Конфуцийлік-даосистік мәдениет



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1

I тарау Даосистік мәдениет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
Конфуцилік.доасистік мәдениетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... .2
II тарау Конфуфуций ілімі жайлы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
Конфуций ілімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Сяо ережелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
Каллиграфиялық белгілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
Конфуций тұрғысынан Қытай мәдениеті ... ... ... ... ... ... ... ... 12
Конфуций ілімі бойынша салт. жоралғылар ... ... ... ... ... ... ...14
Конфуций ілімі үшін ең басты нәрсе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
Кіріспе
Қандай халықты, қандай этносты, қандай елді болсын, алып қарасақ, әрбәр халықтың өз діні, ділі, тілі бар. Бұл үш белгі әрбір этносқа тән. Этнос өкілдері мейлі олардың жеке мемлекеті болмасын, мейлі олардың тәуелсіздігі болмасын, мейлі олардың дербестігі болмасын, мейлі олар басқа мемлекттің боданы болсын, мейлі қандай азапты күндерді басынан өткерсін , бәрібір олар өз этносын сақтап қалмақ. Дүние-жүзі халықтарының ішінде діні болмаған этнос жоқ шығар. Қандай болмасын дінді, қандай болмасын ілімді алып қарасақта өз алдына жеке мәселе.
Қай Республиканы алып қарасақ та басынан талай діни қақтығыстар өткерген. Мысалы, өзіміздің Қазақстан. Қазақ елі біздің заманымыздың өткен ғасырларында, Батыс пен Шығысты жалғастырып қосып тұрған- Ұлы Жібек жолының үстінде тұрғандықтан, әр түрлі діндермен таныс болды. Олар бірден Ислам дінін қабылдаған жоқ әрине. Христиан, будда секілді әлемдік орны ерекше діндер де болды.
Мен сіздерге, бұл дипломдық жұмысым арқылы Конфуцийлік-даосистік ілім жайлы ұсындым. Бұл ілім ең алғаш қашан қайда пайда болды деген секілді сұрақтар толық қамтылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8
2. Мәдениеттану негіздері: Оқулық. – Алматы: Дәнекер, 2000. ISBN 9965-485-34-8

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1

I тарау Даосистік мәдениет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
Конфуцилік-доасистік мәдениетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... 2
II тарау Конфуфуций ілімі жайлы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ..5
Конфуций ілімі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Сяо ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
Каллиграфиялық белгілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
Конфуций тұрғысынан Қытай мәдениеті ... ... ... ... ... ... .. ... 12
Конфуций ілімі бойынша салт- жоралғылар ... ... ... ... ... ... . 14
Конфуций ілімі үшін ең басты нәрсе ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 17

Кіріспе
Қандай халықты, қандай этносты, қандай елді болсын, алып қарасақ, әрбәр халықтың өз діні, ділі, тілі бар. Бұл үш белгі әрбір этносқа тән. Этнос өкілдері мейлі олардың жеке мемлекеті болмасын, мейлі олардың тәуелсіздігі болмасын, мейлі олардың дербестігі болмасын, мейлі олар басқа мемлекттің боданы болсын, мейлі қандай азапты күндерді басынан өткерсін , бәрібір олар өз этносын сақтап қалмақ. Дүние-жүзі халықтарының ішінде діні болмаған этнос жоқ шығар. Қандай болмасын дінді, қандай болмасын ілімді алып қарасақта өз алдына жеке мәселе.
Қай Республиканы алып қарасақ та басынан талай діни қақтығыстар өткерген. Мысалы, өзіміздің Қазақстан. Қазақ елі біздің заманымыздың өткен ғасырларында, Батыс пен Шығысты жалғастырып қосып тұрған- Ұлы Жібек жолының үстінде тұрғандықтан, әр түрлі діндермен таныс болды. Олар бірден Ислам дінін қабылдаған жоқ әрине. Христиан, будда секілді әлемдік орны ерекше діндер де болды.
Мен сіздерге, бұл дипломдық жұмысым арқылы Конфуцийлік-даосистік ілім жайлы ұсындым. Бұл ілім ең алғаш қашан қайда пайда болды деген секілді сұрақтар толық қамтылады.

Конфуцийлік-даосистік мәдениет
Даосистік мәдениетке шолу. Қытай этносы -қытай халқының басқа халықтардан өзгеше мәдениетінің қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Қытайлықтар болмыс құпиялары мен өмір мен өлім мәселелерінен гөрі жарылқаушыларға бас иіп, оларға еліктеуді өздерінің қасиетті парызы деп санады. Қытай елінде о дүниедегі рахат өмірді уағыздаушылардан гөрі, осы нақты өмірдің мән-мағьнасын терең түсіне отырып өмір үшін өмір сүруге үйретушілерді ұлылар қатарына жатқызып, олардың даналық қағидаларына бас иген. Дәстүрлі қытай мәдениетінің өзіндік бет-бейнесінің қалыптасуына діннен гөрі, салттық этиканың ерекше әсер етуі де осы жағдайға тікелей байланысты болса керек.

Конфуций
Қытай қоғамында орын алған мұндай жағдайлардың бәрі де адамзатты қоршаған дүниенің бейнесі жайындағы нақты ұғымдардың қалыптасуына да, оның эволюциялық сипатына да өз ықпалын тигізбей қойған жоқ. Мысалы, Қытайдың діни құрылымында дін адамдарының рөлі алғашқы кездерде онша жоғары бола қойған жоқ. Оған дәлел ретінде Аспан құрметіне байланысты өткізілетін діни рәсімдерді ғалым адамдардың емін-еркін атқара беретіндігін атап көрсетуге болады. Өйткені, Қытайда сол заманның өзінде-ақ ғалымдарға ерекше құрмет көрсетіліп, оларды жоғары сословиеге жатқызған, бірақ олар мұндай абыздық қызметтерден гөрі мемлекеттік істерге өте жақын тұрды. Қытайдың діни құрылымының бұл ерекшелігі сонау көне заманда, атап айтқанда, б.з.б. екінші ғасырдан бастап-ақ қалыптаса бастаған болатын.
Қытайлар да дүние жүзінің басқа халықтары сияқты құдайлар мен рухтардың құрметтеріне құрбандықтар шалды (кей жағдайларда қанды құрбандықтар да берілетін болған). Бірақ, уақыт өткен сайын көп құдайлар мен рухтардың ішінен Ұлы Құдай дәрежесіне жетіп, аты аңызға айналған Шанди басты орынға шықты. Әрине, діннің даму тарихындағы мұндай дара тұлғалар әлемдік басқа діндерде де жиі кездеседі (мысалы, Египетте). Бірақ, Қытайда Ұлы Құдай Шандиді өз халқының мұңын жоқтап, жағдайын ойлайтын, оған барынша қамқорлық жасайтын қамқоршы және арғы ата-бабаларының, ата-тектерінің негізін қалаушы ретінде де қабылдаған. Сондықтан да болар, қытай халқының тұрмыс-тіршілігіндегі барлық мәселелердің түйінін шешу -- Шанди құдайға табынумен, оған жалбарынумен тығыз байланысты болған.
Қытайдың қоғамдық-саяси өмірінде орын алған түбегейлі өзгерістерге байланысты, кейіннен, яғни Чжоу династиясы кезеңінде (б.з.б. XI ғ.) Шанди құдайға табынушылықтың орнын Аспанға табынушылық басты. Сонымен қатар Чжоу династиясының билеушісі Аспан тәңірінің ұлы деп, ал Қытай империясы Аспан аясындағы қасиетті империя деп жарияланды. Бүл атақ пен қытай елінің бұл аты XX ғасырға дейін сақталып отыр. Қытайлықтардың ел билеушілерін осыншама дәріптеп, оларға жоғары атақ бергеніне қарағанда, олар ел басшылары құдайлармен генетикалық байланыста деп түсінгендігін айқын аңғаруға болады. Чжоу дәуірінен бастап Аспан қытайлықтардың басты құдайына айналды. Аспанға табынушылықта моральдық-этикалық сарын басым болды. Қытайлықтар Аспан қайырымдыларды, рахымшылдарды жарылқап, ал мейірімсіз қатыгез адамдарды аяусыз жазалайды деп түсінген. Адамгершілік, қайырымдылық және т.б. ұғымдар Аспанның космостық күштерінен қуат алған, онымен ұдайы байланыста болған, халықтың қамын ойлаушы ел билеушісінің бойындағы ізгі қасиеттермен байланыстырылып қарастырылады. Қайырымды, дана билеуші ғана өз елін, өз халқын басқара алады, ал бұл қасиеттерден ада бол- ғандар ел басқару құқысынан айырылады. Ежелгі қытайлықтар өмірдің мәнін адамдардың космос кеңістігімен дұрыс қарым- қатынастар орната білуімен де байланыстырады.
Олай болса, қытай халқының салт-дәстүрінде, әдет-ғүрыптарында және т.б. дін этикалық нормаларға айналды. Аспанға табынуда моральдық және адамгершілік жақтарға баса назар аударылды. Ерекше атап өтетін бір жайт, Қытайда халық Аспан еркінің жаршысы деп жарияланып, рухтарға қарағанда халықтың жағдайына ерекше мән берілді, ал бұл жағдай Қытай мәдениетінің дамуына өз әсерін тигізбей қалған жоқ. Мәдениет тарихына тереңірек үңіліп қарасақ, табиғат дүниесімен етене байланыста болып, оған ерекше сезіммен, әрі сеніммен қарау 88 қытай халқының бойында қалыптасқан табиғи қасиет екендігін аңғарамыз. Табиғат пен адам жанының үндестігі, табиғатты аялау, оған деген сәбилік махаббат сезімі халықтық мәдени туындыларды одан әрі нәрлендіре түсті. Табиғатқа табыну және оның өзіндік табиғи қасиеттерін бағалаудың арқасында қытайлықтар жан-жақты жетілген, ізгілікке толы дүниенің бейнесін жасады. Олардың ұғымынша, дүние -- қарама-қайшылықтардың абсолютті үйлесімділігі үстемдік еткен шым-шытырық дүние, бірақ мұнда қандай жағдай болса да, олар бірін-бірі еш уақытта да жоққа шығармайды, қайта бірін-бірі толықтырып өзара үйлесімділік тауып отырады. Табиғаттың әрбір құбылысы -- табиғат атаулының, бүкіл тіршілік атаулының жалынды жаршысы. Әрбір табиғи құбылыстың өзіндік құпиясы, өзіндік сыры бар -- олардан даналық лебі еседі. Демек, Қытай халқының түсінігіндегі дүние бейнесі өзінің тұтастығымен, өзара үйлесімділігімен таң қалдырады. Қытай халқы табиғаттың бес қайнар бұлағын бес қасиетпен байланыстырады. Олар: адамгершілік (жень), парыз сезімі (и), әдепті қылық (ли), ізгілік (синь) және даналық (чжи).
Қытай мәдениеті космостық ырғаққа, оның ырқына байланысты іс-әрекетке шақырады, өйткені адамның әрбір іс-әрекеті, тіпті оның шығармашылық қасиеттері де Аспанға, оның құдіретіне тікелей байланысты. Мұндай тәңірлік көңіл күйді қытайлықтар былайша білдіреді: Мен сөйлеп түрған жоқпын, мен баяндап тұрмын. Ұлы уағызгер Конфуцийдің көзқарасынша, адам бойындағы қасиеттердің барлығы да табиғатпен тығыз байланысты. Табиғат адамға дарын береді, ал дарындылық -- табиғаттағы шығармашылық процестердің заңды нәтижесі болып табылады. Демек, қоғам мен табиғаттың өзара үйлесімділігі негізінде Аспан әлемімен, оның табиғи іс-әрекеттерімен байланыстырыла қарастырылатын әлеуметтік-этикалық мазмұндағы идеялар жатыр. Бұл идеялар даосизм және Конфуций ілімінде одан әрі түрленіп, толықтырыла түсті. Халық тарапынан қолдау тапқан бұл идеяны Қытай мәдениетінің рухани өзегіне айналған будда діні де кеңінен пайдаланып, одан әрі дамыта түсті. Соның нәтижесінде будда діні даосизм мен Конфуций ілімдерімен қосыла отырып философиялық-діни үштікті (Сань цзяо) құрады.

Даосизмдік Чань- Чун храмы
Даосизм адамзатты табиғатпен бірлікке шақырды. Сонау көне заманда басталған бұл тамаша дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, күні бүгінге дейін өзінің өміршеңдігін көрсетіп отыр. Сон-дықтан да қытай халқының мәдени туындыларында адамның табиғатпен байланыстары жан-жақты көрсетіліп, тамаша бейнеленеді. Даосизмнің негізін қалаушы -- Лао-Цзы өз заманында кәрі дана деген атаққа ие болған. Бұл діни жүйе діннен гөрі философияға жақындау болып келеді. Даосизм жергілікті дін ретінде б.з.б. VI ғасырда қалыптаса бастаған. Лао-Цзының өмірі туралы мәліметтер өте аз, әрі жұмбақ жақтары да аз емес. Сол кезеңдегі тарихи деректерге сүйенсек, этикалық ілімнің негізін қалаушы Конфуций Лао-Цзыға арнайы келіп одан өзінің шығармашылық қызметі жайындағы пікірін білгісі келетіндігін білдіреді. Бірақ, Көрі дана Конфуцийді Әлеуметтік жобалар мен реформалар жасауға босқа уақыт кетірдің, оның барлығы да бос әурешілік деп қатты сынға алады. Лао-Цзының тұжырымдауынша, халық даоны (дао -- жол деген мағынаны береді) негізге алуы қажет, өйткені даосизм ілімінің негізі табиғатпен байланысты. Одан әрі ол былай деп пайымдайды: Адамзат Жерге, Жер Аспанға тәуелді, Аспан даоны, ал өз кезегінде дао табиғилықты қажет етеді. Олай болса дао -- адамзат баласының тіршілігі мен бізді қоршаған жарық дүниенің дәнекершісі болып табылады. Дао -- жер бетіндегі тіршілік атаулының негізі, бүкіл заттық дүние мен табиғат құбылыстарының қайнар көзі. Дао ілімінде жеке адамның адамгершілік тұрғыдан жетілуі -- өзін қоршаған ортамен үйлесімділігімен байланыста қарастырылады. Лао-Цзының бұл атақты философиялық-діни қағидалары О пути к добродетели атты еңбегінде жан-жақты баяндалады.

Конфуций ілімі
Конфуций ілімі.Қытай мәдениетінің екінші бір қайнар бұлағы -- Конфуций ілімі болып саналады. Оның негізін қалаушы Кун Фуцзы, яғни Кун -- ұстаз. Конфуций б.з.б. 551 жылы шамасында өмірге келген. Бала кезінен-ақ білімге өте құштар болған Ұлы уағызгер көне заман тарихын қызыға оқып, ескі салт-дәстүрлерді өте жақсы көрген. Өмір жолында талай қиындықтарды басынан кешірген Конфуцийдің бойында өзі өмір сүрген ортаға көңілі толмаушылық сезімі белең алды. Ол елдегі бей-берекетсіздіктен құтылу және халықтың тұрмыс-тіршілігін дұрыс жолға қоюдың басты жолы -- ата-бабалар дәстүрлері мен зандарына, көне заман тәртібіне оралу деп санады. Конфуцийдің ойынша, бұл мақсатты жүзеге асыру жолындағы шараларды әрбір адам саналы түрде жүзеге асыруы, өз-өзіне жоғары талаптар қоя білуі және қабылданған ережелер мен канондарды мүлтіксіз орындай білуі шарт, міне, сонда ғана қоғамда келелі өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Бүл қағида -- оның этикалық-әлеуметтік бағдарламасының негізі болып табылады және Қытайдың мәдени-тарихи дамуына ерекше ықпал жасады.
Конфуций өзінің өмірлік қағидаларын қағаз бетіне түсірген жоқ, бірақ оның айтқан ой түжырымдарын шәкірттері жазба түрінде Суждения и беседы деген еңбекте жан-жақты баян- дайды. Кітаптағы әрбір қағида, ой толғаулары Ұстаз былай деген екен деп басталады. Бұл баға жетпес құнды еңбек Ұлы дананың ілімінен толық мағлұмат беретін жалғыз жазбаша дерек болып табылады. Өзі өмір сүрген ортаны өткір сынға алып, болашақтан үлкен үміт күткен Конфуций екі заманды өзара салыстыра отырып Жетілген адамның (цзюнь цзы) идеалын жасады. Жан-жақты толысқан, адамгершілік қасиеттері мол жетілген адамның бойында, негізінен екі қасиет болуы қажет, олар: адамгершілік пен парыз сезімі. Ол былай дейді: Мемлекетті басқаратын адам -- халқын шын ықыласымен сүюімен қатар парасатты және шыншыл болуы шарт. Нағыз цзюнь цзы болу үшін тек қана адамгершілік қасиет жеткіліксіз. Ол үшін тағы да басты қасиет -- парыз сезімі керек.Парыз -- бұл моральдық міндет болып саналады. Парызды сезіне білудің өзі білім мен жоғарғы принципке, жалпы алғанда, адам бойындағы ізгі қасиеттерге тікелей байланысты болып келеді. Осы орайда Конфуций Қайырымды ердің бейнесін жасап, оны қасиетсіз ерлерге (сяо жень) қарама-қарсы қойды. Қайырымды ер өз парыздарын терең түсіне біледі, қоғамдық заңдарды бұлжытпай орындайды, ол қасиетсіз ер болса тек өз қара басының құлы ғана, бас пайдасын ойлаудан аспайды. Алғашқысы өз-өзіне талаптар қоя білсе, екіншісі басқалардан талап етуді ғана біледі. Алғашқысына жауапты істерді сеніп тапсыруға бо-лады, адамдармен татулық қарым-қатынастарда болады, қайғы мен қуанышқа ортақтаса біледі, қажет болған жағдайларда өз өмірін қияды және қандай құрбандықтарға болса да бара алады, ал екіншісі болса бұл айтылған қасиеттерден мүлде жұрдай қасиетсіз адам. Қайырымды ер үш нәрседен қорқады, олар: киелі Аспан, ұлы адамдар мен даналардың айтқан сөздері, ал қасиетсіз ер көктен де сескенбейді, ұлыларды жек көреді, дана адамдардың сөзін ескерусіз қалдырады.
Уақыт өткен сайын Конфуцийдің беделі өсіп, оның ілімі қытай қоғамында ғана емес, адамдар санасында, олардың бүкіл тұрмыс-тіршілігінде де берік орныға түсті. Б.з.б. III ғасырда және б.з. III ғасырларында оның ілімі Хань династиясының тұрақты идеологиясына айналды, тіпті жоғары мемлекеттік қызметке қабылданатын адамдарға Ұлы үстаздың ілімін терең игеру талаптары қатаң қойыла бастады. Бірақ, заман ағымындағы орын алған түбегейлі терең өзгерістерге байланысты Конфуций ілімі айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Оның тұрақты идеологияға айналуына байланысты бүл ілімнің рухына нұқсан келді. Дәлірек айтқанда, өткенге құрметпен қарау, үлкендерді сыйлау сияқты адамгершілік ізгі қасиеттер жасандылық сипат алып, жалғандыққа, қанағатсыздыққа, пайдакүнемдікке жол берілді. Кейіннен, яғни ортағасырлық Қытайда біртіндеп әрбір адамның қоғамдағы алатын орнына байланысты тұрақты ережелер мен стеротиптердің белгілі бір жүйесі қалыптаса бастады. Бұл заңды қағидалар қытай салтанаттарында айқын аңғарылды. Өмірдің әрбір жағдайына байланысты барлық адамдар үшін міндетті түрде орындалуға тиісті тәртіп ережелері қалыптасты. Конфуцийлік ережелер бойынша адам қандай жағдайда болса да өзін тежеп ұстауы керек, ішкі жан-сезімдерін ақылға билеттіруі қажет. Демек, адамның еркі қалыптасқан ережелерге тәуелді болды, өз дегенін жүзеге асыра алмады. Конфуцийдің ілімі бойынша, әрбір адам өзінің қоғамда алатын орнын жете білуі қажет. Адамдар өз құқын, өзіне тиісті орнын, қандай жағдайда не істеу қажет екендігін толық білгенде ғана қоғамда тәртіп орнап, тыныштық жағдай қалыптасады. Мұндай қоғамдық-әлеуметтік тәртіпті Конфуций және оның жолын қуушылар мәңгілік, әрі мүлде өзгермейді деп есептеді. Сөйтіп, қытай қоғамы жоғарыдағылар және төмендегілер болып екіге бөлінді, алғашқылары мемлекетті басқару істерімен шұғылданса, соңғылары қарапайым еңбекпен шұғылданып, бағыныштылық жағдайда болулары тиіс болды. Қоғамды жоғарыдағылар және төмендегілер деп жікке бөлудегі басты өлшем тек қана байлық қана емес, сонымен қатар қытай азаматгарының цзюнь-цзы идеалдарына жақындығы және оған жан-тәнімен берілгендігі болып саналады. Формалды түрде бұл жағдай кез келген қытайлыққа жоғарыдағылар қатарына жол ашқанымен, шын мәнісінде, мүлде олай емес еді, өйткені шенеуіктер сословиесі қарапайым халықтан алынбас қамалмен бөлінген болатын. Ол қамал -- сауаттылық, яғни иероглифтер қамалы болатын. Қытай елінің бүкіл тарихында адамның қоғамда алатын орны мен оның әлеуметтік жағдайы сауаттылықпен өлшеніп келгендігін еске алсақ және қарапайым халықтың бүл межеге шыға бермейтіндігін ескерсек, қалыптасқан жағдайдың сырын түсінуге толық мүмкіндік аламыз.
`''Конфуций ел басқарудың басты мақсаты''' -- халықтың мүддесі деп жариялады. Оның әрбір қағидасын ескере отьірып, ұлы уағызгердің ізбасарлары мемлекеттің үш ең басты элементтерін атап көрсетті, олар: біріншісі -- халық, екіншісі -- құдай, үшіншісі -- әмірші-патша. Бірақ, халықты бірінші орынға қоя отырып конфуцийшілдер қарапайым халықтың мүдделері өздеріне де түсініксіз, сондықтан да олар білімді ел билеушілердің көмегінсіз мүлде өмір сүре алмайды деп санады. Конфуцийдің әлеуметтік тәртібінің басты қағидаларының бірі -- үлкендерді сыйлау, оларға бағыну. Олар үлкен бедел иелері, олай болса олардың айтқандарын мүлтіксіз орындап, еркіне бағыну -- мемлекет ішіндегі мүлтіксіз орындалуға тиісті ережелер болып есептелінеді. Бұл жағдай отбасылық өмірге де қатысты болды. Сондықтан да болар, Конфуцийдің Мемлекет дегеніміз -- үлкен отбасы, ал отбасы -- кіші мемлекет деген қағидасы Қытай елінде берік орнығып, өзінің өміршеңдігін көрсетіп отыр. Оның басты нәтижесі күні бүгінге дейін қытайлықтардың ата-анасын және үлкендерді сыйлап-құрметтеуді ұлттық дәстүрге айналдырғандығы болып табылады. Отбасылық -- мемлекеттік бағыныштылық принциптерінің өміршеңдігін 1989 жылы Таньаньмэнь алаңындағы (Пекинде) студенттер қозғалысының жеңілісінің қорытындыларынан айқын аңғаруға болады. Ғасырлар бойы үлкендер мен ата-анасын сыйлауды дәріптеген қытай қоғамы саяси билікте мемлекеттік даналықты бойына жинақтаған ел басшысына қарсылықты батыл айыптады.
Сяо ережелері.Ата-бабаларға табыну -- ежелгі Қытайда кеңінен орын алғаны тарихтан белгілі. Осы бір ежелден қалыптасқан дәстүрдің мазмұны мен түрін ғана өзгерткен Конфуций оған ерекше мән бере отырып, бұл табынушылықты әрбір қытай азаматының қоғамдағы басты міндетіне, тәртіп нормасына айналдырды. Сөйтіп, осындай мақсатты жүзеге асыруға негізделген Сяо -- яғни Балалар құрметі ілімі өмірге келді. Конфуцийдің пайымдауынша, сяо -- адамгершіліктің негізі болып саналады. Сяо ережелері -- ата-анаға қалтқысыз құрмет көрсетуді, оларды ли дәстүрімен жерлеуді және дәл осы тәртіппен ата-аналар құрметіне құрбандықтар шалып отыруды қатаң талап етеді. Сяо тәртіптері бойынша қандай жағдай болса да, тіпті әкесі ұры немесе кісі өлтірсе де балалары әке-шеше алдындағы борышын адал атқаруы шарт.

Қытайдағы Конфуцийлік храм
Уақыт өткен сайын сяоның ата-ананы құрметтеу туралы өмірлік қағидалары қытай қоғамында тамырын терең жайып, халықтың шексіз құрметіне бөленді. Айтылған пікіріміз дәлелді болу үшін баланың ата-анаға қарым-қатынасын көрсететін бірнеше мысалдар келтірейік. Бірінші мысал: Сегіз жасар бала маса өзін қанша шақса да, әке-шешесін мазаламайын деген оймен оларды ешбір қақпай осы бір азапқа төзіп, шыдамдылық танытады. Екінші мысал: Аштық жылында әбден әлсіреген әкесінің өмірін сақтап қалу үшін үлгілі бала өз етінен ет кесіп әкесіне сорпа пісіріп береді. Бұл мысал-әңгімелерден қытайлықтардың өз балаларын жас кезінен бастап-ақ, әке-шеше үшін қандай құрбандықтарға болса да дайын болуға тәрбиелейтіндіктерін байқауға болады. Осы орайда, қытайлықтардың бүкіл өмірі ата-бабалардың қатал да, талапшыл қазылардың алдында ұдайы есеп берумен өтті ме екен деген сияқты ойға да қаламыз. Қытайлықтар, тіпті өлілер де тірілердің іс-әрекеттерін бақылайды деп түсінген.
Конфуцийдің ата-бабаларды құрметтеу және сяо ережелері қытайлықтарды отбасын ыдыратпай, тату-тәтті өмірге тәрбиеледі. Отбасы -- қоғамның негізгі тірегі деп саналды, отбасылық мүдделер жеке адамдардың мүддесінен жоғары қойылды. Сондықтан да болар, олар махаббатты жәй ғана сезімдік құбылыс деп санап, оны отбасы мүддесінен төмен алып қарады. Жас жұбайлар арасында махаббат болмауы да мүмкін, бірақ бұл жағдай отбасының тату-тәтті өмір сүруіне ешбір нұқсан келтірмеуі және ерлі-зайыптылардың қоғам алдындағы әлеуметтік-отбасылық парыздарын ойдағыдай өтеуіне ешбір кедергі жасамауы керек болды. Ұрпақты жалғастыру мәселесіне дәл осындай мемлекеттік дәрежеде мән берілуінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конфуцийлiк - даосистiк мәдениет туралы
Конфуций іліміндегі этикалық ойлар
Қытай мәдениеті туралы
Конфуцийлік-Даостық мәдениет
Қытай мәдениеті туралы мағлұматтар
Ежелгі Қытай мәдениеті туралы ақпарат
Ежелгі Шығыс мәдениеті туралы мағлұматтар
Христиандык мәдениет
Мәдениет ғылымының қалыптасып, дамуы
Қытай эстетикасы
Пәндер