Заем шарты және жалпы сипаттамасы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе2

І Тарау. Заем шарты және жалпы сипаттамасы4

1. 1. Заем шарты- қаржы-несиелік міндеттеме ретінде. 4

1. 2. Заем шартының пайда болу және даму тарихы5

1. 3 Заем шартының ұғымы және белгілері. 7

ІІ Тарау Заем шартының ерекшеліктері12

2. 1. Заем шартының элементтері. 12

2. 2. Заем шартының мазмұны және шарттардың түрлері. 15

2. 3 Банк заем шартының ерекшеліктері. 23

ІІІ Тарау. Заем шарты бойынша борышқор жауапкершілігінің негіздері. 25

3. 1. Шарт бойынша барышқор жауапкершілігінің негіздері25

3. 2. Борышқор жауапкершілігінің ерекшеліктері. 27

Қорытынды29

Пайдаланған әдебиеттер тізілімі30

Кіріспе

Азаматтық айналымның қатысушылары жасайтын шарттық міндеттемелердің басым көпшілігі өтелмелі қатынастарды көздейді. Әдетте, олар ақшалай міндеттемелерді дүниеге әкеледі, осы міндеттеме бойынша, бірінші тарап зат беруге, қызмет көрсетуге немесе жұмыс атқаруға міндеттенеді, ал екінші тарап- берілген зат үшін, атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін ақы төлеуге міндеттенеді.

Ақша сомасын төлеумен тікелей байланысты ақшалай міндеттеме, әр түрлі шарттарда өзінің орнын табады: заем, сатып алу-сату, тауар жеткізілімі, контрактация, мүлік жалдау, мердігерлік, тасымалдау және т. б. шарттар.

Ал азаматтар туралы айтатын болсақ, олар өз міндеттемелері бойынша қарыздарын өзінің ақшалай заттарымен өтейді және ешбір басқа тұлғалардың көмегіне жүгінбейді. Бірақ кей кездерде, азаматтар олардың қолында бар қаражатпен төлеу мүмкіндігінен айырылған. Осындай кездерде, қаржы ресурстары бар тұлғаларға, солардың ішінде банктерге жүгінуге мәжбүр.

Дәл осындай жағдай ұйымдарда-заңды тұлғаларда пайда болуы мүмкін. Бірақ осы міндеттемелердің мазмұны мен көлемі өзіндік ерекшеліктерге ие, оларға міндеттемеге қатысушы субъектілердің ерекшелігі кіреді.

Айта кететін бір жайт, өзінің мұқтаждықтарын пайда тапқан, яғни жалақыдан ақшалай заттардың көмегімен әр түрлі мүлікті сатып алумен қанағаттандырады.

Мекемелер-заңды тұлғалар өзінің шығындарын коммерциялық пайда есебінен өтейді. Тек әлеуметтік-мәдени мекемелерде ғана шығындарын бюджеттік көздердің көмегімен ғана өтеуі мүмкін.

Аашалай міндеттемелердің субъектілері ақшалай заттардың тапшылығы жағдайында, заем шартының негізінде, үшінші тұлғалардың қаржылай көмегіне жүгінуі мүмкін.

Заем несиеленудің басқа нысандарының негізгі белгілерін сипаттайтын, мейлінше типтік несиелік міндеттеме ретінде ұсынылады.

Нарықтық экономиканың қызмет етуі -тауарлы-ақша айырбастаудың құрылысының ұйымдастырушылық-құқықтық әдістері мен құралдарын іздестіруге талпыныс жасайды. Заем - несиелік міндеттеменің мейлінше типтік және әмбебап түрі болып табылады, ол несиелудің басты нысанадары мен белгілерін анықтьайды. Азаматтық заңнамада заем рим құқығының рецепциясы негізінде пайда болды және ол римдік «mutuum» шартына негізделеді, оның анықтамасы Юстиниан Дигестыларында берілген.

Мемлекет экономикасы дамуының барлық сатыларында несие үлкен рөлге ие болған. Бірақ тек нарықтық экономиканың кезеңінде ғана несие және несиелік қатынастар кең қолданысқа ие болды және жаңа құқықтық бекітілуге ие болды.

Заем шартын қарастыру өзекті болып табылады, себебі мәміленің осы түрі ең көп таралған болып есептеледі, неге десеңіз, осы шарт міндетті жазбаша түрде куәландыруға тиісі емес және ол негізінен тұрмыстық сипатқа ие. Шағын ақша сомалары және жоғары бағасы жоқ заттардың заемы бойынша міндетте негізінен материалдық емес, моральдық сипат алуда себебі адамдар өзінің жақын туыстарына, жолдастарына белгілі бір заттарды ешбір жазбаша түрде куәландырмай, «қарызға беруге» үйренді, осының салдарынан жақыдармен қатынастар нашарлай түседі, себебі қарызға алынған зат немесе ақша сомасы иесіне уақытында немесе мүлдем қайтарылмады.

Біз ойымызша, осындай заемдық шараны, қол қойып куәландыру қажет емес, бірақ мәселе ірі мөлшердегі ақша сомасы немесе бағалы затқа қатысты болса, онда туыстық байланысқа көз жайып, мәмілені (жай жазбаша қолхат түрінде болса да) шарт ретінде куәландыру қажет.

Біздің жұмысымызда қарастырып жатқан мәселелер кешені, тек заңгерлерді ғана қызықтырмай, экономисттерді те толғандырады, ол қарастырылып жатқан институттардың ерекшелігімен байланысты.

Біздің курстық жұмысымыздың мақсаты-заем шартының ұғымын, белгілері мен элементтерін және оның мазмұны мен заем шартын орындау, тоқтату негіздерін зерттеу және оның тәжірибе жүзінде қолдану мәчелелерін қарастыру.

Заем шарты мұқият зерттеу үшін, біз тақырыпты ашатын бірнеше мәселені қарастырамыз:

  • заем шартының даму тарихын зерттеу
  • заем шартының ұғымы мен белгілерімен танысу
  • шарттың элементтерін қарастыру, оларға тараптар, шарт нысанасы, мерзім мен шарт нысаны кіреді
  • шарттың мазмұнын терең зерттеу, шарт ережесін бұзу салдарын қарастыру
  • заемшының жауапкершілігінің өзекті мәселелерін талдау

Заем шартына қатысты мәселе туралы азаматтық құқық саласының көптеген мамандары пікір жазды, және біз олардың еңбектеріне негізделіп, мәселені талдаған болатынбыз, оларға заң ғылымдарының доценті-Новоселова Л. А., ММУ-нің заң факультетінің аспиранты, залалдар мәселесіне қатысты еңбек жазған В. С. Евтеев, банктік шарттардың құқықтық табиғаты кітабінің авторы Е. Б. Осипов, Сулейменов, Басин, Худяков және т. б.

Біздің курстық жұмысымыздың құрылымы:

-жұмыстың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері кіріспеде айтылған;

-негізгі бөлігінде үш тарау, бірінше тарауда біз заем шартының ұғымы, белгілері туралы мәселені қозғасақ, екінше тарауда біз шарттың мазмұны элементтері туралы мәселені талқындаймыз, ал соңғы үшінші тарауда шарттың өзекті мәселелері, яғни заемшының (борышқордың) жауапкершілігі туралы толғау жасаймыз;

-айтылған мәселелер бойынша қорытынды жасаймыз;

І Тарау. Заем шарты және жалпы сипаттамасы

1. 1. Заем шарты- қаржы-несиелік міндеттеме ретінде .

«Несие» санаты қоғамдық қатынастадың экономикалық жиынтығын сипаттайды, біріншіден бастап несие берушіден борышқорға ал одан кейін керісінше, құнның қозғалысын (ақшалай немесе тауарлы нысанда) көрсетеді. «Заем» санаты осы қатынастық құқықтық нысанын сипаттайды және осының шеңберінде заем нысанасын беру және оны қайтару бойынша міндеттеменің пайда болуымен жүзеге асырылады. Басқаша айтқан, берілген қоғамдық қатынас, экономикалық тұрғыдан несиелік, ал құқықтық тұрығдан-заемдық болып саналады. Осында айта кететін бір жайт, банктік операциялардың көпшілік бөлігі, азаматтық-құқықтық институттармен реттеледі: банк салымы шартымен, заем шартымен және т. б. [1] .

Тәжірибе жүзінде заемдық (несиелік) операциялар шарт нысанында ресімделеді, ол несиелік шарт деген атқа ие болды, бірақ осы анықтама берілген қатынастардың құқықтық жан-жақтылығын толық ашпайды.

Несиелік шарттың құқықтық табиғаты көптгеген даулар туғызады. Авторлардың бірі тобы несиелік шартты заем шартының түріне жатқызады[2] . Басқа бір авторлар несиелік шартты, банктің ерекше рөліне байланысты құқықтың өзіндік шарты болады деп тұжырымдайды[3] . Aл авторлардың үшінші тобы несиелік шарттың өзіндік сипатқа ие болғанын тұжырымдайды: банктік ссуда шарты заем шартының өзінді бір түрі болып табылады, ол заем шартымен тек бір белгіде ғана ұқсас болып келеді-осы шарттардың екеуі де борышқордың иелігіне түскен ақша сомасын қайтаруды талап етеді[4] . Төртіншілері, несиелік шартты-заем шартының бір түріне жатқызады[5] . Бірақ та, несиенің нысанасы болып тек ақша ғана бола алады [6] .

ҚР-ның заңнамасы, Ресейдің заңнамасына қарағанда, «несиелік шарт» ұғымын қарастырмайды. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында консенсуалды шарт ретінде осы қатынастар банктік заем ұғымымен анықталады. : осындай шартқа қол қойғаннан бастап, банкте заем нысананасын беру міндеті пайда болады [7] . Банктік қызмет саласындағы несиелік қатынастар, соынмен қатар заматттық заңнаманың нормаларымен-банктік заем шартымен де реттеледі. Банктік заем шарты бойынша бір тарап (заем беруші) басқа тараптың (заемшының) мен шігіне (шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына) ақша немесе тектік белгілермен айқындалған заттарды береді, ал заемшы заем берушіге дәл осындай ақша сомасын немесе осы тектегі және сападағы заттардың тең мөлшеріне уақытында қайтаруға міндеттенеді.

Банктік операциялардың ерекшелігі (банктік заем шартын қосқанда) олардың жеке-сенімділік сипатымен айқындалады. Осыған сәйкес, заемшы цессия немесе кепілдік шарты бойынша үшінші тұлғаларға банктіен заем шартын талап ету құқығын бере алмайды [8] . Келеңсіз жағдайлардың туындамауы мақсатында, несиелік шарттарды жасағанда, несие беру туралы шарттардың мәтіндеріне ереже ескеріледі, ол бойынша, заемшы өзінің несие алу құқығын үшінші тұлғаларға беруге (сатуға ) құқығына шек қояды.

Заемдық операция-бұл ұғым банктік заңнамада қолданылады. Заем -азаматтық құқықтың құралы. Тәжірибе жүзінде заемшыға банктен ақшаны беру қайтарымдық, мерзімделік, және ақылы болу ережесімен және оы қатынастар несиелік деп аталады, ал шарттардың атауы несиелік шарттар атауына ие болды, бірақ та ол дұрыс емес, себебі бұл атау олардың жан-жақтылығын толық сипаттамайды, бірақ та өзінің тұрақты болуына байланысты осы ұғым орын алды.

1. 2. Заем шартының пайда болу және даму тарихы

Қазіргі замандық Қазақстанның азаматтық құқығы негізінен, рим құқығының рецепциясы болып табылатыны жөн, сондықтан заем институтын қарастырғанда, рим заңгерлерінің зерттеулеріне жүгінуіміз қажет, соның көмегімен біз заемның табиғатын, оның конструкциясының даму үрдісін зерделей аламыз.

Рим құқығында, әсіресе Юстинианның Дигестыларында заемға келесі анықтамалар берілген: «Заем(mutuum) ол шарт, ол бойынша бір тарап (заем беруші) екінші тараптың (заемшының ) меншігіне ақша сомасын немесе тектік белгілермен айқындалған басқа заттарды (егін, май, шарап) береді, ал заемшы шартта көзделген жағдайларда оларды қайтаруға міндеттенеді немесе осы тектегі және сападағы заттардың тең мөлшерін уақытында қайтаруға міндеттенеді». [9]

Осы анықтамадан көрінетіндей, заем шартының мағынасы, бір тарап екінші тарапқа затқа меншік құқығын береді, әсіресе міндетті түрде затқа деген жеке меншіктің тікелей иелік етуіне өтуі және заем ережелерінің арнайы рұқсаты міндетті болып табылады. Алғашында, ежелгі заманда осы келісім ынталандырудың ерекше нысанымен айқындалатын(мерекелік уәде берудің айырбастауы), кейінірек-жай жазбаша нысанда жүзеге асырылды. Заем шартының заты болып( оның ерекше рим конструкциясында) кез келген зат танылмаған, тек қана денелік, айналымда бар, тектік белгілермен айқындалған (заем болып табылмады, мысалы, міндеттемелерге қатысты, сервитуттердің, жеке -арнайы заттар: белгілі бір шебердің суреті немесе оның мазмұны және т. б. ) ; заттардың басқа түрлері бойынша басқа заттармен операцияларда заем қасиеттері сақталмаған.

Заемнан туатын міндеттеме, қатаң түрде біржақты болып келеді: заем беруші заем алушыдан берілген заттардың дәл сондай қасиеттремен және тектік белгілермен айқындалған және сондай көлемінде талап етуге құқылы; заем берушіге онда міндеттеме жүктелмеген. Заем беруші шарт жасалу кезінде, атап айтқанда, заем алушының меншігіне белгілікті бір мүлікті беріп, осындай берудің нәтижесінде шартты жасасты. сондықтан шарт бойынша ол тек талап ету құқығына ие бола алады және ешқандай бір міндеттеме оған жүктелмеген; осы құқықты жүзеге асыру үшін заем бершінің иелігінде қатал құқықтың шағымдары бар( actions stricti iuris) . Керісінше, заем алушы шарт жасасу кезінде ақша сомасын немесе басқа ауыстырмалы заттарды алды, сондықтан заем шартының негізінде ешбір нәрсені талап етуге құқығы жоқ, оған тек заем берушімен берілген дәл сондай ақша сомасын немесе ауыстырмалы заттардың дәл сондай мөлшерін қайтару міндеттемесі жүктелген[10] .

Борышқордың міндеттемелері тек оған заттың нақты беруімен бірге туындаған(res) -(заем валютасы) ; өзінен-өзі заем бойынша келісім (consensus) ешбір заңдық күшке ие болған жоқ. Заттың берілу кезеңі борышқор жауапкершілігінің басталу кезі болып саналды, сондықтан заем шарты нақты мәмілелердің жалпы түрлеріне жатқан болатын[11] .

Осылай, mutuum шартының келесі мінездемелік белгілерін белгілеуге болады:

а) шарттың нысанасы - ақша сомасы немесе тектік белгілермен айқындалған белгілікті көлемі(салмағымен, санымен, мөлшерімен) ;

б) заттар заем алушының меншігіне беріледі ал заем алушы дәл сондай ақша сомасын немесе көлемдегі, дәл сондай тектегі заттарды заем берушіге қайтаруға міндеттенеді.

Заем шартынан заем алушының қарызға алынған сома бойынша сыйақы төлеу міндеттемесі пайда болмаған, бірақ та пайыздар туралы ерекше келісім жасау тәжірибесі кеңінен қолданылған болатын. Пайыздық заемның ежелгі нысаны-fenus; мысалы, шаруаға қарызға тұқым берлетін болған, ал шаруа өз кезегінде алынған өнімнің бір бөлігін, сонымен қатар, белгілі бір сыйақыны, яғни пайыздарды төлеуге мінднтті болды. Fenus ашақ қысымшылықтың нысаны ретінде кедейлердің арасында үлкен қарама-қайшылықтардың себебі болды. Республика кезеңінің аяғында fenus қолданыстан шығарыла басталды. Бірақ та бұл жағдай пайыздық заемдардың жоғалуына әкеліп соққан жоқ; оның тек қана нысаны өзгерді: заем шартына(mutuum) толықтыру ретінде пайыздар жөнінде ерекше келісім бекітілген болатын. Пайыздардығ ең жоғарғы деңгейі әр түрлі кезеңде әр түрлі болды:классикалық құқықта-айына 1%, Юстиниан құқығында- жылына 6 % (саудагерлер үшін жылына - 8%) . Пайыздар үшін қосымша пайыздарды талап етуге тыйым салынған болатын.

Ал енді заемды мұсылмандық құқық тұрғысынын қарастырайық. Исламдық заң адамдарға тиесілі болған жеке меншікті иеленудің және оған билік етудің шектелмеген нысанын қарастырмайды. Осы тұрғыдан шариат екі түрлі көзқарастың арасында бейтарап позицияны ұстанып отыр. Социализм және коммунизмге қарағанда, ол жеке меншіктен бас тартпайды және оны зұлымдықтың көзі деп танымайды. Ал басқа жақтан қарағанда, ол адамдарға осы меншікті пайдалану және оған билік ету бостындығына шек қояды. Шариатқа сәйкес, бар мүліктің барлығы толығымен Алланың меншігінде, ал жеке «иеленушілер» фактілі түрде сенім білдірілген тұлғалар болып табылады, олар осы мүлікті пайдалану, инвистициялау, бір-біріне осы мүлікті беру құқықтарына ие, оған меніп берірлген мүлік нақты иесінің (Алланың) көзделген заңның шеңберінде осы құқықтарды пайдалана алады.

Жоғарыда айтылып өткендей, исламдық доктрина байлықтың жеке адамдардың немесе топтың қолында шоғырландаруына шек қояды, оған негіз болып табылатын Қоранның 59-шы сүресінде былай делінген, Алланың тарапынан қайымға берілген мүлік, тек байлардың арасында бөлінуі мүмкін емес. Дәл сол кезде исламнды зерттеушілер қазіргі заман баспалдағында жеке меншікті қауымның және мемлекеттің экономикалық дамуының басты тетігі болып табылатынын пайымдайды. Сондықтан мұсылман жеке меншікті сақтауға және оны көбейтуге ат салысуы қажет, сонымен қатар мүлікті бар қауымның мүддесі үшін пайдалануы қажет.

Мұсылмандық сунниттік-заңгерлердің азаматтық-құқықтық шарттардың классификациясында несие (ссуда) шарты атап өтілген.

1. 3 Заем шартының ұғымы және белгілері.

Mutuum деп аталатын римдік мәміледен туған заем шарты, бүгінгі таңда барлық несиелік қатынастарды реттейтін жалпы модельдің мағынасын сақтап отыр. Заем шарты нақты мәміленің классикалық түрі болып табылады.

Қызықты бір мәселе, өзінің мамандығы бойынша заңтанумен еш байланысы жоқ, яғни заем ұғымның легалды анықтамасын білмейтін, қатардағы азаматтардың арасында заем туралы сөз қозғалғанда, олардың саналарында, бірінше кезекте банктермен байланысы бар экономикалық қатынастар туралы ойлар туады. Заемге деген онлай қатынастың болуы кездейсоқ емес, себебі, біз білетіндей, экономика өзінің өзінің қатынастарын заңға негізделіп құрайды, ал құқық экономикалық қарым-қатынастарды реттейді. Осылай, мемлекет және оның азаматтарының пайдасы үшін қызмет атқаратын белгілікті бір шеңбер пайда болады.

Сонымен, экономисттер атап өткендей, нарықтық экономиканың басты заңының негізінде ақша үздіксіз айналымда болуы қажет. Уақытша бос болып жатқан ақшалай заттар, несиелік капиталдардың нарығына түсуі міндетті, қаржы-несиелік мекемелерде жұмыс істеулері қажет, ал одан кейін қосымша ақша қаражатын қуюды талап ететін экономиканың салаларында қажетті болып табылатын іс пайдасы үшін қызмет атқаруы қажет.

Заем шарты экономикалық қатынастарды қатынастарды рәсімдейді, ал осы қатынастар өзінің табиғаты бойынша бірдей болып табылатын несие шарттары мен факторинг шарты (ақшалай талапты беріп қаржыландыру, осы жұмыста біздің зерттеуіміздің заты болып табылмайды) . Ұсынылып отырған барлық жағдайларда, бір қатысушының екінші қатысушыға, осындай көлемінде қайтарылуы, сонымен қатар сыйақы төленуі жағдайымен белгілікті бір мүлікке тауар айналымының берілуі, яғни экономикалық мағынада несиенің берілуі туралы сөз болып жатыр. Бірақ та, делдалдықтың экономикалық қатынастары әр түрлі азаматтық-құқықтық шарттармен куәландырылма, дәл солай да несиелік экономикалық қарым-қатынастар да әр түрлі куәландыруы мүмкін: бағалы қағаздармен ресімделген - вексельдің берілуімен немесе облигацияның(эмиссияның) шығарылумен ақшаны немесе заттың заемға алу туралы шартның көмегімен, немесе несие шартының көмегімен (сонымен қатар, тауарлы несиенің берілуі туралы шарттар) және факторинг шартының көмегімен ресімделе алады [12] .

Заем шартының легалды анықтамасы ҚР АК-ның 715-б. берілген. Жалпы тұжырымда : заем шарты бойынша бір тарап (заем беруші) басқа тараптың (заемшының) меншігіне (шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына) ақша немесе тектік белгілермен айқындалған заттарды береді, ал Азаматтық Кодексте немесе шарта көзделген жағдайларда оларды беруге міндеттенеді, ал заемшы заем берушіге дәл сондай ақша сомасын немесе осы тектегі және сападағы заттардың тең мөлшерін уақытында қайтаруға міндеттенеді. ( ҚР-ның АК-нің 715-б. 1-б. ) .

Бұрынғы АК бойынша заем шарты тек нақты шарты болып табылатын, мұндай шарт ақшаны және заттарды берген кезде ғана күшіне енетін. Ал қазіргі АК заем шартының консенсуалды сипатта болуы мүмкін екендігін аңғартады (717-б. ) . Мұндай шарт, тараптар арасында оның барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін нысанда келісімге қол жеткен кезде, жасалды деп есептеледі. Айтылған мәселеге байланысты нақты заем шарты біржақты шарт, ал консенсуалды заем шарты екіжақты (өзара) шарт болып табылады.

Заттарды немесе ақшаны бөліп-бөліп беруді көздейтін заем шартының ерекшеліктері де бар. АК-тің диспозитивтік сипаттағы 717-б. сәйкес мұндай шарт оның нысанасының бірінші бөлігі берілген кезден бастап жасалған болып есептеледі. Шарттың ерекшелігі мынада: шарты нысанасын бөліп-бөліп беруді көздейтін нақты заем шартының өзі, оның бірінше бөлігі берілген соң, заемшы заешы заем нысанасының қалған бөліктерінің берілуін талап ете алатын консенсуалды шартқа айналады.

Осылай, заем шартының заты ақшалай заттар, немесе текті белгілермен айқындалған заттар, яғни тек қана оған сай келетін жеке белгілері жоқ заттар, сондықтан басқа біртекті заттардан ерекешеленбетін заттар бола алады.

Өзінің заңгерлік табиғаты бойынша заем шарты классикалық біржақты және нақты мәміле болып табылады, сонымен қатар шарт ақылы(жалпы ереже бойынша) және ақысыз болуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН АЛУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТМЕЛЕР
Несиелік-айырысу міндеттемесі
Несие үшін төлем
Тасымалдау шарттың түсінігі мен жүйесі
Шарттардың жеке түрлері
Қазіргі банктік қызметтер нарығын бағалау, қиындықтарын анықтап, даму жолдарын, мүмкіндіктерін көрсету
Нарықтық экономикадағы ипотеканың алатын орны мен ролі
Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы
Мүлікті тегін пайдалануды сипаттау, саралай зерттеу
Төлем мерзімі басталғаннан несие мерзімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz