Тұрақты тіркестерді оқыту


Мазмұны
Кіріспе 3-5
І тарау. Тіл біліміндегі тұрақты сөз тіркестерінің зерттелу тарихы
1. 1. Фразеологизмдердің тілдік сипаты 5 - 11
1. 2. Тұрақты тіркестерді зерттелу аспектісіне қарай топтастыру 11- 13
ІІ тарау. Тұрақты тіркестерді оқытуда ақпараттық-технология әдістерін қолдану жолдары
2. 1. Тұрақты тіркестерді сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы үйрету 13 - 19
2. 2. Тұрақты сөз тіркесін оқытуда қолданылатын ұстанымдар 20-24
Қорытынды25-26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі27
Қосымшалар
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Егемен елімізде табандылықпен жүзеге асырылып жатқан, әлемдегі елуліктің қатарына кіру саясаты қоғам өмірінің ішінде, білім беру саласында күн тәртібіне қойылып отырған күрделі мәселелердің бірі - жаңа тұрпаттағы, жаңа ұстаздар даярлау, білім беру қызметіне жаңаша көзқараспен қарау, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралау мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Қазіргі мектептердің - біріншіден: практикалық қызметінде жинақталғанды жетілдіру, еліміздің материалдық - қаржылық ресурстарын әрі қарай дамытатын адам тәрбиелеу, орта білім жүйесін одан әрі дамытып жұмылдыру міндеттерін көздейді.
Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практика, жаңа қарым-қатынас жасаулары қажет; - деп атап көрсетілуі мұғалім іс-әрекетіне жаңа бағыт сілтейді.
Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе - әлеуметтік- педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау.
Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту, оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс - тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық- педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс -әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог - зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді. Болашақ қазақ тілі маманы болғандықтан бұл пәннің қазіргі мектептерде оқытылу жайы, ақпараттық коммуникативтік әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдалану арқылы оқушы санасын жетілдіру жағы мені де толғандырады. Халқымыздың өлмейтін, өшпейтін байлығы-қазақ тілінің құнарлы, нәрлі, икемге көнгіш, тілге оралымды қасиеті бары рас. «Мың өліп, мың тірілген» қазақтың лексикасы сөзге өте бай. Сол сөздердің бірқатарын ғылыми тілде-фразеологизмдер, қолданымда-тұрақты тіркестер деп атап жүрген ұғымның құрайтыны белгілі. Қазақтың әдеби тіліндегі әсірелеу, көркемдеу тәсілдерінің ішінде тұрақты сөз тіркестерінің алатын орны ерекше. Тұрақты тіркестер көркем шығарма тілін жандандырып, астарлап, бейнелей суреттеудің тілдегі дайын құралы болып табылады. Қазақ тіліндегі синтаксис тарауы оқытатын сөз тіркесі мен тұрақты тіркестің айырмасын көп оқушыларымыз шатастырып жатады. Кейбір көркем әдебиеттерді оқу барысында ақын-жазушылар тіліндегі сөз орамдарын, келтірілген фразеологиялық тіркестердің мағынасын түсінбейтіндері де бар.
Бұл мәселелерді зерттеу мақсатында тақырыпты «Тұрақты тіркестерді оқыту жолдары» деп алдым.
Зерттеу мақсаты: Қазақ тілінің лексикология саласы қарастыратын тұрақты сөз тіркесінің шығу төркінін, білім мен ғылым дамыған заманда жаңа технологияны қолдану арқылы тәсілдерін іздеу. Сөз тіркесімен айырмашылығын салыстыра отырып, тілдің байлығы, тілдің сұлулығы, тілдің өткірлігі айрықша көрінетін тұрақты сөз тіркестерін оқыту арқылы мектеп оқушыларының сөздік қорын молайтып, көркем әдеби шығармаларды оқыту, саналы азаматқалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
- Фразеологизмдердің жасалу жолдарын, түрлерін, стильдік қызметін, аударылуын мектеп оқушыларына қазақ тілі сабағында жаттығу жұмыстары, жаңа технология мүмкіндіктері арқылы оқыту;
- Тұрақты тіркестерді тілдік заңдылықтарға сүйене отырып зерттеумен қатар оқушы дүниетанымына, ұлттық болмысына байланысты сипаттап жеткізу;
- Тұрақты тіркестердің тек тілдің бейнелеуші элементі ғана емес, халқымыздың рухани өмірінің байлығын көрсетуде ерекше қызмет атқаратындығын ұғындырып, білім деңгейлерін айқындау.
Зерттеудің болжамы:Сабақ беру барысында тақырыпты түсіндіре отырып, оқушылардың өздері бүгінгі өмірден алынған нақты мысалдар арқылы тұрақты тіркестің мәнін ашатын мысалдар келтіріп отырса, деңгейдік тапсырмалар, көрнекі құралдар арқылы топтық тапсырмалар берілсе, көркемәдебиеттер оқуға беріліп, сол жазушының тілінен тұрақты тіркестерді тапқызып, оның мағынасын ашып, мұғаліммен оқушы үздіксіз байланыста болсакелешек ұрпақтың саналы, рухани бай, тілге шешен болары сөзсіз.
Зерттеу нысаны: 5 «г» сыныбы
Зерттеу кезеңдері:1кезеңде зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогикалық, ғылыми, әдістемелік - анықтамалық әдебиеттер мен ақпараттық материалдарға шолу, талдау жасау, мектептегі педагогикалық тәжірибе кезеңінде эксперименттік бақылау жұмыстарын жүргізу.
2 кезеңде зерттеу тақырыбына байланысты материалдарды қайта қарап, жұмыстың практикалық бөлімінің нәтижелерін көрсету.
Зерттеу әдістері:зерттеу мәселесі бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің сабақтарына қатысу, талдау жүргізу, мектептің оқу тәрбие үрдісін бақылау, әңгіме сауалнамалар жүргізу, оларды сараптау, эксперимент жұмыстарының нәтижесін бағалау.
Зерттеу орны: Тараз қаласындағы № 12 Керімбай атындағы мектеп-гимназия
Зерттеу жұмысының құрылымы:Курстық жұмыс кіріспе бөлімнен, екі тарау мен қорытындыдан және сабақтардың үлгісінен тұрады.
І тарау. Тіл біліміндегі тұрақты сөз тіркестерінің зерттелу тарихы1. 1. Фразеологизмдердің тілдік сипаты . Сөйлеуіміз сөйлемнен тұрады да, сөйлем әлденеше сөзден тұрады. Жеке сөздің сөйлемге айналуы сирек. Синтаксистік тұрғыдан алып қарасақ, сөз бен сөйлем аралығында тағы бір топ бар, ол- сөз тіркестері. Сөз тіркесі дегеніміз-екі не бірнеше сөздерден құралған грамматикалық бірлігі бекем топ. Сөз тіркестері еркін және тұрақты деп екіге бөлінеді. Еркін тіркестер жұмыс барысында, қажеттілікке орай қайта жасала беруі әбден мүмкін. Мұндағы сөздер қайтып ажырамастай қалыпта емес, керегі болса, алмастырылып, ауыстырыла береді. Мысалы, Ажар жұмысқа кешігіп келді дегендегі Ажар келді, жұмысқа келді, кешігіп келділер еркін тіркестер. Ал еркіндігі жоғалған, ажырамастай қалыпта кірігіп кеткен тіркестерді тұрақты тіркестер дейміз. Бұларды біз фразеологизмдер деп те атаймыз. Сөз, сөз тіркесі, сөйлем дегендерді синтаксис тексеретін болса, фразеологизмді лексикология қарастырады.
Тұрақты сөз тіркестерінің тек өзіне ғана тән белгілері бар. Осы белгілер тілдің бұл категориясын өз алдына жеке сала ретінде қарастыруға итермелейді. Әрі тілдің басқа единицалардан айырмасын айқындайтын негізгі ерекшелік болып табылады. Олар:
А) лексикалық мәні,
В) компоненттік құрамы,
Б) грамматикалық категориялардың түрі
Қазақ тілінде басқа тілдердегідей, бірқатар сөздер тобы тұрақталған тіркес қалпында жұмсалады. Мысалы: Төбеден түскен түнек жаудың үрейін ұшырып, есінен тандырды. (Ғ. Мүсірепов. ) Бұл сөйлемдегі үрейін ұшырып, есінен тандырды деген тіркестер олардығы жеке сөздердің тіке мағынасына сәйкес ұғымда жұмсалмаған, сол тобымен өзгеше мағынада жұмсалған: үрейін ұшыру - қатты қорқыту, есінен тандыру - есінен шығару. Бұлардың бір сөзін сол мағынасында, сол тұлғада кез келген басқа сөздермен тіркестіріп айта беруге болмайды.
Тұрақты тіркестердің құрамындағы жеке сөздерде сөйлемнің бөлек-бөлек мүшесі болмай, сол тобымен-ақ мүшенің қызметін атқарып тұрады. Сонымен қатар олар сөз тіркесінің бір-бір сыңары болып, күрделі сөз тіркестерінің де құрамында айтылады: Жаудың үрейін ұшырды, айтқаның есімнен шығып кетті.
Тұрақты тіркестер екі түрлі болады:
а) Идиомалық тіркестер: қабырғаңмен кеңес (ойлан), қой аузынан шөп алмайтын (жуас), салы суға етіп отыр (көңілсізденіп отыр), тісін қайрап жүр (өшігіп жүр), тіс қаққан ( ысылған), сиыр құйымшаққа салу (бір нәрсені созып кету), іші күю (қызғаншақтық ету), қас пен көздің арасында (лезде), беті бері қарады (айыға бастады) .
Идиомалық топтағы сөздердің байланысы берік болады, олардың тұтас топ болып тұрғандағы мағыналарына қатысты болмай, мүлде бөтен мағынаны білдіреді.
ә) Фразеологиялық тіркестер. Тұрақты тіркестердің бірқатарының мағынасы оларға қатысып тұрған сөздердің бірі болмаса бірінің лексикалық мағынасымен байланысты болады. Ондай тұрақты тіркестер фразалық тіркестер болады: таяқ жеу (соғылу), жаны ашу (аяу), үрейін ұшыру (қатты қорқыту), есіне алу (ұмытқанын қайта алу), есінен шығу (ұмыту), көңіліне алу (өкпелеу), түймедейді түйедей ету (асыра сілтеу), көзі жету (нану), қолым тимейді (уақытым жоқ) .
Тұрақты тіркестердегі сөздердің өзара байланысу амалдары мен синтаксистік байланыс формаларының қазақ тілінің осы күнгі грамматикалық нормаларынан алшақ кетпейді. Бірақ олардың синткасистік құрылысы «сіресіп қатып қалған болады да, қызметі мен мағынасы мүлде өзгерген болады».
Фразалық тұрақты тіркестердің бірқатары (мысалы: тіс қаққан, жіпсіз байлау, таяқ жеу, жаны ашу) сол құрылысы мызғымайтын, мағыналық тұтастығы берік сөздерден құралса, бірқатары кейде тұрақты, кейде еркін тізбек ретінде айтылатын сөздерден де құралады. Мысалы, тісін қайрау -біреуге қаһарын тігу және тура мағынасы (мысалы: Ол ұйықтап жатып тісін қайрайды) ; қолына алу - бірдеңені істеуге кірісу (мысалы: Ол бұл жұмысты қолына алды) және тура мағынасы (Ол қағазды қолына алды) , тілі қышу - бірдеңені айтуға құмарту (мысалы: Оның тілі қышып отыр) және тура мағынасы (соңғылар тура мағынада жұмсалған жағдайда тұрақты тіркес есебінде қаралмай, еркін тіркес есебінде қаралуға тиіс) . Фразалық тұрақты тіркестердің құрамы құбылып, өзгеріле бермейді, бірақ бір сөз әр түрлі тұрақты тіркестердің құрамында келе беруі мүмкін. Мысалы, күлкі болу, ұят болу, алаң болу, мәз болу, тісін қайрау, тісін қадау, тісін батыру. Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес - екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы. Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау - қызғану; іші күю - өкіну, т. б. ) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама) ; мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас) . Тұрақты сөз тіркесі қатарына бұлардан бұлардан басқа екі кейде одан да көп сөздердің қатар жұмсалуынан жасалып, бастапқы мағынасын сақтай отырып, бір ұғымды білдіретін тіркестер (лексикалық тіркестер) де кіреді. Мысалы, қол қою, көз салу, қол ұшын беру, т. б. Фразеологизм, тұрақты тіркестер - екі немесе бірнеше сөздердің тіркесуі арқылы тұтас бір мағына білдіретін сөз тіркестері. Қазақ тіл білімінде бұл термин бір ізге түскендіктен Фразеологизмді тұрақты тіркес, фразеологизм бірлік, фразеологизм тіркес, фразеологизм орам, тұлға, сияқты атаулармен аталып жүр. Фразеологизмдер құрамына қандай тіркестер енетінін анықтау үшін зерттеушілер тіл білімінде олардың қолданылу тиянақтылығын, мағына тұтастығын, тіркес тұрақтылығын басты белгі етіп алады.
- Фразеологизмдердің қолданылу тиянақтылығын сөйлеуде, айтылуда бұрыннан қалыптасқан даяр қалпында жұмсалатын еркін сөз тіркестерімен салыстырғанда анық байқалады. Мысалы, бет моншағы үзіліп -ұялу, итарқасы қиянда - қашық, алыс жер. Еркін сөз тіркесі белгілі бір қалыптасқан грамматикалық жүйені керек етеді.
- Фразеологизмге тән мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сөздердің жеке мағыналарына үнемі сәйкес келе бермейді, тіркес ішіндегі сыңарлар тұтасып барып, бір мағынаны білдіреді. Мысалы: қабырғасынан күн көріну (жүдеу, арық), тас бауыр (мейрімсіз адам туралы) бұл тіркестердің құрылымы әр түрлі болғанымен, әрқайсысы мағына тұтастығымен ерекшеленеді. Фразеологизмдердің мағына тұтастығы жеке сөзбен бірдей емес. Сөз - лексикалық мағына, номинативті атау болса, Фразеологизмдер - мағына тұтастығы мен сөзбен бапамалық қатыста емес, жанамалық қатыста турады. Фразеологизмдер , әйтеуірэмоциялы-экспрессивтіреңк бар. Сондықтан, "бүтінбітімді", ал Фразеологизмді "бөлекбітімді" депесептейді.
- , . Солсебепті де . , , . Мысалы, , .
Фразеологизм дердегі осы аталған тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы, тіркес тұрақтылығы тілдің басқа да категорияларымен ерекшеленіп, өзіндік тұлға, бітім бейнесімен дербес тұрады. Бұл олардың тілдік бірлік ретінде танылуына мүмкіндік береді. Фразеологизмдерді танып-білу үшін анықталған үш белгі жеке-жеке саралануына қарамастан, қазақ тіл білімінде, сол сияқты басқа да түрік және орыс тілінде тұрақты сөз тіркесіне қандай тіркестерді жатқызу туралы шешімін таппай келе жатқан әрқилы пікірлер бар. Фразеологизмдерді зерттеу барысында тұрақты тіркестерді тар және кең мағынада түсіну деген ғылыми ұғым қалыптасқан. Фразеологизмдерді тар мағынада түсінуді жақтайтындар мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді фразеологизмдер қатарына енгізбейді. Ал кең мағынада түсінуді негізгі алатын зерттеушілер терминдерді, күрделі сөздерді, қос сөздерді, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді, газет айдарларын (штамп) фразеологизмдерге жатқызады. Орыс тіл білімі мамандарының арасында да бұл туралы пікірлерде қайшылық бар. Алайда орыс фразеологиясында соңғы кездеВ. Виноградов бастаған зерттеушілер бұрынғы классиканы зерттеу үлгілерін қайта қарауды ұсынады. Олар фразеологизмдерді тану үшін бөлек бітілуі мен даяр қалпында жұмыс істеу белгісін басшылыққа алады. Тілдегі фразеологизм құрам - лексиканың ең бай құнарлы кезі. Фразеологизмдердің жаңа ұғым, түсініктермен көбейіп қалыптасуы сол ұлттілінің даму ерекшеліктерін және ұлт мәдениетінің танымдылық қасиетін керсетеді.
Фразеологизмдердің көп мағыналығы - тұрақты тіркестердің екі я одан да көп мағына беруі. Тілдегі жеке сөздер тәрізді тұрақты тіркестердің де кейбіреулері көп мағыналы болып кездеседі. Алайда, фразеологизмдердің бәрі бірдей емес, идиомалық түрлері әрдайым дара мағыналы болады да, фразалық тіркестердің қайсыбіреулері көп мағыналы болып келеді.
Мысалы,
Бой бермеді:
а) айтқанға көнбеді, жеңістік бермеді, ә) ырық бермеді, күші жетпеді.
Көзі шықты:
а) соқыр болды, ә) көзі қанды (Жылқы бағумен көзі шықты) .
Дымы құрыды:
а) діңкеледі, шаршады, ә) лажы қалмады, не істерін білмеді.
Ат үсті:
а) жол-жәнекей, жолшыбай, ә) жеңіл-желпі, үстіртін.
Сыңар езу:
а) бір жағына бұра тартып жүретін жылқы, ат, ә) өз ырқы болмаса көнбейтін бір бет адам.
Жүзіктің көзінен әткендей:
а) сұлу, әдемі, мүсінді, ә) еті тірі пысық, жылпос.
Аузымен құс тістеген:
а) жүйрік, ұшқыр, ә) сезге шешен, ділмар адам.
Фразеологизмдерден туатын көп мағыналық, негізінен, екі түрлі жолмен жасалады. Оның бірі - жалғаса туады, екіншісі - жарыса туады. Мысалы, ат үсті деген тұрақты тіркестің ең алғашқы мағынасы, сөз жоқ, ат үстінде жүрумен байланысты шыққан. Содан соң осы ұғымға жапғастырып қолдану арқылы үстірт, үстіртін мағынасы пайда болған. Сол сияқты қартайған бүркілің тұғырда орнығып отыра алмауын адамға ауыстырып, бейнелеп қолдану арқылы соңғы мағыналары жарыса шыққандығын аңғару қиын емес. Кей жағдайда жалғаспалы мағына мен жарыспалы мағына бір-біріне ұласып, үсті-үстіне туынды мағына жамай беруі мүмкін. Мысалы, зәрі қайтты дегеннен: а) уы қайтты, тарады, ә) жыли бастады, б) ашуы басылды деген үш түрлі мағына туындаған. Бойдағы удың таралуын табиғат құбылысына, одан кейін адамның мінез-құлқына бейнелеп қолдану арқылытуынды мағыналар бір-біріне ұласып отырғандығы айтылған ойға айқын дәлел бола алады.
Фразеология - фразеологиялық жүйені қазіргі және тарихи даму күйінде алып зерттейтін тіл туралы ғылымның саласы. Оның зерттеу нысанасы өз алдына релеванттық қажеттермен сипатталатын, мағынасы тұтас, қолдануда тиянақтылығын сақтайтын, құрамы тұрақты, сөйлеуде дайын күйінде қайталанатын, астарлы мағыналы тұрақты тіркестер, фразеологиялық оралымдар болып табылады.
Тіл білімі фразеологияны этимология, лексикографиямен бірге лексикологияның құрамына қарайды. Фразеология фразалық тұрақты сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді қамтиды. Бұл айтылғандардың пікір талас тудыратын жақтары да аз емес. Түркі фразеологиясы бойынша жеке тілдерге арналған монографиялық зерттеулер жарық көрді, кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалды.
Қазақ тіл білімінде фразеологияға қатысты қыруар еңбектер жарық көрді. Ісмет Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» лингвистикаға қосылған елеулі үлес болды. Ол фразеологияның өз алдына дербес пән екендігіне теориялық негіздер салды, қазақ тіліндегі фразеологиялық оралымдарды қысқа түрде, шолу түрінде болса да, теориялық тұрғыдан қарастырды, көп мәселелердің бетін ашты, топшылаулар жасады.
Осындай мағынасы жалпыға белгілі, грамматикалық байланысы жағынан бір бүтін единица болып, қолдануы дәстүрге айналған тұрақты сөз тіркестері тіл білімінде «фразеологиялық оралам» немесе «фразеологизмдер» деп аталады.
Фразеологизмдердің қай-қайсысы болмасын халықтың сөйлесу тілі негізінде қалыптасқан, сондықтан олар өмірдің барлық саласын қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай болып келеді. Фразеологизмдер алдымен адамдардың ой-сезімін, ара-қатынасын, өмір танымын білдіреді.
Фразеологиялық тіркестердің жеке создерімен қатар қойылуының, фразеологияның лексикология құрамында қарастырылу себебі - жеке сөздердің эквиваленті ретінде қаралуына тікелей байланысты, өйткені лексикология - тілдің сөздік қорын, яғни, сөздермен олардың эквиваленттерін зерттейтің ілім. А. И. Смирницкий фразеологизмдерді «сөздердің эквиваленті» дейді. Эквиваленттік теориясына сүйене отырып ол тек сөз тіркестеріне ғана фразеологизм бола алады деп санайды да, фразеологиялық жүйеге тұрақты сөйлемдерді енгізбейді
Қазақ тіл білімінде фразеологизмдерді арнайы теориялық тұрғыдан зерттеу ХХ ғасырлың ортасынан басталып, бүгінгі күге дейін толастамай келеді. Осы ретте фразеологизмнің зерттелі кезеңінде, зерттеудегі жаңа бағыттар жөнінде зерттеуші М. Мамаева мынадай топтарға бөлган:
1. ХХ ғасырдаң ортасында- 40-50 -жылдар қазақ фразеологизмдерін теориялық жағынан зерттеудің алғашқы кезеңі.
2. 60-70 -жылдар - қазақ фразеологизмдерін классификациялау, жеке авторлар еңбектеріндегі фразеологизмдер жайы.
3. 80- жылдар - фразеологизмдерді жан-жақты зерттеу. Қазақ фразеологизмдерінің өзге тілде аударылуы мен басқа тілдегі фразеологизмдердің қазақ тілінде берілуі жайлы.
4. ХХ ғасырдың соңғы он жылы 1990-2000 жылдап - фразеологизмдерді этнолингвистикалық және салыстырмалы фразеология тұрғысынан зерттеу.
1. 2. Тұрақты тіркестерді зерттелу аспектісіне қарай топтастыру
Қазақ ғалымдары фразеологизмдердің жасалу жолдарын, этимологиясын, түрлерін, стильдік қызметін, аударылуын басқа тілдермен салыстыра отырып сан қырынан зерттеген.
Қазіргі таңда қазақ тілі лексикасының барлық қабаты қарастырылып зерттелуде, соның ішінде әр қабатқа қатысты тұрақты тіркестерді тақырыптық топтарға бөліп, оларды әр түрлі аспектіде талдау кеңінен тарап келеді.
Тұрақты тіркестерді тілдік заңдылықтарға сүйене отырып зерттеумен қатар халықтың дүниетанымына, салт-дәстүріне, ұлттық болмысына байланысты сипаттаған дұрыс, себебі тұрақты тіркестер тек тілдің бейнелеуші элементі ғана емес, сонымен қатар халқымыздың рухани өмірінің байлығын көрсетуде ерекше қызмет атқарады.
Ендігі ретте фразеологизмдерді зерттеу аспектісіне қарай топтастырып көрейік.
I. Мағынасына қарай зерттелген фразеологизмдер тобы: 1) тұрмыс-салттық фразеологизмдер, оның ішінде қолөнерге, жан-жануарларға қатыстылары; 2) соматикалық фразеологизмдер; 3) эмоционалдық фразеологизмдер.
II. Фразеологизмдердің грамматикалық тұрғыдан зерттелуі.
1. Тұрмыс-салттық фразеологизмдер, оның ішінде қолөнерге, жан-жануарларға қатысты фразеологизмдердің зерттелуі.
1) «Қазақ қолөнеріне байланысты фразеологизмдердің этномәдени аспектісі» еңбегінде З. Ержанова қазақ қолөнеріне байланысты фразеологизмдерді жан-жақты зерттеген. Ол өз еңбегінде қазақ тіліндегі өзінің бейімділігімен, әлеуметтік мәнділігімен ерекшеленетін фразеологизмдерді халқымыздың тарихы мен салт-дәстүріне, ойлау жүйесіне, материалдық және рухани мәдениетіне байланысты мол ақпарат бар екеніне зерттеу жүргізген. Ол фразеологизмдердің шығу арналары, тарихи мен танымдық қызметін қазақ қолөнері материалдарының негізінде қарастырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz