Қосымшалардың мағыналық, құрылымдық ерекшеліктерін көрнекілік арқылы түсіндіру


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі

Гуманитарлық пәндер бөлімі

Қазақ тілі мен әдебиеті ПЦК-сы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

Қосымшалардың мағыналық, құрылымдық ерекшеліктерін көрнекілік арқылы түсіндіру

Орындаған: Ергеш Ж.

Тобы: К - 2 - 09

Пәні: қазақ тілін оқыту әдістемесі

Жетекші: Елібаева Л.

Тараз - 2013

Қосымшалардың мағыналық, құрылымдық ерекшеліктерін көрнекілік арқылы түсіндіру

Мазмұны

Кіріспе . . .

І тарау. Қосымшалар - морфологияның зерттеу нысаны

І. 1. Қосымшалардың жіктелуі . . .

1. 2. Сөз тудыратын қосымшалардың өзіндік қасиеті . . .

І. 3. Қосымшалардың мағыналық, құрамдық ерекшеліктері . . .

Қорытынды . . .

ІІ тарау. Қосымшаларды оқыту жолдары

ІІ. 1. Жалғауларды оқытудағы көрнекіліктердің маңызы . . .

ІІ. 2 . Қосымшалардың грамматикалық мағына берудегі ролі . . .

Қорытынды . . .

Әдебиеттер тізімі . . .

Қосымша беттер . . .

Кіріспе. Зерттеудің өзектілігі . Тілдегі грамматикалық мағынаны білдіретін қосымшалар - тілдің грамматикалық құрылысында ертеден қалыптасып, әбден орныққан қосымшалар. Олардың қолданылу аясы, сөз таптарына қатысы, сөзден алатын орны, беретін, білдіретін мағыналары да алуан түрлі. Грамматикалық мағынаны білдіретін қосымшалар: жалғау, нөлдік қосымша, грамматикалық жұрнақтар жайлы берілетін білім мазмұны жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерге негізделсе, оқушылардың байланыстырып сөйлеуіне, өз ойын еркін жеткізе білуіне жол ашады.

Жалғаулар сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы оларға белгілі грамматикалық мағына үстейтін морфологиялық формалар болып есептеледі. Қазақ тіліндегі төрт түрлі жалғаудың әрқайсысының өзіне тән грамматикалық мағыналары және сол мағыналарына орай арнаулы грамматикалық формалары бар. Сол себептен олар өз алдына категория деп танылып, әрқайсысы бас - басына септеу категориясы, көптеу, тәуелдеу, жіктеу категориясы делініп есептеледі.

Зерттеудің мақсаты: қосымшалардың грамматикалық мағына берудегі және жаңа сөз жасаудағы қызметі жөнінде жазылған ғылыми еңбектерді басшылыққа ала отырып, әдістемелік құралдарды пайдаланып, оқушыларға теориялық білім беру тәсілдерін, оқытудың тиімді жолдарын қарастыру, өз ойын басқаға жетік түсіндіре алатын тұлғаны қалыптастыру, тіл байлығын, сөздік қоры мен шығармашылық деңгейін көтеру жолдарын дәйектеу.

Зерттеудің міндеттері:

1. Ғылыми зерттеу көздеріне сүйене отырып, тақырыптың теориялық сипатын ашу.

2. Оқушыларға грамматикалық мағынаға байланысты берілетін білім көлемін анықтау.

3. Оқытуда қамтылатын инновациялық технология түрлерін саралау.

Зерттеудің болжамы: егер оқыту барысында қосымшалардың грамматикалық мағына берудегі ролін танытуда берілетін білім түрлері логикалық жүйемен үздіксіз дамытылып отырса, оқушының білімі мен сөйлеу мәдениетін жетілдіру ұтымды әдістер мен ұстанымдар негізінде жүргізілсе, оқытудың нәтижелілігі мен тиімділігі арта түседі.

Зерттеудің әдістері: әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, бақылау-зерттеу, талдау-жинақтау.

Зерттеудің нысаны: қосымшалардың грамматикалық мәні

Пәні : қазақ тілін оқыту әдістемесі

Зерттеу орны: Тараз қаласы № 38 орта мектеп 7«Б» сыныбы

Зерттеу кезеңдері:

1. Тақырып таңдап алу, сол бойынша іздену.

2. Бекітілген тақырыпқа байланысты материал жинақтап, жұмыстың жоспарын құру.

3. Жоспарға сәйкес курстық жұмыстың І бөлімін жазу.

4. Диплом алдындағы тәжірибе жинақтау, курстық жұмыстың практикалық бөлімін жазып, жұмысты аяқтау және қорғау.

1. 1. Қосымшалардың жіктелуі

Қосымшалар белгілі топтағы сөздерге жалғанады, олардың өз ішінде де мағыналары мен қызметтері бірдей емес. Біразы өздері жалғанған сөздерге жаңа лексикалық немесе сөзжасамдық я деривациялық мағына үстесе ( жылқы-шы, апта-лық, шеге-ле, бі-лім ), сөйтіп, сөзжасам тәсілінің бір түрі болып танылса, енді біразы мағынасына ешбір өзгеріс енгізбей, таза грамматикалық мағына үстеп, кейде ол сөзді басқа сөзбен байланыстырып та тұрады. Осындай мағыналары мен қызметтеріне қарай қосымшалар көпшілік грамматикаларда жұрнақ-жалғау болып бөлініп жүр. Демек, морфемалық құрамы жағынан түбір, қосымша (жалғау, жұрнақ), сөз деген бөліктер мен ұғымдар болады. Бұлардан басқа кейбір еңбектерде сөз, туынды түбір деген ұғымдармен сәйкес келетін негіз (сөздің негізі) деген термин де ара-кідік қолданылып жүр. Сондай-ақ мағыналық жағынан қосымша морфемалардың, яғни, қосымшалардың өз ішінде омонимдік, синонимдік, антонимдік, моносемиялық-полисемиялық сипаттары, құрамы жағынан жалаң және күрделі, құрама, шығуы жағынан

төл және кірме қосымшалар бар екенін ескерген жөн.

Қазақ тіл білімінде қосымшалар морфеманың бір түрі ретінде мағыналық ерекшеліктері мен қызметі жағынан жалғау мен жұрнақ болып екіге бөлініп жүргені белгілі. Сөздің морфология құрамды бір бөлігі ретінде және сөздің мағыналы дербес бөлшегі болып табылатын түбірден, бір жагынан, бөлек морфема, екінші жағынан, түбірмен бірлесіп барып сөз құрап, қосымша мән үстеп, бірлікте тұру арқылы және кейде ол сөзді сөйлеу процесінде басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсіріп тұратын морфема ретінде танылып жүр. Осының негізінде, үшінші жағынан, сөздердің синтетикалық жолмен жасалған, біріншіден, жаңа сөз жасайтын немесе сөзжасам тұлғалары, екіншіден, сөз түрлендіретін немесе форма тудыратын және үшіншіден, сөз жалғастыратын немесе сөз байланыстыратын тұлғалары деп бөлу дәстүрі бар.

Ал түркология қосымша деген ұғым «аффикс» терминімен белгіленеді де, ол көбіне өз ішінде әрі қарай жіктелмей, өте кең мағынада қолданылады, сөйтіп, «аффикс» деген термин, бір жағынан, қазақ тілінің грамматикаларында қолданылып жүрген қосымша мәнінде, екінші жағынан, әрі жалғау, әрі жұрнақ мәнінде бірдей жұмсалады. Сондықтан да түркологиялық әдебиеттерде бір жағынан, «аффикс множоственного числа» (көптік жалғау), «аффикс падежа» (септік жалғау), «аффикс пренадлежности» (тәуелдік жалғау), «аффикс сказуемости» немесе «предикативности» (жіктік жалғау), екінші жағынан, «аффиксы залога» (етіс жұрнақтары), «аффиксы степени сравнения» (шырай жұнақтары), үшінші жағынан, «аффиксы именного словообразования» (есім тударатын жұрнақтар) деген күрделі терминдер ненмесе жеке жалғаулар мен бірге сөз түрлендіретін қосымшалардың да, сөз тудыратын қосымшалардың да, сөз тудыратын қосымшалардың да әрбір түрін «аффикс» деп көрсету жиі кездеседі. Бұнымен бірге «аффикс» термині мағынасы мен қызметтік ерекшеліктері жағынан кейде сөз түрлендіруші (словоизменительный), сөз тудырушы (словообразующий), форма тудырушы (формообразующий) болып та бөлініп отырады.

Қайткен күнде де қазақ тіл білімінде қосымшаларды белгілі түрлерге жіктеуге негіз болатын қасиеттері қосымшалардың мәні, мағыналық сыр-сипаты, қолданыстық қызметі, жіктеу жүйесі толық айқындалады деуге болмайды. Қосымшалардың қазақ тілі грамматикаларында көрсетіліп жүрген айыру белгілері, мағыналық, қызметтік түрлері оны сөз құрамының бір морфемалық бөлігі ретінде, әсіресе семантикалық мәні мен грамматикалық-тұлғалық, қызметтік дербестігі жоқ, түбірден өзгеше морфема ретіндегі ерекшеліктері қажетті сипаты болып саналғанымен, ол қосымшалардаң өз ішіндегі құрылымдық-мағыналық қасиетін, қызметтік-мәндік ерекшеліктерін, соларға байланысты тілдің грамматикалық құрылысын, оның сырын айқындап, соған байланысты жіктеу түрлерін толық таныта алмайды. Өйткені «аффикс» деген термин де, қосымша да мағыналық-құрылымдық жағынан да бұл тілдік құбылыстың әр түрлі грамматикалық сипатын, әсіресе оның жіктелуге негіз болатын сипатын саралай алмайды.

«Аффикс» терминін қосымша деп қазақшалап, оны түркологиядағы үлгідей қосымша түрлерінің нақтылы атауларымен қосақтап «жіктік қосымша», «септік қосымша», «тәуелдік қосымша», «етіс қосымшасы», «зат есім тудыратын қосымша», «сын есім тудыратын қосымша», «етістік тударатын қосымша» т. б. деп қолдану мүмкін болғанымен, қазақ тілінің грамматикаларында алынып жүргеніндей қосымшаның өзін мағыналық, қызметтік ерекшеліктеріне қарай түрлерге бөлініп, сол бөлінген түрлерінің атауын ғана нақтылы анықтауыштарымен қосақтап« септік жалғау », « шырай жұрнақтары», «сөз тудырушы жұрнақтар» т. б. сияқты қолданудың ғылыми негізі бар екенін байқаймыз. Бұдан қосымша морфеманың жалпы ерекшеліктерімен бірге оның түрлерінің өзара айырмашылықтарын, әр түрінің мағыналық, қызметтік қасиеттерін, түрленуінің принциптері мен крийтерилерін және оның грамматикалық құрылыс жүйесінен алатын орнын айқындай аламыз. Әңгіме ол түрлерінің аталуында, терминдерінде емес, негізгі мәнінде, солай бөліп жіктеудің ғылыми негізінде және оның тілдің грамматикалық құрылыс жүйесіндегі сырларын аша алуында.

Қазақ тілі грамматикаларында өздеріне тән «мағыналары мен қызметтеріне қарай сөзден сөз тудыратын қосымшалар (морфемалар) жұрнақтар деп, сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшалар бір ыңғайда жұрнақ пен жалғау болып жіктеліп, соның ішінде «мағынасы мен қызметіне қарай жұрнақтарды сөз тудыратын жұрнақтар деп екі салаға» бөлу дәстүрі бар. Тіпті кейде «кейбір жұрнақтар әрі сөз тудыратын, әрі форма тудыратын синтетикалық морфема есебінде де қызмет ете береді». Ал мағаыналары мен қызметтері, сөздер арасындағы әр қилы аса жалпы қатынастарды білдіріп, олардың түр-түрлерінің көрсеткіштері есебінде қызмет етсе, жұрнақтар ол қатынастарды білдірмейді, тек өдері жалғанған сөздерге жаңа лексикалық мағына үстеумен шектелетіндіг» де көрсетілген. Сонымен бірге қосымшалар кеде «сөз тудыратын морфемалар (қосымшалар), сөз түрлендіретін морфемалар (қосымшалар) және сөз жалғастыратын морфемалар (қосымшалар) болып бөлініп», соған лайық әрқайсысы «сөз тудырушылар, сөз түрлендірушілер, сөз жалғастырушылар» делініп, осындай жеке терминдерге ие болып жіктелу үлгісі де бар. Қосымшаларды жіктеуде, ең алдымен, қосымшалардың қандай басты белгілерін негізге алуға тиістіміз дегеннің басын ашып алуымыз керек, өйткені қосымшалардың бірде бір түрлі принциппен, екіншіде екінші түрлі принциппен топтасақ, қосымшалар ғылыми негізде жіктелмейді, олардың семантикалық-грамматикалық сипаты ашылмайды. Бұл бір. Екіншіден, қосымшалардың білдіретін мағыналық сипаты, қызметі, олардың өзіндік қасиеті деген ұғымдар бір-бірінен ажыратылмай, сапырылысып кетеді де, олар туралы жаңсақ пікір қалыптасады. Айталық, қосымшалардың жаңа мағыналы сөз тудыруы немесе форма тудыруы олардың қызметі емес, мағыналық мәні болып табылады. Немесе «грамматикалық категорияларға тән тиісті ереже береліктей жүйелі заңдар жұрнақтарда да, әсіресе, сөз тудырушы жұрнақтарда да бар деу де ғылыми жағынан дәлелсіз, негізсіз. Үшіншіден, қосымшаларды жіктеуде ең алдымен неге сүйену керек, олардың мағыналық ерекшеліктері негізге алынуы керек пе, әлде қызметі негіге алынуы керек пе және осының қайсысы болса да, оның ғылыми негізі неде дегеннің басы ашылмай қалады. Қосымшаларды ешбір даусыз жіктеуге негіз болатын, ғылыми мәнін айқындап ашатын жүйелі белгілер, негізгі ерекшеліктері бар ма?

Қосымшалар морфеманың бір түрі ретінде қандай сипаттары арқылы ерекшеленеді және түбір морфемадан қандай қасиеттері мен белгілері негізінде ажыратылады? Міне осыдан барып қосымшаларды жіктеуге нақты критерий туындайды. Осы жағынан келсек, қосымшалар морфеманың ең бірінші және басты семантикалық-грамматикалық белгісі- мағыналық және тұлғалық дербестігі жоқ болуы, яғни қосымша түбірге жалғанбай ешбір мән-мағына білдіре алмауы, демек, өз бетімен жеке дара қолданылмауы және түбірдің дыбыстық ыңғайына, әуеніне лайық үндестік заңы негізінде құбылып, вариантталып барып түбірге жалғануы. Және осымен қатар қосымшалар түбірге жалғануы арқылы, біріншіден, жаңа мағына білдіріп, жаңа сөз тудыру немесе, екіншіден, түбір білдіретін негізгі мағынаны өзгертпей, оған әр түрлі қосымша мағына үстеуі болып табылады. Соның нәтижесінде барып қосымшалар белгілі қызмет атқара алады немесе қызмет семантикалық сипатының шеңберінде қалып қояды. Сөйтіп, қосымшалардың білдіретін және беретін мағынасы оның ең бірінші басты қасиеті де, атқаратын қызметі сол мән-мағынасы арқылы жүзеге асатын екінші қасиеті болып саналады. Сондықтан қосымшаларды жіктегенде, олар өзі жалғанған сөздің лексикалық мағынасын, сонымен бірге жалпыграмматикалық мағынасын өзгертіп, жаңа лексикалық немесе сөзжасамдық (деривациялық) мағына тудыра ма, сол арқылы тілдің сөздің құрамын байыта ма, жоқ түбір сөдің лексикалық және жалпыграмматикалық мағынасына ешбір өзгеріс енгізбей, тек қосымша грамматикалық мағына үстей ме, осыған қарап қосымшаларды сөз тудырушы және форма тудырушы немесе сөз түрлендіруші деп екі топқа бөліп қараған жөн.

1. 2. Сөз тудыратын қосымшалардың өзіндік қасиеті

Сөз тудыратын (сөзжасам) қосымшалар форма тудыратын (сөз түрлендіретін) қосымшамен сөздің белгілі бір морфемалық құрамды бөлшегі болып, морфема ретінде бір топ құрағанымен, олардан мағыналық, қызметтік жағынан мүлде өзгеше. Сөз тудыратын қосымшалар 1) өзі жағынан түбір сөздің лексикалық мағынасын өзгертіп жіберіп, жаңа мағыналы сөз тудырады, 2) сөйтіп барып, сөз тудыру процесінің бір тәсілі ретінде грамматикалық мәннен гөрі лексика-семантикалық қасиетке ие болып, 3) сөз тудыру қатарындағы белгілі бір үлгі ретінде өнімді-өнімсіздік, құнарлы-құнарсыздық сипатта көрініп отырады. Сол арқылы олар 4) туынды түбірлердің, жаңа сөздердің қатарын көбейтіп, 5) бұл туындылар жаңа лексикалық единица болып сөздік құрамға енеді, оны (сөздік құрамды) байытып отырады. Бұндай мағыналық қасиет форма тудырушы қосымшаларда атымен жоқ. Осындай қасиет пен сипаттардың нәтижесінде форма тудырушы қосымшалармен салыстырғанда сөз тудырушы қосымшалардың түбірге (сөзге) жалғану аясы тар. Ал форма тудырушы қосымшалар (қазіргі грамматикаларда сөз түрлендіретін немесе форма тудыратын жұрнақтар және жалғаулар деп аталатын қосымша түрлері), біріншіден, белгілі бір сөз табына немесе оның белгілі бір семантикалық я грамматикалық тобына түгел жалғанып (ондай қасиет, категориялық сипат сөзжасам қосымшаларына мүлдем тән емес), екіншіден, не жаңа мағыналы сөз тудырмайды, не түбір білдіретін лексикалық мағынасын өзгертіп жібермейді, тек сол бір сөз табы шеңберінде өзі жалғанған түбірге қосымша грамматикалық қана мағына үстейді де, белгілі сөз табының парадигмалық жүйесінің бір көрсеткіші болады. Сондықтан да осындай типті қосымшалардың тұлғалық түрленуі мен мағыналық жиынтығы белгілі грамматикалық категория құрайды. Демек, форма тудырушы қосымшалар категориялық форма тудырады да, бұнда өнімді-өнімсіздік, құнарлы-құнарсыздық сипатының қажеті болмайды. Ең өнімді әрі құнарлы дегене сөз тудырушы қосымша, мысалы, мамандық, бір іске бейімділік, икемділік мәнін білдіретін -шы, -ші (қосымшасы) барлық зат есімге бірдей жалғана бермейді: Балықшы, қойшы, жылқышы, сиыршы т. б. туынды сөздер болғанмен, шортан-шы, сазан-шы, ешкі-ші, лақ-шы, құлын-шы, тауық-шы т. б. сияқты сөдер жоқ, демек, бұл жұрнақ зат есімнің бәріне бірдей, мысалы, шортан, сазан, лақ, құлын, тауық, аспан, достық, білім, аялдама, мінбе, кеспе тәрізді толып жатқан негізгі, туынды түбір зат есімдерге жалғанбайды. Сөйтіп, форма тудырушы қосымшалар, бір жағынан, белгілі бір сөз табының парадигматикалық түрлену жүйесінің тұлғалық көрсеткіші болып саналса, екінші жағынан, сол сөз табын, оны жеке сөз табы ретінде тануға негіз болатын осындай морфологиялық белгілері арқылы басқа сөз таптарынан ерекшелендіретін грамматикалық тұлғалар жүйесі, яғни морфологиялық критерийге негіз болатынын, сөз табының грамматикалық сипатының басты көрінісі екенін ескеру қажет. Осы қасиеттің негізінде, сөз жоқ, форма тудырушы қосымшалардың, біріншіден, сөздің лексикалық мағынасын өзгертпей, оған белгілі категориялық щеңберде грамматикалық мағына үстеуі, сөйтіп, белгілі бір сөз табынаң грамматикалық формасын тудыруы, екіншіден, сол сөз табына енетін немесе оның белгілі бір тобына тән сөздердің бәріне жалғана алуы, сөйтіп, белгілі бір сөз табынаң грамматикалық категоиясының түрлену жүйесінің тұлғалық көрсеткіші болуы, грамматикалық абстракция жасауы олардың бір-бірімен байланысты, бірінен екіншісі туындайтын мәндік, грамматикалық сипаты болып табылады да, бұндай сипат сөз тудыратын немесе сөзжасам қосымшаларында болмайды.

Сөз тудырушы (сөзжасам) қосымшалардың басты қасиеті - өзі жалғанған сөздің лексикалық мағынасын өзгерту, жаңа мағыналы сөз тудыру болып табылады. Сөз тудырушы қосымшалар бір сөз табының шеңберінде парадигмалық жүйе жасай алмайды, бір жағынан, жалпы категориялық мәнге сәйкес ортақ грамматикалық форма білдіретін грамматикалық мағынаға бәлгілі бір грамматикалық категорияның аясында қарама-қайшы келетін (оппозициялық) грамматикалық мағына тудырмайды. Сөзжасам қосымшасы жалғанғаннан кейінгі үстелетін грамматикалық мағына сол қосымша жалғау арқылы пайда болған лексикалық (деривациялық) мағынаның негізінде ғана туындайды да, морфема ретіндегі түбірдің грамматикалық мағынасы сияқты мәнде сөз табына тек осы жағынан қатысты болады. Сөзжасам қосымшалары бұл жағынан да сөз тудырудың басқа жолдары (мысалы, лексика-семантикалық, аналитикалық) сияқты қасиетте болып, грамматика тұрғысынан морфологияның шеңберінде қаралуы оның грамматикалық мәні мен сипатынан тумай, тек белгілі сөз табынан болуына ғана байланысты.

Мысалы, мал-шы, біл-ім деген сөздерді талдап көрейік. Әдетте, бұлардағы -шы және -ім қосымшаларын зат есімнен зат есім (мал- зат есім, мал- шы -зат есім) және зат есім (біл-етістік, білім-зат есім) тудыратын жұрнақ деп анықтап жүрміз. Дұрысында бұл жерде -шы қосымшасы мамандыққа, кәсіпке (яғни малды бағуға) байланысты, -ім қосымшасы білу қимылының нәтижесін білдіретін жаңа сөздер жасаған. Міне, осы мағыналары жаңа сөзжасамдық мағына болып табылады да, сөзжасам қосымшасының мәні осымен шектеледі. Енді малшы, білім деген сөздерді (мамандықтың, кәсіптің иесі, я атауы және нәтижесі, атауы) осындай лексикалық мағынасының жалпылануы, яғни, жалпы зат атауын білдіру сипатына көшуі нәтижесінде зат есім болып тұр. Бұл сөздердің зат есім болуына бұл қосымшалардың тікелей қатысы жоқ, бұл жерде семантикалық процесті-нақты заттың жалпылануын, сөйтіп, жалпы грамматикалық мағынаның пайда болып, ол зат атауы болғандықтан, зат есім деп танылып отыр. Яғни сөз тудыратын қосымшаның белгілі бір сөз табының щеңберінде қаралуы ол қосымшаның ең негізгі қасиеті, басты мәні емес, бұдан ол категориялық сипатқа ие бола алмайды. Өйткені сөз тудырушы қосымшалардың щеңбері сөз таптарының түрлену жүйесімен, грамматикалық категорияның болу-болмауымен айқындалмай, көбіне таза сөз тудыру, лексикалық мағына жасау мәселесіне байланысты болады да, сол шеңберде айқындалады. Сондықтан да қазақ тілінде сан есімнің мағыналық түрлерін жасайтын форма тудыратын қосымшаларды жоқ және керісінше, түрленбейтін сөз табы деп танылатын үстеудің грамматикалық форма тудыратын қосымшалар жүйесі болмаса да, кейбір сөзжасам қосымшалары арқылы жасалған сөздер үстеу деп аталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Омонимдес морфемаларды оқытудың жолдары
Сын есімді оқыту барысында ұлт жандылыққа тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері
Түбір сөз
Қазақ орфографиясының ғылыми-теориялық негіздері
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ЕТІСТІКТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Морфологияны оқыту кезінде оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру жағдайлары және әдістері мен тәсілдері
КӨПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ЕКІНШІ ТІЛ РЕТІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ӘДІСТЕРІ
Көптік жалғауын дамыта оқыту технологиясының әдістері
Сын есімді оқыту барысында оқушыларға ұлттық тәрбие беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz