Балалардың үлкендермен қарым-қатынасы


Балалардың үлкендермен қарым-қатынасы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Балалар психологиясындағы қарым-қатынастың рөлі
1. 1. Қарым-қатынастың функциялары, формалары
1. 2. Қарым-қатынастың түрлерi
2 Балалардың үлкендермен қарым-қатынасы
2. 1 Отбасындағы баланың қарым-қатынас мәселесі
2. 2 Балалар мен ата-аналар қарым-қатынасы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Мақсаты: Арнайы таңдап алынған ойындар жүйесі арқылы балалардың өзара мейірімді қарым-қатынастарын қалыптастырудың жаңа жолдарымен таныстыру;
Мектепке дейінгі жастағы балалар арасында мейірімді қарым-қатынасты қалыптастыру -бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі. Балабақшадағы балалардың бір-бірімен қарым-қатынасын бақылай келе олардың бір-бірімен тіл табыса алмауы, өзімшілдігі қатынасы балалар ұжымындағы ең жиі кездесетін мәселе, және бұл тек тәрбиешілерді ғана емес ата-аналарды да толғандырып жүрген жағдайлардың бірі. Агрессивті, ерке бала жан-жағындағыларға ғана емес өзіне де көп жайсыз жағдай туғызады. Тәрбиеленушілер арасында дөрекі-агрессивті қарым-қатынастардың қалыптасуына ықпал ететін жағдайлар жолдарды мыналар:
- Отбасындағы тәрбиенің ерекшелігі;
- Балаға күнделікті өмірде көріп жүрген агрессивті мінез-құлық үлгілерінің әсер етуі, (жаппай видео, теледидардағы хабарлар, қоғамдық орындардағы, көліктердегі келеңсіз көріністер, өз құрдастары арасындағы дөрекі мінез құлықтар)
- Баланың эмоционалды деңгейі.
Баланың тез ренжігіштігі, өзінің қолапайсыздығынан ұялшақтығы, басқа балалар алдында өзіне сенімсіздігі, қорқуы, қыр көрсетуі, наразылығы да көп әсер етеді.
Мектепке дейінгі балалардың бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасай алмауының басты себебі - басқа баланың көңіл-күйімен, жағдайымен санаспай, бір-біріне көңіл бөлмеуі, түсінбеуі.
Қазіргі жастар арасында болып жатқан келеңсіз жағдайлар қатыгездік, жоғары агрессивті қарым-қатынас негізі мектепке дейінгі жастағы тәрбиеден бастау алады. Бұл уақыт - танымдық іс-әрекеттің қалыптасуының алғашқы кезеңі. Сондықтан балалардың әрбір іс-әрекетін жіті қадағалап көңіл бөліп отыру керек.
Мектепке дейінгі балалардың бір- бірімен дұрыс қарым-қатынас жасай білуіне дағдылану көбіне ойын процесінде жүзеге асырылады.
Баланың тұлға ретінде қоршаған ортамен үйлесімді қарым- қатынаста дамуы мен қалыптасуы өзін- өзі тани білгенде ғана жүзеге аспақшы.
Оқушыларды қарым- қатынасқа баулитын адамгершілік ұғымдар мен қасиеттер туралы түсініктер беріліп, баланы өзгелерге жағымды қарым- қатынас жасау дағдыларын өмірде қолдана білуіскерліктері дамытылады.
Балалар өзі туралы, өзінің ішкі ойлары, көзқарасы, кез- келген іс-әрекетке қарсы ойын немесе пікірін білдіре алады. Мектептегі құрбыларымен неғұрлым интенсивті қарым- қатынас жасайтын кезең болғандықтан, жоғарыда айтылғандай жарасымды қарым- қатынас олар үшін ең басты және маңызды болып табылады.
Қарым - қатынассыз өмір сүру мүмкін емес. 200 жыл өмір сүретін үйеңкі де жаңа отырғызылған кезде жалғыз болса өліп қалады. Адамға қатысты өмірлік қандай да бір мәселені алсақ та қарым-қатынас ұғымы бар. Адамгершілік тұрғыдан тәрбиелілік жақсы, жағымды қарым- қатынаспен, адамгершілікке жат қылық тәрбиесіздікпен, яғни жағымсыз қарым - қатынаспен астастыны белгілі. Сондықтан да адамдар бір- бірімен қарым- қатынас жасау кезінде адамдық қасиеттерді құрметтеуі, қарым- қатынастың адамгершілік нормаларын сақтауы және оны қалтқысыз орындауы, ешуақытта ренжітпеуі, дөрекілік көрсетпеуі адамгершілік белгісін танытады.
Қарым- қатынаста адам өзін еркін, сенімді, өзін тыңдатып, өзгені де тыңдай білуі қажет. Кез- келген адам сізбен қарым - қатынаста жеке пікірін айтуға, шешім қабылдауға құқығы бар. Мамандардың зерттеулері бойынша адамдар 55% ақпаратты вербальды емес қатынастан, 38% ақпаратты дыбыстардын (тембр, ырғақтан т. б), 7% ақпаратты сөйлеуден алады екен. Қарым- қатынаста адам саналы түрде дамиды, жетіледі.
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі және мектеп кезеңіндегі балалардың қарым-қатынасындағы изоляциялану ерекшеліктері мен психологиялық көмек көрсету жолдары.
Зерттеудің негізгі жорамалы: Мектеп жасына дейінгі және мектеп жас кезеңінде балалардың сыныптан оқшаулануы сол жас кезеңіндегі даму дағдарысын өткізу ерекшелігіне байланысты туындайды.
Зерттеу мақсаты мен ұсынылған жорамалға сәйкес қойылған міндеттер:
• Балалар ұжымындағы қарым-қатынас және оқшаулану мәселелерін ғылыми әдебиеттер көмегімен теориялық тұрғыда зерттеу.
• Мектептегі сыныптық ұжымда балалардың оқшаулануын эмпирикалық зерттеу.
• Баланың ұжымнан оқшаулану себептерін анықтау және соған байланысты қарым-қатынасында проблемасы бар балаларды жіктеу.
• Сыныптан тыс қалған балаларды топқа әлеуметтендіру шараларын қарастыру және оларға психологиялық көмек көрсету жолдарын анықтау.
• Қарым-қатыныасында проблемасы бар балаларға арналған ойындар мен тапсырмалар жиынтығын құрастыру.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Л. С. Выготскийдің балаға комплексті, жүйелік формадағы іс-әрекетті ұйымдастыру теориясы, В. Н. Мясищев, С. Л. Рубинштейн, Л. И. Божович еңбектеріндегі қарым-қатынас мәселесіне арналған ілімдер, педагогика және психология ғылымындағы А. С. Макаренконың “жеке адам ұжымда дамиды және ұжым арқылы қалыптасады” қағидасы, О. Осадьконың оқушының алғашқы мұғалімінің педагогикалық тактикасы мен қарым-қатынасқа түсу стиліне байланысты, оның ата-анасымен және сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсуін және жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына үлкен әсерін тигізетінін дәлеледейтін зерттеулер - біздің зерттеу жұмысымыздың теориялық жақтарына арқау болды.
1 Балалар психологиясындағы қарым-қатынастың рөлі
1. 1. Қарым-қатынастың функциялары, формалары
Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі - қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып-жетілуін талдау мүмкін емес.
Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша әр алуан. Тура, жанама, тікелей, біреу арқылы (тікелей емес) . Алғашқысы тікелей қарым-қатынас, соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады.
Тікелей емес қарым-қатынас - жазбаша түрдегі немесе техникалық құралдарды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт.
Адамзат тәжірибесін игеруде жазудың, кітаптың, басқа әр түрлі техникалық құралдардың пайда болуы тікелей емес қарым-қатынас жасаудың жүйесін күрделендірді.
Қарым-қатынас ары қарай жеке адамаралық және көпшіліктік қарым-қатынас болып бөлінеді. Жеке адамаралық қарым-қатынас - топтарда, жұптарда жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы-қуанышына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекет ету негіздерінде қалыптасатын түрі.
Көпшіліктік қарым-қатынас - көпше түрдегі таныс емес адамдардың және көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай қатынастың үріне өнер, эстетикалық -қарым-қатынастарды да жатқызады.
Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиетерін аша түседі. Сонымен бірге ол қасиеттері қарым-қатынаста қалыптасады да, адамдармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық.
Қарым-қатынастың маңызды 5 функциясын бөліп қарастыруға болады. Қарым-қатынас адамдардың ұжымдық іс-әрекетінде байланыстырғыш рөлді атқарады. Бұл функциясын шартты түрде «прагматикалық» функция деп атауға болады. Бұл шартты орындамау Інжілде айтылған атақты Вавилон мұнарасы туралы аңызға әкеліп соғуы мүмкін. Маңызы бойынша 2-функциясын «қалыптастырғыш» функция деп айтуға болады. Бұл функция адамның психологиялық бейнесін қалыптастырып өзгертудің маңызды шарты. Бала дамуының белгілі кезеңдерінде мінез-құлқы, іс-әрекеті және баланың қоршаған әлем мен өзіне деген қатынасы үлкендер арқылы іске асырылады. Д. Элькониннің айтуынша: «Бала әрқашанда 2 адам - оның өзі және ересек адам» . Даму барысында бала мен ересектің сыртқы тікелей емес қарым-қатынасы баланың ішкі психологиялық прцесіне және де баланың дербестік ерікті іс-әрекетіне айналады.
Онтогенездің бастапқы кезеңдерінде қарым-қатынас бала өмірінде аса маңызды функция атқарады. Орта ғасырда бір испан епископы былай деп жазған екен: «Жетімханадағы балалар зерігіп, зеріккендіктен өледі». 30-жылдары АҚШ-та эксперимент жүргізілген: 2 клиникада қауіпті, әрең жазылатын ауру балалар жатқан. Оның біреуінде балалар туысқандарымен кездеседі, ал екіншісінде туысқандарымен жолықтырылмайды. Осы екі клиникада жазылу тиімділігін салыстырғанда: оның біріншісінде - бала өлімі жоқ, ал екіншісінде - балалардың үштен бірі шетінеген.
Бала мен ересектің қарым-қатынасы білім, іскерлік, дағдыны берудің жай қосындысы емес, өзара әсерлесу нәтижесінде өзара баю мен өзгерудің күрделі процесі. Бала өзіне берілетін басқаның тәжірибесін белсенді түрде ой елегінен өткізіп, өңдеп пайдаланады. Қарым-қатынастың үшінші функциясы ретінде «бекітетін, қолдаушы» деген функциясын атауға болады. басқаша айтқанда, басқа адаммен қарым-қатынаста адам өзін-өзі танып-біліп, өзіне-өзі сенімге ие болады. Адам өзін-өзі бағалау үшін басқаның мақұлдауын қажет етеді. У. Джеймстің айтуынша: «Адам үшін қоғамда өз бетімен назардан тыс қалу және басқалардың оны мүлдем байқамауы - ең зор жаза». Көптеген псизотерапевттік жүйелерде адамның мұндай жағдайы «қолданылмаған . бекітілмеген» деген ұғым арқылы беріледі, және де «Сенікі жөн емес», «Сен жамансың» деп мойындамауға қарағанда (бұл жағдайда теріс болса да бекітудің белгілі үлесі бар), бекітілмеу «Сен бұл жерде жоқсың», «Сен тірі адам емессің» дегенді көрсетеді.
Атақты ағылшын психологы Р. Д. Ленг - бекітілмеу, көптеген психологиялық ауру, әсіресе шизофринияның себебі деген қорытындыға келген. Оның байқаулары бойынша, басқа да зерттеулер көрсеткендей, эндогенді психозбен көбінесе ата-аналары тарапынан шеттетілген балалар ауырады екен.
Адамдар өміріндегі әр түрлі дәстүрлер - амандасу, түрліше көңіл аудару рәсімдері «бекітілу терапиясы » деп саналады. Қарым-қатынастың төртінші функциясы жеке адамаралық қатынастарды ұйымдастыру және қолдау болып табылады. Басқа адамдарға деген эмоциялық көзқарастар - «сүйкімді - сүйкімсіз», «ұнайды- ұнамайды» деген терминдермен белгіленеді. Әрине, эмоциялық қарым-қатынас адам өміріндегі жалғыз қатынастың түрі емес, бірақ олар адамның барлық қарым-қатынас жүйесінде көрінеді, көбінесе іскерлік немесе тіпті рөлдік қатынасына да өз әсерін тигізеді. Келесі, бесінші функциясы «жеке адам ішілік функциясы». Бұл жағдайда адамның өз-өзімен қарым-қатынас жасауын (ішкі немесе сыртқы сөйлеу арқылы- диалог типінде) адамның ойлауының әдісі түрінде қарастыруға болады. Осыған байланысты Л. С. Выготскйй былай деген: «…адам өзімен зі болғанда да қарым-қатынас функциясын сақтайды».
Сонымен біз қарым-қатынастың түрін, формалары мен функцияларын қарастырдық. Әлеуметтік психологияда баса назар аударылатыны жеке адамаралық, тікелей қарым-қатынас түрі, ең терең зерттелетіні де осы түрі.
Әлеуметтік психология, адамдардың түрлі әлеуметтік топтарға кіріктірілуіне байланысты, олардың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің заңдылықтарын зерттейтін болса, онда, алдымен жеке адамаралық қарым-қатынас және адамдардың бір-біріне өзара әсерін ғылыми тұрғыда талдау қажеттілігінің туындауы заңды құбылыс. Бұл процестер қалай өтеді, олардың формалары, құрылымы қандай, адамдар арасындағы қарым-қатынаста алатын орны қандай?
Қоғамдық қарым-қатынасқа қарағанда жеке адамаралық қарым-қатынастың табиғаты бөлекше, оның өзіндік ерекшелігі - эмоциялық негізінің болуы. Адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түскенде, оның бір-біріне деген әртүрлі көзқарастары сезімдер негізінде қалыптасады. Психология ғылымы жеке тұлғаның эмоциялық көріністерінің үш түрін немесе үш деңгейін бөліп қарастырады: аффектілер, эмоциялар мен сезімдер. Жеке адамаралық қарым-қатынаста осылардың бәрі де көрініс бергенімен, көбінесе сезімдерге баса көңіл аударылады, олардың өзін екі топқа бөліп қарастыру қабылданған:
1) конъюктивті - адамдарды жақандататын, біріктіретін, бірлескен іс-әрекетке итермелейтін сезімдер;
2) дизъюнктивті - адамдарды бір-бірінен аластататын, біллескен іс-әрекеттен қашқақтататын сезімдер.
Жеке адамаралық қарым-қатынасты зерттеуде американ психологы Дж. Морено (1958) ұсынған социометрия әдісі кең қолданылады. Социометрия негізінде нақты іс-ірекет кезіндегі шағын топтың қарым-қатынасын (жақтыру, жақтырмау) анықтауға болады. Дегенмен, топты толық зерттеу үшін тек социометрия әдісі жеткіліксіз болып табылады.
Кеңестік психологияда қарым-қатынасты бір жағынан, іс-ірекеттің бір түрі, екіншіден, іс-әрекеттің өзіндік көрінісі деген ұғымда қолдану басым. Қарым-қатынастың іс-әрекетке кіріктірілуі оған қатысышылардың әрекеттерін «үйлестіріп» немесе «үйлестірмей» іске асырады. Мұндай үйлетірушілік қарым-қатынастың ерекше әсер етушілік функциясымен байланысты.
Қарым-қатынастың құрылымы күрделі болғандықтан, шартты түрде талдау мақсатымен, көбінесе оның бір-бірімен тығыз байланысты үш жағын қарастырады: коммуникативті, интерактивті, перцептивті.
Қарым-қатынастың коммуникативті жағы (тар мағынада) - қарым-қатынасқа түсішушілердің бір-бірімен мәлімет алмасуы.
Интерактивті жағы -қарым-қатынасқа түсушілердің өзара әрекетесуін ұйымдастыру, яғни білім, идеялар және әрекеттермен алмасу (әрекеттестік) . Бірлескен әрекеттің ұйымдастырылуы.
Перцептивті жағы - қарым-қатынасқа үсушілердің бір-бірін қабылдауы, тануы (түсінуі) , соның негізінде өзара түсіністіктің пайда болып қалыптасуы.
Сонымен қатар, жеке адамаралық қарым-қатынас: императивті, манипулятивті және диалог болып бөлінеді. Императивті қарым-қатынас - авторитарлы, директивті (өктем) түрде қарым-қатынасқа түсушіге жасалынатын әсер. Бұл жағдайда қарым-қатынас партнері - әсер етілетін объект, «пассивті» обхект болып есептелінеді.
Көптеген іс-әрекетте, мәселен, әскери өмірде, кейбір шытырман, қиы-қыстау жағдайларда осындай қарым-қатынас қажет. Мұндай қарым-қатынастың орынсыз, этикаға сыймайтын кездері де болады. өте жақыфн адамдар арасында, тәрбиелік, педагогикалық, т. б. қарым-қатынастарда.
Манипуляция -қарым-қатынас партнеріне өзінің іштей мақсаттарын жасырын түрде жүзеге асыру үшін жасалынатын қарым-қатынас түрі. Қарым-қатынастың бұл түрі, әсіресе, бизнес, іскерлік қарым-қатынаста әбден орынды болғанымен, достық, жолдастық, сүіспеншілік саласында орынсыз. Императивті және манипулятивті қарым-қатынасты біріктіріп, монологтық қарым-қатынас деп сипаттауға болады. А. А. Ухтомскийдің айтуынша, адам өз маңайындағыларды басқа адам емес, өзінің «сыңарлары» деп қабылдайды. Өзіне деген бағдардан басқа адамға деген бағдарға көшетін қарым-қатынас түрі - диалогты қарым-қатынас.
Диалог - тең құқылық, субъективті қарым-қатынас, оның мақсаты: өзара танып-түсіну, партнерлер арасында өзін түсіну, өзіндік даму. Диалогты қарым-қатынас жасау, қарым-қатынастың белгілі ережелерін сақтағанда ғана мүмкін.
Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-құлқының мәдени, саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Дамыған адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады. Егер туғаннан бастап, адам басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігінен айрылса, ол ешқашан мәдениетті, адамгершілігі бар адам болмас еді, тек ғана аяғына дейін жартылай жануар болып яғни сыртқы жағынан адамға ұқсас болар еді. Оған әдебиеттерде көптеген мысалдар, зерттеулер дәлел бола алады. Әсіресе баланың психикалық дамуына үлкен әсер ететін, оның онтогенездің алғашқы этабындағы үлкендермен қарым-қатынасы. Ол осы уақытта өзінін барлық адамгершілік, психикалық мінез-кұлық қасиеттерін қарым-қатынас арқылы қалыптастырады. Баланың дамуы қарым-қатынастан басталады. Бұл әлеуметтік белсенділіктің бірінші түрі. Бала бұл кезде, өзінің жеке даралық дамуына керекті ақпарат алады.
Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-кұлкының мәдени, саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Дамыған адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады. Егер туғаннан бастап, адам басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігінен айрылса, ол ешқашан мәдениетті, адамгершілігі бар адам болмас еді, тек ғана аяғына дейін жартылай жануар болып яғни сыртқы жағынан адамға ұқсас болар еді. Оған әдебиеттерде көптеген мысалдар, зерттеулер дәлел бола алады. Әсіресе баланың психикалық дамуына үлкен әсер ететін, оның онтогенездің алғашқы этабындағы үлкендермен қарым-қатынасы. Ол осы уақытта өзінін барлық адамгершілік, психикалық мінез-кұлық қасиеттерін қарым-қатынас арқылы қалыптастырады. Баланың дамуы қарым-қатынастан басталады. Бұл әлеуметтік белсенділіктің бірінші түрі және бұл онтогенезде пайда болады. Бала бұл кезде, өзінің жеке даралық дамуына керекті ақпарат алады.
Топтағы балалардың бір-бірімен қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеуге арналған бірнеше әдістер мен әдістемелер қолданылды. Баланың топтан оқшаулану мәселесіне арналған әдебиеттерге теориялық талдау әдістері, социометриялық әдістеме (мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған вариант), топтағы сыныптастарына баға беру әдістемесі, адамдардың бір-біріне тартымдылық деңгейін зеттеу әдістемелері, хронометрлі бақылау әдістемелері, анкета, бала мінезінің ерекшелігін анықтайтын ата-аналарға арналған сауалнамалар, балалар мен ата-аналардың темпераментін анықтайтын сауалнамалар, жанұядағы және ата-ана мен бала арасынлдағы қарым-қатынас шкаласы, бала мінезіндегі кешеуленуді білдіретін регистрация парағы (сәбидің анасы толтырады) қолданылды. Әрбір жас кезеңіндегі балалардың өзара қарым-қатынас ерекшеліктеріне байланысты, жас даму дағдарыс барысындағы балалардың қарым-қатынасқа түсудегі қиыншылықтары мен өзіндік мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты қарым-қатынас жасауға қиналатын балалармен жұмыс жүргізу ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда дәлелдеп, психолог қызметінде тиімді қолдану жолдары көрсетілді.
Бұндай жағдайда қарым-қатынас іс-әрекеттің бір қыры ретінде көрінеді. Бірақ мұнымен шектелмей адам өзін өзге адамдар орнына қояды, ерекшелігін, жеке даралығын көрсетеді. Бұл қосалқы пән. Бір жағы іс-әрекет пәні, екінші жағынан адамның өзін-өзі әлеуметтік ортада көрсету құралы.
1. 2. Қарым-қатынастың түрлерi
1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық) . Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi.
2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас - мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады.
3. Iскерлiк қарым-қатынас - мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады.
4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы - мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.
5. Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады.
6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас.
Коммуникациялық жүйе - бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу.
Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар:
1. Информативтi - адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру.
2. Интерактивтi - адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана отырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету.
3. Перциптивтi - қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру.
4. Экспрессивтi - эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту.
Хабар беру мына бағыттармен жүзеге асады:
-жоғарыдан төменге - жұмысшыларға бұйрық беру.
-төменнен жоғарыға - басшылармен пiкiр алмасу және т. б.
Коммуникация процесi жүзеге асу үшiн мынадай 4 элемент керек.
1. хабар берушi
2. мәлiмет
3. арнайы ақпарат беру құралы
4. ақпарат алушы
Коммуникация процесi 5 кезеңнен тұрады.
1. ақпарат алмасудың басталуы, мұнда хабар жiберушiнiң қандай реакция алатынын ашық бiлу керек.
2. Ойдың символға мәлiметкен айналуы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz