Сан есімнің мағыналық топтарын оқытуда интерактивті әдістерді қолдану


Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі
Гуманитарлық пәндер бөлімі
Қазақ тілі мен әдебиеті ПЦК-сы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Сан есімнің мағыналық топтарын оқытуда интерактивті әдістерді қолдану
Орындаған: Кеңесова Г.
Тобы: К - 2 - 09
Пәні: қазақ тілін оқыту әдістемесі
Жетекші: Елібаева Л.
Тараз - 2013
Сан есімнің мағыналық топтарын оқытуда интерактивті әдістерді қолдану
М а з м ұн ы
Кіріспе . . .
І тарау. Түркі тілдері грамматикасындағы сан есімнің орны
І. 1. Сан есімнің зерттелу тарихы . . .
І. 1. Сан есімнің мағыналық түрлері . . .
Қорытынды . . .
ІІ тарау. Сан есімді оқыту әдістемесі
ІІ. 1. Сан есімнің мағыналық түрлерін оқыту жолдары . . .
ІІ. 2. Сан есімді оқыту үрдісінде оқушылардың сыни ойлауын дамыту . . .
Қорытынды . . .
Әдебиеттер тізімі . . .
Қосымша беттер . . .
Кіріспе. Зерттеудің өзектілігі. Ана тіліміз бай әрі көп салалы. Оны зерттеу бір басқа да, меңгерту тіптен бөлек. Қазақ тілінің грамматика саласындағы сөз таптарын меңгерту - «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің негізгі мәселелерінің бірі. Әсіресе, сөз таптары ішіндегі сан есімді оқыту мәселесі ерекше. Сан есім - оқулықтарда көрсетіліп жүргендей, есімдер тобына жататын сөз таптарының бірі. Сан есімге жататын сөздердің өздеріне тән лексика-грамматикалық мағыналары бар, яғни олар заттың сан мөлшерін, ретін, шамасын білдіреді . Олай болса, сан есім -сөздерді топтастырудың бірінші ұстанымына сәйкес, яғни семантикалық сипаты жағынан сандық, мөлшерлік ұғымды білдіретін сөздер. Сан есімдер басқа сөздерге (зат есімдерге) тіркеспей жеке айтылғанда, абстракт сан атауы ретінде қолданылады, ал зат есіммен тіркескенде заттың нақты сандық мөлшерін көрсетеді. Сан есімдер - тілімізде өте көне заманнан бері қолданылып келе жатқан сөздер. Сондықтан бұлардың қалай жасалғандығы жөніндегі ғалымдар арасында түрліше пікір бар. Есімдер тобына жататын сөз табының бірі болып саналатын сан есімдердің өзіндік зерттеу тарихы бар. Н. И. Ильминскийдің, М. Терентьевтің, П. М. Мелиоранскийдің, Н. Ф. Катановтың еңбектерінде сан есім жеке сөз табы ретінде қарастырылған.
Жұмыста дамыта оқыту технологиясы және оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының оқушы шығармашылығын дамытудағы тиімділігі көрсетілді. Ч. Темпл, К. Мередит, Д. Стилл ұсынған «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының оқушының танымдық қабілеті мен ойлау белсенділігін арттырудағы орны нақтыланды.
Зерттеудің мақсаты: Сөз табы ретінде сан есімдерді оқытудың мақсаты мен міндеттерін анықтау, сан есімдерді зерттеген ғалымдардың еңбектерінің ерекшеліктері мен пікірлеріне сүйеніп, сан есімнің мағыналық түрлері мен жасалу жолдарын қарастыру, ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Ғылыми зерттеу көздеріне сүйене отырып, тақырыптың теориялық сипатын ашу.
2. Оқушыларға сан есім тақырыбы бойынша берілетін білім көлемін анықтау.
3. Сан есім түрлерін оқытуда қамтылатын инновациялық технология түрлерін саралау;
4. Теорияны тәжірибе жүзінде жүзеге асырудың инновациялық әдіс-тәсілдерін айқындау;
Зерттеудің болжамы: Егер сан есім түрлерін оқыту барысында оқушыға берілетін білім түрлері логикалық жүйемен үздіксіз дамытылып отырылса; оқушының білімі мен сөйлеу мәдениетін жетілдіру ұтымды әдістер мен ұстанымдар негізінде жүргізілсе; білім берудегі инновациялық технологиялар мен кешенді жұмыс түрлерін бір-бірімен үйлестіре, білім беру нәтижесі оқушының шығармашылық белсенділігін қалыптастыруға бағытталса, онда оқушының бойындағы өмірге қажетті іскерліктер мен дағдыларды дамытудың мүмкіндігі кеңейіп, оқытудың нәтижелілігі мен тиімділігі арта түседі, өйткені қазіргі заманғы жаңашыл тәжірибелер оқушының ой дербестігін, оқу әрекетін жандандыра отырып, жан-дүниесінің ұлттық рухта зерделенуіне, өзіндік жеке пікір қалыптастыруына жол ашады.
Зерттеу әдістері: теориялық әдістер, баяндау, салыстыру, жүйелеу, талдау, сараптау, қорыту, бақылау және тәжірибеден өткізу.
Зерттеу нысаны: Сан есімге жататын сөздердің өздеріне тән лексика-грамматикалық мағыналары
Пәні: қазақ тілінің әдістемесі
Зерттеу орны: № 38 орта мектеп 6- сынып
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
1. Тақырып таңдап алу, сол тақырып бойынша іздену.
2. Бекітілген тақырыпқа байланысты материал жинақтап, жұмыстың жоспарын құру.
3. Жоспарға сәйкес курстық жұмыстың І бөлімін жазу.
4. Мемлекеттік практика барысында эксперименттік зерттеулер жүргізе отырып, курстық жұмыстың практикалық бөлімін жазып, жұмысты аяқтау және қорғау.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау. Түркі тілдері грамматикасындағы сан есімнің орны
І. 1. Сан есімнің зерттелу тарихы
Есімдер тобына жататын сөз табының бірі болып саналатын сан есімнің өзіндік зерттелу тарихы бар.
Түркі тілдеріндегі грамматикалардан бастап сан есімге көңіл бөліне бастады. Бұл грамматикалардың бәрінде де сан есімдер қысқаша болса да сөз болды. Мысалы, Н. И. Ильминскийдің, А. Казембектің, М. Терентьевтің, П. М. Мелиоронскийдің, В. В. Катаринскийдің, С. В. Ястремскийдің, Н. Ф. Катановтың еңбектерінде сан есім жеке сөз табы жеке сөз ретінде қарастырылған.
Кеңес дәуіріндегі түркологтар еңбектерінде сан есім жайында пікірлер бар. Мысалы, А. Бороковтың оқулығында сан есімнің екі түрі көрсетілсе, Н. П. Дыренкованың грамматикасында төрт түрі берілген. Бірақ, бұл грамматикаларда сан есімнің семантикалық жақтарына қарай бөлінуін бірінші орынға қойғанмен, ол элементарлы түрде қысқа ғана түсіндіріліп, барлық қолдау ерекшеліктері толық және жан-жақты қамтылмай баяндалған.
Қазақ тілі білімінде сан есім жеке сөз табы ретінде алғаш мектеп грамматикасының көлемінде қарастырылды. Қазақ мектептерінде қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық А. Байтұрсыновтың оқулықтары болды. Оның «Тіл -құралдары» үш кітап қазақ тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымын талдап, жүйелеп, танытып берген оқулықтар еді. Ғалымның 1914 жылғы бірінші «Тіл- құралдары» (үш кітап) қазақ тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымын талдап, жүйелеп, танып берген оқулықтар еді. Ғалымның 1914 жылғы «Тіл - құрал» оқулығында сан есім жеке сөз табы ретінде көрсетілген. Онда сан есімге мынадай анықтама берілген: «Неше? Қанша? Деген сұрауға жауап болатын һәм нәрсенің санын көрсететін сөздеріді сан есім дейміз (7, 163) . » Ал 1915 жылғы екінші «Тіл - құралда» сан есімге қатысты мағлұматтар кеңейтіліп баяндалған. Бұл кітапта «Сан есім нәрселердің есебін һәм ретін көрсететін сөздер», - деген анықтама беріліп, сан есімнің есептік (оны іштей және жадағай деп екіге бөлген. ), реттік, темілдік (қазіргіше бөлшектік сан есім) деген түрлері көрсетілген.
Қазақ тіл білімінің ғалымдары І. Кеңесбаев, К. Аханов, АЫсқақов, Н. Сауранбаев, М. Балақаевтар грамматикалық оқулықтарында да сан есімдердің мағыналық таптары, жасалу жолдары туралы пікірлер қамтылды.
1954 жылы шыққан қазақ тілі білімінің фонетика, лексика және грамматика мәселелерінінен жан-жақты мағлұмат беретін, «Қазақ тілі» атты еңбекте сан есім жайында аздаған мәлімет берілді.
Сан есім кейініректе арнаулы диссертациялық зерттеу обьектісі болып, ол жөнінде Ә. Хасеновтің жеке еңбегі (1957) жарияланды. Ғалым өз зерттеуінде түркі тілдеріндегі сан есім катергориясының зерттелуіне шолу жасай келіп, сан есімдердің лексика -семантикалық ерекшеліктеріне тоқталып, лексикалық жағынан сан есмдердің лексика-семантикалық ерекшеліктеріне тоқталып, лексикалық жағынан сан есімдер түркі тіледерінің туыстығын айқын танып аларлық катергорияның бірі болып табылатындығын және сан атауларының түрік тілінде сөйлейтін халықтармен бірге жасап, көне заманнан бермен қарай қолданып келе жатқандығын айтқан. Сан есімдерді семантикасына қарай есептік, реттік, жинақтық-субстантивтік, топтық, бөлшектік, болжамды-шамалық деп алты түрге бөліп, әрқайсысына жеке-жеке тоқталған. Одан әрі сан есімнің морфологиялық ерекшеліктерін баяндай отырып, сан есімдердің жеке сөз табы ретіндегі ең басты айырмашылығы сан есімдер не аффикстену, не басқаша тәсілдер арқылы басқа сөз таптарынан жасалмайтындығын дәлелдеген. Сонымен бірге сан есімнің синтаксистік қызметін де сипаттаған.
1964 жылы қазақ тіліндегі есім сөздерді түгел қамтыған проф. А. Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі» (морфология) атты монографиялық еңбегі жарық көрді. Осы еңбегінде ғалым сан есімді жеке сөз табы ретінде жан-жақты сипаттай келіп, сан есімдердің жасалу жолына қарай қосылмалы және көбейтілмелі болып келетіндігін тіл фактісіне сай тұжырымдаған.
«Грамматикаларда» да сан есімнің жеке сөз табы ретінде лексика-семантикалық, морфологиялық, синтаксистік жағынан қарастырылуындағы еңбектермен үндестік байқалады.
Ал сан есімнің сөзжасамы кейінгі кезде арнайы зерттелді. 1988 жылы профессор Н. Оралбаеваның «Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі» атты еңбегі жарық көріп, онда сан есім сөзжасамның негізгі тәсілдері, олардың сөзжасам жүйесінен алатын орны, атқаратын қызметі айтылып, сан есімнің әр семантикалық тобының жасалуы, күрделі сандардың жасалу модельдері көрсетілді.
Сан есім сөйлемдегі сөздердің барлығымен бірдей тіркесе бермейді. Олардың тікелей тіркесетін негізгі сөздері - зат есімдер, зат есімнен жасалған туынды сын есім және етістіктер. Осы тұрғыда ғалым Т. Сайранбаев зерттеуінде сан есімнің етістікпен тіркесі жайында кеңінен айтылған. Ал А. Елешева фразеологизм құрамындағы сан есімдердің ерекшеліктеріне тоқталған.
Сан есім - оқулықтарда көрсетіліп жүргендей, есімдер тобына жататын сөз таптарының бірі. Сан есімге жататын сөздердің өздеріне тән лексика-грамматикалық мағыналары бар, яғни олар заттың сан мөлшерін, ретін, шамасын білдіреді . Олай болса, сан есім -сөздерді топтастырудың бірінші ұстанымына сәйкес яғни семантикалық сипаты жағынан сандық, мөлшерлік ұғымды білдіретін сөздер. Сан есімдер басқа сөздерге (зат есімдерге) тіркеспей жеке айтылғанда, абстракт сан атауы ретінде қолданылады, ал зат есіммен тіркескенде заттың нақты сандық мөлшерін көрсетеді.
Сан есімдер - тілімізде өте көне заманнан бері қолданылып келе жатқан сөздер. Сондықтан бұлардың қалай жасалғандығы жөніндегі ғалымдар арасында түрліше пікір бар. Мысалы, Н. А. Баскаков сан есімдер -есімдерден бөлініп шыққан сөз табы екендігін және олар сын есім, үстеу сияқты белгі мағынасын білдіретіндігін айтқан. Ал қазақ тіліндегі сан есімді зерттеген Ә. Хасенов «Түрік тілдеріндегі негізгі сөздік қорға жататын сан атаулары өмір шындығынан, конкретті заттан алынған, яғни зат есімдерден шыққан. Әрине, бұл жалпы сандық ұғымдардың дамуы математика ғылымының дамуымен байланысты, адамзат қажеттігінен туды деген пікірге ешбір қайшы келмейді, қайта оны толтыра, растай түседі . . . сандық семантикалы есімдер мен сөз тіркестері, түрік тілдеріндегі негізгі сан атаулары зат есімдерден бөлініп шықты деген жорамалымызда жоққа шығармайды, қайта растайды», -дейді. Осылайша ғалымдар сан есімнің пайда болуы жөнінде түрліше пікір айтса, кейінгі ғалымдар сан атауларының нақтылы қалай, қандай тәсілдер арқылы жасалатындығын ғылыми тұрғыда дәлелдеп берді.
Олай болса, сан есімдер-өздеріне тән жасалу тәсілдері бар, өздерінің табиғи қызметінде ешбір өзгеріске түспейтін, тек субстантивтенгенде ғана, түрленетін, мағыналық жағынан бірнеше топқа бөлінетін, сөйлемде белгілі қызмет атқаратын сөз табы. Осы ерекшеліктеріне қарай сан есімді де үш блокқа бөліп қарастыруға болады:
1-блок -сан есімнің лексика-семантикалық сипаты.
2-блок- сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері.
3-блок - сан есімнің синтаксистік қызметі.
І. 2. Сан есімнің мағыналық түрлері
Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер, жалпы алғанда, әйтеуір бір сандық ұғымдарды білдіретін сөздер болғанымен, түптей келгенде олардың ішінде біраз сөздер заттар мен құбылыстардың есептік сан мөлшерін білдірсе, біразы реттік тәртібін немесе теңбе-тең сандық мөлшерін, ал, тағы бір топтары заттың жинаңтық я тұспалдық санын немесе оның бөлшектік үлесін т. б. білдіру үшін қолданылады. Осыған орай ондай сөздердің жасалу амалдары мен түрлену жүйелері де бірден емес. Сол себепті сан есімдер іштей мағыналың және морфологиялық өзіндік ерекшелігіне сәйкес: есептік, реттік, жинақтық, топтың, болжалдық, бөлшектік сан есімдер болып алты топқа бөлінеді.
Қазіргі қазақ тіліндегі есептік сан есімдер белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық мөлшерін немесе абстракты сандық ұғымды білдіру үшін қолданылады. Сол себепті есептік сан есімдер тілімізде бірде заттар мен құбылыстардың сан мөлшерін білдіру үшін жұмсалса, бірде санның өзінің ғана абстракты атауы есебінде қолданылады. Мысалы: Бұл кезде ұлы ақын жиырма тоғыз жаста еді. (Қаратаев) Кеше мен жалғыз өзім елу жеті машина астық түсірдім. (Нұржанов) Үш айдың ішінде бір мал шығын болған жоқ (Майлин) дегендегі жиырма тоғыз, елу жеті, үш сөздері адамның жасы, машина және айдың сан есімдерін білдіріп тұрса, Тілмаш 6ір, екі, бес, тоғыз деп барды да, құдай ұрғандай тоқтап қалды (Әуезов) ; екіні үшке қосса - бес болады дегендегі сан есімдер ешқандай сөздің сандық мөлшерін көрсетіп тұрған жоқ, санның өзіндік абстракт ұғымының атаулары ретінде айтылып тұр.
Есептік сан есімдер құрылысы жағынан дара және күрделі сандар болып екі жікке бөлінеді. Дара есептік сандар қатарына сандардың ішінде бірлік, ондық сан атаулары мен жүз, мың сөздері жатады: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, жиырма, отыз, қырық, елу, алп. ыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз, мың. Күрделі есептік сан есімдер қатарына осы дара есептік сандардың өз ара алуан түрлі комбинацияланып тіркесе қолданылуы негізінде жасалған шексіз сандар ұғымы жатады. Ондай сандар он бірден бастап дара есептік сандардан басқа барлық есептік сан ұғымдарын түгел қамтиды.
Есептік сан есімдер дербес абстракт сан мағынасында қолданылғанда, септік жалғауларын қабылдай алғанымен, заттардың сандық мөлшерін білдіргенде, ешбір өзгеріске енбейді. Ондай есептік сандар әр түрлі грамматикалық сөз түрлендіруші тұлғаларды тек субстантивті түрде қолданылу кезінде ғана қабылдайды. Демек, субстантивтенген есептік сандар көптік те, септік те, тәуелдік, жіктік те жалғауларын қабылдай береді. Мыс. :
Тоқтар доллар айғайы, өшер залым, Орнар өмір тербеткен мыңдар жанын. (Саин) Жасы сол кездің озінде қырықтан асқан болар. (Майлин) В естің басы болғанша, алтыныц аяғы бол. (Мақал) Жол жүріп таңғы алтыдан, Арқаның тұрмыз жолында. (Сәрсенбаев) Ол жыл бұрын дейтұғын ол бестемін. (Кргалиев) Тоқсанымыз жиылып, тоқты жыққан батырмыз. Сексеніміз жиылып, серке жыққан батырмыз. (Мақал)
Есептік сан есімдер езге сөз таптарынан жасалмайды. Бірақ оның есесіне есептік сандардан лексика-семантикалық және морфологиялық, синтаксистік тәсілдер арқылы көптеген жаңа сөздер жасалған.
Лексика -семантикалың тәсіл арқылы жасалған жаңа сөздер қатарына тілдің даму, жетілу процесінде әуелгі сандық мағынасынан алшақтай келе басқа бір сөз таптарына тан мағыналарға ие болу, сөйтіп өзалды жеке бір дербес лексикалық тұлға (единица) түрінде танылу дәрежесіне жеткен сөздер жатады. Айталық, жеті ~ деген сандық ұғым өмірде қажеттілігіне қарай өзінің сандық мағынасынан ауып, Қаракөздің ауырып жатқанына екі жетіге тақап қалды. (Қаратаев) Оқу жылы басталғалы бір жетідей уақыт өтті. (Сайрақбаев) дегендегі сияқты жеті күннен тұратын «апта» сөзімен мағыналас, сол ұғымда қолданылу дағдысына ауысқан. Сол сияқты, Мына баланың жетісін беріп, алғашқы бата оқушыларды атқарып алсын (Әуезов) дегендегідей өлген адамға жеті күннен соң (бір жетіден кейін) берілетін ас мағынасына да ауысып кеткен. Бұл сөз алғашқы апта мағынасындағы жетідей емес, әрқашан тәуелдік жалғаулы формада қолданылады.
Міне, осы сияқты жеке есептік сандардың мағыналық толқу, сөйтіп басқа сөз топтарына тән мағыналар қатарына ауытқуы негізінде тоқсан, қырқы тәрізді жаңа сөздер жасалған. Мыс. :
Морфологиялық тәсіл арқылы есептік сандардан жасалған жаңа сөздердің саны мол. Ондай сөздер қатарына, негізінде, сан есімдердің есептік саннан басқа топтарына тән әр түрлі формадағы туынды сөздер жатады. Бұлардан езге есептік сан есімдерге әр түрлі сөз тудырушы қосымшалар арқылы жасалған тағы да көптеген сөздер бар.
1) Есептік сандарға -дық, -дік, -тық-тік, -лық-лік қосымшасын қосу арқылы заттық және сындық ұғымдар пайда болған. Мыс. : Төрттік пен бестік жай ғана сан емес. (Сейітов) Алдында алтылық пен тұз жатыр. (Мұстафин) Екілікпен үйге келсең жүгіріп, Еркелігің жүрмейді енді шеіиеңе. (Мәуленов)
2) Бес сөзіне -ті қосымшасын, төрт сөзіне -пақ қосымшасын үстеу арқылы бесті, төртпақ сын есім сөздері жасалған. Мыс:
Қаңтарулы ақ бест і ат үй артында белдеуде, (Сейфуллин) Қарт төртпақ денелі, молқара бурыл сақалды еді. (Иманбаев)
3) Үш, төрт есептік сандарга -кіл қосымшасын қосу арқылы үшкіл, төрткіл сын есім сөздер жасалған. Мыс. :
Дәптер бетіндегі үшкіл, төрткіл белгілер ирек-ирек сызықтармен жалғаныпты. (Сланов) Ең үлкен болмесі төрткіл болса, түкпір үй кең, ұзын. (Әуезов) .
4) -лап\\-леп, -дап\\-деп қосымшасы арқылы көптеген үстеулер жасалған. Мыс. : Мыңдап кітап шығарады Жыл ішінде қалың журнал. (Жамбыл) Құ лақтанған төңіректегі ел адамдары екілеп, үштеп жасаққа қосыла бастады. (Тайшықов)
Қазіргі қазақ тіліндегі жинақтық сан есімдер белгілі бір заттар мен құбылыстардың сан мөлшерін жинақтап көрсету үшін және жинақтық абстракты сан ұғымдарын білдіру үшін қолданылады. Мыс. : Борлық Совет халқының барар жолы, кояр мақсаты біреу. (Саин) дегенде алғашқы біреу сөзі совет халқының барар жолы мен мақсатық түрде көрсетіп тұрса, соңғы сөйлемдегі біреу, екеу, үшеу, іөртеу, бесеу сөздері абстракты сан ұғымдарын жинақты түрде көрсетіп тұр.
Жинақтық сан есімдер, негізінде, жаңа сөз тудырушы бір ғана -ау\\-еу қоымшасы арқылы бірден жетіге дейінгі есептік сан есім түбірлерден жасалады. Мыс:
Аласыға алтау аз, Бересіге бесеу көп. (Мақал) Жинақтық сан есімдер мағына жағынан субстантивтік қасиетті болып келетін сөздер болғандықтан, сөз түрлендіруші грамматикалық формалардың, яғни септік, тәуелдік, жіктік жалғауларының бәрін де қабылдай береді. Мыс. : Екеуінің үйі қалаға көшкен, Үшеуінікі далаға көшкен, Екеуінің жасы жетпеген, Біреуінің жасы өтіп кеткен, Үш қыз жұмысқа шыққан, Енді біреуін қайттім. (Смаханов) Колхозшылар жиналып, бүл екеуін қоршап алған. (Майлин) Жинактық сан есімдерден лексика-семантикалық, морфологиялық синтаксистік тәсілдер аркылы біраз жаңа сөздер жасалған. Ол сөздер лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне қарай әр түрлі сөз таптарына тән болып келе береді.
Морфологиялық тәсіл арқылы жинақтық сан есімдер негізінде, -ла \-ле қ осымшасы арқылы етістік сөздер жасалады. Ондай сөздердің, көбіне, -п көсемше формалы (~лап, -леп) болып келетін дағдысы бар. Мыс. :
Ініңіз бен екеуіңіз екеулеңіз («Қозы-Көрпеш») Екеулеп жүріп тауықтарды қорасына әрең қамады. (Иманжанов) Біз үшеулеп жазғанбыз. (Шаймерденов)
Синтаксистік тәсіл арқылы жасалатын жаңа сөздердің екі түрлі жолы бар, яғни ондай сөздер жинақтық сан есімдердін өз ара қосарланып немесе ара сөзімен бірігіп айтылуы арқылы жасалады да, негізінде, үстеу сөздер болып келеді. Мыс. :
Екеу-екеу әне кетіп барады. (Саин) Екеуден-екеу түнгі пароходтың тұмсығында ішіндегі сирларын ақтарысты. (Жансүгіров)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz