Ойын мектеп жасына дейінгі баланың басты іс-әрекеті



МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І Тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс.әрекетінің теориялық негіздері
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың ойынының зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. 7
1.2 Ойынның педагогикалық тәрбиелік мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
ІІ Тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс.әрекетінің әдістемесі
2.1 Ойын арқылы балалардың оқуға қызығушылығын арттыру ... ... ... ... ... ..14
2.2 Тәжірибелік . эксперименттік зерттеу жұмыстарының нәтижесі ... ... ... 20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Ойын – бала қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын баласы екенін ескере келе, дидактикалық ойындардың жүйелі қолданылуы жақсы нәтиже береді. Дидактикалық ойындарды пайдалану мселесі педагогикалық теорияда кеңінен қарастырылған. Атап айтсақ, Ахметов С., Алдабергенов А., Ахметов Н.К., Хайдаров Ж.С., Кларин М.В., Қайырбекова А., Төлтаева Г., Әбселемова А., Әбішова А. т.б. ғалымдар дидактикалық ойындардың маңызын, түрлерін қолдану жолдарын көрсеткен[1]. Педагогикалық процесте ойын балалар іс-әрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен өзара тығыз байланыста болады.
Қоғамның болашақ азаматын өсіру үшін отбасы, қоғамдық орындар, қоршаған ортаның тигізер ықпалы ұшан-теңіз. «Үлкендер өсіп келе жатқан балдырғанға адамгершілік сезімдерін дер шағында дарыта беру үшін оны қоршаған ортасында көңілді, қуанышты жайларды жасай білуі шарт»-дейді Е.А.Аркин[2]. Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың ең басты іс-әрекеті болып табылады. Атап айтқанда ойын арқылы балалар өмірді таниды, ойын оларды үлкен өмірге дайындайды. Сонымен қатар баланың шығармашылық дамуында маңызы өте зор. Ойын мәнін балалық шақтан есейген шаққа өтетін көпір ретінде сипаттауға болады. Сонымен қатар мектепке дейінгі балалардың іс-әрекетінің дамуы үшін, тәрбиелеу үшін де ойынның мәні өте зор.
Сапалы ұрпақты өсіру әсіресе, педагогика ғылымының дамуына ерекше көңіл аударуды талап етеді. Педагогиканы дамыту арқылы өскелең ұрпақты өз дәрежесіне әлем елдеріне таныту бұл біздің әрбір азаматтың міндеті. Психолого-педагогикалық қызметте негізгі әрекет түрі баланың логикалық психикалық дамуы болып табылады. Мұнда баланы тәрбиелеу процесіндегі шығармашылық дамыту ойын іс-әрекетімен тығыз байланыста болуы тиіс. Тәжірибеде нақты әрекет баланың жеке психикалық және белгілі әлеуметтік-педагогикалық кеңістіктегі дамуына сүйенеді.
В.А.Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ.» және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе icпетті, ол арқылы баланың рухани ceзімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз-ұшқын, білімге құмарлық пен іліктеудің маздап жанар оты.
¥лы педагог А.С. Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырады. Ойын баланың өмipiн қызыққа, қуанышқа бөлеуін камтамасыз eту үшін ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді- деп қарастырады[3].
Ойынды зерттеу мәселесімен педагогтар мен психологтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар т.б әcipece өнер қайраткерлері түрлі саладағы ғалымдар ерекше шұғылданған. Біздің қарастырып отырғанымыз-танымдық ойындар. Танымдық ойындардың түрлері көп. Мысалы, сөз жүмбақ, сөз тізбек, крассворд, викторина, психологиялық жаттығулар, логикалық есептер, тренинг, тест, т.б Танымдық ойындар жас ерекшеліктеріне қарай күрделене түседі. Адам бойындағы қызығушылығын, қабілеттерін арттыруға, білімін шыңдауда танымдық ойындардың алар орны ерекше.Адамның танымы биіктеген сайын, дүниеге көзқарасы да кеңейе түседі.
Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар.
Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен туындаған. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған діни-саяси маңыз берілген. Ерте гректер ойынды Құдайлар қолдаған десе, Қытайда мерекелік ойындарды император ашып, өзі де қатысқан.
Кеңес өкіметі кезінде халық мәдениетінің ойын салт-дәстүрлерінің дамуы мен сақталуы қала сыртындағы жаздық лагерьлерді ұйымдастыру тәжірибесінен басталды.
Әлем педагогикасында ойын - белгіленген ережелері бар, бір мақсатқа жету үшін ойыншылар арасындағы сайыс пен жарыс ретінде қарастырылады.Ойын ең алдымен қарым-қатынас жасау, үйрету, өмірлік тәжірибені жинақтау жолындағы әлеуметтік мәдени феномен болып табылады.
Ойынның қиыншылығы оның түрлерінің көптігінен, қатысушылар санынан, ойын өткізу алгоритмінен туындап отыр. Ойын әрекеті сәби кездегі қарапайым сылдырмақтардан басталып, бірте-бірте күрделену арқасында фантастикалық шындық деңгейіндегі видео-компьютерлік ойындарға айналады. Ойынның табиғилығы сонша, ол оқу элементінің таптырмас бөлігі. Ойын үрдісі кезінде сыныптағы топтардың әлеуметтік рөлі және ойын тәртібі игеріледі. Ойын мақсаттарына жету жолында ұжымның бірлескен іс-әрекетінің дағдысы, оқушылардың жеке мінез-құлқы қалыптасады. Ақыл-ойды дамыту ойындарынан бастап бизнеске, мәдениетке, қоғамтануға және басқарудың барлық салаларына сәйкес мамандар даярлауға қатысты бағдарламаларды меңгеруге көмектеседі.
Ойыншылар, мұғалімдер қосымша материалдар, оқулықтар, көрнекі құралдар, компьютерлік технологияларды енгізе отырып, мәдени салт-дәстүрді жинақтайды.
Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, социологтар зерттеуде.
Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс-құбылыс.
Сабақта тиімді қолданылған ойын элементтері – мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез әрі қызығып орындайтын болады.
Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы артады.
Ойын проблемасымен шұғылданған көрнекі ғалымдар Р.М. Жуковская, Д.В. Менджерицкая, Т.А. Маркова, Н.Я. Михайленколардың айтуынша балалар игерген білімдерін ойынға пайдалана білу керек. Ал мұғалімнің міндеті - балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету[4].
Зерттеу нысанасы: ересек топ балаларын оқу және тәрбиелу үрдісі.
Зерттеу пәні: мектеп жасына дейінгі балалардың ойын тәрбиесін беру ерекшеліктерін қалыптастыру.
Зерттеу мақсаты:
Ойын іс-әрекетінің мектеп жасына дейінгі балаларға педагогикалық әсерінің ерекшеліктерін, оның ішінде қиял процессінің дамуына әсерін зерттеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды ойын процесі арқылы оқуға тәрбиелесе, оның мазмұны теориялық-әдістемелік тұрғыдан негізделіп, іс жүзінде тәжірибеге енсе, онда мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы білім беру ерекшеліктері қалыптасады.
Зерттеу міндеттері:
1. Ойынның педагогикалық-тәрбиелік мәні жан-жақты ашу.
2. Ойын іс-әрекетінің баланың психологиялық дамуына әсерін көрсету.
3.Ойын іс-әрекетінің баланың қиялын дамытуда алатын рөлін айқындау.
Зерттеудің жетекші идеясы: Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың білімге деген қызығушылығын оятса теориялық-әдістемелік тұрғыдан негізделуі балалардың жалпы адамзаттық, адамгершілік құндылықтарын қалыптастырды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы:
- теориялық-әдістемелік әдебиеттерді талдау негізінде мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды ойын арқылы тәрбиелеудің мүмкіндіктері, ерекшеліктері айқындалды;
- мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы білімге деген деңгейлерінің өлшемдері мен көрсеткіштері айқындалды.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Аймауытов Ж. Психология.- Алматы, 1995.
2. Алдамұратов Ә. Қызықты психология.- Алматы, “Қазақ университеті”, 1992.
3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.- Алматы, “Білім” 1996.
4. Әбдірахманов А.,Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша- қазақша сөздік.- Алматы, “Мектеп”, 1976.
5. Елеусізова С. Қарым- қатынас психологиясы.- Алматы, 1995.
6. Жарықбаев Қ., Озғанбаев О. Жантануға кіріспе.- Алматы, 2000.
7. Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары.- Алматы, 2000.
8. Жарықбаев Қ.Қазақ психологиясының тарихы.- Алматы, 1996.
9. Мұқанов М. Ақыл- ой өрісі.- Алматы, 1980.
10. Тәжібаев Т. Жалпы психология.- 2000.
11. Ақжанова, А.Т.
Қазіргі психология тарихының дамуы, жағдайы, беталысы [Мәтін] / А.Т. Ақжанова.- Алматы: НҰР-ПРЕСС, 2011.- 126б.
12. Арнайы педагогика және психология негіздері [Мәтін]: Типтік оқу бағдарламасы. Жоғарғы кәсіптік білім. 5В012300 - "Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану" мамандығы үшін = Основы специальной педагогики и психологии.- Алматы, 2010.- 10б. .
13. Атыманова, К.Ж.
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың коммуникативтік біліктерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары [Мәтін]: П.ғ.к.... автореф.- Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика: 13.00.01 / Каргаш Жолжаксиновна Атыманова; Ғыл.жет. П.ғ.д. Игібаева А.Қ.- Алматы, 2010.- 26б.
14. Ауренова, М.Д.
Балалар үйінде тәрбиеленуші жеткіншектердің қарым-қатынасындағы ерекшеліктер [Мәтін]: П.ғ.к.... автореф. педагогикалық психология: 19.00.07 / Мадина Даулеткановна Ауренова; Ғыл.жет. Х.Т.Шерьязданова.- Алматы, 2010.- 20б.
15. Возрастная и педагогическая психология // Под. ред. А.В. Петровского. М., 1986
16.Возрастная и педагогическая психология // Под. ред. М.В. Гамезо, М.В. Матюхиной, Т.С. Михальник. М. 1984
17.Возрастная психология // Под. ред. Л.Ф. Обуховой. М., 1996
18.Детская психология // Под. ред. Л.Л. Коломинского, Е.Н. Панько, Минск, 1988

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І Тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекетінің теориялық
негіздері
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың ойынының
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. 7
1.2 Ойынның педагогикалық тәрбиелік
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
ІІ Тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекетінің әдістемесі
2.1 Ойын арқылы балалардың оқуға қызығушылығын
арттыру ... ... ... ... ... ..14
2.2 Тәжірибелік – эксперименттік зерттеу жұмыстарының нәтижесі ... ... ...
20
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...27
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .28

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Ойын – бала қызығушылығына негізделген
оқыту тәсілдерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын баласы
екенін ескере келе, дидактикалық ойындардың жүйелі қолданылуы жақсы нәтиже
береді. Дидактикалық ойындарды пайдалану мселесі педагогикалық теорияда
кеңінен қарастырылған. Атап айтсақ, Ахметов С., Алдабергенов А., Ахметов
Н.К., Хайдаров Ж.С., Кларин М.В., Қайырбекова А., Төлтаева Г., Әбселемова
А., Әбішова А. т.б. ғалымдар дидактикалық ойындардың маңызын, түрлерін
қолдану жолдарын көрсеткен[1]. Педагогикалық процесте ойын балалар іс-
әрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі
оқытумен өзара тығыз байланыста болады.
Қоғамның болашақ азаматын өсіру үшін отбасы, қоғамдық орындар,
қоршаған ортаның тигізер ықпалы ұшан-теңіз. Үлкендер өсіп келе жатқан
балдырғанға адамгершілік сезімдерін дер шағында дарыта беру үшін оны
қоршаған ортасында көңілді, қуанышты жайларды жасай білуі шарт-дейді
Е.А.Аркин[2]. Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың ең басты іс-әрекеті
болып табылады. Атап айтқанда ойын арқылы балалар өмірді таниды, ойын
оларды үлкен өмірге дайындайды. Сонымен қатар баланың шығармашылық дамуында
маңызы өте зор. Ойын мәнін балалық шақтан есейген шаққа өтетін көпір
ретінде сипаттауға болады. Сонымен қатар мектепке дейінгі балалардың іс-
әрекетінің дамуы үшін, тәрбиелеу үшін де ойынның мәні өте зор.
Сапалы ұрпақты өсіру әсіресе, педагогика ғылымының дамуына ерекше
көңіл аударуды талап етеді. Педагогиканы дамыту арқылы өскелең ұрпақты өз
дәрежесіне әлем елдеріне таныту бұл біздің әрбір азаматтың міндеті.
Психолого-педагогикалық қызметте негізгі әрекет түрі баланың логикалық
психикалық дамуы болып табылады. Мұнда баланы тәрбиелеу процесіндегі
шығармашылық дамыту ойын іс-әрекетімен тығыз байланыста болуы тиіс.
Тәжірибеде нақты әрекет баланың жеке психикалық және белгілі әлеуметтік-
педагогикалық кеңістіктегі дамуына сүйенеді.
В.А.Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты
дамуы да жоқ. және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен
жарық терезе icпетті, ол арқылы баланың рухани ceзімі жасампаз өмірмен
ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз-ұшқын,
білімге құмарлық пен іліктеудің маздап жанар оты.
¥лы педагог А.С. Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған
мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп
отырады. Ойын баланың өмipiн қызыққа, қуанышқа бөлеуін камтамасыз eту үшін
ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді-
деп қарастырады[3].
Ойынды зерттеу мәселесімен педагогтар мен психологтар ғана емес,
философтар, тарихшылар, этнографтар т.б әcipece өнер қайраткерлері түрлі
саладағы ғалымдар ерекше шұғылданған. Біздің қарастырып отырғанымыз-
танымдық ойындар. Танымдық ойындардың түрлері көп. Мысалы, сөз жүмбақ, сөз
тізбек, крассворд, викторина, психологиялық жаттығулар, логикалық есептер,
тренинг, тест, т.б Танымдық ойындар жас ерекшеліктеріне қарай күрделене
түседі. Адам бойындағы қызығушылығын, қабілеттерін арттыруға, білімін
шыңдауда танымдық ойындардың алар орны ерекше.Адамның танымы биіктеген
сайын, дүниеге көзқарасы да кеңейе түседі.
Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік
құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы
зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар.
Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік-
экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу
мәселесінен туындаған. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып,
оған діни-саяси маңыз берілген. Ерте гректер ойынды Құдайлар қолдаған десе,
Қытайда мерекелік ойындарды император ашып, өзі де қатысқан.
Кеңес өкіметі кезінде халық мәдениетінің ойын салт-дәстүрлерінің дамуы
мен сақталуы қала сыртындағы жаздық лагерьлерді ұйымдастыру тәжірибесінен
басталды.
Әлем педагогикасында ойын - белгіленген ережелері бар, бір мақсатқа
жету үшін ойыншылар арасындағы сайыс пен жарыс ретінде қарастырылады.Ойын
ең алдымен қарым-қатынас жасау, үйрету, өмірлік тәжірибені жинақтау
жолындағы әлеуметтік мәдени феномен болып табылады.
Ойынның қиыншылығы оның түрлерінің көптігінен, қатысушылар санынан,
ойын өткізу алгоритмінен туындап отыр. Ойын әрекеті сәби кездегі қарапайым
сылдырмақтардан басталып, бірте-бірте күрделену арқасында фантастикалық
шындық деңгейіндегі видео-компьютерлік ойындарға айналады. Ойынның
табиғилығы сонша, ол оқу элементінің таптырмас бөлігі. Ойын үрдісі кезінде
сыныптағы топтардың әлеуметтік рөлі және ойын тәртібі игеріледі. Ойын
мақсаттарына жету жолында ұжымның бірлескен іс-әрекетінің дағдысы,
оқушылардың жеке мінез-құлқы қалыптасады. Ақыл-ойды дамыту ойындарынан
бастап бизнеске, мәдениетке, қоғамтануға және басқарудың барлық салаларына
сәйкес мамандар даярлауға қатысты бағдарламаларды меңгеруге көмектеседі.
Ойыншылар, мұғалімдер қосымша материалдар, оқулықтар, көрнекі
құралдар, компьютерлік технологияларды енгізе отырып, мәдени салт-дәстүрді
жинақтайды.
Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар,
психологтар, социологтар зерттеуде.
Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс-құбылыс.
Сабақта тиімді қолданылған ойын элементтері – мұғалімнің түсіндіріп
отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы
меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас
ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп,
тапсырмаларды тез әрі қызығып орындайтын болады.
Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын
арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі,
шығармашылығы артады.
Ойын проблемасымен шұғылданған көрнекі ғалымдар Р.М. Жуковская, Д.В.
Менджерицкая, Т.А. Маркова, Н.Я. Михайленколардың айтуынша балалар игерген
білімдерін ойынға пайдалана білу керек. Ал мұғалімнің міндеті - балаларды
ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету[4].
Зерттеу нысанасы: ересек топ балаларын оқу және тәрбиелу үрдісі.
Зерттеу пәні: мектеп жасына дейінгі балалардың ойын тәрбиесін беру
ерекшеліктерін қалыптастыру.
Зерттеу мақсаты:
Ойын іс-әрекетінің мектеп жасына дейінгі балаларға педагогикалық
әсерінің ерекшеліктерін, оның ішінде қиял процессінің дамуына әсерін
зерттеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды
ойын процесі арқылы оқуға тәрбиелесе, оның мазмұны теориялық-әдістемелік
тұрғыдан негізделіп, іс жүзінде тәжірибеге енсе, онда мектеп жасына дейінгі
балалардың ойын арқылы білім беру ерекшеліктері қалыптасады.
Зерттеу міндеттері:
1. Ойынның педагогикалық-тәрбиелік мәні жан-жақты ашу.
2. Ойын іс-әрекетінің баланың психологиялық дамуына әсерін көрсету.
3.Ойын іс-әрекетінің баланың қиялын дамытуда алатын рөлін айқындау.
Зерттеудің жетекші идеясы: Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі
балалардың білімге деген қызығушылығын оятса теориялық-әдістемелік тұрғыдан
негізделуі балалардың жалпы адамзаттық, адамгершілік құндылықтарын
қалыптастырды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы:
- теориялық-әдістемелік әдебиеттерді талдау негізінде мектепке дейінгі
ұйымдарда балаларды ойын арқылы тәрбиелеудің мүмкіндіктері, ерекшеліктері
айқындалды;
- мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы білімге деген
деңгейлерінің өлшемдері мен көрсеткіштері айқындалды.
Зерттеудің көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың,
педагогтар мен психологтардың еңбектері; педагогиканың ғылыми жетістіктері
мен озық педагогикалық тәжірибелерді мектепке дейінгі ұйымдардың ресми
құжаттары; Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық-нормативтік
құжаттары; оқу-әдістемелік кешендер; оқу-тәрбие үрдісіндегі озат
педагогикалық тәжірибелер.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша ғылыми-әдістемелік
әдебиеттерге, білім стандартына, оқу бағдарламаларға теориялық талдау,
мұрағат құжаттарын зерделеу, талдау жинақтау, қорыту және жүйелеу,
балабақша тәжірибесінен жинақталған материалдарға салыстырмалы талдау
жасау, іріктеу, тұжырымдау, сауалнама жүргізу, эксперимент нәтижелерін
өңдеу, бақылау, әңгіме, анкета, т.б. әдістері қолданылды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
1. мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды ойын арқылы білім беру
ұсыныстары, үлгі жоспарлары жасалды;
2. балаларды оқуға тәрбиелеуде ата-аналармен жұмыс бағдарламасы
құрастырылды.
Зерттеу базасы. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Тараз қаласының №30
балабақшасының ересектер тобы балаларымен жүргізілді.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Кіріспе бөлімде зерттеудің өзектілігі, ғылыми аппараты, зертеудің
мақсаты, нысанасы, пәні, міндеттері мен зерттеу болжамы, әдістері,
кезеңдері көрсетілді.
Бірінші кезеңде зерттеу мақсатында мәселенің теория мен
практикадағы жағдайы зерттелді, теориялық тұжырымдамалар талданды,
зерттеудің ғылыми аппараты, болжамы мен жетекші идеясы нақтыланды.
Екінші кезеңде зерттеудің теориялық негізі нақтыланып, мектепке
дейінгі білім беру жүйесіндегі зерттеу мәселесіне талдау жүргізілді,
тәжірибелік жұмыс жасалынды.
Қорытындыда ғылыми жұмыстың нәтижелері негізінде әзірленген
тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.
Курстық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, тәжірибелік
эксперименттен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Мектеп жасына дейінгі ойын іс-әрекетінің теориялық негіздері
1.1. Мектеп жасына дейінгі баланың ойынының зерттелуі
Белгілі педагог В.А.Сухомлинский айтқандай: Ойынсыз, музыкасыз,
ертегісіз, шығармашылықсыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі
болмайды!. Ендеше баланы ойынға үйрету, ойынға қатыстыру арқылы ойыны
қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп үйрету
керек[5].
Ойын әрекеті балалардын бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ
маңызды орын алады. Ойын балабаұша тәрбиешілерінің бірден-бір көмекшісі
болу керек.
А.С. Макаренконың айтуы бойынша, ойынға бір жақты көзқарас
педагогикалық процесте ойынды дұрыс пайдаланбауға әкеп соғады, көп ретте
тәрбиешілер ойынның негізгі мәні балаларға қуаныш сыйлау екенін ұмытады.
Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек үйренуіне мүмкіндік береді. Ал Ю.К.
Бабанский - ойында балабақша тәрбиеленушілерінің барлық әрекеттерін
ынталандырудың түрлері мен әдістері ретінде ұсынады[6].
Халық жасаған мұралар сан алуан. Солардың бірі ұлт ойындары. Ойынға
тек ойын деп қарамай халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір
жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қарау керек. Ұлт ойындары
отбасы тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында қосымша
материал үшін, баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға
болады.
Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін
жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын элементтерін оқу
процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау
сабақтарында пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың
тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да
арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдығын
күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Ойынмен
ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді. Ойынды іріктеп алуға
нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше
назар аударға жөн. Баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын,
белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің басты қолданатын
тәсілі - ойын.
Н.К. Крупская өзінің көптеген еңбектерінде ойынның бала
өміріндегімаңызына үлкен мән берген. Қандай ойын болмасын, әйтеуір бір
нәрсеге үйретеді, ең бастысы - баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдастарымен
ынтымақта болуға үйренеді[7].
Демек, мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға, білімге деген ынтасы
мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, Оларды оқу процессінде үздіксіз дамытып
отыру жєне сабақ барысында алған білімдерін практикада қолданудың,
пайдаланудың орны бөлек.
Тиімді қолданылған ойын түрлері тәрбиешінің түсіндіріп отырған
материалын балалардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі.
Өйткені балалабақша балаларының аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап
тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыласпен
орындайды.
Сабақ барысында ойын түрлерін дидактикалық материал ретінде
пайдаланудың маңызы зор. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік
қасиеттермен қатар, білімге, өнерге деген құштарлығы қалыптасады. Тіпті
нашар оқиды-ау деген балалардың өздері де ойын түрлері араласқан сабаққа
зер салып, ынталана түседі. Ойын араласқан жерде жарыс болмай тұрмайды.
Балалар жолдастарынан қалып қоймау үшін сабаққа белсенді қатысып, қойылған
сұрақтарға жауап іздеп, ойлана бастайды. Сабақта ойын түрлерін пайдалану
балалардың ой-өрісін дамытуға әсер етеді.
Тілдің дамуына ойын өте үлкен әсер етеді. Ойын ақыл-ой дамуына да
әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің
жалпылама мағынасын қолдануды т.б. үйренеді. Ойын жағдайына ену баланың
ақыл-ой әрекеттерінің түрлі сипаттарынын шарты болып табылады. Ойын баланың
психикасына сапалы өзгерістер туғызады: онда балабақша жетекші болатын оқу
әрекетінің негіздері қаланады. Сабақты ойын түрінде өткізу шәкірттердің
білімге ынта-ықыласын арттырады. Оқытудың түпкі мақсаты - оның сапалы
болуы. Яғни, сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіруге оны
әдіскерлік, танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейге
көтеру. Оқытудың тәрбиелік қызметі мен практикалық бағытын күшейту де осы
міндеттерден туындайды. Сабақта ойын түрлерін пайдалану - сабақтың
әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Дидактикалық
ойындар барлық сыныптарда қолданылады. Әсіресе алты жастан бастап оқытудың
ойын әдістеріне көп көңіл бөлу керек. Демек, ойын деген аты ғана, ал
шынында да, ол сабақтың, еңбектің жиынтығы. Ойын түрлерінен тәрбиенің түп
мақсатын байқауға болады.
Ресейлік педагогика мен психологияда ойын іс-әрекетінің негізін
К.Д.Ушинский, П.П.Блонский, С.Л.Рубенштейн, Д.Б.Эльконин салды.
Қазақстандық ғалымдар Н.К.Ахметов, Ж.С.Хайдаров еңбектері берік білім
берудің, оқу белсенділігін арттырудың маңызды жолдарының бірі ойын
элементтерін тиімді пайдалану екенін атап көрсетті. Шетелдің К.Гросс,
Ф.Шиллер, Г.Спенсер, К.Бюлер, З.Фрейд, Ж.Пиаже және тағы басқа ойшылдары
мен зерттеушілері де ойын теориясы туралы әртүрлі пікірлер білдірді[8].
К.Гросстың теориясы кеңінен танымал. Ол ойын келешектегі іс-әрекетке
дайындық ретінде қызмет етуінің маңыздылығын айқындаған. Ойында адам
жаттығу арқылы өз қабілетін шыңдайды. Бұл теория бойынша ойын дамумен
байланысты. Бұл теорияның кемшілігі – ойынды тудыратын себеп, түрткілерді
ашпауы[1].
Ф.Шиллердің ойын дамытып, Г.Спенсер қалыптастырған ойын теориясында
ойын бастауы күштің артықтығынан көрінеді. Олардың пайымдауынша өмірде,
еңбекте қолданылмаған күш ойында шығады. Шаршаған адамның демалу үшін
ойнауы, күшті басқа арнаға бұрмай ойынға жіберу себебі анықталмаған[9].
С.Л.Рубинштейннің пікірі бойынша, ойынның жиналған күшті шығаруы
формалды түрде, ойынның динамикалық аспектісі мазмұнынан бөлек бастау
алады. Сол себепті бұл теория ойын жайын толық түсіндіріп бере алмайды[1].
Ойын түрткілерін ашуға ұмтыла отырып, К.Бюлер нәтижесіне қарамастан
әрекеттің өзінен қанағат алу, басқаша айтқанда, функционалды қанағаттану
теориясын ұсынды. Бұл ойын түрткісінің негізі деп түсіндірді. Бұл теория
ойынды ағзаның қанағаттануы ретінде ғана көреді.
З.Фрейд теориясы өмірде жүзеге аспаған тілектерді ойын арқылы іске
асыру деп біледі. Адлерлік түсінік бойынша ойында өмірде шамасы жетпеген
кедергілерден қашқан адамдардың әлсіздігі көрінеді. Сөйтіп, ойын өмірдің
әдемілігі мен сәнін мадақтайтын шығармашылық белсенділіктен өмірге керексіз
қалдыққа айналады; даму факторы мен өнімінен жетіспеушілікке, өмірге
дайындықтан қашуға айналады[10].
Л.С.Выготский мен оның оқушыларының пікірінше ойында ең маңыздысы адам
ойнай отырып, өзіне қандай да бір жағдаят тудыру арқылы белгілі бір рөлді
ойнайды[11].
Ойынның спецификалық формаларын дамыту үшін қалыпты жағдайды қиялдағы
жағдаятқа көшу сипатымен айқындалады, бірақ ол ойын негізіне жатпайды.
Ол ойынның бастауларын ашпай ойын жүйесіне басты назар аударады. Бұл
теория баланың қалыпты жағдаяттағы ойынын есепке алмайды және ойынды даму
үстінде сипаттай алмайды.
Педагогикалық ойынның маңызы зор. Ойын біріншіден, білу және үйрену,
екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірбесін
жинақтауға көмектеседі. Ойынның кәсіптік, әуестену, оқу-жаттығу ойындары
сияқты түрлері бар. Ол дем алу, көңіл көтеру бола тұра оқуға,
шығармашылыққа, емдеуге, адам қарым-қатынасының типтерінің модельдеріне,
еңбекте көрініс табады.
Ойынды ерте заманнан үлкендердің іс-тәжірибесін жеткіншек ұрпаққа
жеткізу үшін пайдаланған. Ойын халық педагогикасында, мектепке дейінгі және
мектептен тыс мекемелерде кеңінен пайдаланылады. Қазіргі балабақшада ойын
әрекеті ойын пәнінің тарауын және тақырыбын түсіну үшін өздік технология
ретінде, жалпы технологияның элементі ретінде, сабақ немесе оның бір бөлігі
ретінде, жұмыстың технологиясы ретінде қолданылады.
Ойын педагогикалық технологиялары ұғымы әртүрлі педагогикалық
ойындар түрінде педагогикалық үрдістің әдіс-тәсілдерін ұйымдастыруды
қамтиды. Жалпы ойыннан педагогикалық ойынның ерекшелігі - оқу-танымдық
бағытта сипатталған, педагогикалық қорытындыға ие нақты оқыту мақсаты
қойылады. Оқу әрекетіне қызығушылық сезімін ояту мақсатында сабақ ойын
түрінде ұйымдастырылады.
Сабақтың ойын түрінде өтуін жүзеге асыру үшін төмендегі бағыттар
айқындалған:
Балаларға дидактикалық мақсат ойын түрінде қойылады.
Оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады.
Оқу іс-әрекетінде дидактикалық мақсатты ойын мақсатына айналдыратын
жарыс элементтері енгізіледі.
Дидактикалық тапсырманың табысты орындалуы ойын қорытындысымен
байланыстырылады.
Ойын – адамдардың қарым-қатынасы, кәсіби және жанұялық өмірдің мектебі
болып табылады. Адам ойын арқылы өзінің бір нәрсені үйреніп жатқанын
білмейді. Балабақшада тәрбиеші монолог, диалог түрінде балаларға білім
береді. Бір-бірімен белсенді байланысу арқылы ойынға қатысушылар бір-бірін
үйретіп, өздері де үйренеді. Ойын түрінде оқыту жалықтырмайды, қызықты және
ерікті түрде жүреді.
Сабақ процесінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап
көрсетуге болады. Балабақша тәрбиешілерінің оқу – тәрбие жұмысының негізгі
саласы сабақ. Сабақ үстінде балалардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы,
дүниетанымы қалыптасады. Негізгі бетбұрыс бала білімінің сапасын арттыру,
ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни балаға берген біліміміздің
қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа топтағы баланың барлығын қызықтыра отырып
қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа
қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан балалардың
осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері
кез -келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының
өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен
орындайды. Балалардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі -
дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойындар – көп салалы, күрделі педагогикалық құбылыс. Оны
- балаларды оқытудың бір әдісі, оларды жан-жақты тәрбиелейтін құралдардың
бірі деп айтуға болады.
Ойын элементтерін қолдана отырып тәрбиеші балалардың сабаққа деген
қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді
қолданады. Атап айтқанда, тәрбиеші ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі
заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын
сюжетін құрастырады.
Дидактикалық ойын оқу процесінде екі түрлі мақсатпен қолданылады: оқу
(танымдық) мақсатта, екіншісі ойын ойнау мақсатында. Тәрбиеші өзі де
ойынға қатысады, балаға үйретеді. Бала ойын ойнай отырып үйренеді.
Мектепке дейінгі тіл сабактарында дидактикалық ойындарды жаңа
тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да
пайдалануға болады. Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан
мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге
тырысуы қажет.
Дидактикалық ойындар балалардың ой - өрісін дамытып, ойлау қабілетін
арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік
меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар балалардың шығармашылық ойлау
қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға
да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана
қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің
мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.

1.2 Ойынның педагогикалық тәрбиелік мәні
Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту,
қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар
еншісінде.
Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын
ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін
жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген
жөн. Сәбилердің дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын
жетілдіруде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Балабақшада балаларды
дұрыс сөйлей білу мәдениетіне айнала қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем
әдебиетпен теңестіру арқылы жүзеге асыруға болады. Әрбір ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балалардың қиялын
шарықтатып, ойлау қабілетін ұштауға болады.
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік
қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін
күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі
тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл
дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы
заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және
пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар
жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-
қатынас жасай білуге үйретеміз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде
тәрбиешінің:
- балалардың сөздік қорларын дамыту;
- жаңа сөздерді меңгерту;
- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет
саналады.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде
басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын,
тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын
тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына
ықыласы ауып, таңдап алады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕРКІН ОЙЫН МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭМОЦИОНАЛДЫ ДАМУЫНЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу - танымдық әрекетін қалыптастыру жүйесі
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТІЛІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Балалардың еңбек әрекетін жоспарлау
Мектеп жасына дейінгі балаларда коммуникативтік дағдыларының ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дайындық факторы ретінде сюжетті рөлдік ойында өзара әрекеттесу қабілетін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін ойындар арқылы қалыптастыру
Сюжетті-рөлдік ойындар арқылы 4-5 жастағы балалардың тілін дамыту
Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық мәні
Пәндер