С. Торайғыров шығармалары



Кіріспе
1 С. Торайғыров шығармалары
1.1. С. Торайғыров шығармаларының қазақ әдебиетіндегі алатын орны

1.2. С. Торайғыров лирикаларының негізгі арналары

II. тарау. Лирикалық шығармаларды оқытудың жолдары
2.1. Лирикалық шығарманы оқытудың мәні мен маңызы

ІІ.2. Автор шығармаларын оқытуда жаңа технологиялық әдіс.тәсілдерді пайдалану

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Әдебиет тарихында дәстүрдің ерекше орны бар. Қай дәуірдің болсын, әдебиеті өздігінен туа салмайды, ол өзінен бұрынғы әдебиеттің дәстүрлеріне сүйеніп, оның озық үлгілерінен, идеяларын байыта отырып дамиды. ХХ ғасырда дүние жүзіне мәлім болған қазақтың жаңа әдебиеті де осылай бұрынғы әдеби дәстүрлерге сүйеніп жетілді, өсті.
XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің гуманистік дәстүрлері қалың халық бұқарасының патшалық езгі мен жергілікті үстем таптың, әкімдердің құлдығынан құтылуды көздеген азаттық идеяларына негізделеді. Сондықтанда әдебиет мүддесі халық мүддесі мен бір жерден шығып, көркем туындының ел ішіндегі беделі, үгіттік, идеялық әсері күшейе түсті.
Абай бастап айтқан халықтың езгі мен әділетсіздіктен ашынған жан күйігін ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиет өкілдері бар дауысымен көтеріп жырлады. Жалпы халықтың азаттық идеясының А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, С. Торайғыров, М. Сералин, С. Дөнентаев, С. Көбеев шығармаларында тереңірек қойылуы да осыдан. Осы тұста Сұлтанмахмұт Торайғыров өз қазақ қоғамының іріп-шіріп жаңару күтіп отырғандығын тіпті өткір айтты.
Сұлтанмахмұт «Қайтейін елім, қимаймын, қия алмай жанды қинаймын» дей отырып, халық өмірінің шындығын, оның арман-тілегін терең көрсетті.
Демократ ақындардың сынының өзінде халықтың бақытты болашағын аңсау идеясы бар. Сол дәуірдің халық ағартушылары халықтың, қалың бұқараның надандығын, бой күйездігін, жалқаулығын сынай отырып, оларды еңбекке, оқу-білімге үндеді. Оның сыншылдық сарын мен ағартушылық идея ХХ ғасырдың басындағы әдебиетте кеңінен қойылады.
Өмір шындығына тереңдеп барып, оның күрделі жайларын суреттеуге бет бұру, сол арқылы қоғамдық дамудың сыры жайлы ойлану әдебиеттің көркемдік мүмкіндігін кеңейтті. Жаңа жанрлар туды, ескі жанралар жаңа мазмұнмен
толықты. Абай, Шәкәрім тұсында қазақтың байырғы өлеңі қалай түлеп өзгергенін, оның мазмұны мен түріне қандай өзгерістер кіргенін көрсек, Сұлтанмахмұт өлеңімен жазылған роман мен реалистік поэманың үлгілерін жасады. Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт поэзиясында азаматтық лирика басым келеді. Прозалық роман жазуға талап жасалды.Мұның бәрі қазақ әдебиетінде реализмнің дамуын жеделдетті. Жаңа әдебиет өмірді реалистік суреттеу мен азаматтық үлгіні, гуманизм мен демократтық көзқарасты, отан сүю мен туысқандық идеяларын классикалық әдебиет дәстүрінен алып, жаңа жағдайға лайықты дамытты. Сондықтан бұл дәстүрлер жаңа кезеңдегі қазақ әдебиетінің қайнар көзі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: Оқушыларға Сұлтанмахмұт Торайғыровтың лирикалық шығармалары мен оны оқытудың тиімді жолдарын қарастыру және білім деңгейін арттыру.
Зерттеудің міндеті: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын, соның ішінде лирикасын оқыту барысында тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оның сабақтағы қызметін арттыру.
Зерттеу әдістері: әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, бақылау-зерттеу, талдау-жинақтау.
Әдебиеттер тізімі
1. Торайғыров С. Сарыарқаның жаңбыры Поэмалар. – Алматы: Жазушы, 1987
2. Торайғыров С. 2 томдық шығармалар жинағы. – Алматы. Ғылым, 1993
3. Торайғыров С. Қамар сұлу. – Атамұра, 2002
4. ХХ ғасыр әдебиеті
5. Айтжанова Қазақ әдебиетінің оқыту әдістемесі
6. Әдібаев Х., Базарбаев М., Қабдолов З., Нұрғалиев Р. Қазақ әдебиеті – Алматы, 2003
7. 6 сынып әдебиеті. – Алматы: Атамұра, 2002
8. Қазақ әдебиеті журналдары
9. 7 сынып әдебиеті. – Алматы: Атамұра
10. Бітібаев Х. Әдебиетті оқыту әдістемесі. – Алматы: Рауан, 1997
11. Қазақ әдебиеті хрестоматиясы. 10 сынып. – Мектеп баспасы, 2003
12. Торайғыров С. Поэмалар жинағы
13. Исаев Әдебиет тілінің тарихы.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Әдебиет тарихында дәстүрдің ерекше орны бар. Қай
дәуірдің болсын, әдебиеті өздігінен туа салмайды, ол өзінен бұрынғы
әдебиеттің дәстүрлеріне сүйеніп, оның озық үлгілерінен, идеяларын байыта
отырып дамиды. ХХ ғасырда дүние жүзіне мәлім болған қазақтың жаңа әдебиеті
де осылай бұрынғы әдеби дәстүрлерге сүйеніп жетілді, өсті.
XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ
әдебиетінің гуманистік дәстүрлері қалың халық бұқарасының патшалық езгі мен
жергілікті үстем таптың, әкімдердің құлдығынан құтылуды көздеген азаттық
идеяларына негізделеді. Сондықтанда әдебиет мүддесі халық мүддесі мен бір
жерден шығып, көркем туындының ел ішіндегі беделі, үгіттік, идеялық әсері
күшейе түсті.
Абай бастап айтқан халықтың езгі мен әділетсіздіктен ашынған жан күйігін ХХ
ғасырдың бас кезіндегі әдебиет өкілдері бар дауысымен көтеріп жырлады.
Жалпы халықтың азаттық идеясының А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев,
С. Торайғыров, М. Сералин, С. Дөнентаев, С. Көбеев шығармаларында тереңірек
қойылуы да осыдан. Осы тұста Сұлтанмахмұт Торайғыров өз қазақ қоғамының
іріп-шіріп жаңару күтіп отырғандығын тіпті өткір айтты.
Сұлтанмахмұт Қайтейін елім, қимаймын, қия алмай жанды қинаймын дей
отырып, халық өмірінің шындығын, оның арман-тілегін терең көрсетті.
Демократ ақындардың сынының өзінде халықтың бақытты болашағын аңсау идеясы
бар. Сол дәуірдің халық ағартушылары халықтың, қалың бұқараның надандығын,
бой күйездігін, жалқаулығын сынай отырып, оларды еңбекке, оқу-білімге
үндеді. Оның сыншылдық сарын мен ағартушылық идея ХХ ғасырдың басындағы
әдебиетте кеңінен қойылады.
Өмір шындығына тереңдеп барып, оның күрделі жайларын суреттеуге бет бұру,
сол арқылы қоғамдық дамудың сыры жайлы ойлану әдебиеттің көркемдік
мүмкіндігін кеңейтті. Жаңа жанрлар туды, ескі жанралар жаңа мазмұнмен
толықты. Абай, Шәкәрім тұсында қазақтың байырғы өлеңі қалай түлеп
өзгергенін, оның мазмұны мен түріне қандай өзгерістер кіргенін көрсек,
Сұлтанмахмұт өлеңімен жазылған роман мен реалистік поэманың үлгілерін
жасады. Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт поэзиясында азаматтық лирика басым
келеді. Прозалық роман жазуға талап жасалды.Мұның бәрі қазақ әдебиетінде
реализмнің дамуын жеделдетті. Жаңа әдебиет өмірді реалистік суреттеу мен
азаматтық үлгіні, гуманизм мен демократтық көзқарасты, отан сүю мен
туысқандық идеяларын классикалық әдебиет дәстүрінен алып, жаңа жағдайға
лайықты дамытты. Сондықтан бұл дәстүрлер жаңа кезеңдегі қазақ әдебиетінің
қайнар көзі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: Оқушыларға Сұлтанмахмұт Торайғыровтың лирикалық
шығармалары мен оны оқытудың тиімді жолдарын қарастыру және білім деңгейін
арттыру.
Зерттеудің міндеті: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын, соның ішінде
лирикасын оқыту барысында тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оның
сабақтағы қызметін арттыру.
Зерттеу әдістері: әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, бақылау-зерттеу, талдау-
жинақтау.
Зерттеу орны: №53 орта мектеп, 7 А сыныбы
Зерттеудің болжамы: оқытудың жаңа мазмұнына сай педагогикалық жаңа
технологияларды орынды қолдана білсе, электрондық оқулықтарды тиімді
пайдалана алса, тұлғаның есте сақтау қабілеті артар еді.
Зерттеу кезеңдері:
1. Тақырып таңдап алу, сол тақырып бойынша іздену.
2.Бекітілген тақырыпқа байланысты материал жинақтап, жұмыстың жоспарын
құру.
3. Жоспарға сәйкес курстық жұмыстың І бөлімін жазу.
4. Мемлекеттік практика барысында эксперименттік зерттеулер жүргізе отырып,
курстық жұмыстың практикалық бөлімін жазып, жұмысты аяқтау және қорғау.
1.1. С. Торайғыров шығармаларының қазақ әдебиетіндегі алатын орны

Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылдың 28 қазан күні осы күнгі Павлодар
облысы Баянауыл ауданында Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) деген кедей шаруа
отбасында дүниеге келген. Торайғыр — арғы аталарының аты. Жастай анадан
жетім қалған зерек баласын әкесі алты жасында хат танытып, 1902—1907
жылдары ауыл молдасына берген. Сондай молдалардың бірі Мұқанның өлең
шығаратыны да болыпты. Молда қолынан шыққан соң, Баянауылдағы медреседе
дәріс алады. Бірақ оған әде-биет, заман жайын шындап танытқан 1911 жылы
Тройцкіден келген жадит рухындағы мұғалім Нұрғали болған. Ол қазақ, татар
тіліндегі газет, журналдарды үзбей оқып, 1905 жылдан соңғы саяси жағдайды
күнбе-күн қадағалап отырған.
Осы кезеңде Сұлтанмахмұт әдебиетке ден қойып, өзінің Дін, Оқу деп
аталатын алғашқы өлеңдерін жазады. Кезек қашан келеді деген келесі бір
өлеңі 1905 жылғы әсерімен жазылғаны анық байқалады. Мұнда ол тап теңсіздігі
мен шаруа азаттығын бас тақырып еткен. Сонымен қатар ол ағартушылық
арнаға көшіп оқу-білімді уағыздайды:

Бүгіндегі жастарға оқу міндет,

Тек қана оқуменен өнер білмек.

Жоятын надандық қой — емсіз індет,

Оқыса басқа елдердей қатарға еңбек,—

деп, өз халқын прогреске, білімге шақырады.
Бұл кезеңде Сұлтанмахмұт Абай, Тоқай өлеңдерімен танысып, орыс мәдениеті
оның романтикасына айналады. 1912 жылы Тройцкіге барып, түрлі пән
ғылымдарын үйренбек болады. Бірақ татар медресесінде көп оқи алмайды. Бұл
кезде ол көбіне ақындықпен әуестеніп, Оқудағы мақсат не?, Зарлау, Анау-
мынау деген ағартушылық рухындағы алғашқы өлеңдерін жазады. Бұл
шығармаларында Сұлтанмахмұт оқу тілмаш, болыс болу үшін емес, елді
мәдениетке жеткізу үшін қажет деген ойды басым айтады.

Қараңғы қазақ көгіне,

Өрмелеп шығып күн болам.

Қараңғылықтың кегіне,

Күн болмағанда кім болам?

— деген жерде айтайын деген негізгі ойы сол.
1913-1914 жылдың қыс айларында Сұлтанмахмұттың ауруы асқынып, денсаулығы
нашарлай түседі. Ол Тройцкідегі Айқап журналында хатшы болып істеп,
өзінің қоғамдық-саяси көзқарасын өсіреді. Журнал бетінде бірнеше өлең-
мақалалары жарияланып, ақын жазушы дәрежесіне жетеді. Айқап ұлт тілі,
ұлт әдебиеті, әйел теңдігі, прогресс идеясын жақтап, би-болыс, ұлықтардың
озбырлығын сынға алған еді. Осы идеялар кейін Сұлтанмахмұттың поэзиясына
арқау болған.
1914 жылдың жаз айларында ақын Баянауылдағы өз еліне өкпе ауруынан
емделуге келіп, ағартушылық бағыттағы Шоқ серіктігін ашпақ болады. Бірақ
оған жергілікті феодалдар жол бермейді. Осы жылы ақын өзінің Кім жазықты,
Қамар сұлу романдарын бастап, Шорманның Мұсасына арнап Бір адамға деген
өлеңін жазған.
1914 жылдың күзінде Семейдегі орысша оқуға түспек болып, денсаулығы
жарамаған соң елге оралып, 1916 жылға дейін Қотанқарағай, Тарбағатай
жерлерінде мұғалім болып қызмет істейді. 1916 жылдың аяқ шенінде Томскіде 5-
6 ай шамасында орысша білім. алады. Сөйтіп, орыс әдебиетімен де танысады.
Ақпан революциясынан соң Сұлтанмахмүт бірер жыл Семейдегі Абай
журналының ісіне қатысып,. 1918 жылдың наурызында еліне оралады. 1919
жылдын, аяғында Қызыл Армия Сібірдегі Колчак әскерін қуған соң,
Сұлтанмахмұт 2-3 ай көлемінде совет жұмысына да араласады. Бірақ денсаулығы
күрт нашарлап, 1920 жылдың 21 мамыр күні көкірек ауруынан қайтыс болады.
Бұл кезде ол небәрі 27 жаста еді. Ақынның бейіті
Баянауылда.
С. Торайғыровтың жазушылық қызметін оның әдеби әдісіне қарай біз үш
түрлі кезеңге бөлеміз:
1) 1912—1916 жылдары ол өзінің көзқарасы жағынан ағартушы-демократ, әдеби
әдісі жағынан сыншыл реалист болды. Бұл кезеңде ол көбіне феодализм
қайшылығын басым әнгімелеп, ескіліктің барлық көрінісін қатал сынға алады.
Оның мазмұнды да идеялы саяси лирикасының басым көпшілігі, Қамар сұлу,
Кім жазықты сияқты тамаша реалистік романдары, Ауырмай есімнен
жаңылғаным, Өлеңмен жазылмақ болған драманың материалы деген әйел
теңсіздігіне арналған көркем әңгімелері, прогресс, әділет идеясын
жақтайтын саяси-әдеби мақалалары 1905 жыл, одан соңғы оқиғалар
әсерімен жазылған.
2) 1917 жылдьң наурыз айынан 1918 жылдың ақ-
панына дейін ол ақпан революциясын шый бостандық
деп ойлап, осы кезеңде туған кейбір ұрандарға сенім артады. Жұмысшы мен
шаруа жасаған ақпан революциясының нәтижесі буржуазия өкіметінің қолына
көшіп, енді социалистік революция жолындағы күрес кыза түскен еді.
Сұлтанмахмұттың осы кезеңде жазған
кейбір өлеңдерінде торығу сарыны байқалады. Бірақ
бұл аз ғана шығармаларын әдіс жағынан тұтас кезең
деп алу қиын. Екінші жағынан, ақынның ұлтшылдық
өлеңдерінің бірі ретінде бағаланып келген Алаш ұраны (Сарыарқа, 1917,
21 қараша) оның қызу қанды отаншылдығын, езгі мен қорлыққа төзбейтін өр
мінезін де аңғартады.
3) 1918 жылдың ақпан айынан бастап 1920 жыл аралығында Сұлтанмахмұт
сыншыл реализм әдісіне оралып, өзінің басты шығармаларын береді. Адасқан
өмір (1918), Кедей (1919) поэмаларын, еңбекші ха-лықтың азаттық күресін
әңгімелейтін Дауылдағы әбігер, Өңім бе, түсім бе?, Ғайса кім? сияқты
идеясы жаңа саяси өлеңдер жазады.
Сұлтанмахмұттың шғармаларында орыс әдебиетінің, әсіресе Белинскийдің
Гогольге хаты деген программалық еңбегінің анық әсері бар. Сол сияқты
Абай өлеңдерінің де ықпалы айқын. Сұлтанмахмүт өз. шығармаларына әдебиеттің
реализмі, халықтығы және идеялығы деген үш мәселені арқау етеді. Бұл үшеуі
егіз ұғым.
Белинскийдің айтуынша, көркемөнер болмыстың қайта жасалған шыйшыл суреті.
Көркем шығарма болмыс шындығына неғұрлым қонымды болса, ол соның
халықтығының белгісі болмақ. Өйткені ондай жерде халық проблемасы мен кедей-
шаруа образына орын берілмей тұрмайды. Қонымдылық дегеніміз фотосуреттік
дәлдік, тайыз натурализм емес, өмірдің табиғи көріністерін өз
тенденцияларымен - көрсету болса, осы белгілер Сұлтанмахмұт шығармаларында
толық бар.
С. Торайғыров ХХ ғасыр басындағы демократтық әдебиеттің ірі өкілі болып
табылады.

1.2. С. Торайғыров лирикаларының негізгі арналары
Торайғыров ақындығы тән бір қасиет – лирикалық кейіпкердің жүрек сырын,
монологпен жеткізу. Жалпы алғанда субьектінің көңіл-күйін монологпен
жеткізуі күллі лирика табиғатына жақын десекте, Сұлтанм ахмұтта ол барша
өлеңдерін, поэмаларын қамтитын жүйелі құбылыс. С. Торайғыровтың жазушылық
өмірбаянында 1917 жылдың ортасына дейінгі мерзім жөнді ілікпей жүр. Басты
себеп бұл уақытта С. Торайғыровтың Семей қаласындағы қырғыз комитетіне
мүшелікке енуі. Алаш партиясының басшылығымен тығыз қарым-қатынаста
болуы.
С. Торайғыровқа байшыл, ұсақ буржуазияшыл,т.б. айдарлардың байыбына
бармай тағылуы Алаш ұраны өлеңінен байланысты. Алаш ұраны 1917 жылғы
Ақпан революциясынан кейін іле-шала жазылған шығарма.
Ақпан төңкерісінен кейін қазақ жерінде кеңінен өріс алған автономия
алу, өз алдына жеке ел болуы идеясы Алаш ұраны өлеңінен өзекті түйінің
кесікті байламы.
Алаш туы астында
Күн сөнгенше сөнбейміз.
Енді ешкімнің Алашты
Қорлығына бермейміз!
Жасасын, алаш, жасасын! деп ақынның жігерлене жыр – кестеуі сол заман
ақиқатын көз алдымызға елестетеді.
С. Торайғыров 1917-1918 жылдары А, дүние!, Сарыарқаның жаңбыры,
Жас жүрек, Неге жасаймын т.б. өлеңдерін жазып, әлеуметтік сан саналы
жайттарды көтереді.
Ақын Сарыарқаның жаңбыры мысал өлеңінде бостандықты бар болмысымен
асыға күткенін аңғартады. Өлеңінде ақын табиғаттағы өзгерісті салыстыра
суреттеу арқылы өмір өзгерісіне меңзейді. Жаңбыр символдық образ, әрі
табиғатты оятып, сәнге бөлеуші ғажайып күш. Сондықтанда С. Торайғыров
Сарыарқаның жаңбыры мысал өлеңінде 1917 жылғы ақпанындағы революцияны
қурап, күйіп кеткен, меңіреу далаға жан бітірген, диірмендегі елдің
көсегесін көгерткен жаңбырға теңейді.
Осы бір түбірлі өзгеріс кезіндегі ақынның көңіл күйі Жас жүрек
өлеңінде өрнектелген Ақпан революциясы тек тәтті үміттің қиялы ғана болып,
Шындық, Достық таппадым, Өмір бойы алдандым деп лирикалық кейіпкер
жүрек-жарды сырын ақтарады.
БОлашаққа зор сенім арту, келешектен бір сәтте күдер үзбеу, қоғамдық
саяси құбылыстарды жан жақты қамту С. Торайғыровтың 1918-1919 жылдары
дүниеге келген Осы да әділдікпе, Өң бе, түс пе, Дауылдағы әбігер,
Ғайса кім?, Кезек қашан келеді шығармаларынан молырақ аңғарылады.
Ұлы өзгеріс тұсында дүниеге келген туындыларын оқығанда аңғарылатын
түйін С. Торайғыровқа тән азаматтық әуен, поэзиядағы дәуір сипаты туғызған
жаңалықтармен астасып, ұштасып жатады.
С. Торайғыров лирикасына тән өз ішкі сезім дүниесін бар қырымен
оқырманға жайып салу тәсілін Қамар сұлуда да сақтаған. Романда әр
кейіпкер көңіл-күйініңде автор көзқарасының да лирикалық, психологиялық
сипаты басым.
Қазақ жұртының бойындағы айықпас дерт қызды малға сатуды әжуалай
отырып, көптің көкейіндегі жүрген сауалға суреткер көзбен үңіле қарап, елін
емірене сүйген азаматтық жүрегімен толғана тебіренген С. Торайғыров
көргенді, көшелі жастардың көбейе түсуін барынша қалады. Қамар, Қасен
сияқты жастардың кейде дәлелі жетңікіремейтін, тиянақты әлсіз әрекеттерге
араласып кетуі ниеті түзі, көңілі ақ қаламгердің ұнамды кейіпкерлеріне шаң
жуытпау, оларды тек үлгіге ұстау, жастарды тәрбиелеуге пайдалану ниетімен
ыңғайлас.
Қамардың ерте есейіп, тез оянуы, тағдыр тауқыметіне тіреліп шырғалаңға
шырмалуы әйелі өлген Жорға Нұрымға айттыруынан басталады. Қамардың басына
түскен мүшкіл халді автор көптің аузымен Шіркін, Қамардай, шынымен сол
дөңкиген өгіз секілді немеге кетеді-ау! деген күйзеліске, күңіреніске толы
ашу-ызалы жолдармен жеткізеді.
Романдағы тартыстың шиеленісіп, ширыға түске тұсы Омардың ауылына
күйеу Жорға Нұрыммен келуі. Жазушы Қамарды күрес алаңына алып шығуды
қажет санағанымен, ұнамды кейіпкерлерінің зұлымдыққа төзбейтін, еркіндікті
сүйетін өнегелі буынның өкілі екендігін ескерген.
С. Торайғыров қазақ даласындағы ескілікті салт-дәстүрінің қырсығынан
сергелдеңге түсіп керітартпа әдет-ғұрыпқа қарсы тұрған Қамар, Ахмет, Қасен
сынды жастарды көпшілікке үлгі ете отырып, Жорға, Нұрым, Оспан би, Қалтан
қажылардың тағылық әрекеттерін әшкерелейді.
Шағырмада автор бейтарап емес, өзінің ішкі сезім дүниесін, көңіл-күйін,
көзқарасын барынша айқын жеткізеді.
Қамар сұлу С. Торайғыров творчествосының ғана емес, бүкіл ХХ ғасыр
басындағы қазақ әдебиетінің табысы.
С. Торайғыровтың Қамар сұлудан кейінгі көлемді шығармасы Кім
жазықты (1915).
Кім жазықты да қазақ ауылындағы үш ұрпақ өкілдерінің құлдилай
құлдырауы межеге алынады.
Жазушы Тасболат, Әжібай, Қабыш арқылы қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті,
қоршаған ортадағы дертке ұласып, ұшыққан салт-санадағы ресіздікті дөп басып
суреттеп, қатал сынға алған. Тасболат бай кенже ұлы Әжібайдың қолын биікке
жеткізу үшін оқуға береді.
С. Торайғыров Әжібай бейнесін жан жақты ашуды мақсат тұтқан. Мал
дәулеттің буыны малданған тұрлаусыз, пәтуасыз Әжібай ауылдағы әйелдерді
Жаңыл мен Жәнішті місе тұтпай, енді Қызыл су қаласындағы оқыған қыз
Әппақайға көңілі кетеді. Қанша айла, шарғыға барып, шашылғанымен Әжібай
Әппақайдың көңілін бұра алмайды. Көп әйел алуды мақтан тұтқан Әжібай әке
малын шашып, тағы бірнеше рет үйленеді. Әкесіне ас беріп атақ аламын,
болыстыққа таласамын деп текке малын шашқан Әжібай трагедиясының айқын
белгі беруі сұрапыл жұттан соң жүген ұстап қалуы.
Мал жинап, байлық құраудағы тапқан ақылы – Қызы Құлтайды малға сату.
Автор Әжібайдың заңды жалғасы қабыштың жексұрын іс-қимылдары арқылы
әжібайшылдықтан безіндіреді.
Романда ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ ауылындағы әлеуметтік топтық
қайшылықтардың шиеленісуі, Тасболат, Әжібай, Қабыштардың күні өтіп,
шаңырағы щайқалып бара жатқандығы жалпы қоғамның азып-тозып, құруға бет
бұрғандығы нанымды меңзеумен суреттелген.
Дүниеден тым ерте көшіп, әдебиетте үзіп-жұлып оншақты жыл ғана қалам
тартқан біртуар С. Торайғыровтың әдеби мұрасы жариялылықтың ықпалымен
толыға, марқая түсті. Кер заманның қанжығасына бөктеріліп, тарихтың
қырытысында қалған дүниелері иесін тапты.
Таныстыру (1918) мен Айтыстың (1919) ұзақ уақыт жұртшылық назарынан
тысқары қалып қоюының басты себебі қазақ қоғамының өткендегі мен болашағы
туралы талғамдарының сол кездегі саясат пен үйлестік таппағаны. Таныстыру
поэмасы Алашорда басшыларын дәріптейтін, Айтыс байшылдық, ұлтшылдық
пиғылды әспеттейтін шығармалар деп танылады.
Екі поэманың пішін құрылымы да ұқсас, екеуінде де өзара сұхбаттасқан
жандардың диалогы. Қара өлең үлгісімен баяндалған.
Бұл ретте ақын түр іздеу жағынан С. Бисалиевтің Жұмбақ әңгімесі, У.
Ғұмаровтың Екі молданың кеңесі сияқты дүниелермен сабақтасқан.
Таныстыру 1917 жылдың күзі мен 1918 жылдың қысында Сұлтанмахмұт Абай
елінде болған кезде жазылған.
Таныстырудағы Оқыған поэмадағы өзекті ойды желілеуші ғана емес,
аумсалы-ткпелі уақыттың лебін сезінетін, көрген түйгені бар, тұжырымы мол
азамат. Ал оның қарсыласы, сұрақ қойып оқығанға ой түрткі болған адамда
көптің бірі емес, қоғамдағы өзгерістерді өзінше топшылайтын, тіпті
сұхбаттасының тұжырымындағы шалалау қарпылған тұстарды нақтылай алатын
зейінді жан. Өзінің білімдар кеңесшісі сияқты үлкен ғұламалардың
шығармаларына сілтеме жасап отыратын тұстары да бар.
Халық мұңын мұндасуда, еңселі ойлар тізбегін түю тұсында екі
кейіпкердің ара-жігінің байқалмай қалатын кездері де көрініс береді.
Шығармадағы қара қазақпен Оқығанның бойындағы мұндай ұқсастықтармен бірге
әрқайсынының психологиялық әлемі, сөз саптау мәнері өзінше. Оқыған өзіне
мәлім мағлұматтарды көңіл таразысына сала жинақтай келіп, салиқалы ой
түйінімен жеткізе, қара қазақ өзіне беймәлім дүниені сұрауды жалтақтамай,
кімдерді не үшін ұнатып, не үшін ұнатпайтынын төтесінен айтады. Қара
қазақтың:
Туғанда құдай иіп мұндай заман,
Сұрайтын бір сөзім бар, сенен балам.
Тап біздің осы Семей облысының
Көшбасшы адамдарын айтшы маған,
- деп басталатын бірінші сұрағы төңкеріс тұсындағы саяси әлеуметтік
жаюы оқығанның тарихта баяндауына негіз болады.
Осы шумақтағы алғашқы тармақтың өзі бодандық шеңгелінде жаншылған
қалың елдің бодандық туын желбіретушілерге деген сезімін білдіреді.
Поэмада Ә. Бөкейхановтың және оның алты миллион қазақ үшін жеке басыны
рахатын құрбан еткен серіктерінің абырой-атағы сұрақ қоюшы қарапайым
халық өкілінің атынан да толықтырылған.
Поэмада Оқыған мен Қара қазақтың әңгімесінің жалғасы аты аталған бағып,
мақсаттарын ұстанған, еліне қадірлі Әлихан Ермекұлы мен Халел Ғаббасұлын
таныстыруға арналады. Ә. Ермеков қазақтан шыққан тұңғыш профессор,
математик, Томск технологиялық институтының түлегі, ел тағдырының шешуші
кезеңдерінде мәрттікке барған адам.
Онан соң Халел Ғаббасұлымен жүздесеміз. Төңкерістен бұрын Москва
университетін тәмамдаған оқымысты, терең ойлы, алыстан болжайтын адам.
Семейде Алаш партиясы құрылғанда, ұйымдастырушылық іскерлік қабілетімен
халық жүрегіне жол тапқан жан.
Жас жігіт университеттен оқып шыққан,
Халыққа қызмет парыз деп миынан ұққан.
Алданбас, алыс болжар, алдын көрер,
Болса да оған мәлім әсерге тыққан.
Айлаға қарай біліп айла құрғыш,
Табады қайдан болса, содан ілгіш.
Бір іске тура план құрылуда
Деуге болар Семейде осы білгіш.
- дейді оқыған Х. Ғаббасұлының сөзі мен ісінің бір жерден шығатындығын,
шешімділігін, бірбеткейлігін жоғары бағалайы.
Поэма желісінен ел басына күн түскен кездегі Х. Ғаббасұлының
салқындылықпен қалың жұртқа ғана емес, ақынның өзіне тоқтау бола білгені
байқалады. М. Әуезов естелігі осының дәлелеліндей: Сұлтанмахмұт 1916 жылғы
Қатонқарағайға қайтып Томскіге оқуға кетерде біраз уақыт Семейде тұрады.
Осы орайда қазақ оқығандарының бір жиналысы болып онда Июнь жарлығы
туралы мәселе қаралды. Жиналыстан кейін алашорда басшыларының бірі Халел
Ғаббасов Қазақ газеті сілтеген бағыт бойынша, патшаның жарлығына қарсы
болмау керек, майданға жігіт беру керек деді. Сұлтанмахмұт шығып Халелге
қарсы сөйледі. Майданғажігіт бермеу керек, ел көтерілгелі отыр, сендер кері
тартпандар деді, деді. Сонда Халел Сұлтанмахмұтқа қатты кейіді, ұрысып
тастады.
Пырызып себебінен білді халық,
Толқынға тоқтатқан ақыл салып.
Ығын-шығын қырғыннан өз уезін
Қалды ғой ақылымен аман алып, деді.
Ә. Бөкейханов, М. Дулатов Алаштың азаматтарына үндеу хат жариялап
елді бекерге қырылып қалудан сақтандырған еді:
Біздің жұртқа айтатыңымыз: бұған көнбеске болмайды, мұны бұрында сан
рет айттық. Көнбейміз деушінің сүйгені жан тәттілік болса, салыстырып
қаралық: Көнгенде жұртқа қандай ауырлық бар, көнбегенде қандай ауырлық бар?
Көнгенде шаруаға кемшілікте келер, барған жігіт қазаға ұшырар деп ауру-
сырқаудан болған қазаны айтамыз. Әйтпесе,солдат қылып алмайды,соғыстан
өлмейді.
Көнбегенде көретін ауырлық бағынып тұрған үкіметтің жарлығынан бас
тартсақ, жау жағадан алғанда бас қорғап үйде қаламыз деп мемлекетке
қамшымыздың ұшын бермесек, үкімет бізге құр өкпелеп қоймас, ол күшті
законға сүйеніп істер.
1916 жылғы ұлт қозғалысы тұсында халықтың тұтастай қимыл әрекет
жасауына алашордашылар бөгет жасады деген айып айдар тағылды да, ал
шындығында сол көтерілістің аяғы жаппай тоналу мен қңғын-сүргінге әкеліп,
қалың елді әуре сарсаңға түсіргенінде тарих бекер дей алмас. Поэмада
қазақтың кемеңгері ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлы ерекше ілтипатмен аталады.
Шәкәрім барша қазақтың, бүкіл адамзаттың ынтымағын көксеген ,ақылшы,
ойшы бейнесінде көрінеді.
Нәзипа Құлжан келіні мен Нұрғали Құлжанұлына таныстыруда лайықты орын
берілген.
Нәзипа Құлжанова Семейдегі оқытушылар семинариясында мұғалім болған.
Халқымыздың тарихына, ауыз әдебиетіне, тұрыс салтына қатысты аса көп
деректер жинап, кейбірін кезінде жариялаған. Нұрғалиды жақсы білген. Кейбір
деректерге қарағанда олар ақынға Семей қаласындағы семнарияға түсуге ақыл-
кеңес берген.
Н. Құлжанов жайындағы естеліктер, оның қаржылы большевик, ұстанған
жолынан өмірінің ақырына дейін берік болған күрескерлігін растайды. Халқына
күш жігерін аямай қызмет етті. Н. Құлжанов 1919 жылы ақтардың қолынан қаза
тапты.
Поэманың басты мақсаты өз тұсындағы қоғамдық әлеуметтік өзгерістерді
дұрыс түсініп, елді тура жолға бастайды ау деген, қазақтан шыққан
қайраткерлерді қалың елге таныстыру, ой салу.
Керісінше ақын Мұқыш Боштайұлы, Жақып Ақпайұлы, Рақымжан Мерсекұлының
аттарына ауыр сөздер айтып, олардың әлеуметтік көңілінен шығатындай ештеңе
тындырмағанын, жеке бастарының мансабын күйттеуден аса алмағанын ашына
суреттейді.
Бұл тұстарда ақын кейбір кейіпкерлердің іс-әрекетін бір түрлі бояумен
беріп, өзіндік таным-сенім шеберлігінде шектелгені де байқалады.
Таныстыру С. Торайғыровтың поэзия жанрындағы тұңғыш талпынысы. Ақын
уақыт талабына сай жедел жауап беріп, төңкеріс тұсында толқыған ел көңіліне
ұялаған жұмбақ сауалдардың бірін өнер туындысы арқылы пайымдауға міндет
еткен. Төңкеріс пен оның мәнін бағыт-бағдарын ажырата алмай дел-сал күй
кешкен жұртына елдікке бастар азаматтарды жарасымды түр, жайнаған тілмен
әдемі таныстырған.

Ақынның "Адасқан өмір", "Кедей" поэмалары қазақ әдебиетіндегі мүлдем
жаңа құбылыс. С.Торайғыровтың "Адасқан өмір" поэмасы, - деп жазады көрнекті
әдебиет тарихшысы М.Мағауин қазақ сөз зергерлерінің ғасырдан-ғасырға
ұштасып келе жатқан, адам және оның табиғаты, өмір және оның мәні туралы
толғауларының бір арнаға келіп тоғысқан құймасы, шырқау шыңы тәріздес".
Адасқан өмір" (1918) лирикалық философиялық сюжетсіз поэма. Поэманың
өнбойында адамның өмірі, қоғамдағы орны, әлеуметтік іс-әрекеті турасындағы
топшылау орын алған. Лирикалық кейіпкер "меннің" дүниеге келген шағынан
бастапжарық дүниеден қайтқанға дейінгі ғұмыры төңірегінде автордың
теңеулері монологпен берілген. Кейіпкердің ішкі толғанысы мен қоғамдық
ортамен катынасын бөлектемей, оның іс-әрекетін, қимыл-қозғалысын бүкіл
халықтық, күллі азаматтық дәрежеге көтеріп жырлауы. Сұлтанмахмұттың қол
жеткен табысы деп білген жөн.
Поэмадағы "Мен бала" бөлімінде нәрестеге тән пәк психологиялық сезім
басым.
Ақынның лирикалық "мені" жігерлі. "Сыйлар деп дүниеге келдім, міне!"
деп өмір есігін ашқан! "мен" асқақ сөйлейді: Мен азатпын, мен ақпын, мен
өсемін, Не қылсаңда басымды бердім міне! Сұлтанмахмұттың сарылып соңына
түскен әділдік, бостандыққа жете алмай жүрген шағында айналасындағы жұртқа
тек достық ниетпен қарайтын бала "меннің" көңіл күйін
көтеріңкі беруі орынды.
Поэманың "Мен жігіт" бөлімінде менің жігіттік шағындағы айналасына,
қоршаған ортаға көзқарасын барынша тередеп қамту арқылы ақын әлеуметтік,
философиялық сырларды ашқан. Лирикалық кейіпкер әкім ойлап, ел билегісі
келеді, жаугершілікке қолбасшы да болғысы бар, ғалым болып, дүниеде
ашылмаған сырларды пайда жоқтығын, байлықпен бақыт сатып ала алмайтынын
түсінеді.
Сондағы "меннің" іздегені-әділдік. Лирикалық қаһарман қоршаған ортадағы
жетесіздікті сынаумен шектелмей, халық өмірін жақсартудың басы әділдік пен
бақытта деп түсінеді. Ендеше мен жабысам негізгі іске, Әділдікте бар
негіз, бақта, күште. Қарғаймын әділдіктен басқа жолды. Өңім тұрсын,
кірмесін түнде түске. Бұл "Мен тоқтадым" бөліміндегі кейіпкер толғанысының
түйіні. Торайғыров суреткердің әлеуметтік тақырыпты жырлау қалтарыстарынан
көш ілгері озғандығын айғақтайтын қомақты пікір.
Поэмада "ырқына дүние тұрсын дене көнбес", ұйқы тамақ қайғы жолдас"
кәрілік кез қайран жиырма бесті сағынатын ұлғайған шақтың қуанышы мен
реніші, жеңісі мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақын туралы бірер сөз (С.Торайғыров)
Сұлтанмахмұт торайғыров туралы
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында
Таңдамалы шығармалары
С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы
МӘШҺҮР-ЖҮСІП МҰРАСЫ
С. Торайғыровтың лирикасы
ХХ ғасыр басындағы қазақ поэмасы
Араш әдебиетінің негізгі идеялары
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиет көрінісі
Пәндер