Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту



Мазмұны:
Кіріспе

Қазіргі педагогика мен психологиядағы шығармашылық және шығармашылық қабілеттер
І. Негізгі бөлім:
1.Шығармашылық және шығармашылық қабілет түсініктері
2.Шығармашылық қабілеттерді дамытуға әсер ететін факторлар
3.Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін
дамыту жолдары

Практикалық бөлім
Сабақ жоспарлары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Әрбір қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда дарынды баланы дамыту мен анықтаудың қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында шығармашылық тұрғыда ойлаушы, тәуелсіз жеке адамды дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдардың дамуында жағымды өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, балалардың жеке басының қабілеттілік жақтарына терең үңіле бермейміз.Бүгінгі күннің негізгі талабы – білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын жаңаша ойлай алатын шығармашылық адамға айналдыру.Балаларда әлемнің көп бейнелі жақтарын шығармашылық таным негізінде қабылдай алу қабілетін дамыту қажет. Осының негізінде интеллектуалды, креативті (шығармашылық қабілетті), дарынды ұрпақты тәрбиелеп оқыту, психология- педагогикалық маңызды мәселелерінің бірі деп білеміз.
Зерттеу болжамдары: Балалар бойындағы дарындылық қабілетін жетілдіру жолдары қарастыру, жасау, жүзеге асыру негізінде балабақшадағы дарынды баланың интеллектуалдық ой- өрісінің артуына ықпалы зор болады. Егер балабақшадан бастап дарынды қабілетті бүлдіршіндермен жекеленген шығармашылық жұмыстар жасау негізінде Республика көлеміндегі қабілетті балалардың жан- жақты ашылуына септігін тигізеді деген ойдамыз.
Зерттеудің мақсаты: Шығармашылық қабілетті дамыту жолдарын, заңдылықтарын және барысын зерттеу. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетінің даму барысын бақылап, тәжірибе барысымен байланыстыра отырып зерттеу.
Зерттеу объектісі: Мектеп жасына дейінгі балалар
Зерттеу пәні: Мектепке дейінгі педагогика
Зерттеу міндеттері:
1. Балалар бойындағы шығармашылық қабілетін жетілдіру жолдарын қарастыру, теориялық талдау жасау.
2. Балалар бойындағы дарындылық қабілетін анықтау әрекетінің маңызын ашып, жолдарын белгілеп, құралдарын таңдау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда оқыту мен тәрбиелеудің әр
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана. 2007ж.
2. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Балбөбек» бағдарламасы, Астана, 2007
3. Ерте жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы. Астана, 2010ж.
4. Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы. Астана, 2010ж.
5. Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы. Астана.2010
6. С.Д.Андабекова « Мектепке дейінгі педагогика» Алматы, «Адам және қоғам», 2012
7. Меңжанова А.К «Мектепке дейінгі педагогика», Алматы, 1992ж.
8. Ф.Н.Жұмабекова «Мектепке дейінгі педагогика». Астана «Фоллиант» баспасы,2008ж.
9. Ядэшко В.И.,Сохина Ф.А. «Мектепке дейінгі педагогика» А.Мектеп,1982ж.
10. Қоянбаев Ж. «Педагогика». Астана.1998ж.
11. Сағындықов Е. «Педагогика». Астана, 1998ж.
12. Мухина В.С. «Алты жастағылар мектепте». Алматы.Мектеп.1982ж.
13. З.Н.Нурдавлетова «Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы»
Алматы. «Алишер» 2011ж.
14. Бабаев С.Б.,Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика» Алматы, 2006
15. Құрманалина Ш., Ғалымова Ә. «Педагогика» Астана. 2008ж.
16. Ұзақбаев С.А. «Балаларға эстет

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Мамандық: 0- Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Біліктілік: Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі


Ғылыми жетекші:
Орындаған:



Мазмұны:
Кіріспе

Қазіргі педагогика мен психологиядағы шығармашылық және шығармашылық қабілеттер
І. Негізгі бөлім:
1.Шығармашылық және шығармашылық қабілет түсініктері
2.Шығармашылық қабілеттерді дамытуға әсер ететін факторлар
3.Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін
дамыту жолдары

Практикалық бөлім
Сабақ жоспарлары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Әрбір қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда дарынды баланы дамыту мен анықтаудың қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында шығармашылық тұрғыда ойлаушы, тәуелсіз жеке адамды дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу - бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдардың дамуында жағымды өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, балалардың жеке басының қабілеттілік жақтарына терең үңіле бермейміз.Бүгінгі күннің негізгі талабы - білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын жаңаша ойлай алатын шығармашылық адамға айналдыру.Балаларда әлемнің көп бейнелі жақтарын шығармашылық таным негізінде қабылдай алу қабілетін дамыту қажет. Осының негізінде интеллектуалды, креативті (шығармашылық қабілетті), дарынды ұрпақты тәрбиелеп оқыту, психология- педагогикалық маңызды мәселелерінің бірі деп білеміз.
Зерттеу болжамдары: Балалар бойындағы дарындылық қабілетін жетілдіру жолдары қарастыру, жасау, жүзеге асыру негізінде балабақшадағы дарынды баланың интеллектуалдық ой- өрісінің артуына ықпалы зор болады. Егер балабақшадан бастап дарынды қабілетті бүлдіршіндермен жекеленген шығармашылық жұмыстар жасау негізінде Республика көлеміндегі қабілетті балалардың жан- жақты ашылуына септігін тигізеді деген ойдамыз.
Зерттеудің мақсаты: Шығармашылық қабілетті дамыту жолдарын, заңдылықтарын және барысын зерттеу. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетінің даму барысын бақылап, тәжірибе барысымен байланыстыра отырып зерттеу.
Зерттеу объектісі: Мектеп жасына дейінгі балалар
Зерттеу пәні: Мектепке дейінгі педагогика
Зерттеу міндеттері:
1. Балалар бойындағы шығармашылық қабілетін жетілдіру жолдарын қарастыру, теориялық талдау жасау.
2. Балалар бойындағы дарындылық қабілетін анықтау әрекетінің маңызын ашып, жолдарын белгілеп, құралдарын таңдау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі әдіс- тәсілдерін (бумеранг, стрело, ныталандыру және әсерлендіру, оқытудағы белсенділік және интенсивтік әдіс) қолдануды ұсындым. Выготский, М.Потаншиктің ұсынған ой- пікірлерін негізге ала отырып, жұмыстар жүргізуді көздедім.

Қазіргі педагогика мен психологиядағы шығармашылық және шығармашылық қабілеттер

Қазақстан Республикасында қазіргі мектепке дейінгі мекемеде жаңа өзгерістер мен әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағыттағы жобаны іздестіру және қолдануға арналған Республиканың Білім туралы Заңында Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту сияқты мәселелер мемлекеттің білім саясатының басты ұстанымында атап көрсетілген. Әр елдің болашағы сол халықтың білім, ғылым деңгейімен анықталатындықтан, оқу жүйесін неғұрлым тиімді құра білу қажеттілігі қай кезде де өзекті мәселе болмақ. Танымдық қызығушылық оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс табады. Қазіргі тәрбиелеп оқытудың ең көкейкесті проблемалары танымдық қызығушылық мәселелерін қарастырады. Бала өмірінде қызығушылықтың әр түрі (эстетикалық, көркемдік, музыкалық, т.б.) көрініс табады. Өскелең ұрпақ үшін танымдық қызығушылықтың маңызы өте жоғары. Танымдық қызығушылықты арттыру, дамыту туралы, бұдан басқа оның қоршаған ортамен тәрбиеге тәуелділігін Гельвеций атап көрсеткен болатын. Сондай-ақ дамыта оқытудың әдістемесіндегі ең басты нәрсе мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылық әрекетін арттыру. Мұның өзі эвристикалық және зертттеу әдістеріне ерекше мән берілетінін көрсетеді. Бұл әдістер тәрбиешінің дәстүрлі емес тапсырма түрлерін ізденудің объектісі ретінде қоюы, жекеліктен жалпыны тауып шығару тағы басқа сияқты мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ізденісіне, танымдық қызығушылығына жетелейтін, іс-әрекетке қосатын , баланы іс-әрекет біліктері мен дағдыларының шебері, белсенді ізденгіш ететін әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады.
Психологтардың зерттеуі әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік қабілет, бейімділік болады дегенді айтады. Сондықтан баланы сәби кезінен бастап мектеп бітіргенге дейін үзбей, жүйелі түрде шығармашылыққа баулып, ақыл - ойын, икемділігін дамыту қажет. Орта буынды шығармашылық мүмкіндігі зор, шығармашылықпен тұрақты, белсенді айналысуға икемді жас деуге болады. Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік - баланы психологиялық дайындықтан өткізу. Психологиялық дайындық , яғни педагогтің психологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін балаға тәрбиешінің берер психологиялық әсері мынадай болмақ: сенің қолыңнан бәрі келеді, сен қабілеттісің, жаз, үйрен деп баланың еркін билеп, сенім білдіру; баланың кішкентай жетістігі болса да, жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу; шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін бақылау, қамқорлық таныту; оқушының қойған сұрақтарына пейілмен дұрыс жауап беру, олардың психологиялық еркіндігін қамтамасыз ету сияқты әрекеттерді педагог білу керек. Шығармашылықты тежейтін бірнеше кедергі бар: біреулер жаза алмаймын, қолымнан келмейді деп өздерін үрейге , қорқынышқа билетсе, екінші бала өз жазғанына өзі қанағаттанбайды; ал үшінші біреу - жасқаншақ немесе ұяңдықтың кесірінен өз талантын танытуға енжар болады; төртіншісі жалқаулыққа жеңдіреді. Міне осындай кедергілердің алдын алып, баланың талабын ұштау ұстазға байланысты.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен қабілет ұғымының мәнін түсініп алуды қажет етеді. Философияда қабілеттерді тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық - тарихи іс - әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен. Шығармашылық деген сөздің төркіні, этимологиялық шығару, ойлап табу дегенді білдіреді. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке жету деп түсіну керек. Философиялық сөздік: ...шығармашылық - қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс - әрекет, - деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л. С. Выготский шығармашылық деп жаңадан ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я. А. Пономарев оны даму ұғымымен қатар қояды. Өйткені жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді де есептейді. Бұл пікір бүгінгі күні педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды. Қазіргі жағдайда мемлекеттердің даму деңгейі табиғи ресурстардың байлығымен ғана емес, сонымен қатаринтеллектуалдық және шығармашылық әлеуметімен, ғылым мен өндірісте жаңа технологияларды игеру мен енгізу табыстарымен анықталады. Осылай баланы үздіксіз бақылау барысында өзіндік жұмыстар жасай бастайды. 2 - 3 жас аралығындағы сурет салуға деген қызығушылық туады. Шығармашылықпен жұмыс жасау тәрбиелеу барысындаөзін қоршаған ортамен байланыстыра бейнелеуді тапсыру керек. Мысалы: Сен ненің суретін салдың? деп баланы ойға салу керек. Осы іс - әрекет барысында қоршаған айналамен танысу ұғыну үшін, салынған бейнені бала шығармашыл қиялмен жетілдіре салу барысында қойылған сұрақ алғашында бұл сұраққа бала үндемей жауап қайтармауы мүмкін. Бұл ұғынысты нәрсе. Бала мақсат қоя алмаған. Бұл уақытта асықпаған дұрыс. Мектеп қабырғасының бастауыш буынына қарағанда балабақша жасындағы балалардың зейіні тұрақсыз. Осыны ескеріп балаға (Бұл қандай үй? Үйге ұқсамайды) деп айтуға асықпау тиіс. Бала тез айнып қалуы мүмкін. Осы тұрғыда жұмысты үзбей шығармашылық жұмыс жасау барысында, бала нені және қалай ұнататынын түсіне бастайды. Балабақшадағы балалардың қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіде, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейін жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез келген бала шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы - ол баланың өзін - өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс - тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Бүгінгі күні балабақша балалары кез келген шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық керек.

І. Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту
1.1.Шығармашылық және шығармашылық қабілет түсініктері

Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуға, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес, жаратушы да. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарына өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылардың назарына болғандығын байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан, шығармашылық педагогикасының негізгі сақсаты - бүгінгі күнгі талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады.
Ерекше жаратылыс иесі адамдардың ақыл-ой өрісі, қабілеті мен бейімділігі, мінезі мен түр әлпеті әрқилы. Әйтеуір, бұл мәселеде бір-біріне жүз пайызға ұқсасы жоқ. Бұл өзі жаратылыстың, адам табиғатының тағы бір құпия сыры. Соған қарамастан, әркім өз ерік күшіне сәйкес өз қабілетін танып-білуге, оны дамытуға талпынады. Керісінше, өз қабілетін тектен-текке құртып (бізге сырттай солай көрінуі мүмкін), оны басқаға жұмсайтындары да аз емес.
Қабілеттің дамып, қалыптасу үрдісі әртүрлі деңгейде өрістеп отырады. Оның алғашқы деңгейін репродуктивтік, екінші деңгейін шығармашылық деп атайды. Мұндағы репродуктивтік деңгей - жұрттың бәріне ортақ оқи, жаза, есептей білу, шығармашылық деңгей - арнайы қабілеттіліктің танылуы. Әрбір адам баласы өз бойындағы қабілеттің дамып, қалыптасуындағы алғашқы деңгейінде оқу, білімді игеруге, іс-әрекетті қажетті дәрежеде жүзеге асыруда икемділік көрсететін болады. Екінші деңгейде жаңа бір заттар мен туындыларды жасай алатын мүмкіндігін байқатады.

1.2.Шығармашылық қабілеттерді дамытуға әсер ететін факторлар

Шығармашылықтың қандай түрі де еңбекпен дамып, қалыптасады. Ешкім маңдай терін тамшылатып еңбек етпейінше, оның бойындағышығармашылық қабілеті ешқандай мән-маңызға ие бола алмайды. Өйткені, қабілет ойлау, күшті ерік-жігер, тұрақты мінез, қажыр-қайрат, ұшқыр қиял тәрізді адамның жан қуаттарының сан түрлі жақтарымен тығыз байланысты. Қабілетті адам шығармашылықпен іс атқармаса, тіпті талантты болса да өз қабілетінен айырылып қалады. Адам баласы күнделікті тұрмыс-тіршілігінде бар уақытын тамақ ішіп, ұйықтап, арақ-шарапқа салынып өткізбей, қандай да болмасын, бір жұмыспен айналысатын болса, әр күнгі ісін, қызметін, шаруасын тыңғылықты тындырып отырса, өз бойындағы қабілетін өлтіріп алмай, дамытып, қалыптастырып отырады. Бұл өмір тәжірибесі дәлелдеген ақиқат.
Ғалымдар, психолог мамандар адамның қабілеттілігін түр-түрге бөліп, жіктеп талдап жатады. Біз енді оның кең танылғанына ғана тоқталсақ.
Қабілеттілікті жіктеу:
1. Адамның кәсіби қызметінің түрлеріне қарай: инженерлік қабілеттілік, ғылыми қабілеттілік, көркемдік қабілеттілік.
2. Адам психикасының үш түрлі қызметіне қарай: коммуникативтік қабілеттілік, регулятивтік қабілеттілік, танымдық (когнитивтік) қабілеттілік.
Іштей сарапталуына қарай танымдық қабілет-тіліктің өзі мынандай түрлерге бөлінеді: білімді жинақтау (оқып-үйрену), білімді түрлендіру, жадта сақтау (шығармашылық, яғни креативтік), білім-ді қолдануға қажет интеллектуалдық қабілеттілік.
Шығармашылық қабілеттің дамуындағы нышандар. Қандай бір қабіле ттің нышандар белгілі орын алады. Мамандар оны - адамның туыстан берілетін анатомиялық-физиологиялық белгісі деп есептейді де, нышан - қабілеттің бастапқы табиғи негізі ретінде берілетін жүйке саласының ерекшелігі, - деп тұжырым жасайды. Ұл мен қыздың бәрі бірдей әке- шешесіне, ата-әжесіне тартып, солардай қабілетті болмағанымен, ата-тегіне тартатын да жақтары болады. Мұны тұқым қуалау дейді. Жалпы, тұқымға тарту-ағзаның белгілері мен қасиеттерін ауыстырып отыратын өзіндік тұқым қуалаушылық өлшемі болып табылатын гендер арқылы өтетін құбылыс. Белгілер мен қасиеттер тура атадан балаға өтпегенімен, тұқым қуалаушылық бүкіл үрім-бұтаққа жайылып кетеді. Ал ол байланыссыз ұласу заңына сәйкес ауысып отырады.
Қоғамда, айналамыздағы ортада болып жатқан қарқынды өзгерістер шығармашылық қабілеті бар, қажетті жағдайда соны әрі айрықша шешім қабылдайтын жеке тұлғаның алдына үлкен талаптар қояды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және оны тәрбиелеу - бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі. Шығармашылық - бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл халықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.

1.3.Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары

Жаңа Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты оқу жүктемесіне 5 білім саласының мазмұны кіреді: Денсаулық, Қатынас, Таным, Шығармашылық, Әлеуметтік орта.

Шығармашылық білім беру саласының мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың сезімдік - эмоционалдық ортасы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық ойлау мәдениеті мен елестетуін дамыту.
Шығармашылық білім саласының базалық мазмұны:
- сурет салу;
- мүсіндеу;
- жапсыру;
- музыка.
Балаларды өз бетімен құмарландыратын, ынталандырып, ықыласын арттыратын сабақ, балаларға ана тілінде қарапайым тілмен қызықты ұғындырылса, әңгімелер мен ертегілер, мысалдар мен өлеңдер орынды пайдаланылса, олардың білім алуға деген қызығушылығы арта түседі.



Сурет салу
Мүсіндеу
Жапсыру
Балалардың шығармашылығы

Ән салу
051222 22222222222222222222222222222222222 22222222222222222222222222222222222 22222222222222222222222222222222222 22222222222222222222222222222222222 22222222222222222222222222222222222 222222222222222222222222222222Әңгім е айту

Би билеу

1- Сызба

Ерте және мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істейтін педагогтарға қойылатын жалпы талаптар:
- эстетикалық талғамы бар, оны балаларға қабілетті;
- педагогикалық процесті Қазақстан Республикасы халықтарының этномәдени негізінде құрады;
- өзінің шығармашылық қабілетін қандай да бір іс - әрекет аясында көрсетеді;
- әр баланың шығармашылық әлеуетін оның өсуі үшін пайдаланады.
Отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар:
- баланың өзінің шығармашылық ойын еркін білдіруге мүмкіндік беру;
- баланы нәтижелі, бейнелеу іс - әрекеттеріне жағдай жасау;
- баланың қызығушылығын, бейімделігін зерттеу және оларды дамытуға
ынталандыру;
-табиғат құбылыстарын бақылау, эстетикалық талғамы мен өнер туындыларына қызығушылығын тәрбиелеу;
-қазақ және басқа да халықтардың әдеби, музыкалық және халық ауыз әдебиеті шығармаларын тыңдау;
-жетістікке жету жағдайын жасау; баланың қабілеті мен бейімін зерделей отырып, шығармашылық өсуі үшін мүмкіндіктер жасау.
Баланың шығармашылығын дамытатын тәрбиеші өзі шығармашылықпен жұмыс жасауы керек. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында өткізілетін ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті барысында жаңа технология элементтерін пайдалану тиімді. Бұл орайды баланы жалықтырып алмаудың жолдарын қарастырып, төмендегі тәсілдерді тиімді қолдану қажет:
oo Бала қабілетін ашуда тіл шеберлігіне көңіл бөлу;
oo Білімін қосымша әдебиеттермен толықтыру;
oo Жылы сөздер арқылы сенің қолыңнан келеді, сенің болашағың зор- деп, үнемі балаға шабыт беріп отыру.
Әр тәрбиешінің алдындағы сәулелі мұрат шәкіртіне білім, тәрбие беріп қана қоймай, әр баланың менін ашу. Сол менді шығармашылық тұлғаға айналдыру. Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы - жақсы тәрбиеленген адам. Сәбиді жоғары деңгейдегі білім мен адамгершілікке баулитын тәрбиешінің бойында барлық асыл қасиеттердің табылуы тиіс. Өйткені, тәрбиеші бала болмысын, жүзін көріп түзелер айна іспетті. Бала қабілетінің ашылуы үшін тәрбиеші жаңашыл, білімді, іскер, қабілетті, жауапкершілік сезімді, жаңа технологияны толық менгерген, өз ісінің шебері болуы керек.
Шығармашылық- жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Шығармашылық сөзінің төркіні шығару, ойлап табудегенді білдіреді.демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек.Ол үшін тәрбиеші өзі де шығармашылықпен тұрақты айналысып, дәуір көшінің өзгерістеріне ілесе алатын болуы тиіс десек, мұғалім- бақылаушы емес, бағалаушыда емес, танымдық іс- әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйытқысы. Шығармашылық оқушыға шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс. Жаңаны жасау, өзі жасаған тың дүниеден алған жан ләззаты оқушы үшін шабыт баспалдағы болмақ. Оқу іс- әрекеттері үрдісінде шәкірттерді шығармашылық жұмысқа баулудың маңызы зор. ьЕресек, мектеп алды даярлық топтарында жазба жұмыстар олардың танымдық белсенділіктерін, ойлау жүйесін арттыруға көмектеседі. Жазба жұмыстарынан әр баланың өзіндік көзқарасын, эстетикалық және адамгершілік танымы, эмоциясы, пікірі, талдау, қорытындылау, салыстыра білу тәрізді жекелік қасиеттері байқалып тұруы қажет.
Тіл дамыту сабақтарында балалардың тілін жаттықтыру үшін, қазақ халқының асыл сөздерімен сусындата отырып, әрбір сахналық қойылымның алдында қазақ әндерін, қазақтын ауыз әдебиетіндегі отірік өлеңдерді, мақал-мәтерлдерді, жаңылтпаштарды, санамақтар мен жұмбақтарды, түрлі ұлттық ойындарды, ән-күйлер мен билерді кіріктіріп отырдық. Мысалы, Үйшік ертегісінде әр кейіпкерлердің сахнаға шығуын Қонақ келсе күт деген мақалмен бастадық. Театрлық ойынға қатысушы даярлық тобының балалалрыкейіпкерлердің міңезін, жүріс-тұрысын, әдеттерін айнытпай салып көрерменге иланымды етіп ойнауы үшін, талмай жаттығып, қажетті элементтерін меңгеріп алуға тырысты. Ол үшін балалармен жоғарыда айтылып кеткен арнаулы жаттығулар жүргізілді. Одан басқа Сәлеметсіз бе? және т.б. дағдылы сөздерді әртүрлі дауыс ырғағына сап айтып үйренуге жаттықтырдық. Сахналық өнерге баулыған балалар жаттаған сөзінің мағынасына сәйкес, күйінікті-сүйінікті сезімдеріне сәйкес тебірене мәнерлеп айта білуге үйренеді. Сосын нәтижесінде олардың шығармашылық қабілеттері оянады. Бейнелеу, көркем әдебиет, тіл дамыту оқу іс-әрекеттерін байланыстырып өткізгенде, әр оқу іс-әрекеттін соңы әрқашанда дерлік ертегі сюжетімен байланысты қойылымдармен аяқталып отырды. Сонымен қатар, балалардың сөздік қоры толықтырады, сөйтіп олардың белсенділігі арттырады, оқу іс-әрекеттері мен сауық кештері еркін де қызықты түрде өтетін болады. Балалар өздерін еркін де бос ұстап, оқу іс-әрекеттерде ынталана, құштарланып қатысып отырады. Осы жұмыстарды өткізген кезенде әрбір ұлттық халық ертегілерінен көріністер қойылады. Ертегілер - бұл мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі, яғни жағымды эмоциялық көзқарас - ертегіге әуестік, мазмұнды эмоциялық көзқарас - ертегімен әуестену, тұрақты танымдық қызығушылық - ертегіге деген қызығушылық.
Балалар өз беттерімен ойнаған дербес іс-әрекетінде де театр ойындарының түрлерін жиірек қолданатын болды. Драмалық жанрға бейімделген ойындар өздігінен туындап тәрбие жұмыстарының барысында ертегілер, сюжетті көріністер де жиі қолданылып, тіпті кейде ертегінің кейбір бөліктері өзгертіліп отырылды. Топ ішінде емін-еркін жүріп, өздеріне оқу іс-әрекетінде уақытында керкті ойын құралдарын өздері таңдап алып отырды.
Балалардың шығармашылығы тек ролдерді орындаған кезде ғана емес, сонымен қатар қуыршақтар, декорациялар даындағанда да көрінді. Қуыршақтардың түр-түрін, шымылдықтар, декорация жасау кезендегі ұжымдық жұмысатр балалардың үйымшылдығы мен белсендігін арттырды. Ата - аналармен жұмыс жүргізілді. Балалардың өз үйлерінде ата-аналармен, туыс туғандармен арсында болатын қарым - қатынастары туралы ата-аналармен әңгіме, кеңестер өткізіп, арнайы анкета бойынша жұмыс жүргіздік. Бұл арқылы балалардың өзімізге белгісіз, бейтаныс қасиеттерінен хабарлар болдық. Ата-аналар да театрды ұйымдастыруға көмектесті, материалдар, қолғаптар, керекті құралдар әкелді. Балабақшада алған алғашқы осындай мәліметтер олардың ішінде кейбір дарындылардың өнер жолына түсуіне игілікті әсерін тигізері анық.
Педагогикалық ұжымның талмай ізденуі, аянбай еткен еңбегінің бір өтеуі болғандай балалармен өткізген шығармашылық жұмыстары қазір көзге көрінбесе де, түбінде кім біледі, бәлкім жылдар жылжып өткеннен кейін, үлкен өмір төрінде төбе көрсетіп қалар, елеміздің өнерлі азаматтарының бірі болады деп сенеміз, өйткені балабақшада шығармашылық негізі салынған.
Бейнелеу өнері (ағылш. Visual arts) -- дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы. Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы мүмкін.
Балабақшада балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда бейнелеу өнері жетекші орын алады. Ол сурет салудың: жекелеген заттарды бейнелеу, сюжетті (оқиғалы), декоративті сурет салу деп аталатын үш түрін қамтиды, мұның өзі программалық материал мен жүргізілетін жұмыстың мазмұнын анықтайды. Сурет салуға үйретудің негізгі мақсаты- балалардың айнала қоршаған тіршілікті тануына көмектесу, олардың аңғарымпаздығын дамыту, сұлылықты сезінуге тәрбиелеу және бейнелеу тәсілдеріне үйрету. Сонымен бірге балалардың бейнелеу іс- әрекетінің басты міндеті- олардың жас ерекшеліктеріне сай келетін бейнелеу құралдарының көмегімен әр түрлі заттардың анық, айқын образын жасау үстіндегі шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру да жүзеге асады.
Зерттеу бойынша, бала тез заттық әрекеттерді меңгереді, егер онымен жеке қатынаста болсаңыз, ол қызығушылықпен, белсенділікпен қатысады және қасында анасы болса. Сурет арқылы баланың қол моторикасы дамиды, қолды жазуға дайындайды, сонымен коррекциялық жұмыс өтіп жатады. Мысалы, бала тұйық болса, мінезі өзгеріп ашылады. Тынымсыз, мазасыз-ыждағатты, орнықты боп түзеледі, ал агрессивті бала сабырлылыққа үйренеді. Баланы алты айынан бастап бояумен таныстыруға болады. Бірақ осы қойылған міндеттерді орындау үшін баланы сурет әрекетіне, ойын, ертегі арқылы қызықтыру керек. Мысалы, қылқаламмен таныстырғанда және оны қа1\№лай пайдалану, қолдану ережелерімен таныстырғанда Патша - қылқалам ертегісін ұсынуға болады: Ертеде патша - қылқалам өмір сүріпті. Оның патшалығында көп қылқалам- қыздары болыпты. Қылқалам - қыздары сурет салғысы келіп, балалармен балабақшаға барады. Бірақ үш қылқалам жылап келеді. Қылқалам патшаның неге жылап жүрсіңдер?-деген сұрағына бірінші қылқалам мені бала судың ішіне тастап кетті, мен тұншыға жаздадым десе, екінші қылқалам ал мені таза суға жуған жоқ, менің шашымда бояу кеуіп қалды, шаштарым жұлынып түсті, үшінші қылқалам мені шашыммен астыға қаратып стақанның ішіне қойды, барлық шаштарым майысып қалды деп шағыныпты. Қылқаламды судың ішінде қалдыруға болмайды, бояп болғанда соң қылқаламды таза сумен жуып, стақанның ішіне шашын үстіге қаратып қою керек. Сен, балам, осы ережелерді сақтасаң саған қылқалам ренжімейді, суреттерің әдемі болып шығады. Бояр кезінде қылқалам, су ішкенді ұнатады. Осындай ертегі айтып, әрбір суретке сюжет құрастырамыз, балаңыз сурет салуды ұнатады. Сурет әрекеті арқылы сіз қол моторикасын, әлеуметтік көзқарасын, тіл байлығын дамытасыз. И.П.Павлов айтқандай, қол басын үйретеді, сосын ақылға толған басы қолын үйретеді, ал шеңбер қол миды дамытады.
Егемен еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалып жатырған талпыныстар жағдайында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең, білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын бәсекеге сай құзіретті маман қалыптастыру маңызды міндет болып отыр.Құзіретті мамандар қауымы алдында жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру маңызды рөл атқарады. Эстетикалықтәрбиенің ажырамас бөлігі - музыкалық тәрбие берудің басты мақсаты оқушылардың ой-өрісін,шығармашылық қабілеттілігін дамыту жолында халық музыкасымен классикалық музыкаларды терең сезіне түсініп қабылдай алатын, музыка өнері арқылы әсемдікті,сұлулықты,ішкі жан дүниесі сұлу,рухани бай жеке тұлғаны қалыптастыру.
Музыкалық білім мен тәрбие берудің мақсаттарын жүзеге асыру үшін оқушыларды музыкалық шығармаларды орындап қана қоймай оны терең сезіммен, саналы түрде қабылдап, тыңдай білуге үйрету музыка маманының басты міндеті. К.Маркс: Егерде өнерден ләззат алғың келсе, онда өзіңнің көркемдік талғамың мен білімің жоғары болсын , музыка сыншысы А.Серов Бетховенның симфониясынан ләззат алу үшін музыканы түсініп тыңдай білуің керек деген қанатты сөздері музыка мамандарының өз білімдерінің жоғары болуына қойылатын талап сияқты. Сондықтан, оқушыларды музыканы дұрыс түсініп,талапқа сай тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы олардың ой-өрісін, терең сезімін, санасын,қиялын,талғамын, жалпы өнерге деген сүйіспеншілігі мен жоғары мәдениеттілігін дамытамыз. Әр адамның бойында да өзіне тән қасиеті болады, сол қасиетті дер кезінде жүйелі түрде дамытпаса ол тұншығып әрі қарай дамымай қалуы мүмкін. Баланың бойындағы осы қасиетін, қабілетін ашып дамыта тәрбиелеу кез келген ұстаздың міндеті. Мектепке дейін балалардың бойындағы қасиеттері отбасында немесе балабақшада оянып, сол қабалеттерін ерте көрсете білген балалар да болады. Жалпы балалардың көпшілігі мектепке дейін бірдей дамып келмейді. Бойында еш қабілеті жоқ адам болмайды,әсіресе әу демейтін адам жоқ, сондықтан оқушылардың бойларындаөнердің қай түріне бейім қабілеттерін дамыту үшін музыка тыңдау, олардың сезім пернелерін ояту арқылы жүзеге асырылары сөзсіз. Себебі, музыка-құдіретті күш. Ұйықтап жатқан адамды ән оятар, әннің мағыналы мәні оятар деп ұлы да дана ақын Абай музыканың адам санасына ететін әсерін дәл суреттеген. Қайсібір балалар көркемсуретке, кейбіреулері ән айтуға, би билеуге, аспапта ойнауға бейім болса, кейбір оқушылардың бойында ақындық, жазушылық,актерлік таланттар бұғып жатуы мүмкін. Бұлақ көрсең көзін аш деп дана халық біліп айтқандай , қайнар бұлақтың көзін ашу мұғалімнің жүйелі,оқытудың озық педагогикалық технологиялық әдістерін шебер қолдана отырып білім беруі арқылы баланың бойындағы қасиет-дарындарды жүзеге асыру нәтижесіне жетуге толық мүмкіндік бар.
Музыка тыңдау және оны қабылдау музыка сабағының іс-әрекеттерінің барлық түрлерінің (ән айту, музыка тыңдау, музыка сауаты) нәтижесінде қалыптасады. Музыка тыңдау процесі кезінде оқушылардың зейінін,эмо-циялық сезімдерін, ойлау, түйсіну қабілеттерін дамытамыз. Музыканы тыңдау неден басталады десек, ол тыныштықтан батсалады дер едік;өйткені музыканы қабылдай білу алдымен ұқыптылықты, зейінділікті, тыныш тыңдай білуді талап етеді. Сонда ғана әуен -саз көңілге жайлы, ақылға қонымды, адам сезімін жылытатын жүрек қылын шертетін әсер берері сөзсіз.
Ал кез келген музыканы үзілізсіз қатарынан талғамсыз тыңдау түйсігіміз бен нәзік сезімімізді әлсіретеді, бара-бара әрбІр үннің сазын, әуеннің иірімдерін сезіну қабілеттерімізді кемітеді, сөйтіп музыканың эстетикалық мәнін жоғалтамыз.Сондықтан, оқушыларға музыка тыңдату процесін дұрыс ұйымдастыра біліп, олардың сол музыкаға деген қызығушылығын арттыра отырып беретін психологиялық әсері мен тәрбиелік мәніне көңіл аудару керек.
Балалардың қабілетін анықтау жолдары. Қазіргі жас ұрпақты білімді, мідениетті, ұшқыр қиялды етіп тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз. Дүниедегі ұшқыр ойлы, тек қана шындықпен жүретін нәзік те, пәк те, батыл да батыр- ол бала. Өйткені, оның жаны да нәзік, нанғыштығы да тез, ол өмірдегі барлық құбылысты білсем, ол неге олай,неге бұлай деп, дүние сырын ащсам деп талпынады, ұмтылады.
Мектепке дейінгі тәрбиенің өткеніне көз жіберіп, болашағына болжам жасайтын болсақ, тәрбие мәңгіліктің категориясы екенін тұжырымдаған халқымыздың дана перзенттері, заман заңғарлары Әл Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Яссауиден бастап, Ұлы Абай, Ыбырай, Шоқанның тәлім- тәрбие жөнінде айтқан әлемдік деңгейдегі педагогикалық ой- тұжырымдырының мәні бүгінге дейін артпаса, еш кеміген жоқ.
Грек философы Эпиктет- Кереметтің кереметі жақсы тәрбиеленген адам- дейді. Олай болса: болашақта көп болсын жақсы адам, тәрбиені бастау керек бақшадан,- дегендей тәрбиелі көргенді бала тәрбиелеу үшін мектепке дейінгі ұйымдар алдында тұрған бірқатар маңызды міндеттерді бірлесіп шешу қажеттігі туындап отыр.
Сол міндеттердің негізгілерінің бірінен саналатын баланың қарапайым математикалық түсінік- ойын тәрбиелеу, он көлемінде санай, есептей білуге,ауызша қосып, азайту тәсілдеріне жаттықтыру математикалық туралы ұғымдар туралы алғашқы мағлұматтарды меңгерту ісіне ерекше назар аударып, геометриялық фигураларды оқытуға көңіл бөлінеді. Балабақшаға келетін балалармен қарапайым математикалық түсінікті дамытуға бағытталған арнайы сабақтар өтеді. Бес жастағы баланың математикалық білімге қабілеті ерекше болатыны баршаға аян. Бұл кезде баланың оқуға икемділігін арттырып, танымдық есептерді ұғына білу қабілетін одан әрі дамытудың маңызы зор. Баланың меңгерген білімін пысықтап, нақтылау және тереңдетумен қоса, алты жасқа қарағанда оның алғашқы ондық туралы түсінігі қалыптасуы тиіс.
Балабақшада әрбір сабақ ойыннан басталады. Ойын тәрбиенің негізі, ойын арқылы балалардың ақыл- ой, адамгершілік тәрбиесі жүзеге асады.
Халқымыз бала психологиясының қалыптасуында ойын әрекеті де елеулі роль атқаратындығы жақсы аңғарған.
Ойын баланың іс- әрекеттерінің негізгі түрі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Ойында балалардың ортамен қарым- қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өсіп, мінез- құлқы қалыптаса түседі.
Ойын үстінде бала достыққа, жолдастыққа, тапқырлыққа, іскерлікке, адамгершілікке баулынады. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Бала табиғатынан қимыл- қозғалысқа құмар, осыған негізделген ойын- балалық шақтың басты белгісі.
Мысалы: Ойнай білмеген ойлай да білмейді- деген мақал- мәтелден- ақ баланың ойынға аса құмар келетіндігі, ойын арқылы баланың ойынға аса құмар келетіндігі, ойын арқылы баланың сана- сезімі, кәсіп таңдауы, ақыл-ойы өсіп жетілетіндігін аңғаруға болады.
Ойындарды қолдану сабақтың әсерлілігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. Тәрбиеші ойындарды шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп,жаңа тақырыпты өткенде, өткен материалды қайталағанда, білімді тиянақтау кезінде сабақтың мазмұнына сай пайдалануына болады. Әрине бұлар топтағы барлық балалармен жүргізілетін бағдарлама аясындағы жұмыстар. Осы жұмыстармен қатар топтағы қабілетті балаларды анықтау, олардың қабілетін одан әрі дамыту жұмыстарында да баса назар аударып отырамыз. Тәжірибе жүзінде алдымен қабілетті балаларды анықтау және олардың қабілетін дамыту үшін жүргізілетін жұмыс жоспарын құрапы аламын.
1. Топтағы қабілетті балаларды анықтау.
2. Қабілетті балаларға арналған тапсырмалар дайындау.
3. Сабақ үстінде қабілетті балаларға арнайы жаттығулар беріп отыру.
4. Қабілетті балаларды халық ауыз әдебиеті үлгілерін үйретуге тәрбиелеу.
5. Қабілетті балалардың арасында сайыс өткізу.
6. Қабілетті балалардың қолымен жасалған бұйымдардан көрме құрастыру.
7. Қабілетті балалармен жүргізілген жұмыс жайында педагогикалық ұжым, ата- аналар алдында есеп беру.
8. Мектепке алынған қабілетті балалардың одан әрі даму динамикасын мектеп мұғаліммен байланысу арқылы бақылап отыру.
Бала ойынды ойнау үстінде өз денесінің кеңістіктегі алатын орнын анықтап, көз қимылы мен дене қимылын үйлестіру,ойша байланыс орнату арқылы логикалық яғни шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді.
Әр халық ұрпағының қайырымды да адал, әділ де ержүрек ар- ұяты мол үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор, кішіпейіл болып өскенін қалайды. Ол үшін халық өзінің талй ғасырлар бойы жасап, әріден келе жатқан әдет- ғұрпына, салт- дәстүріне арқа сүйейді.
Кейінгі кезде оқу іс- әрекеттерінде қазақтың ұлттық Бес тас, Асық ату, Санамақ т.б ойындарын тиімді пайдалану ұсынылады. Ойын арқылы өтілетін оқу іс- әрекеттерінде балалар, өзіміздің ұлттық ойындарды білумен қатар, ойын арқылы санауға, түр- түсті, алыс- жақынды, көп- азды ажырата білуге үйренеді.
Қазақ халқының халық ауыз әдебиет үлгілерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Шығармашылық қабілетін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың көркемдік-шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыруды ғылыми тұрғыда айқындау
Балалардың бейнелеу қабілеттерін қалыптастыру
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары
Балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін сабақ барысында дамыту
Мектеп жасына дейінгі балаларың креативті ойлауын дамыту ерекшеліктері
Пәндер