Фонетиканы оқыту



І тарау. Фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары
І.1. Қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы

І.2. Білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту сабағының құрылымы

ІІ тарау. Фонетиканы оқыту
ІІ.1. Мектепте фонетиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері. Фонетика . тіл білімінің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы

ІІ.2. Фонетикалық жаттығулардың өзіндік ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Тілдегі сөздердің мағынасын айырып, сөз етуде тіл дыбыстарының орны ерекше. Түбі бір түркі тілдерін біріне-бірін жақындатып, бірінен – бірін алыстатып тұрған да, алдымен, осы дыбыстар, дыбыстар тіркесі. Тілдегі дыбыстардың санын, сапасын айыру, дыбыстық заңдарды білу, сөзді буынға бөліп, дұрыс жазу және дұрыс айту – тілді меңгерудегі ең негізгі шарттар. Қазақтың 99 пайызы тіл меңгеруді мектептен аяқтайтынын ескерсек, фонетикалық білім, біліктілік маңызын жете түсінуге тиіспіз.
Зерттеудің мақсаты: мектеп оқушыларының ішінде сөзді дыбысқа,
буынға бөле алмау және дыбыс пен әріптің арасын ажырата алмау сияқты кемшіліктерді болдырмаудың жолдарын қарастыру.
Зерттеудің міндеттері:
1. Фонетиканы зерттеген және іскерлік пен дағдыға байланысты оқулық авторларының еңбектерін жинақтау;
2. Баспасөз басылымдарындағы озат тәжірибелі мұғалімдердің жұмыстарымен танысу;
3. Мектеп оқушыларына фонетиканы меңгертудегі іскерік пен дағдыны қалыптастыруда ойлау қабілетін дамыту жолдарына мектепте тәжірибе жасау.
Зерттеу болжамы: егер 5-сынып оқушыларына қазақ тілінің фонетика саласынан білім беруге интерактивті әдістерді қолдану арқылы дыбыстар жүйесін саналы меңгертіп, орфоэпиялық топшаларды сақтай отырып, әдеби тілмен дұрыс сөйлеуіне және орфографиялық сауатты жазуына мүмкіндік мол болар еді.
Зерттеу әдістері: хабарлау, талдау-жинақтау, бақылау, экперимент, түсіндіру, бағалау.
Зерттеу сыныбы: 5 «Ә» сынып
Зерттеу пәні: қазақ тілін оқыту әдістемесі
Зерттеу орны: Тараз қаласы, №53 орта мектеп
Зерттеу кезеңдері:
1. Тақырып таңдап, сол бойынша материалдарды жинақтап, реферат жазып, сабақта қорғау.
2. Тақырыпқа сай жинақталған материалдарға сүйене отырып, жоспар жасау.
3. Жоспарға сәйкес курстық жұмыстың теориялық бөлімін жазу.
4. Дипломды тәжірибе жинақтау кезінде эксперименттік зерттеулер жүргізіп, курстық жұмыстың практикалық бөлімін аяқтап қорғау.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. Алматы, 1995.
2. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. – А., 1996.
3. Әміров Р. С. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1997 жыл.
4.Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. Алматы, 2001 жыл.
5. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. А., 1997.
6. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Жай сөйлем синтаксисі. А., 1991.
7. Сайрамбаев Т. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Алматы, 1991.
8. Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі. А., 1992.
9. Қасымова Т., Дәулетбекова Ж. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 2000 ж.
10. Құлмағанбетова Б. Қазақ тілін оқыту методикасы.А., «Мектеп» 1998 ж.
11. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары –А. 2001
12. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы. 1966.
13.Қазақ тілінің грамматикасы. Синтаксис. 2-том. Алматы, 2003 ж.
14. Байтұрсынов А. Тіл тағлымы. Алматы, Ана тілі, 1992.
15. Оразбаева Ф., Сағидулла Г. Қазіргі қазақ тілі оқу құралы.
ЖШС « PRINT-S» А., 2005 ж.
16. Оралбаева Н., Жақсылықова Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.
А., «Ана тілі» 1996 ж.
17. Қазақ тілі мен әдебиеті, №3, 2011 жыл
18. Қазақ тілі мен әдебиеті, №5,2011 жыл.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Фонетиканы оқыту
Кіріспе

І тарау. Фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары
І.1. Қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы

І.2. Білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту сабағының құрылымы

ІІ тарау. Фонетиканы оқыту
ІІ.1. Мектепте фонетиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері. Фонетика – тіл
білімінің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы

ІІ.2. Фонетикалық жаттығулардың өзіндік ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Тілдегі сөздердің мағынасын айырып, сөз етуде
тіл дыбыстарының орны ерекше. Түбі бір түркі тілдерін біріне-бірін
жақындатып, бірінен – бірін алыстатып тұрған да, алдымен, осы дыбыстар,
дыбыстар тіркесі. Тілдегі дыбыстардың санын, сапасын айыру, дыбыстық
заңдарды білу, сөзді буынға бөліп, дұрыс жазу және дұрыс айту – тілді
меңгерудегі ең негізгі шарттар. Қазақтың 99 пайызы тіл меңгеруді мектептен
аяқтайтынын ескерсек, фонетикалық білім, біліктілік маңызын жете түсінуге
тиіспіз.
Зерттеудің мақсаты: мектеп оқушыларының ішінде сөзді дыбысқа,
буынға бөле алмау және дыбыс пен әріптің арасын ажырата алмау сияқты
кемшіліктерді болдырмаудың жолдарын қарастыру.
Зерттеудің міндеттері:
1. Фонетиканы зерттеген және іскерлік пен дағдыға байланысты оқулық
авторларының еңбектерін жинақтау;
2. Баспасөз басылымдарындағы озат тәжірибелі мұғалімдердің жұмыстарымен
танысу;
3. Мектеп оқушыларына фонетиканы меңгертудегі іскерік пен дағдыны
қалыптастыруда ойлау қабілетін дамыту жолдарына мектепте тәжірибе
жасау.
Зерттеу болжамы: егер 5-сынып оқушыларына қазақ тілінің фонетика
саласынан білім беруге интерактивті әдістерді қолдану арқылы дыбыстар
жүйесін саналы меңгертіп, орфоэпиялық топшаларды сақтай отырып, әдеби
тілмен дұрыс сөйлеуіне және орфографиялық сауатты жазуына мүмкіндік мол
болар еді.
Зерттеу әдістері: хабарлау, талдау-жинақтау, бақылау, экперимент,
түсіндіру, бағалау.
Зерттеу сыныбы: 5 Ә сынып
Зерттеу пәні: қазақ тілін оқыту әдістемесі
Зерттеу орны: Тараз қаласы, №53 орта мектеп
Зерттеу кезеңдері:
1. Тақырып таңдап, сол бойынша материалдарды жинақтап, реферат жазып,
сабақта қорғау.
2. Тақырыпқа сай жинақталған материалдарға сүйене отырып, жоспар жасау.
3. Жоспарға сәйкес курстық жұмыстың теориялық бөлімін жазу.
4. Дипломды тәжірибе жинақтау кезінде эксперименттік зерттеулер жүргізіп,
курстық жұмыстың практикалық бөлімін аяқтап қорғау.

І тарау. Фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары
І.1. Қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы

Қазақстанның Ресейге қосылуы қазақ даласында үлкен өзгерістерді
тудырды. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында орыс патшалығы Қазақстанды отарлау
саясатын толық іске асыруы үшін қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, салт-
санасын жетік біліп, тілін, дінін жан-жақты зерттеуді қолға алды. Осы
мақсатпен орыс зерттеушілері қазақ даласына көптеген зерттеу жұмыстарын
ұйымдастырды. Зерттеу нәтижелері жинақтарда, мерзімді баспасөздерде
жарияланды. Қазақ тілі жөнінде айтылған алғашқы пікірлер мен зерттеулердің
дүниеге келуі осы кезеңмен тұстас келді.
Қазақ тілінің фонетикасы туралы тұңғыш пікір миссионер Н.И.Ильминский
еңбегінде айтылды. 1860 жылы Қазанда жарық көрген Материалы к изучению
киргизского наречия деген еңбегі орыс графикасымен жазылған еді. 162
беттік еңбектің 140 беті қазақша-орысша сөздіктен тұрады, ал сөздіктің бас
жағында автор қазақ тілі, оның дыбыстық және грамматикалық жүйесі жөніндегі
пайымдауларын келтірген. Сонымен қатар аталған еңбекте араб жазуын орыс
жазуымен алмастыру туралы алғашқы пікір айтылған. Н.И.Ильминский қазақ
тілінің дыбыстық құрамы 8 дауыстылардан және 19 дауыссыздар: а (ә), е, ы,
і, ө, ұ, у, д, п, б, м, у, т, н, ж, з, ш, с, р, л, и, қ, ғ, к, г, ң
дыбыстарынан тұратынын жазады. Н.И.Ильминский а және ә дыбыстарын бір
фонема деп қарастырған. Сонымен қатар қазақ тіліндегі дыбыстардың айтылу
ерекшеліктері, өзара үндесуі, дыбыстық алмасулар да зертеуші назарынан тыс
қалмаған. Мәселен Н.И.Ильминский сөздігінде ауұтқу, бүгүллөн, өтурук
деген сияқты сөздерін үндестік заңына сай жазылуы ХІХ ғасырда қазақ тілінде
ерін үндестігінің ықпалы зор болғандығынан хабар береді.
Н.И.Ильминскийдің сөздігі тұңғыш қазақша-орысша сөздік болуымен құнды
және автор өзінің еңбегі арқылы осы күнгі орыс графикасына негізделген
қазақ жазуының негізін салды.
А.В.Старчевскийдің Спутник русского человека в Среднай Азии деген
1878 жылы жарық көрген еңбегі өзбек, қазақ, татар, тәжік тілдерінің
грамматкасына арналған. Еңбекте қазақ тілінде 9 дауысты, 17 дауыссыз бар
екендігі көрсетілген. Алайда а,е дауыстылары э, и, түрінде таңбаланып, и, у
дыбыстары дауыссыз ретінде таңбасы мүлде жоқ, ал в, һ әріптері ол кездегі
дыбыстық бейнесі болмағанмен, еңбекке ендірілген. Бұлдұрық, бүлүндүр,
күлүмдө сияқты кітаптың сөздігіне енген сөздерде ерін үндестігі жақсы
сақталған.
Қазақтың ағарту саласында маңызды орын алатын Ы.Алтынсариннің
Киргизская хрестоматия деп аталатын еңбегі. Аталған оқу құралы 1879 жылы
жарыққа шықты. Хрестоматия орыс графикасы негізінде автордың өзі жасаған
қазақ алфавитімен басылып шыққанымен ерекшеленеді. Өз заманы тұрғысынан
қазақ баласының орысша сауат ашуына үлкен септігі тигенмен, бұл еңбек
қазақтың сөйлеу тілінің табиғатын дәл бере алмаған.
Түркі тілдерін зерттеудің жаңа кезеңі В.В.Радлов еңбектерінен
басталады. Түркі тілдерінің бір тармағы болып келетін қазақ тілін және оның
салаларын зерттеуде В.В.Радловтың 1882 жылы Лейпциг қаласында неміс тілінде
жарық көрген Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы деп аталатын еңбегінің
маңызы ерекше. Мұнда қазақ тілінің дыбыстық жүйесі біршама дұрыс
жүйеленген. Түркітанушы еңбегінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесін 9
дауыстыдан (а, ә, е, о, ө, ы, і, ұ, ү) және 20 дауыссыздан тұратынын
анықтаған. Дауыстыларды ашық (а, ә, е, о, ө), қысаң (ы, і, ұ, у), жуан (а,
о, ұ, ы), жіңішке (ә, е, ө, у, і), еріндік (о, ө, ұ, ү), езулік (а, ә, е,
ы) деп жіктейді. Ал дауыссыздарды да іштей қатаң (қ, к, т, п, с, ш), ұяң
(ғ, г, д, б, з, ж), үнді (н, ң, м, р) және аралық немесе жарты дауысты (у,
й) дыбыстар деп бөлген.
В.В.Радлов л дыбысын әрі жуан, әрі жіңішке айтылатын екі дыбыс деп
қараған. Бұдан өзге ол қазақ тілінен екі, үш дыбыстың қосындысынан тұратын
дифтонг, трифтонгтарды көрсеткен. Бірақ бұл пікірі шындыққа сай келмейді.
Түркітанушы В.В.Радлов көп буынды сөздерде негізгі екпін сөздің соңына
түсетіндігін көрсетеді. Сонымен қатар ол дауыссыз дыбыстардың тіркесу
заңдылықтарын анықтаған. В.В.Радлов әсіресе дауыстылардың сингармонизміне
айрықша назар аударады. Тіл үндестігіне зор мән береді де, ерін үндестігіне
айрықша мән бермейді.
Зерттеуші М.Мелиоранскийдің Киргизские пословицы и загадки, Краткая
грамматика казах-киргизского языка деп аталатын еңбектерін жариялайды.
Краткая грамматика казах-киргизского языка 1894-1895 жылдары жарық
көрген екі кітаптан тұратын еңбегінде қазақ тілінің дыбыстық, грамматикалық
құрылымы біршама толық баяндалған. Аталған еңбекте қазақ тілінің түркі
халықтарының ішіндегі ең таза, ең бай тіл екенін айта келе, араб жазуы оның
дыбыстық жүйесін дұрыс өрнектей алмайтынын, сондықтан орыс графикасын
қолдану керектігі туралы пікір айтады. Еңбекте қазақ тілінің дыбыстық
жүйесі 9 дауыстыдан (а, ә, е, о, ө, ұ, у, ы, і,) және 20 дауыссыздан
тұратындығын анықтайды (б, п, м, т, д, ж, з, ш, с, р, л, ң, ғ, н, г, й, в).
Автор көрсеткен дыбыстардың араб, орыс жазуындағы таңбалық сипаттарын және
дыбыстық бейнелерін салыстырып келтіреді. Дауыстыларды жуан, жіңішке, ашық,
қысаң деп жіктейді. Сонымен қатар тілінде сингармонизм заңы жақсы
сақталғанын, соған байланысты сөздер бірыңғай жуан не жіңіше болып
келетінін, еріндік дауыстылардың үшінші буыннан кейін әлсірейтіндігі туралы
пікір айтады.
Қазақ даласында 1870 жылдан бастап шыққан тұңғыш газет Түркістан
уәлаятының газеті мен Дала уәлаятының газеті араб графикасын
пайдаланды. Газет беттерінде халықтың сол кездегі тұрмыс-тіршілігі,
болашағы сияқты мәселелермен қатар қазақ жазуына қатысты пікірлер де
басылды.
ХХ ғасырдың басы қазақ тіл білімі дамуының ерекше кезеңі болды. Қазақ
даласында болған саяси өзгерістер мен мәдени жаңалықтар ұлттық ғылымның
дамуына игі әсер етті. Жазудың қоғамдағы кең қызметі қазақ тілінің көптеген
мәселелерін де аз уақыт ішінде шешуді талап етті. Сонымен қатар қазақ
балаларының жаппай мектепке тартылуы және білімді ұлттық тілде алуы оларды
оқулықтармен қамтамасыз етуді керек етті. Осы сияқты оқиғаларға толы тарихи
кезең сол заманның көзі ашық, көкірегі ояу әрбір қазақ азаматының мойнына
үлкен жауапкершілікті жүктеді. Қазақ мектептерінің ұлттық тілде оқып, білім
алу қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етуді қажет етті. Соған байланысты
қазақ тілі грамматикасының зерттелуі мәселелері күн тәртібіне қойылды.
Қазақ даласындағы мәдени дамуға өз үлестерін қосуға атсалысқан кез келген
Қазақстан азаматы қазақ тіліндегі оқулықтар мен қазақ тілінің жазылуына,
оның грамматикалық құрылысына байланысты өз пікірлерін жиындарда, газет
беттерінде жариялап отырды. Осындай тарихи кезеңде туып, қазақ мектебіне
арналған алғашқы әліппенің, алғашқы грамматиканың жазылуына тікелей үлес
қосқан қоғам қайраткері, зерттеуші Ахмет Байтұрсынұлы.
А.Байтұрсынұлы 1912 жылы Айқапқа Жазу тәртібі атты мақала жазып,
сол тұстағы оқудың жайына тоқтала келе: Оқу құрылысының ең ұлығы – бала
оқытатұғын кітап дейді. Бұл мақалада бала жанын қинамайтындай оқулық
жасау үшін ең алдымен дыбыстарды анықтап, жазуға мән беру керектігін, сөз
ішінде қай дыбыс естілсе, сол дыбыстың әрпін жазу керектігін айтады.
Қай уақыт бойында қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, грамматикалық
құрылымын зерттеудің нәтижесінде 1912 жылы Оқу құралы.Қазақша әліппе
деген атпен А.Байтұрсынұлының алғашқы зерттеу еңбегі дарық көрді. Еңбек сол
кезде қазақ даласына кең тараған араб графикасына икемделген қазақ тілінде
жазылды. Халықты тез сауаттандыру мақсатында араб алфавитіне реформа жасап,
ондағы артық әріптерді алфавиттен шығарып, алфавитті жеңілдетті. Әріптердің
қолданылу ерекшелігін түсіндіре отырып, мысалдар, мәтіндер ұсынды. Араб
графикасы дауысты дыбыстар маңызды қызмет атқаратын қазақ тілінің
табиғатын дәл бере алмады. Сөз ішінде келетін қысаң дауыстыларды
жазылмағандықтан, сөздердің дыбыс, буын құрамы дұрыс ажыратылмай, оқуда көп
қиындықтар келтірді. Кітапта қазақ тіліндегі 3 дауысты, 17 дауыссыз, 2
жарты дауыстыдан тұратын 24 дыбыстық таңбасы келтірілген. Дауыстыларды
іштей жіктемей, дауыссыздарды қатаң, ұяң деп бөлген, бірақ бұл жіктелісі
араласып кеткен. Қазақ тілінде оқып, білім алушыларға лайықталған бұл
әліппе қайта басылып отырылды.
А.Байтұрсынұлының Тіл - құрал атты оқулығы қазақ тіл білімінің
дамуына үлес қосты. Автор Оқу құралы. Қазақша әліппеде дыбыс, дыбыстың
түрлері, сөйлем сияқты терминдер қолданғанмен, оларға анықтама бермеген.
Бастауыш мектепке арналып жазылған Тіл – құрал үш кітаптан тұрады. 1 –
жылдыққа арналған 1-кітап Дыбыс жүйесі мен түрлері, 2-жылдыққа арналған 2-
кітап Сөз жүйесі мен түрлері, 3-жылдыққа арналған 3-кітап Сөйлем жүйесі
мен түрлері мәселелеріне арналған.
Тіл – құрал бастауыш мектепке арналған оқулық болғанмен, білім
алушының жас ерекшеліктерін, психологиясын ескере отырып жазылғаны, қазақ
тіл білімі салалары жіктеліп берілуі және сонымен қатар терминдер мен
ережелердің нақты және тиянақты берілуі еңбекті қазақ тіл білімінің бастауы
болатындай дәрежеге жеткізді. Тіл – құралда алғаш рет берілген ережелер
тілдің үш саласының (фонетика, морфология, синтаксис) дамуына жол ашып,
қолданылған терминдер көбі күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ.
А.Байтұрсынов қазақ жазуына байланысты бірнеше мақалалар жазды. Соның
ішінде қорытынды мақаласы 1928 жылы жарық көрді. Мақала Дыбыстарды жіктеу
туралы деп аталады. Қазақ тіліндегі дыбыстарды жаңадан жіктейтін болсақ,
әрі айтуына қарай, әрі сөз жүзінде білінетін қызметтеріне қарай жіктеу
керек - деп, акустикалық, артикуляциялық белгі-қызметтерді басшылыққа
алған.
Дауыстыларды толық (а, е, о, ұ, ы) және шала (р, ң, и, м, н, у, и) деп
екіге бөледі. Толық дауыстылары кең шығысты болып, олар да екіге
айрылады, - дейді. Бірақ қайсысына қандай дыбыс жататыны айтылмайды. Шала
дауыстылар (қазіргі үнділер) ауыз шығысты (р, и, у, й), мұрын шығысты (ң,
м, н) боп бөлінеді. Бұлар қазір ауыз жолды, мұрын жолды делінеді. Шала
дауыстыларды одан әрі босаң (р, у, й), қысаң жолды (и), босаң бөгеулі (ң),
қысаң бөгеулі (н), тұйық бөгеулі (м) деп айырады. Мұнда ауаның шығу жолын
ескерген. Босаң, қысаң түрі қазіргі тіліміздегі ызың, шұғыл дауыссыздар.
Дауыстыларды аңғалы (а, е, ы) және қымқырулы (о, ұ) деп бөледі. Оған себеп
аңғалдары орын талғамайтынын, ал қымқырулысы бас буыннан келмейтінін
атап көрсетеді. Осылайша дыбыстардың ерекшелігін жан-жақты түсіндіреді.
Орыс тілін үздік білгенмен, халықаралық тіл терминдерін пайдаланбай,
қазақтың өз сөзімен түсіндіруі қазақ тілінде қазақ тіл білімінің, соның
ішінде фонетикасының зерттелуіне үлес қосқан қоғам қайраткерлерінің бірі
Х.Досмұхамедұлы. Алғаш Шолпан журналында жарияланып, 1924 жылы жеке
кітап болып шыққан Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм деп аталатын
еңбегі қазақ тіл біліміндегі тұңғыш кең ауқымды ғылыми зерттеу болып
табылады. Мұнда қазақ тілінің дыбыс жүйесі, сингармонизм, оның ішінде тіл
үндестігі жан-жақты айтылған. Х.Досмұхамедұлы сингармонизмді таңдайлық
әуенді заң деп атайды. Өйткені Дыбыстарды жуандатып, жіңішкертуде таңдай
еңбек сіңіреді, - дейді де, кірме сөздердің жазылуына кеңірек тоқталады.
Қазақ тілінің фонетикасы туралы құнды зерттеулер профессор
Қ.Жұбановтың атымен байланысты.
Профессор Қ.Жұбанов еңбектерін қазақ тілінің дыбыстық жүйесінен
бастап, синтаксиске дейінгі барлық салаларын арнап, тілдік жүйемізді
зерттеу барысында тың тұжырымдар жасаған.
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі Қ.Жұбанов зерттеулерімен жаңа ғылыми
дәрежеге көтерілді. Тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі, дыбыстардың
өзгеру құбылыстары мен үндестік заңы; сөздің буын құрылысы мен құрамы
жөнінде зерттеулер жүргізе отырып, белгілі бір ғылымдар легінің келуіне
жағдай жасап, сол арқылы қазақ тілі білімі үшін ғылыми-теориялық зерттеулер
кезеңінің бастаушысы болды. Мысалы, Фонетика – дыбыс, тіл дыбыстарының
тілдік ұқсас қызметтерін тексеретін ғылым деп, ең алдымен нысанды жан-
жақты талдап түсіндіреді.
Қазақ тілінің фонетикасына байланысты ХХ ғасырдың екінші жартысынан
бастап жаңа қарқынмен дамып келеді. Солардың ішінде Қазіргі қазақ тілі
деген атпен 1954 жылы жарық көрген ғылыми еңбектің орны ерекше. Бұл
еңбектің фонетика бөлімінің авторы І.Кеңесбаев. Бұл еңбекте ғылыми
фонетиканың негізгі мәселелерін түгел қамти отырып, І бөлім Фонетика және
дыбыстар туралы түсінік, ІІ бөлім Дауысты дыбыстар, ІІІ бөлім Дауыссыз
дыбыстар, IV бөлім Буын, V бөлім Екпін, VI бөлім Дыбыстардың үндесуі
деп жіктеп, әр мәселе бойынша қазақ тіл білімінде соған дейін айтылған
көзқарастар мен нәтижелерді қамтыған.
Бүгінгі кезеңде қазақ тілі фонетикасын экспериментальді түрде
зерттеулер өз нәтижелерін беруде. Тіл білімінің дамуына байланысты қазақ
тілі фонетикасын Ж.Аралбаев, Ә.Жүнісбеков, С.Мырзабеков, З.Базарбаева т.б.
зерттеуші-ғалымдар өзіндік пікірлер айтып, ғылыми тұжырымдармен байыптап
келеді.

І.2. Білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту сабағының құрылымы
Білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту сабағының құрылымы:
1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін
түсіндіру. Оқушыларды сабаққа әзірлеу.
2. Бұрын өтілген оқу материалдарын қайталау, пысықтау.
3. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі. Түрлі жаттығулар мен практикалық
және лабораториялық жұмыстарын атқаруы.
4. Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма беру, түсіндіру.
Жаңа білімді оқушылардың қабылдап, меңгеруі барысында сабақтың пысықтау
және бекіту кезеңдері де белсенді қызмет атқарады. Себебі жаңадан оқып
үйренген білімдерді пысықтап отыру әр сабақтың елеулі элементі болып
табылады. Алған білімді бекітпейінше, оны сапалы да берік меңгеру мүмкін
емес.
Сонымен білімді бекіту сабағы өзінің құрылысы жөнінен әр алуан болып
келеді.
Мұғалімнің түсіндіруі жағдайында оның сөзімен бірге оқушылардың өз
бетінше жаттығу істері және тәжірибелік-зертханалық жұмыстарында
тәжірибелер жүргізіп, көрнекі құралдарын көрсету жұмыстары қоса атқарылады.
Оқу жұмысының мұндай алуан түріне қарамастан мұғалімнің сөзі жетекші рөл
атқарады.
Мұндай сабақтарда бұрынғы ұғынған оқу материалдарын оқушылардың
қаншалықты терең меңгергенін, көлемін, сапасын тексеру жұмыстары да кіреді.
Меңгеру нәтижесінің сапасы оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын
бағалау арқылы анықталады.
Білім сапасы – білімді меңгеру нәтижесі.
Іскерлік іс-әрекет тәсілі болып есептеледі. Оқушы алған біліміне
сүйенеді. Оны үй тапсырмасын орындауда қолданады, жаңа білім алады. Онда
автоматтық болмайды, әр уақыт ойлануды қажет етеді. Іскерікті пайдалана
отырып, оқушы анализ, синтез, жинақтау, абстрактілеу, салыстыру жағын
дамытады.
Іскерлік алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекеті іске
асырылады. Білімсіз қандай болса да іскерлік мүмкін емес. Мысалы, сауатты
жазу үшін грамматикалық ережелерді білу керек.
Іскерлік – бұл кез келген іс-әрекет емес, ол табысты, тиімді орындалатын
іс-әрекет. Іскерлік дегініміз – іс-әрекетті жақсы істеуге керекті жұмыс
тәсілдерін белгілі бір жағдайларға байланысты таңдау және қолдану, адамның
жұмысты жаңа жағдайда өнімді, сапалы, уақытында істей білу қабілеті.
Қ.Жарықбаевтың анықтамасы бойынша дағды – алғашқыда саналы орындауды
қажет ететін іс-әрекет бөліктерін қайталап жаттығудың нәтижесінде
автоматтандырылуы. Дағды – іс-әрекеттің автоматтандырылған бөлігі, ол іс-
әрекетті жақсы, көп күш жұмсамай жасауға мүмкіндік береді. Дағды – бұл
қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетке машықтандыру. Мысалы, тез оқу
дағдысы – жүйелі түрде жаттығу нәтижесі.
Іс-әрекетке дағдыланған адам іс-әрекетке керекті қимыл-қозғалыстарды,
жаттығуларды шапшаң жасайды.
Сонымен, оқу процесінде білімнің, іскерліктің, дағдылардың өзара
байланысы, бірлігі оқушылардың таным қабілетінің (зейін, байқағыштық, е,с
қиял, ойлау) дамуына мүмкіндік туғызады.
Қазақ тілін үйретуде тілдің дыбыстық ерекшеліктерін меңгертудің маңызы
зор. Дыбыстарды дұрыс айта білу – түсінікті сөйлеудің ең негізгі шарты.
Рас, лингвистикалық және әдістемелік әдебеттерде дыбыстарды айта білу
дағдысына байланысты бекіген апроксимация прниципі бар. Бұл принципті
барлық әдіскерлер мен тілшілер еңбектерінде негіз етіп алады.
Апроксимация принципі дегеніміз – үйренетін тілдің дыбыстарын айту
кезінде оны сол тілге бейімдеп, жақындатып айту. Бұл принцип бойынша,
дыбысты, яғни сөзді айту барысында әр ұлттың өзіндік тілдік акценті
сақталады. Үйренуші бөтен тілдің дыбыстарын тұп-тура дәл сол ұлттың
өкіліндей айтуы екіталай, тек оған ұқсатып, жақындатып, сәйкестендіріп қана
айтуы мүмкін. Бұл ғалымдардың пікірінше, әбден тексерілген, дәлелдеуден
өткен көзқарас.
Қалай дегенмен де, сөйлеу түзілімі үшін тілдің дыбысталу ерекшелігін
меңгеру аса қажет. Сөздердің құрамындағы дыбыстарды танығанымен,
фонетикалық дыбыстарды дұрыс оқып үйренбеген адам бір мәтінді екінші
біреуге өзінше оқып берсе, оны ешкім түсінбеуі мүмкін.
Демек, тілді үйренуде, сөйлеуде фонетикалық дағдылардың алатын орны
ерекше. Фонетикалық дағдыларды жете меңгермей, тілдік қатынас та жүзеге
аспайды.
Фонетикалық дағдыларды меңгеру – сөйлеу кезінде сөздің құрамындағы
дыбыстарды дұрыс айта білу және жазылған әріптік таңбаларды тілдік дұрыс
қолдану арқылы түсінікті сөйлеу тәжірибелерін жан-жақты игеру. Яғни бұл
дұрыс сөйлей білу мен сөйленген сөзді дұрыс түсіне білу дағдыларын меңгеру
дегенді білдіреді.
Тілдік қарым-қатынаста фонетикалық дағдыларды меңгеру екіжақты болуы
қажет:
1. Сөйлеушінің (не оқушының) фонетикалық дағдыларын білуі;
2. Тыңдаушының фонетикалық дағдыларды білуі.
Тыңдаушы дыбыстардың дұрыс айтылуын білсе, айтылған ойды дұрыс қабылдай
алады, түсіне алады. Сонда ғана адамдар арасында тіл қарым-қатынас құралы
ретінде жұмсалып, сөйлеу, тілдесу жүзеге асады, бір адамның айтар сөзі
екінші адамға ұғынықты болып, қабылданады және оған жауап беріледі.
Тілді үйренуде фонетикалық дағдылар сөйлеуші үшін де, тыңдаушы үшін де
бірдей, ортақ. Өйткені әрбір тілдің дыбыстық материалы мен оның жазылуы,
айтылуы сол тілде сөйлеушілердің барлығына бірдей.
Фонетикалық дағдылар тілдік дыбыстардың екі жағына сәйкес келеді:
1. Тілдік дыбыстардың айтылуы.
2. Тілдік дыбыстардың естілуі.
Фонетикалық бөлшектерді: дыбыстарды, әріптерді, фонемаларды, буындарды
дұрыс жазу мен дұрыс айтуға дағдыландыру алғашқы сабақтан басталады.
Тілдік дыбыстарды үйрету барысында жазылған әріп пен жазбаша сөзден гөрі,
айтылған дыбыс пен ауызша сөз әлдеқайда тез есте қалады және ойда ұзақ
сақталады.
Басында сөздердің дыбысталуы дұрыс айтылмаса, не дұрыс үйретілмесе, оны
кейін түзету өте қиын. Ол сөйлеудегі әдетке айналады да, оқушы басқаша айту
нормасын қабылдамайды.
Сонымен қатар фонетикалық дағдыларды игеру әдістері қанша жақсы нәтижеге
жетсе де, кейіннен тоқтап қалмай, үнемі қайталанып, іске асырылып отыруы
керек. Фонетикалық дағдыларды игеруді сүн сайын, сабақ сайын жетілдіріп
отырған жөн.
Қазақ тілі дыбыстарын үйрету, айту барысында фонетикалық дағдыларды
меңгеру үшін әр түрлі ерекшеліктерді білуге тура келеді. Олар:
1. Дыбыстардың жасалуына қатысты артикуляциялық базаны игеру.
2. Дыбыстардың айтылуына байланысты ерекшеліктерді білу.
3. Дыбыстардың естілуіне қатысты өзгешеліктерді тану.
4. Дыбыстардың қолданылу ережелеріне қатысты ерекшеліктерді меңгеру.
Дыбыстардың жазылуына қатысты ерекшеліктерге фонетикалық тұлғалардың
пайда болуы, олардың жасалуына қатынасатын дыбыстау мүшелері мен сөйлеу
мүшесінің қимыл-қозғалысы жатады. Оқушы дыбыстарды айту үшін, қандай сөйлеу
мүшесі қалай қозғалатынын білуі қажет.
Қазақ тіліндегі дыбыстардың айтылуы мен жасалуын үйрету мұғалімнің
шеберлігін ғана емес, бірнеше тәсілді қатар меңгерген әдісқойлығын да қажет
етеді. Өйткені сабақты оқытушы тек дыбыстардың жасалуын оқытумен шектесе,
сөйлеуді үйрету мақсатына жетпейді. Сондықтан ұстаз дыбыстардың
ерекшеліктерін сөз ішінде, буын құрамында, сөйлем арасында меңгерте отырып,
тілдік қатынастың қағидаларын естен шығармайды және үйретудің жинақтық
әдісін пайдаланады.
Тілдік материалдардың ішінде дыбыстарға қатысты ережелер мен
заңдылықтарды оқыту мен үйрету – тіл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фонетиканы оқыту - қазақ тілін оқыту әдістемесінің бір саласы
Қазақ тілінің фонетикасын оқыту
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Білім беру үрдісінде субъектінің қатысымдық құзыреттілігін дамыту
Бастауыш мектепте фонетиканы оқыту
ФИО ФОНЕТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Фонетиканы оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану
Мектепте фонетиканы оқыту
Қазақ тілінің дыбыстар жүйесі және оны оқыту әдістемесі
Шетел тілі фонетикасының ерекшеліктері
Пәндер