Қазақ тіл біліміндегі сөйлем мүшелері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі

Гуманитарлық пәндер бөлімі

Қазақ тілі мен әдебиеті ПЦК

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

Қазақ тіл біліміндегі сөйлем мүшелерін оқыту

Орындаған: Қарақыстақ Ж.

Тобы: К - 2 - 08

Пәні: қазақ тілін оқыту әдістемесі

Жетекші: Елібаева Л.

Тараз - 2013

Қазақ тіл біліміндегі сөйлем мүшелерін оқыту

І тарау. Сөйлем мүшелері - синтаксис саласының зерттеу объектісі.

І. 1. Тұрлаулы мүшелер - ойды жеткізудің негізі

І. 2. Бастауыш пен баяндауыштың жасалуы

ІІ. 1. Тұрлаулы мүшелердің өзіндік белгілерін таныту

ІІ. 1. Тұрлаулы мүшелердің өзіндік белгілерін таныту

І. 2. Сөйлем мүшелерін көрнекілік арқылы меңгерту

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе. Зерттеудің өзектілігі. Бастауыш пен баяндауыш - сөйлемдегі предикаттық қатынастың негізі. Сондықтан сөйлемдегі тұрлаулы мүшелер мәселесі үнемі грамматиканы зерттеуші ғалымдардың назарында болған. Түркі тілдеріне арналған грамматикаларда сөйлемнің бас мүшелері - бастауыш пен баяндауыш туралы мағлұматтар берілді. Қазақ тілінің грамматикасын зерттеген алғашқы лингвист - ғалымдарымыз А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Жиенбаев, Н. Сауранбаев, Ғ. Бегалиевтердің еңбектерінде сөйлемнің бас мүшелері әртүрлі дәрежеде сөз болады. Олар, негізінен, сөйлем мүшелеріне анықтама беріп, оның тілдегі қолданысына мысал келтірумен шектелген болса, 50 жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін зерттеушілеріміз аталған мәселеге әр қырынан келеді. Осы тұрғыдан келгенде, қазақ тілінің синтаксис саласын зерттеуші М. Балақаевтың, Т. Қордабаевтың, О. Төлегеновтің, Р. Әміровтің, Қ. Есеновтың, Ә. Аблақовтың, Т. Сайрамбаевтың, М. Серғалиевтің, Е. Ағмановтың т. б еңбектері ұлттық лингвистикамыздағы әр алуан аспектілерді талдаумен бірге көптеген жалпы түркілік проблемаларды шешуге де мұрындық болары сөзсіз.

Зерттеу жұмысының мақсаты - қазақ тіліндегі тұрлаулы мүшелерге тән грамматикалық белгілер мен олардың арнайы грамматикалық тұлғасын нақтылау. Осыған байланысты төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:

  • сөйлем мүшелерінің грамматикалық тұлғаларын топтастыруда қолданылатын ұстанымдарды нақтылау;
  • семантика-грамматикалық ұстаным бойынша тұрлаулы мүшелерді жіктеу;
  • аталған жайттарды нақты тілдік фактілермен дәлеледеу
  • тұрлаулы мүшелердің грамматикалық тұлғаларын айқындау.

Зерттеудің болжамы: қазақ тілінің тұрлаулы мүшелерін меңгерту әрбір оқушының жеке қабілеттерін ескеріп, өз әрекетін нәтиже ретінде тануға мүмкіндік туғыза отырып, оның жан-жақты рухани дамуына бағдар береді.

Зерттеудің әдістері: теориялық әдістер, баяндау, салыстыру, жүйелеу, талдау, сараптау, қорыту, бақылау және тәжірибеден өткізу.

Зерттеу пәні: қазақ тілін оқыту әдістемесі.

Зерттеу нысаны - сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің грамматикалық белгілері мен жасалу жолдары.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

1. Тақырып таңдап алу, сол бойынша іздену.

2. Бекітілген тақырыпқа байланысты материал жинақтап, жұмыстың жоспарын құру.

3. Жоспарға сәйкес курстық жұмыстың І бөлімін жазу.

4. Диплом алдындағы тәжірибе жинақтау, курстық жұмыстың практикалық бөлімін жазып, жұмысты аяқтау және қорғау.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау. Сөйлем мүшелері - синтаксис саласының зерттеу объектісі.

І. 1. Тұрлаулы мүшелер - ойды жеткізудің негізі

Сөйлемнің бас мүшелеріне беріліп жүрген анықтамалардан бастап, оның арнайы грамматикалық формаларының мәнін ажыратуда бір ізді пікірдің болмауы соны дәлелдейді. Осы мәселеге қатысты бастауышқа анықтама беруде ғалымдардың бір тобы оның сөйлемдегі ой иесі болатындығына сүйене отырып, өзге мүшелерге тәуелсіз деп таниды. Дұрысында бастауыштың грамматикалық мәні ой иесі болуымен бірге атау тұлғада тұруы, сол арқылы жіктік жалғаулы баяндауышпен жақ жағынан қиыса байланысуынан ашыла түседі.

Ал баяндауышқа алғашқы оқулықтарда берілген анықтамаларда оны тек қимылмен байланысты ғана суреттесе, кейінгі анықтамаларды бастауыштың етістікпен қатар есім сөздерден де жасалатыны ескеріледі. Бірақ баяндауышқа анықтама семантикалық тұрғыда емес, таза грамматикалық тұрғыдан берілгені дұрыс. Өйткені баяндауыш, алдымен, синтаксистік категория, сонымен бірге тілімізде баяндауыш қызметінде жұмсалмайтын сөз жоқ. Ал әр сөз табына енетін сөздердің білдіретін жалпы грамматикалық мағыналары да әр алуан. Сондықтан анықтамада баяндауыш болатын сөздің мағыналық түрлерін түгел қамту мүмкін емес. Ал баяндауыш қай сөз табынан жасалмасын, оларға ортақ белгілі бір грамматикалық белгісі болады. Олар, алдымен, баяндауыштың предикативтілікті білдіруі, екіншіден, сөйлемдегі ойды біршама тиянақтап тұруы. Себебі предикативтілік ұғымы тек грамматикалық бастауыш пен баяндауышты байланыстырумен ғана шектелдмейді, сондай-ақ логикалық субъектпен предикаттық қатынасын да білдіреді. Ал баяндауыштың сөйлемдегі ойды тиянақтау қызметін ешбір сөйлем мүшесі ауыстыра алмайды. Тұрлаулы мүшелер категориясында нақтылауды қажет ететін проблеманың бірі - бастауыш пен баяндауыштың грамматикалық тұлғалары.

Сөйлем - адам ойын білдірудің негізгі құралы. Айналадағы нақты өмір құбылыстары негізінен зат және оның қимыл - қозғалыстары мен іс - әрекеттерінен тұратыны мәлім.

Сөйлем жасалуы үшін алдымен сөздер бір - бірімен тіркеседі. Ол тіркестердің тілдік жүйесі, заңдылықтары арқылы іске асады. Жай сөйлем, оны құрайтын тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер, осы қиыса байланысқан сөз тіркестері негізінде жасалады. Сөз тіркестері сөздердің синтаксистік байланысуы деп аталса, жай сөйлем синтаксисінде бұлар предикативті қатынастарға жатқызылады.

Тіл білімінде сөйлем туралы ғылыми ойдың тарихи бастауы көне дәуірдегі логикалық зерттеулерден басталады. Бұл тұжырым бойынша сөйлем - пікірге, бастауыш - субъектіге, баяндауыш - предикатқа негізделді. Сондықтан да тіл туралы зерттеулерде бастауышты субъект, баяндауышты предикат деп қолдану дәстүрі де сақталған. Сөйлемнің негізі болып табылатын предикативтілік осы атаудан пайда болған.

Тұрлаулы мүшелер тек қана зат есім мен етістіктен жасалмайды. Бастауыш зат есім мәніндегі басқа сөз таптарынан, ал баяндауыш өзге де есім сөз таптарынан жасала береді. Тұрлаулы мүшелер деп сөйлем құрауға негіз болатын бас мүшелерді айтамыз. Қазақ тілі білімінде болсын, басқа да түкітану саласындағы еңбектерде болсын тұрлаулы мүшелерге бастауыш пен баяндауыш жатады. Бастауыш сөйлемде айтылатын ойға негіз болады, ол баяндауыш арқылы айтылған қимылдың не басқа сапаның субъектісі (иесі) болады.

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің бірі - бастауыш. Сөйлемде бастауыш екі түрлі жағдайда кездеседі. Біріншіден, сөйлемде арнайы түрде бастауыш болады, екіншіден, сөйлемде бастауыш жасырын келуі де мүмкін. Бірақ ол жасырын келгенімен, бәрібір баяндауыш арқылы оны тауып алуға болады. Сонымен бірге бастауыш: зерттелу, оның ережесі, сұраулары, тұлғасы, жасалуы, құрамы, сөйлемдегі орны және оның мағынасына қарай бөліну бағытында қаралуы тиіс. Енді осыларды жеке-жеке көрсетелік. Бастауыш туралы қазақ тіл білімінде көптеген оқу кітаптары, методикалық құралдар және мақалалар жарық көрді. Бастауыш туралы еңбектердің біразында негізгі мәселелерінен гөрі, олардағы кейбір жанама мәселелеріне де баса назар аударылған. Бұл еңбектерде қазақ тіліндегі бастауыштарды басқа тілдермен салыстыру, орын тәртібі және стильдік қызметтері сөз болады.

Бастауыштың ережесі. Бастауыштың ережесі әр түрлі оқулықта әр түрлі беріліп жүр. Х. Басымов «Бастауыш болатын сөз мағынасы жағынан сөйлемдегі ой іргесінің иесі болады», - десе, С. Аманжолов «Сөйлемегі айтылған ойдың иесі болып тұрған сөйлемнің мүшесін бастауыш дейміз», -дейді.

М. Балақаев «Сөйлемнің кім? не? туралы екенін білдіретін, айтылған ойға негіз болатын тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз», -деп келсе, Р. Әміров «Сөйлемде айтылған ойдың кім, не туралы екенін атап, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың, сапаның кімге қатысты екенін білдіретін сөйлем мүшесін бастауыш дейміз», - деген ережені айтады.

С. Аманжолова, А. Әбілқаев, И. Ұйықбаевтардың мектеп грамматикасында, «Сөйлемде атау септігінде тұрып басқа мүшелерге бағынбайтын тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз»- делінген. Қазақ тіл білімі мен түркітану әдебиеттеріндегі бастауыштың ережелері туралы мына жайттардың айтылатынын көруге болады.

Біріншіден, бастауыштың ойдың иесі болуы. Екіншіден, ең алдымен, оның қандай сұрауларға жауап беретіндігі бірінші орынға, ал ойдың иесі болуы екінші орынға қойылуы. Үшіншіден, ойдың иесі деуден гөрі ойдың, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың, сапаның кімге қатысы, басты нәрсе болуы. Төртіншіден, бастауыштың басқа мүшелерге бағынбайтындығы. Бесіншіден, бастауыштың тұлғалық ерекшеліктеріне, яғни, атау септікте келетіндігі. Алтыншыдан, сөйлемдегі басқа сөздермен, яғни, баяндауыштармен синтаксистік қатынастары, т. б. Бастауыштың мағынасы баяндауыштың морфологиялық құрамындағы тұлғалар арқылы белгілі болып дербес тұра береді. Ондайда бастауыш сөйлем ішінде арнайы айтылмай, сөйлем толымсыз болуы да мүмкін, ал баяндауышсыз толымсыз сөйлемдер өте сирек кездеседі. Әсіресе диалогта, мақал-мәтелде («қой баласы - қозыдан» сияқты) баяндауыштың «түсіп қалуы» «ықшамдылықпен» байланысты. Осындай, баяндауыштың синтаксистік қызметі бастауыштан басым болғанына қарап, баяндауышты ғана бас мүше деп қарау дұрыс болмайды. Шынында, ол екеуі де - сөйлем құрауға ұйытқы болатын, басқа мүшелерді айналасына үйіріп тұратын, сөйлемнің діңгекті орталығы - бас мүшелер.

Бастауыштың грамматикалық тұлғасы - сөздің атау тұлғасы. Басқаша айтқанда, бастауыш қызметінде жұмсалған сөз не сөз тіркесі атау септігінде тұрады. Бастауыштар кейде формаланбаған ілік септігінде де айылады; ондай ілік септікті бастауышы бар сөйлемнің баяндауышы не тәуелдік жалғаулы сөз күрделі баяндауыштың құрамында болып келеді:

Шығанақ почта конторындағы радиоға құлағын төсеп отырғаны (Ғ. Мұстафин) . Тас түсіріп тұрсам, мына біреулер жанжал шығарып тұрғаны ( Қ. Әбдіқадыров) . Біз суды осы Мырзашөлге жеткізуіміз керек. (С. Мұқанов) . Мен Гүлжаһанмен әлі жөнді әңгімелескенім жоқ (Ә. Әбішев) .

Баяндауыш туралы сөз қозғамастан бұрын оның сөйлемде атқарар жүгін айқындап алған жөн. Бұл - аса күрделі де маңызды мәселе. Мәселеге осы тұрғыдан келу зерттеу объектісінің қаншалықты маңыздылығын көрсетіп қана қоймайды, тіл білімінде әлі де болса шешімін таппай жүрген мәселе төңірегінде теориялық нақты тұжырым жасауға жетелейді.

Баяндауыш, оның ережелері туралы пікірлер көп. Сондықтан да біраз ережелерді келтіріп, сонан кейін оны талдап көрейік. Х. Басымов: «баяндауыш мүше шығаратын мағынасы жағынан бастауыштың болмыс ісін, жайын, сапасын, не екендігін айқын білдіреді - дейді.

І. Бәйтенов а) қара сөзде сөйлемнің аяғына, көбінесе тістіктен кейін тұрған сөзді «баяндауыш» - дейміз, ә) сөйлемнің ішіндегі барлық сөздің түсінігі онсыз шешілмей тұрған сөзді «баяндауыш» дейміз; б) бастауыштың күйін, жайын, қимылын көрсетіп тұрған сөз «баяндауыш» болады, - деп талдайды. С. Аманжолов: бастауыштың ісін, қимылын білдіріп, сөйлемдегі ойдытиянақтайтын сөйлемнің мүшесін баяндауыш дейміз және бастауышқа бағынып, онымен жақ жағынан жекеше, көпше түрде үйлесіпайтылатын тұрлаулы мүшені баяндауыш дейміз, дейді. М. Балақаев: бастауыштың жайын, ісін білдіретін сөйлем мүшесі десе, Х. Арғынов: баяндауыш бастауыштың қимылын, ісін, жайын, күйін, заттың сындық сапасын, санын, мөлшерін, мекенін, мезгілін білдіреді, - деген тұжырым айтады, Р. Әміров: Предикативтілік іс - әрекетті, сапаны білдіретін сөйлеммүшесін айтамыз десе, М. Серғалиев: бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, қасиетін көрсететін сөйлем мүшесі - деп қорытады. Ал, Ә. Нұрмаханова: Ол бастауышпен предикаттық байланысқа түсіп, оның қимылын, іс - әрекетін, күйін ілдіреді, - дейді. Сол сияқты кейбір түркітанушы - ғалымдардың да баяндауыш туралы мына пікірлерін келтірейік: Н. А. Кононов: баяндауыш грамматикалық жағынан бастауышқа бағынышты екі құрамды сөйлемнің бас мүшесі; А. Жапаров: сөйлем бастауышына грамматикалық жағынан бағынышты болып, оның қимыл - әрекетін, амалын, кім екендігін, белгісі мен сан ретін тағы солар сияқты қасиетін баяндап тұрған бас мүшесінің бірі - деген тұжырым жасаған. Баяндауышқа байланысты бұдан басқа да ережелерді беруге болады. Біз енді осы ережелердегі көтерілген мәселелер, олардың қайсысына өзіндік пікір айтуға болатынына назар аударалық:

Ең алдымен, осы ережелер бойынша нендей шарттар барын көрейік:

  1. Баяндауыштың бастауышқа бағынышты сөйлем мүшесі екендігі;
  2. Баяндауыштың сөйлемдегі ойды тиянақтайтындығы;
  3. Баяндауыш бастауыштың әр түрлі қасиетін көрсетеді: а) ісін, қимылын, ә) оған қоса жайын, күйін, заттық, сындық сапасын, мөлшерін, мекенін, мезгілін; б) іс - әрекетті сапасын; в) қасиетін; г) амалын; д) кім екендігін, белгісі мен сапа ретін, т. б.
  4. Баяндауыштың бастауышпен жақ, жекеше, көпше түрде үйлесуі;
  5. Предикативтілік білдіруі;
  6. Олардың екі құрамда болатындығына байланысты;
  7. Сөйлемнің бас мүшесі екендігі;

Баяндауыш астауышқа бағынышты бола отырып, оның әр түрлі қасиетін көрсететіндігі туралы пікір әр қилы. Соның бәрін жинақтай келгенде, баяндауыш бастауыштың жоғарыдағыдай қасиетін көрсетеді деп білеміз.

Әрине, баяндауыштың бастауыштың мұндай қасиетін көрсетуі, шындап келгенде, ол оның қай сөз табынан жасалғанымен, бәрібір бастауыштың әр түрлі қасиетін айқындауда басты тұлға.

Бір етістіктен болған баяндауыштар бастауыштың ісін, қимылын, іс - әрекетін, жайын, күйін, амалын, т. б. білдіреді. Түптеп келгенде, осылардың бәрі қимылға қатысты айтылатын сөздер. Осылардың ішінде етістік баяндауышқа тікелей қатысты, яғни етістіктен болған баяндауыш туралы « ісін, қимылын, іс-әрекетін» деген сөздер нақты дәлелдесе керек. Ал жайын, күйін, амалын сияқты сөздерді қолдану мәселесі абстрактылау ма деген пікірге келеміз. Баяндауыш ережесіне жайын, күйін, т. б. сөздерді қолдану мағыналық та, стильдік те жағынан келе бермесе керек. Зат есімнің баяндауыш болуы арқылы бастауыштың кім, не екендігін, заттың мекенін, т. б. білдіреді дейтін де сөздерді кездестіреміз. Әрине, зат есімнен болған баяндауыштардың мағыналық қасиеті түрліше. Оның өзі баяндауыш болатын зат есімдердің қолданылуына байланысты.

Зат есімдер жалқы есім, күрделі атаулар болып қандай тұлғаларда келуіне байланысты олар әр түрлі мағынаны білдіреді. Мысалы: Отаным - алтын бесігім. («Социалистік қазақстан») дегендегі баяндауыш заттық мағынаға ие болса, ал колхозшылар - Бірлік колхозында. («Лениншіл жас») дегенде баяндауыш мекендік қасиетке ие болып отыр. Біздіңше, зат есімнен болған баяндауыштар бастауыштар заттық қасиетін білдіреді дей келіп, оның енді өзін іштей зат есімнің баяндауыш болу кезіндегі тұлғалық ерекшелігіне байланысты да, іштей қандай-қандай мағыналарда қолданылуы екінші дәрежелі мәселе демекпіз. Мәселен: Ол - студент, ол - Асан дегенде оның кім екенін, Мынау - қант дегенде заттықты, Олар ауылда дегенде мекенді білдіруі, т. б. олардың баяндауыш болу кезіндегі, біріншіден, ол сөздердің семантикасына да байланысты. Зат есімдердегі осы сияқты өзгеріс, шындап келгенде, әр түрлі заттану процесінде сын есім, сан есім, есімше де болатыны айқын.

Сонымен, баяндауыш бастауышқа бағынып, оның қимылын, іс - әрекетін, кім, не екенін, заттық, мекендік, сындық, қасиеттерін білдіретін сөйлемнің тұрлаулы мүшесі.

І. 2. Бастауыш пен баяндауыштың жасалуы

Сөйлемде бастауыштық қызметте жұмсалатын сөздер, негізінде, зат есімдер болғанмен, олардың барлығының бастауыш болу қабілеті бірдей емес. Бастауыш - субъектінің грамматикалық баламасы. Ол іс істеуші қимыл иесі болатындықтан, сол қызметті өтей алатын заттардың аты арнаулы бастауыш болуға бейім болады. Сондықтан ондай зат есімдер а р н а у л ы бастауыш болатын сөздер делінеді. Мысалға Жарас ағаш екті деген сөйлемді алайық . Мұнда Жарас, ағаш деген екі зат есім бар. Ол екеуі сөйлемде екі түрлі қызметте айтылған: Жарас - қимыл иесі, бастауыш, ағаш - қимылдың объектісі, толықтауыш. Олардың орнын ауыстырғанмен бірінің қызметінде екіншісі жұмсала алмайды. Оның себебі - ол екі зат есімнің екі түрлі синтаксистік қызметі атқаруға бейімділігінде: Жарас - арнаулы бастауыш болатын сөз де, ағаш - арнаулы толықтауыш болатын сөз.

Зат есімдердің ол айырмашылығы қазақ тілінде кісі, кісі емес деген ұғыммен байланысты. Ол айырмашылықты зат есімдерге қойылатын екі түрлі сұрақтан да аңғаруға болады. Жалпы алғанд, к і м? деген сұрақты қоюға болатын зат есімдер - арнаулы бастауыштар, н е? сұрағын қоюға болатын зат есімдер - арнаулы толықтауыштар.

Сонымен қатар кейбір жанды - жансыз заттарға ғана тән іс-әрекет, қимыл, күй болуы мүмкін. Мысалы: құс ұшты, бұлбұл сайрады, сиыр мөңіреді, жауын жауды, жел уілдеді. Осындай сөйлемдерде бастауыш қызметіндегі зат есімдер баяндауыштар арқылы айтылған хабардың бірден - бір арнаулы иелері болып тұрады. Бірақ олардың мұндай әрекеті тар көлемдегі тіркестер арқылы ғана айтылады. Сондықтан мұндай сөздер бастауыш болып көп жұмсалмайды.

Осылардай, зат есімдердің бастауыш болу қабілеті бірдей болмағанмен, олардың бастауыштық тұлғасы бәріне бірдей. Ол - атау септігі.

Атау септігіндегі зат есімдер ж е к е ш е, к ө п ш е және т ә у е л д і тұлғада бастауыш болуына мысалдар:

Лиза Рахметке бұрылды (С. Ерубаев) . Кештетіп Қожаш үйіне келді (С. Көбеев) . Сұр овчарка жан жуытар емес ( Ғ. Мұстафин) . Батырлық майданда сыналады (Мақал) . Жауынгерлер қатарланып тұрып қалды (Ғ. Мұстафин) . Сиырлар шұбап келеді (Ғ. Мұстафин) . Қара қошқыл таулар ай астында көкшіл мұнарға оранып жым - жырт қалғып тұр. Абайлар Қарашоқыға түс ауа жетті (М. Әуезов) .

Өздерінің лексикалық мағыналарында көптік ұғымы бар зат есімдер жекеше тұлғада бастауыш болып та көптік мағынада жұмсалуы мүмкін:

Қалың қой қыбыр етпей тыныштық алып, үнсіз ғана тыным алды. Сиыр атаулы . . . шалшық суларға кіріп, көлбей-көлбей жатып апты (М. Әуезов) .

Тәуелдік жалғаулы зат есімдер бастауыш қызметінде заттың кімге, неге тән екенін білдіреді де, ондай сөздің бастауыштық икемі арта түседі:

Шешем қатты сағынып жүрген сияқты (Ғ. Мұстафин) . Атым ерттеулі тұр (Ғ. Мұстафин) . Әкеңіз кім болғаны еді? (Ғ. Мұстафин) . Кімнің ісі көп болса, соның күші көп (Мақал) .

Есімдіктердің ішінде бастауыш қызметінде көбірек жұмсалатындары - зат есімдердің орнын басатын есімдіктер. Олар - ж і к т е у, с і л т е у, және к і м? н е? деген сұрау есімдіктері. Бұлардың ішінде әсіресе жіктеу есімдіктерін бастауыш қызметінде жиі кездестіруге болады. Сонымен қатар олар сөйлемнің жақтық мағыналарын түрлендіруші сөздер болып табылады.

Жіктеу және өздік есімдіктердің бастауыш болуына мысалдар:

Мен көрдім ұзын қайың құлағанын . . . (Абай) . Біз барлаушылармыз (Ғ:Мұстафин) . Сіз кейін қалған соң, мен алдыңызды оралта беремін (Б. Майлин) . Біз сірә, атты мықтап шаршатып алатын шығармыз . . . (С. Мұқанов) . Сілтеу, сұрау және басқа есімдіктердің бастауыш болуына мысалдар:

Бұл - Байжанның талай келгенүйі (С. Мұқанов) . Мынау - қай ауыл? Әркім әр түрлі шаруамен қарбаласады (М. Әкезов) . Ешкім дыбыс шығармады ( С. Ерубаев) .

Заттың с ы н д ы қ, с а н д ы қ, қ и м ы л д ы қ сапасын білдіретін сөздер де сөйлемде бастауыштық қызметте жұмсала береді. Ол үшін сапалық есімдер субстантивтеніп (заттанып) айтылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрлаулы мүшелердің тіл біліміндегі зерттелуі
Баяндауыштың мақал - мәтелдерде атқаратын ролі
Белгісіз жақты сөйлем
Қазақ тіл біліміндегі сөйлем мүшелерін оқыту
Сөйлем мүшелері
Тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің зерттелуі
Сөйлем мушелерінің зерттелуі
Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің теориялық мәселесі
Бір құрамды сөйлемдер
Қазақ тіл біліміндегі сөздердi таптастыру теориясының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz