Танысу тәжірибиесі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Танысу тәжірибие есебі
Тәжірибе орыны: «ХоумКредитБанкі»
Орындаған: ФИН 3-1 курс студенті Шыныбек. Б. А
Тәжірибие жетекшісі: Ниталиева. А. А
Тәжірибие орның жетекшісі:
Накипбеков. Т. Т
2014
БИЗНЕС ЖОСПАР
Бизнес-жоспар - кәсіпорынның алдына қойған экон. мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т. б. нақты көрсетіледі. Бизнес-жоспар, көбінесе, банктен кредит алу және оның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Меншік иесінің қатысуымен кәсіпорынның стратегиялық дамуының бағыт-бағдары анықталады, осы арқылы жобаның тиімділігі мен қажеттілігі айқындалады.
Бизнес-жоспар болжалды қаржылық нәтижесі көрсетілген жалпы сипаттамадан және он тарауға бөлінген негізгі бөлімнен тұрады:
жоба бойынша өндірілген тауарлар (не қызмет) түрлері және олардың бәсекелесу қабілеті сипатталады;
тауарларға сұраныс деңгейі мен көлемі ескеріле отырып, өнім өткізу нарығы, өндіріс көлемі мен тауарға қойылатын баға анықталады;
бәсекелестер мүмкіндігі (тауарларының сапасы мен бағасы) туралы мәліметтер талданады;
маркетингтік зерттеу нәтижелері (тауарларды өткізу және баға саясаты, өнімді сатуда ынталандыру, жарнамалау, т. б. ) сараланады;
өнім (не қызмет) өндіру жоспары мен өндірістік байланыстар, өндірістік шығындарды азайту және өнім сапасын жақсарту әдістері айқындалады;
ұйымдастыру-басқару жұмыстары және қызметкерлермен жұмыс істеу бағдары белгіленеді;
жобаның ұйымдық-құқықтық негіздерін көрсететін заңдық құжаттар жасалады;
жұмыс барысында кездесетін қауіп-қатерді болжау және оның алдын алу шаралары қарастырылады;
жобаның барлық буындарының құндық көрсеткіштері жинақталып, ақшаға шағып көрсетілген қаржы жоспары нақтыланады;
қаржы көздері (жобаны іске асыруға жеткілікті соманы қайдан, қанша мөлшерде ала алады және жоба қандай мөлшерде пайда кіргізеді, кредитордан алынған қаражатты мерзімінде қайтара алу қабілеті, т. б. ) жобаланады. Бизнес-жоспар тауар, ақша, өндіріс факторы қозғалысының жалпы балансын айқын бейнелейді.
Еркін кәспкерлік пен бизнес жоспарлаудан құралады. Ешкім де бизнесменді өзінің бизнес операциялары үшін жоба немесе жоспар жасауға мәжбүр етпейді. Мұны өмірдің өзі тәжірибе, тәуекел қорқынышы, алдын ала келіп білмеген салдарлар мәжбүрлейді.
Бизнес- жоба ойға алынған негізгі ойды, пайда әкелетін кәсіпкерлік операциясын іске асырудың ортақ идеясын білдіреді. Жобада белгіленген операцияның мазмұны мен бағыттылығы суреттеліп, негізделеді, күтілуші нәтиже есептеледі. әдетте, кәсіпкерлік жобалар ірі, ұзақ мерзімді операциялар үшін қажет, өйткені көптеген аз ауқымды мәмілелер үшін ойластыру мен бағалау есептерін іске асырудың өзі де жеткілікті.
Жобалар негізнде іс-әрекет бағдарламасы немесе үрдістердің орындалу жоспарлары әзірленеді. Кәсіпкерлік жобаларды, ойларды іске асыру жоспарышетелдік тәжірибеде бизнес-жоспар деген атауға ие. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасына бизнестің ену шамсына қарайбізде де мұндай жоспарлар етек алуда.
Бірқатар жағдайларда бизнес-жоспарда іс-әрекеттер бағдарламасы мен жоба біріктірілген. операцияның бизнес-жоспарын дайындау кәсіпкерліктің барлық нұсқалары мен түрлеріне тән болып келеді. Егер бизнес-жоспар құжат түрінде пайда болмаса, онда ол ең болмағанда кәсіпкердің ойында өмір сүруі тиіс. Ірі көлемді қымбат кәсіпкерлік жобалар жасау үшін, операция басталғанға дейін бизнес-жоспар құру қажет, бұл кәсіпкерлік қызмет үшін норма болып саналуы керек.
Ең алдымен, жоспар кәсіпкерлік операцияның мақсаты мен міндетін суреттеуден құралады. Жоспар құра отырып, ең алдымен, операцияның көлемі мен мерзімін, күтілетін пайданы ойластыру қажет. Бірақ кәсіпкер тек қана пайданы көздеп қалмауы тиіс. Кәсіпкерлік іс-әрекеттер бағдарламасы әлеуметтік мақсатты да қарастыруы тиіс. Атап айтсақ, тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру, табиғатты аялау, әлеуметтік сілкіністерді сейілту, іскерлік байланыстарды кеңейте түсу т. б. кәәсіпкердің мәртебесін, беделін арттыру, имиджін жасау мен сақтау, экономикалықәлеуетін ұлғайту - маңызды міндеттердің бірі.
Бизнес-жоспар міндетті түрде кәсіпкерлік өнім сипаттамасынан, яғни тұтынушыға ұсынылатын өнім, тауар және қызмет сипаттамаларынан құрылуы тиіс. Жоспарда кәсіпкерлік операцияның түпкілікті өнімі толық суреттелуі қажет. Жоспар тауар тұтынушылары шеңбері мен өзі қанағаттандыратын қажеттіліктер туралы мәселеге жауап беруге арналған.
Бизнес-жоспарды құру кезінде есептеу жүргізіледі, соның қорытындысы бойынша операцияның нәтижелігі мен қажетті ресурстық қамтылу айқындалады. Тұтыну ресурстарын анықтау кезінде кәсіпкерлік қызметке қажеттібарлық құралдар ескеріледі, бұл қажетті құралдар экономикалық және әлеуметтік тұрғыдағы бизнес-операцияның схемаларын суреттеуде көрсетілген.
Бизнес-жоспарды жасағанда, кәсіпкерлік жобаның іске асырудың ұзақ мерзімді салдарларына талдау жасалады. Мұнда кәсіпкер мен қоғам үшін қолайлы және қолайсыз жағдайлар, оларға байланысты кірістер мен шығыстар ескеріледі.
Кіріспе
Мен, Шыныбек Балнур Алматы Экономикалық колледжінің, “Қаржы” мамандығының 3-курс студенті белгіленген оқу мерзімі және оқу жоспарына сәйкес өндірістік тәжірибені Алматы қаласы бойынша «ХоумКредитБанкі» акционерлік қоғамынан 2014 жылдың 10 наурызынан - 6 маусым айлары аралығында өттім.
Менің өндірістік тәжірибемнің негізгі мақсаты мынада:
- «ХоумКредитБанкі» АҚ негізгі қызметі және оның тарихымен танысу;
- «ХоумКредитБанкі» АҚ заңды және нормативті актілерімен танысу;
- Банк құрлымы және оның бөлімшелерімен танысу;
- Банктің басқа банктік ұйымдармен, клиенттерімен және жоғарғы ұйымдармен байланыстарын танып, білу;
- Менің оқу процесінде алған кәсіптік, теориялық білімімді тереңдетіп, оны тәжірибемен ұштастыру;
- Өндірістік тәжірибесінің есебін жазуға материалдар жинақтап, оларды талдау;
- Банктің ұйымдық жағдайына әсер ететін ішкі және сыртқы ортаның әсерін, банкті басқарудың ұйымдастырылуын біліп, үйрену.
Өндірістік тәжірибе процесінде мен «ХоумКредитБанкі» АҚ бөлімшесінің барлық бөлім қызметімен танысып, нақты бөлімнің жұмыс нұсқауын оқып, тиісті бөлім мамандарымен тәжірибе есебіне байланысты сұрақтар бойынша жеке-жеке кеңесіп, оқу процесінде алған білімімді тәжірибеде бекіттім. Осының барлығы маған төменде ұсынып отырған тәжірибе есебіне қатысты материалдар жинақтауға көмектесті.
Банктің қысқаша сипаттамасы мен қысқаша тарихи анықтамасы
«ХоумКредитБанкі» АҚ бөлшектеп несиелеу рыногында жетекшілердің бірі және өсу қарқыны бойынша мықты банктер төрттігіне кірді.
Банк клиенттері 125 мыңға жуық заңды тұлғалар және 150 мыңнан астам жеке тұлғалар. Банктің негізгі клиенттері шағын және орта бизнес кәсіпорындары мен жеке тұлғалар. Сонымен қатар, Банк өз қызметін үлкен корпоративті компанияларға да ұсынады. 2005 жылдың қазан айында «ХоумКредитБанкі» 2005 жылда шағын және орта бизнесті ЖДЕБ несиелеу бағдарламасы бойынша Қазақстандағы қарқынды түрде дамып жатқан банк атағына ие болды. ҚР Ауылшаруашылық Министрлігінің «Дәнді қолхат міндеттерінің кепілдік Қоры» АҚ, Жаңғырту және Дамыту Еуропалық Банкпен біргелесіп, «ХоумКредитБанкі» агробизнес кәсіпорындарын несиелеу жобасын іске асыруға кірісті.
Дегенмен, банк қызметтері жүйесінің дамығандығына және Қазақстанның басым шағын кәсіпорындарын несиелеу бойынша бағдарламаларының көптігіне қарамастан қаржыландырудың негізгі көзі өздерінің қаражаттары болып отыр. Ал, шағын кәсіпкерлік субьектілері өз қаражаттарының есебінен қаражаттың қажеттілігін толтыра алмайды, банк ұсынатын қызметтер көптеген себептермен кез-келген кәсіпкерлерге беріле бермейді. Мұндай жағдайда кәсіпорындарды қаржыландыруға несие серіктестіктері мен шағын несие ұйымдары қолғабыс бола алады.
Несие серіктестігі - қатысушылардың несиедегі және басқа да қаржылық қажеттіліктерін тиым салынбаған жолдар есебінен және ақшаларды аккумуляциялау арқылы қанағаттандыру үшін заңды немесе жеке тұлғалармен құрылған, заңды тұлға.
Несие серіктестіктерінің әр түрлі үлгілері болады: несие-депозитті серіктестік және ауылдық несие серіктестіктері. Несие-депозитті серіктестігінің өз қызметін жүзеге асыру ерекшелігі оның, заңды тұлғалар депозитін қабылдауға мүмкіндігі.
Ауылдық несие серіктестігі - заңды немес жеке тұлғалардың өз еріктерімен біріккен, өзара несиелеу үшін қатысушылардың ақшаларын аккумуляциялау жолымен банк қызметтерінің жеке түрін жүзеге асырушы заңды тұлға. Ауылдық несие серіктестігінің қызметі ауылшаруашылықты несиелеу мәселелерін шешуге және мұндай серіктестіктердің қатысушыларына банктік қызмет көрсетуге бағытталған. Банк арасындағы барлық мүмкін қатынастар жиынтығы банк арасындағы корреспонденттік қатынастарға жатады. Ондай қатынас түрлері сыпайы, шынайы және келіссөздер қатынасы арқылы жүзеге асады. Банктер бір-бірімен әртүрлі қарым-қатынасқа түседі. Олар:
- бәсекелестер, клиенттерді тарту жұмысында жарысады;
- іскерлік әріптестер, бір-біріне несие беру арқылы;
- корреспонденттер, кезектесіп бір-бірінің клиенті ретінде жүруі.
Корреспонденттік шоттар операциясы ортасындағы қызметтер кең көлемде:
I.
- несиелік-есеп айырысу қызметі;
- Клиенттерге кассалық қызмет көрсету, келісілген өнімдерді өткізу және шаруашылық ұйымдарға қызметкөрсетудегі ақша аударымдары және ақша қаражаттарының сөгісі(взыскание) ; бюджетпен есеп айырысу. Операция бөлігі қолма-қол еңбекақы берілуге, кейбір әкімшілік-шаруашылық шығындарды, қолма-қол ақшаны қабылдаумен байланысты.
II.
- Бағалы қағаздармен банкаралық қарыз және депозиттер операциясы,
- Эмиссиялық банкпен кассалық операциялар.
III.
- Банктің өзіндік шаруашылық операциялары.
Клиент несиесінің сыйақысынан пайыз ретіндегі ақша қаражаттары келесі операцияларға жұмсалады:
1. оларға сыйақы төлеуге;
2. бюджетке салық төлеуге;
3. банк аппаратын ұстауға шығындар.
Банктің құрылуының ұйымдық-құқықтық негізі
«ХоумКредитБанкі» АҚ -ның ұйымдық және басқару құрылымы Жарғымен жүйеленеді .Басқама банктің жүргізіп отырған барлық саясатының ҚР заң актлеріне сәйкес келуіне жауапкершілікте болады .
«ХоумКредитБанкі» АҚ ең жоғарғы органы болып Акционерлердің жалпы жиналысы табылады . Акционерлер жиналысы банк қызметіне оперативті жетекшілік ету үшін Басқарма төрағасын немесе банк президентін сайлайды . Ол банкті өз орынбасарлары, яғни басқарма, департамент және бөлім басшылары арқылы басқарады.
Департамент директорлері, басқарма басшылары өз бөлімдерінің нақты мақсаты мен бағдарламаларын айқындайды, олардың жұмысын бақылайды және баға береді.
Бөлімдер клиенттерге қызмет көрсету түрі бойынша білікті мамандардан тұрады .
Несие беруде нақты дұрыс шешімдер қабылдау үшін банкте несие Комитеті қызмет етеді .
Банк органының ұйымдық құрылымы және оны жетілдірудің негізгі бағыттары
«ХоумКредитБанкі» акционерлік қоғам болып табылады . Акционерлік банк өзінің жарғылық капиталын қалыптастыру және ұлғайту үшін жай және артықшылықты акциялар шығарады .
Жай акцияларды иемденушілердің банк тапқан пайданың мөлшеріне байланысты дивидендтер алу құқы, жиналыстарда дауыс беру арқылы банкті басқаруға қатысу құқы банк жабылған жағдайда мүлкінің бір бөлігін алу құқы бар. Артықшылықты акция иелері банк пайдасының деңгейіне қарамастан белгіленген мөлшерде нақты дивиденд алады.
«ХоумКредитБанкі» АҚ барлық акциялардың 5000 теңге номиналдық құны бар. Әр қайсысы бір дауысқа ие. Осы акциялар бойынша төленетін дивидендтің жылдық минималды сомасы 1% көлемінде. Банктің 2009 жылғы акционерлік капиталы құрамы мынадай
Банктің жоғары ұйымдармен, басқа банктермен, құрылтайшылармен, клиенттермен өзара қарым қатынасы
Банктің өз қызметін тиімді, тартымды және жан-жақты жүргізуіне оның көпқырлы байланыстары зор ықпал етеді. «ХоумКредитБанкі» АҚ басшы жоғары ұйымдармен және басқа да банктермен, құрылтайшыларымен, клиенттерімен, басқа да танымал ұйымдармен байланысының сипатын төмендегідей тізімдеуге болады:
- Банктің ҚР Үкіметімен байланысы оның республика деңгейінде қабылданған барлық заңдылықтар мен нормативтер шегінде қызмет етуінен көрінеді.
- ҚРҰБ-і мен басқа коммерциялық банктермен байланысы . Банк ең алғаш ҰБ берген лицензия негізінде ашылады және бүкіл қызмет ету мерзімінде ҚРҰБ- мен белгіленген барлық пруденциялдық нормативтер мен ережелердің қатаң сақталуына жауапкершілікте болады . Сонымен қатар «БанкХоумКредит» АҚ ҚРҰБ-мен, банк-резиденттермен және банк-бейрезиденттермен ұлттық жіне шетел валютасында корреспонденттік қатынастар белгілеуге, “ЛОРО” және “НАСТРО” корреспонденттік шоттары бойынша операциялар жүргізуге құқылы.
- «ХоумКредитБанкі» АҚ заңды тұлға ретінде салық төлеуші болып табылады. Ол Салық Комитетіне салық заңдылығында қаралған мерзім бойынша салықтарды теңгеде есептеп төлейді.
- өз клиенттеріне сапалы қызмет ұсынуды қамтамасыз ету мақсатында банк халықаралық төлем жүйелерімен - VІSA ІNTERNATІONAL, Western Unіon - 2005 жылдан бастап байланыста.
- лизингтік операцияларына қажетті құрал-жабдықтарды иемденуде мынадай әріптес-жабдықтаушылары бар:
1. ”АвтобусПром” ЖШС;
2. ”ОРКА” ЖШС;
3. ”ИнвестаАгро” ЖШС;
4. ”FІRBІMATІC”
5. “ТДСпецтехника” ЖШС
6. “АО Казпочта
7. "Технодом",
8. "ALSER"” және т. б.
- тәуелсіз регистраторы “Регистрцентр”;
- Аудиторы ”Arthur Andersen”;
- Банк “Теміркапитал Б. В” еншілес компаниясының қызметіне толықтай бақылау жүргізеді . Ол 2001 жылы қарашада Нидерландыда тіркелген;
- «ХоумКредитБанкі» АҚ Ресей Федерациясында өзінің ресми уәкілдігін ашқан алғашқы қазақстандық банк болып табылады. Уәкілдіктің міндеті - жаңа іскерлік байланыстарды бекіту.
Банктің операцияларының түрлері
Есеп айырысу операциялары
Банктің барлық операциялары ақшалай-есеп айырысу құжаттар негізінде бухгалтерлік есепте көрсетіледі. Ақшалай-есеп айырысу құжаттары банкке кәсіпорын, ұйымдардан және басқа банктерден келіп түседі, бұнда оның заңдылығын және банктік бақылау жүргізуге қажет операция мінездемесі туралы керекті мәліметтер болады және ол банкте толтырылады. Есеп айырысудың екі түрі болады: қолма-қол және қолма-қолсыз.
Қолма-қолсыз есеп айырысудың экономикалық негізі болып материалдық өндіріс табылады. Нәтижесінде төлем айналымының көп бөлігі(шамамен 3/4) тауар операцияларымен есеп айырысуға келеді. Төлем айналымының қалған бөлігі - тауар емес операциялармен есеп айырысу, оларға кәсіпорын мен ұйымдардың бюджетпен, мемлекеттік органдар және әлеуметтік сақтандырумен, несие ұйымдарымен және басқарушы органдармен есеп айырысуы, т. б. жатады.
Несиелік операциялар
Несиелік жұмыста жинақталған тәжірибені пайдалана отырып, банк сенімді несие алушылар санын, заңды және жеке тұлғаларды несиелендіру бағдарламасы көлемін ұлғайтты. Несиелік саясаттың базалық принциптер негізінде (жоғарғы сенімді салымдарды қамтамасыз ету, несиелік тәуекелді төмендету, несие алушылармен берік және ұзақ мерзімді қаржылық қатынастар, т. б. ) неселік операциялардың ұлттық және шетел валютасындағы көлемі ұлғайды.
Республиканың несие нарығындағы
үлесі 08. 02. 2014ж.
Казкоммерцбанк
«ХоумКредитБанкі» АҚ
Каспий
Eurasian
Т. б. банктер
38, 2%
36, 0%
46, 9%
42, 3%
45, 6%
Депозит операциялары
Депозит - клиент ақшасын сақтауға қабылдау. Депозиттер екіге бөлінеді:
- Талап етілгенге дейінгі (сақтау мерзімі белгіленбеген, клиент әр уақытта ақшасын ала-алады, сый ақы аударылмайды) .
- Мерзімді депозиттер.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz