірден бір және жұмсала
қоймайды және бұл жағдайда ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы орын алады.
Қосымша ақшалай қаражатқа деген қажеттілік маусымдарда нақты айналым ақша
қорларының жеткіліксіздігінен (шикізат, материалдар, жанар-жағармай)
өндіріс пен тауар айналы-мының уақыты сәйкес келмеуінен және т.б. туындауы
мүмкін.
Капитал айналымында және ауыспалы айналым процесінде ақшалай каражаттың
босатылуын және оған деген қосымша қажеттілікті шамамен былайша көрсетуге
болады.

Қаражаттың босатылуы және оларға деген қосымша қажеттілік
Осылайша негізгі және айналым қорларының қозғалыс процесінде ақшалай
қаражаттың құйылуы (қажеттілік кезде) мен қайтуы (босатылу кезеңінде)
болады. Сондықтан бір кәсіпорын басқа кәсіпорынға қарағанда бұрынырак тауар
сатушы ретінде және оның сатып алушысы болып шығуы мүмкін. Акқшалай
қаражаттың уақытша босатылуы және оларға деген қажеттілік тек материалдык
өндіріс саласы мен айналымда гана туындамайды. Ол мемлекетте бюджеттік және
қоғамдық ұйымдарда сондай-ақ халықта да болуы мүмкін. Мысалы бюджетке
салықтардың келіп түсуі мен оларды жұмсау уақыттары ұзақ пайдаланатын
заттарды сатып алуға халықтың ақша қоры және т.б. бәрі бірдей сәйкес келе
бермейді.
Қаражатқа деген қажеттілік пен оның босатылуы арасында туындаған қарама-
қайшылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыпты қьгзметі үшін кажет
материалдык және қаржылық ресурстарды нақты байланыстыратын несиенің
жәрдемімен ғана рұқсат етіледі.
Жеткіліксіз шамада несиенің объективті қажеттілігі несие қатынастарын
жүзеге асыратын капитал айналымы мен ауыспалы айналымның бір қалыпты
еместігімен түсіндіріледі.
Несиенің мүмкіндігін шындыққа айналдыру үшін белгілі бір талаптар бар.
Біріншіден, несие мәмілесінің қатысушылары - несие беруші мен қарызга алушы
- экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын өз
мойнына алуға материалдық жағынан кепілдік беретін дербес заңды субъектілер
сияқты алға шығуы керек. Екіншіден егер несие беруші мен несие алушының
мүдделері бір жердеті шықса, онда бұл жағдайда несие өте кажет болады.
Несие мәмілесін жүзеге асыру үшін оның қатысушалары міндетті түрде несиеге
өзара қызығушылық танытулары керек. Ф. Энгельс: Әрбір қоғамның
экономикасы, ең алдымеи мүдде ретінде алға шығуы керек деп жазды.
Несие беруші мен қарызга алушының арасында мүдделілік бірдей болған
кезде, бір жағынан, несиеге ақшалай қаражатты ұсынуда, екінші жағынан - оны
алуда несиелік қарым-қатынастар туыыдайды.
Осылайша, экономикалық негіз бен (капиталдың бірдей болмауы) пайда болу
талаптарының жиынтығы несиенің объективті қажеттілігін анықтап және оның
эволюциясын түсіндіріп береді.

1.2 Несие капиталы және несие капиталының нарығы
Несие капиталы экономикалық теорияда қайгару талабымен пайыз түрінде
белгіленген төлем мөлшерінде несиеге берілетін ақша капита-лының жиынтығы
ретінде дәсгүрлі түрде қарасгырылады, яғни нарық шаруашылығында туындаған
және нарықтық катынастарды көрсететін капиталдың айрықша формасы. Несие
капиталының нарығы қызмет көрсетудің кожарасы тұрғысынан бұл қайта
өндірудің қажегтілігін несиемен қамтамасыз ету мақсатымен ақша капиталын
жинақтауға және қайта бөуге мүмкіндік беретін экономикалық қатынастар
жүйесі.
Институциаиалды көзқарас тұрғысынан - бұл несие капиталының қозғалысы
олар арқылы жүзеге асатын несие-қаржы мекемедерінің және қор биржаларының
жиынтығы. Несие капитадының экономикалық ролі экономиканы дамыту мүддесімен
ұсақ шашыраңқы, ақшадай қаражагтарды біріктіру қабілетімен үйлеседі. Несие
капиталының мәнін анықтаү үшін ең аддымен оның өнеркәсіп және тауар
капиталынан ерекшеленетін айрықша сипаттарын анықтап алу керек.
Несие капиталының өзіндік ерекшелігі қарыз алушыдан қарыз алу-шыға
несиені беру және оны қайтару процестерінен көрініс табады. несие капиталы
-- бұл несие берушінің қарыз алушыға уақытша пайда-дануы үшін сататын жеке
меншігі; несие капиталы - бұл өзіндік өзге-шелігі бар тауар. Оның өзіндік
құны қарыз алушының қабілетімен, яғни оны тиімді пайдаданумен және белгілі
бір табыс пайла алумен өл-шенеді; несие капиталы - шеттетілудің өзіндік
ерекшелігіне ие. Қарама - қарсы бап.піа бір мезгілде тауар мен ақшаның сату-
сатып алу про-цесінде бірдей орын алатыны, ал несие мәмілесінде несие
капиталы бір бағытпен берілегіні белгілі, яғни несие берушінің қарыз
алушыға – не-сиені беруі, ал оны өтеуде - қарыз алушының несие берушіге
пайызбен төлеуі. Несие капиталының қозғалысы уақыт бойынша алшақтап оты-
рады; несие капиталының қозғалысы қолданыстағы капитал қозғалы-сынан
ерекшеленеді. Өнеркәсіп капиталының мынадай үш: акшадай (А). Өндірістік (Ө)
және тауар (Т) фермалары бар. Ал, сауда капиталы Т және А формаларын
бөлінсе, ал несие капиталы үнемі ақшалай фермада ғана (А-А,) кездеседі;
несие капитады өнеркәсіп капиталының ерекшеленген бөлігі болып
табылатындықтан несие капиталының мәнін толық түсіну үшін оның қалыптасу
ерекшеліктерімен шығу көздерін қарасгырған жөн. Несие капиталы
қалыптасуының маңызды шығу көзі - ауыспалы айналымнан босаған ақшалай
қаражаттар болып табылады:
құнын шығарылатын гауарларға амортизация түрінде бірнешс бөліктерге бөліп
ауысгыру барысында жинақгалып негізгі қорды қалпына келтіу ге арналған
қаражаттар;
тауарларды сату және шикізаттарды, жанар-жағармайды және материалдарды
сатып алу уақытының сәйкес келмеуінен оларды өндіру мен еңбекақы төлеуге
қажетті айналым капиталының ақшалай түрдегі бөлігі;
жаңа жобаларды іске асыруға бағытталған белгіленген шамаға дейін қорланатын
(жиналатын) пайданың бөлігі;
нақты бөлінуі мен пайдаланылуына дейін қайта бөлінген пайда бөлігі.
Жоғарыда аталған қаражаттың барлығы шаруашылық жүргізуші субъектілерге
қызмет көрсететін банктердің есепшоттарда жиналады. Сондықтан, жоғарыда
қарастырылған қаражаттар жекелеген жағдай-ларда есеп айырысу түрінің қолма-
қол ақшасыз шамасы бойынша несие мекемелерінде жинақталып, несие
капиталының қоры немесе олардың несиелік қоры болып саналады. Несие
капиталының аталмыш көзінің ерекше тартымдылығы сол - ол банк үшін
есепшоттағы бар қаражатты пайдалануга есеп айырысу шоты иесінің келісімін
алу қажеттілігінің болмауымен, сондай-ақ бұл қаражагтардың арзандығымен,
яғни осы ресурстардың банк үшін нақты тегін болуымен анықталады.
Несие капиталының басқа аса маңызды, бірак қымбат (зәру) көзі халықтың
жинақ ақшалары мен табыстары болады. Олардың бірсыпыра бөлігін банк табыс
тауып, пайызды өсіріп алу үшін еркін түрде уақытша пайдалануга береді. Бұл
қаражаттар депозит пен жинақ ақша шоттардың есебіне алынады. Қазіргі
уақытта мұндай қаражаттар Қазақстанда жылдан жылға млрд теңге есебімен өсіп
отыр.
Несие капиталының үшінші көзі - мемлекеттің ақшалай қорланымы. Оның шамасы
үкіметтің барлық қызмет түрінен мәселен, мемлекеттік меншікті жалға беруден
акция пакеттерін сатудан, мемлекеттік меншікті жекешелендіруден және т.б.
алатын мемлекеттік меншіктің ауқымы бойынша келіп түсетін табысымен
өлшенеді.
Несие мекемелерінде шоғырландырылған бұл қаражаттардың жиынтығы банктің
несие ресурстары ретінде ұсынылатын мемлекеттің несие қорын құрайды.
Осындай уақытша бос ресурстардың қалыптасуы мен оның пайдаланылуының
нәтижесінде несие капиталының нарығы пайда болып, дамыды.
Қаржы нарығының бірі ретіндегі несие капиталының нарығын несие капиталының
ауыспалы айналымын қамтамасыз ету процестерімен байланысты қаржылық қарым-
қатынастың ерекше саласы ретінде анықтауға болады.
1.3 Несие жүйе түсінігі, ролі мен маңызы және оның
құрылымы
Нарықтык экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы
кәсіпорындар, ұйымдар мен халықтың ақшалай есеп айырысулары мен
төлемдерінің едәуір көлемі жүргізіледі, сондай-ақ ол уақытша еркін ақша
құралдарын, халықтын жинақ ақшалары мен табыстарын белсенді әрекет етуші
капиталға айналдырады, көптеген әр алуан несиелік, сақтандыру, делдалдық,
инвестициялық сенімділік, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.
Өндіріске қатысты екінші кезекте бола тұра, несие жүйесі оған үнемі және
едәуір дәрежеде ықпал етті. Ол ақша жинақтарының масштабын бірнеше есеге
кеңейтеді, ақша құралдарының бір саладан екінші салаға құйылып қамтамасыз
етіп, сол арқылы өндіріс тиімділігінің өсуіне ықпал етеді.
1.1 Несиеден келген табыс көлемі.

Несие жүйесінің ролі мен маңызы бірқатар көрсеткіштермен сипатталады:
несиелік салымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және
айналым капиталының қалыптасуындағы банктік делдалардың үлесі. жалпы төлем
айналымы және т.б.
АҚШ несиелік қатынастардың даму дәрежесі, банктік операциялар-дың
шаруашылықтың өндірістік және тұтынушылық аясын қамтуы, несиелік мекемелер
жүйесінің әр алуандығы және тармақтылығы, қаржылық капитал топтарынын қуаты
бойынша әлемнің басқа елдерінен алда келеді.
Американдық несие жүйесінін әрекет ету ауқымы жөнінде төмендегі цифрлар
түсінік бере алады. Несие мекемелері арқылы қолма-қолсыз есеп аудару
жолымен жүзеге асырылатын жылдық төлемдік айналымның басым бөлігі 80-
жылдардың басына қарай 60-65 трлн доллар деп бағаланған. Несие жүйесі
арқылы американдық шаруашылықта қолданылатын ақша капиталының орташа
есеппен 3д бөлігі өтеді. Несие мекемелері арқылы айналатын ақша
қаржыларының орташа жылдық сомасы 1989 жылы 700 млрд долларды құрады.
Несие жүйесі өз қызметін атқарған кезде несиелік қатынасгар туындайды.
Несиелік мекемелер және әр түрлі субъектілер арасында қайтарымдылық және
төлем шарттары негізінде уақытша еркін ақша қаражатын жинақтау және қайта
бөлістіру жөніндегі экономикалық байланыстары несиелік қатынастардың
мазмұнын анықтайды.
Бірақ несиелік қатынастардың мазмұны ақша капитатының жинақталуымен және
оны заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың уақытша пайдалануына берумен ғана
шектелмейді. Несиелеу процесінде өндірістік құнға яғни ұдайы өндірістің
ақша айналымына арналған төлем құрал-дарының қосымша массасы қалыптасады.
Төлем айналымының үлкен ағымы несие жүйесі арқылы өтеді, ол несиелік
қатынастардың мазмұнын) толықтыра отырып, төлеушілер мен несиелік мекемелер
арасында, несиелік мекемелер мен алушылар арасында экономикалық
қатынастарды қалыптастырады.
Несие жүйесі елдегі ақша айналысын реттейді заңды және жеке тұлғаларға
әр түрлі қызмегтерді көрсетеді, соның нәтижесінде несиелік экономикалық
қатынастар туындайды. Несиелік қатынас-тардың екі түрлі сипаты бар және
шаруашылық субъектілері үшін де несие жүйесі мекемелері үшін де бірдей
дәрежеде қажет болады. Несие мекемелерінде ақшаны сакқтау несиелік
ресурсгардың құрылуын, ал оларды экономика мен халықтың қажет-тілігі үшін
орналастыру - несие беруді білдіреді. Екі жақты қатынастар мыналардың
арасында болады: шаруашылық ұйымдары мен несие жүйесі несие жүйесі мен
халық мемлекет пен несие жүйесі несиелік мекемелер арасында әр түрлі
мемлекеттердің несиелік мекемелері арасында. Жоғарыда анықтағанымыздай
несиелік қатынасгар несие экономика-лык категориясының әрекет етуі кезінде
ақша формасында жүзеғе асырылады. Несиелік қатынастардың сыртқы көрінісін
несие формасы сипаттайды. Ол несиелік қатынастардың мәні мен
ұйымдастырылуын синтездейді. Несиелік қатынастардың формасы мен мазмұны
диалектика.тық бірлікте болады. Несиелік қатынастардың (формасы олардын
мазмұнына сәйкес келіп және олардың дамуын ынталандыруы тиіс. Өндірістік
қатынастардың өзгерісі несиелік қатынасгар мазмұнының және несие формасының
өзгеруіне әкеледі.

ІІ Несиенің қызметі мен экономикадағы ролі
2.1 Несиенің экономикадағы ролі және оны
қолданудың шектері
Несиенің ролін несиелік қатынастардың жұмыс істеуіне әкеліп соқтыратын
нәтижесімен анықтауға болады. Несие өзінің қызметі арқы-лы ұдайы өндіріс
процесіне әсер етеді. Жоғарыда аталып өткендей, несиеыің оөз қызмет саласы
бар, ол қозғалыстың барлық құнды-лықтарымен емес, шаруашылық айналымда
пайдаланылмай тұрған, қайта айналып құйылудың бастапқы кезінде қайта
бөлінуі мүмкін бөлігімен ғана байланысты. Несиенің көмегімен шешілетін
міндеттер қоғамдық дамудын әр түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыруы мүмкін.
Экономика дамуының сатысана қарамастан, несиенің арқасында қарьп беру
капиталы құрылып, оның өнім өндіруте пайдалануы қамта-масыз етіледі. Несие
ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігі мен тездетілуі-не қызмет етеді.
Уақытша бос материалдық және ақшалай қаржыларды қайтарымдық және төлемдік
негізде қайта бөлуді қамтамасыз етуші несие кез-келген экономикалық
субъект бойынша ағымдағы өндірістік шығындар мен табыстардың арасында
өндірістің маусымдық сипаты мен экономика салаларында тауарларды сатып
реттеудің арасында, капиталдың жұмсауға қажетті көлемі мен қолда бар
жиынтықтардың арасында болатын қарама-қайшылықтарды шешіп отырады. Ұдайы
өндіріс процесін несие арқылы түзету ең алдымен қоғам-дық өндірістің
үздіксіздігін қуаттап отырудың арқасында қамтамасыз етіледі. Жоғарыда
көрсеткеніміздей, қорлар айналасының біркелкілік танытпайтындығына
байланысты бір полюсте бос тұрған қаржылар пайда болады, екіншісінде оларға
деген тапшылық орын алады. Уақытша қаржылық
1.2 Капитал қорының өсу диаграммасы
қиыншылықтарға ұшыраған кәсіпорындарға берілетін несие оларға ұдайы
өндіріс процесін жалғастыруғаТМҚ үшін акы төлеуді қамтамасыз етуге,
еңбекақы төлеуге және т.б. мүмкіндіктер тудырады.
Жаңа өндіріс ашу мен оларды кеңейту ісінде де несиенің аткаратын ролі
зор. Несиенің комегімен айтарлықтай қаржы ресурстарын шоғырландыру мен
орталықтандыру жаңа өңдірістердің ірі жобадарын іске асыруға, жаңа
техниканы өндіруге жоғары қосымша құны бар өнімдерді өндіруді қайта
жарақтауға байланысты салынатын мол салымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік
береді.
Қазақсганда экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, жоғары дамыған
өңдеу секторын құру мақсатын көздейтін ҚР-ның 2003-2015 жылдарга арналған
индустриалдык-инновация-лык даму стратегиясы жүзеге асуда. Бұл ретте өзінің
несиелік қаржыларын осы Бағдарламаны жүзеге асыруға бағыттайтын несие
жүйесіне үлкен үміттер артылуда. Несиені капиталдық салымдар есебінде
пайдаланудың бюджеттік қайта айналмалы қаржыландырумен айтарлықтай маңызды
артықшылықтары бар. Ол капиталдық шығынның тиімділігін осы шаралардың пайда
есебінен қарызды өтеудің мүмкіндіктерін анықтаумен әрі несие шараларының
өтелу мерзімі шегінде қарызды өтеудің мерзімін белгілеумен жүйелі бақылауға
мүмкіндік береді.
Несиенің ақша айналымы саласында да алатын орны айрықша. Ол ақша
айналымының үнемделуінен көрінеді. Несие өзінің қызметі - айналысының
кұралын құруға байланысты:
- біріншіден, ақша белгілерін дайындау, шығару, есеп жүргізу мен
сақтау шығындарын қысқартады;
- екіншіден, несие бос ақша қаржыларын сан рет пайдалана отырып, қолма-
қол ақшасьп есептесулерді қысқартып, айналым шығындарын азайтады;
- үшіншіден, айналымның шығындары маусымдық қажеттіліктерді қосымша
қаржылар есебінен көбейткенде қорлардың кемуіне байланысты қысқарады.
Кәсіпорындар мен халықтың қаржыларын банкілердің есеп-шотында сақтау
ақша есептерін банкінің есебінде жазу арқылы, яғни қолдағы бар ақшаның
қатысуынсыз жасауға мүмкіндік береді. Қолма-қол ақшасын есеп экономикадағы
есептесулерді тездетіп. айналымның шығындарын азайтады, мемлекеттік қарыз
беру қорын арттырады. Қолдағы ақшалардың айналымға түсуі және оларды
айналымнан шығару несиелік негізде жүргізіледі, мұның өзі айналыстағы ақша
көлемін реттеп және оларды басқаруға, дәлірек айтқанда валюта мен
инфляцияның тұрақтылығын ұстап тұруға мүмкіндік береді. Экономиканың
төмендеп, инфляңияның өрлеген кезінде мемлекет пайыздык ұтысты көтеру
арқылы айналымдағы ақша көлемін қысу үшін экономикадағы несиелік салымның
көлемін қысқаргады. Ал, эконо-микалық өрлеу кезінде экономиканы
жандандырып, әрі өсіру үшін несие экспансиясы саясаты қолданылады, яғни
пайыздық ұтыстарды кеміту арқылы несие тасқыны көбейіп, ақша көлемі
ұлғаяды. Осылайша ақша айналымы ретке келтіріледі. Қазақстанда 1993-1997
жылдары несиелердің шектелуі, ал 1998 жылдан бастап несие экспансиясы
саясаты жүргізілді.
Несиенің (ипотекалық тұтыну несиесі) арқасында тұрғын үй құры-лысы,
пәтерлер, автокөлік және басқа да тұрмыстық машиналар мен аппараттар алу
мен шаруашылықты қалыптастыру сияқты қоғамдағы көптеген әлеуметтік
мәселелерді шешуге қол жетіп отыр. Несиенің көмегімен басқа мемлекеттермен
байланыстар нығайып, әлемдік экономикаға араласута мүмкіндіктер туып
келеді. Сонымен, жекелеген шаруашылықпен айналысушы экономикалық
субъектілердің өмір сүруі мен жалпы халық шаруашылығының дамуына да,
микродеңгейіне байланыстардың дамуында, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын
көтеруде несиенің атқаратын ролі өте зор екен. Міне осыған байланысты
несиені пайдаланудың шегі қайсы деген мәселе туындайды. Үйлесімді
деңгейлерде ғана несиенің экономикаға салынуы пайда бере алады. Несиенің
дамуын, оның ролінін күшеюін экономикаға несие салымының артуымен
байланыстыруға болмайды. Мұның өзі несиені пайдаланудағы сапалық емес,
сандық өзгерісгерді көрсеткен болар еді. Несие ұсынымдарының ұлғайғаны
жайлы мәліметтер мен қаржылардың қайнар көздеріндегі несиенің үлесі
экономиканың дамуында оның ролінің артқандығы осы процестердің несие
объектілерінің кеңекімен, жаңа өнімдер шығару үшін жаңа да, сапалы
жобаларды игерумен байланысты болғанда да белгілі болады. Бұл жағдайда
несиелік қатынастардын дамуы жаңа салалардың пайда болуы, капиталдың бір
саладан екінші салаға ауысып қайта құйылатындығы жүзеге асатындықтаннесие
ролінің артқандығы туралы айтуға болады.
Әңгіме бұл жерде несие шектерінің сапасы мен саны жайлы. Несиелердің
көптігі экономиканың даму процесіне, ақша айналымына кері әсерін тигізеді.
Ол қарыз алушылардың қаржыларды үнемдеп пайдаланута деген ықыласын
бәсеңдетеді. Ал, несие саласын мейлінше тарылтудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері
Қысқа мерзімді қарыздар және оны ұйымдастыру
Несиенің қажеттелігі және оның мәні. Несие капиталы. Несиенің қажеттілігі және несие қатынастарының пайда болуы
Несие пайызы
Экономикалық категория ретінде несиенің мәні және қажеттілігі
Қазақстан Республикасындағы несие нарығы мен несие ресурстарының жағдайы
Банктегі несие жүйесі
Қарыз капиталынның құрылымы және қажеттілігі
Несие беруші - несие келісімнің қарыз ұсынатын жағы
Еңбекақы төлеуге арналған сомада - уақытша бос ақша капиталы
Пәндер