Сөз тіркесі және ондағы өзгерістерді үйрету жолдары



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
І тарау. Сөз тіркесі . синтаксистік категория
І.1. Сөз тіркесінің зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
І.2. Сөз тіркесі . сөйлем құраудың шоғырланған материалы ... ... ... ... ... ... ... ..8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
ІІ тарау. Сөз тіркесін оқыту . қазақ тілі синтаксисін меңгертудің негізгі тірегі
ІІ.1. Сөз тіркесінің өзіндік ерекшелігін таныту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

ІІ.2. Сөз тіркесін жаңа технологиялық әдістермен оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Қосымша беттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
Кіріспе. Тақырыптың өзектілігі.
Сөз тіркесінде, сөйлемде материалдық негіз болатын – сөз. Сөз тіл білімінде лексикология мен семасиологияның зерттеу объектісі болумен қатар грамматикада да әр түрлі ыңғайда қарастырылады. Сөздердің құрамы, тұлғасы, жасалу жолдары, олардың грамматикалық мағыналы топтары морфологияда қаралады. Кейде сөйлем қызметтерінде жұмсалуы синтаксисте қаралады. Сондай-ақ тіркескен сөз топтары да әр түрлі ыңғайда қарастырылады.
Сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі әрбір грамматикалық топтағы сөздердің мағыналық және грамматикалық ерекшеліктеріне негізделеді. Оның үстіне тіркескен сөздер тобының сапасы әр уақытта бір түрлі болмайды, әр алуан болады.
Зерттеудің мақсаты: оқушыларға сөз тіркесін меңгерте отырып, тілдік материалдарға деген қызығушылығын арттыру.
Зерттеудің міндеттері:
1. Ғылыми зерттеу көздеріне сүйене отырып, тақырыптың теориялық сипатын ашу.
2. Оқушыларға жіктік жалғауы тақырыбы бойынша берілетін білім көлемін анықтау.
3. Оқытуда қамтылатын инновациялық технология түрлерін саралау.
Зерттеудің болжамы: егер оқыту барысында сөз тіркесін оқытуда берілетін білім түрлері логикалық жүйемен үздіксіз дамытылып отырса, оқушының білімі мен сөйлеу мәдениетін жетілдіру ұтымды әдістер мен ұстанымдар негізінде жүргізілсе, оқытудың нәтижелілігі мен тиімділігі арта түседі.
Зерттеудің әдістері: әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, бақылау-зерттеу, талдау-жинақтау.
Зерттеудің нысаны: 7 «Б» сыныбы
Пәні : қазақ тілін оқыту әдістемесі
Зерттеу орны: Тараз қаласы №38 орта мектеп
Зерттеу кезеңдері:
1. Тақырып таңдап алу, сол бойынша іздену.
2. Бекітілген тақырыпқа байланысты материал жинақтап, жұмыстың жоспарын құру.
3. Жоспарға сәйкес курстық жұмыстың І бөлімін жазу.
4.Диплом алдындағы тәжірибе жинақтау, курстық жұмыстың практикалық бөлімін жазып, жұмысты аяқтау және қорғау.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері.
2. Асқарбаева А. Сыныптан тыс оқыту методикасы.А., «Рауан» 1991 ж.
3. Әбілхаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. «Санат» 1995 ж.
4. Әлімжанов Ө., Маманов Н. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 1965 ж.
5. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі. А., «Білім» 1994 ж.
6. Бектұров Ш. Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы.
Астана, «Фолиант» 2003 ж.
7. Қасымова Т., Дәулетбекова Ж. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 2000 ж.
8. Құлмағанбетова Б. Қазақ тілін оқыту методикасы.А., «Мектеп» 1998 ж.
9. Кәтенбаева Б., Нұрғалиев М. Морфологияны оқыту методикасы.А., «Мектеп» 1998 ж.
10. Қараев М. Қазақ тілі. А., «Ана тілі» 1993 ж.
11. Кеңесбаев Д., Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі. «Мектеп» 1996 ж.
12. Құлмағанбетова Б. Қазақ тілі сабағындағы техникалық құралдарды пайдалану. А., «Мектеп» 1983 ж.
13. Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды пайдалану.
А., «Мектеп» 1983 ж.
14.Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. А., 2007 ж.
15. Оразбаева Ф., Сағидулла Г. Қазіргі қазақ тілі оқу құралы.
ЖШС « PRINT-S» А., 2005 ж.
16. Оралбаева Н., Жақсылықова Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.
А., «Ана тілі» 1996 ж.
17. Исаев С. Қазақ тілі. А., «Рауан» 1996 ж.
18. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі.А,1991 жыл.
19. Қазақ тілі мен әдебиеті, №3, 2011 жыл.
20.Қазақ тілі мен әдебиеті, №5,2011 жыл.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі

Гуманитарлық пәндер бөлімі

Қазақ тілі мен әдебиеті ПЦК-сы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Сөз тіркесі және ондағы өзгерістерді үйрету жолдары

Орындаған: Қалилаева А.

Тобы: К – 2 – 08

Пәні: қазақ тілін оқыту әдістемесі

Жетекші: Елібаева Л.

Тараз – 2012
Сөз тіркесі және ондағы өзгерістерді үйрету жолдары

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
І тарау. Сөз тіркесі – синтаксистік категория
І.1. Сөз тіркесінің зерттелуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... .5
І.2. Сөз тіркесі - сөйлем құраудың шоғырланған
материалы ... ... ... ... ... ... .. ... 8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
ІІ тарау. Сөз тіркесін оқыту - қазақ тілі синтаксисін меңгертудің
негізгі тірегі
ІІ.1. Сөз тіркесінің өзіндік ерекшелігін таныту
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

ІІ.2. Сөз тіркесін жаңа технологиялық әдістермен
оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... 24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .32
Қосымша
беттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...33

Кіріспе. Тақырыптың өзектілігі.
Сөз тіркесінде, сөйлемде материалдық негіз болатын – сөз. Сөз тіл
білімінде лексикология мен семасиологияның зерттеу объектісі болумен қатар
грамматикада да әр түрлі ыңғайда қарастырылады. Сөздердің құрамы, тұлғасы,
жасалу жолдары, олардың грамматикалық мағыналы топтары морфологияда
қаралады. Кейде сөйлем қызметтерінде жұмсалуы синтаксисте қаралады. Сондай-
ақ тіркескен сөз топтары да әр түрлі ыңғайда қарастырылады.
Сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі әрбір грамматикалық топтағы
сөздердің мағыналық және грамматикалық ерекшеліктеріне негізделеді. Оның
үстіне тіркескен сөздер тобының сапасы әр уақытта бір түрлі болмайды, әр
алуан болады.
Зерттеудің мақсаты: оқушыларға сөз тіркесін меңгерте отырып, тілдік
материалдарға деген қызығушылығын арттыру.
Зерттеудің міндеттері:
1. Ғылыми зерттеу көздеріне сүйене отырып, тақырыптың теориялық сипатын
ашу.
2. Оқушыларға жіктік жалғауы тақырыбы бойынша берілетін білім көлемін
анықтау.
3. Оқытуда қамтылатын инновациялық технология түрлерін саралау.

Зерттеудің болжамы: егер оқыту барысында сөз тіркесін оқытуда
берілетін білім түрлері логикалық жүйемен үздіксіз дамытылып отырса,
оқушының білімі мен сөйлеу мәдениетін жетілдіру ұтымды әдістер мен
ұстанымдар негізінде жүргізілсе, оқытудың нәтижелілігі мен тиімділігі
арта түседі.
Зерттеудің әдістері: әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, бақылау-зерттеу,
талдау-жинақтау.
Зерттеудің нысаны: 7 Б сыныбы
Пәні : қазақ тілін оқыту әдістемесі
Зерттеу орны: Тараз қаласы №38 орта мектеп
Зерттеу кезеңдері:
1. Тақырып таңдап алу, сол бойынша іздену.
2. Бекітілген тақырыпқа байланысты материал жинақтап, жұмыстың
жоспарын құру.
3. Жоспарға сәйкес курстық жұмыстың І бөлімін жазу.
4.Диплом алдындағы тәжірибе жинақтау, курстық жұмыстың практикалық
бөлімін жазып, жұмысты аяқтау және қорғау.

І тарау. Сөз тіркесі – синтаксистік категория
І.1. Сөз тіркесінің зерттелуі
Сөз тіркесі жөнінде жүйелі зерттеулердің қалыптасып дамығанына көп
болған жоқ. Қазан төңкерісіне дейінгі еңбектерде тек сөйлем мүшелерін,
олардың байланысын, орын тәртібін көбірек сөз қылды да, ал сөз тіркесіне
байланысты мәселелер онша ауызға алынбады. Түркі тілдерінің сөз тіркестері
тек кеңес дәуірінде ғана зерттеліне басталды. Орыс тілінде сөз тіркестерін
тұңғыш қолға алған В.В. Виноградов сөз тіркестерінің түрлері, байланыс
формалары және олардың құрылысы тіл білімінің ең басты бөлімі екендігін
айтады.
Қазақ тілінде сөз тіркестері арнайы түрде тек ұлы қазан төңкерісінен
кейін, онда да 1930 жылдан бастап сөз бола бастады,- деп тұжырымдайды
Т.Сайрамбаев.
    Қазақ тілі синтаксисі туралы арнайы зерттеу жүргізген С. Аманжоловтың
сөз тіркестері туралы өзіндік пікірлері болды. 1940 жылы Қазақ тілі ғылыми
синтаксисінің қысқаша курсы деген еңбегінде де сөз тіркесі туралы арнайы
тоқталады. Онда автор Сөйлем мүшелелерінің өзара қарым-қатынастары деп
оларды беске бөліп қарастырады: қиысу, жанасу, қабысу, меңгеру - меңгерілу
және бесінші етіп сөйлем мүшелерінің орын тәртібін де осыған енгізеді. Бұл
еңбек 1950 жылы түзетіліп қайтадан басылды. Онда арнайы түрде сөйлемдегі
сөздердің (сөйлем мүшелерінің) қарым-қатынасы, меңгерілу, қабысу және
жанасу деп төртке бөліп дәлелдейді:
Сөйлемдегі сөздердің байланысына 1930 жылы Т.Сауранбаев,С. Аманжолов
бірігіп жазған Қазақ тілі грамматикасы еңбегінде біраз тоқталған. Бұл
еңбегінде автор сөз тіркестерін синтаксистік қатынастар деп атай отырып,
оларды субъекті, предикаттық, объектілік атрибуттық және сипаттауыштық
қатынас деп бірнеше түрге бөледі.
Сөз тіркесі туралы мағлұмат мектеп грамматикаларында тек 1939 жылы беріле
бастады. Бұл ретте С. Аманжолов, С. Жиенбаев, Т. Сауранбаев т.б. еңбектерін
атауға болады. Әрине онда дәл қазіргідей сөз тіркестері деп аталмағанмен,
әркім өзінше сөздер тізбегі, сөздердің қарым-қатынасы, сөздердің байланысы
деп көп уақытқа дейін әртүрлі айтып келгені белгілі.
Қазақ тілі синтаксисі туралы арнайы зерттеу жүргізген С.
Аманжоловтың сөз тіркестері туралы өзіндік пікірлері болды. Бұдан кейінгі
шыққан Қазақ тілі еңбегінде сөз тіркестерін қиыса, меңгеріле, қабыса және
жанаса байланысатынын айтады. Жай сөйлемге енген сөздердің бір-бірімен
өздерінің орын тәртібі, интонация, қосымшалар, шылаулар арқылы байланысу
жолдарына тоқталады.
С. Жиенбаев Синтаксис мәселелері деген еңбегінде сөйлем мүшелерінің
байланысу формалары туралы арнайы сөз етпейді. Онда автор жай сөйлемнің
синтаксисі, құрмалас сөйлемнің синтаксисі - деп сөз тіркесінің синтаксисін
жеке қарастырмайды. Алайда ол еңбектің синтаксистік кейбір мәселелері
туралы деген бөлімінде Қиысу туралы арнайы тоқталып, өзіндік тұжырымдар
жасайды. Мұның өзі авторлардың бұл мәселеге аз да болса көңіл аударғандығын
аңғартады. Ал сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы деген бөлімінде автор
байланысу формаларынан гөрі байланысу амалдарына назар аударғысы келеді.
Бұл еңбектерде сөз тіркесі айтылғанымен, олардың толып жатқан заңдылықтары,
атап айтқанда байланысу формалары мен амалдары, түрлері, оның синтаксистік
қатынастары арнайы сөз болып қозғалмайды. Бұл жөнінде жалпы түркология,
оның ішінде қазақ тіл білімінде көптеген жұмыстар жазылып және одан әрі
зерттеліп жатқаны да белгілі.
Жалпы сөз тіркестерін зерттеу тек 1950 жылдардан кейінгі уақытта
ғана бір жүйеге келе бастады.
Отандық тіл ғылымында сөз тіркесі синтаксисі мәселесі жөнінде
Н.К.Дмитриевтің, А.Н. Кононовтың, Е.И. Убрятовалардың еңбектері жарық
көрді. Олар қиыса, қабыса және меңгеріле байланысқан сөз тіркестері түрінде
сипаттайды. Қазақ тілі білімінде сөз тіркесі (сөйлем мүшелерінің байланысы)
1950 жылдарға шейін тек мектеп грамматикаларының көлемінде айтылып келеді.
Онда да сөз тіркесінде толық анықтама беріп оның түрлі жақтарын егжей-
тегжейіне дейін зерттеген ешкім болған емес. Сөз тіркесінің зерттелуі тек
кейінгі кездің жемісі болып отыр.
Сол туралы А.Л. Коклятова: Сөздердің байланысы септікті және шылаулы
тіркестер мен анықтауышты конструкциялар түркі тілдерінде әлдеқашан қолға
алынған болатын,- деген еді. Алайда арнаулы зерттеулер тек қазір пайда
бола бастады. Соның бірі – профессор М. Балақаевтың Основные типы
словосочетаний в Казахском языке деген еңбегі. Бұл еңбегінде автор сөз
тіркестерінің құрылымдық түрлері, есімді, етісті сөз тіркестерін шылаулы
меңгеру мен септікті меңгеру сияқты көптеген мәселелерін жан-жақты дұрыс
көрсетеді деген болатын.
М. Балақаевтың еңбегі түркі тілдерінде сөз тіркестері туралы – бірінші
туынды. Мұнда автор сөз тіркестерінің көптеген теориялық мәселелерін жан-
жақты ашып берді. Негізінде сөз тіркестері туралы жалпы түркі тілдерінде,
оның ішінде қазақ тіл білімінде профессор М.Балақаевтың еңбектерінен толық
мағлұмат алуға болады. М. Балақаев сөз тіркестерін жалпы есімді, етістікті
етіп екіге бөліп, оның әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін олардың басыңқы
компоненті мен бағыныңқы компонентінің қандай сөз таптарынан болатындығын
және ондай кездегі тіркесу қабілетін дұрыс қорытындылайды. Сол сияқты автор
бұл еңбегінде сөз тіркестерінің байланысу формалары мен амалдарын және
олардың синтаксистік қатынастарын сөз етеді. Сөз тіркестерін байланысу
формаларына қарай қабысу, қиысу, меңгеру және матасу деп төртке бөліп
қарастырады.
Осы күнге дейінгі және осы кездегі көптеген түркі тіліндегі еңбектерде
байланысу формаларын дәл орыс тіл біліміндегідей үшке бөліп берушілік басым
болып келеді. Әрине, мұндай жағдайда әрбір тілдің өзіндік ерекшелігіне
қарау керектігі айқын. Осы тұрғыдан алғанда профессор М.Балақаев басқа
тілдерге қарағанда қазақ тілінде төрт түріне матасу деген байланысу
формаларын енгізеді. Мұндай бөлудің өзіндік белгілері мен ерекшеліктеріне
сай дұрыс алынуы практикада айқын байқалып жүр. Сөз тіркестерін сөйлемнен
ажырату – жалпы тіл білімінде негізгі мәселелердің бірі. Сөз, негізінде,
сөз тіркесін құруға негіз болса, сөз де, сөз тіркесі де бірімен-бірі тығыз
байланысты. Сол сөздерді бірімен-бірі тіркестіріп, оны жетілдіре түсу
ыңғайында ғана келесі біреуге ойымызды толық жеткізуге болады.
Профессор М. Балақаев сөзді тілдік единица ретінде лексикология,
семасиология, стилистика, сөз таптары және сөйлем мүшесінің де объектісі
ретінде зерттеді. Сонда сөз тіркесі кемінде толық мағыналы екі немесе одан
да көп сөзден құралады да, олар біріне-бірі бағына байланысады екен.
Сөйтіп, сөз тіркесі мен сөйлем – синтаксистік категория. Бұл екеуі тығыз
байланысты. Бірақ кейбір ұқсастықтары болғанымен әрқайсысының өзіндік
объектілері бар.
І.2. Сөз тіркесі - сөйлем құраудың шоғырланған материалы
Сөз тіркесінде, сөйлемде материалдық негіз болатын – сөз. Сөз тіл
білімінде лексикология мен семасиологияның зерттеу объектісі болумен қатар
грамматикада да әр түрлі ыңғайда қарастырылады. Сөздердің құрамы, тұлғасы,
жасалу жолдары, олардың грамматикалық мағыналы топтары морфологияда
қаралады. Кейде сөйлем қызметтерінде жұмсалуы синтаксисте қаралады. Сондай-
ақ тіркескен сөз топтары да әртүрлі ыңғайда қарастырылады.
Сөз, негізінде, дараланған ұғымды, лексика грамматикалық мағынаны
білдіреді. Олар мағыналық үйлесімділігіне қарай тілдік синтаксистік
ережелері негізінде әр алуан лексикалық және синтаксистік топ құру арқылы
сөйлем ішінде айтылады. Қарым-қатынас жасау үшін ойды айтудың негізгі
формасы сөйлем болса, сөзді сөйлем құраудың материалы деп білеміз.
Сондықтан Ас – адамның арқауы дегендей, сөз ой құраудың арқауы. Балықтың
өмірі сауда болатынындай, сөздің өмірі сөйлемде болады. Ол үшін сөздер
өзара тіркеседі, тіркесу арқылы сөйлемге енеді. Осыдан келіп сөздердің
өзара тіркесе алу қабілеттілігі олардың ең басты грамматикалық қасиетінің
бірі болып есептеледі.
Сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі әрбір грамматикалық топтағы
сөздердің мағыналық және грамматикалық ерекшеліктеріне негізделеді. Оның
үстіне тіркескен сөздер тобының сапасы әр уақытта бір түрлі болмайды, әр
алуан болады. Мысалы кейде екі немесе одан да көп сөздер тіркесіп,
лексикалық түйдек жасалады (ақ қайың, боз торғай, кетіп бара жатыр) ; кейде
екі не одан да көп сөздер тіркесіп синтаксистік тізбек жасалады (қарлы тау,
желсіз түн, жыл сайын көріну, саған бола келу).
Лексикалық және басқа түйдекті тіркестер сөз тіркесі деген категорияға
жатпайды. Лексика грамматикалық мағыналары айқын сөздердің біріне-бірі
сабақтаса бағынып барып жасалған синтаксистік тобы ғана сөз тіркесі деп
есептеледі. Өзара тіркескен сөдердің синтаксистік тобын сөз тіркесі деп
тану үшін, оның мынадай белгілеріне қарау керек:
1) сөз тіркесінің құрамында кемінде толық мағыналы екі сөз болады.
2)ол сөздердің бірі екіншісімен сабақтаса, мағыналық және синтаксистік
байланыста айтылады. Олар салаласа байланыспайды, тек сабақтаса
байланысады;
3) тіркескен сөздер анықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста жұмсалады.
Синтаксистік мағына білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің
сабақтаса байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз.
Сөз тіркесі - сөйлем құраудың шоғырланған материалы. Олар сөйлемнен тыс
тұрғанда жалаң сөздің жайылмаға айналуы сияқты да, сөйлем ішінде сөздер
тізбегінің ұласқан бір бунағы секілді. Соңғы жағдайда сөздің жайылмаға
айналу қасиеті күңгірттеніп, сөз тіркесінің қосақтаулы жігі білінбей,
тұтасып та кетеді. Өйткені біз сөз тіркесінің бір сыңары, екінші сөз
тіркесінің басқа бір сыңарымен тіркесіп, кейде кірігіп, ұласып ұштасып
жатады. Мысалы, кең үй, екі терезе, үлкен терезе үйдің терезесі дегендер
–жалаң сөздердің жайылмаға айналу ыңғайындағы сөз тіркестері. Осыларды
сөйлем ішінде айтсақ, сөз тіркестерінің ол жігі онша үлкен болмайды: Кең
үйдің улкен екі терезесі ашық тұр. Бұл сөйлемдегі жоғарыда көрсетілген сөз
тіркестері өз ара былай ұласқан: кең үйдің терезесі, үлкен екі терезесі.
Сөздер синтаксистік топ құрап сөз тіркесі болғанда, олардың құрамына
әр алуан сөздер енеді. Ол сөздер түрлі-түрлі морфологиялық тұлғаларда
айтылады. Сөздердің ол тұлғалары лексика-грамматикалық мағыналары тіркескен
сөдердің қарым-қатынасына үйлесімді айтылады.
Кез келген сөзді бірімен-бірін тіркестіре салуға болмайды. Өзара
мағыналық байланыста айтыла алатын сөздер ғана синтаксистік байланыста,
белгілі сөз тіркесінің құрамында айтыла алады. Мысалы, үркек сөзі жанды
заттың сынын білдіреді. Онда да оны үркек ат, үркек бие, үркек тайлақ деген
сөз тіркесінің құрамында айтуға болады, ал үркек ешкі, үркек бала, үркек
тауық деу ерсі болады.
Енді бірқатар тіркестер құрамы мызғымайтын берік болады, мысалы,
жүрегі шайылу, қаһарын төгу, үмітін үзу, жүрек жұту тілін тигізу, көз қырын
салу. Бұлардың құрамын өзгертіп айтуға болмайды. Мұндай тіркестерді тұрақты
тіркес дейміз. Тұрақты тіркес өз алдына сөз тіркесі болмайды, тек сөз
тіркесінің бір сыңары болады. Мысалы, Балаларға көз қырын сала жүр, әкеңе
тілің тимесін.
Сөз тіркесінің құрамы көбінесе еркін болады. Мысалы, жақсы, биік,
ақылды сөзін толып жатқан зат есімдермен тіркестіре беруге болады: жақсы
кісі, жақсы бала, жақсы ниет биік жер, биік тау, биік ағаш, ақылды бала,
ақылды оқушы, ақылды қыз.
Осылардай, құрамын өзгертіп айтуға болатын тіркестерді еркін тіркес
дейміз.
Өзара тіркескен сөздің бірі екіншісін өзіне бағындырып тұрады.
Сондықтан сөз тіркестері сабақтаса байланысқан екі компаненттен құралады:
бірі – сөз тіркесінің ұйытқы бөлегі, сөз тіркесінің грамматикалық діңгегі –
оның басыңқы сыңары, екіншісі – оған қатысты тәуелді бөлігі оның бағыныңқы
сыңары.
Сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің морфологиялық құрылысы әр түрлі
болады: бағыныңқы сөз басыңқы сөздің кейде мағынасына үйлесе тұлғаланады.
Мысалы, кітап оқып, хат жаздық деген екі сөз тіркесінің бағыныңқы сөздері
(кітап, хат) жалғаусыз табыс септігінде айтылған. Солай болуға басыңқы
сөздердің қосымшалары –п (оқып), -дық (жаздық) себепкер болып тұрған жоқ,
оқы, жаз етістіктерінің сабақтастық мағынасы себепкер болып тұр. Сондай-ақ
кітапханадан шықтым, трамвайга міндім деген сөз тіркестеріндегі бағыныңқы
сөздер шығыс және барыс жалғауларында айтылған. Сол жалғауларды керек етіп
түрған – басыңқы сөздердің қосымшалары –тым (шықтым), -дік (міндік) емес,
шық, мін етістіктерінің лексикалық мағыналары. Сонымен қатар жоғарғы
етістіктердің түрлі тұлғада айтылуына бағыныңқы сөздердің ешқандай әсері
жоқ. Сондықтан кітап оқы, кітап оқыған, кітап оқыдық дегендей, басыңқы
сөздерді түрлендіргенмен, олардың бағыныңқылары бұрынғы қалпын өзгертпейді.
Солар сияқты: алтын білезік, алтын білезіктің, алтын білезікке, алтын
білезігім деп есім сөз тіркесінің де басыңқы сыңарын түрлендіріп айтуға
болады, бірақ оған қарап бағыныңқы сөз (алтын), орыс тіліндегідей (золотой
браслет, золотого браслета, золотому браслету), грамматикалық тұлғасын
өгертпейді.
Қазақ тілінде енді бірқатар сөз тіркестерінің сыңары да белгілі
морфологиялық тұлғаларда айтылғанда, олар бір-бірімен байланысты болады.
Мысалы, күннің әулесі, менің түсінгенім дегендерде сөз тіркестерінің
алдыңғы сыңарларының (күннің, менің) ілік септікте айтылуы басыңқы
сөздердің тәуелдік жалғауларында (сәулесі, түсінгенім) айтылуымен
байланысты және керісінше.
Сөйлем ішінде сөз тіркестері екі түрлі ыңғайда құралады:
1. Сөз тіркестері тізбектеліп, ондағы сөздер біріне-бірі сатылана
байланысады. Мысалы, Жолаушы үлкен ағаштың көлеңкесінде жатыр екен
дегенде, үлкен сөзі ағаш сөзіне бағынып, бір тіркес болса, ағаштың сөзі
көлеңкесі дегенмен байланысып, екінші тіркес жасалған, ал көлеңкесінде сөзі
жатыр екен етістігімен тіркескен. Олардың сол сатылана байланысу жігі былай
болады:

Үлкен ағаш
тың көлеңкесі
нде жатыр

2. Кейде сөз тіркестерінің құрамындағы бірнеше бағыныңқылар бір
басыңқыға ортақтасып тұрады. Мысалы, кеше театрға апаммен бардық деген
сөйлемде мынадай сөз тіркестері бар:

кеше
театрға бардық
апаммен

Сөз тіркесін құрауда зат есім мен етістіктердің қызметі ерекше. Олар
көбіне сөз тіркестерінің басыңқы сыңары болады да, сапалық есімдер (сын
есім, сан есім, есімше, сілтеу есімдіктері) мен үстеулер, еліктеуіш сөздер
мен көсемшелер көбінесе сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары қызметінде
жұмсалады.
Сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары қара сөзден құралған сөйлемдерде
басыңқыдан бұрын тұрады, өлеңді сөйлемдерде керісінше орналасуы да мүмкін.
Сөз тіркестерін дұрыс талдай білу үшін, олардан басқа тіркестерден
тұр-тұрпаты қалай болатынын жақсы білу керек.
Өзара байланыста тұрып, тобымен сөз тіркесінің құрамына енетін
тіркестер түйдекті тіркес болады.
Түйдекті тіркестер құрамындағы сөздердің бәрінің не біреуінің лексика-
семантикалық дербес мағынасы болмайды. Олардың тіркесуінен қосымша
грамматикалық мағына пайда болмайды. Мысалы, көз тігеді, жаңа бастады,
шапқан сайын деген тіркестер екі-екі сөзден құралған. Олардың құрамындағы
жеке сөздердің, бөлек алғанда, белгілі мағыналары бар, бірақ олардың тобын
жазып, әр сөзді сөйлемнің мүшесі деп тануға болмайды.
Ерлік жолдасының көзіне күлімсіреп көз тігеді. Пештегі отын лаулап
жана бастады. Қракер шапқан сайын үдейді. Көз тігеді - идиомалы тіркес,
баяндауыш – ол күлімсіреп дегенмен бір сөз тіркесінің құрамында айтылып
тұр; жана бастады – күрделі етістікті тіркес, баяндауыш, онымен лаулап
деген сөз тіркескен; шапқан сайын – күрделі есімді тіркес, ол үдейді
етістігімен тіркесіп пысықтауыштық қатынаста айтылған. Осылардай, лексика-
граматикалық топ болып, сөз тіркесінің бір сыңары қызметінде жұмсалатын
тіркесті түйдекті тіркес дейміз.
Түйдекті тіркес қалпында айтылатын сөз тобының құрылысы, негізінде
мынандай болады:
1. Күрделі етістіктер тобы. Қазақ тілінде, басқа түркі
тілдеріндегідей, етістіктердің бірнешеуі топтанып, бір күрделі мүше
болатыны белгілі: оқып жатыр, оқып келе жатыр; келе бер, келе беретін
болды; көріп отыр, көріп отыра бер.
Осылар сияқты бір түйдекті топ болатын күрделі етістіктердің бірі
негізгі, екіншісі (басқалары) оған көмекші болады да, сол түйдегімен олар
сөз тіркесінің бір ғана сыңары болады;(Алматыда оқып жүр, алыстан көріп
отыр) Мұндай түйдекті тіркес құрамындағы етістіктер өзара көсемше кейде
есімше тұлғалар арқылы байланысады.
2. Есім мен көмекші етістіктер тобы. Жұмыс істеу, уәде беру, мақұл
көру, жақсы көру, қонақ болу, құлақ салу, қол қою, жол жүру сияқты
тіркестер де сол түйдегімен бір-бір сөйлем мүшесі қызметінде айтылып, сөз
тіркесінің бір-бір тіркесінің сыңары болып тұрады: бізге қонақ болды,
айтқанын мақұл көрді.
Қосарлы есімдер тбы. Қосарынан айтылатын бірін-бірі, біріне-бірі
өзімен-өзі, күннен күнге, жылдан-жылға, қолдан- қолға сияқты тіркестер де,
бау-бақша, ыдыс-аяқ, құрт-құмырсқа сияқты қос сөздер де түйдекті тіркес
тобына енеді. Мысалдар:
Айтайын, айтпайын деген екі сөз бірін-бірі жеңе алмай тұрғанда, жер
қайысқан топтың ауылды ауылға кірді. (С. Мұқанов.) Кәрібай мен Шығанақ бір-
біріне қарап жымыңдасты да кете берді. Шығанақ қыс бойы өзімен-өзі болып
шықты. (Ғ. Мүсірепов.) Ешкі сүйеді баласын лағым деп, тастан-тасқа секірген
шұнағым деп. (Фольлордан.) Күннен- күнге жұмыс қарқыны үдей түседі. Жылдан-
жылға мәдениетіміз дамып келеді. Біз табыстан-табысқа жете бермекпіз.
Шығанақ сөзі ауыздан-ауызға, Шығанақ суреті қолдан-қолға кетті.
Осы мысалдарда біріне-бірі, өзінен-өзі, күннен-күнге ...
тіркестеріндегі сыңарлардың бірі септік жалғаулар арқылы екіншісіне
бағынып, сол жұбын жазбай, орталарына басқа сөз салмай, түйдекті топ болып
тұр да, сол түйдегімен күрделі сөз тіркесінің құрамына еніп тұр (табыстан-
табысқа жету, қолдан-қолға өту, біріне-бірі бағыну т.б.).
Күрделі есімдер тобы. Бұған енетін сөздердің тобы барыс, шығыс, ілік
септіктеріндегі есім болып, екінші сыңары осы жалғауларды керек ететін
көмекші есімдер не демеулер болады. Олар да түйдекті тіркес күйінде күрделі
сөз тіркесінің бір сыңары болады.
Үшін, сайын, арқылы, жөнінде, туралы, бойынша, түгіл, сияқты
(секілді), тәрізді демеулер де өздерінен бұрын тұрған атау септіктегі
сөздермен тұтасып бір түйдек болады: сен үшін, Отаным үшін, үй сайын,
келген сайын, сен арқылы, тау арқылы, аңшылар туралы, бала сияқты, келген
сияқты, сен тәрізді т.б.
3. Тұрақты тіркестер тобы. Қазақ тілінде басқа тілдердегідей,
бірқатар сөздер тобы тұрақталған тіркес қалпында жұмсалады. Мысалы: Төбеден
түскен түнек жаудың үрейін ұшырып, есінен тандырды. (Ғ.Мүсірепов.) Бұл
сөйлемдегі үрейін ұшырып, есінен тандырды деген тіркестер олардығы жеке
сөздердің тіке мағынасына сәйкес ұғымда жұмсалмаған, сол тобымен өзгеше
мағынада жұмсалған: үрейін ұшыру – қатты қорқыту, есінен тандыру – есінен
шығару. Бұлардың бір сөзін сол мағынасында, сол тұлғада кез келген басқа
сөздермен тіркестіріп айта беруге болмайды.
Тұрақты тіркестердің құрамындағы жеке сөздерде сөйлемнің бөлек-бөлек
мүшесі болмай, сол тобымен-ақ мүшенің қызметін атқарып тұрады. Сонымен
қатар олар сөз тіркесінің бір-бір сыңары болып, күрделі сөз тіркестерінің
де құрамында айтылады: Жаудың үрейін ұшырды, айтқаның есімнен шығып кетті.
Тұрақты тіркестер екі түрлі болады:
а) Идиомалық тіркестер: қабырғаңмен кеңес (ойлан), қой аузынан шөп
алмайтын (жуас), салы суға етіп отыр (көңілсізденіп отыр), тісін қайрап жүр
(өшігіп жүр), тіс қаққан ( ысылған), сиыр құйымшаққа салу (бір нәрсені
созып кету), іші күю (қызғаншақтық ету), қас пен көздің арасында (лезде),
беті бері қарады (айыға бастады).
Идиомалық топтағы сөздердің байланысы берік болады, олардың тұтас топ
болып тұрғандығы мағыналарына қатысты болмай, мүлде бөтен мағынаны
білдіреді.
ә) Фразеологиялық тіркестер. Тұрақты тіркестердің бірқатарының
мағынасы оларға қатысып тұрған сөздердің бірі болмаса бірінің лексикалық
мағынасымен байланысты болады. Ондай тұрақты тіркестер фразалық тіркестер
болады: таяқ жеу (соғылу), жаны ашу (аяу), үрейін ұшыру (қатты қорқыту),
есіне алу (ұмытқанын қайта алу), есінен шығу (ұмыту), көңіліне алу
(өкпелеу), түймедейді түйедей ету (асыра сілтеу), көзі жету (нану), қолым
тимейді (уақытым жоқ).
Тұрақты тіркестердегі сөздердің өзара байланысу амалдары мен
синтаксистік байланыс формаларының қазақ тілінің осы күнгі грамматикалық
нормаларынан алшақ кетпейді. Бірақ олардың синткасистік құрылысы сіресіп
қатып қалған болады да, қызметі мен мағынасы мүлде өзгерген болады.
Фразалық тұрақты тіркестердің бірқатары (мысалы: тіс қаққан, жіпсіз
байлау, таяқ жеу, жаны ашу) сол құрылысы мызғымайтын, мағыналық тұтастығы
берік сөздерден құралса, бірқатары кейде тұрақты, кейде еркін тізбек
ретінде айтылатын сөздерден де құралады. Мысалы, тісін қайрау –біреуге
қаһарын тігу және тура мағынасы (мысалы: Ол ұйықтап жатып тісін қайрайды);
қолына алу – бірдеңені істеуге кірісу (мысалы: Ол бұл жұмысты қолына алды)
және тура мағынасы (Ол қағазды қолына алды) , тілі қышу – бірдеңені айтуға
құмарту (мысалы: Оның тілі қышып отыр) және тура мағынасы (соңғылар тура
мағынада жұмсалған жағдайда тұрақты тіркес есебінде қаралмай, еркін тіркес
есебінде қаралуға тиіс). Фразалық тұрақты тіркестердің құрамы құбылып,
өзгеріле бермейді, бірақ бір сөз әр түрлі тұрақты тіркестердің құрамында
келе беруі мүмкін. Мысалы, күлкі болу, ұят болу, алаң болу, мәз болу, тісін
қайрау, тісін қадау, тісін батыру.
Сөз тіркесін бірқатар авторлар сөйлем мүшелерінің ыңғайында
топтастырады. Олар тіркескен сөздердің өзара мүшелік қарым-қатынасына
қарай, сөз тіркесін предикативті және предикативті емес деп екіге
бөледі де, соңғыдан толықтауыштық, анықтауыштық, пысықтауыштық сөз
тіркестерін шығарады. Сөз тіркестерін бұлай топтастыру сөздердің өзара
тіркесу ерекшеліктеріне негізделмей, сөйлем мүшелерінің өзара тіркесіне
негізделген болады. Егер сөз тіркескен сөйлем мүшелерінің тіркесі деп
есептейтін болсақ, оның синтаксистік ерекшеліктерін елемей, сөйлемнің
синтаксисімен араластырып жіберген боламыз. Бұл – бір. Екіншіден, сөз
тіркесі мен сөйлем мүшелерінің жігі бір емес. Мысалы, кен байлығы, мал
дәрігері, қос ауыз, қазан пышақ сияқты сөз тіркестері сөйлемде бір-бір
күрделі мүше болып жұмсалуы мүмкін. Сондықтан ол топтастыруды
қанағаттанарлық деп айтуға болмайды. Рас, сөздер бір-бірімен тіркесу
нәтижесінде белгілі мүшелік қатынаста айтылады. Бұл жағдай сөз тіркесінің
синтаксисінде еленеді, бірақ оның ең басты белгісі бола алмайды. Сөз
тіркесін топтастыру принциптерін дұрыс белгілеу үшін сөз тіркесінің зерттеу
объектілері нелер екенін, оның басты-басты ерекшеліктерін нелер екенін ашу
керек.
Сөз тіркесі синтаксисінің негізгі объектісі – сөйлем мүшесі емес,
сөз. Сөздердің өз ара тіркесуі – олардың грамматикалық қасеттерінің бірі.
Сөз тіркесінің синтаксисінде және сөз таптарының, олардың бөлшектерінің
басқа сөздермен және өз ара тіркесі қабілеті, байланысу тәсілдері,
сөздердің сөз құраудағы қызметі айтылады. Осыларды негізге ала отырып, сөз
тіркесінің құрамын, олардың мағыналарын, синткасистік қызметтерін сөз
ететін боламыз.
Қазақ тілінің сөз тіркестері сөздердің өз ара тіркесу қабілетіне
қарай есімді және етістікті болып екі үлкен салаға бөлінеді. Есімді сөз
тіркесінде есім сөздердің бірі басыңқы болады да, етістікті сөз тіркесінде
етістік басыңқы сыңар болады.
Есімді, етістікті сөз тіркестерінің құрамдары, түр-тұрпаты әртүрлі
болады. Сөз тіркесіндегі сөздердің басын құрайтын және сөз тіркесін
жіктеуге критерий болатын ситкасистік тірек – сөздердің байланысу
формалары. Есімді және етістікті сөз тіркестері сол байланысу формаларына
қарай өзара бірнеше топқа бөлінеді.
Есімді сөз тіркестері қабыса, матаса және меңгеріле байланысады;
етістікті сөз тіркестері қабыса және меңгеріле байланысады (соңғы шылаулы,
шылаусыз болуы мүмкін).
Жинақтап айтқанда, сөз тіркестерінің басты-басты сызбасы былай
болады:

Сөздің тіркесу қабілетіне қарай

Байланысу
формасына қарай

Қорытынды

Синтаксистік қатынас тек толық мағыналы сөздердің не түйдекті тіркес
пен толық мағыналы сөздердің сабақтаса байланысуы нәтижесінде пайда болады.
Басқаша айтқанда, лексика-грамматикалық дербестігі бар сөздерден басыңқы-
бағыныңқылы сөз тіркесі жасалғанда, ол сөздердің бұрынғы мағыналары
бірігіп, жаңа лексикалық мағына пайда болмайды; мүшелік қарым-қатынасты
білдіретін қосымша грамматикалық (Мысалы, анықтауыштық, пысықтауыштық не
болмаса шақтық, мекендік, меншіктілік т.б.) мағына пайда болады.
Сөйтіп синтаксистік мағына білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің
сабақтаса байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз.
Сөз тіркесі - сөйлем құраудың шоғырланған материалы. Олар сөйлемнен тыс
тұрғанда жалаң сөздің жайылмаға айналуы сияқты да, сөйлем ішінде сөздер
тізбегінің ұласқан бір бунағы секілді. Сөздер синтаксистік топ
құрап, сөз тіркесі болғанда, олардың құрамына әр алуан сөздер енеді. Ол
сөздер түрлі-түрлі морфологиялық тұлғаларда айтылады. Сөздердің ол
тұлғалары лексика-грамматикалық мағыналары тіркескен сөздердің қарым-
қатынасында үйлесімді айтылады. Қазақ тілінің сөз тіркестері сөздердің өз
ара тіркесу қабілетіне қарай есімді және етістікті болып екі үлкен салаға
бөлінеді. Есімді сөз тіркесінде есім сөздердің бірі басыңқы болады да,
етістікті сөз тіркесінде етістік басыңқы сыңар болады.Есімді, етістікті сөз
тіркестерінің құрамдары, түр-тұрпаты әртүрлі болады. Сөз тіркесіндегі
сөздердің басын құрайтын және сөз тіркесін жіктеуге критерий болатын
ситкасистік тірек – сөздердің байланысу формалары.

ІІ тарау. Сөз тіркесін оқыту – қазақ тілі синтаксисін меңгертудің негізгі
тірегі
ІІ.1. Сөз тіркесінің өзіндік ерекшелігін таныту

Сөздер бір-бірімен мағыналық және синтаксистік байланысқа түспей
тіркес жасай алмайды. Ал сөз тіркесінсіз сөйлем жоқ. Жеке сөздер сөз
тіркесінің материалы болса, сөз тіркестері - сөйлемнің материалы.
Материалсыз ешбір құрылыс болмайтыны сияқты сөздерсіз сөз тіркесі, сөз
тіркесінсіз сөйлем жоқ.
Қазақ тілінде сөз тіркесі деген термин бір-ақ ұғымды білдіріп
қоймайды. Сөз тіркесі дегенде, тілімізде лексикалық сөз тіркесі және
синтаксистік сөз тіркесі есімізге түседі.
Сөз тіркесін оқушыларға алғаш танытқанда, оны сөйлемнен оқшаулап бөліп
алып, жеке-жеке тіркестің өзін ғана мысалға келтіру арқылы білдіруге
болмайды. Өйткені сөз тіркесінің өзі сөйлем жасау үшін, сөйлем жасарлық
материал болу үшін құрылады. Сондықтан да сөз тіркесі жайында алғаш дерек
берілейін деп отырған сабақта мұғалім алдымен бір сөйлемді мысалға
келтіріп, соны талдау арқылы сөз тіркесін,онда неше сөз тіркесінің барын
танытқаны дұрыс.
Мәселен, мұғалім мысалға мынадай сөйлем алған екен делік. Сіздерді өз
Отанымда көргеніме қуаныштымын. Оқушылардың төменгі сыныптарда синтаксистен
алған біліміне сүйене отырып, мұғалім сөйлемді талдатады.Осы сөйлемді
талдатқанда, мұғалім алдымен мұның қандай сөйлем екенін, мұнда толық
мағыналы неше сөз, сөйлем мүшесі барын, олардың қандай сұрауларға жауап
болып тұрғанын оқушыларға айтқызады.Төменгі сыныптан білімі бар оқушылар
Сіздерді өз Отанымда көргеніме қуаныштымын деген сөйлем хабарлы сөйлем,жай
сөйлем екенін,мұнда 5 толық мағыналы сөз,сөйлем мүшесі барын,олардың қандай
сұрауларға жауап болып тұрғанын айтып береді.Егер сыныпта осы сөйлемді
талдай алатын бірде-бір оқушы табылмаса,онда мұғалімнің өзі талдайды.Сонан
кейін сол сөйлемдегі қай сөздерді бір-біріне қосарлап айтуға болатынын
оқушылардан сұрастырады.Немесе н е г е қ у а н ы ш т ы ? қ а й д а к ө р
г е н г е ? қ а й О т а н д а? к і м д і к ө р г е н г е? деген
сұрауларды қойып, жауап қайтартады да,осылай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
«Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру»
Сөзжасамдық мағына - сөзжасамдық үдерісте қалыптасқан туынды мағына
Бастауыш мектепте сөз тіркестерін оқытудың әдістемесі
Сөз тіркесі
Сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар
Сауат ашудың міндеттері
Тіл білімі саласының басқа ғылымдармен байланысын меңгерту
3-сыныптарда оқушылардың тілін дамыту
Байланыстырып сөйлеу әдістемес1
Пәндер