«Ойын–технологиясы негізінде қолайлы орта туғызу – баланы субъект ретінде дамыту шарты»



1. ОЙЫН.ТЕХНОЛОГИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ҚОЛАЙЛЫ ОРТА
2. Ойынсыз ақыл.ойдың қалыпты дамуы
3. Қазақтың ұллтық ойындары арқылы тәрбиелеу
Кіріспе
В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда, «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес». Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.[1,2]
Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Ойын - тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.
Я.А.Каменский: «Ойын – айналадағы дүниені танудың тәсілі», -деп атап көрсеткендей мен мектепке даярлық топтарында ойын технологиясын пайдалануда күнделікті жұмысымда мақсат етіп қойдым: баланың дамуына қолайлы жағдай туғыза отырып, оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.[1,3] Мақсатты жүзеге асырудағы тәрбиешінің міндеті:
Балалардың субъект ретіндегі белсенділіктерін арттыратын ойын технологиясын, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды іс-тәжірибеде пайдалану, тиімділігін анықтау.
ӘДЕБИЕТТЕР

1. Брушлинский А.В. Целостность субъекти – основание системности всех его качеств.
2. Козлова С.А., Куликова Т.П. Дошкольная педагогика., 1998 .
3. Эльконин Д.Б. Психология развития в детских возрастах., 1995
4. А.П. Усова Балабақшадағы оқыту

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ОЙЫН–ТЕХНОЛОГИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ТУҒЫЗУ –
БАЛАНЫ СУБЪЕКТ РЕТІНДЕ ДАМЫТУ ШАРТЫ

1. ОЙЫН–ТЕХНОЛОГИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ҚОЛАЙЛЫ ОРТА
2. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы
3. Қазақтың ұллтық ойындары арқылы тәрбиелеу
Кіріспе
В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда, Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да
жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық
терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып,
өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.[1,2]
Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты.
Ойын - тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін, адамға қиял мен
қанат бітіретін, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.
Я.А.Каменский: Ойын – айналадағы дүниені танудың тәсілі, -деп атап
көрсеткендей мен мектепке даярлық топтарында ойын технологиясын пайдалануда
күнделікті жұмысымда мақсат етіп қойдым: баланың дамуына қолайлы жағдай
туғыза отырып, оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.[1,3] Мақсатты жүзеге
асырудағы тәрбиешінің міндеті:
Балалардың субъект ретіндегі белсенділіктерін арттыратын ойын
технологиясын, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды іс-тәжірибеде
пайдалану, тиімділігін анықтау.

Білім-тәрбие беру ортасын субъектілік басқара отырып, қолайлы моральдық-
психологиялық жағдай жасау арқылы субъект ретінде қалыптасуына ықпал ету.
Егер осы міндеттерді жүзеге нақты асырсам, бәсекеге қабілетті тұлға
қалыптасады.
Мектепке бару – бала өміріндегі маңызды оқиға. Мектепте оқу баладан
дайындықты талап ететін қиын еңбек. Мектеп болашақ бірінші сынып оқушысына
өз мінез құлқын, ерік-жігерін басқару, ережеге бағыну, ортаға бейімделу
секілді көптеген талаптар қояды. Сонымен қатар, бала мектепке психологиялық
тұрғыдан да дайын болуы керек. Осыдан барып мектептегі даярлық топтарында
қандай қиындықтар туады деген сұрақ ойға келеді.
Ұлы педагог В.А.Сухомлинский: Баланың ақыл-ой дамуын, қызығушылығын,
қабілетін, бейімін білмей оны тәрбиелеуге болмайды, -дейді.[1,2] Баланы
барлық жағынан тәрбиелеу үшін, оны барлық жағынан білу керек деген дана
педагогикалық шындықты әр кез есте сақтау қажет.
В.Ф.Одоевский мектепте дейінгі жаста оқытуды Қандай да болмасын
ғылымға дейінгі ғылым деген. [1,6]
Мектепке дейінгі кезеңде жас ерекшелігіне сәйкес баланың өзін-өзі
бағалауының сақталуы, танымдық және тұлғалық дамуы, қоршаған ортамен өзара
байланыс жасауға дайындығы қарастырылады. Мектепалды даярлық топтағы
балалар әр нәрсеге әуестігімен ерекшеленеді.
Ғалымдар С.Л.Рубинштейн, Д.П.Годовикова, Т.А. Куликова, А.И.Сорокинаның
еңбектерінде 6-7 жастағы балалардың білуге құштарлығының, танымдық
қызығушылығының, коммуникативтік сұрақтары, түрткісінің дамуы танымдық
белсенділігінің көрсеткіштері ретінде атаған А.П.Усова Балабақшадағы
оқыту атты еңбегінде мектепке дейінгі балалардың оқу әрекетіндегі танымдық
белсенділігіне байланысты үш деңгейге бөлген теориясын басшылыққа алуды
ұсынады.[1,4] Мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін дамыту
балабақшадағы, мектепалды даярлық топтарындағы педагогтардың ұйымдастыру
шеберлігімен тікелей байланысты. Ең басты талап баланың бақыты мен
тағдырына қарап, дене, физиологиялық, психологиялық даму заңдылықтарын
түсіну.
Тәрбиеші-педагог – мектепалды жастағы балалардың танымдық
белсенділігін қалыптастыруда, оның көзін ашуда басты тұлға.
Сонымен бірге, танып білуге, қабілетін дамытуға, өз пікірін еркін
айтуға шығармашылығын дамыту арқылы іске асырылады.
Ойын - ой қозғайды. Баланың ойынын тыйғаның, ойлауын тыйғаның деген
қағида текке айтылмаған. Ойын төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты,
ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігін
көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалық қасиеттердің
қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бірі.
Ойын баланың санасын, ойын жетілдіріп, қиялын дамытады: бала қимылдарының
дамуына әсер етіп, физиологиялық қалыптасуына жағдай жасайды. Сонымен бірге
ойынды тәрбиеші мен балалардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты
технологиясы ретінде де қолдануға болады. Оқу үрдісінде біртіндеп ойын
технологиясын жиі қолданамын. Ойынның жекелеген түрлері балалар санасының
жетілуіне әртүрлі әсер етеді:
- сюжетті-рөлді ойындар: дүниетанымын, қоршаған орта жөніндегі
түсініктерді кеңейтеді, тілдік қарым-қатынасты дамытуға көмектеседі.
Драмалық: көркем әдебиет шығармаларын тереңірек түсінуге жағдай
жасайды, тіл белсенділігін арттырады.
- құрылыс-құрастыру: құрастыру, ойлау қабілетін арттырады.
- дидактикалық: алған білімді нақтылау, ойлау қызметін арттырады,
танымдық белсенділігін дамытады.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді, нақты міндетті шешеді.

Математика сабағында ойын әдістерін қолдану балаларды танымдық
белсенділігін дамытудың қажетті құралы болып табылады. Жас ерекшелігін, оқу
материалының өзгешелігін ескеріп дұрыс ұйымдастырылған ойын балалардың
зейінін аударады, ойлау әрекетін қарқындатады және оқушыларды сылбырлықтан
арылтады.
Ойынды математика сабағында қолдана отырып, балаларды саналы ойлауға
үйретемін. Заттарды санап және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне,
пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету мақсатында Жұбын тап, Өз
орныңды тап, Сан құрамын анықта, Не өзгерді? ойындарын сабақта
қолданамын. Нәтижесінде балалардың қаншалықты білімді меңгергендерін
анықтауға болады. Ойынды балалардың жас ерекшеліктеріне, өтілетін сабақтың
тақырыбының мазмұнына сәйкес етіп таңдап аламын. Математика сабағында
балалардың ой-өрісін дамытатын Санамақ ойыны. Оның басты ерекшелігі-
баланың ойлау қабілетін жетілдіру. Атау ұйқастарын санау арқылы бала сан
үйренеді, санға аты ұқсас заттарды танып біледі.
Бір дегенім- білім,
Екі дегенім- егеу.
Әр сабақта ойынды тиімді пайдалану сол сабақтағы өтілетін жаңа
тақырыпты баланың жақсы өз дәрежесінде меңгеруіне әкеледі. Сауат ашу
сабағында әріптермен, дыбыстармен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢАШЫЛДЫҚ СИПАТЫ
Оқытудың дамыту функциясы
Дамыта оқытудың ерекшеліктері мен қолдану тәсілдері
Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан ерекшелігі
Озат және педагогикалық тәжірибе туралы түсінік
Дамыта оқыту арқылы оқушылардың белсенділіктерін арттыру
Оқу-тәрбие процесiнде мектеп оқушыларына Дамыта оқыту жүйесiнде ғылымдар тәжiрибесiне сүйене отырып оқушылардың дамытушылық қабiлетiн қалыптастырып педагогикалық жаңа әдiстердiң тиiмдiлiгiмен жетiстiктерiне тоқталу
Оқыту үрдісінде педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану
Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дамыта оқыту технологияларын пайдалану әдісі
Инновациялық технологиялардың түрлерін талдау
Пәндер