Термин сөздер мен кәсіби сөздердің қолданылу ерекшеліктерін оқыту
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І тарау. Әдеби тіл лексикасының салалары
І.1. Терминдер . біршама жүйеленген сөздер тобы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І.2. Термин сөздердің зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І.3. Кәсіби сөздер . тілдің сөздік құрамының үлкен бір саласы ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ІІ тарау. Терминдер мен кәсіби сөздерді оқыту жолдары
ІІ.1.Термин сөздерді оқытуда негізге алынатын басты мәселелер ... ... ... ... ... ... .
ІІ.2. Кәсіби сөздерді оқытуда қолданылатын әдіс. тәсілдер ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қосымша беттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе. Зерттеудің өзектілігі. Терминдер ғылым мен техниканың, кәсіби және өндірістік салалардың, ғылыми таным мен әлем көрінісінің дамуын бейнелейді. Терминдер мен терминологиялық жүйелер қоғамның әлеуметтік құрылымының біртекті еместігін, әр түрлі топтарға, бірлестіктерге бөлініп, әрқайсысының өз тілі, өзіне ғана тән әрі түсінікті терминологиясы барлығын айқындайды. Термин тілдің ерекше негізін құрайды, себебі терминсіз, терминологиялық жүйесіз бірде-бір ғылымның, техникалық, кәсіби, өндірістік саланың дамуы мүмкін емес. Яғни, терминдерде әлем түсінігі жайлы арнайы білім, ұғымдар қамтылған, сонымен қатар, терминдер адамның ойлау қабілетінің, танымының, ақиқат шындықтың бейнеленуі мен көрінісінің ерекше бір түрдегі негізін сипаттайды. Сонымен бірге қазақ тілінде саятшылыққа, қол өнеріне, тігіншілікке, омарташылыққа, дәрі-дәрмек өсімдіктерін өсірушілікке, бұғы-марал, құс шаруашылыгына тән көптеген кәсіби сөздердің болуы заңды нәрсе. Мұның барлығы да әзірге халық игілігіне жөнді жаратылмай жүр. Біздің алдымызда тіліміздегі сөз байлығының құранды бір бөлігі деп саналатын кәсіби сөздерді де барынша жинап-теріп, сөздікке ендіріп, жұртшылықтың кәдесіне асыру міндеті тұр.
Зерттеудің мақсаты: термин сөздер мен кәсіби сөздер жөнінде жазылған ғылыми еңбектерді басшылыққа ала отырып, әдістемелік құралдарды пайдаланып, оқушыларға теориялық білім беру тәсілдерін, оқытудың тиімді жолдарын қарастыру, өз ойын басқаға жетік түсіндіре алатын тұлғаны қалыптастыру, тіл байлығын, сөздік қоры мен шығармашылық деңгейін көтеру жолдарын саралау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Ғылыми зерттеу көздеріне сүйене отырып, тақырыптың теориялық сипатын ашу.
2. Оқушыларға грамматикалық мағынаға байланысты берілетін білім көлемін анықтау.
3. Оқытуда қамтылатын инновациялық технология түрлерін саралау.
Зерттеудің болжамы: егер мұғалім сабақта терминдер мен кәсіби сөздерді оқытудың мақсат, міндеттеріне жетудің тиімді, нақты жолдарын анықтаған жағдайда белгілі бір нәтижеге қол жеткізеді. Мақсатты айқындауда мұғалім оқушының жеке басын, интелектісін, оқу іс-әрекетін өз мүмкіндігінше ескеріп, өтілетін тақырып мазмұнын зерттегені дұрыс. Ал педагогикалық технология ерекшелігі – оның талабы. Осы мақсатқа жетуді оқушының өзі арқылы, оның оқу іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асыруды қарастырар едім. Берілетін білім түрлері логикалық жүйемен үздіксіз дамытылып отырса, оқушының білімі мен сөйлеу мәдениетін жетілдіру ұтымды әдістер мен ұстанымдар негізінде жүргізілсе, оқытудың нәтижелілігі мен тиімділігі арта түседі.
Зерттеудің әдістері: теориялық әдістер, баяндау, салыстыру, жүйелеу, талдау, сараптау, қорыту, бақылау және тәжірибеден өткізу.
Зерттеудің нысаны:
Пәні : қазақ тілін оқыту әдістемесі
Зерттеу орны: Тараз қаласы № 38 орта мектеп 5 «Б» сыныбы
Зерттеу кезеңдері:
1. Тақырып таңдап алу, сол бойынша іздену.
2. Бекітілген тақырыпқа байланысты материал жинақтап, жұмыстың жоспарын құру.
3. Жоспарға сәйкес курстық жұмыстың І бөлімін жазу.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Айтазин Қ. Кәсіби лексика мәселелері. А., 2000 ж.
2. Айғабылұлы А. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1995 ж.
3. Айтбаев О. Қазақ сөзі . Алматы , 1997 ж.
4.Әбілқасымов Б. ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің жазба нұсқалары. Алматы, 1988.
5. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992 ж.
6.Барлыбаев Р. Қазіргі қазақ тіліндегі қоғамдық - саяси лексика. А., 1998 ж.
7. Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикасы. Алматы, 1989
8. Біләлов Ш. Ұлттық ғылым тілін қалыптастырудың өзекті мәселелері. А., 1996.
9. Қайдаров Ә. Т. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас. Алматы, 1993.
10. Құрманбайұлы Ш. Қазақ терминологисы дамуының кезеңдік сипаты. – Астана: Елорда, 2002 ж.
11. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі., А., 1996 ж.
12. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия. Бас редактор Ә. Нысанбаев. Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 жыл.
13. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998.
14.Б.Құлмағамбетова. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1988ж.
15.Г.Қосымова, Ж.Дәулетбекова. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 2001ж.
16.Б.Айғабылова «Лексиканы оқыту әдістемесі» Алматы, 1968 ж.
17.Қаражігітқызы А. Қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары. Қазақ тілі мен әдебиеті 2005 ж. №2.
18. Қалниязова А. Жаңа технологияның қазақ тілінде алатын орны. Қазақ тілі мен әдебиеті. 2002 ж. №12
19. Қазақ тілі мен әдебиеті 2005 ж. №3.
20.Қазақ тілі мен әдебиеті 2005 ж. №9.

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі
Гуманитарлық пәндер бөлімі
Қазақ тілі мен әдебиеті ПЦК
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Термин сөздер мен кәсіби сөздердің қолданылу ерекшеліктерін оқыту
Орындаған: Жолдыбай И.
Тобы: К - 2 - 09
Пәні: қазақ тілін оқыту әдістемесі
Жетекші: Елібаева Л.
Тараз - 2013

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І тарау. Әдеби тіл лексикасының салалары
І.1. Терминдер - біршама жүйеленген сөздер тобы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І.2. Термин сөздердің зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І.3. Кәсіби сөздер - тілдің сөздік құрамының үлкен бір саласы ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ тарау. Терминдер мен кәсіби сөздерді оқыту жолдары
ІІ.1.Термин сөздерді оқытуда негізге алынатын басты мәселелер ... ... ... ... ... ... .
ІІ.2. Кәсіби сөздерді оқытуда қолданылатын әдіс- тәсілдер ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымша беттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Кіріспе. Зерттеудің өзектілігі. Терминдер ғылым мен техниканың, кәсіби және өндірістік салалардың, ғылыми таным мен әлем көрінісінің дамуын бейнелейді. Терминдер мен терминологиялық жүйелер қоғамның әлеуметтік құрылымының біртекті еместігін, әр түрлі топтарға, бірлестіктерге бөлініп, әрқайсысының өз тілі, өзіне ғана тән әрі түсінікті терминологиясы барлығын айқындайды. Термин тілдің ерекше негізін құрайды, себебі терминсіз, терминологиялық жүйесіз бірде-бір ғылымның, техникалық, кәсіби, өндірістік саланың дамуы мүмкін емес. Яғни, терминдерде әлем түсінігі жайлы арнайы білім, ұғымдар қамтылған, сонымен қатар, терминдер адамның ойлау қабілетінің, танымының, ақиқат шындықтың бейнеленуі мен көрінісінің ерекше бір түрдегі негізін сипаттайды. Сонымен бірге қазақ тілінде саятшылыққа, қол өнеріне, тігіншілікке, омарташылыққа, дәрі-дәрмек өсімдіктерін өсірушілікке, бұғы-марал, құс шаруашылыгына тән көптеген кәсіби сөздердің болуы заңды нәрсе. Мұның барлығы да әзірге халық игілігіне жөнді жаратылмай жүр. Біздің алдымызда тіліміздегі сөз байлығының құранды бір бөлігі деп саналатын кәсіби сөздерді де барынша жинап-теріп, сөздікке ендіріп, жұртшылықтың кәдесіне асыру міндеті тұр.
Зерттеудің мақсаты: термин сөздер мен кәсіби сөздер жөнінде жазылған ғылыми еңбектерді басшылыққа ала отырып, әдістемелік құралдарды пайдаланып, оқушыларға теориялық білім беру тәсілдерін, оқытудың тиімді жолдарын қарастыру, өз ойын басқаға жетік түсіндіре алатын тұлғаны қалыптастыру, тіл байлығын, сөздік қоры мен шығармашылық деңгейін көтеру жолдарын саралау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Ғылыми зерттеу көздеріне сүйене отырып, тақырыптың теориялық сипатын ашу.
2. Оқушыларға грамматикалық мағынаға байланысты берілетін білім көлемін анықтау.
3. Оқытуда қамтылатын инновациялық технология түрлерін саралау.
Зерттеудің болжамы: егер мұғалім сабақта терминдер мен кәсіби сөздерді оқытудың мақсат, міндеттеріне жетудің тиімді, нақты жолдарын анықтаған жағдайда белгілі бір нәтижеге қол жеткізеді. Мақсатты айқындауда мұғалім оқушының жеке басын, интелектісін, оқу іс-әрекетін өз мүмкіндігінше ескеріп, өтілетін тақырып мазмұнын зерттегені дұрыс. Ал педагогикалық технология ерекшелігі - оның талабы. Осы мақсатқа жетуді оқушының өзі арқылы, оның оқу іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асыруды қарастырар едім. Берілетін білім түрлері логикалық жүйемен үздіксіз дамытылып отырса, оқушының білімі мен сөйлеу мәдениетін жетілдіру ұтымды әдістер мен ұстанымдар негізінде жүргізілсе, оқытудың нәтижелілігі мен тиімділігі арта түседі.
Зерттеудің әдістері: теориялық әдістер, баяндау, салыстыру, жүйелеу, талдау, сараптау, қорыту, бақылау және тәжірибеден өткізу.
Зерттеудің нысаны:
Пәні : қазақ тілін оқыту әдістемесі
Зерттеу орны: Тараз қаласы № 38 орта мектеп 5 Б сыныбы
Зерттеу кезеңдері:
1. Тақырып таңдап алу, сол бойынша іздену.
2. Бекітілген тақырыпқа байланысты материал жинақтап, жұмыстың жоспарын құру.
3. Жоспарға сәйкес курстық жұмыстың І бөлімін жазу.
4.Диплом алдындағы тәжірибе жинақтау, курстық жұмыстың практикалық бөлімін жазып, жұмысты аяқтау және қорғау.
Зерттеу жұмысының құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

І.1. Терминдер - біршама жүйеленген сөздер тобы
Терминдер - өзіндік құрылымдық, семантикалық, функционалдық ерекшеліктері бар тілдің өзгеше категориясы. Термин - латынның terminus деген сөзі. Қазақша мағынасы бірдеменің шегі, шекара, шекаралық белгі.Терминдер тілде ғылым мен техника, мәдениеттің әр саласына қатысты белгілі бір ұғымды дәл білдіретін арнаулы сөздер. Терминдердің лекмиканың басқа түрлерінен басты айырмашылығы: көп мағыналы емес, бір-ақ нақты мағыналы болып келеді. Оларда эмоционалды бояу, экспрессивті-стилистикалық қызмет болмайды. Термин (лат. terminus - шек, шеті, шекарасы деген мағынада) - ғылыми ұғымға айқын анықтама беретін, оның мағыналық шегін дәл көрсететін сөздер.
Жеке бір ғылымның өзіне тән негізгі терминдері мен терминологиясы болады. Мәселен, жұрнақ, сөз түбірі, үндестік заңы, зат есім, сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, т.б. - қазақ тіл білімінің терминдері.
Жігерсіздік (безволие), жасықтық (молодушие), селқостық (равнодушие) жасқаншақтық (робость), ұяңдық (застенчивость), т.б. - психология терминдері.
Құн, қосымша құн, өндіргіш күштер, нұсқау, демократия, қайта құру, жариялылық, революция, т.б. - қоғамдық ғылымдар терминдері.
Терминдердің көпшілігі халықаралық, интернациолналдық болып келеді. Олардың дені латын, грек тілдерінен алынғандар. Сондай-ақ, орыс тілі негізінде жасалған көптеген кеңестік термин қалыптасқан.Терминдер адам қызметінің ерекше түрін атап көрсететін болса, ең алдымен, ғылыми, кәсіби деңгейлерін айқындайды. Терминдер адам қызметінің ерекше түрін атап көрсететін болса, ең алдымен, ғылыми, кәсіби деңгейлерін айқындайды. Сондықтан терминдер ғылым мен техниканың, кәсіби және өндірістік салалардың, ғылыми таным мен әлем көрінісінің дамуын бейнелейді. Терминдер мен терминологиялық жүйелер қоғамның әлеуметтік құрылымының біртекті еместігін, әр түрлі топтарға, бірлестіктерге бөлініп, әрқайсысының өз тілі, өзіне ғана тән әрі түсінікті терминологиясы барлығын айқындайды.
Термин тілдің ерекше негізін құрайды, себебі терминсіз, терминологиялық жүйесіз бірде-бір ғылымның, техникалық, кәсіби, өндірістік саланың дамуы мүмкін емес. Яғни, терминдерде әлем түсінігі жайлы арнайы білім, ұғымдар қамтылған, сонымен қатар, терминдер адамның ойлау қабілетінің, танымының, ақиқат шындықтың бейнеленуі мен көрінісінің ерекше бір түрдегі негізін сипаттайды. Қоғамдық қатынастағы ғылым мен білімнің, техниканың заман талабына сәйкес дамып, өркендеп отыруына орай тілдегі терминдік жүйе де өзгермей тұра алмайды. Жалпыхалықтық тілдегі және терминологиядағы бейнелілік пен реңктік құбылысының ұлттық сипатқа ие болуы әр халықтың төл тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрімен, ырым-жоралғысымен тікелей байланысты.
Ғылыми-техникалық терминдерді қалыптастырудың кеңестік терминология мектебінің негізін қалаушы Д. С. Лотте көрсеткен үш негізгі тәсіл бар: 1-тәсіл - туынды сөздердің, күрделі сөздердің, сөз тіркестерінің негізінде түзеледі. 2-тәсіл - (семантикалық) тілде бар терминдер немесе жалпыхалықтық сөздердің мағынасын өзгертіп қолдану жолы. 3-тәсіл - басқа тілдік терминдерді қолдану, яғни, кірме терминдер. Терминдер толық мәнінде сапалы болу үшін ол жалпыға түсінікті, мағынасы мейлінше нақтылы, айқын болуы шарт жәнеғылыми терминология құрамындағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты, қолдануға ыңғайлы болмақ керек. Әдебиеттану ғылымында терминдер табиғатты зерттейтін ғылымдардағыдай немесе логика, философия сияқты қоғамдық ғылымдардағыдай әбден жүйеге түскен, толық қальптасқан сипатта кездесе бермейді, яғни, термин деген ұғымның қатаң талабына сәйкес келе бермейді. Бұл жағдай әр ғылымның пәніне зерттейтін обьектісіне де, қалыптасқан зерттеу тәсілдеріне де байланысты болса керек. Қалайда әдебиеттану ғылымында нақтылы анықтама беру, жүйелі түрде талдау, топтап-жіктеуден гөрі, баяндап айту жағы басым келеді де, ғылыми ұғымның терминнің мағыналық шегін бұлжытпай, айнытпай үнемі дәл сақтап отыруға сондайлық мән беріле қоймайды. Ал мұндай жағдай және ғылыми мағынасы әлі толық айқындалмаған "жартылай" терминдердің көп болуы зерттеу жұмысын қиындата түседі. Ғылыми терминдер жүйелі түрде қалыптасса әрі термин терең мағыналы болып, әдеби құбылыстың сипатын нақтылы, дәл көрсетсе ғана зерттеу еңбектердің теориялық дәрежесін биіктетуге жол ашылады. Терминдік жүйенің дамуы ғылыми танымның өрісін кеңейте түспек. Аристотельдің "Риторика, "Поэтика", Буалоның "Поэзия өнері" жазылған кезден бастап, метафора, стиль, т.б.ұғымдарды дәл айқындап, нақтылай түсу мақсатындағы талпыныстар да міне, осыны дәлелдейді. Ал кейінгі кезде әдебиеттанудың кейбір саласында, мысалы, поэтика, өлең құрылысын зерттеуде негізгі терминдерді бір мағыналы, тұрақты қолдану терең талдауға, жаңа қорытындылар жасауға көмегін тигізді. Қазіргі ғылымда терминологиялық құрылымның жүйелене түсуі, жалпы философиялық терминдер, оның әдебиеттану саласы лингвистика, соңғы уақытта математика, семиотика терминдері есебімен толыға түскені байқалады. Бұл әсіресе жазушылардың тіліне, фольклортануға арналған еңбектерден айқын аңғарылады. Қазақ әдебиеттану ғылымында да терминдерді қалыптастыруда бірталай жетістіктер баршылық. Әсіресе қазақ поэзиясына, сөз өнеріне тән ұлттық сипаттағы әдеби құбылыстарды, соның ішінде, жырау, жыршы секілді ұғымдарды ауыз әдебиетінде кең өріс алған суырыпсалма өнеріне, өлең-жырды, дастанды термелеп айту дәстүріне қатысты ұғымдарды, айтыс, шешендік сөздер, өлең, қара сөз, жыр, толғау сияқты сан алуан жанрлық түрлерді сипаттайтын ұғым-терминдерді орнықтыруға айтарлықтай назар аударылып келеді. Бұл салада айрықша бағалы еңбек сіңірген Ахмет Байтұрсынұлы болды. Оның 1926 жылы "Әдебиет танытқыш" атты кітабында халық поэзиясына, әдебиетіне қатысты көптеген терминдер алғаш жүйеге түсірілді. Оның бірталайы әдебиеттану ғылымында орнығып, қолданылып келеді.
І.2. Кәсіби сөздер - тілдің сөздік құрамының үлкен бір саласы
Кәсіби сөздер - белгілі бір шаруашылыққа, кәсіпке байланысты қолданылатын, жалпы халыққа бірдей түсінікті бола бермейтін, қолданылу өрісі шектеулі сөздер. Қазақ тілі кәсіби сөздерге бай. Кәсіби сөздер таралу шегіне қарай ірі кәсіпке байланысты сөздер және шағын кәсіпке байланысты сөздер деп екі салаға бөлінеді. Ірі кәсіпке байланысты кәсіби сөздер: мал шарушалығы (түйе атаулары: жампоз, кезөркеш, кердері, күрт, қаратұяқ, аңырайма); астық шарушалығы (сүт бидай, бал бидай, қодыран, жауша, бақал; тары атаулары: байдербіс, алағарын, шая, шаршау тары); балық шарушалығы (балық атаулары ақауыз, таутан, табан, бекіре; ау аттары: морда, тоспай, итерқұл, аламан); бау-бақша (қауыншек, оман арық, желке суы, пісте); мақта шарушалығы (қоза, көсек, құлақ, шит), тағы басқасалаларға қатысты болады. Шағын кәсіпшілікке байланысты кәсіби сөздер: ұсталық (тарақ балта - жүзі кедір-бұдыр балта, керме ара - жүзінің ортасында тірегіші бар ара, шербек - үлкен ара, аталғы - ойық жүзді шот, тышуыр - бұрап тесетін құрал, пәрбі - шойын тескіш, аттіс - темір қысатын құрал, ыңғуыр - ағаш оятын құрал; етікшілік (созан - ине сияқты құрал, ұштық - созанға өткізілген қысқа жіп, пардоз келтек - етіктің тігісін жатқызатын таяқша); балташылық, өрімшілік, тоқымашылық, зергерлік, тағы басқакәсіп түрлеріне байланысты болады. Кәсіби сөздердің диалектілерден басты айырмашылығы - оның әдеби тілде баламасы болмайды. Сондықтан да кейбір кәсіби сөздер әдеби тілімізді байытып, жалпы халықтық қолданысқа еніп кетеді. Мысалы, мәйек, қоза, терім, мұрап,бағбан, дақыл, беде, танап, көшет, атыз, тағы басқа.
Кәсіби сөздер белгілі бір мамандық, шаруашылық, т.б. қатысты болып келеді, көп жағдайда терминдермен қабысып жатады. Мәселен, Қазақстанның кене-металлургия,көмір өнеркәсіптерінде лава, забой,штрек, шлак, скат, мартен пеші, проводник, кондуктор, стрелочник, шпал т.б. сөздер орыс тіліндегідей қолданылып жүр.; лебедкашы (қыз), механикаланған,ұшпыршы, штрекші, кірепшілер, т.б. осы сияқты сөздер қазақ тілі қосымшалары қосылу арқылы қалыптасқан.
Үлкен өзен-көлі жоқ жердің қазақтары сазан, шортан, шабақ тәрізді балық атауларының біраз түрін ғана білетін болса, Каспий, Арал, Балқаш, Зайсан өңіріндегі балықшылар лексиконы аса бай.Бірақ олардың білетіндері - басқа жер тұрғындарына бимәлімдеу болғанымен , жалпы қазақ тілі лексикасына еншілес, ортақ байлық.
Жамбыл, Талдықорған облыстары жеріндегі қызылша, Шымкент жағындағы мақта өсіруге, Қызылорда төңірегіндегі күріш, қауын-қарбыз өсәруге байланысты сөздер т.б. кәсіби немесе профессионалдық лексика қатарына жатады.
Бір тілдің сөздік құрамындағы бір сөз бір кәсіп-мамандық өкілінің лексиконында бір мағынада, екінші бір топ сөздік қорында екінші бір мағынада, былайша айтқанда, белгілі бір сөз жалпыхалықтық тілдегі семантикасынан басқашарақ қолданыла беруі мүмкін. Мәселен, полиграфистер лексиконында полоса-терілген бет, шапка-бірнеше мақалаға ортақ ат, моряктарша комбуз-кемедегі кухня, т.б. Мәселен жүгері түрлері: дүмбіл, боз жүгері, пәшік, сота, шобық, шіңгіршек, т.б; қауын аттары: әңгелек, жәмше, басыбалды, жегелек, күләбі кемпір қауын, торлама, әміре қауын, т.б; мақта шаруашылығына байланысты: қоза, қозапая, шапақ, шиіт, шігіт, гүлше, терімші балдақ, пәрік, т.б; қызылша шаруашылығына байланысты: қызылша, қылша, түбір, өркен, түбіртек, жом, көмбе, кәпеш, т.б; балыққа байланысты: бәкіре-мекіре, тісті, көкла, көксерке, ақбалық, ақмарқа, қаракөз, көкмойын, жыланбалық, көкбас, т.б. - кәсіби лексикаға қатысты сөздер. Бұлардың барлығы да ауызекі сөйлеу тілінде де, әдеби тіл стильдерінің барлық түрінде де актив лексика қатарында қолданыла береді.
Қазақстанныц жері қандай кең, қапшалықты бай болса, мұндағы кәсіп пен шаруашылықтын түрі де соншалықты көп. Халқымыздың ежелден ата кэсібі болган мал мен егінді, дәнді дақылдарды атамағанның өзінде республиканың бір жерінде марал, бір жерінде балық, бір жерде күріш, бір жерде марал, б'ір жерде агаш, бір жерінде қызылша мен темекі, бір жерінде бау-бақша жеміс-жидек өсіріп, бір облыс екінші облыстан, бір облысқа енетін әрбір аудандардың өздері де бір-бірінен ерек-шеленіп отырады. Соның нәтижесінде кәсіптің әр түріне байланысты әр жерде әр алуан кәсіби сөздер пайда болган. Кәсіби сөздер белгілі территориялық аймақты ғана қамтып шектелуі жағынан диалект сөздерге ұқсайды. Алайда диалектизмге жататын сөздердіқ әдеби тілде белгілі бір балама сөзі, синонимі болады. Ал кәсіби сөздердің әдеби тілде ешқандай баламасы кездеспейді. Осы жағынан қараганда кәсіби сөздер диалектизмдерден гөрі бір табан термии сөідсрге жақын, неге десеңіз, кәсіби сөздер де негізінен бір мағыналы болады даі шаруашылықтың белгілі бір саласында белгілі бір аймақта ғана қызмет етеді. Қолдану шегі жағынан ғана кәсіби сөздер тсрминдерден сәл өзгеше. Кәсіби сөздерді беліілі бір территорияны мекендеуші тұрғын халықтың бәрі білсе, терминдерді әр жерде тұратын бір маманы ғана қолданады. Сонымен қатар кәсіби сөздер әдеби тілдің құрамына кіреді. Демек, кәсіби сөздердің терминнен де, диалектіден де өзіне тән өзгешеліктері мен ерекшеліктері бар. Сондықтан да бұлар өз алдына жеке лексикалық топ құрайды. Қазақ тілінде кәсіби сөздердің мынадай түрлері бар:
1. Мақта шаруашылығына қатысты кәсіби сөздер: жегеше жегенелеу, көсек, күнжара, кауашақ, қоза, козакия, биті, шалшақ-шанақ, мақташы, мақталық, терім, терімші, косектеу, шит, шиті макда, шиг егу, мақта теру, сүдігер, мақта майы, т. б. :
2. Қызылша шаруашылыгына қатысты кәсіби сөздер: ас қызылша, еркек қызылша, қант қызылшасы, қызылшашы, сірнеу гүлдеуік, тоспа, түқым жарнағы, қағгат, өркін, тамыр-жемі жүйек, т. б.
3. Темекі шаруашылыгына қатысты кәсіби сөздер: бүлықтыру, бүркеніш, жал, жиым (орым), жіп, көңхана, құлақ-жұл, маты, сағақ, темекіші, қурай, тізбек, тікқүлақ, т. б.
4. Балық шаруашылығына қатысты кәсіби сөздер:жылым, сүзекі тоспай, ықпа, сере, қаяз, абақ, торта, қорытпа, сүйрік, тыран, қоқан, жорамал, азна, жақса, қарма, жүтпа, итерқұл көтергі, құрсақ, шөктірме, сүре, бүнек, т. б.
5. Бау-бақша және суармалы егіс шаруашыдығына қатысты кәсіби сөздер: алқор, нәк, шабдалы, әнжір, күләбі, болбол, қарық, оман, атыз, мәркі, шөнек, ауыздама, бал, жап, жарма жоя, ақаба, кесе, т. б.
Қазақ тілінде кәсіби сөздер әр алуан қаулы-қарарда, есеп документтерінде, анықтама-мәлімет қағаздарында, яғни ресми-кеңсе стилінде де кездесіп отырады. Олар сондай-ак ғылыми стильде де, атап айтқанда, арнаулы зерттеу еңбектердің тілінде де қолданылады. Мысалы: "Бұл айтылған анықтамалар, мысалдар және фактілер (распор, сүзгі, ақаң, шаң т. б.) профессионалдың лексиканың жаргоннан және кейбір элеуметтік топтардың тіліндегі өзгешелік-тен айырмашылығын ашып көрсетеді. Профессионалдық лексиканың элементтері әр алуан кәсіптің өндірістің туып, дамуымен байланысты жасалады және лексикалық (завод, цех т. б.), лексика-семантикалық (ұйық, балық ұйығы т. б.), морфологиялық (ұйық, ұю т. б.), стилистикалық (мықын, жылымның мықыны т. б.) жағынан ерекше өзгешелікке, кәсіпшілік, өндірістік сипатқа иелік етеді.
І.3. Терминдердің зерттелу тарихы
Қазақ дәстүрлі терминологиясында қазақ тілінің терминдері, негізінен, семантикалық, құрылымдық тұрғысынан жүйелі түрде зерттелді, мұнда терминологиядағы семантикалық және құрылымдық қатынастардың типологиясына назар аударылды. Қазақ терминологиясында, сондай-ақ, бүкіл тіл білімінде тілдің таным шарттары мен құралдары ретіндегі рөлі мен трансформациялаудағы таңбалау жүйесі болып табылатынын айқындауға көп көңіл бөлінді. Мысалы, қазақ тілінің терминдері белгілі шамада терминологиялық аталымның соңғы нәтижесі, өнімі ретінде қарастырылды (Ш.Құрманбайұлы), сонымен қатар лингвистикалық бірліктер ретінде олардың тілдік қасиеттері мен белгілері толық зерттеліп пайдаланылды (Ө.Айтбаев).
Егеменді еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылуы, халқымыздың болашағы үшін білім мен ғылымның, тәлімді тәрбиенің орны бөлек. Барлық игіліктің оқумен келетінін алаштың ардақтысы А.Байтұрсыновтың "Ұлттың ұлағаты-мәдениетте, мәдениеттің ұлағаты - оқу мен әдебиетте " деуінде салмақты ой жатыр. Өркениетке қадам басар елдің ең алдымен әспеттейтін қастерлісі де, түгендейтін асыл дүниесі де, ана тілі екенін ерте түсінген А.Байтұрсынов, сол кезеңде-ақ ұлт жанашыры ретінде аянбай тер төгіп, тіл саласында салмақтылық танытатын зерттеу еңбектерін, оқулықтарын жазып дәлелдеп кетті. Қазақ тіл білімі сөз болған жерде ғалымның атын айтпай өту мүмкін емес. Тілші-ғалымның қазақша әліппе жасауы, 3 бөлімнен тұратын Тіл құрал, Әдебиет танытқыш атты еңбектер жазып, әсіресе тіл білімінің терминология саласына ерекше назар аударуы қазіргі таңдағы ғалымдарды қайран қалдырып отыр. Тәуелсіз мемлекеттің басты атрибуттарының бірі - мемлекеттік тіл десек, оның негізгі тіректерінің бірі- терминология.
Терминологияның даму тарихына көз жүгіртер болсақ, ғылым тілі өркендеуінің әр кезеңі өз дәуірінің ерекшелігіне лайық қағидаттарды өмірге әкелетінін көреміз. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ тілінде алғашқы оқулықтар мен түрлі деңгейдегі ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектер жазып, бұл істің басында тұрған А.Байтұрсынов,М.Әуезов,Х.Досмұхамед ұлы, Е.Омарұлы, Т.Шонанов, Ә.Ермеков, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Қ.Кемеңгерұлы, Ж.Күдерин, М.Жұмабаев, Н.Төреқұлұлы,К. Жаленов сияқты қазақ зиялыларының салалық терминологияның қалыптасуына үлес қосқаны жұртшылыққа жақсы таныс.
Қазақ терминолог ғалымы Ш.Құрманбайұлының пікірінше: Бұл сала әсіресе орыс тіл білімінде Ресейде 30-жылдардан бастап-ақ жақсы зерттеліп, бүгінде біздегіге қарағанда едәуір мән беріліп, үздіксіз зерттеліп келе жатыр. Д.С. Лотте, Г.О. Винокур, А.А. Реформатский, В.П.Даниленко, Т.Л. Канделаки, Л.И.Скворцов, А.В. Суперанская, В.А. Татаринов, Ю.Н. Марчук т.б. көптеген орыс тіл білімін зерттеуші ғалымдары қоғам дамуының әр кезеңінде терминология мәселелеріне көп үлестерін қосты. Қазақ тіл білімінде терминология саласының қалыптасуында қазақ оқығандарының арасында А.Байтұрсынұлының алатын орны ерекше. Ол жүздеген тіл, әдебиет және жалпы мәдениетке қатысты терминдерді жасап, оларды қолданысқа енгізе отырып, өз замандастарына ана тілінде термин жасаудың жарқын үлгісін көрсете білді.
Кейінгі жылдарда термин, терминология төңірегінде тілші ғалымдар К.Мұсаев, Ә.Қайдаров, Ө.Айтбаев, Б.Қалиев, А.Әбдірахманов сияқты тіл мамандарының зерттеу еңбектері жарық көрді. Сонымен қатар бұл мәселе жөнінде Ш.Құрманбайұлының еңбегін ерекше атап өтуге болады. Ғалымдар термин, терминология мәселелері жөнінде қазақ тіл білімінде, тіпті орыс лингвистикасында да белгілі бір пікір қалыптаспағанын айтады. Қазақ тіл білімі мен терминология сөз болған жерде Ахмет Байтұрсынұлына соқпай, ғалымның сол салалардың білгірі, бастаушысы екенін айтпай өту мүмкін емес. Өз еңбегінде ғалым Ш.Біләлов: Ахаң осы, біздер әлі күнге дейін түсіне алмай жүрген аса күрделі мәселені жете түсініп, өзі бас болып қыруар іс тындырып кеткен азамат. Сол халықтың өкілі ретінде бір өзі мың кісілік сөзді дүниеге әкелді. Ахаң жасаған әдебиет, тіл ғылымы атаулары қазақ тілінің танымдық деңгейін шырқай көтерген, сөз байлығын жарқырата көрсеткен құнды еңбек болатын,- дейді.
Өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет ретінде өркениетке қадам басқан Қазақстан Республикасы бұл күндері ана тілімізге, оның тағдырына ерекше көңіл бөлуде. Әсіресе, мемлекеттік мәртебеге ие болып отырған қазақ тілінің қоғамдық қызметін жандандыру, қалыптастыру басты мәселеге айналды.Осы орайда оның негізі туралы академик Әбдуәли Қайдаровтың: "Ең алдымен оның тірек болар үш тағаны - жазу-сызуы (ұрпақ арасын жалғастырыр алтын көпірі), ономастика (жер бетіндегі ескерткіші), терминологиясы (оның баю, жаңару көзі) берік емес екендігін мойындау қажет",- деген пікірі орынды айтылған.
Термин ғалым үшін жұмыс құралы да, жай жұрт үшін - таным құралы. Терминнің танымдық табиғаты - ғылыми ұғым сол тілге, тіл арқылы ұлт өкілдеріне түсінікті болғанда ғана қоғам өміріне ықпал ете алмақ. Термин тілі арқылы-ақ ғылым-білімді көпшілікке жақындататындай, ел игілігіне айналдыратындай етіп жасалуы тиіс, термин - қоғам үшін бейтаныс, жаңа ұғымдарды атап, тіркеп қана қоймай, аталушы нәрсенің тіл арқылы таным жүйесінде орнығып, өзіндік бейнесі қалыптасуын қамтамасыз етуші сөз тобы десек болады. Бүгінде білім терминдерінің тиісті бөлігі қазақшаланып, бір ізге түспей отыр. Осының әсерінен бір терминді әрқайсысы әрқалай қолдануға мәжбүр. Ақпарат, білім терминдері арнайы түрде, жан-жақты негіздей жасалып, мамандар талқысынан өткізілген жағдайда ғана сапалы істің негізі қаланады.
Білім терминдері - орта, орта кәсіптік және жоғары оқу орын - дарын - дағы білім бағдарламаларының мазмұны ауқымында қарастырылған және әрбір пәнді оқытуда тікелей қолданылатын "пән сөздері" (А.Бай - тұр - сынұлы) жиынын айтамыз. Олар - ды саласына қарай химия, биология, физика, математика, тіл, әдебиет, география, геология, т.б. салаларды оқытуда қолданылатын пәндік білім терминдеріне, қолданыс аясына қарай орта мектепте, кәсіптік және жоғары оқу орындарында қолданылатын деңгейлік білім терминдеріне бөлуге болады. Білім саласындағы терминдердің қайнар көзі оқулықтан басталады. Оқулық тілі - ғылым тілі мен жалпы халықтық тіл арасындағы дәнекер. Оның дәнекерлік қасиеті ғылым тілін, атауларды, оқушысына түсінікті тілде жеткізгіштік қабілетінде.Онда ғылым жетістіктері ғылыми ой жүйелер,ғылыми тұжырымдар ғылым тілінен ықшамдалып ауысады. Ғылым тілі өркениетке қажетті дегендерді ғана алады. Олар оқулықтар тілінде жаңа түр, жақсы мазмұнға ие болып,рухани байи түседі де, оқушының ойлау қабілетінің артуына да септігін тигізеді. Оның ұлттық тілдің қалыптасып, одан әрі дамуына тигізер әсері аса зор,-дейді Ш.Біләлов.
Ел Президенті Н.Назарбаев Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде деген баяндамасында: ...Түбірі латын, грек тілдерінен алынып, Еуропа тілдерінің бәріне сіңісті болып кеткен термин сөздерді орынсыз қозғаудың реті жоқ, тілімізде бұрын бар сөзді қолдан жасаған жаңа терминге таңбасақ та, ешқайда кетпейді, тілдік қорымызда сақталады. Ал түбірі таза орыс, славян тілдерінен алынған сөздерге қазақша балама табуға болады деген пікірді толық қуаттаймын...,- дейді.
Қорытынды
Тілдің ғылым саласындағы қызметінің жүзеге асуы ғылыми терминологияның жасалуымен, жүйеге түсуімен тікелей байланысты. Жаңа терминдер жасап, ғылыми-техникалық терминологияны ұлт тілі негізінде қалыптастыру үшін термин шығармашылығында іске қосылатын амал-тәсілдер, термин жасауда басшылыққа алынар принциптері мен терминдердің пайда болу арналары айқындалды. Қазақ терминологиясының дамуы ұлттық тiлдiң дамуымен, оның қалыптасуының тарихымен өзара тығыз байланысты. А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, Е.Омаров, Т.Шонанов, Ә.Ермеков, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Қ.Кемеңгерұлы, Ж.Күдерин, М.Жұмабаев, Н.Төреқұлұлы сияқты ағартушы қазақ зиялыларының өкiлдерi өткен ғасырдың бiрiншi он жылдығынан бастап қазақ тiлiнде алғашқы оқулықтарды шығарып, орыс тiлiнен кейбiр шығармаларды аудара бастады. Қазақ зиялыларының өкiлдерi ғылымның кейбiр салалары бойынша сол тарихи кезеңнiң қажеттiлiктерiне сәйкес терминологиялық атаулар жүйесiн iрiктеудi ғылыми негiзде жүргізді. Ұлттық терминологияның қалыптасуына, әсiресе нақты ғылыми салалар мен жекелеген пәндергe дегeн мұқтаждықты қамтамасыз eтуге елеулi үлес қосқан ұлы ғалым А.Байтұрсыновтың еңбегi айрықша маңызға ие болды. Қоғамдық сананың ғылыми нысанын дамытуда және оны тереңдетуде, ғылыми танымның ауқымын кеңейтуде жоғарыда аталған ғалымдар еңбектерiнiң ықпалы өлшеусiз мол болды. Тап осы кезең қазақ тiлiн әр түрлi салаларда байыту мен дамыту кезеңi болды. Соңғы кездерде қазақ тіліндегі терминдер әдебиеттануда ғылыми ойдың дамуына байланысты одан әрі дамып, толыға түсті. Ғылыми ұғымдардың қазақ тілінде мағынасын терең ашып жеткізетін және өзі жатық, құлаққа жағымды, көпшілік жақсы қабылдайтын терминдерді әлі де көптеп қалыптастыру қажеттігі бүгін өмір талабынан туып отыр.

І.1.Термин сөздерді оқытуда негізге алынатын басты мәселелер
Термин сөздерді үйрете отырып, балалардың тілін дамыту - пайдалы, тиімді жұмыстардың бірі. Оқушының сөздік қорын байытуда, дамытуда тіліміздегі термин сөздерді үйретіп, оны жазбаша, ауызекі сөйлеу тілінде қолдану, активті сөздігіне ендіру мақсат етіледі.
Мұғалім бұл сабақта кез келген термин сөздерді беталды түсіндірмеуі тиіс. Балалардың ана тілі, әдебиет, тарих, география пәндерінен кездестірген сөздерін топтап, жинап, олардың қай кезде, қалай шыққаның үйрету қажет.Сондай-ақ ғылымның соңғы табыстары арқылы пайда болған термин сөздерді де олардың активті сөздігіне ендіру жағын ойластыру қажет.
Мұғалімнің термин сөздерді мынадай бағытта түсіндіргені жөн. Ең алдымен, балаларға термин деген ұғымның не екенін ұқтыру қажет. Тіл- тілдің лексикасында ғылым мен техниканың алуан түрлі салаларында қолданылатын арнаулы сөздер бар. Олар терминдер деп аталады. Термин сөздер - ғылым мен техника, өндіріс саласында қолданылатын арнаулы заттар мен ұғымдардың атауы болатын сөздер. Қазақ тіліндегі термин сөздер екі түрлі жолмен жасалған. 1. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz